Жаңа ақпараттық (информациялық) технологиялар



“Ақпараттандыру”, “ білім беруді ақпараттандыру” деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Сонымен бірге “қоғамды ақпараттандыру” термині де көптеп қолданылып жүр. Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз - ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интелектуалды түрлерінің жан–жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс.
ХХ ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.
Ақпарат (Информация) - дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Қарапайым түрде айтқанда, түрлі объектілер, құбылыстар мен процестер тағы басқалар жөніндегі мағлұматтар.
Информацияны сандық, кесте, сурет, құжат (мәтін) сияқты түрлі түрде к¬өрсету, жинастыру мүмкін. Мысалы, өсімдіктің биологиялық қасиетін зерттеп, нәтижесін кесте түрінде дайындау ; рентген сәулелер арқылы адам организмі кескінін суретке түсіру; мәліметтік информацияны газет, журнал беттерінде басып шығару тағы басқалар.
Кәдімгі информациялық технологиялар деп, көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады.
Жаңа информацияық технологиялар деп, ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы-әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы-информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.
Жаңа технологияның маңыздылығы - оның көптүрлілігінде және барлық саланы қамту сипатында.
Информациялық процестер-адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау және түрлендіру процестері.
Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әртүрлі құжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай жұмыста компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдығының өсуі, безендіру сапасының артуы. Басып шығаруды қамтамасыз ететін лазерлік принтері бар компьютерлер негізінде істейтін шағын баспа жүйелері одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі.
Сондай-ақ жаңа информациялық технологиялар дегеніміз-ЭЕМ жадында сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектерін жылдам іздеп табуға болатын әр түрлі мәліметтер базы мен инфрмациялық жүйелер. Жаңа информациялық технологияның дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген электрондық почтасыз, байланыс желілері мен информациялық коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес. Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, информациялық қорлармен толық қамтамасыз етсек, информацияны пайдалану, алу және тарату істерін ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған “қағаздағы” информацияны алу мен таратуды толықтыра отырып, қоғамымызда ақпараттандыру процестерін арттыра түседі.
Жаңа информациялық технологиялардың жан-жақтылығын дұрыс түсіну үшін технология ұғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде “технология” деп белгілі бір бұйымдарды жасау кезіндегі тәсілдер жиынын айтатын еді.

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

Информатика кафедрасы

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПӘНІ
3 курс
1 кредит

Құрастырған А.З.Жолшиева

№1 Лекция.

Кіріспе. Жаңа ақпараттық (информациялық) технологиялар.

Жоспар:
1. Ақпараттандыру мәселесі
2. Ақпарат(информация) ұғымы оның түрлері.
3. Жаңа ақпараттық (информациялық) технологиялар.

“Ақпараттандыру”, “ білім беруді ақпараттандыру” деген сөз
тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Сонымен бірге “қоғамды
ақпараттандыру” термині де көптеп қолданылып жүр. Қоғамды ақпараттандыру
дегеніміз - ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа
ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интелектуалды
түрлерінің жан–жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты
объективті процесс.
ХХ ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің
қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен
технологияның қарқынды дамуына себепші болды.
Ақпарат (Информация) - дәл анықтамасы жоқ кең ұғым.
Қарапайым түрде айтқанда, түрлі объектілер, құбылыстар мен процестер тағы
басқалар жөніндегі мағлұматтар.
Информацияны сандық, кесте, сурет, құжат (мәтін) сияқты түрлі
түрде көрсету, жинастыру мүмкін. Мысалы, өсімдіктің биологиялық қасиетін
зерттеп, нәтижесін кесте түрінде дайындау ; рентген сәулелер арқылы адам
организмі кескінін суретке түсіру; мәліметтік информацияны газет, журнал
беттерінде басып шығару тағы басқалар.
Кәдімгі информациялық технологиялар деп, көбінесе қағаз
жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу
процестерін айтады.
Жаңа информацияық технологиялар деп, ЭЕМ-дер мен олардың желілері
арқылы-әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы-информацияны дайындау,
жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.
Жаңа технологияның маңыздылығы - оның көптүрлілігінде және барлық
саланы қамту сипатында.
Информациялық процестер-адамдар арасында, тірі организмдерде,
техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау
және түрлендіру процестері.
Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әртүрлі құжаттар дайындауда
мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай жұмыста
компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар:
қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдығының өсуі, безендіру
сапасының артуы. Басып шығаруды қамтамасыз ететін лазерлік принтері бар
компьютерлер негізінде істейтін шағын баспа жүйелері одан да ыңғайлы жабдық
болып есептеледі.
Сондай-ақ жаңа информациялық технологиялар дегеніміз-ЭЕМ жадында
сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтер мен
кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға,
керектерін жылдам іздеп табуға болатын әр түрлі мәліметтер базы мен
инфрмациялық жүйелер. Жаңа информациялық технологияның дамуын ЭЕМ
желілеріне негізделген электрондық почтасыз, байланыс желілері мен
информациялық коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес. Қоғамымызды
дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, информациялық қорлармен толық
қамтамасыз етсек, информацияны пайдалану, алу және тарату істерін
ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған
“қағаздағы” информацияны алу мен таратуды толықтыра отырып, қоғамымызда
ақпараттандыру процестерін арттыра түседі.
Жаңа информациялық технологиялардың жан-жақтылығын дұрыс түсіну
үшін технология ұғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы
кезеңдерінде “технология” деп белгілі бір бұйымдарды жасау кезіндегі
тәсілдер жиынын айтатын еді.
Өндірістің күрделіленуі, оны механикаландыру мен автоматтандыру,
технология ұғымын машиналар, механизмдер, құрал-саймандар және т. б.
өндіруді ұйымдастыру тәсілдері мен оған керекті техникалық жабдықтар жиыны
ретінде қабылдауды қалыптастырады.
Есептеу машиналарын басқару құрылғылары ретінде пайдалану мен
автоматтандыруға негізделген осы кездегі жаңа өндіріс технологиялары, оны
қайта құру істері мен оған кететін жұмыс көлемін әлдеқайда оңайлатып
жіберді. Осыған орай қазіргі “технология” ұғымына, аз дегеннің өзінде үш
компонент-өндіріске керекті жабдықтар, оны құрастыру тәсілдері мен оны
ойдағыдай ұйымдастыру жолдары және оның ішіне мәлімметтер базасы мен білім
базалары, ЭЕМ-де жобалау жабдықтары және т. б. компьютерлік техникалар
кіреді. Бірақ олардың бәрі де мәліметтер базасы мен информация қорлары бар,
ЭЕМ арқылы жобалау жабдықтары және т.с.с. мүмкіндіктері бар, компьютерлік
техникаға негізделген болуы тиіс. Ал бұларды қарастыру үшін ЭЕМ жұмысын
қалай басқаруға болатынын анықтаймын программаларды білуіміз керек. Кез
келген жаңа жұмысқа ЭЕМ-ді пайдалану үшін оған жаңа қосымша құрылғылар
алғаннан гөрі соған керекті жаңа программалар алу қажет болады.
ЭЕМ жұмысында программалар оның іс-әрекетінің реттілігі мен
ережелерін және оған қосылған құрылғылардың да қызмет ету ерекшіліктерін
анықтауға жол ашады. Әрбір компьютердің программалар жиыны оны пайдаланудың
бар мүмкіндіктерін анықтап береді. Егер программалары болмаса, машина
ешқандай да жұмыс атқара алмайды.
Кез-келген ЭЕМ-мен жұмыс істеу оның программаларын оқып үйренуден
басталады. Ал әрбір үлкен, орташа, шағын немесе дербес ЭЕМ түрлерінде
көптеген программалық жабдықтар бар, сондықтан ЭЕМ-ді үйрену оның
программалармен танысудан басталады.
Сұрақтар:

1. Ақпарат деген не?
2. Ақпараттың түрлері.
3. Ақпараттық мәдениеттің негізі.
4. Ақпараттық қоғам және оның жетістіктері
5. Ақпараттық жүйелер мен технологиялар.
6. Ақпараттық технологияның даму кезеңдері.
7. Ақпараттық технологияның түрлері.

2-Лекция.

АҚПАРАТТЫҚ (ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ) ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Жоспар:
1. Жүйе ұғымы.
2. Қызмет көрсету жүйелері.
3. Ақпараттық қызмет көрсету жүйелері. Олардың түрлері.
4. Информациялық қызмет көрсету жүйелерін пайдалану салалары
5. Информациялық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын талаптар.
6. Информациялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі ерекшеліктері.

Информациялық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық
және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы,
өндірістік роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі
технологияны толық өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі
басталып та кетті. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да
күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да
басталып келеді. Олар келешекте бүгінгі дәстүрлі түрлердің орнын баспақ.
Мамандар, кәсіпкер номенклатурасы мен еңбекті ұйымдастыру әдістері де
толығынан өзгерістерге ұшырамақ.
Дүниежүзілік тарихтың мойнағына үш ірі ағым тоғысатындай:
• Технология ағыны;
• Информация ағыны:
• Осының бәрін жасаған және олардың бәріне қызмет етуші адамдар ағыны.
Белгілі мөлшерде информациялық тұрғыда бұрынғы жаңа, анағұрлым зор
өркениет туралы айтуға болады. Бұл өркениеті мыңжылдық тарихы мен дәстүрі
бар кәсіптер көз алдымызда жойылып бұрын белгісіз жаңа мамандықтар пайда
бола бастайды. Адамзаттың қызметі мен міндеттері де, олардың еңбектерінің
сипаты да өзгеруде. Адамдар қатынасында, басқару мен ұйымдастыру
түрлерінде де үлкен өзгерістер болып жатыр.
50 жылдың бас кездерінен бастап көптеген жарыққа шыға бастаған
электронды есептеуіш машиналарды (ЭЕМ-дерді) осы жұмыстарға пайдалану
оларды өңдеудің шапшаңдылығын күрт арттыруға мүмкіндік туғызады.
ЭЕМ- ді компьютер деп, автоматты құрылғының не адамның

өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық, символдық, мәтіндік тағы басқа
информация берілгендер деп аталады.
Қазіргі кезде информацияны тиімді пайдалану дүние жүзінде
негізгі орынға шығып келеді. Қазір біз информациялық қоғамда өмір сүріп
жатырмыз.
Жүйе – деп элементтері бір-бірімен қандай да бір заңдылықпен
байланысқан жиында түсінеміз. Мұндай жиынның элементі ретінде құбылыстарды,
әдістерді, білімдерді т.с.с. алуға болады. Мысалы, санау жүйесі, транспорт
жүйесі, экономикалық, химиялық элементтер жүйесі, нерв жүйесі т.с.с.
Информациялық қызмет көрсету жүйесі түсінігі кең таралған және түрлі
мағыналық мәнге ие. Компьютердің ақпараттық бөлігі де жүйе деп аталады.
Жүйе деп сондай-ақ нақты қолданбалы мәселелерді шешу процесіне қажетті
құжатты жүргізу процедурасымен толықтырылған көптеген программаларды да
атауға болады.
Жүйе түсінігіне информациялық қызмет көрсету сөзін қосу оның құрылуы мен
қызмет етуінің мақсатын бейнелейді. Информациялық қызмет көрсету жүйелері
кез-келген облыста шешім қабылдау процесіне қажетті ақпаратты жинау,
сақтау, өңдеу, іздеу және ақпаратты берумен қамтамасыз етеді. Олар
мәселелерді талдап, жаңа өнім жасауға көмектеседі.
Информациялық қызмет көрсету жүйесі – қойылған мақсатқа жету үшін
қажетті ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, беру үшін қолданылатын құралдар,
әдістер мен олардың жұмыстарын үйлестіріп отыратын пайдаланушылардың
жиынтығы.
Алғашқы информациялық қызмет көрсету жүйелері 50-жылдары пайда болды.
Бұл жылдары олар жалақы есебін есептеу мен есептерді өңдеу үшін бағытталып,
электромеханикалық бухгалтерлік есептеу машиналарында орындалды. Бұл кейбір
шығындарды қысқартып, қағаз құжаттарды даярлауға қажетті уақытты азайтты.
Қазіргі информациялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі техникалық құралы
ретінде дербес компьютерді қолданады. Ірі ұйымдарда информациялық қызмет
көрсету жүйесінің техникалық базасына дербес компьютерлермен бірге
майнфрейм немесе суперЭЕМ енеді. Сондай-ақ, информациялық қызмет көрсету
жүйесі адамның рөлінсіз іске аспайды.
Информациялық қызмет көрсету жүйелерінде компьютерді пайдалану салалары
көп. Мысалы,
• электронды оқулықтар жасап шығару;
• кітапханалар жұмысын автоматтандыру (кітаптарды жылдам іздеп табу,
олар жайлы мәліметтер беру т.с.с.);
• абоненттік телефор номері сұралған кезде компьютерде жазулы
телефондар анықтамалығын пайдаланып жауап беру;
• қалааралық транспорт билеттерін сатуды ұйымдастыру (әр рейске
сатылған және бос орындар компьютерге тіркелгендіктен, оларды
пайдаланып, билет сатуды ұйымдастыру қиын емес) ;
Информациялық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын талаптар

Күрделі информацияны әмбебап компьютерде ғана өңдеуге мүмкіндік бар.
Сондықтан информатикаға қатысты мәселелер информацияны өңдеу тәсілдерін
зерттеу мен компьютерде түрлі есептерді шешу ғана емес. ИҚК үшін ЭЕМ-ді
тиімді түрде пайдаланудың жаңа жолдарын іздестіру, осыған сәйкес
компьютердің дамытылған үлгілерін құрастыру және ИҚК дамуының алғышарттары
болып табылады.
Компьютерлер мен информациялық қызмет көрсету жүйесі арасындағы
айырмашылықты дұрыс түсіну қажет. Арнайы бағытқа негізделіп құрылған
программалармен жабдықталған компьютерлер информациялық қызмет көрсету
жүйесінің техникалық базасы және құралы болып табылады. Информациялық
қызмет көрсету жүйесі компьютермен және телекоммуникациямен бірлесіп әрекет
қылатын пайдаланушысыз жұмыс жасай алмайды.
Информациялық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын талаптар құрылып
жатқан салаға байланысты түрліше болуы мүмкін. Бірақ информациялық қызмет
көрсету жүйелеріне қойылатын жалпы талаптар да бар:
- кез-келген информациялық қызмет көрсету жүйесі талданып, жүйені
құрудың жалпы принциптері негізінде құрылып, басқарылуы тиіс;
- информациялық жүйе динамикалық әрі жан-жақты дамып отыруы керек;
- информациялық жүйені құру кезінде жүйелік тәсілді қолдану керек.;
- информациялық қызмет көрсету жүйесін информация өңдеудің адам-
компьютерлік жүйесі ретінде қарастыру керек.
Қазіргі кезде информациялық қызмет көрсету жүйелерін компьютерлік
техниканың көмегімен іске асқан жүйе ретінде қарастыру көзқарасы
қалыптасқан. Алайда информациялық қызмет көрсету жүйесін компьютерлік емес
вариантта түсінуге де болады.

Информациялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі ерекшеліктері

Кез-келген информациялық қызмет көрсету жүйесінің өзіне ғана тән
ерекшеліктері болады. Олар:
- қажетті информацияны пайдаланушыға жалдап, ыңғайлы түрде жеткізеді;
- информацияның нақтылығын, дәлдігін қамтамасыз етеді;
- үлкен көлемдегі мәліметтерді ұзақ мерзімге сақтайды;
- қағаз бетіндегі құжат көлемін кемітеді;
- информацияны қайта өңдеуді ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
- пайдаланушыны күрделі есептеулерден босатады;
- қызмет көрсету мен өнім өндіру шығынын қысқартады және т.б.

№3 Лекция.

Білім берудегі жаңа информациялық технология

Жоспар:
1. Білім беруді ақпараттандыру мәселесі.
2. Оқытудың компьютерлік кұралдары (ОКҚ). Оның атқаратын міндеттері.
ОКҚ–рын оқу процессінде пайдалану.
3. Оқытудың компьютерлік құралдарын жасау әдістемесі.
4. Электронды оқулықтың құрылымы.
5. Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар

Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі
арттырып отыруды талап етеді. Сол себептен педагогикалық процесті
технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады. ХХІ ғасыр ақпараттық
қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құрылымы болып ақпараттық
ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің
дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған байланысты адамға ақпараттар
кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа
бағытын таңдауға мүмкіндік жасай алатын жаңа технологиялардың пайда болуы
күмәнсіз.
Соңғы жылдар білім беру жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану
белсенді кезең ретінде қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру
процесі ақпараттық қоғам жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып
табылады.
Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз оқу және
оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың
техникалық және инструменталды құралдары, оқу процесіндегі есептеуіш
техника құралдарының ролі және орны туралы ғылыми білімнің жүйесі және
оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен
әдістері деп анықтама беруге болады. Ал бұл анықтаманы бастауыш білім беру
жүйесіне қатысты басқаша анықтауға болады: білім беру мекемесінің
мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға
білім беруші (дамыту, оқыту, диагностика және т.б.) құрал.
Компьютерді оқыту жүйесіне енгізуде оқытылатын теориялық материалдардың
қандай да бір бөлігін машиналық бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда
болды және де мұнда оқу материалының мазмұны мен құрылысында өзгеріс
болады. Оқушы компьютермен жұмыс барысында мына жұмыстарға өзін бағыттай
алады:
- компьютерлік оқу бағдарламаларына (теориялық материалдарды оқу
және есептерді шығаруда) ;
- бақылау жұмысына (жұмысқа қатысты түсініктеме алу, жіберілген
қателерді түзетуде әдістемелік нұсқау алу).
Бұл мәселелер оқу әрекетін жекелендіру - педагогиканың өзекті мәселесін
шешуге көмектеседі.
Компьютерлік сауаттылықты және жаңа ақпараттық технологияны меңгеру
үрдісі адамдық факторлармен санасуды талап етеді. Бұл мәселе әсіресе
мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға білім беру сатысында
маңызды. Себебі, балалық шақ адамдық дарындылықты байқау көзі ғана емес,
сонымен бірге жанның тез жараланушы және психикалық әлсіздікке әкелетін
кезеңі болып табылады. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалар өміріне
жаңалықтарды енгізуде өте сақ болу керектігін ескеру маңызды мәселе.
Компьютер адам іс-әрекетінің құралы қатарында жаңа, әмбебап ақпараттық
құрылғы. Компьютер барлық мүмкін формаларда (мәтін, сан, дыбыс, графика,
бейне) ақпаратты қабылдай, сақтай, өңдей және шығара алатын қабілеттілігі
арқасында адамның барлық қызмет аймағында қолданылады. Жаңа ақпараттық
технология көмегімен орындалатын қызмет өзінің кез-келген нақты формасында
тиімділігін көрсетеді, адам өркениетті бола бастайды, қоғамға, оның
материалды және рухани жақтарына зор көңілмен қарай бастайды.
Бала бастауыш мектеп сатысынан-ақ жаңа ақпараттық технологияны
меңгеруіне болады. Ол үшін оның қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық
технологияның компьютерлік құралдары қолданыла бастаса, яғни күнделікті
қарым-қатынас құралы ретінде, ойын барысында, күшті еңбек кезінде,
конструктірлеу және т.б. өнімді шығармашылық жұмыстарында. Бұлар өз кезінде
ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасауды талап етеді және ол
баланың іс-әрекетінің интелектуалды құрылысымен сәйкес келуі керек.

Компьютерлік оқыту мәселелері

Оқытуды компьютерлендіру қазіргі дидактика мен нақты әдіс-тәсілді
дамыту тенденциясы ретінде қарастырылады.
Әлемді компьютер жайлаған бүгінгі күнде есептегіш техникаларды тиімді
де нәтижелі пайдалану үшін біріншіден, жалпы білімділік және кәсіби
сауаттылық қажет. Олай дейтініміз, ЭЕМ-мен жұмыс жасағанда, қандай да
болсын (табиғи тіл қатынасында да) сөйлем қателіктерін түсінбейтінін ескеру
керек. Машина көмегімен бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін көрініс моделін не
үрдісін дұрыс құра білу керек.
Оқыту технологиясын оқу үрдісіне лайықтап ұйымдастыруға ғылыми амал
таппаса болмайды. Сондай-ақ мектептің материалдық-техникалық базасын ғылым
мен техниканың соңғы жетістіктерін ескере отырып жаңарту шарт.
Электронды оқыту ғылыми-техникалық прогресс дамуының нәтижесінде туды.
Электронды оқыту жүйесі рецептивті (біржақты, оған телекөрініс – толқын мен
кабельді пайдалану кіреді) және интерактивті (бұл жүйе оқушы мен техника
құралдары арасындағы екі жақты қарым-қатынасын қамтамасыз етеді) болып
екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ
бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде
құрылады. Мұндай қазіргі заманғы кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат
тұрғанымен, көрекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.
Компьютерлік оқыту интерактивті электронды оқытудың бір бөлігі болып
табылады және ол техникалық құралдардың бірі ретінде есептегіш машинаны
пайдалануды қамтиды. Демек, оқытудың мұндай жүйесінің құралы – компьютер
болып саналады.
Мектептегі не сыныптағы есептегіш техникалардың көптігіне қарамастан
сабақтағы орталық тұлға “оқушы - ЭЕМ” жүйесіндегі өзара қарама-қатынасты
реттейтін мұғалім болып қалады. Өйткені ол – жалпы компьютерлік сауаттылық
жағдайындағы оқу үрдісінің әдіснамасы мен әдістемесін меңгерген адам.
Сабақ барысында және сыныптан тыс жұмыстарда есептегіш техникаларды
пайдалану оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттеріне сай, сондай-
ақ, сабақтың мақсаты мен мазмұны және оның кезеңдеріне сәйкес әр түрлі
есептегіш машиналары құралдарының дифференциясы біркелкі жағдайда кешенді
болмағы ләзім.

Электрондық оқулық жасауда ескерілетін шарттар

Оқыту программасы қаншалықты тиімді екендігін оны тек сабақта
қолданып болған соң, талай отырып айтуға болады .
Электрондық оқыту программасын жасайтын программалаушылардың
қолданбалы программалар жасау принциптерін оқу программаларына механикалық
түрде енгізбеуін қадағалау керек, ол кейбір кезде зиянын тигізуі мүмкін.
Мұнда программалардың нақты адамдардың әрекеттеріне әсер ететінін ұмытпау
керек, олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологияның түрлері
Информация туралы түсініктер
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары
Информацияның объектіге бағдарланған ұғымын анықтау
Ақпарат пен оны өрнектеу жолдары
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Жекелеме пәндерді оқытудағы ақпараттық технологиялар
Ақпарат қоғамының философиялық аспектілері пәні бойынша лекция жинағы
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Апаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы
Дискретті математика негіздері
Пәндер