Құқық ұғымы мен белгілері


Жоспар:
- Құқық ұғымы мен белгілері;
- Құқықтың функциялары мен міндеттері
1. ҚҰҚЫК, ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
«Құқық» терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті омірде және кызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құкыктың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құкық»- ресми түрде танылған жеке және занды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншікиесіболу, кәсіпкерлікпен шұғындану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.
Субъектиивтік (тұлгалар) құқық - тұлғалардың мүддесін канағаттандыру мақсатымен құкықтық нормалардың құкық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтык қатынастарға катысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғанын құқығы құкыктық қатынасқа катысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтык міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол кұқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңи тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңи негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондыктан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: «Меншік міндет жүктеңді, оны пайдалану сонымен катар қоғам игілігіне де кызмет етуге тиіс» .
Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құкық тұлғасының заңи мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құкық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құкықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу аркылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, «құқық» дегеніміз құқык нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқык, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқык жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс больш саналады. Құқық ту-ралы Конституция былай дейді: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес зандардың, өзгеде нормативтік-құкықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінін, сондай қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек. Адамнын әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы - оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.
Нормативтік сипаты - құкықтың негізгі белгілерінің бірі. Қүкық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида - тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, коғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары - тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтың, қай партияға және кай дінге жататынын әзі анықтауға және оны керсету-көрсетпеуге хақылы (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 19-бап) . Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрактандырады, бассыздықтан қорғайды.
Формальды анықтылық - құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқыктың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқыкты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары зандарды жасайды. Заң - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын аныктап, түсінікті түрде тұжырындайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлкын анықтау аркылы олардың тағдырына әсер етеді.
Құқықтың енді бір белгісі - мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағ дай жасайды. Мысалы, Қазакстан Республикасынын Конституциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Занда көрсетілген санаттағы мұктаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үйқорларынан олардың шамашарқы көтеретін ақыға беріледі (25-бап) . Егер азаматтардың құқыктары мен бостандыктарына қол сұғылса, мемлекет олар-ды қорғайды. Заңды бұзғандар құқықтык жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі.
Қүқықтың тағы бір белгісі - адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан Республикасының Констигуциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Халык билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді (3-бап) . Сонымен халык зандарды өзі тікелей қабылдай алады. Мұндай жағдайда зан тікелей халықтың еркін паш етеді. Оған мысал, 1995 жылдын 30 тамызында Қазакстан халқының Конституцияны кабылдауы. Конституция - құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса, Казақстанда қалыптасып келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, ойын жүзеге асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмайды. Халықтың ойын, еркін мемлекет органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады. Халық Президентті сайлайды. Ол халык атынан әрекет жасап, өз өкілеттігінің шенберінде нормативті актілер - заң күші бар жарлықтар, жай нормативті жарлықтар, каулылар кабылдайды. Президенттін нормативті актілері Қазакстан құқығын калыптастыратын бастау болып есептеледі. Құкықты құратын нормалар тек бір адамның немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана корғамайды. Ол - халык үшін кызмет істейді.
2. Құқықтың функциялары мен міндеттері.
Адам қоғамында сан алуан қатынастар, яғни байланыстар туындайды. Осы қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар, нормалар негізінде болады. Норма дегеніміз мінез-құлықтың, жүріс-тұрыстың мөлшері, үлгісі, эталоны.
Нормативтік реттеу жүйесі қоғамдык қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Олар әлеуметтік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінеді.
Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз коғамдык қатынастарды реттейтін, коғамдық пікір күші ыкпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, коғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің жүйесі. Әлеуметтік нормаларға жататындар құқық нормалары, мораль (имандылық, енеге) нормалары, қоғамдык ұйымдар (корпоротивтік) нормалары, әдет-ғұрыптар; дін нормалары және т. б.
Әлеуметтік-техникалық нормалар - техникалык құралдар-дыпайдалану, қолдану ережелері; санитарлық-гигиеналык нормалар; агрономиялык нормалар және т. б.
Әлеуметтік нормалар белгілеу және қамтамасыз ету тәсілдері бойынша ерекшеленеді. Мысалы, құкык нормаларын мемлекет белгілейді және камтамасыз етеді, имандылык, әдет-ғұрып нормалары қоғам өмірінен туындайды және қоғам пікірімен, адамның сана-сезімі аркылы камтамасыз етіледі; дін нормалар діннен туындайды және алла тағаланын күшімен, адам сана-сезімімен камтамасыз етіледі.
Жасалу төсілі бойынша нормалар саналы және стихиялық (сұрапылдық) түрге бөлінеді. Баяндау және керіну тәсілдері бойынша нормалар ауызекі және жазбаша түрге бәлінеді. Мысалы, құқык нормалары әрқапіан да жазбаша, ал өнегелік нормалар ауызекі болады.
Әдет-ғұрып дегеніміз, адамдардың қарым-катынасын реттейтін, дағдыға айналған географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптаскан, жазыл-мағанмінез-құлық кағидасы. Әдет-ғұрыптар ұрпактан-ұрпакка ауысып, адамдардың сана-сезіміне ананың сүтімен, кауым өмірінің үлгісімен сіңіп, адамдардың мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін бағыттап отырады. Мысалы, қазақ даласында, қазак халқында әдет-ғұрыптар, дәстүрлер құқыктың қайнар көзі болған.
Казіргі заманда әдет-ғұрыптар әр түрлі дәрежеде сакталған. Негізінде әдет-ғұрыптар отбасы, туыстық катынастарды реттейді.
Құкык пен мораль тығыз байланыста. Осы екі құбылыстың жалпылама ерекшеліктерін және айырмашылықтарын көрсету қажет.
Жалпылама ерекшеліктері құқық пен мораль экономикалық базиске жасалған қондырма болып табылады, қоғамдық қатынастарды реттейді, әлеуметтік-экономикалык мүдделердің ортақтығына (бірлігіне) негізделеді.
Құкық пен мораль көпшілік жағдайларда ерікті түрде жүзеге асырылады және жүзеге асырылуының ішкі кепілі - адамның ар-ұяты мен намысы.
Кұқык нормаларының талаптары моральдык талаптарға негізделеді. Мысалы, Казақстан Республикасының Конституциясынын 27-бабында былай айтылған: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына камқорлык жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. Кәмелетке толған енбекке кабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасьша камкорлык жасауға міндетті».
Бұл бапта құкық нормасынын талабы және мораль нормасынын талабы бірдей көрініс табады.
Кейбір құқык салаларында моральдык талаптардың ықпалы аздау. Мысалы, салалық кұқықта, азаматтық құқықта, каржылык кұкыкта және т. б. Ал отбасы, қылмыс, халықаралық құқықта моральдың маңызы өте зор.
Енді құқык пен моральдың айырмашылығына тоқталу қажет.
1. Құкық мемлекетпен бірге, катар пайда болады, ал мораль мемлекеттен бұрын пайда болады. Құкык, жазылған нормалардан тұрады, ал мораль күрделірек құрылым және жазылмаған ережелер, талаптардан тұрады. Құқык мемлекеттік мәжбүрлеудің болу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі, ал мораль дағды арқылы немесе қоғамдык пікір күшімен камтамасыз етіледі.
Нормативтік реттеу жүйесінде құкық ерекше орын алады. Бұның себебі құқықтың айрықша белгілеріне байланысты.
2. Құкықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағаңда ол өте кең түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құкықтық сана, құкықтык катынастар да жатады.
Құкыққа, ерекше әлеуметтік кұбылыс ретінде жалпы және айрыкхпа белгілер тән.
1. Құкық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек құқыққа тән жағдай емес. Ол адамнын табиғатымен байланысты және кез келген әлеуметтік ұйымға тән. Нормативтік дегеніміз адамдардың ойжүйесін, қоғамдык өмірін тәртіппен, соның нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.
2. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Әділдік пен бостандықка адамзат ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Әділдік - адамның игілігіне бағытталған жағдай, ол басқа адамның мүддесіне зиян келтірмейді, коғамға пайдалы. Осы талаптарға сай келетін адамнын, әрекеті әділ болып саналады. Марксизм-ленинизм негізін калаушылар әділдікті тек таптык мүдделермен байланыстырады.
Бостандық - адамнан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам лайықты өмір сүре алады, барлық өзіне тән шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады.
3. Құқықтық бейнелейтін объектілері болады. Олар - билік, мемлекет, коғамдағы тәртіп. Солар арқылы әділдік пен бостандық жүзеге асырылады. Әрине, әділдік пен бостандық шектелсе де, сол аталған құбылыстар арқылы жүзеге асырылады. Құқықтың нормалары мен мемлекет органдарының арасында қайшылықтар, үйлеспеушілік болуы мүмкін. Зандарда адамдардың құқыктары мен бостандықтары жарияланғанымен, мемлекет оргаңдары олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етпеуі мүмкін.
4. Құқық адамның іс-әрекетін реттейді, онын ойына, сезіміне әсер етеді. Егер адам зандарда әділдік пен бостандык баянды етілетініне көзі жетсе, оларды орындау қажет деп есептейді. Мұндай жағдайда адам ез еркімен заң талабын орындайды. Зан талабын бұзса, кінәліге мәжбүрлеу шаралары колданылады.
5 Құқық зандар түрінде калыптасады. Зандарда адамдардың еркі баянды етіледі. Адамдардың еркін заң шығаратын орган ресмилендіреді. Сондықтан қүқык - мемлекет таныған адамдардьщ еркі. Егер құқық әдіддік пен бостандықты паш етсе, ол жалпыхалықтық құқық деп саналады.
6. Құқықтың формалды анықтылығы. Зандарда бекітілген нормативті нұскаулар ерекше қасиетке ие болады. Ол - формалды анықтылык. Оның белгілері: айқындығы, бір мағыналылығы, қысқалығы. Бұл құқық субъектісінің не нәрсені істеуге болады, нені болмайтындығын білуіне ыңғайлы, әрі қолайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау - қылмыс.
Құқықтың жүйелілігі - оның тағы бір қасиеті. Зандарда жазылған құқыктық нормалар езара байланысты, үйлесімді болады. Құқықтың нормалары тек осындай негізде жазылып, калыптасса ғана қүқық өзінің борышын орындауға қабілетті болады.
Құқықтың тағы бір қасиеті - оның өзгермелілігі. Қоғамдық өмір сүріп қалмай, құбылып өзгеріп тұрады. Соған сәйкес кұқық нормалары да өзгерген қатынастарды лайыкты түрде реттеу үшін өзгеріп тұруы қажет. Осыған байланысты ескірген заңдар күшін жояды, жаңа заңдар қабылданады. Құқык біркелкі қалыпты түрде адамдарға қолданылады. Осының өзі құқықта теңсіздіктіц баянды етілетінін байқатады. Адамдар әр түрлі: біреу әлсіз, біреудің қабілеті мол, екіншісінікі кем, біреудің отбасы бар, біреу бойдак, Адамдардың мұндай айырмашылығын заң ескере бермейді. Сондықтан заң адамдарды іс жүзінде тендестіре алмайды. Әрине, өмірдің кейбір салаларын-да, мысалы, саяси құқықтармен пайдаланғанда барлык азаматтардың жағдайы бірдей.
Құқықты мемлекет корғайды. Құқыктың барлык нормаларының мемлекет құқык талабын бұзғандарға мәжбүрлеу тәсілін колданады. Мұндай корғау болмаса, құқык жоқ деп есептеу керек.
4. ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Құкық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқыктын. пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушыкүштердің мағынасы әңгімеге аркау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің қүкық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғам-ның материалдық түрмыс жағдайлары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz