Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностика



Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Балалар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады.
Баланың қабілеттілік, дарындылық деңгейін, зеректілігін, зейіннің қасиетін , танымдық процестерін анықтау нәтижесінде психолог бала мүмкіндігі туралы құнды деректер алады; білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, балалардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды;
Педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін реттейді, топтағы психологиялық ахуалды байқап бір қалыпты жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда мектептегі практик –психологтың жұмысы 4 (төрт) негізгі бағыттан тұрады: - психодиагностика
- психокорреция
психологиялық кеңес беру
- психологиялық ағарту
Білім беру жүйесіндегі психодиагностика – баланың психикалық даму ерекшелігін; жеке басындағы білім, дағды, іскерліктер секілді құрылымдардың жас ерекшелігі мен қоғам талабына сай келуін анықтау болып табылады.
Психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі психодиагностиканың маңыздылығы мынада:
біріншіден, тез арада шешімін қажет ететін нақты мәселелер түйінін тарқату;
екіншіден, психодиагностика білім беру жүйесінде мектеп психологының барлық жұмыстарының негізі болып табылады; диагнстика мәліметтерінің негізінде түзету, дамыту жұмыстары іске асырылады; психопрофилактикалық жұмыстарды атқару барысын қадағалау диагностика арқылы өтеді.
Белгілі психолог К.М.Гуревичтің көрсетуінше, психодиагностиканың міндеті – баланың өзіне де, онымен жұмыс істейтін ересектерге де түсінікті, әрі пайдалы болатындай, баланың даралық – психикалық ерекшеліктері туралы ақпарат беру болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі психодиагностиканың ерекшелігі мыналар:
1) ғылыми психодиагностикадағыдай психикалық дамудың белгілі бір заңдылықтарын анықтау емес, нақты сұрақ шешімін табу, яғни белгілі бір психикалық құбылыстың себебін табу және негізгі мақсатта – оқушының қандай да бір қабілетін дамыту туралы немесе психикалық дамуындағы белгілі бір ауытқуларды жою туралы нұсқаулар даярлау.
2) Г.Витцлактың көрсетуінше, мектептегі психодиагностика педагогикалық мәселемен тығыз байланысты болуы шарт; оның негізгі мәні де осы. Сондықтан мектептік білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет жүйесіндегі диагностика психологиялық, педагогикалық диагностика деп аталады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
С. М. Жақыпов, Ф. Бизақова

Білім беру жүйесінде қолданылатын
психодиагностика.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
Психодиагностикалық бағыттағы негізгі мәселелер.
Психодиагностиканың кәсіби-этикалық аспектілері.
1 Тарау. Мектепке дейінгі кезеңдегі психодиагностика.

Мектепке дейінгі кезеңде психодиагностиканы
жүргізу ерекшелігі.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалармен
жүргізілетін психодиагностикалық әдістеме-
лер.
1. Қабылдауға диагностикалық әдістемелер.
2. Зейінге диагностикалық әдістемелер.
3. Қиялға диагностикалық әдістемелер.
4. Еске диагностикалық әдістемелер.
5. Ойлауға диагностикалық әдістемелер.
6. Сөйлеуге диагностикалық әдістемелер.
7. Тұлғааралық қатынасқа диагностикалық әдістемелер.
8. Баланың мектепке психологиялық даярлығын анықтауға
диагностикалық әдістемелер.
2 Тарау. Кіші сынып жасындағы психодиагностика.
Кіші сынып жасындағы балаларды психо -
диагностикалау ерекшеліктері.
1.Қабылдауға диагностикалық әдістемелер.
2.Зейінге диагностикалық әдістемелер.
3.Қиялға диагностикалық әдістемелер.
4.Еске диагностикалық әдістемелер.
5. Ақыл-ойды дамытуға диагностикалық әдістемелер.
6.Тұлғааралық қатынасқа диагностикалық әдістемелер.
7.Өзіндік бағалауға диагностикалық әдістемелер.
8.Психикалық қалыпқа арналған диагностикалық
әдістемелер
9.Психикалық қасиеттеріне арналған диагностикалық
әдістемелер

3 Тарау. Жеткіншек жас кезеңіндегі психодиагностика.
Жеткіншек жас кезеңінде психодиагностиканы
қолдану ерекшелігі.
1..Зейінге диагностикалық әдістемелер.
2.Еске диагностикалық әдістемелер.
3. Логикалық ойлауға диагностикалық әдістемелер.
4.Сөйлеуге арналған диагностикалық әдістемелер.
5.Психикалық қалыпқа диагностикалық әдістемелер.
6.Психикалық қаиетке диагностикалық әдістемелер.
7.Мамандық таңдауға диагностикалық әдістемелер.
8.“Қиын” балаларды анықтаудың психологиялық
деңгейі.
4 ТАРАУ. Жасөспірімдік шаққа психодиагностика. Жасөспірімдік шаққа
арналған психодиагносикалық әдістемелер.
1. Логикалық ойлауға диагностикалық әдістемелер .
2.Еске диагностикалық әдістемелер .
1. 3.Өзіндік бағалауға диагностикалық әдістемелер.
2. 4.Психикалық қасиетке диагностикалық әдістемелер.
3. 5.Мамандық таңдауға диагностикалық әдістемелер.
4. 6.Жеке бас дамуына диагностикалық әдістемелер.
5. 7.ПДО. Патомінездік диагностикасы.
6.
5 Тарау. Ата – аналарға жүргізілетін психодиагностика.
Ата – аналарға жүргізілетін психодиагностикалық
әдістемелер.
1. Тұлғааралық қатынасқа диагностикалық әдістемелер.
6 Тарау. Кәсіби біліктілікке арналған психодиагностика.
Кәсіби біліктілікке арналған психодиагностика-
лық әдістемелер.
7. 1. Ұжымдық әлеуметтік- психологиялық қалпын анықтайтын
психодиагностика.
8. 2. Педагогикалық жағдайлар әдістемесі.
9. 3. Тұлғааралық қарым-қатынас.
10. 4. Шығармашылық қабілетке диагностикалық
11. әдістемелер.
12. Әдебиеттер тізімі
13. Қосымшалар
14.

Кіріспе
Еліміздегі әлеуметтік – экономикалық , саяси қарқынды даму жағдайы,
білімді тұлғалардың шығармашылық деңгейінен, қабілеті және
белсенділігінен айқындалады.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында жеке тұлғаның
шығармашылығының: Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның
білімділік деңгейімен айқындалады (Астана, 19 наурыз 2004ж.) ұлттық
жауапкершілікті сезінуді көздейді.
Жаңа формацияда білім беру саласындағы барлық процесте,
тәрбиешілерге, мұғалімдерге, оқушылары мен топ тәлімгерлеріне кәсіби
дайындықтарын , толықтыру: онда балалардың жекелік ерекшелігін ескеру,
қабілетіне және тұлғалық бағыттылық ықпалына қарай жағдай туғызуды қажет
етеді.
Осындай психологиялық міндеттерді шешуде теориялық және практикалық
негізде психологиялық қызмет көрсету қажеттігі туындайды.
Психологиялық қызмет көрсетуді теориялық және практикалық жағынан
кеңес психологтары (А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.а. Вяткин,
Н.Н. Обозов, В.В.Рубцов, Т.И.Шульга және т.б) И.В. Дубровина жетекшілігімен
лабораториядағы әріптестері (А.Д.Андреева, Н.И.Гуткина Н.Н. Толстых және
т.б.) білім беру мекемесіндегі осы қызметті дамытудың ғылыми өзектілігін
және бағытын көрсетті.
Осы мақсатта білім беру жүйесінде практик психологтар қызметінің
көрсеткіштері туралы төл тіліміздегі әдебиеттердің жетіспеуі.
Осы кітап психологиялық қызмет көрсетудің алғашқы бағыты -
психодиагностикаға арналады. Психодиагностикалық жинаққа Байзақ ауданы,
Сарыкемер ауылының Ғ.Мұратбаев мектеп – гимназиясының (психолог Салихова
С), Тараз қаласының Жамбыл атындағы №5 мектеп – зертханасы (психолог
Мейірқұлова Н), №30 орта мектептің (психолог Берікбаева С.) тәжірибеде
қолданылып жүрген психодиагностикалық зерттеулері негізге алынды
Бұл психодиагностикалық жинақ бөлімдері төмендегідей:
1. Мектепке дейінгі кезеңдегі психодиагностика.
2. Кіші сынып жасындағы психодиагностика.
3. Жеткіншек жас кезеңдегі психодиагностика.
4. Жас өспірімдік шаққа психодиагностика.
5. Ата – аналарға арналған психодиагностика.
6. Кәсіби біліктілікке психодиагностика.

Психодиагностикалық бағыттағы негізгі мәселелер.
Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің
ауқымы мол. Балалар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4
категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу тәрбие үрдісін
жақсартуға үлес қосады.
Баланың қабілеттілік, дарындылық деңгейін, зеректілігін, зейіннің
қасиетін , танымдық процестерін анықтау нәтижесінде психолог бала
мүмкіндігі туралы құнды деректер алады; білім берудің бала танымына лайық
жолдарын сұрыптап, балалардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды;
Педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін реттейді, топтағы
психологиялық ахуалды байқап бір қалыпты жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік
береді.
Бүгінгі таңда мектептегі практик –психологтың жұмысы 4 (төрт) негізгі
бағыттан тұрады: - психодиагностика
- психокорреция
психологиялық кеңес беру
- психологиялық ағарту
Білім беру жүйесіндегі психодиагностика – баланың психикалық
даму ерекшелігін; жеке басындағы білім, дағды, іскерліктер секілді
құрылымдардың жас ерекшелігі мен қоғам талабына сай келуін анықтау болып
табылады.
Психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі психодиагностиканың
маңыздылығы мынада:
біріншіден, тез арада шешімін қажет ететін нақты мәселелер түйінін
тарқату;
екіншіден, психодиагностика білім беру жүйесінде мектеп психологының
барлық жұмыстарының негізі болып табылады; диагнстика мәліметтерінің
негізінде түзету, дамыту жұмыстары іске асырылады; психопрофилактикалық
жұмыстарды атқару барысын қадағалау диагностика арқылы өтеді.
Белгілі психолог К.М.Гуревичтің көрсетуінше, психодиагностиканың
міндеті – баланың өзіне де, онымен жұмыс істейтін ересектерге де
түсінікті, әрі пайдалы болатындай, баланың даралық – психикалық
ерекшеліктері туралы ақпарат беру болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі
психодиагностиканың ерекшелігі мыналар:
1) ғылыми психодиагностикадағыдай психикалық дамудың белгілі бір
заңдылықтарын анықтау емес, нақты сұрақ шешімін табу, яғни белгілі бір
психикалық құбылыстың себебін табу және негізгі мақсатта – оқушының
қандай да бір қабілетін дамыту туралы немесе психикалық дамуындағы белгілі
бір ауытқуларды жою туралы нұсқаулар даярлау.
2) Г.Витцлактың көрсетуінше, мектептегі психодиагностика педагогикалық
мәселемен тығыз байланысты болуы шарт; оның негізгі мәні де осы.
Сондықтан мектептік білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет
жүйесіндегі диагностика психологиялық, педагогикалық диагностика деп
аталады.
3) Л.С.Высотский адам қылықтары туралы оқиғаларды жеке –дара
қарастыру арқылы адам табиғатын барынша түсіну мүмкін еместігін, кез-
келген оқиғаны адамның бүкіл өмір сүру барысымен байланыстыра қарастыру
арқылы ғана іздеген сұрақ шешімін табуға болатындығын атап көрсетті.
Қазіргі уақыттағы кез келген дамудың іргетасы өткендегі даму және бұл
екеуі бірігіп, болашақтағы дамуға негіз болады, - деп жазды
Л.С.Высотский. Сондықтан қандай да бір даралық ерекшелігін анықтау ісін
бір ғана зерттеу әдістемесін жүргізу барысында алынған нәтиже мәліметімен
өлшемей, бала өмірін біртұтас қарастырып, саралау арқылы белгілі
қорытындылар жасау қажет.
4) Мектептік психологиялық қызмет жүйесінде анықтау жұмысы, яғни
психодиагностика немесе психологиялық түзету (дамыту) жұмыстары жеке –дара
қарастырылмайды.
Д.Б.Элькониннің көрсетуінше, бізге балаларды сұрыптауға арналған
диагностиканың қажеті жоқ. Оның айтуынша даму барысын бақылау өте мұқият
жүргізілуі керек; себебі дамудағы болуы мүмкін ауытқуларды неғұрлым ерте
бастаған жөн. Сондықтан психодиагностика мен коррекция мектепте анықтау –
түзету жұмыстары болып беріледі.
Мектеп психологы анықтау негізінде диагноз қояды, белгілі бір
нұсқаулар жүйесін белгілейді; әрі оның жүзеге асырылуын қадағалайды.
Психодиагностика – баланы психологиялық зерттеу әдістерін, арнайы
зерттеу әдістерін кәсіби игеруді талап етеді.
Практик –психолог жұмысының мазмұны психодиагностика арқылы
негізделіп, яғни білім беру саласында балалар және ересектердің
психологиясын және мінез-құлқын бағалау, сонымен қатар психологиялық
зерттеулер бойынша алынған сенімді мәліметтерге сүйене отырып, оларға тән
психологиялық мінездеме беру. Кәсіби әрекеттің бұл түрімен айналысатын
психолог, психодиагностикалық зерттеулердің практикада қолданылуын ғана
біліп қоймай, сонымен қатар олардың негізделген және жетілдірілген
теориясын білу қажет. Диагностикамен айналысатын психолог – қажет болған
жағдайда зерттеу әдістерін бейімдеп, қайта жасап, тексере білуі шарт.
Сонымен қатар әдістердің сенімділік және беріктілік сияқты ғылыми бағалау
тәсілдерін шартты түрде меңгеруі қажет.

Психодиагностиканың кәсіби –этикалық аспектілері

Практикалық психодиагностика – психологтардың кәсіби іс-әрекетіндегі
өте күрделі және жауапты бөлім. Психодиагност білімді, кәсіби шебер және
жауапты болуы керек. Аталған талаптарға орай психологтарға бірқатар
әлеуметтік –этикалық талаптар ұсынылады. Олардың бірқатары практик-
психологтың этикалық кодексіне енгізілген, ал қалғандары қосымша талқылауды
қажет етеді. Олардың ішінде – психодиагностика құпияларын сақтау,
психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі, сыналушыларға зиян
келтіру, тұжырымдардың нақтылығы және ұсынылған практикалық
сипаттамалардың өнімділігі. Осы аталған талаптарды психодиагностиканың
ұстанымдары түрінде қарастырайық.
Құпияны сақтау ұстанымы – сыналушының келісімсіз диагностика
нәтижелерін жарияламау. Бұл ұстаным көбінесе ересек адамдарға қатысты.
Егер зерттелуші кәмелетті жасқа толмаған болса, мысалы мектеп жасындағы
балалар, онда психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялау үшін
міндетті түрде ата-аналарының немесе олардың орнына жауапты тұлғалардың
келісімдері қажет. Тек ғылыми мақсат бойынша эксперименталды зерттеудің
бір бөлімі ретінде ғана психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялауға
болады, бірақ бұл жағдайда да басылымдарды сыналушылардың нақты аты
–жөндерін көрсетіп сипаттауға болмайды.
Психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі туралы ұстаным
зерттеу әдістерінің неғұрлым берікті және сенімді болуын талап етеді.
Зиян келтірмеу ұстанымы бойынша жүргізілетін тесттердің нәтижелері
ғылыми негізделуін талап етеді, яғни тұжырымдардың қандай да бір
субъектінің пікірі емес, керісінше нақты бір сенімді және берікті әдістеме
қорытындысы болуы керек.
Өнімділік ұстанымы. Психодиагностикалық зерттеу көрсеткіштері бойынша
сыналушыларға берілген міндетті түрде пайдалы болуы тиіс.
Психодиагностикамен айналысатын адамдарға ерекше квалификациялық
талаптар қойылады. Оардың негізгілері: жақсы теориялық даярлық,
психодиагностикалық әдістемелер және оларды пайдалану ережелерін түпкілікті
білу.
1-тарау. Мектепке дейінгі кезеңдегі психодиагностика.
Мектепке дейінгі кезеңде психодиагностиканы жүргізу ерекшелігі

Мектепке дейінгі кезеңде балалар психологиялық және мінез-құлықтық
жағынан ерекшеліктерді меңгере бастайды, ал психодиагностикалық зерттеуде
осы қажеттіліктерге сәйкес нақты көрсеткіштер арқылы білім
алынады.Мектепке дейінгі кезеңдегі нормативті жас және жекелік даму
ерекшелігінің көрсеткіштері;
1) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психодиагностика туралы
Психологиялық педагогикалық диагностиканың қазіргі жағдайы
Кәсіби біліктілікке психодиагностика
Мектеп жасындағы балалардың даму ерекшелігін психодиагностикалау ерекшелігі
Психофизиологиялық жəне ақпаратты талдау əдістері
Психологиялық оқыту
Психодиагностиканың этикалық және кәсіби бағыттары
Психологтың мектеп алды торбындағы балалармен жүргізілетін жұмысының мазмұны
Психологиялық - педагогикалық диагностиканың ғылымитеориялық негіздері
Психодиагностиканың жағдайлары
Пәндер