Синтетикалық (жинақтау) және аналитикалық (жіктеу) счеттары туралы


Синтетикалық (жинақтау) және аналитикалық (жіктеу) счеттары
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде барлық аналитикалық жіктеу счеттарының дебеті мен кредитіндегі айналым сомаларының жинағы синтетикалық жинақтау счеттарының дебеті мен кредитіңдегі айналым сомасының жинағымен бірдей болуы керек деген ұғым бар. Яғни, аналитикалық жіктеу счеттары синтетикалық жинақтау счеттарының құрамында жүргізіледі. Синтетикалық счет деп - жинақтаушы, ал аналитикалық счет деп жіктеуші счеттарды айтады. Синтетикалық счеттарды баланстық счеттар деп те атайды. Баланстық счеттардағы қалдыққа сай бухгалтерлік баланс жасалынады. Синтетикалық счеттарда активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер жинақталған сомалары көрсетіледі. Жинақтау тек қана ақшалай өлшеммен жүргізіледі. Синтетикалық счеттарда жинақталған көрсеткіштер арқылы кәсіпорынның активті қаражаттарының жалпы көлемі мен бұлардың қозғалысын, қорлану көздерінің қалыптасуын, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысудың жалпы сомасын, сонымен қатар банктерден алынған қысқа және ұзақ мерзімді несиелерді қайтарудың жағдайы жөніндегі материалдарды алуға болады.
Нарықтық қатынастардың талабына сай бухгалтерлік есеп ұғымына "капитал", "меншікті капитал", "міндеттемелер", "инвестициялар", "акционерлік капитал", "резервтік капитал", "бөлінбеген таза пайда", "вексельдер" сияқты категориялар енгізіліп отыр. Жоғарыда көрсетілген категориялар бойынша мағлұмат алу үшін ең әуелі синтетикалық счеттар қолданылады. Алайда кәсіпорындар мен ұйымдар қызметін жан-жақты және тиімді басқару үшін тек қана жалпылама жинақталған мәліметтер мен ақпараттар жеткіліксіз. Жинақталған ақпараттар жіктелуге тиісті. Бухгалтерлік есеп объектілерін дәйекті түрде жіктеп, талдау және сипаттау үшін жіктеу немесе аналитикалық счеттарды қолдану қажеттігі туындаған. Яғни, топтастырылып жинақталған активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелердің қалыптасуы мен қозғалысын, бұлардың жекелеген баптары мен түрлеріне қарай жіктеп, көрсету үшін аналитикалық жіктеуші счеттар қолданылады. Аналитикалық счеттар тек қана синтетикалық счеттардың құрамында жүргізіліп, бұларға жазылған көрсеткіштер бірдей уақытта орындалады. Синтетикалық және аналитикалық счеттар арасында тығыз экономикалық байланыс орнаған. Синтетикалық жіктеу счеттарындағы мәліметтерді кеңінен пайдалану арқылы кәсіпорындардағы әрбір құндылықтардың, мүліктер мен негізгі құралдардың, тауарлы-материалды босалқылардың, есеп беруге, есеп айырысуға, өндірілген өнімдер, тауарлар, алынған міндеттемелер мен несиелер, т. б. жекелеген түрлері бойынша мәліметтер алып, экономикалық және қаржылық тұрғыдан талдау жұмыстарын жүргізуге болады. Ендігі жерде аналитикалық және синтетикалық счеттар арасындағы байланысты көрсету үшін мысалдар келтіріледі. Мысалы, кәсіпорынның "Материалдары" счетында мынандай көрсеткіштер (мәліметтер) болады:
Дт Материалдар Кт
2) 45000
3) 55000
Бұл счет бойынша кәсіпорынның қолда бар материалдарының жалпы сомасын ғана көруге болады. Қолда бар "осы материалдардың қандай жекелеген түрлерден тұратындығын, қалайша өзгеретіндігін, бұлардың санының қаншалығын білу үшін синтетикалық счет қажет. "Материалдар" счетындағы материалдарды шартты түрде А және Б деп, екі түрге бөліп қарайтын болсақ, онда синтетикалық счет төмендегіше жүргізіледі.
Кесте құру нәтижесінде синтетикалық жинақтау счетының бастапқы қалдығы А және Б материалдары бойынша жалпы 8 теңге болып көрсетілсе, кіріс және шығыс операциялары "Матеркалдар" счетына жазылғаннан соң соңғы қалдық А материалдары бойынша 2 теңге, ал Б материалдары бойынша 55000 теңге болып, соңғы жалпы қалдық сома 75000 теңге болды.
1-кесте
(Кіріс) А Материалдар - (Шығыс)
Қалдық
№1 операция
Айналым
Қалдық
50
50
50
50
№2 операция
№3 операция Айналым
50
50
50
Б Материалдар
Қалдық
№1 операция
Айналым
Қалдық
№2 операция
№3 операция
Айналым
Яғни, "Материалдар" счеты А және Б материалдары бойынша жіктеліп, аналитикалық счетқа жоғарыдағы мысалдың көрсеткіштеріне қарай синтетиалық жинақтау счетында көрсетілген материалдардың жалпы сомасы бойынша жазылады. Орындалған үш операцияның негізіне қарай жіктеліп, материалдардың жекелеген түрлеріне бөлініп, сомасы мен санына, бұлардың аталуына қарай аналитикалық жіктеу счетына жазылатындығы дәлелденді. Бұдан, аналитикалық жіктеу счетындағы материалдардың қозғалысы мен жағдайын күнделікті бақылап отыру үшін натуралды және ақшалай өлшемдердің қолданылатындығын да көруге болады. Сонымен қатар синтетикалық жинақтау счетындағы жалпы сома мен аналитикалық жіктеу счетындағы жекелеген сомалардың жинағы біртектес болады.
Синтетикалық жинақтау және аналитикалық жіктеу счеттары арасындағы принциптер мен әдістер тек қана "Материалдар" счеты бойынша жүргізіліп қоймай, бухгалтерлік есептің басқа да объектілері бойынша (масылға, негізгі құралдар, есеп айырысулар, тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, міндеттемелер, т. б. ) қолданылып іске асырылады. Ескерте кететін жағдай кәсіпорындардағы активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер есебін жүргізуде натуралды өлшем бірліктері қолданылмайды.
Сонымен, синтетикалық жинақтау және аналитикалық жіктеу счеттары арасындағы өзара байланыс негізінде мына төмендегідей қорытындыға келуге болады.
Синтетикалық жинақтау счетындағы бастапқы және соңғы қалдық аналитикалық жіктеу счеттарындағы қалдықтың жалпы сомасымен бірдей болып, экономикалық маңызы жағынан да бірдей болады.
Жекелеген аналитикалық жіктеу счеттары синтетикалық жинақтау счетының негізінде жүргізіліп, синтетикалық счеттағы көрсеткіштерді құрамдас бөліктерге бөліп, жіктеп көрсету үшін қолданылады. Мысалға, синтетикалық жинақгау счетының дебеті мен кредитіндегі қалдық аналитикалық жіктеу счеттарындағы осындай қалдықтармен бірдей болады. Сол сияқты синтетикалық жіктеу счеттарындағы дебеттік және кредиттік айналым сома аналитикалық жіктеу счеттарындағы дебеттік және кредиттік жекелеген айналым сомалары жинағымен сай келеді.
Есеп жүргізу кезеңінің соңына қарай аналитикалық жіктеу мен синтетикалық жинақтау счеттарының жинағын өзара салыстыра отырып, талдау және жіберілген қателерді түзету жұмыстарын іске асыруға болады.
Ағымдағы есеп көрсеткіштерін тексеру немесе айналым ведомостысын жасау
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне тиімді басшылық жасап, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі мен арнайы принциптер және қолданбалы тәсілдерге сай келуін тексеру үшін өзара жинақталған мәліметтер қажет. Активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер, сондай-ақ өндіріс пен сату және жабдықтау үрдісіне байланысты жинақталған мәліметтер мен ақпараттарды әрбір айдың аяғына қарай бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу арқылы алынатындығын айтқанбыз. Есеп объектлері мәліметтерін жинақтап, тексеру үшін бухгалтерлік есеп тәжірибесінде айналым ведомостысы жасалынады. Айналым ведомостсын жүргізу арқылы әрбір жекелеген счеттарға жазылған шаруашылық фактлерінің мазмұнын ай сайын тексеріп отыру мүмкіндігі туындайды.
Айналым ведомостсында шаруашылық операцияларын жүргізуде қолданылған счеттар бойынша қалдық пен айналыс сомасының жиынтығы шығарылады. Айналым ведомостсы бухгалтерлік есеп жазуларын тексеруде қолданылатын әдістердің бірі болып табылады. Бұл ведомость аналитикалық жіктеу және синтетикалық жинақтау счеттарының көрсеткіштері негізінде арнайы кесте түрінде жасалады. Яғни аналитикалық айналым және синтетикалық айналым ведомостсы болып екіге бөлінеді.
Ең әуелі синтетикалық жинақтау счеттары бойынша жүргізілетін айналым ведомостсын жүргізудің тәртібіне тоқталамыз. Арнайы үлгідегі кестеге әрбір жекелеген счеттар бойынша дебеттік немесе кредиттік (счеттардың активтік және пассивтік болып бөлінуіне қарай) бастапқы қалдықтар жазылып, бұдан соң ай ішіндегі дебеттік және кредиттік айналым сомасының жинағы есептелінеді. Осы операциялар орындалғаннан соң, әрбір счеттар бойынша келесі айдың басында жазылатын соңғы дебеттік және кредиттік қалдықтар шығарылады. Есте сақтайтын жағдай, ол - активті-пассивті кейбір счеттар бойынша бірдей кезеңде әрі дебеттік, әрі кредиттік қалдықтар да болуы мүмкін. Жоғарыда айтылғандардың негізіне сүйене отырып, ендігі жерде айналым ведомостсын жасау керектігі қажет болады.
Есептелініп шығарылған жинақтарға қарағанда, синтетикалық жинақтау счеттары бойынша Ақпан айына жасалған айналым ведомостсындағы дебетгік және кредиттік бастапқы қалдықтардың ай ішіндегі дебеттік және кредиттік айналым сомалардың, сондай-ақ шығарылған соңғы дебеттік және кредиттік қалдық сомаларының жинақтары бірдей екендігін көруге болады. Осылайша шығарылған жинақтардың бірдей болып, тең келуінің нәтижесі активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер есебінің баланста (Активті қаражатгар = меншікті капитал + міндеттемелер теңдігін) екі жақты жүргізіліп, счеттар бойынша екі жақтылық принциптің дұрыстығы тексерілгендігін дәлелдейді.
2-кесте
Синтетикалық жииактау счеттары бойынша айналым ведомостсы
2001 жыл Ақпан айы (теңге)
1
2
3
4
5
6
7
Негізгі құралдар
Материалдар
Аяқталмаған өңдіріс
Есеп айырысу шоты
Жарғылық капитал
Еңбек ақы бойынша
есеп айырысу
Жабдықтаушылармен есеп айыпысу
2
4
2
3
-
-
-
-
246000 9500
16500
-
12800 6900
-
-
-
25900
-
6900
-
25900
-
-
12800
2 45900 8900 4100
-
-
-
-
-
-
-
246000 9500
3400
Бастапқы кіріспе қалдықтың (272 теңге) дебеттік және кредиттік бірдей болуы, кіріспе баланстағы активтік және пассивтік сомалар жинағының теңестірілгендігін, активті қаражаттар мен бұлардың көздерінің екі жақты топтастырылып, баланстық теңдіктің дұрыс көрсетілгендігін дәлелдейді. Ақпан айының ішіндегі айналым жинақтың (45600 теңге) дебеттік және кредиттік соманың бірдей болуы бухгалтерлік есеп счеттарына жазылған соманың дұрыстығы мен екі жақты жазу принципінің дұрыс орындалғандығын көрсетеді. Жазу жүйесінде қате жіберілмегендігі дәлелденді. Синтетикалық жинақтау счеттары бойынша жасалған айналым ведомостысындағы соңғы қалдық (2589000 теңге) кіріспе баланс пен ай ішіндегі дебеттік және кредиттік жазулардың, сонымен қатар айдың аяғына қарай активтік және пассивтік жазулар теңдігінің қатесіз орындалғандығын көрсетеді. Яғни баланстық теңдеу сақталып, екі жақтылық принцип орындалды.
Синтетикалық жинақтау счеттары бойынша жасалған ведомосттың ерекшелігі шығарылған үш пар жинақтың бірдей сомада болуында. Бірінші пар жинақ баланстық теңдік принципінің дұрыстығын және жекелеген счеттар бойынша дебеттік және кредитгік бастапқы қалдықтардың бірдей сомада жинақталғандығын көрсетеді. Екінші пар жинақ жекелеген счеттар бойынша ай ішіндегі айналым сомаларының дебеті мен кредитіндегі мәліметтердің дұрыстығын көрсетсе, үшінші пар жинақ соңғы қалдықтың дебеттік және кредиттік счеттар бойынша дұрыс шығарылғандығын көрсетеді. Сонымен айналым ведомостысын жасау арқылы ағымдағы шаруашылық фактлерінің бухгалтерлік есеп счеттарына дұрыс жазылғандығымен қатар екі жақты жазу принципінің бұрмаланбағандығын және жекелеген счеттар қорытындысын шығаруға болатындығы дәлелденді.
Егер айналым ведомостысын жасаған кезде жоғарыда көрсетілген парлы жинақтар бірдей болмаған жағдайда, счеттарға жазылған жазулар бойынша кеткен қатені көрсетеді. Айналым ведомостысын жасаудың түпкі мақсаты жіберілген қатені түзету болып табылады. Мысалға, шаруашылық фактілерінің мәліметтері счеттардың дебетіне жазылып, кредитіне жазылмай қалған немесе бір счеттың дебетіне бір сома екі рет жазылып, бірдей сома бір счеттың кредитіне артық жазылып, дебетіне кем жазылған жағдайда айналым ведомостысын жасау арқылы түзетуге болады.
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде екі жақты жазу принципі бұзылмаған жағдайда бір счеттың дебетінің орнына басқа счеттың дебеті қате қолданылып, жазылатын сома өзгермеген жағдайда айналым ведомостысын қолдану мүмкін емес. Жіберілген мұндай қателерді түзету үшін кері жазу әдісі қолданылады.
Мысалы: Мынандай қате жазулар орындалды делік.
Құны есеп айырысу шотынан төленген материалдар кіріске алынғанымен касса счеты қате кредиттеліп кеткен.
1. Материалдар 45000
Касса 45000
Түзетіп жазу:
2. Материаддар 45000
Есеп айырысу шоты 45000
Қате орындалған бірінші операция қызыл сиямен жазу арқылы жойылып, мұның орнына дұрыс жазу орындалды.
Жіберілген қателерді түзету үшін синтетикалық жинақтау счеттары мен аналитикалық жіктеу счеттары көрсеткіштерін өзара салыстыру қажет. Мұның үшін аналитикалық жіктеу счеттарындағы мәліметтер синтетикалық жинақтау счеттарындағы бірдей маңыздағы мәліметтермен салыстырылады.
3-кесте
Баланс
Актив 2001 жыл. 1 наурызға Пассив
1. Негізгі құралдар
2. Материалдар
3. Аяқталмаған өндіріс
4. Есеп айырысу шоты
2 45900 8900
4100
1. Жарғылық капитал
2. Еңбек ақы бойынша есеп айырысу
3. Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу
2466000
9500
3400
Синтетикалық жинақтау счеттары бойынша жасалған айналым ведомостысында кәсіпорындардың активті қаражаттары, меншікті капитал және міндеттемелердің қолда бары мен бұлардың ішкі қозғалысы жөніндегі маңызды мәліметтердің жинақталатындығын есте сақтау керек. Айналым ведомостысына жинақталған мәліметтерді өзара салыстырып, тиісті экономикалық коэффициентгер есептеу арқылы кәсіпорын қызметіне басшылық жасап, экономикалық тұрғыдан тиімді шешімдер кабылдауға болатындығын білген жөн. Сонымен қатар, экономикалық талдау, тексеру мен бақылау жұмыстарын жүргізу үшін айналым ведомостысының көрсеткіштері пайдаланылады.
Егер айналым ведомостысы дұрыс, қатесіз жасалған жағдайда, мұның негізінде бухгалтерлік баланс жасауға да болады.
Бұл баланс синтетикалық жинақтау счеттары бойынша жасалған айналым ведомостысының жинағына қарай жасалды. Мұндай баланс тек қана оқыту мақсатымен жасалынады. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде баланс жасау үшін айналым ведомостысының мәліметтері жеткіліксіз. Бухгалтерлік баланс жасау үшін тек қана айналым ведомостысындағы соңғы қалдықты баланстың тиісті баптарына көшіре салмай, арнайы дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Әрбір счеттар бойынша жинақталған қалдық тексеріліп, түгенделіп, дұрыстығы бастапқы құжаттармен салыстырылғаннан соң және де есеп айырысу жұмысы түгелімен аяқталғаннан кейін бухгалтерлік баланс жасалынады. Баланс жасаудың алдында кәсіпорындарда қабылданған есеп саясатының дұрыс қолданғандығы тексеріледі.
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде аналитикалық жіктеу счеттары бойынша да айналым ведомостысы жасалынады. Аналитикалық счеттар бойынша жасалынатын айналым ведомостысын жасаудың өз ерекшеліктері болады. Жекелеген материалды құндылықтар есебі ақшалай және натуралды өлшемдермен өлшеніп жүргізілетіндіктен, аналитикалык счеттардағы жазуларды тексеру үшін айналым ведомостысында сандық және сомалық өлшемдер бірлігін көрсететін бағаналар берілген.
Енді "Материалдар" және "Жабдықтаушылар" бойынша іс-тәжірибеде қолданылатын айналым ведомостысын жасаудың тәртібіне тоқталамыз.
4-кесте
Материалдар есебінің аналитикалық айналым ведомостысы
Ақпан айы 2001 жыл
баға
(тг)
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары
Шаруашылық - қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын - белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат - міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды. Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары - материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметгік даму қоры, көпшілік кодды тауарлар қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс қалдықтарынан жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру үшін) жұмыс істеді. 1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жа-ңарту үшін амортизациялық қор құрылғанды. Министрліктер мен ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамьпудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық - қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген (жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп - қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның тұтыну қорын жұмсау ауқымы; кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққандағы бұл мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым маңыздылылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары. Кәсіпорындардың дербестігі жағдайында басқа да мақсатты қаражат қорлары құрылуы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, жекешелендіру қоры, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрлымды дамытуға қатысудың үлестік қоры және басқалары.
Жарғылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материаддық емес акгивтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады. Мемлекеттік кәсіпорындардағы жарғылық капитал өндірістік капиталдарды (айналым және негізгі капиталдарды) - өндіріс процесінің натуралдық - заттай эле-менттерін құруға арналған меншікті қаражаттардың негізгі көзі.
Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа молықтырылуы нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар - материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың жарнасы (үлестік жарнасы) есебінен (жабық үлестегі қоғамдар үшін) немесе жарналарды құрылтайшылар мен шақырылғандардың акцияларына айырбастау жолымен (ашық үлгідегі қоғам үшін) құрылады.
Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни салықтар мен басқа да төлемдерді төленгеннен кейін кәсіпорынар мен ұйымдар кешенді қорларды - тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
Тұтыну қоры мыналарды қамтиды:
бүкіл қызметкердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары;
ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар;
еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және натуралдық нысаңдардағы қаражаттар;
материалдық көмек:
еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін табыстар (дивидендтер, пайыздар) ;
оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу үшін берілетін сыйақылардан бөлек басқа да жеке сипаттағы төлемдер.
Сөйтіп, тұтыну қоры еңбекақыға төленетін қаражаттар мен қызметкерлерді материалдық ынталандыру және әр түрлі әлеуметтік төлемдер үшін кәсіпорындар қарамағында қалатын таза табыстың бір бөлігі есебінен құрылады. Қордың қаражаты қызметкерлердің жеке тұтынуына жүұмсалады.
Қорлану қоры:
кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс;
негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар;
шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім - ақша;
банктердің кредиттері;
басқа да көздер есебінен қалыптасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz