Lиаспора сөзінің хатқа түсу тарихы мен диаспора, этнос терминдерін қолдану аясы
Қазақстандағы диаспораның қалыптасуы туралы әңгімені бастамас бұрын "диаспора" туралы ұғымға түсінік берген жөн. Бұл ұғым біздің дәуірімізден бұрын 722 жылы және 586 жылы Палестинадағы ежелгі еврей мемлекеттері — Израиль және Иудия патшалықтарын Ассирия мен Вавилон жаулап алғаннан кейін еврейлер дүние жүзіне шашырап кетуіне орай туған. Еврейлер барған жеріндегі жергілікті халықтардың тілін қабылдап қана қоймай, өздерінің тілін, дінін, мәдениетін, салтын сақтап қалған. Сондықтан бұл құбылыс "диаспора" деген грек сөзімен аталған "шашыраңқы" немесе "елінен жерінен ажыраған" деген мағына береді.
Қазақ жеріңдегі диаспоралардың тарихын таразыға салып, ғылыми тұжырымдар жасасақ "Диаспора дегеніміз—халықтың (этностық қауымдастықтың) белгілі бір бөлігінің өзі қалыптасқан елден тыс жерде отанымен біріздену сезімін сақтауда болатындар". Осы тұжырымның төңірегіне тоқталатын болсақ, кейбіреулер Қазақстанда ұлт деңгейіне кетергісі келетіндердің бәрі диаспора болып шығады. Ғылымға сүйенсек, орыстардың санының көптігіне қарасақ та, қарамасақ та ол диаспора ұғымының еншісінде. Олардың өздерінің тарихи отаны бар. Украиндар да, немістер де, кәрістер де, татарлар да, өзбектер де солай. Ұйғырлар мен күрдтердің төл мемлекеті болмағанымен, олардың маңдайына жазған тарих- тағдырдың өз сыбағасы бар. Сол себепті олар да диаспора шеңберінен шыға алмайды. Сондықтан қай жағынан алғанда да еліміздегі диаспора өкілдерін ұлттар деңгейіне көтеруге ешқандай негіз жоқ деп түйіндеуге болады.
Әсте, бұл еліміздегі диаспора өкілдерін ешқандай құқықтық жағынан кемсітушілік емес. Ондай болса, Қазақстанда ұлттық-мәдени орталықтар құрылып, диаспоралардың жан-жақты дамуына мемлекет тарапынан қамқорлық жасалмас та еді ғой. Республикада этноцентристік немесе этнократиялық әрекеттің жүргізіліп отырмағаны да мәлім. Мұндай өрекетке
бармақ түгілі, қазақ этносы толыққанды тарихтың өң бойында өзіне келген зардаіггардан әлі айығып болған жоқ. Сол себепті де қазақ ұлтына белгілі бір деңгейде басымдық беріліп отыр деудің өзі артық болар еді.
Тағы бір айта кететіні, диаспора өкілдерінің қазақ даласьша жаппай қоныстана бастағаны соңғы бір ғасырдың иелігіне тиеді. Оның ар жағында Ресей патшасының отарлау саясатьша қатысты қазақ даласына карашекпенділердің келе бастағаны мәлім. Алайда, қазақ жеріне басқа ұлт өкілдерінің жаппай қоныс аудара бастауы Қазан төңкерісінен кейін ғана күрт өсті. Қуғын-сүргінге ұшырап, қазақ жерін паналап, тұрақтап қалғандар да сол уақыттың құрбандары. Одан кейін Мәскеуден жергілікгі халықты ассимиляциялау саясатының шеңберінде тың көтеру, кәсіпорындар салу тәрізді түрлі шаралардың ықпалымен келгендерде жеткілікті болды. Осының бәрі жинақтала келіп жергілікті ұлттың азшылықта қалуына әкеліп соқтырды. Санының аздығы қазақта әсте этнос құқығынан айыруға немесе саны көп диаспораны этнос деңгейіне көтеруге ешқандай мүмкіндік бермейді. Осы жерде ерекше атап өтетін, біздің қозғаған мәселемізге төрелік болатын бір дәйек бар. Ол калай болғанда да, қандай жағдаймен болса да қазақ жеріне қоныс аударған диаспора өкілдерінің бүгінгі Қазақстан халқын қүрып отырғандығы. Бұл туралы Ата Заңымызда да айқын жазылған "Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...". Міне, "Қазақстан көп ұлтгы мемлекет" дегендерге беретін негізгі жауаптың бірі осы.

1. "Диаспора" сөзінің хатқа түсу тарихы мен "диаспора", "этнос"
терминдерін қолдану аясы
Қазақстандағы диаспораның қалыптасуы туралы әңгімені бастамас бұрын
"диаспора" туралы ұғымға түсінік берген жөн. Бұл ұғым біздің дәуірімізден
бұрын 722 жылы және 586 жылы Палестинадағы ежелгі еврей мемлекеттері —
Израиль және Иудия патшалықтарын Ассирия мен Вавилон жаулап алғаннан кейін
еврейлер дүние жүзіне шашырап кетуіне орай туған. Еврейлер барған жеріндегі
жергілікті халықтардың тілін қабылдап қана қоймай, өздерінің тілін, дінін,
мәдениетін, салтын сақтап қалған. Сондықтан бұл құбылыс "диаспора" деген
грек сөзімен аталған "шашыраңқы" немесе "елінен жерінен ажыраған" деген
мағына береді.
Қазақ жеріңдегі диаспоралардың тарихын таразыға салып, ғылыми тұжырымдар
жасасақ "Диаспора дегеніміз—халықтың (этностық қауымдастықтың) белгілі бір
бөлігінің өзі қалыптасқан елден тыс жерде отанымен біріздену сезімін
сақтауда болатындар". Осы тұжырымның төңірегіне тоқталатын болсақ,
кейбіреулер Қазақстанда ұлт деңгейіне кетергісі келетіндердің бәрі диаспора
болып шығады. Ғылымға сүйенсек, орыстардың санының көптігіне қарасақ та,
қарамасақ та ол диаспора ұғымының еншісінде. Олардың өздерінің тарихи отаны
бар. Украиндар да, немістер де, кәрістер де, татарлар да, өзбектер де
солай. Ұйғырлар мен күрдтердің төл мемлекеті болмағанымен, олардың
маңдайына жазған тарих- тағдырдың өз сыбағасы бар. Сол себепті олар да
диаспора шеңберінен шыға алмайды. Сондықтан қай жағынан алғанда да
еліміздегі диаспора өкілдерін ұлттар деңгейіне көтеруге ешқандай негіз жоқ
деп түйіндеуге болады.
Әсте, бұл еліміздегі диаспора өкілдерін ешқандай құқықтық жағынан
кемсітушілік емес. Ондай болса, Қазақстанда ұлттық-мәдени орталықтар
құрылып, диаспоралардың жан-жақты дамуына мемлекет тарапынан қамқорлық
жасалмас та еді ғой. Республикада этноцентристік немесе этнократиялық
әрекеттің жүргізіліп отырмағаны да мәлім. Мұндай өрекетке
бармақ түгілі, қазақ этносы толыққанды тарихтың өң бойында өзіне келген
зардаіггардан әлі айығып болған жоқ. Сол себепті де қазақ ұлтына белгілі
бір деңгейде басымдық беріліп отыр деудің өзі артық болар еді.
Тағы бір айта кететіні, диаспора өкілдерінің қазақ даласьша жаппай
қоныстана бастағаны соңғы бір ғасырдың иелігіне тиеді. Оның ар жағында
Ресей патшасының отарлау саясатьша қатысты қазақ даласына
карашекпенділердің келе бастағаны мәлім. Алайда, қазақ жеріне басқа ұлт
өкілдерінің жаппай қоныс аудара бастауы Қазан төңкерісінен кейін ғана күрт
өсті. Қуғын-сүргінге ұшырап, қазақ жерін паналап, тұрақтап қалғандар да сол
уақыттың құрбандары. Одан кейін Мәскеуден жергілікгі халықты ассимиляциялау
саясатының шеңберінде тың көтеру, кәсіпорындар салу тәрізді түрлі
шаралардың ықпалымен келгендерде жеткілікті болды. Осының бәрі жинақтала
келіп жергілікті ұлттың азшылықта қалуына әкеліп соқтырды. Санының аздығы
қазақта әсте этнос құқығынан айыруға немесе саны көп диаспораны этнос
деңгейіне көтеруге ешқандай мүмкіндік бермейді. Осы жерде ерекше атап
өтетін, біздің қозғаған мәселемізге төрелік болатын бір дәйек бар. Ол калай
болғанда да, қандай жағдаймен болса да қазақ жеріне қоныс аударған диаспора
өкілдерінің бүгінгі Қазақстан халқын қүрып отырғандығы. Бұл туралы Ата
Заңымызда да айқын жазылған "Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан
халқы...". Міне, "Қазақстан көп ұлтгы мемлекет" дегендерге беретін негізгі
жауаптың бірі осы.
Қазақстан халқының 56 пайызын қазақ этносы құрайды 28 пайызы орыс
диаспорасының еншісінде. Басқа ұлт) өкілдерінің еншісіне 16 пайыз ғана
тиеді. Алдымен "этнос" ұғымының түп-төркініне көз жүгір-телік. "Этнос"
(немесе халық) дегеніміз — өзінің дамуының бастапқы кезеңінде аумағының
бірдейлігі, бірдей тілге негізделген мәдениетінің, шаруашылық-тұрмыстық
ерекшеліктері болуы, өзіне тән бірқатар белгілері бар тарихи жағынан
қалыптасқан әлеуметтік топ". Енді осы талаптар төңірегінен тұжырымдасақ,
Қазақстандағы этнос белгісі тек қазақ ұлтының шеңберіне ғана сәйкес келеді.
Қазақ этносы бабалардың бүгінгі күнге жеткен бір тұтас ұлан - ғайыр далада
халық ретінде қалыптасты, жетілді. Тіпті оны Ата Заңымыздың басталуындағы
"Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ
жерінде мемлекеттік құра отырып..." деп жазылған преамбула да айғақтайды.
Қазақ этносының қадым заманнан бері Қазақстан аумағын еркін жүріп, ең
жайлағандығына қатысты басты темірқазығының бірі де осы. Бұл біріншіден.
Екіншіден, қазақ тіліне негіз-делген шоқтығы биік қазақ мәдениетінің орны
бөлек екен-дігін әсте ешкім де жоққа шығара алмайды. Үшіншіден, сан
ғасырлар бойғы дала мәдениетінің өркениетіне көрсететін қазақтардың
шаруашылық-тұрмыстық өзіңдік ерекшеліктері болғандығын тарихтан хабардар
кез келген адамның мойындайтыны да белгілі. Сонымен, Қазақстандағы қазақ
этносына қатысты бір дәйектің ұшын осылайша қайыруға тура келеді.
Қазақстанда түратын қалған 129 диаспораларының бірде біреуін әлеуметтік
қауымдастық қатарына жатқызуға болмайды. Өйткені, біз Қазақстандағы басқа
ұлттардың қауымдастығын қаншама ұлт деңгейіне көтергіміз келгені-мен,
жоғарыда этнос ұғымына берілетін қасиеттер мен ғылыми тұжырым оған
мүмкіндік бермейді.
Еліміздің Конституциясы жоғарыда айтқандай, "Біз... Қазақстан халқы" деп
басталады. Алдиіміздегі диаспоралардың ана тілін, мәдениетін өркендетуге
үлкен септігін тигізіп отырған қоғамдық-консультативтік орган Қазақстан
халықтарының Ассамблеясы деп аталады. Бұл атау мемлекеттің Негізгі Заңына
сәйкес келмейді. Елімізде ұлттар емес диаспоралар бар. Қазақстанда қазақ
ұлты және басқа ұлт өкілдері тұрады. Ал қоғамдық-консультативтік органды
Қазақстан халқының Ассамблеясы дегеніміз зандылыққа сәйкес келеді. Оның
үстіне бұл Ата Заңда таңбаланған нормамен сөйкестендіріледі. Қорыта
келгенде Қазақстанда қазақ ұлты және басқа ұлт өкілдері тұрады, орынсыз
басқа ұлт өкіддерін қолғаштап Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерін
"этнос" қатарына көтеру ғылымға сәйкес келмейді және әділетсіздік.
Қазакстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының орталық
мемлекеггік мұрағатында арнайы комиссия қатысуымен маңызды өкіметгік
қорлардың: Халық Комиссарлар Кеңесі (ХҚК), Қазақ ССР Министрлер Кеңесі мен
Жоғарғы Кеңесі Президиумы құжатгарының құпиясын ашу жүргізілді.
Құпиясы ашылған құжаттар 1936 жылдан 1955 жылға дейінгі елеулі уақыт
аралығын қамтыды. Бұл кезең өзіне жаппай саяси репрессияның басталуын,
екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында халықтардың елден қуылуын, "хрущевтік
жылымық" деп аталатын кезеңнің басталуын сиғызады.
Сипатталған кезеңнің басында-ақ тоталитарлық жүйенің адамдар үстінен
жаппай қылмыстық эксперименттер жасауда біршама тәжірибесі болды: күштеп
коллективтендіруді ұйымдастыру, бай мен кулактікті жою, халықтық қарсылықты
басып тастау ("қарақшылық қозғалыс" деп аталатын), жасанды аштықты
ұйымдастыру, бостандық сүйгіш халыққа қарсы зұлмат, зияткер және басқа да
зиялы қауымды іріктеп жою.
Тоталитаризмнің бұнымен қатар аса ауыр қылмысының бірі халықтарды өз елі
мен жерінен қуу — олардың этно-әлеуметтік және аумақтық бірлігін күш
көрсетумен қирату.
1930-1950 жылдар аралығында 3 миллионнан астам адам елден қуылды, оның
ішінде 1 миллионы Қазақстанға қоныс аударылды.
Қазақтардың елден куылған адамдарды қалай қабылдағаны жөнінде Қазақстан
Республикасының Презңденті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде былай деген болатын:
"Қазақтар мәжбүрлікпен қоныс аударушыларды қандай кеңпейілдікпен қарсы
алғандары бәрімізге белгілі. Коллективтендіру мен ұлы жұтқан қансыраған,
аштықта өмір сүрген олар соған қарамай тағдыр талқысында қалған адамдармен
соңғы бір үзім нандарын бөлісіп, оларға жылу, бастарына баспана берді.
Мұның бәрін олар қадір-қасиетпен, риясыз жасады. Сол қиын кезде олар өмір
сүруге, аяғынан тұрып кетуге көмек-тескендердің бәрі күні бүгінге шейін
көрсеткен кемектері үшін қазақтарға айтар алғыстары шексіз. Осылардың
бәрімен мен тек айтылған сөздерді естумен ғана таныс емеспін. Әлі есімде,
шамасы мен алты немесе жеті жастарда болармын. Бір күні әкем үйге бейтаныс
адамдарды — ер адамды, әйелі мен үш баласын алып келді. Олардьщ үстіндегі
киімдері жүпыны, жуылмаған және өздерінің тамақ ішпегендері көрініп түр.
Әйелдің кезінен үмітсіздік байқалады, балалары жылаған. Кейіннен
білгенімдей, бұлар балқарлар екен — сол жылы аудандық арнайы комендатура
неге екенін, ертеректе Кабарда-Балқардан жөнелтілген бірнеше жанұяны "асыра
лақтыруды" және алыстағы бір ауылға, біздің Шамалған ауылына қоныс
аудартуды шешіпті. Оларды ат үсті — кімді сарайға, енді біреуін сүт
фермасына орналастырды. Азды-көпті қанағат етерлік өмір жағдайын жасауды
"құзырлы ұйымдардың" ойластырмағаны түсінікті. Бірақ, жергілікті тұрғындар
басқаша шешіп, қоныс аударушыларға өз баспаналарын ұсынды.
Біздің де жанүямыз аштықтың алдында өмір сүрді: егер сиырдан сүт шықса,
онда ол күні үйде мереке болатын.
Жаңа таныстарға біз бұдан басқа ештеңе үсына алмадық. Бірақ, осы
қарапайым дастарқан, ыстық пеш, жылу жөне ата-аналарымыздың ықыласы олардың
өмір сүруіне, балаларын құтқаруға көмектесті.
Әкем сол отбасының басшысы Хазрешен тез достасып кетті, оның жұмысқа
орналасуына кемектесті, бір-екі айдан соң балқарлармен олардың ана тілінде
еркін сейлесе алатын болды.
Басқа шамалғандықтар сияқты, біздің жанұяда да қоныс аударушылармен кең
пейілді қарым-қатынас орнады. Біраз жылдан соң менің бір алыс ағайыным
балқар қызына үйлеңді, ал Кавказға қайтып кеткеңдердің көпшілігімен мен
күні бүгінге дейін хат алысып тұрамын.
Бұл республикаға қоныс аударушы халықтарды қазақтардың қалай қарсы алғаны
туралы мәселеге орай.
1930—1950 жыддары он беске жуық этностар жаппай қуғындауға ұшырады,
олардың ішінде поляктар, гректер, болгарлар, қырым татарлары,
қабардалықтар, балқарлар, шешендер, ингуштар, қарашайлықтар, черкестер,
қалмақтар, немістер, кәрістер және т.б. болды. Олардың миллионнан көбі
Қазақстаннан екінші отандарын тапты. Бұл халықтардың әрқайсысының
қуғындауға ұшырау тарихына жеке-жеке тоқталамыз.
2. Қазақстандағы ұйғыр және дүнген диаспорасы
Мыңдаған жылдардан бері ұйғыр мен қазақтың ата-бабалары түркі өркениетіне
бірлесе үлес қосып келе жатқан халықпыз. Кезінде ұйғыр мемлекеті болған.
Бірақ тарих керуені бір халықтарды судай сапырылыстырды, мемлекеттері бірде
өрбіп, бірде күштілердің көшіне ілесіп, өз дербестігінен айырылып қалды.
Сондай ескі тарихта ізі сайрап жатқан ұлт — ұйғырлар, құрдымға кеткен
мемлекет Ұйғырстан. Тағдыр төлкегінен XIX ғасырдың соңында Қытай
империясынан қуғын көрген біраз ұйғыр отбасы қазақ жеріне қоныс аударды.
1881 жьшы Ресей Қытаймен Қүлжа қаласында "теңқұқық-сыздық келісімін"
жасасты: Қытай провинциясы Синьцзян іс жүзінде орыс протектораты болып
қалды.
Шығыс (Қытай) Түркістан халқына уақытша қытай үстемдігінен босатылып,
тәуелсіз Түркістан мемлекетін құруына мүмкіндік туды.
Халықтың өзі үшін бұл бақыт бола қоймады: қытайлармен қанды күрес
жекеленген мұсылман халқы, көш басылары мен үміткерлері арасындағы қанды
күрес сияқты сипат алды. Күрес тек ислам туының астында жүргізідці, ұлттық
сана-сезім болған жоқ, тұрғындар өздерін өз қалаларының аттарымен атады,
қашғарлық, турфандық және т.б., бұдан басқа қытай тілінде сөйлей алатын
XVIII ғасырда Қашқариядан Іле алқабына қоныс аударған қытайлар, олар ислам
дінін қабылдаған дүнгендер немесе "тараншы" деп аталды.
Көтеріліс жеңілген соң қашқарлықтардың бір тобы ұйғырлар мен дүнгендер
Қазақстан мен Қырғызстанға босты. Қазақстанға ұйғыр және дүнген босқындары
1883 жылы Қытайдан 9572 ұйғыр отбасы (45373 адам) және 1147 дүнген отбасы
(4682 адам) қоныс аударды.
Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендердің қоныстануы екі кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезеңге 1877 жылдың аяғы мен 1878 жыддың басы жатады. Бірінші
кезенде негізінен дүнгендердің үш тобы келді. Бірінші топ 3314 адам Нарын
шекара пункті арқылы өтті. Олар 1877 жылдың 27 желтоқсанында Тоқмаққа
келді.4 Екінші кезенде ұйғыр-дүнген аралас 1881 жылдың ақпанынан 1884
жыддың басына дейін Жетісуға келген 9572 ұйғыр отбасы (45373 адам), 1147
дүнген отбасы (19209 адам) болды. Ал 1897 жылы жылғы санақ бойынша
қоныстанғандар санында дүнгендер 14130 адам, ұйғырлар 55999 адам болды.5
Қазақстанға дүнгендер мен ұйғырлардың қоныс аударуы екі кезеңге бөлінеді.
Олардың қоныс аударуы мынандай ретпен жүргізілді: 4477 ұйғыр отбасы
(19209 адам) Жаркент ауданына, Шарын мен Өсек ауданының бойына қоныстанды,
қалған үлкен бөлігі — 5275 отбасы (26164 адам) Верный уезіне, Шелек және
Талғар өзендерінің арасына қоныстанды. 1897 жылы қоныс аудару-шылар санағы
бойынша 14130 дүнген, 55999 ұйғыр болды.
Бір оқырманның еске салатынымыз ұйғырлар Батыстағы Қазақстан шекарасына
дейін бүрын ешқашан жеткен жоқ.
Ұйғырлар мен дүнгендер дәнді дақылдар өсірілетін шұрайлы жерлерге
қоныстандырылады; бұл жерлер қазақардан тартылып алынды. Ұйғырлар мен
дүнгендердің шаруашылық тұрмысында егістің түсімі басым болды. Ұйғырларда
суармалы жер 30 694 десятина (97,2 пайыз) жайылым жер 882 десятина (2,8
пайыз) болды; дүнгендерде тиісінше 11025 десятина (71,5 пайыз) және 4386
десятина (28,5 пайыз бодды). Қазақстанға дүнген қоныс аударушылары өздеріне
"тараншы" атауын аса бір сәттілікпен қабыддай қойған жоқ.
Қазақ жеріне қоныс аударған ұйғырлар 1959 жылғы санақ бойынша 60 мың
адам. 1989 жылғы санақта— 185 мың адам өсім, Қытайдан қоныс аударушылар
есебінен болды. 1959 жылға қарағанда 3 есеге көбейді, олардың 40 мың адамы
Алматы қаласыңда тұрады (немесе 23 пайызы). Ал 1999 жылы Қазақстанда 210
339 ұйғыр болды.
Қорыта келгенде. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде қазақстандық
ұйғырлар бізбен бірге өмір сүруде. Ұйғырлардың қазақтарға діні мен тілі,
діні мен иманы ұқсас түркі халықтарының ежелгі өкілдері. Олар еңбекқор,
өзіндік ұлттық дәстүрлерін сақтаған, бір жеңнен қол, бір жағадан бас
шығаратын бауырмал адамдар. Нарыққа ерте ілескен дүнген, ұйғыр халықтары
сауда-саттығын жасайды, жер еміп еңбек етеді, өнерін өркендетеді.
3. Қазақставдағы Кәріс диаспорасы
1938 жылы Қазақстандағы көрістердің саны — 98454 адамға жетті.
1959 жылы - 74 мың адам. 1999 жылы - 99657. Көрістерге орыс шенеуніктерінің
сенімсіздік көрсетуін алғаш рет 1905 жылы Унтербергер білдірді. Ол
кәрістерге қарсы сенімсіздіктің тұтастай дәлелдер жинағын келтірді.
Олардың бастылары:
Кәрістер діни нанымдылық, дәстүр, әдет-ғұрып, экономикалық өмір
жағдайындағы дүниеге көзқарасы бойынша орыстардан бөтен; Ресей бодаңдығына
еткен және православие дінін қабылдағанның өзінде де олар орыс халқымен
сіңісіп кете алмайды, Жапония немесе Қытаймен соғыс бола қалған
жағдайда олардың ададдығына сенуге болмайды, тыңшылық әрекетінің жазылуына
олар қолайлы жағдай тудырады.
Көрістерге жерді жалға беру жолы арқылы ауыл шаруашылығын жүргізу жолдары
орыс қожайындарын азғындыққа ұшыратады.
Олар жерге қоныстана отырып орыстарға арналған жерлерді басып алады, бұл
Тынық мұхиты жағалауындағы олардың жағдайын әлсіретумен тең сияқты.
1937 жылы Қиыр Шығыстағы Көріс қауымы 200 мың адамды құрады, олардың
ішінде қиыр шығыстық кәрістер (ҚШК) — 110280 адам; орыободандары 27,2 мың
адам, жапон бодандары 67,8 мың адам.2
1937 жылғы тамыз айында Сталин елдің шығыс аудандарының НКВД жетекшісі
генерал Г.С.Люшковпен болған әңгімесінде "кәрістердің көші-қон мәселесін
күшейту жөніндегі" ұсынысын айтты. Кеңес мемлекетінің басшысы құжаттарда
белгіленгендей, "кәрістерге" сенбейтінін айтты. Кәрістер мен бірге
жіберілетін жапон тыңшыларының арасында тығыз байланыс болуы мүмкін деп
есеіггеп, олар шекаралық аймақта тұрған кезде кәрістерге сенімсіздік
білдірді.
Қиыр Шығыстағы 200 мың кәріс халқының тағдырын анықтаған 1937 жылғы 21
тамыздағы КСРО ХКК мен БКП ОК-тың аса қүпия қаулысының толық мазмүнын
қарасты-райық.
КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен БКП Орталық Комитетінің 1937 жылғы 21
тамыздағы № 1428-326 қаулысында кәріс халқын қиыршығыстық өлкелердің
шекаралы аудандарынан қоныс аударту туралы КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі
мен БКП (б) Орталық Комитеті қаулы етеді: Қиыршығыстық өлкелердегі жапоңцық
тыңшылардың өтіп кетуінің жолын кесу мақсатында:
БКП (б) Қиыршығыстық өлке комитетіне, өлкелік атқару комитеті мен Қиыр
Шығыс өлкелік УНКВД-ға Қиыр Шығыс өлкесінде: барлық Посьет, Молотов,
Гродеков, Хан кай, Хороль, Чернигов, Спасск, Шмаков, Постышев, Бикинск
Вяземск, Хабаровск, Суйфун, Киров, Калинин, Лазо, Свободненск,
Благовещенск, Тамбов, Михайлов, Архаринск, Сталинск және Блюхерово шекаралы
аудандарындағы барлық кәріс халқын шығарып, оларды Оңтүстік-Қазақстан
облысының Арал теңізі мен Балхаш аудандарына және Өзбек КСР - ына көшіруді
ұсыну. Қоныс аудартуды Посьет ауданы мен Гродеково ауданына тиіп жатқан
аймақтардан бастау.
Қоныс аудартуға тездетіп кірісу және 1938 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқтау.
Көшірілуге жататын көрістерге көшу кезіңце өздерімен бірге мүліктерін,
шаруашылық заттары мен асыраған қүстарын алып кетуге рұқсат беру.
Қоныс аударушыларға олар қалдырып кеткен қозғалатын және қозғалмайтын
мүліктер мен егістерінің орнын толтыру (төлеу).
Қоныс аударушы көрістер шекарадан ары асып кетуге тілек білдірсе, кедергі
келтірмеу.
КСРО Халықтық ішкі істер комитетіне көшуге байланысты кәрістер жағынан тууы
мүмкін тәртіпсіздіктер мен эксцестерге қарсы шаралар қабылдау.
Қазақ КСР мен Өзбек КСР Халық комитетінің кеңесіне тез арада орналастыру
пункттері мен аудандарын анықтап, қоныс аударушылардың жаңа орындағы
шаруашылыққа жерсініп кету шараларын қарастыру, оларға қажетті көмек
көрсету.
НКПС-ты қоныс аударушы кәрістер мен олардың мүліктерін Қиыр Шығыс өлкесінен
Қазақ КСР мен Өзбек КСР-сына тасымаддау үшін Шығыс өлкелік атқару
комитетіне өз уақытында вагондарға тапсырыс беруді қамтамасыз
етуге міндеттеу.
БКП (б) Шығыс өлке комитеті мен Шығыс елкелік атқару комитетіне үш күндік
мерзім ішінде қоныс аударуға жататынын адамдар мен шаруашылықтардың санын
хабарлауды міндеттеу.
10) Қоныс аудару барысы, қоныс аудару аудандарынан жөнелтілетіндер саны,
қоныстану ауданына келгендер саны мен шекараға жіберілгендердің саны
женінде телеграфпен он күндік мәліметтерді жеткізу.
Кәрістер көшіріліп жатқан аудандарыдағы шекараларды қорғауды нығайту үшін
шекара әскерлерінің санын 3 мың адамға көбейту.
КСРО ішкі істер халық комитетіне кәрістерден босатылған орындарға
шекарашыларды орналастыруды рұқсат ету.
Қазақстанға көшірілген көрістер нақты түрде қоныс аударудың екі кезеңін
бастарынан кешірді.
Біріншісі — 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін. Олар уақытша
босатылған жерлерде болды, осы уақытта олар жертөлелерде, қоймаларда,
атқораларда, шошқақоралар мен соған ұқсас орындарда, өздерімен алып келген
қаражатаен өмір сүрді. Ал олар өздерімен бірге тек киім-кешек, жолға
арналып есептелген мардымсыз азық-түлік қорын әкелген болатын.
1938 жылғы көктемде кәрістерді қоныс аудартудың екінші Кезеңі басталды.
Кәрістерді жүк вагонымен тасымалдады, олар вагондарға артық тиелді, бір
отбасының мүшелерін әр түрлі эшелондарға тиеп жіберіп, жолда туыстарын
жоғалтып алу, жаппай ауруға ұшырау жағдайлары болды. 1937 жьшғы 28
қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанға 70 эшелон, 12129 жанұя, 58427 адам
әкеліңді, тағы да 7927 жанұя жолда болды.
Қазақстанға барлығы 20789 отбасы, 98457 адам өкеліңді.
Әкелінген қоныс аударушылар мына жерлерге орналастырылды:
Алматы облысы бойынша ... —1616 отбасы, 7581 адам.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша...— 8867 отбасы, 43181 адам.
Ақтөбе облысы бойынша ...—1744 отбасы, 7666 адам.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша —2299 отбасьі, 9350 адам.
Қарағанды облысы бойынша —3073 отбасы, 14792 адам.
Қостанай облысы бойынша —720 отбасы, 3476 адам.
Батыс Қазақстан облысы бойынша — 1950 отбасы, 9017 адам.
Кәріс ұлтының Қазақстанға қоныс аударушылары негізінен Жапон бодаңцары
болды.
КСРО Халық комитеті кеңесінің 1938 жылғы 20 ақпаңцағы қаулысы негізінде
Қазақстан аумағына кәріс қоныс аударушыларды орналастыру үшін ең құнарлы
жерлері бар совхоздар, 25 мың гектар Қаратал күріш совхозы, жер көлемі 33
мың гектар №3 Қарғұл совхозы, 84399 гектар Қызыл әскер ет-сүт совхозы,
128588 гектар Жармуханбетов ет-сүт совхозы, 10438 гектар "Қызыл партизан"
шошқа совхозы және Қазалы қаласындағы шаруашылықтар жойылып жіберілді1, ал
жергілікті тұрғындар - қазақтар бұл жерлерден қуылды, олардың жартысы
кулақтар ретіңде сотталып кетті.
Қазақстанның ХКК мен КП(б) ОК 1938 жылғы 3 наурыздағы "Көріс қоныс
аударушыларды мекендендіру және шаруашылыққа орналастыру жөнінде"
қаулысымен Қазақстанға 20530 отбасы көшірілді, оның ішінде 14600 отбасы
күріш өсіру, мал шаруашылығы және дәнді дақылдар өсіру, 2400 отбасы — балық
шаруашылығына, 3530 - өндірістік орындарға, совхоздарға, МТС, артель және
басқа мемлекетгік мекемелерге қоныстандырылды. Олардың едәуір бөлігі (60
пайызға дейінгі) Қызылорда және Алматы облыстарына орналастырылды.
4. Қазақстандағы неміс диаспорасы
Қазақстан Республикасының ресми мәліметтері бойынша осында тұрып жатқан
957518 немістердің 1989 жылдан бері, 613 мыңы Қазақстаннан көшіп кетті.
Олардың ішінде 1992— 93 жылдары 114000 1994 жылы 104 мың адам қоныс аударды
Қазақстандағы 1999 жылғы халық санағы бойынша мұнда 353441 неміс халқы
тұрып жатыр. Поволжье немістерінің елден қуылуы туралы қысқаша тарихы 1915
жылы Николай II жарлығымен іске асырылды.
Немістердің жерді пайдалануын жою науқаны басталды, немістердің жерді
пайдалануы мен Ресейдің экономикалық жағдайына әсер етуін шектеу туралы
зандар асығыс түрде қабылданды. "Біздің ішкі Германиямен күрес мәселесіне"
арналған мақалалар жинағы асығыс түрде шығарылып жатты (Немецкое зло",
Москва 1915; "Борьба с немецким засильем" Петроград 1916) Немістерді
Сібірге қоныстандыру жөніндегі идея 1937-1938 жылы қайта кетеріледі. 1941
жылы 28 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының №21-60 "Поволжье
аудандарында тұрып жатқан немістерді қоныстандыру туралы" Жарлығы жарық
көрді. Жарлық мөтіні оқырмаңцарға негізінен таныс болмағаңцықтан, оны
толықтай келтірейік: әскери биліктен алынған бұлтартпас мәліметтер бойынша,
Поволжье ауданында тұрып жатқан неміс халқының арасында мың және он
мындаған дивер-санттар мен тыңшылар бар. Олар Германиядан алынған
мәліметтер бойынша Поволжье немістері қоныстанған аудаңдарда жарылыстар
ұйымдастырмақшы.
Осындай диверсанттар мен тыңшылардың немістер арасында көп болуын кеңес
өкіметіне ешкім хабарламады, яғни, с Поволжье ауданындағы неміс халқы өз
ортасында кеңес халқы мен Кеңес өкіметіне қарсы жауларды жасырып отыр.
Егер Германиядан неміс диверсанттары мен тыңшылары ниет еткен диверсиялық
актілер Поволжье неміс Республикасында немесе оған жақын жатқан аудандарда
бола қалған жағдайда, қан төгіс болуы мүмкін, сондықтан да, Кеңес ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz