Ежелгі Греция


ЕЖЕЛГІ ГРЕЦИЯ
Тезей, Солон, Клисфен реформалары
Грекия Балқан түбегі мен Кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан. Грекияның өзі Фракия мен Македониядан оңтүстікке қарай созылып жатыр. Грекия үшке бөлінеді: Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Грекия немесе Пелопонесс. Грекия аймақтары тау тізбектерімен белінеді. Афины қаласы теңізден 5 шақырым ғана қашықтықта орналасқан, теңіз қарақшыларынан сенімді жасырылып, сыртқы қауіптен қорғануы қам-тамасыз етілген болатын.
Тезей реформалары. Бүкіл Афин халқын біріктірген Тезей деген базилевс, ол барлық белгілі рулардың басын қосты. Тезейдің саясаты "синойкизм" деген терминмен аталды, бұл сөз "біріктіру" деген мағынаны білдіреді. Гректердің төрт руының қосылуына объективтік себептері бар Оңтүстіктен гректерге дорийцтардың соғыс ашу қаупі төнген еді. Тезейдің 2 реформасынан бұрын Афины қалаларын басқару өз бетінше жүргізілді, тек соғыс уақытыңда болмаса, барлығының бас қосуы сирек болатын. Бүкіл Аттиканың бірлесуі ХІ-Х ғасырлар. Жаңа бірлескен екіметтің ба-сында рулардың ақсүйектері тұрды.
Грекияның халқы: эвпатридтар, геоморлар және демиурггар болып үш бөлікке бөлінді.
Эвпатридтер-ақсүйектердің балалары, олардың әкесі де, атасы да ақсүйек әулетіне жататын. Ақсүйектерді біріктіретін олардың байлығы, бәрі де ірі жер иелері еді.
Геоморлар - жер иеленушілер де, демиургтар - қолөнершілер.
Аттиканың бірігуі және эвпатридтардың күшеюі олардың жаңа органға ұйымдасуына себеп болды. Оның аты-Ареопаг, Арес соғыс құдайының аты. Ареопаг Арес тауында жиналды. Бұл кезеңде Афинаның рулық құрылысы өзгеріп, ол енді 4 филаға бөлінді, өрбір фила 3 фратрияға бөлінді, фратрия 30 рудан, бір ру 30 еркек адамнан тұратын бодды. Афина құдайы бүкіл Аттиканың құдайы деп саналды. !
VII ғасырда Афины өкіметі 12 навкарияға белінді, әрбір навкария со-ғыс уақытында бір кеме жабдықтайтын. Бұл да мемлекет болудың белгісі еді. Афинада ең жоғарғы орган болып халық жиналысы саналды. Бірақ оның атқаратын рөлі төмендей бастады да, бірінші орынға Ареопаг шықты. Ареопагты рулардың ақсүйектері қолдады. Археопагтың қолында сот билігі, әкімшілік билігі, дін әкімшілігі болды. Сотты былай еткізетін: айыптаушы кешірмеу тасына тұрып айыптайтын сөзін айтса, айыпкер өкпе тасына тұрып сөзін айтады. Екі жақта шындығын айтып тұрғаны туралы құдайға ант береді. Ареопагтың мүшелері өздерінің дауыстарын екі ур-наға: қайырым ету урнасына және ажал урнасына бөліп салатын.
Бұрын бүкіл халыққа тиісті күш енді тек қана евпатридтердің қолына көшті де, солардың нарықтық жағдайын қорғады. VIII ғасырда бүкіл Афин аумағы 48 навкарияларға белінді, әрбір навкария үкіметке бір кеме беретін болды және архонтгармен навкариялар кеңесі деп аталатын жаңадан екі алқа құрылды. Бұл сала аумақтық бөліске жататын дербес мемлекеттік белгіге айналған еді.
Ареопагтан басқа архонттың жаңа қызметі де мемлекет құрамына енгізілді, олар атқарушы үкімет болды. Бұл қызметке алған адамдар 10 жылға сайланатын еді. Уақыт оте келе олар бір жылға сайланатын бодды.
Архонттардың саны тоғызға жетгі: архонт-эпоним, архонт-базилевс, архонт-полемарх, қалған алты архонт-фесфометтер қызметін істейтін, осы архонтгардың бәрі ареопагқа кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі 621 жылы Афинде архонт-фесфомет Драконт жазған құқық нормалары халыққа жарияланды. Олар тарихқа "драконт заңдары" деген атпен енді де, кейін ол жалпы шектен тыс қатал заңдардың теңеуі болып кетті
Солон реформалары. Б. д. дейінгі 630 жылы эвпатридтерге қарсы Килон қуғын-сұргіні болып өтті. Бірақ ол жеңіске жете алған жоқ. Б. д. дейінгі 594 жылы
архонт
болып Солон сайланды. Оның алдында екі мақсат тұрды: Афина полисін басқару және Саламин аралын жаулап алып, Мегара қаласын Афинаға бағындыру. Саламин аралы Афинаның Пирей шығанағына кіретін жолын бақылауға қолайлы орналасқан, сондықтан оны өзіне қаратудың Афина үшін маңызы ерекше болды. Солон Кодрид даңқы елге жайылған Афина базилевсі. Бірақ мүліктік жағдайы бойынша Солон іс жүзінде демостың орта жігіне жататын, өйткені ол саудамен айналыса-тын (сол саудадан байыған) Солон жіберген афин отряды бұл тапсырманы орындады. Ол саяси тақырыпқа өлеңдер шығаратын елге белгілі ақын әрі философ еді. Солон езінің реформалар үшін шығарған заңдарын өлеңмен жазған. Бұндай талант Солонның атағын, халық алдындағы беделін жоғары көтерді. Солон істеген елеулі жұмыстарының бірі - заң қабылдау. Солонның реформаларын нарықтық және саяси деп бөлуге болады.
Заң шығарушы ретінде Солон селолық, негізінен ауқатты қалалық демостың және оларға қосылған евпатридтердің мүддесін жақсы сезініп, нарықтық мәселелерді айқын түсінетін.
Солонның нарықтық реформасы саяси реформалармен толықтырылып отырды. Ол генократияны ("генос"-ру) - рулық аристократтардың билігін жойып, оны тимократиямен ("тиме"- баға, күн), яғни, дүние, мүлік цензісіне негізделген билікпен алмастырды. Ол осы арқылы ақсүйектерді рулық құрылыстың ескі әдет-ғұрыптармен байланыстағы ерекше жеңілдіктерден айырды. Ареопагпен қатар Солон 400 кеңесі деп аталатын жаңа орган шығарды. Бүкіл Аттиканың азаматтары елдегі дүние-мүлік цензісіне қарай топтарға бөлінді. Оның негізіне егін шаруашылығынан алынатын натуралдық табыс алынды. Бірінші топқа өзінің жерінен астық түрінде немесе сұйық өнім түрінде 500 медимнен кем табыс алмайтын азаматтар жатқызылды (Бір медимн-41-53 литр май, шарап немесе бидай) . Бұл тап бес жүздік деп атадды.
Екінші топқа өзінің жерінен 300 медимнен кем табыс алмайтын аза-маттар кірді. Оларды салт аттылар деп атады, өйткені олар өзінің әскери атымен атты әскер қатарына өтуі керек болды.
Үшінші топқа өзінің жерінен 200 медимнен кем табыс алмайтын аза-маттар кірді. Оларды зевгиттер деп атады, яғни, олар өз өгіздерін жегетіндер, олар жаяу өскер жасағында қызмет етуге және жеке өзінің ауыр қару-жарағын иеленуге міндетгі еді.
Тертінші топқа табысы 200 медимнен аз азаматтар жатқызылды. Олар феттер деп аталды. Әскери қызметте олар қосымша жұмыстар атқарды.
Ең бай топты Афины азаматтары-ескери кемелерді жасақтап, оларды қалыпты жағдайда ұстап тұруға тиісті болды. Солон Ареопагты әлсіретгі, ол оның құзыретінен халық жиналысында қаралатын істерді дайындау міндетін тартып алып, төрт жүздік кеңесінің қарамағына берді.
Бұл істерді әзірлеу үшін Солон Бұле (400 кеңесі) деп аталатын жаңа мемлекеттік орган құрды. Ол ертеден келе жатқан рулық төрт филалары-ның жиналысында 1, 2, 3, топтардың азаматтарынан сайланатын болды.
Халық жиналысы Солон реформаларының нәтижесінде Аттиканың емірінде бұрынғыдан әлдеқайда белсенді рөл атқара бастады. Онда ағым-дағы саяси мәселелер талқыланып, архонттар және басқа да жоғарғы қызмет адамдары сайланатын. Кейін олардың бәрі өз жұмысы жөнінде жиналыс аддында есеп беретін болды. Халық жиналысына азаматтардың бәрі де қатынасты.
Геиэя-жоғарғы сот. Демек ант берген қорғаушылардың 6000 адамы-нан жаңа жоғарғы сот құрылды. Бұған барлық төрт топтың азаматтары қатыса алатын болды. Гелиэя он комиссиядан құрылды, оның әрқайсы-сында 501 адамнан болды, қалғаны запастағылар есебінде болды.
Бесжүздіктер кенесі. Бесжүздіктер кеңесінің кызметі. Бұл жоғарғы бас-қару органы болып саналды. Бесжүздіктер кеңесі қаржы жүйесінің бас-қару органы болды. Ол мемлекет қазынасына ақша қайдан түсетінін анық-тап, үкіметтің қарыздарын жинады, мүлігін сатты, азаматтарға жәрдем ақша берді. Бесжүздіктер кеңесінің басқаруында сонымен бірге теңіз әскери күш де болды.
Бесжүздіктер кеңесі ғибадатхананың, мерекелердің, кемелердің, қоғам-дык құрылыстардың қамын ойлады.
Бесжүздіктер кеңес қызмет тәртібі өте қызық. Әрбір аумақтық фила-дан сайланған 50 кеңес мүшесі жылдың 10 күнінде бір рет, барлығы 1 жылда 36 күн жүмыс істейтін. Бұл уақыт-притания, ал кеңес мүшелері притан деп аталды. 50 адам 36 күн үлкен базардың жанындағы дөңгелек үйде бірге тұрып, мемлекетті басқарған.
Гелиэй. Гелиэй - ант берушілер соты - ірі демократиялық мекеме еді.
Судьяларды жеребе бойынша бүкіл Афина азаматтары сайлайтын. Бар-
лығы 6000 судья сайланатын, олардың ант берген 5 мыңы 501 кісіден он
комиссия құрды. Ал бір мыңы қосалқы судьялар еді. Афина соты 10 ко-
миссияға бөлінді. Судьялар мен сот мекемелерінің саны осынша кеп
болуы олардың тек афины азаматтарына ғана емес, өзгелелерге де қыз-
мет етуіне байланысты еді. Мұнда Афинаның барлық одақтастары, бас-
қаша айтқанда, іс жүзінде Кіші Азия жағалауының, Оңтүстік Франция-
ның және Эгей теңізі аралдарының барлық тұрғындары дерлік сот
істерімен келуге тиісті еді. Гелиэйда бірде бір азамат озінің ісі қай комиссияда қаралатынын алдын ала білмейтін. Ол мұны сот болатын күні немесе мәжіліс басталардың алдында ғана білетін. Мұндай ереже сот қызметкерлері пара алмауы үшін қажет болды. Ертедегі кезде адвокаттар болмайтын. Сот қызметкерлері немесе айыпталушы шығып сойлейтін, сондай-ақ олар-дың туыстары да сойлей алатын. Сотга сейлейтін сөздерін оларға заңгер-лер жазып береді. Жазылған сөзді жаттап алып, жылдам әрі дүрыс айту шарт еді. Соттың мәжілісі ашық отті. Екі жақ дәлел келтіріп, біреуді куэлікке садды.
Құлдардың сотқа берген жауабы оларды тек қинағаннан кейін ғана дүрыс деп саналатын.
Халық жиналысы (Апелла) . Жасы 30-ға жеткен спарталық ер адамдар халық жиналысына қатысатын. Бұл жиналыс соғыс және бейбітшілік сияқты ірі мәселелерді шешетін. Бірақ ролі кемігеннен кейін ол геруси-яның жанындағы ақыл беретін кеңесші органы болып қалды. Халық жиналысында дауысқа салу болған жоқ, барлығы үсыну арқылы шешілетін. Бірнеше кісіні кішкентай бір үйге жауып қойып, қай сұраққа жүрттың айқайы қатты болды деп сұрайтын еді. Бұл жағдайда дауыстың кептігі анықталмаса, халықты екі жаққа бөлетін. Халық жиналысы қыз-мет адамдарын, әскери басшыны және туған балалары болмаған жағдай-да патшаны сайлайтын еді. Илоттарды босату жағдайында қарайтын. Спар-тадағы халық жиналысының басқа да көп ерекшеліктері болатын.
Эфорлар алкасы. VII ғасырдың екінші жартысында жаңа қызмет орга-ны пайда болды. Бұл эфорлар алқасы. Ол алқа 5 эфордан тұратын. Олар-ды жыл сайын Спартаның қауымы айқаймен сайлайтын. Алдымен эфор-лар патшалардың функциясын шектеу үшін пайда болған. Соңынан эфор-лардың маңызды функциясының бірі-конституцияның орындалуын по-лицияның қадағалауы үшін, яғни азаматтық сот герусиядан эфор алқасына берілді. Соғыс уақытында эфор алқасының екі мүшесі патшамен бірге соғысқа баратын. Айына бір рет патшадан занды дүрыс орындаймын деген ант алатын. Эфорлар периэктер мен илотгарды бақылайтын. Спарта азаматын эфор етіп сайлағанда ол криптия еткізуге тырысатын. Тек содан кейін езінің қызметіне кірісетін.
Герусия-кариялар кеңесі. Герусияға 2 патша және 60 жасқа толған 28 геронт кіреді. Геронттар халық жиналысында өмірлік сайланатын. Олар-ды да айқаймен сайлайтын. Герусия мемлекеттің жоғарғы кеңесі, жоғар-ғы соты және спартаның әдет құқығының сақтаушы органы болатын. Герусияның соты тек қана мемлекетке қарсы қылмысты және басқа қылмыстарды қарайтын болды. Азаматтың істерін герусия эфорлардың алқасына беріліп отырды.
ЕЖЕЛГІ РИМ
Римнін әлеуметтік құрылысы. Рим жергілікті патриархалдық қауымға жататын. Патрицийлер ру, курия және трибаларға бөлінетін. Рим үш три-баның одағы болатын. Бір курия он рудан. триба он курийден тұратын. 3 трибаның эрқайсысы жүз рудан, ал бүкіл кауымның халқы үш жүз рудан құралатын. Ру бірлестіктеріне кіретін азаматтар ез әскерлерін құратын, халык. жиналысына қатынасып, қауымның алғашкы мүшелері болып са-налатын. Алғашқы толық құқықты азамапықты тек патрицийлер иеленді.
Әрбір рудың аты болды. Рудың басшысы ақсақал кеңесіне, атап айт-қанда сот қызметін жүзеге асыратын санаға енді. Ең басында Рим қауымы
300 рудан тұргандықтан, ежелгі сенат 300 сенатордан тұрды. Сенат өмірлік көсемді сайлады. Патша Сенаггың терағасы болып, бүкіл қауым атынан қүдайға күрбандық берді және "легиондарды" басқарды. Ең маңызды мәселелер курияның, рудың халық жиналысында қойылып отыратын.
Патрицийлерге қарсы плебейлер күресінің ең ірі нәтижесі рулық-тай-палық қатынастардан күл иеленушілік мемлекет құруы болды. Плебей-лер-Рим аумағына кешіп келген адамдар. Олардың құқықтары шектел-ген болатын. Оларға патрицийлермен неке қиюға, жер сатып алуға, әс-керге қатысуға болмайтын. Өздерінің жағдайларын жақсарту үшін пле-бейлер патрицийлермен күресті. Плебейдін жеңісі ескі рулық құрылысты өзгертті де, оның орнына мемлекет құрылды. Мүның ішінде рулық аристократия мен плебей кешікпей мүлде жойылып кетті.
Сервий Тулий реформалары. Б. д. д. VII ғасырда Сервий Тулий патша Римде саяси және экономикалық реформа жүргізіп, плебейлердің жағ-дайын жаксартты. Ол плебейлерді халық жиналысына қатыстыратын бол-ды. Азаматгардың куриялары және ежелгі жиналысымен катар плебейлерді Рим жасағы қатарына да ресми жіберуге жол берген Сервий Тулийдің реформалары. Жауынгерлер центуриаттың комицияларын құрды. Жау-ынгерлер мүліктік белгілеріне сәйкес бес топқа болінетін. Байлық мөлшері асспен саналды. 1. 1 асс, 2. 75000 асс, 3. 5 асс, 4. 25000 асс, 5. 11000 асс. Одан кемі - пролетарийлер. Сонымен, бірінші топқа мүлігі 100 мың жез ассыларға бағаланған неғүрлым ауқатгы азаматгар жатқызылады. Олар толық қару-жарақтанған 18 атты және 80 жаяу әскер жүздігін беруге міндетті болды
Рим аристократиялық республикасы. Мемлекеттік құрылысы. Б. д. дейінгі У-УІ ғасырлар бойында патрицийлік аристократиялық республика кон-ституциясының бірте-бірте қалыптасып, даму процесі ерістеді. Б. д. д. 510 жылы Римде республика құрылды. Патшаның орнына 2 консулды сай-лайтын болды. Рим республикасының тарихы 500 жылдан асады. Бірақ Римде республика құрылғанымен, қоғамдық құрылыста айтарлықтай езгерістер бола қойған жоқ. Рим ерте республикалық кезенде полис, яғни, еркін құл иеленушілік сипатындағы азаматтық қауым болып қалды. Рим халқы егіншілікпен, мал шаруашылығымен шұғылданды. Римдіктер ас-тық дақылдарын, жүзім, зәйтүн егіп, өсірді, бақша шаруашылығымен шұғылданды. Диқандар темірді еңбек қаруы ретінде қолданды. Олар ірі және үсақ қара мал, шошқалар өсірді.
Б. д. д. У-ІІІ ғ. ғ. Рим мемлекеттік құрылысының түжырымдалу процесі жүрді. Мемлекеттік екімет органдары-халық жиналыстары, магистрату-ралар, Сенат болатын. Рим республикасының жоғарғы мемлекеттік орга-ны б. д. дейінгі 1 ғ. басына дейін 300 адамнан тұратын Сенат еді. Сенатор-ларды цензорлар тағайындайтын. Сенаторлардың көбі өмір бойына сена-тор болып калды. Кез келген адам сенатор бола алмайтын. Ақсүйек ру-дан шыққан, жасы 60-қа толған, әуелі диктатор, консул яғни, претор болып істеген адам ғана бұл лауазымға сайлана алатын.
Рим империясы. Рим республикасының әскери жүйесі б. д. дейінгі IV ғасырда қауымның көршілес халық топтарымен үздіксіз соғыстары жағ-дайларында қалыптасты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz