Я. А. Коменский - Еуропа педагогикасының негізін салушы


Я. А. Коменский - еуропа педагогикасының негізін салушы
Ян Амос Коменский 28-наурызда, 1592 жылы Морави қаласында дүниеге келді. Германияда білім алып, 24 жасында ол туыстар обшинасының дін қызметшісі міндетін атқарды. 1618 жылы Коменский 240 километрге орналасқан Праганың ығысындағы Фульпскеге келді. Сол жылдары Еуропада протестантизмге қарсы күш - католиктік контирреформация құрылды. 10 жылдық соғыстан кейін Римдік католиктік дін Моравияда заңды түрде жеңіп билік алды. Жоғары сославия өкілдері Коменскийге соған мүше болып кіру немесе отанын тастап кету ұйғарылған. Коменский соның әсерінен жер аударылып, отбасымен бірге Лешноға келді. Бұл Польшаның белгілі Обшиналық орталығы болатын. Осыдан бастап, ол қуғын көріп 42 жыл бойы айдауда жүрді. Отанына қайтып орала алмады. (1656 жылы Лешнода оның қолжазбаларын өртеді. Бұл жылдары ол бала-шағасынан айрылды. Өмірінің соңғы кезін ол Амстердамда өткізді. Голландия да ол өзінің көптеген еңбектерін шығаруға мүмкіндік алды. 1657 жылы латын тілінде "Ұлы дидактика" басылды. Я. А. Коменский өмірінің соңғы төрт жылы ішінде -"Адам ісін түзетудің бүкілжалпылық Кеңесі" атты еңбегін жариялады.
XVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып бөлініп шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогі Я. А. Коменскийдің (1592-1670) беделі және еңбектерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап Коменскийдің теориялық ой-пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүниежүзілік аренаға шығып педагогикаға әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық формацияның үстемдік етіп тұрған кезі болатын, ол соған соқтығысып өзінің философ-гуманист, қоғам-қайраткері, аса көрнекті педагог екенін таныта білді.
XVII ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінген Коменский Еуропадағы оқу-ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналыса бастады. Ол оқудың жаңа әдістері мен әдістемелігінің қажеттілігін айтып, білім беру жүйесінің, оқудың прогрессивтік жүйесін - оның барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті болуын, өзіне мақсат етіп қойды. Оның дәлелдеуінше - "Балаларды оқыу қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық ұғымдардан күрделіге көшіп отыру педагогикалық талаптардың негізі деп көрсетті. Коменский бастауыш оқуды ана тілінде (тек латын тілінде емес) жүргізуді ұсынды.
Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқудың ең басты міндеті - деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған педагог "Адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады", "Адам болу үшін ол білім алуы тиіс", "Білімділер нағыз адам" - деді. "Ілім - нравтылықтың спутнигі" - деді педагог. Оның жүйесінің негізі - ақыл-ой, нравтық, діни тәрбиені жүзеге асыру. Оның айтуынша, ақыл-ой тәрбиесі ақылды еңбектің жемісі. Коменский білім алу тек жастардың ғана міндеті емес, барлық адам оқуы, үйренуі қажет - деді.
Коменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты балаларға өмірдің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны бүкіл Еуропаға және жер жүзіне танытгы. Ол іс жүзінде оқуды ғылымға айналдырды. Оның педагогикалық әдістері революциялық маңыз алды. Оқуды түбегейлі өзгертті. Коменский педагогика тарихында аса көрнекті орын алды. Оны ғылыми, теориялық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның принциптері, әдістері мен әдістемеліктері, оқыту формалары, мысалы, сынып-сабақ жүйесі - педагогиканың теориялық негізі болып сақталып қалды.
Оқытудың жаңа әдісінің қажеттілігі. Коменский дәуірінде мектепте білім беру жүйесі бытыраңқылық күйде болды. Мысалы, ер балалар ғана білім алуға құқықты болды. Алайда кедей отбасының балалары мектепке қабылданбады. Сабақтарда латын әрпімен балалардың басын қатырды. Орта ғасырда көптеген мектептер Католиктік шіркеудің бақылауында болды. Шіркеудің қызмсті латын тілінде жүргізілді. Мақсат мектепті латын тілінде оқитын дін иелерінің орнын толтыру еді. Педагогтар оқыту мақсаты меп міндетін ешбір ойламады. Жайдан күрделіге кешу ешкімнің есіне келмеді. Тәртіп қатаң болды. Мектептердегі нравтық климат -ұрып, соғу мақсатын көздеді.
Бұл дәуірдегі мектепті Шотландия ағартушысы Саймон Лори - "Ешбір ойластырылмаған", "Ешбір қызықтырмайтын" деп атады. Ал, Коменский оданда ауыр етіп "Ақыл соғысы" - деп атады. Коменскийдің педагогика туралы алғашқы еңбегі 1630 жылы отбасында тәрбиелейтін аналар мен бала күтетін адамдарға арналады. 1631 жылы "Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі" атты еңбегі жарық керді. Бұл латын тіліндегі оқуға революциялық дәстүрде соққы берген еңбек болды. Кітапта екі колоннаға бөлінген - Чех тілі мен латын тілін салыстыра оқытудың мән-жайы түсіндірілді. Еңбекте латынша оқытудың кемшіліктерін баса көрсетті. Бұл кітаптың құндылығы сонда, ол 16 елдің тіліне аударылды.
Коменскийдің көпке, оқушылар қауымына таныс жұмыстарының бірі - "Картинада бейнеленген әлем заттарының көрінісі" атты еңбегі. Бұл жасөспірімдерге арналған еді. XX ғасырда педагогика профессоры Элвуд Кабберли былай деді. "Бұл кітап Еуропада бастауыш оқуда 150 жыл орнына 200 жыл пайдаланылды, бұған теңдес кітаптың болмағанының куәсі" - деп жазды. Қазіргі кітаптар мен оқулықтар Коменский еңбектері негізінде иллюстрацияланып жарық көруде. 1657 жылы Коменский латын тілінде "Ұлы дидактика" атты еңбегін жариялады. Бұл кітап, оны дүние жүзіне танытты. Кітап Коменскийдің педагогакалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды.
Я. А. Коменскийдің кейбір педагогикалық принциптері:
Мұғалім материалының көлемі. "Мұғалім материалды қанша, білгенінше үйретуі қажет емес, оны оқушылардың меңгергенінше үйретуі тиіс" - деп көрсетті.
Оқыту әдістері. "Барлық уақытта практикалық, әр кезде қызығатын тартымды, осының нәтижесінде мектепте шын мәнінде өмірдің барлық үлгілерін көрсетіп тамаша шығармашылық өнер - бастауы болуы тиіс".
"Жақсы оқу - біреуге жай ғана көмек сияқты болмауы керек, ол аса бір ғанибеттілікпен шын мәнінде білімді меңгеру" - деді Коменский.
"Қабілетті мұғалім деп соларды ғана атауға болады, кім - өте шыдамдылықпен балаға білім бүлағын егетін, қиыншылықпен оны жеңе білетін адамды айтамыз" (Коменский Я. А. )
"Оқыту жай ғана көрсету емес: бір заттың пайдаланатын орнына байланысты, екінші заттан айырмашылығын, формасын, шығу тегін т. б. кім жақсы айыра, талдай білсе, сол ғана жақсы оқыта алады" (Коменский Я. А. ) . Логикалық байланыстар. Мағынасыз нәрсені қанша айтқанда, түсіне алмайсың, бағалай да алмайсың, дәлірек айтсақ, оны еске түсіруде мүмкін емес" (Коменский Я. А. )
"Бір бөлшегі жоқ дүние - түсініксізде, материалды талдай да алмайсың, алайда оны есіңе де түсіре алмайсың" (Коменский Я. А. ) Түсіну. "Түсіну көп жағдайда адамдар арасындағы ұғынысқа және қарым-қатынасқа байланысы. Неге, ол кіммен, немен байланысты, қандай жағдайда, қалай бірінен-бірінің айырмашылығы, ұқсастығы неде?
"Өте жақсы айтылған, алғаш peт біз мәтінді оқуымыз қажет, демек, оның мазмұнымен танысу үшін, екінші рет - оны түсіну үшін, үшінші рет оны өзінің есінде жаңғырту үшін, төртінші рет біз оны өзімізше қайталауымыз қажет, мақсат оны қалай игергенімізде".
"Оқудың негізгі айнала затты және құбылысты таным процесімен байланыстыру, басқалар байқағанда және зат туралы куәлікті жаттаудың қажеті жоқ". "Құлақ көру мен сөзді байланыстырады - қолмен де жалғастырады". Үйрену сыртқы сезім мен ақылдың ара-қатынасын айқындайды". Коменский мектепке ана тілін кеңінен ендіру және оны дамыту жолында қажымас күрес жүргізді. Басқа тілді меңгеру сол ана тілінің көмегімен жүруге тиіс деген пікір ұсынды: "Алдымен, әрине, ана тілі, содан кейінгі ана тілінің орнына жүретін, атап айтқанда, көрші халықтың тілі" (Ұлы дидактика", XXIX тарау), - деді.
Оқыту теориясы. Коменский өзінің тамаша шығармасы "Ұлы дидактиканы" барлық халық жастарын бүкіл білім салаларына жаңа жолмен оңай және ұғымды етіп оқыту үшін жазды, онда өзінің алдына оқытудың жолын жаңа негізге салу мақсатын қойды. "Ұлы дидактиканың" мұқабасындағы толық аты бұл әйгілі еңбектің мақсаты мен мазмұнын түгелдей ашып берді. Коменский мектеп үшін жалпы бағдарламалар, оқулықтар, оқыту әдістерін жасап шығару ісін ең негізгі міндет деп санады.
"Жұрттың бәрін қалайша арнаулы бір кітаптан оқытуға болар еді" деген сұраққа ол әр ғылым мен өнер-білім саласы бойынша оқу кітаптары болу керек деп жауап берді. Ол оқулықтарға қойылатын талаптар арқылы дидактика мәселелерін анықтады. "Мұнда кітаптарды жеңілдік, тиянақтылық және ықшамдылық жөніндегі принциптерімізге сәйкес барлық мектептерге арнап шығару керек; олардың баяндалуы толық, негізді және дол, яғни бүкіл дүние жүзінің дәл суреті сияқты болуға тиіс. Менің айрықша тілейтінім, талап ететінім мынау ғана: ол кітаптар түсінікті және жеңіл тілмен жазылып, оны пайдаланған шәкірттер барлығын, тіпті мұғалімнің көмегінсіз-ақ, өздері түсінетіндей дәрежеге көтерілетін болсын".
"Ұлы дидактика" төмендегідей 4 дидактикалық сүраққа жауап берілді:
1. Қалай жақсы оқытып, тәуір оқуға болады.
2. Оқыту мен оқудың жеңілдігі.
3. Оқыту мен оқудың негізділігі.
4. Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері.
Коменскийдің өз кезіндегі білім беру жүйесін, схоластикалық мектепті әр жақты және дәлелді сынға алуының қоғамдық зор мәні болды.
Тәрбие мен білім берудің маңызы. Тәрбиенің басты принципі.
Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрылысына мектептің жаңа түрі жөніндегі идеяны қарсы қойды. "Ұлы дидактиканың" негізгі тарауларында Коменский реалистік позицияда екендігін, педагогиканың маңызды мәселелерін шешуді өмір тілегіне, өз қоғамының демократиялық топтарының мұқтажына бағындыратынын көрсетті. Ол өмірге пайдалы, іске қажетті білімдерді оқытуды талап етеді. Сондықтан мектептің мақсаты - ақылды адамды тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы, - деді Коменский, - жас жеткіншектерге тәрбие және білім беру. Оның ойынша, адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады, Коменский тәрбиенің ықпал ету күшін осылай көре білді. "Адам болу үшін ол білім алуы тиіс". "Білімділер нағыз адам . . . " - деді.
Бүкіл тәрбие ісі Коменскийге табиғатқа тән, жалпы заңдылықтарға сәйкес болуға тиіс. Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде алып қарап, тәрбие ісін адамның табиғатына сәйкес, оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін дамытуға бағыттап жүргізу керек деп кеңес берді. Осы талап оның бүкіл педагогикалық іліміне енді және мұны ол тәрбие мен оқытудың жалпы принципі ретінде санады. Кейіннен Коменский анықтаған бұл идея педагогикада "табиғатқа сәйкестік принцип деп аталады. Коменский адам өзінің жетілуінде жалпы табиғатқа қатынасты заңдарға тәуелді деп есептеді, осыған сәйкес құрылатын тәрбиенің білімінің және оқьггудың жалпы принциптерін іздестірді. "Табиғатқа сәйкестілік принципі" оқудағы схоластика мен догматизмге қарсы күресте мәнді болды. Ол құрғақ жаттау оның мүмкіншіліктеріне сөйкесті болуын талап етті.
Мектеп оқуының жүйесі. Ол адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отыра, бір-бірімен байланысты құрылған оқудың 4 сатылы кезеңін, осыларға сай 4 түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды.
1) Баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде - "Ана мектебі".
2) 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар үшін әрбір қауымда "Ана тілі" мектебі.
3) 12-ден 18 жастағы жастар үшін - әрбір қалада латын мектебі (гимназия)
4) 18-ден 24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болу керек деді.
Жаңашылдар тәжірибелерінің педагогикалық негізгі ой-пікірлері
Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сергек өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстардың барысын идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігі мен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, ұжыммен педагогикалық ынтымақтастық орнатуға бейімділігі бар, шығармашылық еңбек ететін маман болуы керек. Жаңашыл ұстаздардың іс-тәжірибесіндегі бәріне ортақ табыс кілті болған жағдайлар: мұғалім - зерттеуші, озық тәжірибені үйренуші өз еңбегінің нәтижесіне талдау жасаушы, тәжірибесін жинақтаушы болғандығында.
Өзіндік педагогикалық идея және ұстаздық шеберлік өз-өзінен тумайды. Ондаған жылдар ішінде еңбектің, тынбастан жүргізілген жұмыстың, педагогикалық байқаудың, тәжірибенің, теориялық білімнің нәтижесінде айқындалады. Әр мұғалімнің педагогикалық процестің заңдылығына сүйене отырып, өзіндік жеке шығармашылық дараланған тәжірибесі жинақталады.
Шығармашылық жолда еңбек ететін барлық мұғалімдерге ортақ педагогикалық идеялар мыналар:
- ынтымақтастық педагогиканы жүзеге асыру идеясы;
- әрбір жеке оқушының ішкі жан дүниесін білу арқылы тығыз қарым-қатынаста болу идеясы;
- тұтас педагогикалық процесті гуманитарландыру, демократияландыру идеясы;
-қиын әрі күрделі мақсаттарды алдын-ала білу идеясы;
-тірек сигналдар арқылы оқушыларды шығармашылық ізденіске үйрету идеясы;
- оқушылардың білім алуында және оны бағалауда еріктілік принциптерін жүзеге асыру идеясы;
- оқу материалын оқу барысында бағдарламадан озып отыру идеясы;
- ірі блоктар идеясы;
- оқушыларды өздерінің білімдеріне, жұмыстарына талдау жасауға және бағалай білуіге үйрету идеясы;
-сынып оқушыларының интеллектуалдық дәрежесін жетілдіру идеясы;
- ұжымдық шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру идеясы; -шығармашылық өнімді еңбекті ұйымдастыру идеясы;
- әp жастағы балалар ұжымдық бір-бірімен ынтымақтастығы және өзін-өзі басқару идеясы;
- мұғалімдер ұжыммен, ата-аналармен және бүкіл жұртшылықпен ынтымақта болу идеясы;
-баланың жалпы жетілуіне, білім алу қабілетіне сеніммен қарау, оқу еңбегі бала үшін азап болмай қуанышты, көңілді ерікті дәрежеге жеткізу идеясы;
- қазіргі уақыттың әлеуметтік парызын орындауда мектеп пен қоғамның тығыз байланысын жүзеге асыру идеясы;
Жаңашыл педагогтар және олардың идеялары мен тәжірибелері.
Қазіргі уақыттың алға қойып отырған білім беру мен тәрбие жұмысының сапасын арттыру міндеттерін түбегейлі орындауға бетбұрыс жасап жатқан шығармашылық еңбек ететін жаңашыл мұғалімдер арамызда баршылық.
Нұрғалиев Құмаш (1925-1988) өмірбаяны және ұстаздық қызметі
Нұрғалиев Қ. Н. 1925 жылы қазан айының 29-жұлдызында Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында дүниеге келген. Шыңғыстай мектебінің сегізінші класын бітіріп, еңбекке араласады. 19 жасында ұлы Отан соғысы майданына аттанған. 1944 жылы ауыр жараланып, екі аяғы, бір қолынан айырылады. Москва госпиталында екі жыл емделіп, он екі операциядан өткен. Сол госпитальда емделген жылдарында сегізінші, тоғызыншы, оныншы сыныптар емтихандарын "экстерно" тапсырып, орта білім туралы аттестат алады. Сонымен қатар бухгалтерлік курсты сырттай оқып бітіреді. Ауылға оралған бойда бірінші топтағы мүгедектігіне қарамастан, еңбек жолын орыс тілі пәнінен сабақ беруден Қазақтың Абай атындағы педагогика институтының тарих факультетін сырттай оқып бітіреді. Боран орта мектебінде отыз жылдан астам уақыт үздіксіз директор қызметін атқарады. Қ. Н. Нұрғалиевтың жауынгерлік ерлігі мен халыққа сіңірген еңбегі жоғары үкімет наградалары Әскери қызыл Ту, Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бес медальмен марапатталды. Құмаш Нұрғалиұлы 1948 жылдан СОКП мүшесі, ССРО Халық мұғалімі және Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі.
Қ. Н. Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибелері. Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздардың ордасына айналдыру идеясы. Озық тәжірибенің лабораториясына жеткізу идеясы. Үнемі жаңалыққа, жаңаруға ұмтылуды нысанаға алу; жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жасалуын ойлау идеясы. Мектепті толық компьтерлендіру және спутник жүйеде "қашықтан оқыту" идеясы.
Жаңашыл ұстаздың жеке басына тән қасиеттері. Қ. Н. Нұрғалиевтің жеке басының ерен ерлігі, ерік күшінің молдығы, қызметіне деген жауапкершілігі, жұмысқа берілгендігі, турашылдығы, өз пәнін жақсы білумен қатар, әр кез білімін көтеруге құлшынғыштығы, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, жоғары идеялылығы, адамгершілік қасиеті, педагогтік ізденімпаздығы, творчестволық еңбегі Боран мектебін еліміздің таңдаулы мектептері қатарына қосуға жәрдем етті.
Соңғы жылдары мектепке Қ. Нұрғалиевтің есімі берілді. Қазір ол мектеп-гимназия 800 жуық оқушысы бар. Мектеп жайындағы оқу-өндірістік комплексінде 9-10 кластағылар екі жыл ішінде шоферлік, тракторшылық, электрик мамандықтарын алып шығады. Мектептің бүкіл оқу-тәрбие жұмысы техникалық құралдарды қолдануға негізделген. Барлық қырық пән кабинеттерінің техникалық орталығы Республикамызда тұңғыш peт осы мектепте жасалған. Теледидарлық орталығы - телестудиясы бар. Мектеп оқу жүйесінің жаңа концепциясына сәйкес білім мен еңбек тәрбиесін ұштастыруда аса мол тәжірибе жинақтаған. Жыл сайын мектеп бітірушілердің дені ұжым өндірісінде қалады. Мектептін еңбек қажетін түгелдей оқушылардың өздеріне тапсырған (жөндеу, көгалдандыру т. б. ) .
Мектеп директоры Қ. Н. Нұрғалиев: "Мектепті алға бастыруды анық ойласақ, істі кадрдан бастауымыз қажет. Саяси-идеялық тәрбие беру деген келешектің адамын қалыптастыру, еңбекке баулу, адамгершілікті дарыту - мұның бәрі сегіз қырлы, бір сырлы дейтін мұғалімдердің ғана қолдарынан келетінін үнемі ескертіп отыруды жақсы ұстаз бен жас шәкірт арасында мәңгі үзілмес алтын желі тартылады. Ол - мұғалімнің оқушыға сенуі, оқушының мұғалімді сүюі", - деп оқу-тәрбие процесінің гуманитарландыру идеясын қолдаған.
Заманымыздың ұлы ағартушыларының еңбегінен нәр алған, халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері, елінің адал перзенті Қ. Нұрғалиевтің 40 жылдық еңбегі бүгінгі ұрпаққа қалдырған педагогикалық ұстаздық мұрасы.
Бұл мектепті баласы Талант Құмашұлы басқарады. Бұл күнде әкесінің авторлық мектебін - Республиканың білім беру заңына толық сай келетін алдыңғы қатарлы мектепке айналдырып отыр.
Р. Б. Нұртазинаның негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибелері.
Педагогтік еңбектің мәнін және ерекшелігін түсіну, мамандықтың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру идеясы.
Мұғалімнің үнемі ізденуі, зерттеуші болуы. Педагогикалық ғылымның жетістіктерін, заңдылықтарын, әдебиеттерін оқып үйрену, диалектикалық ойлаумен қорытынды шығара білу идеясы. Мұғалім үшін табиғи байлық адамға ізгілікті ықпал жасай білуді меңгеруі идеясы.
Әр балаға бақыт сыйлау идеясы. Педагогикалық процесте пәнаралық байланыс негізінде творчестволықпен оқыту идеясын жүзеге асыру. Сабақта енжарлыққа жол бермеу идеясы. Әрбір сабақты оқушы мен мұғалімнің рухани қатынасының қуаныш көзіне айналдыру идеясы. Ол үшін сабақ қаншама қайталанса да, жаңалығы мен мұғалімнің өзінде де, оқушыны да таңдандыратындай болуы тиіс.
Мұғалім әр балаға қайталанбайтын жеке адам деп, сеніммен, мейіріммен қараса, мектеп директоры да әр шәкіртіне әріптес ұстаздарына парасатты қатынаста болу идеясы негізінде оқу- тәрбие процесін ұйымдастыру;
Тіл - барлық халық үшін ұлттық мәдениеттің ошағы болуын насихаттау идеясын елімізде жүріп жатқан қайта құру жағдайында жүзеге асыру;
"Адам білімді - ана тілінде алған жөн", - деген К. Д. Ушинскийдің аталы өсиетін бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесінде қолдану идеясы.
Абай, Шоқан, Ыбырайдың өз ана тілдерін жоғары бағалап оның мөлдір бастауынан сусындап дүниежүзілік мәдениетке қол жеткізгенін үлгі ету идеясы.
Miнe, осылай, Рафиха Бекенқызы өзінің шығармашылық зертханасын мектептің алдында тұрған идеялық-саяси, әлеуметтік талаптарына сай ғылыми педагогикалық-психологиялық және методикалық негізде құрды. Орыс тілін ұлт мектептерінде оқытудың жинақталған тәжірибелеріне талдау жасады.
Оқыту процесінде оқушылардың таным белсенділігін арттыру, оларды өздігінен іс-әрекет жасауға ынталандыру, орыс тілін еркін сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету мақсатында сабақтың оқу материалына байланысты дидактикалық құралдар дайындау ұстаздың өзіндік шеберлігі еді. Әр класқа әр тақырып бойынша әдеби ойындар, әңгімелер, мақал-мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, суреттер, кестелер, таблицалар, техникалық оқу құралдары ұзақ ұстаздық еңбек жылдарында жинақталды. Нұртазинаның
бұл тәжірибесі Республикалық конференцияларда талқыланды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz