Кеңестік дәуірдегі дамуына орыс тілінің тигізген әсері



1920—30 жылдар — әдеби тіліміздің қаурыт дами бастаған кезі. Бұл аралық — бүгінде әбден қалыптасқан көптеген терминдердің түрлі формада көріне бастаған шағы. Өйткені қазіргі терминдер бірден қалыптаса қалған жоқ. Сол дәуірде орыс тіліндегі атаулардың баламасы ретінде алынған бірсыпыра терминдер былайғы жерде сіңбей, қолданыла келе шығып қалып та жатты. Авторлар орыс тіліндегі терминдердің қай-қайсысының да қазақша баламасын табуға тырысты. Бұл, әрине, функционалдық стильдердің енді-енді қалыптаса бастаған кезеңі үшін белгілі шамада орынды да құбылыс еді. Тіпті тәжірибе тұрғысынан алсақ та едәуір септігі тиді.
Осы кезеңдегі шығармалардағы әр алуан терминдер, орыс тіліндегі ұғымдарды қазақша беру нәтижесінде туған жаңа сөз орамдары, атаулар, аударылмай тіпті сол күйі алынған орыс сөздерінің қолданылуы зерттеліп отырған кезеңдегі әдеби тілдің жалпы даму дәрежесін, ондағы стильдік құбылыстардың да бірте-бірте кемелдене бастағандығын көрсетеді. Әрине, бұл тәрізді терминдерді, орыс тіліндегі кейбір атауларды, жеке ұғымдарды қазақшаға аударып алу процесінде кездесетін соны тіркестерді, жаңа мағыналы лексемаларды автордың немесе оның шығармасының стильдік ерекшелігін, көркемдік бояуын ашып тұрған фактор ретінде қарауға болмайды. Өйткені бұл ерекшеліктер тек осы кезеңдегі шығармаларда кездесе бермейді. Олардың көпшілігі зерттеліп отырған кезеңдегі жалпы баспа тілінде, сондай-ақ оқулықтар мен басқа да түрлі еңбектерде көріне бастайды. Жеке сөздерге байланысты мұндай ерекшеліктерді әдетте әдеби тілдің дамуының көркем әдебиеттегі көрініс ыңғайында талдайтынымыз осы себепті.
Тілімізге сол кезде ене бастаған қазақша жаңа баламалар терминнің негізгі мағынасын мүмкін болғанша дәл беретіндей етіліп алынған. 1920—30 жылдарда әдеби тіліміздің лексикасында көптеген өзгерістер болғандығы тек осы тұстағы кітаптар мен функционалдық (кеңсе, публицистикалық, ғылми т. б.) стильдерден ғана емес, сондай-ақ осы дәуірдегі көркем шығармалар тілінен айрықша байқалады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Кеңестік дәуірдегі дамуына орыс тілінің тигізген әсері.

1920—30 жылдар — әдеби тіліміздің қаурыт дами бастаған кезі. Бұл
аралық — бүгінде әбден қалыптасқан көптеген терминдердің түрлі формада
көріне бастаған шағы. Өйткені қазіргі терминдер бірден қалыптаса қалған
жоқ. Сол дәуірде орыс тіліндегі атаулардың баламасы ретінде алынған
бірсыпыра терминдер былайғы жерде сіңбей, қолданыла келе шығып қалып та
жатты. Авторлар орыс тіліндегі терминдердің қай-қайсысының да қазақша
баламасын табуға тырысты. Бұл, әрине, функционалдық стильдердің енді-енді
қалыптаса бастаған кезеңі үшін белгілі шамада орынды да құбылыс еді. Тіпті
тәжірибе тұрғысынан алсақ та едәуір септігі тиді.
Осы кезеңдегі шығармалардағы әр алуан терминдер, орыс тіліндегі
ұғымдарды қазақша беру нәтижесінде туған жаңа сөз орамдары, атаулар,
аударылмай тіпті сол күйі алынған орыс сөздерінің қолданылуы зерттеліп
отырған кезеңдегі әдеби тілдің жалпы даму дәрежесін, ондағы стильдік
құбылыстардың да бірте-бірте кемелдене бастағандығын көрсетеді. Әрине, бұл
тәрізді терминдерді, орыс тіліндегі кейбір атауларды, жеке ұғымдарды
қазақшаға аударып алу процесінде кездесетін соны тіркестерді, жаңа мағыналы
лексемаларды автордың немесе оның шығармасының стильдік ерекшелігін,
көркемдік бояуын ашып тұрған фактор ретінде қарауға болмайды. Өйткені бұл
ерекшеліктер тек осы кезеңдегі шығармаларда кездесе бермейді. Олардың
көпшілігі зерттеліп отырған кезеңдегі жалпы баспа тілінде, сондай-ақ
оқулықтар мен басқа да түрлі еңбектерде көріне бастайды. Жеке сөздерге
байланысты мұндай ерекшеліктерді әдетте әдеби тілдің дамуының көркем
әдебиеттегі көрініс ыңғайында талдайтынымыз осы себепті.
Тілімізге сол кезде ене бастаған қазақша жаңа баламалар терминнің
негізгі мағынасын мүмкін болғанша дәл беретіндей етіліп алынған. 1920—30
жылдарда әдеби тіліміздің лексикасында көптеген өзгерістер болғандығы тек
осы тұстағы кітаптар мен функционалдық (кеңсе, публицистикалық, ғылми т.
б.) стильдерден ғана емес, сондай-ақ осы дәуірдегі көркем шығармалар
тілінен айрықша байқалады. Рас, бұл ретте орыс тіліндегі жеке сөз
орамдарының, терминдік атаулардың аудармасы кейде жалпылама түсіндіру
ыңғайында (описательно) екі не үш-төрт сөзбен де келіп отырады. Бірақ орыс
тілінен енген жаңа атаулар мен терминдерді авторлардың көбінесе қазақша
аударып беруге тырысуы, түсіндірме түрде (описательно) бірнеше сөзбен
аударып отыруы — сол дәуірдегі жалпы оқушы қауымның ұғымына лайық,
түсініктілік үшін жасалған тәсіл.
1920—30 жылдардағы шығармалардың тілінен аңғарылатын лексикалық
ерекшеліктер жалпы құрамы жөнінен әр түрлі.
1920—30 жылдардағы жалпы әдеби тілде термин ретінде қалыптаса бастаған
бірсыпыра жаңа сөздер кездеседі. Мысалы, орыс тіліндегі общественный
обвинитель термині қазіргі тілімізде қоғамдық айыптаушы делініп жүр. Сондай-
ақ осы күні әбден орныққан қоғам жұмысы термині де сол орыс тіліндегі
общественная работа тіркесінің қазақша баламасы ретінде сіңісті. Бірақ орыс
тіліндегі бұл екі ұғымның да 1920—30 жылдардағы аудармасы бұдан гөрі
өзгешелеу екендігі байқалады. Өйткені зерттеліп отырған жиырма жылдағы
кейбір көркем шығармаларда общественный обвинитель, общественная работа
атаулары әлеумет айыптаушысы, әлеумет жұмысы болып аударылыпты.
Өкіл, Ермұқамбет ұлы, әлеумет айыптаушысы болып шығып, тап тартысының
маңызын Ащы өзек еліне екінші рет түсіндіріп өтті (Сот алдында); Әлеумет
жумысына араласып, қатардағы іскердің бірі болып жүрген әйелдерге шын
жолдас деп ңарайды (Азамат Азаматыш); кеңсеге барғанын, кеңседен
қайтқанын, мекеме бастығының өзін мақтайтынын,әлеумет жұмысына көп
араласатындығын... тағы тағыларды айтып... (сонда);
Міне, бұл мысалдарға қарағанда, әлеумет сөзінің қоғам деген мағынада
қолданылғандығын көреміз. Жекелеген шығармаларда ол тек жұмыс сөзімен емес,
ісі, тарих, күрес сөздерімен де тіркесе жұмсалады. Бұл ретте әлеумет сөзіне
кейде шілік-қосымшасы жалғанып та айтылады. Бірақ оның мұндай формада
қолданылуынан мағьшалық өзгеріс байқалмайды. Рас, ісі лексемасымен тіркесіп
жүмсалғанда ол общественная работа терминінен гөрі кейбір контексте
общественные дела, социалъный вопрос тәрізді сөз орамдарымен мағыналас
келетін сияқты.
Қазақ комитеттерінің көбінің-ақ саяси жолы, әлеумепгтік ісі, біздің
Ақмоланың обылыстыщ комитеттерінен өзгеше емес (Тар жол, тайғақ кешу);
длеумепг ісгперіне, саясат істеріне қатынаса бастаған көрінеді (сонда);
Әлеумет тарихына қарағанда, 1917—18 жылғы саяси күрестің зор майданындай,
ұлы дүбірлерде, оқыған адамдардың, саясат, әлеумеш күресіне қатысқандарының
бәрі де, сол заманында шығып тұрған газет, жорналдардың айналасына
жиналмақ. Егерде әлеуметп ісіне қатысқандар маңайындағы газет, журналдың
бағытына риза болмаса, өздері бөлек газет, журнал шығарып майданға шықпақ
(сонда).
Осы келтірілген үзінділерде әсіресе әлеумет (күресіне) деген сөз орамы
общественный терминінің мағынасынан гөрі социальный терминінің мағынасына
көбірек келіңкірейді. Осы мағына сондай-ақ мына бір сөйлемнен де
аңғарылады. Мұнда тіпті социолог термині әлеуметшіл түрінде берілген.
Онсоң, біз кеп сырларын білмейтін, бірақ үлкен әлеуметшіл Патракейіп
деген ерлі-байлы кісілер бар еді (Тар жол, тайғақ кешу).
Орыс тіліндегі бірсыпыра терминдердің, кейбір интернационалдық
атаулардың да түркі тілдеріне жалпы баламасыз-ақ, әуелгі нұсқасында еніп
кеткені мәлім. Мысалы, орыс тіліндегі станция (разъезд), президиум тәрізді
жекелеген терминдер қазіргі қазақ әдеби тілінде осылай аударылмай, формалық
жағынан да олар өзгеріссіз қалыптасты. Ал 1920—30 жылдардағы кейбір
шығармаларда бұлардың қазақ тіліндегі баламасын табуға тырысқандық
аңғарылады. Мысалы, станция (разъезд) — бекет түрінде, президиум термині
басщарма болып аударылған.
От арба екінші бір тоқтаған бекепггпе жолдастар түсіп жүгіріп әзге
вагондардан іздеді (Сейфуллин); Бұлар басқармаға таяу отырған... Ақша салық
әңгімесін басқарма қайта қозғады (сонда). Соңғы екі сөйлемге қарағанда,
1920—30 жылдардағы кейбір шығармаларда басқарма атауының правление сөзінің
де, сондай-ақ президиум термині ретінде жұмсалғандығын көреміз.
Қазақша балама тауып қолдану дағдысы тек осы екі сөзге ғана қатысты
емес, басқа да кейбір термин мен жекелеген жаңа атаулар осылай аударылып
беріледі. Мысалы, қазіргі әдеби тілімізде революция, революционер, гектар
тәрізді ұғымдар да аударылып қолданылған. Бұларға 1920—30 жылдардағы көркем
әдебиетте алынған балама сөздер мынадай:
Гирасимып шақтыда тек азуын жасырған арыстан есебінде жұмыс істейді.
Аңырындап жұмысшыларды тпөңкеріске баулиды (Жансүгіров); Елу шашты
төңкерісшіл азаматтың тағдыры осылардың қолында (Сейфуллин); Шолпан
төңкеріске шейін ауылдағы мұғалімнен оқып жақсы хат танып қалды (Пәрида);
Онда төңкерісшілердің жасырын ұйымы... (Жомартбаев); Бірлі-жарымды жер
егіні тәуір болып шығып... (Әуезов); Он жеріміз бір жерге тұрмады ма
(Мүсірепов);
1920—30 жылдардағы көркем шығармалардың тілінен сөз мағынасына,
терминдік формаға, тіркес түріндегі атауларға, жалпы стиль мәселесіне
байланысты алып қарағанда, мына ерекшеліктер айрықша көңіл аударады.
Мысалы, үзіліс, қонақ үй, нұсқау, газет жаздырып алушы (газетке жазылушы),
тұтқын, ұйым, дүние жүзілік соғыс, Мұзды мұхит, сайлау ережесі, кеңейтілген
мәжіліс, темір жол, тізім, щоймашы, социалистік көмек, көркем өнер
үйірмесіне қатысушылар (әуесқойлар), еңбек ері, ауыл шаруашылық көрмесі,
тергеуші, үзіліс сияқты терминдердің көпшілігі қазіргі әдеби тілімізге орыс
тілі арқылы, яғни ондағы жеке атауларды, жаңа ұғымдарды аудару процесіне
байланысты енді. Шын мәнінде осылардың қай-қайсысын алсақ та 1920—30
жылдардағы көркем әңгімелерде, романдарда, повестерде, поэзияда бүгінгіден
басқалау. Осы кезде әбден қалыптасып кеткен қонақүй термині ол түстағы кей
шығармада керуен сарай делініп, ал социалистік көмек тіркесі (бұл терминді
қазірде қолданылмайды десе де болады) социалдық көмек болып жұмсалған.
Демек, жоғарыдағы терминдердің, түрлі атаулардың 1920—30 жылдардағыдан
айырмашылығын екі тұрғыда қарауға болады. Біріншіден, орыс тіліндегі
белгілі бір терминдердің 1920—30 жылдардағы қазақша баламасы мен бүгінгі
әдеби тіліміздегі баламасының арасындағы айырмашылық бірде жеке сөздерге
байланысты болып келсе (қонақ үй — керуен сарай), енді бірде атаудың сырт
формасына, яғни дыбыстық құрамына ғана байланысты болып отырады (тізім —
тізбе).
Ол кездегі басқа да терминдерді қазірдегі қалыптасқан түрімен
салыстырып көрейік: газетке жазылушы (подписчик) — газетке алушы, тұтқын
(заключенный)—ұстама, нұсқау (указание) — көрсетінді. Мұзды мұхит — мұз
теңіз, мекеме (ұйым) — қауым, үзіліс — тыныс (перерыв), сайлау ережелері —
сайлау нұсқалары (положение о выборах), кеңейтілген мәжіліс — кең алқа
мәжіліс (расширенное заседание), темір жол — шойын жол, үгіт нәсиқат жұмысы
— үгіт түсініс жұмысы, бұйрық — жарнама (жарнама бұйрық), соғыс жағдайына
келтіру — әскер тәртібіне (жаугершілік тәртібіне келтіру), вагон тиеу —
вагон түсіру — багөн артып, багөн босату (погрузка и выгрузка вагона),
қоймашы — кілтші (складчик), социалистік кәмек — социалдық көмек, көркем
өнерпаздар үйірмесіне қатысушылардың (әуесқойлардың) күшімен —
әуескерлердің күшімен, еңбек ері — еңбек батыры, ауыл шаруашылық көрмесі —
ауыл шаруашылық кәрінісі, ұйым — ұя, дүние жүзілік соғыс — жиһангерлер
соғысы, тергеуші — зерттеуші (следователь), үзіліс — тыныс.
Міне, осы жеке сөздер, біріншіден, бүгінгі әдеби тіліміздегі бірсыпыра
терминдердің қалыптасу ізін, сұрыпталу жолын аңғартса, екіншіден, оларды
әдеби тіліміздің көркем шығармадағы көрінісі ретінде де талдауға болады.
Авторлар бұл терминдерді, жеке сөздерді дәл осы формада қолданғанда сол
жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы функционалдық стильдерде қалыптасқан
норманы, сол түста қолданылуда жалпы жиірек ұшырайтын тіркес түрлерін,
белгілі бір формаларды негізге ала отырған. Өйткені бүлардың кейбіреуі ол
тұста көркем шығармалардан басқа да жазба нұсқаларда ара-тұра кездесіп
отырады. Ал олардың енді бірсыпырасы суреттеп отырған оқиғаны оқушыға дәл
жеткізу үшін, ұғымын оңайлата түсу мақсатымен өз тараптарынан аударып алған
терминдік баламалар болатын. Демек, жоғарыда санамалап келтірілген
терминдердің, жеке ұғымдар мен атаудың 1920—30 жылдары қазақша нұсқасы
белгілі бір стильдік мақсат үшін әдейі алынған.
Енді қазіргі әдеби тілімізде әбден орнығып, қалыптасып кеткен жоғарғы
терминдердің, жеке атаулардың 1920—30 жылдардағы нұсқаларының сол кезгі
кейбір көркем шығармалардағы қолданылуына бірнеше мысал келтірейік. Олар
мына тәріздес сөз орамдарында, мына әлпеттес контексте қолданылған.
Камсамол ұясының қатшысы Әбітай Мақмұдып дейтін тұйық мінезділеу жігіт
(Майлин);— Осы жігіт, кеше кешке маған партия ұясының қатшысы еділі деген
жоқ па еді (Мұқанов); Бөліске шығаратын адамдардың тізбесін қайта жасады
(Майлин); Тізбенің ең басына Дүйсен жазылды (сонда); Нұрыш совхоздан
социалдық көмек ретінде бригада боп келді (сонда); Жиналған жүрттың өзі
ішінен шыққан әуескерлердің күшімен ғана ойын-сауық бөлімі де әткізілді
(Пәрида); Дүкеннің түскі тынысы кезінде Қуат дүкен жұмысымен шұғылданды
(Сланов); Қысы-жазы, күні-түні, есі-дерті — оқу, оқу да оқу. Жазда ғана
пгынысқа келіп қайтады (сонда); Осындайлармен ойынның алғашқы бәлімі біткен
соң халық тынысқа тарасты (Жансүгіров);— Мынау: еңбек батыры, осы арадағы
қосшының, артельдің бастығы деп Шойын мен қонақтарды таныстыру (Мұстафин);
Жарты кездей ғана шойын жолдың темірі (сонда);—...Қалада жүрген, парақотта
жүрген, шойын жолда жүргендердің барлығы да мобилизатсияға ілінеді
(Жансүгіров); Қар тасушылар жаһангерлер соғысында тұтқын болған
австриалықтар (Сейфуллин); 1914 жылғы болатын жиәнгер соғысы Австрианың
патшасыньщ баласы өлуінен тұтанған жоқ па еді (Мұқанов); Майдандағы
солдаттар арасына жиангер соғысын азамат соғысына айналдыру туралы үгіт
жүргізу еді (сонда); Ауыл шаруашылық көрінісіне әкелген немістің 80 бұттық
бұқасын көргесін... (сонда); Әкесі оны сол кезде салынып жатқан Омбы шойын
жолына айдады (сонда); Ол Алтайдың ала қарлы тауларынан тепсініп ағып,
қазақ даласының сол жаң сүбесін құлдап, Сібірді жарып, Мұз теңізге құяды,
(Жансүгіров);—...Егер өз сиырым, өз жылқым деп байшылдық жасайтын
болсаңдар, тура қырық беске тартамыз!—деген қатты көрсетінді берілді
(Мүсірепов); Оның үстіне биыл гәзетке алушы жиып жүрмін деп біреу келгенде
шешесінен үш сом ақша сұрап алып Арыстан да жазылған (Азамат Азаматыш);
Мені ұстама қылып алып келді ғой (Жансүгіров); Жексембай болыс ұлықтан
политсейіский сүрап алып шығып, көрінген қазақты ұстамаға салып... (сонда);
Бірнеше тәтті жолдастары ұстамаға кете барды (сонда); Қаладағы байлардың,
сәудегерлердің жас-кәрісінің бәрін жарақтандырып әскер тәртібіне қойды
(Сейфуллин); Отан жаугершілік тәртібіне қойылады (сонда); Жамбасыма ақы
төлеп, керуен сарайға жатам (Жансүгіров); Малының, жанының, егінінің, соқа-
саймандарының, нұсқауларымыз бойынша, санағын ала бастадық (Сейфуллин);
Сайлау нұсқаларын өзіміз жасап бердік (сонда); Партияның мұсылман
буйросының (мус. бюро) кең алқа мәжілісіне салып, буйро атынан, менің
қызметке қалуыма ұсыныс қылды (сонда); Қалтасынан бүктеген, жуан әріптермен
орысша басқан бір жарнаманы алып, тілмаш баласына тастай берді... Ақмола
губернаторының жария қылған жарнама бұйрығы екен (сонда);—Да, ушебнай
камандадағы солдаттар арасындағы үгіт түсініс жұмыстары бізге арзан түскен
жоқ (М. Дәулетбаев); Сүйдеп ол екеуі, соңынан кілтші камерадан шыға жөнелді
(сонда); Ол қақпа алдында келатқандарды тосып алып еді. Тұрымтай мен
зерттеуші Құдайберген екен (Мұқанов); Зерттеуші осал жерге түспейді
(сонда). Осы келтірілген мысалдардағы орыс тілінен аударылып алынған
терминдік баламалардың, кейбір атаулар мен жеке сөз орамдарының қай-
қайсысын алсақ та, бүгінде басқаша қолданылады. Бірақ олардың ішінен мына
термин сөздерді тыныс, шойын жол, нұсқа бөле айту керек: Мысалы, тыныс сөзі
жоғарыдағы үзінділерде қазіргі әдеби тіліміздегі үзіліс сөзінің де (түскі
үзіліс, жиналыс кезіндегі үзіліс, сабақ арасындағы үзіліс), сондай-ақ
каникул терминінің де орнына қолданылып тұр. Ал нұсқа сөзі орыс тіліндегі
положение, яғни қазіргі ереже атауы ретінде (сайлау туралы ереже)
пайдаланылған. Осы орайда тағы бір баса көңіл аударатын атау — ол қазіргі
темір жол термині. Өйткені орыс тіліндегі осы железная дорога термині сонау
өткен ғасырдың жетпісінші жылдары шығып тұрған Түркстан уалаятының
газетінде де дәл осылай, қазіргідей темір жол болып аударылып алынған.
Оның шойын жол түрінде қолданылған кезі— 1920—30 жылдардың іші. Өйткені ол
осы кезеңдегі кейбір көркем шығармаларда да, сондай-ақ, газет, журнал
беттерінде де, оқулықтар мен зерттеу жұмыстарының тілінде де железная
дорога атауы көбінесе шойын жол болып келіп отырады. Ал оның Түркстан
уалаятының газетіндегі қолданылуы мынадай: Орынборғ қаласы минан Сзран
қаласы Самар қаласы минан темір жол ашлғандан бері темір жол менан жұрт
тоқтамай журуп жатр (18. III. 1877. № 8). Мұнда қазіргі нұсқау берді
дегендегі нұсқау термині кәрсетінді түрінде алынған.
Ал осы күнгі кейбір жазбаларда, ауызекі сөйлеуде ара-тұра кездесетін
бақытқа орай, өкінішке орай тәрізді сөз орамдары енді ғана көрініп келе
жатқан жаңа құбылыс емес; олар сол 1920—30 жылдардың өзінде-ақ аңғарыла
бастайды. Яғни орыс тіліндегі к счастью, к сожалению түрінде келетін
қыстырма сөздердің, в твою пользу ыңғайындағы сөйлемшелердің қазақ
тіліндегі баламасы ең алғаш зерттеліп отырған кезеңде іздестірілгенін
көруге болады. Мысалы:
Бақытқа қарай түндегі дүрлігістің бірде-бірін көзімен көргендері жоқ
екен (Мүсірепов); Ғаббас басын қасыды. Сорына келгенде ол бұл әңгімені
ойланамын десе де әлі тіпті де ойланған жоқ еді (Әуезов);—Осыны үкімет
айтып отыр ма? — дейді Ерман:— Үкімет айтса, біздің зиянымызға айтпайды
(Майлин).
1920—30 жылдардағы ел өміріндегі әр түрлі уақиғаларға, сол тұстағы
жалпы кәсіп түрлеріне, мекемелер мен ұйымдарға байланысты да бірнеше жаңа
атаулар, жекелеген терминдер көріне бастаған. Бірақ кезінде қажет болған
әдеби тілдегі мұндай элементтер кейін қолданыла келе сұрыпталып, екшеле
түсті. Міне, осы ретте талданып отырған кезеңдегі кейбір терминдер мен
атаулар күнделікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Урбанизация туралы
«Правда» газетiнiң қоғамға тигiзген үлесi
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Айқын Нұрқатовтың сыншылық ерекшелігі
Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық - саяси қызметі және ғылыми мұрасы
Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім - тәрбие
Сәкен Сейфуллиннің мемлекеттік қызметі
Пәндер