Кеңестік дәуірде Қазақстан соттарының шешімдерін қайта қарау институттары


Кеңестік дәуірде Қазақстан соттарының шешімдерін қайта қарау институттары
1917 жылдың 25 қазанында Ресейде жаңа өкімет Кеңестер өкіметі жарияланды.
Осы кезеңде сот жүйесіндегі институттар, сондай-ақ сот шешімдерін қайта қарау мәселелері шешімін қалай тапты дегенге келер болсақ, Кеңес өкіметі өзінің сот құрылысы және сот өндірісі саласындағы жұмысын, ең алдымен ескі сот аппаратын жойып, жаңа өкіметтің тапабы мен мүратына сай келетін жаңа сот жүйесін құруға бағыттағанын атап өткеніміз жөн. Осы бағытта жасалған алғашқы кадам 1917 жылы «Сот туралы» №1 декреттің қабылдануымен басталды. Міне, осы декрет арқылы революцияға дейінгі қолданыста болған ескі сот жүйесін таратудың негізі қалан-ған еді. Сондай-ақ, осы және кейін қабылданған сот туралы №2 және №3 декреттер арқылы сот шешімдерін қайта қараудыңжалғыз нысаны- кассация белгіленді.
«Сот туралы» №1 декрет революцияға дейінгі сот институттарын, соның ішінде апелляцияны да жоюмен қатар жаңа сот жүйесін бекітті. Ол жергілікті соттардан және революциялық трибуналдардан құралды.
1918 жылдың 7 наурызында жарияланған «Сот туралы» №2 декретте апелляциялық өндіріске рұқсат етілмейтіндігі және сот шешімдерін қайта қараудың жалғыз нысаны кассация екендігі нақтылана түсіп, бірінші рет үкімнің күшін жоюға негіз болатын жайттар атап көрсетілді.
1918 жылдың 20 шілдесінде қабылданған «Сот туралы» №3 декрет негізінен «Сот туралы» № 1 және №2 декреттердін ережелерін толықтырып, кассациялық өндіріске қатысты нормаларды нақтылап берді. Осы декретке сәйкес сот шешімінде 500 рубльге дейін ақшалай өтем алуға және 7 күнге дейін бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған істер бойын-ша кассацияға рұқсат етілмеді.
Осы жерде Кеңес екіметінің сот туралы №1, №2, №3 декреттері соттардыңжаңа жүйесін енгізгенмен, алайда, 1917 жылға дейін Қазақстан аумағында қол-даныста болған билер және қазылар соты туралы мәселеге ешқандай да назар аудармағанын атап өткеніміз жөн.
Билер сотына байланысты кеңестер алғашқы кезде олардың билігін шектеу, іс-әрекеттерін қатаң бақылауда ұстау саясатын ұстанғанды. Билер соты аралық сот ретінде танылды. Яғни, тараптар даулы мәселені шешу үшін өздері қалаған, өздері сенім артқан кез келген биге шағымдануга ерікті болды. Бидің шешіміне қанағаттанбаған тарап жергілікті халық сотына жүгіну құқығын иемденді. Билер мемлекеттің есебіне жаткызылмады, сондықтан оларға сот салығын («билік») алуға тыйым салынды.
Кеңестік екіметтің басты мақсаты, біртіндеп билер сотын жойып, олардың орнын кеңестік соттармен алмастыру еді.
1918 жылдың 21 наурызы мен 3 сәуірі аралығында Орынбор қаласында Жеңестердің Торғай облыстық" съезі еткізіліп, ол Қазақстанда Кеңес екіметін әрмен қарай орнықтыра түсуде үлкен рол атқарды.
Кеңестердің Торғай съезінде сот құрылысы саласына байланысты кабылдаған шешімдері мен іс-шаралары негізінен сот туралы декреттердің ережелерін жүзеге асыруға бағытталды.
Сот туралы кеңестік өкіметтің декреттері негізінде съезд өзінің шешімдерінде соттар Азаматтық және Қылмыстық кодекстер қабылданғанға дейін ескі өкі меттің заңдарын да (егер оларды революция жой-маған болса), кекестік өкіметінін декреттерін де қатар қолдануы тиіс екендігін атап көрсетті.
Сот туралы № 1 декретке сәйкес Қазақстан аумағында азаматтық және қылмыстық істердің басым көпшілігі жергілікті халық соттарында каралды және оларға дәстұрлі қүқық нормаларын қолдануға рұқсат етілді. Ал, революцияға қарсы бағытталған, социалистік меншік ірі көлемде үрланғдн, т. б. осы смяқты қиын істер революциялық, трибуналдарда қаралды. Олар ездерінің үкімдерін тек Кеңес екіметінің декреттері негізінде шығарды.
Қазақстанда революциялық трибуналдар бірінші рет Ақмола облысында ұйымдастырылды. Бұл жерде облыстық революциялық трибунал 1917 жылдың 28 желтоқсанынан бастап жұмыс істеугө кірісті,
Алғашқы айларда Қазақстандағы трибуналдар негізінен жергілікті халық соттарына тиесілі қылмыстық істердің басым бөлігін қарады. Алайда, 1918 жылдың 4 мамырында Халық Комиссарлар Кеңесі «Революциялық, трибуналдар туралы» декрет қабылдап, соның негізінде жергілікті және округтік соттардың қарауына жататын қылмыстық істер революциялық трибуналдардың қүзырынан алынып тасталынды. Ал, сол уақыттарда аса қауіпті деп саналатын қылмыстық істердің кейбір тұрлері (қырып-жою, парақорлық, т. б. ) трибуналдардың қарауына берілген.
- жылдың 20 сәуірінде Тұркістан Кенестерінің V съезі Тұркістан Автономиялық Советтік Социалистік Республикасының құрылғанын жариялады. Оның құрамына екі үлкен аймақ - Жетісу мен Сырдарияоблыстары енгізілді. Осы тұста Кенес өкіметі Қазақстанға Кеңестердің негізінде азтономиялық республика құру міндетін жүктегенеді. Сөйтіп, 1918жылдың 12мамырында Ұлттық Халық Комиссариаты жанынанҚазак. белімі ашылып, ол кеңестердің бүкіл қазақстандық съезін ұйымдастыру және Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру жұмысымен тікелей айналыса бастады.
жылдың 10 шілдесінде Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитет құру туралы декрет қабылданды. Осы декрет сот жүйесін органдарының құрамына мынадай соттарды енгізді: қазақтар мен жергілікті басқа ұлт өкілдерінің арасындағы
мүліктік дауларды қарайтын аралық соттар, уездік халық соттары, округтік сот, революциялық трибуналдар,
Уездік халық сотының құрылымы тұрғындардың құрамына байланысты болды. Мәселен, қазақ және орыс халқы аралас уездерде ол екі бөлімнен, яғни, тиісінше қазак, және орыс бөлімнен құралды. Ал, тұрғындары бірыңғай ұлттан шоғырланған уездердегі соттарда мұндай бөлімдер болған жок, . Мұндай жерлерде дауларды шешу үшін әрбір мүдделі тарап жағынан заседательдердің саны тендей алынды. Егер қылмыстық және азаматтық. істерге әр тұрлі ұлт өкілдерінің қатысы бар болса, онда олар уездік халық сотының қазақ және орыс бөлімдерінің бірлескен мәжілістерінде қаралды.
Уездік соттың қазақ бөліміндегі істер тұрак, ты ха-лық судьясының және Кеңестердің уездік съезіиде сайланған екі заседательдің катысуымен талқыланды. Мұнда бірыңғай қазақтар арасындағы істер қаралған кезде қазақтардың дәстұрлі қүқық норма-ларын қолдануға рұқсат етілді. Өйткені, олардынзаң-дық күшін революция әлі жойған жоқ болатын.
Уездік соттың қазак бөлімі аралық сотта қаралған істер бойынша кассацпялық және қадағалау ин-станииясы болып танылды. Уездік халық соты қада-ғалау тәртібімен аралық соттын дұрыс емес үкімінін күшін жойып, істі сол сотқа, бірак, баск, а құрамда қарауға жіберу құқығын иеленді.
Уездік халық соттарында қаралған істер бойынша кассациялық инстанция ретівдеӨлкелік революциялық комитет жанындағы округтік халық соты танылуы тиіс болды яғни, округтік сотты енгізу арқылы декрет сол, уақыттарда жұмыс жасап жаткан Халық. судьялары жергіяікті кеңестерінің орнына Қазақстанда бірынғай кассациялық орган құруды мақсат тұтқан еді.
Революцияға қарсы бағытталған қылмыстар туралы істерді қарау міндөті бүрынғыдай революциялық трибуналға жүктелді.
Сонымен, Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық, комитөт құру туралы декреттің Қазақсіан-да екі тармақты сот аппараты жүйесін: бірыңғай халық соттарын және революциялық трибуналдар құруды көздегенін аңғару қиын болмаса керек.
Осы декрет жарияланғанға дейін Қазақстан аумағында 1919 жылдың 12 сәуірінде кабылданған «Революциялық. трибуналдар туралы ереже» қолданыста болған еді, Осы ережеге сәйкес революциялық трибуналдар революцияға карсы бағытталған іс-әрекеттер туралы істерді қарау үшін барлық губерниялық қалаларда әрбір губернияға бір-біреуден құрылды. Революциялық трибуналдарды жергілікті Кеңестер сайлады. Трибуналдың құрамында төраға жәнб екі мүшесі болды. Оның сот мәжілісіне міндетті түрде айыптаушыныңжәне қорғаушының қатыстырылуы карастырылды. Революциялық трибуналдық шығар ған үкімі жөнінде БОАК жанындағы кассациялықтри буналға шағымдануға, яки наразылық білдіру мүмкіндік берілді.
1919 жылдың 1 қазанынак бастап Өлкенің революциялық комитетінің күрамында юстиция бөлімі жұмыс істей бастады. Ол негізінен жергілікті кенестерме бірлесе отырып, сот құрылысы жұмысына басшылы жасады.
Декрет бойынша әрбір уез үшін тергеу комисси: сын ұйымдастыру жоспарланып, оған уездік сотть қарауына жататын едәуір үлкен қылмыстық істер алдын ала тергеу, сондай-ақ революциялық триб иалдың карауына жататын революцияға карсы бағы талған істер бойынша тергеу жұмыстарын жүргі жүктелді.
Қайсыбір деректерге жугінсек, Қазақстандағы тергеу комиссиясы туралы мынадай «қызық» жайттарды да байқауға болады. Мәселен, оларға тек алдын алатергеу жұмыстарығана емес, кейделіпті сот міндетін атқару да жүктеліпті. Мысалы, 1919 жылдың 29 қазгнында Өлкелік революциялық. комитеттің төрағасы мен юстиция бөлімінің мекгерушісі Ақтөбедегі тергеу комиссиясына өздерінің мынадай : «Жергілікті жерде революциялық трибунал әлі , Ревком тергеу комиссиясына алып-сатарлық, самогон жасау, т. б. осы сияқты істерді шешу, кінәлілерге 5 рубльге дейін көлемде айып төлету, оларды 3 ай мерзімге дейін мәжбүрлі жұмысқа салу кұкығын бере отырып, сопапушылардын Ревкомға апелляциялық шағым жасау мүмкіндіктерінін бар екендігін ескертеді» (Сапаргалиев М. История народных судов Казахстана. Алма-Ата, «Казахстан». 1966, 102-бет, ) .
Қазақстанда бірыңғай халық соттарын ұйымдастыру барысында 1919жылдынжелток, санындаӨлкелік ревкомның юстиция бөлімі «Халық, сотына нұсқаулық» әзірлеп ұсынды. Ол барлық негізгі мәселелер бойынша 1918 жылдың 30 карашасында кабылданған РСФСР халық. соты туралы ережеге сәйкес еді.
Осы нұскаулық бойынша халық, соты мынадай үш құрамда жұмыс істеді:
- халық судьясы жеке-дара;
- құрамында халық. судьясы мен екі заседателі бар учаскелік халық соты.
- уездік халық. сотының құрамындағы алты заседателі бар халық, судьясы.
Үездік халық, соты негізінен аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарады. Бұл істер бойынша сараптау жұмыстарын тергеу комиссияпары жүргізді. Комис-сия мүшелерін кеңестер сайлады.
Барлық. басқадай кылыыстық және азаматтық істерді учаскелік халық соттары қарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz