Мәдени ескерткіштер және сәулет өнері, туризм



Ұлы Жібек жолының обылыс арқылы өтетін бөліктері бойында көнеден сыр шертетін қалалар мен кенттердің, қорғандардың, түрлі мәдени ескерткіштердің, ғажайьш сәулет өнерінің баға жетпес үлгілері, тұтастай және жартылай сақталан қалдықтары, аз ғана бөліктері, жұрнақ-жұқаналары, жойылуға шақ тұрған қирандылары көп-ақ. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі — ортағасырлық сәулет өнерінің ерекше ескерткіші. Ол ең альш, зәулім және тарихи-мәдени мән-манызы жағынан ешқандай теңдесі жоқ құрылыс болып саналады. Кесененің ені 46.5 м. ұзындығы 12,5 м. ат биіктігі 40 м. Симметриалы тік бұрышы кешен өзара басқыштар мен дәліздер арқылы байланысқан әр түрлі 35 бөлмеден тұрады. Дәліздер ғимараты бір-біріне тәуелсіз 8 бөлікке бөліп тұр. Бұл онын жер сілкінісіне төзімділігін арттырмак мақсатта жасалған. Диаметрі 18,2 м болатын орталық күмбез Орта Азияда сақталған ескерткіш күмбездерінің ішіндегі ең үлкені. Түркістанның 1500 жылдығы қарсаңында кесенені қалпына келтіру мен жаңарту бағдарламасының жетіжылдық кезеңі аяқталды. Иасауи тұлғасы мен оған арнап салынған алып кесененің де құпия қасиеттері аз емес. Олардың сырына қанығып, ғажап құрылысты күтіп ұстау — ұрпақтардың абзал парызы.
Отырар өңірі — тұнып тұрған шежіре, таусылмас тарих. Ежелгі қаланың орны әр кезде қазылып, зерттелуде. Отарар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесі де бірегей мәдени, діни, тарихи ескерткіш болып табылады. Оның маңайында сонғы жылдары жаңа, кешенді құрылыстар салына бастады. Созақ ауданының Бабаата ауылындағы Баба-ата кесенесі мен мешіт-медресені қалпына келтіру қолға алынды.
Қазір облыста мінәжат, зиярат жасау орындары және сәулет ескерткіштері бойынша алғанда жеті түрлі туристік маршрут белгіленген. Оларлың бағдарламалары мен ұзақтығы да әр түрлі, бір немесе үш күндік болып келеді. Ол бағдарламаларға Сайрам ауданындағы Ыбырайым ата мен Қарашаш ана кесенелері. Отырар ауданындағы Арыстанбаб әулие кесенесі, Түркістан қаласындағы Әзірет Сұлтан мұражай-қорығы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің тарихи-мәдени сәулет кешені. Ордабасы ауданындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы мұражайы, Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек баба мен Домалақ ана кесенелері және Созақ ауданындағы Қарабура әулие кесенесі енгізілген. Сондай-ақ осы маршруттар -бойынша халық қолданбалы өнерінің ежелгі дәстүрлерімен танысу мақсатында қолөнер шеберханаларында болу да қарастырылған. Бұларға қосымша тарихи орындарға бес бағыт белгіленген, олар — Ақсу — Жабағылы, Машат демалыс аймақтары. Қырыққыз, Біркөлік, Ақниет туристік базалары. Қызылкөл.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мәдени ескерткіштер және сәулет өнері, туризм
Ұлы Жібек жолының обылыс арқылы өтетін бөліктері бойында көнеден сыр
шертетін қалалар мен кенттердің, қорғандардың, түрлі мәдени
ескерткіштердің, ғажайьш сәулет өнерінің баға жетпес үлгілері, тұтастай
және жартылай сақталан қалдықтары, аз ғана бөліктері, жұрнақ-жұқаналары,
жойылуға шақ тұрған қирандылары көп-ақ. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі —
ортағасырлық сәулет өнерінің ерекше ескерткіші. Ол ең альш, зәулім және
тарихи-мәдени мән-манызы жағынан ешқандай теңдесі жоқ құрылыс болып
саналады. Кесененің ені 46.5 м. ұзындығы 12,5 м. ат биіктігі 40 м.
Симметриалы тік бұрышы кешен өзара басқыштар мен дәліздер арқылы
байланысқан әр түрлі 35 бөлмеден тұрады. Дәліздер ғимараты бір-біріне
тәуелсіз 8 бөлікке бөліп тұр. Бұл онын жер сілкінісіне төзімділігін
арттырмак мақсатта жасалған. Диаметрі 18,2 м болатын орталық күмбез Орта
Азияда сақталған ескерткіш күмбездерінің ішіндегі ең үлкені. Түркістанның
1500 жылдығы қарсаңында кесенені қалпына келтіру мен жаңарту
бағдарламасының жетіжылдық кезеңі аяқталды. Иасауи тұлғасы мен оған арнап
салынған алып кесененің де құпия қасиеттері аз емес. Олардың сырына
қанығып, ғажап құрылысты күтіп ұстау — ұрпақтардың абзал парызы.
Отырар өңірі — тұнып тұрған шежіре, таусылмас тарих. Ежелгі қаланың орны
әр кезде қазылып, зерттелуде. Отарар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесі де
бірегей мәдени, діни, тарихи ескерткіш болып табылады. Оның маңайында сонғы
жылдары жаңа, кешенді құрылыстар салына бастады. Созақ ауданының Бабаата
ауылындағы Баба-ата кесенесі мен мешіт-медресені қалпына келтіру қолға
алынды.
Қазір облыста мінәжат, зиярат жасау орындары және сәулет ескерткіштері
бойынша алғанда жеті түрлі туристік маршрут белгіленген. Оларлың
бағдарламалары мен ұзақтығы да әр түрлі, бір немесе үш күндік болып келеді.
Ол бағдарламаларға Сайрам ауданындағы Ыбырайым ата мен Қарашаш ана
кесенелері. Отырар ауданындағы Арыстанбаб әулие кесенесі, Түркістан
қаласындағы Әзірет Сұлтан мұражай-қорығы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің
тарихи-мәдени сәулет кешені. Ордабасы ауданындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы
мұражайы, Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек баба мен Домалақ ана кесенелері
және Созақ ауданындағы Қарабура әулие кесенесі енгізілген. Сондай-ақ осы
маршруттар -бойынша халық қолданбалы өнерінің ежелгі дәстүрлерімен танысу
мақсатында қолөнер шеберханаларында болу да қарастырылған. Бұларға қосымша
тарихи орындарға бес бағыт белгіленген, олар — Ақсу — Жабағылы, Машат
демалыс аймақтары. Қырыққыз, Біркөлік, Ақниет туристік базалары. Қызылкөл.
Тәуелсіздікке кол жеткеннен кейін тари-хи-мәдени. кііелі-касиетті,
әулиелі орын-дар. кесене-күмбездер калпына келтіріле бастады. Кожа Ахмет
Иасауи кесенесін күр-делі түрде калпына келтіруге Түркия мем-лекеті
көмектесті. Республика және облыс бөлген каржымен. әсіресе, жеке азаматтар
демеуімен, жұртшылықтың жұмылуымен көптеген кесенелер жөнделді. Сонғы
жылдар ішінде Арыстанбаб, Ұзыната, Баба Түкті Шашты Әзіз. Жабайата, Саңғыл
би. Бабаата. Қарабура әулие, Ысмайыл ата, Бәйдібек баба, Домалақ ана, Бес
ана, Өзбекстандағы Төле би, Шымыр баба кесенелерінің кейбіреулері қалпына
келтірілді. бір-қатарлары жаңадан салынды. Сайрам ауданындағы Қарамұрт
ауылында, көнеден келе жатқан Кәлен баб мазары маңында сәулет өнерінің
бұрыңғы және соңғы үлгілерін үйлестіре ұштастырған Жаныс баба кесенесі бой
көтерді.
Қаратау жотасының беткейіндегі ертедегі керуен жолы бойындағы Ақтобе (4 —
6 {.), Қошқарата (6 — 8ғ.), Созақ (10 - 18 ғ.), Майтөбе (11-16 ғ.),
Шолаққорған (13 — 18 ғ.), т.б. көне қорғандар мен ескерткіштер, тасқа
түскен таңбалары бар Арпаөзен, Жүнісата, Қойбағар шатқалдары туристер
қызыға көретін орындарға айналып отыр.
Облыс көлеміндегі православиелік ғибадат орындарының ішінде ерекше көзге
түсетіні — Шымкенттегі Никольск шіркеуі. Ол орыс мәнері аталатын үлгіде
салынған және Түркістан епархиясының ең тамаша шіркеулерінін бірі болып
есептеледі.
1993 жылғы мамыр айында Ордабасы тауында Төле би. Қазыбек би, Әйтеке би
сынды ұлы бабаларды еске алуға арналған ұлы жиын өткізілді. Онда Қазақстан,
Өзбекстан және Қырғызстан Республикаларының Презденттері атақты Тутөбе
биігіне көтеріліп. Ордабасы Декларациясын қабылдады. 18 ғасырдағы жоңғар
шапқыншылығына қарсы күрес пен елді азат ету майдандарындағы ұлы ерліктер
еске альшды. Аталмыш жиынға 150 мыннан аса адам қатысты. Сол жиынның
белгісі ретінде Ордабасы тауының биігіне "Бірлік монументі" орнатылды. Оны
1998 ж. қыркүйек айында Елбасының өзі келіп ашты. Қазір Бірлік монументі де
елеулі ескерткішке, жастар жиі келетін қасиетті орынға айналған. 2004 ж.
облыстың туристік ұйымдары 5731 адамға туристік қызмет көрсетті. Оның
ішінде 391 шетелдік туристер болды.

АБД ул-ӘЗИЗ КҮМБЕЗІ -
Қарахан дәуірінің ескерткіші. Сайрам ауданыннда 9 ғ-да салынған, Қожа Ахмет
Иасауидің "Рисала" атты бізге қол-жазба күйінде жеткен кітабында Абд ул
Әзиз баб Мұхаммед пайгамбар бастаған

АҚМЕІШТ ӘУЛИЕ ҮҢГІРІ
— Қаратаудың оңт.-шығыс беткейінде, Бәйдібек ауданындағы Бірлік (Кектерек)
а. маңында, Ойық жарқабақты үңгір әктасты жыныстар қабатында пайда болған.
Ұз. 254 м, ені 65 м. биікт. 25 м. оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай
созылған. Ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің шанырағы секілді көрінеді. Ел
арасында бір кездері мұнда бір әулие әулетімен киіз үй тігіп, сатымен шығып-
түсіп жүрген деген аңыз айтылалы. Үңгірге перзент көрмеген ерлі-зайыптылар,
ауру адамдар түнеп, мінәжат етеді. Үңгірдің туристік мәні бар.

АҚМОЛА КЕСЕНЕСІ - архитектуралык ескерткіш. Созақ ауд. Шу а-нан солт.-
шығысқа қарай 15 км жер-де ашық аланда орналасқан. 19 ғ. соңында
тұрғызылған кесененің негізі шикі кірпіштен қаланған. Төртбұрыштық жоспарда
салынған кесененің ішкі құрылысы дөңгелек тәріздес. Ішкі қабырғаларында 8
терең қуыс бар. Кесененің төңірегінде бұзылған қоршау қалдықтары сақталған,
күмбезі құлаған. Төрт бұрышында қырлы мұнаралар бар. АҚМОЛДА Байзақұлы
(1824 — 1873) — батыр. би. Ұлы жүз дулат руының шымыр атасынан. Атасы
Мәмбет батыр Абылай ханмен дос болған. Әкесі Байзак датқа Кенесарыны
қолдаған. Өзі бас батыр атанған. Әкесі екеуі де Қоқан езгісіне қарсы ауық-
ауық көтеріліс ұйымдастырып отырған. 1858 ж. Ташкент бегі Мырзахмед
басқарған алым-салық жинаушыларға қарсы қазақтар мен қырғыздардың
көтерілісінен кейін 75 жастағы Байзак датқа тұтқынға алынады. А. өзіне
қарасты елді Шымкент маңына көшіріп кел деген парманашы Нұрмұхамедтің
талабын орындаудан бас тартқан. Верныйға келіп полковник Черняевпен
байланыс жасайды. 1864 ж. маусымда өз сарбаз-дарымен Әулиеатадағы орыс
армиясына қосылып. Шымкентті қоқандықтардан азат ету соғысына қатысты.
Әдеб.: Туркестанский край. Сб. материалов по истории его завоевания, 1864.
ч. 2. Таш., 1914; Казахско-русские отношения в XVIII - XIX в.. А.-А., 1964;
Әбілдаев Б., Байзак датка, А.. 1995.

Арыстан баб
А. б. жайлы мағлұматтар көп кездеспейді. К.Г. Зелеман, Ә.Диваев. В.В.
Бартольд, М.Е. Массон, А.А. Семенов, Дж. Тирмингэм. И.Меликофф еңбектерінле
А. б-тың Қожа Ахмет Иасауиге ұстаздық еткені аз сөзбен ғана айтылып өтеді.
Ә.Муминовтың пікірінше, А. б. Отырардағы мүбайидийа ілімін ұстаушылар
қауымның рухани жетекшісі болған. Ал мубайіідийа бағыты сол кездегі алдынғы
қатарлы ілімдердің бірі еді. Оның негіздерінен ғұлама ғалым Әбу Наср әл-
Фараби де рухани азық алған. А. б. ислам дінінен басқа отыз үш дін
негіздерін білгені жөніндегі халық аңыздары онын терең энциклопед, білім
иесі болғандығын анғартса керек. Молла Мұса Санрамидің "Тарих-и аминийа"
атты енбегінде 16 ғ-да өмір сүрген Әбілғазы Ұбайдолла хан куәландырған А. б-
ты Әз:рет Әліден тарататын шежіре бойынша: Әлі имам Мұхаммед Ханафийа Абд
әл-Фаттах Баб — Абд әл- Жаббар Баб — Абд әр-Рахман Баб — Абд әр-Рахим Баб —
Абд әл-Жалил Баб — Абд әл- Карим Баб — Ысқақ Баб — Исмайил Баб — Омар Баб —
Осман Баб — Ифтихар Баб — Махмуз Баб — Илйас Баб — Арыстан Баб. Ә.Муминов
мұны А. б-тың ата-тегі деп танымайды. Шығыстанушынын пікірінше бұл
Отырардың бас әулиесіне Мұхаммедтің өсиеті, ілімі кімдер арқылы жеткенін
көрсететін тізім (силсила. А. б. есімі Қожа Ахметтің "Диуани хикметінде"
жиі аталады. Өлең жолдарынан А. б-тын ұстаздық қызметі айқын байқалады.
Бірінші хикметте "жеті жаста Арыстан Бабама бердім сәлем" деп ұстазымен
алғаш кезіккен уақытын көрсетеді және бұл кездесудің ақын өмірінде шешуші
қадам болғанын екінші хикметтегі мына жолдар байқатады: "Жеті жасымда
Арыстан бабам іздеп таптым. Көре сала пердемен бүркеп жаптым. Биһамди-л-
Лахи таныдым деп ізімді сүйді. Сол себептен алпыс үште жерге кірдім".
Тәрбие, оқудын кейбір қырларын "Арыстан бабам ислам дінін баян қылды"
(екінші хикмет), "мын бір зікір үйретіп, мейірбандық жасады" (тоқсаныншы
хикметі деген сөздерден танығандай боламыз. "Арыстан бабам айтты", "Арыстан
бабам сөздері, естіңіз. тәбәррәк" деген жолдар жиі қайталанатын тоқсаныншы
хикмет А. б. өсиеттерінен тұрады десе де болады. Оның бірінші бөлігі құдай
жолына түскен шәкірттердің қандай болуы тиіс деген сауалға ұстаздын берген
жауабына ұқсайды. Онда дүние мен мансап үшін істелетін жамандык пен қиянат
атаулының бәрінен қаш деген уағыз айтылып, талапкерге хақ жолынан айныма
деген үндеу орын алған. Хикметте "кісі малын жейтіндерді". "айла
қылатындарды". "иманын, дінін бергендерді" әшкерелейді, нысапшылық, қанағат-
рахым дәріптеледі. "Диуани хикмет" бізге А. б-тың тәлім-тәрбиесінің негізі
сопылықта, ал сопылық дегеніміз адамның рухани жағынан жетілу жолы екенін
уағыздайды. А. б-тың кабірі ежелгі Отырар қ. маңында.
Әдеб.: Бартольд В.В . История кулыурной жизни Туркестана. Л..І927: Иасауи
тағы-лымы. Түркістан. 1996.
АРЫСТАН БАБ КЕСЕНЕСІ — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.
Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы. Кожа Ахмет Иасауидің
ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана,
мешіт. құжыра-хана. азан шақыратын мұнара сиякты жеке бөлмелерден құралған.
Кешеннің ен көне бөлігі қабірхана болуы тиіс.

жазбаларда жиі кездесіп отырады. Орыс ғалымдарынан алғаш назар аударған —
Г.И. Спасский. Кеңес дәуірінде Б. толық зерттеліп, оның кенттік құрылысы,
мәдениеті, архитектурасы жайлы деректер жарыққа шыққан. 1946 ж. Оңт.
Қазакстан археол. экспед. (жетек. Ә.Марғұлан), 1948 ж. (жетек. А.Н.
Бернштам) зерттеген. 1953 — 54, 1957 — 58 ж. экспедция тұрақты қазба
жұмыстарын жүргізді. Шахристанның оңт.-шығыс шетіндегі цитадельдің орны
болып есептелетін жартылай сопақ төбенің биікт. 10 м. төм. жағынын а\м.
42x60 м. төбесінін аум. 12x17 м. Цитадельде жүргізілген қазба жұмыстары
кезінде 5 — 8 ғасырларға жататын құрылыстын төменгі қабатынан сегіз бұрышты
үйдің орны табылған. Ортасында құдығы бар. Төбесі күмбезделіп жабылған.
Бөлменің аум. 5,8 м қабырғаларының биікт. 5.38 м. Бөлме ішкі аулалармен
дәліздер және баспалдақты қуыс жолдар арқылы жалғасқан. Дәліздердің төбесі
арқа пішінінде жабылған. Цитадельдегі ең алғашқы бұл құрылыс отқа табыну
ғибадатханасы болып. Кейіннен қорғанды қаланың негізгі бөлігіне айналған
деген пікір бар. Бұл құрылыс қабырғаларының көпшілігі бұзылып, топырақ
басып қалған бұрыңғы құрылыс қабырғаларының пішінін қайталайды. Қабырғалары
саз (шым) кірпіштерден қалан,ан жоғ. қабаттағы үй 8 белмеден тұрады. Бұл
қабаттың да орта тұсында төбесі күмбезделіп жабылған, қабырғаларында ойық
сөрелері бар сегіз қырлы үлкен бөлме орналасқан. Оны қоршай әрқайсысының
ауданы шамамен 10 — 16 м2 келетін төрт-бұрышты бөлмелер орналасқан. Жоғарғы
құрылыс қабатынан табылған қыштан жасалған құмыра, майшам. Тостаған,
ұршықбастар мен оларлың әр түрлі бөлшектері 9—12 ғ-лар-ға жатады. Цитадель
13 — 14 ғ-ларға дейін жеткен. Сыртқы жобасы тік бұрышты келген шахристан
дүниенін төрт нүктесімен бағыттас, орташа биікт. 7 — 8 м. Қабырғаларының
үз. солт-тен оңт-ке қарай 182 м, батыстан шығысқа қарай 145 м. Үш жағынан
биікт. 1,5 м дуалмен қоршалған. Дуалдың ұзына бойынан 15 мұнараның
орны анық байқалады. Шахристанның орта тұсынан жалпақ тастардан қалап
жасаған су қоймасы табылды. Оның қыш құбырлардан құрастырып жасалған ұз. 30
м суағары бар. Рабад цитадель мен шахристанды қоршай орналасқан.
Жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде қала тіршілігі төрт кезеңнен
тұратындығы анықталды: 1) 6 — 7 ғ-лар. бекіністі мекенжай кезені; 2) 8 — 10
ғ-лар, қорғаныс қабырғалары, мұнаралары, сыртқы дуалы мен орлары бар
бекініс-қала кезеңі; 3) 10 — 12 ғ-лардағы қала құрылысының кеңейген, рабад
салынған, корғаныс қабырғалары нығайып, тұрғындар саны көбейіп, шаруашылық,
қолөнер түрлерінің дамыған кезені; 4) 13 — 14 ғ-лардағы кенттің біртіндеп
күйреу кезеңі. Ғыл. әдебиетгерде Б. 10 ғ-дағы жазба деректерде кездесетін
Баладж к-ның орны деген пікір ле бар. Қазан төңкерісіне дейін осы мандағы
қыстақта Баб Ата медресесі жұмыс істеген. Медресе ғимараты күні бүгінге
дейін сақталған. Баб Ата күмбезі де осында.
Әоеб.: Байпаков К.М.. Средневековая горолская культура Южного Казахстана и
Семиречья (6 — начало 13 в. А.-А.. 1986: Байпаков К.М.. Шарденова З.Ж.. Об
архитектурном памятнике Баба-Ата в Южном Казахстане. Шым.. 1995., К.
Байпаков

Бабата күмбезі
БАБАТА КҮМБЕЗІ. Баб ата кесене-мешіті — сәулет өнері ескерткіші. Созақ
ауданында орналасқан. Күмбез Әзірет Әлінің (Әли ибн Әбу Талиб) жетінші
ұрпағы Ыскақ бабтың немесе Баб Атанын құлаған мазарының орнына күйдірілген
шаршы кірпіштен, ортағасырлық дәстүрлі композиц. үлгіде 19

БАБА ТҮКТІ ШАШТЫ ӘЗІЗ — қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездесетін бейне. Ол
туралы аңыздардың бірінде шын есімі Баба Туклас деп көрсетілген. Әкесі —
Керемет Әзіз. Баба Туклас Меккеде патша болған, мұсылмандар арасында әулие
саналған. Меккеге қажылық сапармен барушылар, ең алдымен. Мұхаммедтің, онан
кейін Әлем Музтазы Сейіттің содан сон осы Б. Т. Ш. Ә. қабіріне барып тәу
еткен. Келесі бір аңыздарда Б. Т. Ш. Ә. - Қожа Ахмет Иасауидің арғы
бабалары, ислам діні Орт. Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі,
Қорқыттың замандасы делінеді. Баб Ата күмбезі сол кісінің қабірінін басына
салынған. Акад. Ә.Марғұлан осы аңыздың тарихи негізі бар деп санайды.
Үшінші аңыз бойынша, Баба Тукластын баласы Еділ — Жайыққа дейін келген,
оның Құтлубек атты ұлынан Едіге батыр туған. Ал "Едіге батыр" жырында Б. Т.
Ш. Ә. — сол батырдың тікелей әкесі ретінде суреттеледі. Халық арасындағы
аңызда ол су жағасында намаз оқып отырып, үш пері қызын көреді. Намазын
бітірген сон. әлгі үш қыздың біреуінің қолынан ұстайды. Қыз суға сүңгиді.
әулие де сүңгиді. Ақырында Б. Т. Ш. Ә. соған үйленеді. Қыз үш түрлі шарт
қояды: аяқ киімімді шешкенде аяғыма қарама. киімімді шешкенде қолтығыма
қарама, шашымды жуғанда, тебеме қарама дейді. Алайда, Б. Т. Ш. Ә. әлгі үш
шартты бұзады. Оны сезген пері: "Ішімде алты айлық балаң бар! Соны мен Көк
дария жағасындағы Күмкент деген жерге тастап кетем. іздеп тауып ал!", —
дейді де, аспанга ұшып кетеді. Б. Т. Ш. Ә. уәделі жерден құндақтаулы
нәрестені тауып алады. Айдалада туғандықтан есімін "Едіге" қояды. Қазак
шежірелерінің кейбір нұсқаларында ол Манғыт руынан деп айтылады. Едігенің
осы рудан шыққандығы негіз етіледі. Б. Т. Ш. Ә. нақты болған адам деген
бұлтартпайтын дерек жоқ. Сондықтан ғылымда ол мифтік бейне ретінде
қабылданған. Қазақ фольклорында ол әулие кейпінде суреттеледі. Батырлар
жырында бас кейіпкерлер қиналған кезде демеуші, аян беруші аруақ тұлғасында
бейнеленеді. Мыс, "Алпамыс батырда" Байберінің түсіне Б. Т. Ш. Ә. кіріп,
әйелінің бір ұл, бір қыз табатыны туралы аян береді, кейін Алпамыстың
демеушісі болады. Басына қиындық түскенде Б. Т. Ш. Ә-ге сыйынып, жалбарыну
дәстүрі халық арасында күні бүгінге дейін сақталган.
Әдеб:. Орлов А.С.. Казахский героический эпос. М—Л.. 1945; Жирмунский В.М..
Тюркский героичесюій эпос. Л.. 1972;Диваев Ә.. Тарту. А.. 1992; Мустафина
Р.М.. Представления культы. обрялы у казахов, А., 1992: Казак фольклорының
тарихилығы. А.. 1993.

Баба Түкті Шашты Әзіз мазары
БАБА ТҮКТІ ШАШТЫ ӘЗІЗ МАЗАРЫ — сәулет өнері ескерткіші. Созақ ауданы
Құмкент а. маңындағы ашық жерде, су қоймасының қасында орналасқан. Шойтасы
іргетас үстіне күйдірілген кірпіштен қаланған. Қасбеттік композицияға
құрылған бір үйлі мазар. Төртқырлық жұмыр мойындыққа орнатылған өнеглі
күмбезбен көмкерілген. Қас-беті тегіс, әшекейі жоқ таяыз әрі сүйір қуыс
жасалған ортасында кіре берісі бар, қос босағасында шағын бедерлі мұнара
орналасқан. Ішкі құрылымында шаршы үйдің өзегі бойынша сүйір арқалар
салынған, күмбез осы арқаларға тіреледі. Қабырғаларына сылақ жүргізіліп,
әктелген. Үйдің ортасына кірпіштен қаланған құлпытас орнатылған.

Бәйдібек

жатыр. Жер койнауынан по-лиметалл кені (Байжансай), әктас, құрылыс
материалдары барланған. Климаты континентті. Қантар айындағы жылдық орташа
темп-ра -4 — 6°С, шілде айында 25 - 28°С. Жылдық жауын-шашынның мөлшері
жазық бөлігінде 250 -300 мм, таулы өнірде 400-500 мм. Ауд. Аумағынан Шаян,
Арыстанды, Бөген, Боралдай, Бестоғай, Сасық-өзен өзендері және олардың
салалары Үлкен Бөген. Бала Бөген, Қошқарата, Құтыр, т.б. ағып өтеді.
Қазақта Б. а. тұсында Шаян өз-нде Қапшағай бөгеті салынған. Аудан жерінде
Арыстанды өз-нің бойында әйгілі Арыстанды — Қарабас желі соғады. Ауданның
батысындағы шөлдің ашық сұр, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыстың мақсаты Қазақстанның жеті кереметімен танысу
Туристік аудандардың қалыптасуының алғы шарттары. аумаққа рекреациялық баға берудің әдістемесі
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Туристік-рекреациялық ресурстардың бөлінуі
Тарихи - мәдени мұраларды қорғау және пайдалану
ДІНИ ТУРИЗМ ДАМЫУЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Туризмнің дамуы
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Ақтөбе облысының территориясына туристік - экскурсиялық маршрут жасау
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Пәндер