М.Әуезовтың «Көксерек» повесінің танымдылық сипаты



Кіріспе.

Негізгі бөлім.
2.1 М.Әуезовтың «Көксерек» повесінің танымдылық сипаты.
2.2 Әуезов «Көксерегі».реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтарі.
2.3 «Көксерек» повесінің көркемдік шеберлігі.

Әдебиеттер.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 сентябрьде Семей облысынын қазіргі Абай ауданында көшпелі малшының семьясында туды. Отбасы XIX ғасырдың бас кезінде Орта Азия жақтан кеп, тобықты руына сініп кетіпті дейді Мұхтар. Оның балалық шағы Абай ауылында өткен. Мұның өзі болашақ жазушы, ірі талант иесіне көп әсер еткен. Өйткені Мұхтар өзінің аса зеректігімен Абайдың көптеген өлеңдерін балдырған кезінде-ақ жатқа біліп айтатын болған. Абай өлеңдерін бар ынта, бар ықыласымен жинап, оны әлденеше рет көшіріп жазып, ерекше құрметпен сақтаған. Абай өлеңдерінің мазмұны Мұхтарға халық өмірін терең түсінуге, терең білуге баулыған. Сондықтан да Мұхтар бала кезінде-ақ халық ертегілері мен халық өлеңдерін көп тындап, одан көп үйренген, соның нәтижесінде халық тілінін бай мұрасын игеріп, оның сұлу да нәрлі қасиеттеріне шөліркей құлаш ұрған. "Осының бәрі болашақ жазушыға елін, Отаның казақ жерінін бай табиғатын сүюге, соны құрметтеуге үйреткен. Мұхтар 1961 жылы 18 июнь күні Есмағамбет Ысмайыловқа жазған хатында: «...Бірақ бәрінен де ұдайы сау, сергек кеудемен, әсіресе емірді таза, мол сүюмен өтіп келемін. Солай топшыласам күйгенімнен сүйгенім көп, түңілгенімнен де сенгіштігім көп, жиренгенімнен гөрі құмартқаиым көп, бүгінгі өмірді шабыттана сүюім, шексіз қызыға сүюім анық мол»1,— де-гені жоғарыда айтылған ойымыздын айқын айғағы еді. Жас кезінде алған осындай игі әсерлер онын творчестволық жазушылық қабілеттілігін оята бастайды. Соның өзі оған үлкен жол ашады, багыт сілтейді. Осындай талант иесі Абай аулындағы бастауыш мектепте оқып, оны 1908 жылы бітіреді. Бір жыл өткен сон, 1909 жылы Семейдегі бес класты училищеге келіп түседі. Оны 1914 жылы бітіріп, 1915 жылы Семейдегі мұғалімдер данындайтын семинарияда оқиды. Бұл семинарияны 1919 жылы бітіреді.
1.Нұрғалиев.Р. Күретамыр.-Алматы,1996.
2.Ахметов.Ш.Қазақ совет балалар әдебиеті.-Алматы,2000.
3.Көксерек әдеби тілінің ерекшелігі.-Қазақ тілі мен әдебиеті,2001,N2.
4.Шалабаев.Б.Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы.-Алматы,1997.
5.Бегелдин.Ә.Қазақ романы.-Ұлт тағлымы,2002, N6.
6.Қөркем әдебиет тілі.-Қазақ тілі мен әдебиеті,2004,N47
7.М.Әуезовтың шағармашылығы.-Қазақ әдебиеті,2000,4ақпан.
8. Шалабаев.Б.Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы.-Алматы,1997.
9.Бегелдин.Ә.Қазақ романы.-Ұлт тағлымы,2002, N6.
10.М.Әуезовтың шығармалары.Алматы,1962, IIIтом,140бет. ,
11.Досмұхамбетұлы Қ. Қазақстанның жоғары дәрежелі оқытушылар инсти- туты (мақала).— Еңбекші қазақ, 1926, 9 қыркүйек.
12. Көркем әдебиет туралы (мақала).— Қазақ әдебиетті 1997, 8, 9 тамыз.
13. Жанай мен Тоғай тілмаштің әңгімесі (әңгіме).—Тілші, 1991, 21 ақпан.
14.Ерғали (Алдоңғарұлы). Жазушылар мен көркем әдебиет (мақала). — Еңбекші казақ, 1996, 3 желтоқсан.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

2.1 М.Әуезовтың Көксерек повесінің танымдылық сипаты.

2.2 Әуезов Көксерегі-реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтарі.

2.3 Көксерек повесінің көркемдік шеберлігі.

Қорытынды.

Әдебиеттер.

Кіріспе.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 сентябрьде Семей облысынын қазіргі
Абай ауданында көшпелі малшының семьясында туды. Отбасы XIX ғасырдың бас
кезінде Орта Азия жақтан кеп, тобықты руына сініп кетіпті дейді Мұхтар.
Оның балалық шағы Абай ауылында өткен. Мұның өзі болашақ жазушы, ірі талант
иесіне көп әсер еткен. Өйткені Мұхтар өзінің аса зеректігімен Абайдың
көптеген өлеңдерін балдырған кезінде-ақ жатқа біліп айтатын болған. Абай
өлеңдерін бар ынта, бар ықыласымен жинап, оны әлденеше рет көшіріп жазып,
ерекше құрметпен сақтаған. Абай өлеңдерінің мазмұны Мұхтарға халық өмірін
терең түсінуге, терең білуге баулыған. Сондықтан да Мұхтар бала кезінде-ақ
халық ертегілері мен халық өлеңдерін көп тындап, одан көп үйренген, соның
нәтижесінде халық тілінін бай мұрасын игеріп, оның сұлу да нәрлі
қасиеттеріне шөліркей құлаш ұрған. "Осының бәрі болашақ жазушыға елін,
Отаның казақ жерінін бай табиғатын сүюге, соны құрметтеуге үйреткен. Мұхтар
1961 жылы 18 июнь күні Есмағамбет Ысмайыловқа жазған хатында: ...Бірақ
бәрінен де ұдайы сау, сергек кеудемен, әсіресе емірді таза, мол сүюмен өтіп
келемін. Солай топшыласам күйгенімнен сүйгенім көп, түңілгенімнен де
сенгіштігім көп, жиренгенімнен гөрі құмартқаиым көп, бүгінгі өмірді
шабыттана сүюім, шексіз қызыға сүюім анық мол1,— де-гені жоғарыда айтылған
ойымыздын айқын айғағы еді. Жас кезінде алған осындай игі әсерлер онын
творчестволық жазушылық қабілеттілігін оята бастайды. Соның өзі оған үлкен
жол ашады, багыт сілтейді. Осындай талант иесі Абай аулындағы бастауыш
мектепте оқып, оны 1908 жылы бітіреді. Бір жыл өткен сон, 1909 жылы
Семейдегі бес класты училищеге келіп түседі. Оны 1914 жылы бітіріп, 1915
жылы Семейдегі мұғалімдер данындайтын семинарияда оқиды. Бұл семинарияны
1919 жылы бітіреді.
Өнер-білімге шөліркеген болашақ жазушы, ірі талант иесі, дарынды Мұхтар
өз білімін одан ары тереңдете беру үшін іздену жолына түседі. Әр түрлі
кызметтерде бола жүріп, 1928 жылы Ленинград университетінін филологпя
факультетін, одан сон, Ташкенттегі Орта Азия университетінің
аспирантурасын бітірген.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов жазушылык кызметін.Семейдегі мұғалімдер
дайындайтын семипарияда оқып жүрген кезінде-ақ бастаған. 50 жыл бойы
сахнадан түспей келе жатқан өзінің Көсерек атты пьесасын жазып шыққан.
Осыдан бастап Мұхтар өзінін өмірінін, ақырғы минутына дейін үздіксіз енбек
үстінде болды. Ол өз өмірінін ішінде жиырма шақты пьесалар мен опера
жазды.
Мұхтар өзінің атақты Көксерек повесінде, алдымен әр алуан жабайы
жыртқыш азулы андардың мекен ететін. жерлерін суреттеуден бастайды.
Қара адырдың қарағаиды сайы .елсіз. Айналада қабат-қабат шұбар адырлар.
Жақын төбелердін барлығын аласа боз карағай, тобылғы басқан. Сай бойында
май айынын салқын лебі еседі. Бастары көгеріп, бүрленіп қалған қалын
қарағай жел лебімен сыбдыр-сыбдыр кағып теңселіп, ырғалып қояды.
Мақайдан жуалардың, жас шөптердің исі келеді. Ұзын кең өлкені қайтай басқан
карағанның ортасында терең, құр жар бар. Соның бас жағында итмүрынды қалың
арасында қасқыр іні бар. Жақын елге мәлім ескі ін. Жазғы салымнан бері соны
екі қасқыр келіп мекен етті....
Әңгіменің композициясы мен сюжеті оқиғадан оқиға тудырып, тез өзгереді.
Мұның өзі оқиғаның шапшаң дамуына себепкер болатыны байқалады.
Оқиғаның шапшаң дамуы тыңдаушысын дегбірсіздендіріп, енді не болар екен
дегендей ойға қалдырады. Жаңа ғана екі інді мекен еткен екі қасқырдық енді
бір сәтте балаларын коректендіру үшін қозы әкеліп жеп жатқаны суреттелген:
...Қозы екі қомағай ауыздың кергісінде қан жоса болып дар-дар айрылды.
Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды. Қапаш-құпаш, қорқ-қорқ етіп, қомағай қанды
ауыздар асайды. Тұмсығы мен бастары, мойын жүндері қыпқызыл болған
касқырдың жасыл көздері от шашады.
Мұның өзі жоғарыда айтқанымыздай оқиғадан оқиғаның тууын байқатады. Сөз
зергері жыртқыш аңдар мекенін қалай әсерлі суреттесе, олардың ашқарақ
қомағайлығын одан да гөрі әсерлендіре түскен. Жан түршігерлік осындай
көріністер жас оқушыларының еркін билеп, олардың төбе шаштарын тік
тұрғызады. Жыртқыш аңдар мекені мен олардың күн көрісі бірден-ақ
айқындалып, осы бір жанды көрініс жас өспірімдердің кез алдында
тұрғандай, жас қозыға жаны ашып, оқиғаға ездері де араласып кеткендей
болады. Өйткені мұны да азсынғандай, соңынан бөлтірігінен айрылған екі
қасқыр ашулы ызамен маңайдағы елдерді күндіз-түні у-шу қылып, азан-
қазан етеді. Қойларын жаралап, қозыларын алып қашады. Өрістегі
бұзауларды жарып, далада құлындаған биелердің бірнеше құлындарын жеп
кетеді-Мұнда күрделі екі мәселенің қатар тұрғаны балалар ерекше әсер
етеді. Оның бірі жыртқыш андар озбырлығы болса, екіншісі қазақ жерінің
сұлу табиғаты мен қаймағы бұзылмаған ел байлығының сөз болуы. Жаратылыстың
көркем көріністерін сондайлық әсерлі суреттеудегі зергерінің мақсаты тек
қана сол әсем көрініске зер салып қоюды ұқтыру емес, ол сонымен қатар одан
эстетикалық нәр алып, соны сезіну, сондағы бар байлықты құрметтеу қадірлеу
жағына үйретуді көздейді. Жаратылыстағы көркемдік пен ондағы бар байлықты
пайдалану үшін алдымен оны білу керектігін мегзейді. Мұның өзі түптеп
келгенде өз өлкеңдегі бар байлықты құрметтеуге, оны қадірлеуге, сақтай
білуге баулиды.
Әнгіме кейіпкері кішкене Құрмаштын асырап алған Көксерегі болғандықтан, сөз
зергері оны әлі де айқындай түсу үшін бөрі бөлтірігі өз қасында тұрғандай,
оны жетегінде ұстатқандай суреттейді: ...Жетілмей келе жатқаң тісі ғана.
Көксерек арлан еді. Сондықтан бұның бойы биіктене береді. Әлі тұрқы шығып
ұзарған жоқ. Барлық жүні қара-көк, жотасы күдірейіп, аузы омыртқа мен
құйрығына шейін түп-тұтас болып, күлдіреуіштей сүйірленген бір бітімі бар.
Өзі ешкімге ізденіп соқтықпайды. Ит баласына заты қастай, жібімейді. Әлі
күнге бір рет жадырап, ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз-ақ атын
біледі... Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді.
Мұхтар бұл жерде жас организмнің жетілу жайын сүреттей келіп, соған
байланысты оның мінез өзгешеліктерінің, жыртқыш аңдар психологиясының
бірден-бірге қалыптасу, өзгеру жолдарын аңғартып отырады.
Осының өзі қолға үйренген байырғы хаиуанаттардан гері қолға үйренбеген
азулы жыртқыш аңдарда болатын психологиялық өзгешеліктерді танытады.
Оны жастайынан қанша бақса да, күтсе де, тіпті Құрмаш оны өзімен бірге
қойнына алып жатса да, сызданып суықтана беруі жас оқушысын таң-тамаша
етеді, ойға қалдырады. Көксеректің қолға үйренбеуі Құрмаш түгіл үлкен
кісілердін өздеріне де ой тудырады. Ол жайында: Түнде қозының құйрығын
иіскелеп жүреді. Қойды үркіте береді. Түнде даланы жақсы көреді,— деген
сияқты ауыл адамдарынын күдіктері Көксеректір мінезіне байланысты туған
Осының себептерін білу де балалар үшін өмір танытарлық үлкен сабақ. Өйткені
Көксеректің сыртқы портретінің әсерлі суреттелуінен азулы жыртқыш аңдардың
жай ғана көрінісі емес, мұнда соның мінезі мен өсу процесінің дамуы
көрініп отырады. Сонымен қатар бірден-бірге өріс алып бара жатқан оқиға
сюжеті әңгіменің ішкі құбылысын айқындай түседі. Осыған байланысты жас
оқушы да Көксеректің алдағы тағдырын аса қызыға бақылап, әңгіменің
бағытына, зерсалады. Көксерек олар үшін әңгімедегі ең басты тұлға болып
көрінеді. Екіншіден, Көксерек оқиғасының жетегіне де ере отырып, оқушы
жаратылыс құбылыстарында болатын өзіне белгісіз әр алуан өзгешеліктерді
байқайды. Кейіпкерлердің бастан кешірген бірталай қиыншылықтарына бірде
сүйсініп, бірде күйініп отырады. Көксерек иесінен безіп, адырға шығып
кеткендегі оның тағылық қылығын сөз зергері былай суреттеген:
...Қатты аяздан тұмсығының ұшы, азуы ашып, шыдатпай тоңа
бастайды. Табанынан өткен ызғар да аяқтарын қарып, катырып барады. Қайта
жорытып адырға шықты. Алғашқы рет амалсыздан көкке қарап аузын ашып,
ышқынғанда ішінен зор дауыс шықты. Күтпеген дауыс. Көксеректің ең әуелгі
ұлығаны осы еді. Қарлы, әлсіз адырды басына көтеріп дауыс салды. Тынбай
ұзақ-ұзақ уақыт ұлыды... Шығарманың бұлай суреттелуі балаларды ойға
қалдырады. Өйткені Көксеректің асырауға көнбеу себебі, күтімді керек
етпеуі неге байланысты екені — олар үшін жұмбақ. Осының бәрі де оқиғаны
бірден-бірге шиеленістіріп, ол шарықтау шегіне жеткенге дейіп үрей
тудырады.
Касқырды қалай бақсаң да орман ішіне қарай жалтақтай береді деген
сияқты, Көксерек өзінің тағылық жолына түсіп, Құрмаштан безіп кеткені,
қолға үйренбеуі оның жаратылысы, өмір сүру жолы о баста солай бейім-
делгеніне байланысты екені енді жас өспірімдерге бірден-бірге айқындала
береді. Оқушысын ойға қалдыратын бір жағдай — Құрмаш пен Көксерек
арасындағы байланыс мәселесі. Жақсылықтан басқа еш нәрсе жасамаған
Кұрмашқа Көксерек кездесе қалса, ол қанша тағы болса да үйреткен адамына
қауіп-қатер жасамас деген талас ой туады. Оқиғаның шешіміне жеткенге дейін
осы ойдан арылмай отыратын оқушы Көксеректің пиғылын, онын тағылық
әрекеттерін байқаумен болады. Әңгіменің ең үлкен түйіні осында.
Повесте оқиғаның болған жері әр жыл мезгілдерінде қандай жағдайда
болғанына дейін, тіпті хайуанаттардьш түс-таңбалары, оның мінез
өзгешеліктеріне дейін айқын көрініп, көз алдыңда тұрғандай рет-ретімен
сипатталады. Ізіне түскен ауыл адамдарына әбден өшіккен Көксерек өзінің
серігі ақ қасқырдан, оның бөлтіріктерінен айрылған соң, бұрынғысынан да
бетер ашына туседі: ... Сонымен қуғын күні Көксерек түні бойы ақ қасқырдың
ізіне түсіп жортып еді. Бір төбенің бойына келгендеиіс те, із де иісте
бітті. Серігінің исі жоқ; оның орнына ет, адам исі мол білінеді. Ағып ұйып
калған қан көрінеді. Азғана иіскелеп, бір рет жалап дәмін де көрді. Түн
бойы көп ұлыды, таң атканша жер тарпып, шаң боратты, ыңырсыды, аунады. Ай
астында әрлі-берлі сенделіп, көп аяңдап жүрді. Қасында көлеңкесі ғана жүр
еді. Тағы да жалғыз жортуылға түсті... Көксеректің ауыл үйде Құрмашпен
бірге жүргендегі тағылық белгілері мен мінез өзгешеліктері бір түрлі
суреттелсе, ал енді әбден кемеліне келіп, өсіп жетілгендегі нағыз жыртқыш
аңдарға тән психологиясы мүлде бір басқа.
Бұдан ары жазушының шеберлігіне сүйсініп, оқиғаның жетегіне еріп,
Көксеректің алдағы тағдыры немен аяқталатынына одан бетер қызығасың. Бірақ
бұл қызығу көпке созылмайды: зор өкінішпен, қайғымен аяқталып, Құрмаштың
трагедиялық өлімімен тынады. Жаман адамды бақсаң, аузы-мұрныңды қан етеді.
Жаман сиырды бақсаң, аузы-мұрныңды май етеді дегеннің керін келтіріп,
Көксеректіқ Құрмашты ат үстінен жұлып түсі-ріп, елсіз далада жеп кетуі
естен қалмас касіреттей мәңгілік ойда қалады. Ит атасын танымас деген осы
да деп, еріксіз бармақ тістетіп, бас шайқатады.
Қураған-ай, неңді алып ем!.. Не жазып едім?.. Бауырыма салып өсіргеннен
басқа не қып еді менің құлыным?!—деген Құрмаштың әжесінің елді тегіс
күңіренткен өксігі, Көксеректі басқа тепкені, қарсы алдында болып жатқан
жанды көріністей көз алдыңнан кетпейді.
Оқиға желісі жас оқушыны қызыға тыңдатумен қатар, олардың ой-қиялының, өз
пікірлерінің дамуына жол ашады. Кейіпкерлердің мінез-өзгешеліктерін,
жаратылысын түсінуге баулиды.
Құрмаштың өлімі трагедиялық өлім болып аяқталғанмен, жас оқушының
көңілінде жақсылықтан басқаны ойламаған аяулы адал жанның бейнесі калады.
Көксерек повесі жас өспірімдерге өмір танытарлық1 осындай оқиғаларды
суреттеп берумен катар, оларға Казақ халқының ана тіліндегі бай мұра мен
оның сұлу да көркем құрылысымен таныстырады, ана тіліне деген
сүйіспеншілігін арттырып, сөз байлығын молайта беруге жәрдемдеседі.
көне халықтың бүгінгі түлеу, қанат қағу кезеңінде өмір сүріп отырған
суреткері өз елінің тұрмысындағы ашық бояу — айқын колоритті көрмесе,
бейнелей алмаса, несіне жазушы атанбақ.
Әйгілі Көксерек. Ертеректе жат сарынды туынды деп кінә тағылса бүгін
шедевр, жауһар деп аузымыздың суы құриды. Керемет! Ғажап! Неге керемет,
неге ғажап? Өзі бес саусағындай білетін, екі күннің бірінде көз алдынан
өтіп жататын тірлік суретінің қыр оқырманы үшін жаңалық болған себебі не
екен? Түлкі — қу, қасқыр — қорқау, бүрікіт — қыран кейпінде, бір-ақ қырынан
бейнеленетін, эпостың ескі ооқпағын бүзған Мұхтар Әуезов реалистік
әдебиеттердің жақсы сабақтарына әбден ден қойған.
Бір объектіге бару алдында оны зерттеуші көзімен тексеріп, ыждағатпен
байыптап, алатын, қалт жібермес машығын ескерсек, Әуезовтің мәшһүр жазушы
Эрнест Сетон — Томпсон творчествосымен таныстығы ешқаидай шәк келтірмейді.
Зоология саласындағы үздік еңбектері үшін алтын медаль алған сұңғыла
ғалым Э. Сетон-Томпсон ұзақ тірлігінде (1860 жылы туған) оқырман
сүйіспеишілігіне бөленіп, жаһан әдебиетінде қызықты бет болып қалған
Қуғындағылар, Қаһармандар, Аюдың өмірі, Жорға атты кітаптарына
қасқыр, аю, бұғы, мысық, қоян, торғай, сілеу-сін, ит хикаясын арқау етті.
Шығарма мәнін аша түсетін барлық суреттер де жазушының өз қолынан шыққан.
Оның туындыларында әлі шырқы бұзылып үлгірмеген өткен ғасырдағы Канада
табиғатының исі аңқып тұрады. Иен өңірді жайлаған жан-жануар тірлігі бәз
қалпында, білгірлікпен суреттеледі. Э. Сетон-Томпсон—аңшы. Әр шығармасының
өмірлік материалын қолмен ұстап, көзбен көрген. Деталь дәлдігі, объектіні
өте терең сезінуі таңқалдырады. Жазушы стилінде композициялық-сюжеттік тап-
тұйнақтылықтан гөрі, еркіндік, ыңғайға қарай көсілу басым. Автор көбіне өз
атынан баяндайды. Оқиғаға аяқ астынан килігу, өз байламдарын айту шеберлік
талаптарына нұқсан келтіретіні де рас.
Жазушының натуралистік суреттерді қуып кетпей,мәнді идеяға ұмтылуын
Лобо әңгімесінен көруге болады, Лобо — қасқырдың аты. Төңіректегі
малшыларды қан-қақсатып, зар илеткен қандыауыз топтың көкжал басшысы.
Салған у, атқан оқ, қосқан иттің бірі дарымайды оған. Өлексеге пысқырып та
қарамайды, жарып жейтіні — мал, қулық-сұмдыққа төселіп, жырынды боп алған
көкжалға тыйым жоқ секілді. Әбден амалы таусылып, титықтаған аңшы ең ақыры
қақпанмен Аққаншықтың сілесін қатырған. Аяғын кесіп алып, әрбір қарға адым
жерге құрылған қақпандар маңына із салады. Сықарын, мұңдасын иісінен сезген
Лобо хауіп-қатерді естен шығарып, елім тырнағына ілігеді. Сәкен поэмасында
бір аққу үшін бір аққу құрбан болса, мына әңгімеде де сол сарын бар.
Қызылөзен бойындағы үңгірде адам қолына түскен сегіз күшіктің біреуінен
басқасының түгел қылтасы қиылады. Жетім жалғызды трактіршінің ерке ұлы Джим
асырай бастайды. Мойнын шынжыр кескен, босап кетсе иттердің талауына түскен
ызалы күшік қасқыр боп өсіп келе жатыр. Ұяластарын мерт қылған, өзіне де
талай теперіш көрсеткен Польдің түбіне жетеді ақыры. Бұл — Винипег
-қасқыры әңгімесінің ұзын-ырғасы.
Э. Сетон-Томпсон шығармаларында жануарлар өмірі сырт көздің қабылдауы,
бағалауы арқылы бейнеленеді. Қасқыр, аю, бұғы — өзі не сезді, не түсінді,
бүл көп ретте суреткер назарынан тыоқары қалады. Оның творчествосы түтастай
алғанда натуралистік өреден шідер үзіп, ұзап, алысқа кете алған жоқ.
Дәл бір кітапқа арқау ету үшін тағдырдың өзі әдейі шырғалаңға салғандай,
аз уақытта қат-қабат тірлік кеш-кен Джек Лоңдонның жануарлар жайлы
шығармаларында адам мен табиғат, адам мен хайуанат дүниесі арасындағы өте
күрделі байланыс жан-жақты суреттеледі. ¥зақ көлемді, мол оқиғалы Ақазу
романын алыңыз. Композициялық тұрғыдан шығарманың төрт бөлімі бір-біріне
жымдаса қиысып берілмегендігін аңғару қиын емес. Қысқа қайырар, түйіп
тастар жерлердің созылып, тым шүбалаңдап кеткен реті мол. Хайуанаттар
өміріндегі күйлерді талғамай адам қоғамына тели салу да баршылық. Басқа да
олқылықтарды көрсетуге болады. Не десе де әлем әдебиетінде Ақазу сынды
әйгілі туынды санаулы ғана.
Қақаған аязда, қасқыр қамаған меңіреу теріскейде ит жеккен шанамен жолға
шықіқан екеудің халі мүшкіл-ақ. Көнтерлі жандар бұл екеуі. Достарының
сүйегін тастамай алып келе жатыр. Сөйтіп жүріп Билл қасқыр аузында кетті.
Қандыауыз қоршауында, тірлік үшін майдан салған Генридің жанкештілігі көз
алдынан кетпейтін трагедиялық картина болып сақталып қалады.
Нағыз сойқан, қасқырлар дүниесінің қансоқтасы екінші бөлімде
бейнеленген. Бұл тарауды жеке аяқталған шығарма ретінде қарау ерсі емес.
Жолындағыны түгел жайпап, тапап, атой салған ұялы бөрі. Жалғызкөз бен
Көкқасқыр әуелде топ басында қатар жүрген. Дұшпанға бірге
аттанып, қызылға бірге бас қойған. Оның бәрі қазір ұмыт. Ырылдасып қап,
шайнасып қап жүріп, ақыры бірін-бірі тарпа бассалды. Не ол, не бұл!
Талайдың басын жұтқаң кәрі жайын бұл жолы да олқы соқпас-ау, әлгінде ғана
ой-нақ салған үш жасар Көкқасқырдың түте-түте жүні қал-ды, артында еріп
жүрген көп бөрі дал-дүлын, парша-лар-шасын шығарып сүйек-саяғына дейін
жеп қойды.
Жалғызкөз ит пен қасқыр үлығуынан туған дүрегей қаншық — Кичиге енді
емексіп, жұғыса береді. ДжекЛон-дон қасқыр әлемін бейнелеуде Жалғызкөз
бен Қичидің күшігін шебер пайдаланған. Күшіктің көзін ашқаннан бас-тап
дүниені іқабылдауы өз түйсігі, өз ибстинкті арқылы бей-неленеді.
Асығыстық, бірді айтып, бірге кету, әр шөптің басын шалу жоқ, сатылы
жолмен, заңды түрде табиғат перзентінің қоршаған орта сырын ашуы, кім
дос, кім жау екенін аңғаруы аян болады.
Көк бөлтірі.ктің жаңа өмірі индеецтер қолына түокеннен кейін басталған.
Ендігі аты—Ақазу. Иттердің кергісінде қыспақ, тепкі көріп өсіп келеді.
Бар мақүлық бас иетін, бар жаһанды бағындырған ие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезов әңгімелерінің көркемдік ерекшелігі
Қасқыр бейнесінің поэтикасы
Қазақ ертегілеріндегі қасқыр бейнесі
М. Әуезовтың өмірі мен шығармаларын орта мектепте оқытудың өзіндік ерекшелігі
Қазақ повесі (генезис, эволюция, поэтика). Монография
Касқыр ұлыған түнде туындысымен сабақтастыра оқытудың тиімді жолдарын көрсетіп, тақырыптас шығармаларды оқытудың әдістемесін жасау
Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы тарихи шындық
Мұхтар Әуезов шығармаларының ерекшелігі мен орта мектепте оқытылу мәселелері
20-30 жылдар прозасындағы астарлы мағына және құпия сырлар
Қазақ әңгімелеріндегі заман шындығы
Пәндер