Құқықтық мемлекет жайлы



Азаматтық қоғамның орнығуының басты шарттарының бірі-мемлекеттің құқықтық сипат алып, әлеуметтік мазмұнға ие болуы.
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ- құқықтық үстемдігімен, заңның жоғары құдіретімен, барлық азаматтардың құқығы мен бостандығын мойындап құрметтеумен, оған мемлекет тарапынан кепілдік берумен сипатталады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері мыналар:
1. Қоғамда құқықтың үстемдігі, оның мемлекеттен де биіктігі. Құқық-қоғам өмірінің түп негізі, анықтаушысы. Ол мемлекет конституциясында бекітіледі де, басқа барлық заңдар мен нормалардың, жарлықтардың өзегіне айналады.
2. Мемлекет, оның органдары, лауазымды қызметтегі адамдар, түрлі ұйымдар және барлық азаматтар тегістей заңға бас иеді, заңға бағынады. Заң алдында барлығы да жауапты, барлығы да бірдей. Заңды сыйламайтын ел-берекесіз ел. Сүлеймен пайғамбар аитыпты деген мынадай сөз бар: «Заңға бағынбайтын елде бастық көп болады». Әрине, құқықтық мемлекеттегі кез келген заң-өмір шындығымен қабысып жатқан, іске асыру, орындау тетіктері анық нақтыланған әділ де ізгілікті, көпшілік қауымның көңілінен шығып, қолдау табатындай, оның өмір-тіршілігін, түпкілікті мүддесін бейнелейтіндей сапалы болуға тиіс. Әйтпесе заңнан әрі бедел кетеді, әрі орындалмай қағаз бетінде қалады, содан келіп берекесіздікке жол ашылады.
3. Құқықтық мемлекет жағдайында адамның құқығы мен ар-ожданы құрметтеледі, мемлекет тарапынан қорғалып, кепілдік беріледі. 1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған бүкіл дүниежүзілік мәні бар «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» деп аталатын құжатта былай деп

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

Азаматтық қоғамның орнығуының басты шарттарының бірі-мемлекеттің
құқықтық сипат алып, әлеуметтік мазмұнға ие болуы.
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ- құқықтық үстемдігімен, заңның жоғары құдіретімен,
барлық азаматтардың құқығы мен бостандығын мойындап құрметтеумен, оған
мемлекет тарапынан кепілдік берумен сипатталады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері мыналар:
1. Қоғамда құқықтың үстемдігі, оның мемлекеттен де биіктігі. Құқық-
қоғам өмірінің түп негізі, анықтаушысы. Ол мемлекет конституциясында
бекітіледі де, басқа барлық заңдар мен нормалардың, жарлықтардың
өзегіне айналады.
2. Мемлекет, оның органдары, лауазымды қызметтегі адамдар, түрлі
ұйымдар және барлық азаматтар тегістей заңға бас иеді, заңға
бағынады. Заң алдында барлығы да жауапты, барлығы да бірдей. Заңды
сыйламайтын ел-берекесіз ел. Сүлеймен пайғамбар аитыпты деген
мынадай сөз бар: Заңға бағынбайтын елде бастық көп болады. Әрине,
құқықтық мемлекеттегі кез келген заң-өмір шындығымен қабысып жатқан,
іске асыру, орындау тетіктері анық нақтыланған әділ де ізгілікті,
көпшілік қауымның көңілінен шығып, қолдау табатындай, оның өмір-
тіршілігін, түпкілікті мүддесін бейнелейтіндей сапалы болуға тиіс.
Әйтпесе заңнан әрі бедел кетеді, әрі орындалмай қағаз бетінде
қалады, содан келіп берекесіздікке жол ашылады.
3. Құқықтық мемлекет жағдайында адамның құқығы мен ар-ожданы
құрметтеледі, мемлекет тарапынан қорғалып, кепілдік беріледі. 1948
жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы
қабылдаған бүкіл дүниежүзілік мәні бар Адам құқықтарының жалпыға
ортақ декларациясы деп аталатын құжатта былай деп жазылған: Барлық
адамдар жаратылысында азат, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең
болып туады. Олардың басында-ақыл, бойында-ар болғандықтан бір-
біріне туысқандық ықыласы болуға тиіс (1-бап). Одан әрі: Әрбір
адам өмір сүруге, еркін болуға және жеке басына ешкімнің қол
сұқпауына құқылы,-деп (3-бап) атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет орнықтыруды басты мақсат
ретінде алдына қоя отырып, өзінің Ата заңының Адам және азамат деп
аталатын екінші бөлімін Адам құқығы мен бостандығын құрметтеу және қорғау
мәселелеріне, оның азамат есебіндегі міндеттерін саралауға арнаған. Онда
былай деп көрсетілген: Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан
жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар
мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған
қарай анықталады (12-бап, 2-тармақ).
4. Мемлекет пен жеке адамның өзара жауапкершілігі танылады. Мемлекет
әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын конституцияға сәйкес
қорғауды мойнына алып, кепілдік береді. Согымен бірге әрбір Адам
азамат есебінде мемлекет алдында жауапты. Мәселен, еліміздің Ата
заңында былай деп көрсетілген: Әркім Қазақстан Республикасының
Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын,
бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті (34-
бап). Сондай-ақ Қазақстан Республикасын қорғау-оның азаматының
қасиетті парызы және міндеті. (36-бап). Ұлтаралық татулықты
бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады (39-бап,
2-тармақ).
5. Біртұтас мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарына бөлінеді де, олардың іс-қимылының ұйымдасуы, қызмет
атқаруы өзара тежемелік және тепе-теңдік жүйесіне негізделеді.
Қазақстанды мысалға ала отырып бұл принциптің мән-мағынасын жоғарыда
көрсеткен болатынмын.

Азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің мәндерін ашу барысында
олардың өзара өте тығыз байланыста екеніне көз жеткіземіз. Шынында да,
азаматтық қоғам тек құқықтық мемлекет жағдаыйында толық толық мағанасына ие
болып, өмір сүріп, қызмет атқара алады. Сондай ақ азаматтық қоғам
жағдайында ғана мемлекет құқықтық мәнге ие болады құқықтық үстемдігін тұтас
қоғам мойындап, заңның билік мәртебесін орнықтыруға болады.
Егемендік жолына түскен Қазақыстан мемлекеті бүгінде жаңа
Конституцияны негізге ала отырып, айтарлықтай терең саяси реформалар
жүргізу барысында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнықтыру жолында
игілікті қадамдар жасап, едәуір нәтижелерге қол жеткізгенін ауыз толтыра
айтамыз. Алайда, осы арада танымдық үлкен мәні бар тағы бір сұрақ ойға
оралады. Біздің еліміздің бұрын соңды тарихында азаматтық қоғам мен
құқықтық мемлекеттің бой көрсеткен кездері болған ба еді?
Бір данышпан Өткен уақыт-үнсіз мүлгиді, келер уақыт баяужылжиды, ал
бүгінгі күн құйындай ұйтқиды-деген екен. Сол уақыттың арасында ел тарихы
үшін ерекше айтулы кезең бар. Ол-Қазақстан мемлекеттігінің туған мерзімі,
1456 жылы Қасиетті бабаларымыз Керей мен Жәнібек сұлтандардың бастауымен
Қазақ Хандығының құрылғанына 540 жыл толып отыр. Содан бергі уақытта ел
тағдырында елеулі із қалдырған небір өнеге мемлекет басқару дәстүрлері
болғанын енді ғана біліп жатырмыз. Қасым салған-қасқа жол, Есім салған-
ескі жол деген нұсқалар сонны білдірсе керек. Қазақ мелекетінің шығыстан
Жоңғарлардың мезгіл-мезгіл түртпектегеніне қарамай, шарықтап дамыған,
тұтастығы артқан, халқы мамыржай өмір сүрген кезең XVII ғасырдың аяғы мен
XVIII ғасырдың басындағы Әз Тәуке Ханның билік құрған тұсы. Тәуке Ханның
атағы оның әйгілі Жеті Жарғысы арқылы тарихта танымал. Жеті Жарғы елдің
ішкі өмір тіршілігін реттеп отыратын заңдар жинағы екені белгілі. Ең
бастысы-Жеті жарғы сол дәуірдегі қазақ қоғамын шынайы бейнелеп, өмірге дөп
қабысады, әділдігімен, нақтылығымен ерекшеленеді. Сондықтан да оның
ережелері өмірге әбден еніп, санаға сіңген, жұрттың бәрі қабылдап, салтқа
ғұрыпқа айналып кеткен. Атақты грек ғалымы Пифогор: Жақсы жасалған заңнан-
жақсы салт артық. Ең басты заң - салт-сана... депті. Менің ойымша осы Жеті
Жарғының дәуірі-қазақ жұртында азаматтық қоғам мен құқықты мемлекетті
орнықтырған тарихи кезең еді. Одан әрі 1718 жылы Тәуке Хан дүние салып, көп
ұзамаи Жоңғар шабуылы басталып, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның
уақыты уақыты туғаны тарихтан белгілі.
Демократиялық бағыт ұстаған мемлекеттің қанат жайып өркендеуі даму
болашағы азаматтық қоғам орнатумен және өзінің құқықтық сипат алуымен тығыз
баиланысты.
Азаматтық қоғам-жеке адамның сұранымдары мен мүдделерінің жарыққа
шығып, қалыптасуына және олардың жүзеге асуына жағдай туғызатын мемлекеттен
тәуелсіз, дербес қоғамдық қатынастар мен институттар жүйесі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің
Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде,-деп аталатын еңбегінде
азаматтық қоғамды былай деп сипаттап, анықтама береді: Жаңғыру-дамыған
азаматтық қоғамның қалыптасуын көздейді. Ал бұл ең алдымен адамдардың
ерікті түрдегі бірлестіктердің жиынтығын: отбасын, қоғамдық ұйымдарды,
діни, мәдени, шаруашылық бірлестіктерін, кәсіптік одақтарын және тағы
басқаларын өз бойына жинақтайды. Олардың ортақ сипаттамасы-бұ шын мәніндегі
ерікті, мемлекеттік емес және саяси емес ұйымдар болып табылады. Бұл
ұйымдардың бүкіл жеке өмірі, белгілі бір әдет-ғұрыптары, дағдылары мен
құқықтары. Бұл өмірдің сырт көздің араласуын қажет етпейтін саласы.
Азаматтық қоғамның басты қозғаушы күші, субьектісі өзіне тән
сұранымдары мен мүдделері бар Адам болып табылады. Демек, Адам мұнда шешуші
басты тұлға. Оның мақсат-мүддесі мен талап-сұранымдарының қанағаттандырылу
деңгейі азаматтық қоғамның өлшемі (критерий) болып табылады. Адам арқылы
ғана түрлі қоғамдық қатынастар азаматтық қоғамға келіп тоғысады.
Тарихи тұрғыдан алғанда азаматтық қоғам – мемлекеттен әлдеқайда бұрын
пайда болады. Ол алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдардың түрлі
қарапайым бірлестіктері түрінде қалыптасады. Белгілі кезеңде азаматтық
қоғамөз мүдделерін қорғау қажеттігіне байланысты мемлекетті дүниеге
әкеледі, оған әл-ауқат беріп қанаттандырады, билік тұтқасын ұстатады, оның
құқықтық нормалар орнықтырып, заңдар қабылдап, өзіне қызмет істеуіне
мүмкіндік туғызады. Алайда уақыт озған сайынмемлекет күшейе түседі, оның
ықпалы мен пәрмені ұлғаяды, бірте-бірте азаматтық қоғамның аумағын бүріп,
тынысын тарылта түседі. Сөйтіп өзі тудырған өзі дүниеге әкелген мемлекет
енді азаматтық қоғамды қысымға алады, ығыстыра бастайды. әрине, азаматтық
қоғам да мемлекетке қарсы айбын көрсетеді, түрлі қоғамдық қозғалыстар,
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қысым жасайды. Қысқасы азаматтық қоғам
мен мемлекет арасындағы қатынас қаишылыққа толы диалектикалық байланыспен
сипатталады.
Демократиялық қоғамда азаматтық қоғам мен мемлекет бірін-бірі
қуаттайды,бірін-бірі қажет етеді, үнемі келісімде болады. Ал тоталитарлық
қоғамда мемлекет азаматтық қоғамды жұтып қояды. өмірдің барлық саласы қатаң
мемлекет бақылауында, азаматтық қоғам нышандары жанышталып қойылған.
Мәселен, Кеңес өкіметі билеген жылдары біз тоталитарлық саяси жүйе
шеңберінде өмір сүрдік, азаматтық қоғамға онда орын болған жоқ. Азаматтық
қоғам деген ұғым қазір бізге мүлде жаңа түсінік секілді көрініп жатқан
себебі де сол. Қазір дербес тәуелсіз даму жағдайында Қазақстанда азаматтық
қоғам қалыптасып келеді. Оны орнықтыру болашақ үлкен мақсатымыз. Бұл
жөнінде конституциямызда да айқын көрсетілген.
Сонымен азаматтық қоғамның өмір сүруінің негізгі шарттары мыналар:
1. оның мүшелерінің нақты меншік иесі болуы, ол меншікті өз қалауынша
пайдалануы. Басқаша аитқанда меншік азаматтық қоғамдағы әрбір адамның
бостандығының түп негізі.
2. қоғамда көп түрлі әлеуметтік құрылымның және соған сәйкес сан түрлі
мүдделерінің бой көрсетуі.
3. Адамдардың әлеуметтік зерделік даму дәрежесінің жоғарылығы. Мысалы,
быз кешегі бодандық дәуір діңкелетіп кеткен құлдық психологиясынан
арылмай толықанда азаматтық қоғам құрамыз деуіміз бекершілік екенін
түсінуіміз қажет.
Енді азаматтық қоғамның құрылымы қандай деген мәселеге келейік
1. Экономика саласында оған мемлекеттік емес кәсіпорындар мен шаруашылық
бірлестіктері жатады (кооперативтер, акционерлік қоғамдар,
корпорациялар, ассоциациялар, жеке меншік кәсіпорындар, ұжымдық
шаруашылықтар және т.б. )
2. Әлеуметтік салада отбасы, мешіт, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар,
тәуелсіз басылымдар, өзін-өзі басқару органдары, шығармашылық,
кәсіптік, т. б. одақтар кіреді. Аталған құрылымдарға ықпал жасау
азаматтық қоғам мемлекет арасындағы қайшылықтың мәні болып табылады.
Азаматтық қоғамның негізгі функциялары:
1. Азаматтардың мүдделері мен игілік-қазыналарының қорғалуын қамтамасыз
ету, олардың жеке және қоғамдық өміріне мемлекеттің орынсыз араласып,
өз өктемдігін тықпалай беруін шектеу.
2. Қоғамдағы мүсәпірлер мен кембағалдардың күнкөрісіне азды-көпті жасауы.

3. Түрлі партиялар мен қозғалыстар ұиымдар арқылы мемлект саясатына
араласып, ықпал жасау, өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ СОТ БИЛІГІ
Құқықтық мемлекеттегі негізгі заңның ерекшеліктері
Шетелдердің конституциялық құқығы пәнінен дәрістер
Конституциялық құқықтың негіздері
Қазақстан Республикасының сот билігі
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
Шетелдердегі адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесінің негіздері
Құқықтық қатынас түсінігі және оның элементтері
Құқық түсінігі және қоғамдағы рөлі
Адам құқығы мәселесінің халықаралық қатынастарға тигізер әсері
Пәндер