Психиканың рефлекторлық сипаты


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Психиканың рефлекторлық сипаты

Адам анатомиясын зерттеген жаратылыстанушылар мен Дәрігерлер ежелгі дәуірлерде-ақ психикалық құбылыстардың ми қызметімен байланыстылығы жөнінде болжам айтқан, әрі психикалық сырқаттарды сол ми қызметінің бұзылу салдарынан деп топшылаған. Мұндай пікір, көзқарастарға жарақат немесе сырқаттан зақымданған адам бас миына бақылаулар негіз болған. Осындай сырқаттарға кезіккен адамның психикалық қызметі күрт бұзылысқа келеді: көзі көрмейді, құлақ естімейді, ес, ойлау, сөйлеу қабілеті кемиді, кейде өз қозғалысын басқара алмай қалады және т. б. Осы психикалық әрекет пен ми жұмысының барасындағы байланысты ашу психиканы ғылыми зерттеудегі алғашқы қадам ғана болды. Бұл әлі психикалық іс-әрекет негізінде қандай физиологиялық механизмдер жатқанын сіңдіріп бере алмайды.

Психологиядағы бұл ғылыми мәселе өз шешімін қарай психикалық іс-әрекет түрлерінің рефлекторлық шартына байланысты ғана табуы мүмкін. Бұл проблеманы айқындауда орыс ғалым-психологтары М. М. Сеченов (1829-1905) пен И. П. Павлов (1849-1936) көп еңбек сіңірген. М М. Сеченов өзінің әйгілі "Бас ми рефлекстері" (1863) еңбегінде рефлекторлық принципті адамның бас миы қызметіне, одан әрі барша психикалық іс-әрекетіне жая қолданды.

Психикалық қызметті сыртқы ықпалдардан да, адам қылық-әрекеттерінен де бөліп қарауга болмайды. Психикалық құбылыс субъектінің жалғыз толғанысымен шектеліп қалмайды, егер олай болғанда, психикалық дүние (ой, ес, қиял т. б. ) нақты өмірлік маңызға ие болмас еді.

Психикалык іс-әрекеттің рефлекторлық принципіне орай Сеченов - адам іс-әрекеті мен қылығы сыртқы әсерлердің себебінен туындайтыны жөнінде ғылыми психология үшін өте маңызды қорытынды жасады. Ол "Бастапқыда қандай да әрекеттің себебі әрдайым тысқы сезімдік қозуда, онсыз ешқандай ой өрістеуі мүмкін емес - деп жазды. Сонымен бірге ғалым сыртқы жағдайлар әсерін үстірт түсінбеу қажеттігін ескерткен. Бұл арада әңгіме тек көрініп тұрған нақты тыс әсер жөнінде ғана емес, сыртқы жағдай әсерлері тобына адамның өткенде кезіккен әсерлері, барша өмір тәжірибесі қамтылады. Осылайша И. М. Сеченов рефлекстің миға байланысты бірлігін оның табиғи бастауынан (сезім мүшелеріне әсер) және ақырынан (жауап қозғалыс-қимылдар) бөліп, оқшаулау орынсыз екенін көрсетіп берді.

Психикалық процестердің атқаратын міндеті қандай? Бұл әрекетті өзгермелі жағдайларға сай етіп отыру - сигналдық және реттеу қызметтері. Психикалық құбылыс жауап әрекетті өздігінен реттей алмайды. Бұл сыртқы дүние жөніндегі ақпарат келіп түсуші, сақталушы, және өнделуші мидың белгілі бөлімдерінің қасиеті, қызметі.

Психикалық іс-әрекет тек қана физиологиялық механизм сипатымен шектеліп қалмай мидағы бейнеленген мақты дүиие, яғни психикалық құбылыстың мазмұнымен байланысты. Жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен сабақтастығының ми тарапынан басқарылып реттелу заңдылықтары жөніндегі И. П. Павлов тұжырымдарының Жиынтығы екі сигналдық жүйе теориясы дсп аталады. Шартты рефлекс типі бойынша қылық-әрекеттің өзгеруіне ықпал етуші зат бейнесі жануар үшін қандай да шартсыз тітіркендіргіштің сигналы қызметін атқарады.

Бірақ адамның жануарлардан ерекшелігі онда бірінші синалдық жүйе мен қатар екінші сигналдық жүйе болады. Екінші сигналдық жүйенің болмысы, яғни сигналдар сигналы - дегсн сөз.

Сонымен, психика - ми қасиеті. Түйсік, ой, сана -ерекше тәсілмен ұйымдасқан материяның ең жоғары өнім туындысы.

Бихевиоризм - XX ғ. американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет-қылықты зерттеу деп білді. Бихевиоризм теориясы негізінде адам мен хайуанаттардың әрекет-қылығы сыртқы орта әсеріне (стимул) болған организмнің кері (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсінік жатыр. XIX-XX ғ. ғ. тоғысында бихевиоризм психологиясы жануардар психикасын эксперименттік талдауға салу нәтижесінде пайда болды. Мұнда адам психикасын зерттеуде қолданылатын өзін-өзі бақылау тәсілін пайдалану мүмкін болмағандықтан, эксперимент жасау әдісі іске қосылды. Бұл әдісті бихевиористер адам психикасын зерттеуге де қолданды. Бихевиоризмнің жалпы әдіснамалық алғы шарты позитивизмніц философиялық принциптерінен шығады. Осы прициптерге сәйкес ғылым тек бақылау жүргізіп отырған затың баяндауы тиіс. ал бақылауға тікелей берілмеген мәліметтермен ішкі механизмдерді талдау алдамшы болады.

Гештальписихологиясы (нем. гештальт - бейне, құрылым, бір тұтас форма) - XX ғ. бас кезінде Германияда пайда болған идеалистік психологияның бір бағыты.

Генетикалық психология. Швейцария ғалымы Ж. Пиаженің генетикалық психология теориясы психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі.

Фрейдизм негізін австриялық психолог З. Фрейд қалаған, жеке адамның жан төркінің, дамуын иррационализм (саналы дәлелі жоқ) мен мистика (тылсым құпия) сияқты психикалық факторларды саналы әрекетке тікелей қарсы қоюмен дәлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт.

Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары

Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз байланысты. Сондықтан психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен сипатталады,

Ғылыми психология аталған тұжырымдардың бірде - бірін толығымен құптай алмайды. Оның дәлелдері тіпті басқаша психологияның туындауы жөніндегі мәселенің шешімін өмірдің өте күрделі формасы - психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зерттеп танумен байланыстырады. Тіршіліктің пайда болуының негізін шарты қоршаған ортамен тұрақты зат алмасуға икемделген күрделі ауыз молекулалардың түзілуі?

Өздерінің тірлік қалпын сақтап қалу үшін олар қоршаған ортадан керек заттарды сіңіріп, сонымсн бірге қалыпты өміріне зиянды қорытылған қорек қалдықтарын сыртқа шығарып отырады. Ассимиляция және диссимиляция деп аталған бұл екі процесс зат айналымының құрамды бөлектері болумен күрделі ақуызды түзілімдердің негізгі жасау шарты болып табылады.

Жануарлардың тума әрекет-қылығы

Жүйке жүйесі эволюциясының келесі кезеңі ганглиоздық (белгілі нүктелерге топтасқан) жүйке жүйесінің пайла болуымен (ең алдымен-құрттарда) байланысты. Жануарлардың жоғары ағзалық дамуына орай ганглиозды аппарат үстіне күрделірек жүйке құрылымы жайғасады. Бұл құрылым ішіне алдымен ми қабығы асты жүйке түйіндері (таламостриалды), соң ежелгі (лимбикалық) қабық кіреді, ал жоғары омыртқалыларда қарқынмен дамып, төменгі дәрежелі жүйке құрылымдарына жетекшілік ететін мидың үлкен жарым шарлары пайда болды.

Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры (А. Н. Леонтьев) .

Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды. Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар, Олар: 1) адамның саналы іс-әрекеті биологиялық себеп-салдармен байланысы жоқ. Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттікке байұсын-бай, оған қарсы шығады.

Еңбек және саналы іс-әрекет

Сана - адамның барша психикалық қызметше ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.

Адамның жануардан түпкі ерекшелігі ол қарудың қолданып қана қоймастан, оны дайындау қабілетіне ие. Қару дайындаудың, өзі-ақ ежелгі адамның іс-әрекетін тубегейлі өзгертіп жіберді?- Қару дайындау үшін болған әрекетінде биологиялық қажеттілікпен (корек, жем қабылдау) ғана анықталмайды. Бұл тұрғыдан ол қажетсіз, ал қару дайындаудың шын мәнмағынасы кейінгі аң аулау қажеттілігінен туындайды, яғни бұл іс орындалып жатқан әрекеітің тәсілін білумен ғана емес, сол қарудың болашақта қолданылуын болжай алуға да байланысты қару дайындаудың қажетті шарты бола тұра, сол білік (болжастыру) сананың ең алғашқы көрінісі ретінде

танылады, яғни саналы іс-әрекеттің бірінші формасы.

Тіл адамның саналы іс-әрекетінің барша саласына қатысуымен, оның психикалық процестерінің алатын жаңа деңгейге көтерді. Сондықтан да, тіл мен сөзді адамның бүкіл саналы өмірінің арқауы деп қараса да артық болмас.

Сонымен, сана өзімен қатар еңбек барысында пайда болған тілмен бірге жасайды, тілсіз сана жоқ. Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасистті бейнелеудің ерекше формасы. Бүкіл психикалық әрекеттердің бір біріне ықпалды әсерінің дамуы адамның қоршап дүниенің іштей бейнелеуін қамтамасыз етіп, оның дерексіз моделін түзді.

Жоғарыда айтқанымыздай, жануарлар психикасы олардың сыртқы жағдайларға икемдесу әрекеттернің барысында дамып барады, ал адамдардың дамуы мен өмірді қайта жаңғыртуы табиғатты қайта түрлендіру процесінде іске асады.

Психологияны қызықтыратын жеке сала қоғамдық санамен біртұтас байланыста қалыптасып, өрістеп барады. Әрбір тұлға бейнелеудің саналық формасын қоғам өміріне нақты араласуымен игереді: адам ретінде ол өмірде тыс, қоғамдық қатынастары сыз жасай алмайды. Осы жасау формасына өтпей, ол адам қоғам мүшесі, азамат деңгейіне көтеріле алмайды.

Қорыта айтсақ, сана психиканы біріктірулн ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі.

КСана - бүл қоғамдық болмыс.

Сана қүрылымында төрт негізгі сипат байқалады:

(А. В. Петровский) .

1) Сана коршаған дүние жөніндегі бічімдердің жи-ынтық бірлігі, оның қүрылымына барша танымдық про цестер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психиканың даму сатылары
Психиканың пайда болуы және дамуы туралы жалпы түсінік
Психика және сана негіздері
Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар және жануарлардың тума әрекет қылығы
Психика
Ғылыми психологияның принциптері мен жалпы зерттеу әдістері
Психика туралы түсінік, оның даму эволюциясы
Сана мен бейсана
Психология ғылымы туралы түсінік, Психологияның әдіснамасы мен зерттеу әдістері. Психика және сана, Іс-әрекет психологиясы, Қарымқатына, . Тұлға психологиясы Ұжым-топтар
Писхология мән-мағынасы және оның барша ғылымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz