Антик философиясы жайлы
«Антик философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бой-ынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шең-беріне келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б.з.д. VII—VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы импе-ратор Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыс-тырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңці айқындауға болады: антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. VII—V ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. IV ғ.); эллиндік-римдік философия (б.з.д. III ғ. - б.з. V ғ.). Ал Дж.Реале мен Д.Антисе-ри антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:
Б.з.д. VI және V ғасырлар аралығын қамтитын физис және
космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мүның
өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар,
физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.
Адам болмысының мәнін айқындаумен түңғыш айналыс-
қан гуманистік кезең. Бүл кезеңнің басты өкілдері - софистер
және әсіресе Сократ.
Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философия-
лық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен
Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.
Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік
мектептер мен пүтқа табынушылық заманы соңына дейін — ки-
низм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм және эклектицизм
бағыттары кезеңі.
Антиктік пүтқа табынушылық дүниетаным ойының діни
дәуірі — неоплатонизм және оның модификацияларының жан-
дану кезеңі.

Антик философиясы
Антик философиясы деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим
философиясын білдіреді. Антик сөзінің латын тілінен аударғанда көне
деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының
бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бой-ынша антик
дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты
айтылады. Ал, хронологиялық шең-беріне келер болсақ, антик философиясы
өзінің бастауын б.з.д. VII—VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы
импе-ратор Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді
ресми түрде жаптырған датасымен байланыс-тырылады. А.С.Богомоловтың
айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңці айқындауға болады: антик
философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д.
VII—V ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. IV ғ.); эллиндік-римдік
философия (б.з.д. III ғ. - б.з. V ғ.). Ал Дж.Реале мен Д.Антисе-ри антик
философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:

Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философия-
сының категориялары түрғысында жаңа дін догмаларын рацио-
налды қалыптастыру кезеңі.
Ежелгі Грекия дүниетанымның жаңа формасы — философия-ны қалыптастырған
негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте
Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты.
Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық философиямен
салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері болды. Философияның
қалыптасуына алғышарт болған грек өмірі формалары қатарына, тагы да басқа
халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері,
әдеттік сана және тіршілік даналығы жатады.
Грек философиясы физис философтары немесе натурфи-лософтар болған
милет мектебі өкілдерінен (Фалес, Анакси-мандр және Анаксимен), Гераклиттен
және Пифагордан баста-лады. Олар дүниедегі барлық заттардың түпнегізін
іздеумен айналысты, нәтижесінде дүниетанымда төңкеріс басталып, фи-
лософияның қалыптасуына әкеліп соқты.
Түпнегіз (архэ) - бұл барлық нәрселердің шығу тегін, олар-дың мәнділік
ретінде өмір сүруін және неге айналатынын білдіретін бастапқы негіз. Фалес
барлық нәрсенің түпнегізін су деп пайымдаса, Анаксимандр өзі апейрон деп
атаған шексіздік пен белгісіздікті атайды. Архэ ретінде Анаксимен ауаны,
Герак-лит отты атаса, ал Пифагор - сандық қатынастарға аса мән береді.
Бүлардың арасында Анаксимандр түпнегізді негұрлым философиялық және
абстракциялық тұрғыда түсіндіруге ты-рысады. Алайда, су, ауа және отты
физикалық-химиялық эле-менттердің немесе үдерістердің бір бөлігі ғана деген
ой туында-мауы тиіс, себебі олар ең алдымен қүдіретті бастаумен байла-
ныстырылады. Бүл шексіз бастаудың қүдіреттілік қасиеті бар, өйткені ол
мәңгі өмір сүреді және бүзылмайды. Сократқа дейінгі
алғашқы философтар осы құдіретті түпнегізді әлемнен бөліп алмай,
керісінше, әлемнің мәні ретінде түсіндіргендіктен на-туралистер деп
аталадьу Сондықтан Гомер және антик дәс-түрімен салыстырғанда бұл ұғым
пантеистік типтегі түсінік бо-лып табылады. Мысалы, Фалес бәрі қүдайға
толы деп айтқ-анда барлық нәрсенің өн бойын түпнегіз қамтиды дегенге
меңзейді. Ал өмір бастапқы болғандықтан, бар тірі нәрсенің де жаны болады
(гилозоизм).
Алғашқы грек ойшылдары әлемдегі бір-біріне үстемдік етуге ұмтылған
қарама-қарсылықтарды аңғара білді (суық пен ыс-тық, құрғақтық пен ылғалдық
және т.б.). Анаксимен барлық өзгерістер мен трансформацияларды түсіндірудің
негізі ретінде өзінің үнемі өзгермелі табиғатына орай универсалдық стихия
түрінде ауаны түпнегіз етіп алғаны белгілі. Ол сонымен қатар, тығыздалу
мен сиректелу үдерістеріне динамикалық себеп принципін енгізгендіктен,
себептіліктің түпкі бастаумен жетілген үйлесімділігін түсіндіріп
бергендіктен милеттік ақыл-ойдың қатаң және логикалық көрінісін айшықты
түрде көрсетеді. Кейінірек, бүл парадигмаға, иониялық ақыл-ойдың үлгісіне
айналып, әсіресе Гераклитте барлығын басқаратын логос түріндегі түпнегіз —
от ретінде өзінің заңды жалғасын табады. Гераклит сонымен қатар,
түпнегіздің универсалды динамизмі тақырыбын онан әрі дамытты. Оның бәрі
ағады, бәрі өзгереді деген атақты тезисі осы ағын образынан туындайды.
Осыған байланысты Гераклит мынадай терең де батыл түйіндерге тоқ-талады:
бір қарама-қарсылықтан екіншісіне үнемі алмасу ретіндегі қалыптасу идеясы,
олардың тұтастығы мен күресі иде-ясы, олардың үйлесімділікке бірігуі,
ақиқат пен танымның көп қырлылығы. Гераклиттің дәл осы түжырымдарын Гегель
жоға-ры бағалап, өз еңбектерінде пайдаланды.
Философия дүниеге келісімен құдіреттілік (Ксенофан) пен ақиқатқа
(элеаттар) қатысты ғасырлар бойы қалыптасқан наным-сенімдерді бұзып, өзінің
жаңашылдық күш-қуатын байқатты. Элейден шыққан ойшылдардың жаңашылдығы
былайша сипат-талады: космологаяны онтологияға (болмыс теориясына) өзгер-
ту, өзіндік философиялық категорияларды ойлап табу (болмыс,
болымсыздық, ойлау), диалектикалық тәсілді енгізу мен пай-далану арқылы
(Зенонның атақты апорийлары) философияда дәлелдеудің қажеттілігі мен оның
тәсілдерін қолдануды (абсурд-қа әкелу принципі) мойындау. Зенонның
дәйектері өзіндік заң-дылықтың күш-қуатын бекітетін тәжірибе деректеріне
күмән келтіретін логос позициясын күшейтуге бағытталған.
Кіші физиктер немесе физик-плюралистер — Эмпедокл мен Анаксагордың
көзқарастары элеаттардың осы апорийларын шешуге талпыныспен байланысты
болды. Олардың плюралистік концепциялары элейліктердің де, иониялықтардың
да монизміне қарсы бағытталды. Ал бүл үшін Эмпедокл элемент, немесе төрт
түбір ұгымынан өзге біріктіруге және ажыратуға мүмкіндік беретін Махаббат
пен Дұшпандық деп аталған ғарыштық күштерді де енгізеді. Анаксагор болса
(Афиныдағы философия-ның дамуы оның есімімен басталады) әлемдегі сан жетпес
сапа-лар мен өзгерістердің көп құбылмалы себебін заттардың үрық-тары
(гомеомериялар) мен ақыл (Нус), олардың бір тәртіпке келуі арқылы
түсіндіреді.
Бұл мәселені түсіндіруге келгенде ең жүйелі және мақсат-ты талпыныс
Левкипп пен Демокрит ұсынған әлемнің атомистік картинасы болды. Әлемдегі
барлық өзгерісті, қозға-лысты түсіндіретін - атом (абсолютті, тығыз, онан
әрі бөлінбейтін болмыс), бос кеңістік (болымсыздық) және олар-дың
қозғалыстары. Атомдар формасына, реті мен жағдайына қарай ерекшеленеді,
олар сезіммен қабылданбайды, тек ақыл-мен пайымдалады. Элеаттардың
апорийларын игеру мақсатында олар әр түрлі сезімдердің болуы атомдардың
сыртқы әсерінен, ал ақиқатты түсіну атомдардың өмір сүруін ақылмен ұғыну
арқылы іске асады дей отырып, ақиқатты да, пікірді де сақтап қалды.
Демокриттің бүкіл дүниетанымынан байқала-тын атомизм принципі ғаламның
шексіздігі мен ондағы әлемдердің сан алуандылығы, себептілік пен
кездейсоқтылық туралы ілімдерінде, мәдениет тарихына көзқарасында, мораль-
ды зерттеуінде және т.б. данышпан ойларды дүниеге әкелуіне мүмкіндік берді.
Антик философиясы тарихындағы ерекше орынды софис-тер (Протагор, Горгий
және т.б.) алады. Әдетте, оларды теория-лық тұрғыда тұрлаусыз, ақиқатқа
жету жолындағы шынайы-лықтың орнына жеке мүддені ойлаушылар деп және тағы
да басқа күнәлармен айыптайды. Шындығында софистика б.з.д. V ғасырдың
екінші жартысындағы Грекия өміріне объективті әлеуметтік, экономикалық,
мәдени дамудың алғышарттары-мен келген феномен болып табылады. Софистер өз
заманы-ның талабын дұрыс ұғып, оған форма мен дауыс берді. Олар аға
ұрпақтың дәстүрлі құндылықтарымен қанағаттанбаған жастардың арасында үлкен
табыс пен қолдауға ие болды. Олар-ды Сократпен қоса грек ағартушылары деп
те атайды. Со-фистер дәстүрдің орнына рух еркіндігін жариялап, бүрынғы
әлеуметтік кестені бүзып, оның орнына тәрбие мәселесін ал-дыңгы орынға
қойды. Бұл мәдениетті бұрынғыдай тек таңдау-лылардың арасында ғана емес,
қоғамның барлық қабатына кеңінен енгізуге жағдай жасады. Полистің тар
шеңберін кеңейтіп, панэллинистік бастаудың негізін қалады. Адам -бар
нәрсенің өлшемі деген Протагор аксиомасындағы реля-тивизм мен прагматизм
Горгий нигилизміне ұласқанымен қатар, сөз өзінің шынайылығынан гөрі нандыру
мен сендірудің құралы дегенге саятын теориялық жаңалыққа да әкелді. Сон-
дықтан б.з.д. V ғасырдағы Грекияда риторика немесе сендіру өнері мемлекет
қайраткерінің қолындағы нағыз штурвалға (В.Иегер) айналды.
Софистер философиялық рефлексияны физис және космос мәселелерінен адам
тақырыбына, оның қоғам мүшесі ретіндегі өміріне бұрғаны дүниетанымдағы
төңкеріс болып табылды. Со-фистиканың қарастыратын басым тақырыптары этика,
саясат, риторика, өнер, тіл, дін, тәрбие немесе басқаша айтқанда бар-лық
мәдениетке қатысты мәселелер болды. Сондықтан да со-фистер антик
философиясындағы гуманистік кезеңнің негізін қалаушылар болып саналады.
Алайда софистер адамның бұзылған дәстүрлі өмір сүру тәртібінің орнына
тартымды жаңашылдық ұсына алмады. Мүны іске асырған Сократ болды, сондықтан
оны антик философия-сы тарихының кіндігі, философияның бел ортасы деп
те атайды. Сократ та софистер секілді өзінің басты назарын адам табиғатына
аударғанымен қоймай, адамның мәні - ақыл-ойға негізделген белсенділік және
адамгершілік бағдар ұстанған әре-кет ретіндегі оның жаны деген түйінге
тоқталады. Белгілі бір мағынада Сократ құндылықтардың дәстүрлі жүйесінде
төңкеріс жасады. Байлық, даңқ, билік, денсаулық, сүлулық өз табиғат-тарында
ешқандай игілікке жатпайды, бірақ олар тек ғылым-мен, таныммен және дұрыс
пайымдаумен басқарылғанда ғана нағыз игілікке айналады. Сократ бойынша
таным игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғышарты (Ізгілік - бүл
білім). Сократ сондай-ақ бақыттың жаңа ұғымын да қалыптас-тырды: адам өз
бақытының да, бақытсыздығының да ұстасы. Сократтың өзі күш көрсетпеу
төңкерісін теориялық тұрғыда непздеп^қана қоймай, өз өлімінің дерегі арқылы
да оған мәңгілік өмір сыйлады. Жанды адамның мәнділігі ретінде белгілеуі,
та-нымды нағыз ізгілік ретінде, өзін-өзі билей алуды ішкі еркінділік
ретінде бағалауы - оның этикасының осы тұжырымдары инди-вид автономиясын
жария етгі.
Сократ философиясынан бастау ала отырып, екі түрлі ба-ғытты ұстануға
болатын еді: бір жағынан білместік принципі (мен ештеңе білмейтінімді ғана
білемін) ғылымды теріске шығаруға әкелгендей, екінші жағынан нагыз жоғары
білімге жол сілтейді; оның афиналықтарға бағыштаған арнауы (Пла-тонның
Сократ апологиясы) бір жағынан қарапайым мораль-дық уағыз ретінде
түсіндірілсе, екінші жағынан платондық метафизикаға кіріспе ретінде
бағаланады; оның диалектикасы бір жағынан софистика мен эристиканы еске
түсірсе, екінші жагынан ғылым ретіндегі логиканың негізі болып табылады;
оның ілімі бір жағынан афиналық полис қамалымен шектел-се, екінші жағынан
түтас әлемнің космополиттік кеңістігі ашы-лады. Платон мен сократшылдар деп
аталатындар осындай әр түрлі жолдармен жүрді.
Б.з.д. IV ғасыр Грекия үшін жоғары классика дәуірі болып табылады. Бүл
дәуірде антиктік философиялық ойдың айшық-ты көрінісін беретін екі
философиялық жүйе — Платон және Аристотельдің философиялық жүйелері
қалыптасты. Сократ-тың ең гұлама шәкірті және Академияның негізін қалаушы
Платонның ілімі әр деңгейлі және әр алуан қырларымен ерекшеленеді. Оның
шығармашылығында философия мифке қайта оралады. Онда миф логосқа
бағынбағанымен, оның қанат жаюына серпін береді. Әр түрлі кезеңдерде оның
философия-сындағы метафизика мен гносеологияға, діни проблематика мен
мистицизмге зор көңіл бөлінсе, қазіргі уақытта платонизмнің мәні ретінде
оның ауызша диалектикасына, этикалық-саяси проблематикасына баса назар
аударылады. Платон ілімінің шынайы маңызы осы көзқарастардың барлығын
жинақтағанда ғана көрінеді.
Платондық метафизиканың кең ауқымды ерекшелігі, онда жаңа шындықтың
ашылуымен байланысты, яғни физис фило-софиясында бұрын-соңды сөз
қозғалмаған сезімнен тыс, физи-калықтан тыс кеңістіктің ашылуымен
байланысты болды. Пла-тонның дәл осы жаңалығы философия дамуындағы маңызды
кезең болып саналды және батыстық даналықтың дамуындағы материалдылық және
материалдылық емес, сезімге тән және сезімнен тыс деген айырмашылықтардың
негізін қалады. Осы категориялар түрғысында табиғат пен ғарыш өз алдына
заттар түрінде емес, тек олардың қүбылысы түрінде ғана көрінеді. Нағыз және
нақты болмысқа заттардың мәнін, олардың пара-дигмасын білдіретін идеялар
ғана ие болады. Платонның идея-лар әлемі — бұл сатылы түрде үйымдастырылған
жүйе. Оның ең жоғарғы шыңында Игіліктің абсолюттік идеясы орналасқан.
Физикалық әлем немесе сезіммен қабылданатын ғарыш әлемі мынадай кесте
негізінде пайда болады: үлгі (идеалды әлем), көшірме (физикалық әлеій) және
Жаратушы (демиург) - үлгіге сәйкес көшірменің авторы
Платон таным мәселесін жанда әуел бастан нақтылық түрінде ұшырасатын
ақиқатты ажыратып алу ретінде қарастырады. Бұл ажыратудың тәсілі сократтық
майевтика болып табылса, ал ди-алектика термині онда жаңа мағынаға ие
болады. Платон өнерді ақиқаттан ауытқу, риториканы ақиқатты мистификациялау
ретінде қарастырса, ал эротика — абсолютке жетудің логика-лық емес жолы.
Платонның адам концепциясы дуалистік бол-ғандықтан (жан мен тән), таным
тазару ретінде, ал диалектика бетбұрыс ретінде қарастырылады. Жанның
мәңгілігі Платон үшін ең маңызды мәселе болғандықтан метемпсихоз үғымы әр
түрлі мифтер түрінде сипатталады.
„Д Платондық дүниетанымның інжу-маржаны оның бүкіл ой-толғамдарын
қорытындылайтын Мемлекет диалогы болып табылады. Платонның түйіндеуінше,
егер саясаткер философқа айналса (және керісінше), онда Ақиқат пен
Игіліктің жоғары қүндылықтарына негізделген шынайы мемлекет қалыптасты-руға
болады. Ал Әділеттілік бүкіл басқа нәрселер соның төңі-регінде айналатын
негізгі өзек болып табылады. Идеалды мемлекетті практикалық тұрғыда
қалыптастырудың бірнеше мүмкіндігі сәтсіз аяқталған соң Платон өзінің
Саясат және Заңдарында барлық нәрсенің өлшемі - Қүдай деп санай-тын
адамдардан құралған нақты мемлекеттің формасын табуға үмтылады.
Платондық Академияның ең қабілетті шәкірті Аристотельдің рухани дүниесін
платонизм мен метафизикадан бас тартып, на-турализм мен эмпиризмге бет бұру
деп түсінуге болады. Яғни, ол ұстазының жолын қайталамай, оның ілімін алға
жылжыта отырып, оның теориясы шеңберінен шыға білген. Аристотельдің таланты
мен ғылыми рухы оны тәсілдер дифференциациясына, органикалық синтез бен
жүйелеуге алып келді. Ол философия-лық білімдердің - метафизиканың,
физиканың, психология-ның, этиканың, саясаттың, эстетиканың, логиканың даму
жол-дарының негізін қалады.)
Ғылымдарды классификациялауда Аристотель ең алдымен теориялық ғылымдарға
басымдылық береді, оның ішінде бар-лық ғылымдардың шыңы ретінде ең маңызды
орын метафизи-каға немесе бастапқы философияға беріледі. Бүл жалғандыққа
жол бермейтін білімге деген таза қүмарлық, ақиқатқа деген құштарлық. Оның
мақсаты болмыстың төрт себебін зерттеу болып табылады, оның ішіндегі ең
маңыздылары — барлық зат-тарды қүрайтын форма (мәнділік, бастапқы
субстанция) және материя. Және метафизиканы тәмамдайтын сезімнен тыс суб-
станция — бүл мәңгі және қозғалмайтын Бастапқы түпнегіз, Бастапқы қозғаушы.
Аристотель өзінің физикасында сезіммен қабылданатын субстанцияларды зерттей
отырып, оның ішкі сипаттамасы ретінде қозғалысты қарастырады. Оның психоло-
гиясы бірнеше трактаттарда мазмүндалған, оның ішіндегі ең терең және
даралығымен ерекшелетіні Жан туралы деп ата-лады. Стагирит жанды үш
құрамда қарастырады: вегетативті, сезімдік және рационалдық, бірақ оның
алғашқы екі қүрамы барлық жанды заттарға тиесілі болса, тек адам ғана осы
үш құрамның барлығына да бірдей ие.
Аристотель практикалық ғылымдар қатарына этика мен сая-сатты жатқызады, ал
олардың мақсаты бақытқа жету болып та-былады. Этикалық қадір-қасиеттер
дүрыс үстаным немесе шет аралықтардың ортасы ретінде қарастырылады.
Аристотель, сон-дай-ақ, бейбіт өмір мен парасатты белсенділік түріндегі
жетілген мемлекеттің идеалын ойлап шығарды.
Мәдениет тарихында Аристотель өз есімімен аталатын дәстүрлі логиканың
негізін қалаушы ретінде де белгілі. Шын-дығында да ол негізін қалаған
логикалық түжырымдар бүкіл ортағасырлар бойы өзгеріссіз қолданылып, тек
Жаңа заманнан бастап оның екінші белесі, яғни қазіргі математикалық және
символикалық логиканың даму кезеңіне дейін өмір сүрді.
Егер ақиқатты зерттеу, білімді жан-жақты дамыту филосо-фия мен жеке
ғылымдардың негізгі міндеті болса, ал шығарма-шылық ғылымдардың міндетін
Аристотель өзгеше түсіндіреді. Риторика сендірудің тиімді қүралы мен тәсілі
болса, ал поэти-ка моральдық түрғыда құмарлықтардан тазартады, рационал-
дылықты күшейтетін эмоционалдық саланы жаңартудың құра-лы болып табылады.
^ Аристотель де Платон сияқты өзінің мектебін — Ликей не-месе
Перипатетиктер мектебін ұйымдастырды. Бүл мектептің талантты түлегінің бірі
— Теофраст еді. Ликей мектебі бүкіл эллиндік дәуір бойына христиан
үстемдігіне дейін өмір сүрді. Б.з.д. I ғасырдың екінші жартысында
перипатетиктердің бірі Андроник Родосский ұлы Стагирит еңбектерін алғаш рет
жүйелі түрде басылымға дайындады. Бірақ перипатетиктердің ешқай-сысы да өз
ұстаздары деңгейіне жете алған жоқ.
Эллиндік-римдік философия сегіз ғасырға жуық уақытты қамтитын антик
философиясы тарихындағы ең ұзақ кезең бо-лып табылады. Эллиндік дәуір
гректердің саяси өмірімен қатар рухани әлемін де үлы өзгерістерге алып
келген Александр Ма-кедонский жорықтарымен (б.з.д. 334-323)
басталады.Элли-низм термині гректердің һеііепіго деген сөзінен шыққан
және грекше сөйлеу, грекше жасау деген ұғымды білдіреді. Эл-линдену,
А.С.Богомоловтың айтуынша, орасан зор аймақты мекендеген мәдениеті жоғары
дамыған халықтардың эллиндік мәдениетті қабылдай отырып, грек және әр түрлі
варвар ха-лықтар мәдениеттері өзара байланысып, синтезделуі нәтижесінде
өзіндік өркениетті қалыптастыруы болып табыладьі
Саяси дербестікті жоғалту гректің полистік жүйтсінің дағда-рысымен
сипатталады. Эллиндік монархиялар жағдайындағы жаңа өмір тәртібі бүрынғы
қүндылықтарды қажет етпеді, мемлекет пен адам арасындағы ескі байланыс
бүзылды. Эллиндік адам енді азамат емес, орасан зор империяның арасына
сіңіп кеткен бағыныштылар еді. Варварлармен салыстырғанда өзін жоғары
қоятын сананың орнын индивидуализмге негізделген космополиттік идеал
алмастырды. Азамат пен мемлекет ара-сындағы тығыз түтастықтың бүзылуы бұл
кезеңде этиканың саясаттан бөлінуіне әкеліп соқты.
, Г"ТСлассикалық грек мәдениетінің эллинизмге өзгеруі тереңдік пен
тазалықтың жоғалуына әкелгенімен, шығыс мөдениетімен синтезделу нәтижесінде
оның интенсивті дамуына жол ашыл-ды. Жаңа мәдени орталықтар пайда болдьг
Пергам, Родос, Алек-сандрия, олардың даңқы белгілі дәрежеде Афиныдан асып
түсті. Әсіресе, Александрияда жекелеген ғылымдардың гүлденуі ерек-ше көзге
түседі: Кітапхананың жүмысымен байланысты фило-логияның қалыптасуы,
математиканың (Евклид), механиканың (Архимед) дамуы, астрономияда
гелиоцентристік төңкеріс жа-сауға талпыныс (Аристарх), эллиндік медицинаның
жеткен шыңдары, анатомиядағы табыстар, географияның жүйеленуі (Эратосфен),
сипаттамалы жаратылыстанудың, тарихтың, бей-нелеу өнерінің, техниканың
дамуы. Мүның бәрі — ерекшелігі мамандану болып табылатын көлемі жағынан да,
сапасы жағы-нан да өзгеше жаңа феноменнің өмірге келгендігін дәлелдейді.
Эллиндік адамның әлемге көзқарасы антик философиясы дағдарысын,
деградациясын білдіретін философиялау сипатын айқындайды. Философия бірте-
бірте өзінің шығармашылық сипатынан арылып, философия бет-бейнесіндегі
акцент те өзгере бастайды. Басты назарға этика алынып, адамгершілік
мәселесінде
мынадай сұрақ алдыңғы орынға шықты: әлемнің бұзылып жат-қан тұсында қалай
еркіндікті сақтап қалуға болады? Сондық-тан да стоиктер философияны жеке
бөліктерге бөле отырып (логика, физика және этика), оны бақшаға теңейді,
онда бақ-тың қоршауы - логика, ағаштары - физика болса, ал оның жемістері
мен ұмтылатын мақсаты этика болып табылады.
Эллиндік-римдік философияның жалпы дағдарыстық сипа-тына қарамастан оның
мазмұнына күмән келтіруге болмайды, өйткені онда сол заманға тән
қайшылықтардың барлығы да көрініс тапқан.
Эллинизм дәуірінде ең танымал сократтық мектептердің бі-рі - кинизм болды.
Оның символы ретінде өзінің атақты Адам іздеп жүрмін (тобырлар ортасынан,
тал түсте қолына шам ұстап) деген тезисімен белгілі және ешқандай өркениет
пен ком-фортты мойындамай, өмірін бөшке ішінде өткізген Диоген Си-нопский
кең танымал болды.
Кинизм байлық, атақ, даңқ, билік және тағы басқа да ба-қытсыздыққа әкелетін
адамға тән иллюзияларды теріске шы-ғара отырып, халық арасында үлкен
табыстарға жетті. Бақыт-қа жеткізетін кемелдік пен даналықтың шарты болып
табыла-тын — апатия және автаркия. Бүл үстаным эллинизм дәуірін-дегі өзге
де философиялық бағыттарға тән^
Өзге философиялық ағымдармен салыстырғанда киник-тердің дәуірі аз уақытты
қамтыды. Олар дәстүрлі құндылық-тарды теріске шығарғанымен, өздері ешқандай
жаңа нәрсе үсы-на алмады. Адамды айуандық бастауға әкеліп тіреу және осын-
дай түрпайы адамнан жоғары рухты талап ету ғылым мен мәдениеттің рөлін
төмендетіп, рухани азғындыққа әкелері сөзсіз. Ертедегілер кинизмді
ізгілікке жетудің қысқа жолы деп атағаны белгілі, алайда философияда да,
өмірде де қысқа жолдың болмайтыны айдан анық. Б.з.д. III ғасырда өзге де
сократтық мектептер (киренаиктер, мегариктер) өздерінің өмір сүрулерін
тоқтатты.
Эллиндік философияның жарқын беттерінің бірі Эпикур шыгармашылығы және
б.з.д. IV ғасырдың соңында ол негізін қалаған Бақ мектебі өкілдерінің
философиясы болды. Эпи-кур және оның ізбасарларының философиясы грек филосо-
фиясындағы түбірлі өзгерістердің айшықты көрінісін білдіреді. Оның ілімінде
канониііа да (ақиқаттың өлшемі және таным ережелері туралы ілім), физика да
(болмыстың қүрылысы ту-ралы ілім) бар, алайда олар этиканың функциясы
арқылы ғана жүзеге асады. Яғни, бұл - адамның мақсаты туралы ілім, ба-
1.4.
лық философия негізінде дами отырып, табиғатпен қатар қоғам-дық танымды да
қамтитын энциклопедизм шекарасына үласты.
Римде бүл бағыттың ең көрнекті өкілі атақты шешен және саясатшы Цицеронның
шығармашылығы эклектизмнің прин-ципсіз және бүлдыр, қайшылықты емес
екендігін дәлелдейді. Онда, әсіресе, біртүтас синтетикалық дүниетанымға
деген қажеттілік айқын көрінеді, ал бүл синтезге объективті түрде қол
жеткізу мүмкін еместігі басқа әңгіме. Цицеронның мәде-ниет феномені
ретіндегі баға жетпес маңызы грек мәдениетін рим өркениетімен, кейіннен
жалпы батыспен байланыстыруында еді. Латын ғүламасының маңызы осы грек ақыл-
ойының бүкіл әлемде триумфын жасауда, оның тірілтуші және қозғаушы күшінде.
Рим империясының алғашқы ғасырлары әр түрлі дүниета-нымдық бағдарлардың бір-
бірімен араласа дамуымен сипатта-лады. Эллиндік философияға монотеистік
идеаларды ендірудегі шешуші қадамды Александриядан шыққан Филон жасады.
Оның дүниетанымында грек философиясының иудейлік мифология-мен тоғыса
бастауы байқалады.
Эллинизм дәуіріндегі пұтқа табынушылық даналықтың соңғы бағытының бірі б.з.
III—IV ғасырларында дамыған неоплато-низм болып табылады. Оның
Александриялық-Римдік (Аммо-ний Саккас, Плотин, Порфирий), Сириялық
(Ямвлих) және Афинылық (Прокл) мектептері болды.
Неоплатонизм өз дәуіріне тән философиялық бағыт болған-дықтан сол заманның
қоғамы мен адамының әлеуметтік тәжірибесін дәл ұғынып, оны абстракциялық
философиялық формулаларда шебер көрсете білді. Тіл жеткісіз Тұтастық пен
оның алуан түрлілікпен байланысын іздеу, Тұтастықты абсолюттендіру және
Тұтастық пен материалдық ғарыш, құдай мен адам арасындағы шексіз аралық
сатыларды іздеу мифоло-гиялық ойлауды философиялық түрғыда жаңғыртуға
әкелді. Тәнге қатысты барлық нәрселерге қарсы шығу, аскетизм мен экстаз
туралы ілімге басымдылық беру тек ертехристиандық философияға ғана емес,
бүкіл ортағасырлық теологиялық ой-лауға өзінің едәуір ықпалын тигізді.
Филон Александрийскийдің Көне Өсиетті (Ветхий Завет) грек философиясымен
алғаш син-тездеуге үмтылысы өзінің жалғасын таппады. Христиан дінінің
жеңіске жетуі ертедегі гректердің ойлау тәсілін игере отырып, теріске
шығару арқылы жүзеге асты. Бүл ортағасырлық өрке-ниетте бастапқыда антиктік-
христиандықты, ал кейінірек еуро-палық христиандықты даярлады.
Ортағасырлык, батысеуропалык^ философия
Ортағасырлық батысеуропалық философия — дүние-таным дамуындағы өзіндік
ерекшелігі бар кезеңдердің бірі. Бұл ерекшелік философиялық ой дамуының
тікелей діни-теология-лық шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің
апологетикасы төңірегінде өрбуімен сипатталады. Ортағасырлық батысеуро-
палық философияның қалыптасуы мен дамуына Муций Фе-ликс, Тертуллиан, Ориген
сияқты апологеттер, неоплатонис-тер және Аврелий Августин өздерінің
интеллектуалдық ықпал-дарын тигізді. Рим шіркеуі Әулие Августинді (375—383)
сенім мен ақылдың үйлесімділігі тұрғысынан христиандық діни ілімді
негіздеудегі орасан зор сіңірген еңбегі үшін әкей ретінде мойындаса,
көптеген батыстық зерттеушілер оны батыстық ортағасырлық мәдениеттің ұлы
сәулетшісі дейді. Аврелий Ав-густин өзінің Құдай қаласы туралы еңбегінде
атақты фор-муласын — сгесіо иі ІтІеШуат, іпІеШсІо иі сгедат (үғыну үшін
сенемін, сену үшін ұғынамын) формуласын негіздейді. Бұл ақыл мен сенімнің
өзара бірін-бірі толықтыру принципі V— XV ғасырлар аралығын қамтитын Батыс
Еуропаның бүкіл ор-тағасырлық философиялық ойының ең негізгі дүниетаным-дық
кредосына айналды.
Егер Аврелий Августин Рим шіркеуінің әкейі болса, онда Боэций (480—526)
М.Грабманның дәл сипаттамасы бойынша соңғы римдік және бірінші схоласт
болып табылады және сонымен қатар Ортағасырлықтың негізін қалаушы ретінде
де (Э. Рэнд) орынды саналады. Боэций антик дәуірінің рухани-философиялық
мүрасын ортағасырлық мәдениетпен байланыс-тырушы, антиктік интеллектуалдық-
философиялық дәстүрдің ортағасырлық руханиятпен сабақтастығын жүзеге
асырушы қуат-ты транслятор болып табылады. Боэций аристотельдік ілімнің
үғымдық аппаратын рухани трансляция жасап қана қоймай, ортағасырлық
философиялық ойлау мәдениетіне теологиялық проблематиканың негізгі қаңқасын
да енгізді: универсалийлер мәселесі, тринитарни (Қүдіретті Құдай, оның Үлы
және Қасиетгі Рух арақатынастары), субстанция мәселесі және акциденция.
Боэцийдің айтуынша субстанция — бүл барша аорибуттар мен акциденцияларды
айқындайтын барлық мәнділіктер негізі. Егер субстанция — заттардың жалпы
негізі болса, универсалийлер —
бұл жалпы атаудың мәні. Олар ақыл-оймен абстракциялаудың нәтижесі
болғанымен, әлемде бар және нақты өмір сүретіндерді бейнелейді.
Схоластикалық философияның басталуы И.С.Эриугенаның есімімен байланысты
(810—877). Эриугена өзінің Табиғаттың бөлінісі туралы деген жұмысында
әлемдік үйлесімділік тура-лы идеясын негіздейді. Онда құдай барлық
бастаудың түпнегізі бола отырып, болмыс үдерісін өзі аяқтайды: Құдай өзі
таныл-мағанымен өзі жаратқан нәрселерінде біршама ашылады, ал Қүдайға
иланудың өзі - таңғажайып жаратылыс (Эриугена).
Ортағасырлық философиясының дамуына үлкен үлес қос-қан Ансельм Д' Аоста
(1033-1109) болды. Ол өзінің Прослоги-он деген еңбегінде Қүдай өмір
сүруінің априорлық немесе онтологиялық дәлелдерін негіздейді. Сол сияқты
П.Абеляр (1079—1142) заттардың мәніне сәйкес келетін және сөздердің
мағынасын білдіретін универсалийлер туралы идеяны дайын-дап шығарады.
Ф.Аквинский (1225—1274) өзіне дейінгі ойшылдардың уни-версалийлер туралы
барлық идеяларын жүйелей отырып орта-ғасырлық схоластикалық ойлауда өзінің
радикалды қадамымен ерекшеленді. Бүл қайта пайымдаудың мәні табиғатты,
адамды, оның Құдайға қатынасын зерттеуге негізделді. Тән туралы ой жан
туралы ойға, жал туралы ой жекелеген субстанция жайлы ойға, ал бүл ой Құдай
туралы ойға жетелейді, — деген Ф.Аквинскийдің кредосы аристотелизмді
христиандық түрғыда қайта пайымдаумен сипатталатын схоластикалық философия
дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді. Ол сондай-ақ крюациоңщм идеясын да
ұсынады. Ф.Аквинскийдің ілімі - христиандық діни^ ілім мен перипатетизм.
философиясының, христиандық теоло-гия мен пайда болып келе жатқан
жаратылыстанымның ара-сындағы ымыраға келушілік.
Бірақ бұл компромисс XIV ғасырда Дунс Скот (1270-1308) тарапынан сынға
ұшырайды, юмизм мен нрмщшщзм.арасын-дағы пікірталасқа Р.Гроссетест (1168-
1253), Р.Бэкон (1210-1294), У.Оккам (1290-134950) белсене араласады.
Фомамен салыс-тырғанда У.Оккам концептуалды номиналист болып табыла-ды.
Әлемде санаға бағынышты емес заттар да өмір сүреді. Үғым-дар - бүл
ментальды феномендер. Осы жағдайларды теориялық түрғыда дамыта отырып,
У.Оккам теологиялық спекуляция жасауға негіз жоқ деген шешімге келеді,
өйткені олар универ-салийлер туралы ойға сүйенеді. Оккам діни мәселелерді
шешу-де Папа сөзінің абсолюттігі туралы тезиске оппонент болды.
Оның пікірінше ақиқатқа жету жолында барлық нәрсеге де сын болуы шарт.
Универсалийлерді сынай отырып Оккам филосо-фия мен теологияның ара жігін
ажыратады. Номиналистің пікірінше философия теологияның қолжаулығы.
Философия-ның өз міндеті бар: тәжірибе арқылы табиғи әлемді зерттеу. Ал
теологияның философиядан ерекшелігі — ол Құдайға бет бұрран және сенімге
ғана сүйенеді.
1.5.
Мүсылман әлемінің философиясы
Мүсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және
мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте грек
ғылымы, философиясымен қатар Алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс
мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, фи-лософиялық дәстүрлерді онан
әрі жалғастырған. Егер ортаға-сырлық Батыс Еуропада христиандық дінді
идеологияланды-ру, философиялық интоксикациялау және негіздеу үдерісі жүріп
өтсе, ал мұсылман аймағында, әсіресе VII—X ғасырлар-да философия мен ғылым
өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде ғылымның мынадай
салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астро-
номия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Ар-найы білім
салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және т.б.
ойшылдар өздерінің үлкен үлестерін қосты. Мысалы, әл-Бируни Жердің өз
осінен айна-лып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бірі
болды, сондай-ақ, көптеген өзге әлемдердің өмір сүруі туралы идеялар мен
бірнеше қызықты математикалық идея-ларды ойлап тапты. Омар Хайям
алгебрадағы үшінші дәрежеге дейінгі теңдеулердің шешімін жүйелеп, оны
тұңғыш рет гео-метриямен байланыстырды.
Мүсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясы
қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық зор ықпалын тигізді. Батыс
мұсылмандық Шыгыс арқылы алғаш рет антик мәдени мұрасымен, сонымен бірге
Шығыс мәдениетінің озық жетістіктерімен танысты. Бұл ғылы-ми, теориялық
жетістіктер мен философиялық жаңашылдық-тарды, прогресшіл рационалистік
философия мен ғылыми шы-
ғармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазға-нымен, олардың
біразы этникалық шығу тегі жағынан араб емес, түркі және парсылар болды.
Осылай, Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогы нәтижесінде ерте грек
дүниесімен қатар, шығармашылдық және жаңашыл-дық идеялар мен концепцияларға
толы шығыстық мәдениеттің есігін ашты. Шығу тегі түрік философтар мен
ғалымдар әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари, тағы басқалармен қатар әл-Хо-
резми, әл-Бируни, ибн Сина, әл-Кинди, Габари, әл-Газена, әл-Газали сияқты
ойшылдар мен философтардың есімдерімен та-нысты.
Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қата-рына әл-Кинди және әл-
Фараби жатады. Әл-Киндиді ортаға-сырлық дәуірде арабтардың философы деп
жиі атайтын. Бұл бекер айтылмаған сөз, себебі әл-Киңци мұсылман әлемінің
көпте-ген философтары ішінде шығу тегі жөнінен араб. Әбу-Жүсіп Якуб ибн
Исхақ өл-Кинди (800—£79) Басра қаласынан шыққан, жетік білім алған, тек
философ ретінде ғана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі,
геометрия, оптика, метереология, психология, музыка салалары бойынша
трактаттар жазды. Әл-Кинди еңбектерінен біздің заманымызға дейін аз ғана
бөлігі жетгі. Логикалық-гаосеологиялық мәселелерге арналған жұмыстары-мен
қатар, мынадай трактаты белгілі: Аристотель кітаптарының саны жөнінде және
философияны меңгерудің шарты, бастапқы философия туралы бес мәнділік
жайында кітап, пайда болу және жойылу себептерін түсіндіру туралы
трактаттар. Әл-Кинди жұмыстарының қалған бөліктері туралы оның
замандастары мен ізбасарларының жекелеген сілтемелері, әр түрлі тақырыптар
мен үзінділер арқылы білеміз. Оның мұрасының осы үлкен бөлігі X—XI
ғасырлардағы діни реакция тұсында жойылған. Әл-Киңци мынадай мәселелерге
зор көңіл қояды: Құдай мәселесі, ақыл-ой мәселесі мен философияның мәнін
анықтау, ғылымдарды клас-сификациялау. Өзінің шығармаларында әл-Кинди
Құдайдың мынадай түсіндірмелерін береді: 1. Қүдай түпнегіз, барлық нәр-
сенің абсолютгік бастауы реіінде; 2. Құдай мақсатты себеп реіінде; 3. Құдай
кеңістіктегі абсолюттік шексіздік және уақыттағы мәң-гілік ретінде.
Философтың пікірінше, Құдай материяны, форма-ны, қозғалысты, кеңістікті
және уақытты жаратқан. Пайда бол-ған нәрсе қозғалыс нәтижесінде өзгереді
және ақыры соңында жойылады, ол нәрсе мәңгілік емес, оның соңы бар. Адамға
ақыл-ой берілгендіктен ол өзін-өзі танып қана қоймай, өзін қоршаған дүниені
де таниды. Ақылдың көмегімен адам заттар мен құбы-
лыстардың себептік байланысын, олардьщ мәнін үға алады. Адам-ның әлемді
танудағы ақыл рөлін анықтай отырып, әл-Кинди ақыл-ойдың төрт түрін және
танымның үш сатысы туралы идея-ны айтады. Әл-Киңди ақыл ойдың мынадай төрт
түрін ерек-шелейді: активті, пассивті, жинақтаушы, жарғылаушы.
Егер әл-Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал әл-Фара-би X ғасырдағы
Аристотельдің ізбасары болып саналады. Әбу Насьф Мүхаммед ибн Мұхаммед ибн
Тархан ибн Узлаг әл-Фараби-ат-Турки 870 жылы Сырдария бойывдағы Фараб
қаласында түрік отбасында дүниеге келді. Фараби жоғары білімді оқыған адам
еді, ол медицинаны, музыканы, математиканы, этиканы, саясат-ты,
психологияны зерттеуге үлкен қызығушылық танытты. Фа-раби Аристотельдің
алғашқы комментаторларының бірі. Ол Арис-тотельдің Категориялар,
Герменевтика, Аналитика. Софис-тика. Поэтика сияқты шығармаларына
түсініктеме берді. Бірақ әл-Фарабидің дара философ ретіндегі даңқы басым
болды. Ол философия мен жаратылыстану ғылымдары тарихы бойынша жүзден астам
жұмыстар жазды, оның көпшілігі қазақ тіліне әлі аударыла қойған жоқ. Фараби
ғылыми болжамға, әлемді ғылы-ми танып білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы
зорлық-зомбы-лыққа қарсы шықты. Ол зұлымдықтың жойылып, жер бетінде
қайырымдылық (ізгілік) бастаудың салтанат құратынын жазып, зорлық-
зомбылықсыз, қанаусыз және соғыссыз қоғам идеалын, жер бетіндегі
халықтардың бейбіт және достық қатынастарын идеялық, теориялық түрғыда
негіздеді. Өзінің Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары, Адамдық
саясат еңбектерінде Фараби саясат пен мораль мәселелерін қарастырады,
феодалдық қоғамның моральдық және саяси жағдайын, қоғам мен мемле-кет
арасындағы қатынастар мәселесін көтеріп, аббасидтер хали-фатындағы
әлеуметтік қайшылықтарды пайымдай отырып, оған теориялық түсінік береді. Әл-
Фарабидің көптеген философия-лық идеялары батысеуропалық философия идеялары
мен кон-цепцияларының қалыптасуына, дамуына, әсіресе Б.Спиноза-ның
философиялық көзқарасына теориялық ықпалын тигізді. Сонымен қатар оның
идеялары мұсылман әлемінің көптеген ойшылдарының, мысалы, ибн Сина,
Ж.Бадасағұн және тағы бас-қаларының философиялық көзқарастарына да әсер
етті.
Философия мен ғылымның дамуына түркістандық Бұқара-дан шыққан энциклопедист-
ойшыл Әбу-Әли ибн Сина (980-1037) өзінің үлкен үлесін қосты. Ибн Сина әл-
Фарабидің кейбір идеяларын шығармашылық тұрғыда онан әрі жалғастырды: эма-
нация идеясы, ақыл-ой туралы идея және т.б. Шығыста ибн
Синаны аш-Шейх ар Райс деп атаған (аударғанда аш Шейх -рухани ұстаз, ал ар
Раис — басшы дегенді білдіреді), ал Батыста атақты Медицина ғылымы
канондарының авторы Авиценна деген атпен белгілі болды. Ибн Синаның
философиялық көзқа-растарына әл-Фараби үлкен ықпалын тигізді. Ибн Сина
надан-дыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдігі үшін күрескен жан-жақты ғалым
адам болды. Әр түрлі білім салаларындағы қажыр-лы еңбегі және орасан зор
шығармашылық әдеби, ғылыми-фи-лософиялық мүрасына орай ибн Синаны
энциклопедист ғұла-ма деп орынды атайды. Ғалымдардың мәліметі бойынша ибн
Сина 450-ден аса еңбек жазған, онан біздің заманымызға дейін 240-ы жетті.
Ибн Синаның тірі кезінде-ақ өзінің философия-лық идеяларын баяндаған Шығыс
философиясы және 20 том-нан тұратын Әділеттілік деп аталатын
философиялық эн-циклопедиясы жоғалып кеткен болатын.
Шығыста да, Батыста да ең танымал оның Медицина ка-нондары деп аталатын
капиталды еңбегінде сол заманға орай жоғары деңгейде жүйеленген анатомия,
физиология, терапия, хирургия, фармакология, профилактика мәселелері
қарастырыл-ған. Өзінің философиялық жүйесін ибн Сина платондық ілімнен бас
тарта отырып, перипатетизм арқылы құрастырады. Оның жүйесіндегі ғылымдар
классификациясы өз ерекшелігімен қызықтырады. Әбу Әли философиялық білімді
екі салаға бөледі: теориялық және практикалық. Оның ойынша, егер теориялық
философия ақиқатты игеруге үмтылса, практикалық филосо-фия — игілікке
жетуге ұмтылады. Теориялық философияға ибн Сина физиканы, математиканы, ал
практикалық философияға саясатты, экономиканы жатқызады. Бұл ғылымдардың
барлы-ғын пысықтайтын логика, сондықтан ол инструменталды ғылымға жатады.
Логика - бұл әлемді тану құралы, ол барлық ғылымдарға тәсіл береді. Барлық
ғылымдардың шыңы метафи-зика деп санады (метафизиканы ол бірде философия,
бірде тео-логия деп түсінді). Жильсонның пікірінше теологияның стату-сы
туралы авиценналық шешім ізгі хабарға жол ашады, бірақ әрбір қүндылық
туралы мөселеге толық жауап жоқ.
Газалидің айтуынша ибн Сина философиялаушы мұсыл-ман ретінде өзінің
пайымдауларында кейде дінсіздікке жақын жағдайларға дейін барады.
Шындығында, ибн Сина өз жауапта-рында мынадай идеяларға келеді: егер
философия ақыл-ой мәліметіне, дәлелге негізделген шындық туралы білім
берсе, ал теологиялық білім сенімге негізделеді. Өзінің батыл және ерек-ше
дара идеялары үшін ибн Сина үнемі қуғынға үшырап отыр-
ды. Ибн Синаның философиялық позициясы кезіндегі әл-Фарабидің философиялық
ізденістерінен өз бастауын алатын шығыс перипатетизм бағытын онан әрі
дамытқан заңды жалга-сы болды. Сонымен қатар ибн Синаның философия мен
теоло-гияның ара жігін ажыратқан, олардың статусы туралы идеясын онан әрі
ибн-Рушд өзінің қосарланған ақиқат туралы теория-сында жалғастырды.
Орталық Азиялық әлемнің келесі бір інжу-маржаны — Ба-ласағүн қаласынан
шыққан түрік, Қүтадғу білік (Құтты білім) деп аталатын атақты
шығарманың авторы Жүсіп Бала-сағұн (XI ғасыр). Өлең түрінде жазылған бұл
шығарма 6520 бәйіттен тұрады. Оның негізгі тақырыбы моральдық-этикалық
мәселе. Баласағұн әл-Фарабидің ізгі қала-мемлекет туралы идея-ларын қолдай
отырып, мемлекеттің формасы билеушінің адамгершілік тазалығы мен
асқақтығына, билеуші мен бағы-ныштылар арасындағы ізгілікті қарым-
қатынастарға байланыс-ты деп есептеді. Өз еңбегінде философ саяси
дағдарыстар тұсын-дағы Қарахандар мемлекеті үшін қажетті (ол сол заманда
өмір сүрді) билеушінің идеалды портретін беруге тырысты. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz