Өсімдіктердің дамуы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министірлігі
М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы: Өсімдіктердің дамуы
Орындаған: Ергешова Г.
Тобы: ФК-13-5К3
Қабылдаған: Жошыбекова Б.
2015 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы ұғымы, олардың өзара байланысы.
2. Өсімдіктердің өсуін сипаттайтын форма түзу процестері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Өсiмдiктердiң тiршiлiк циклын сипаттау үшiн екi ұғым қолданылады: өсу және даму.
Өсу дегенiмiз - өсiмдiк ағзасының салмағының, көлемiнiң, бетiнiң, сызықтық мөлшерлерiнiң сызықтық үлкеюi, жасушадағы цитоплазма құрылымдарының жаңадан түзiлуi (хлоропласттар, митохондрилар және т. б. ) . Өсу тұтас алғандағы өсiмдiк ағзасы мен мүшелердiң функциональдық қызметiнiң нәтижесi болып табылады.
Өсiмдiктiң тiршiлiк циклы 2 кезеңнен тұрады - вегетативтi және репродуктивтi. Бiрiншi кезеңде өсiмдiктiң вегетативтiк массасы жылдам түзiледi, тамыр жүйесi күштi өседi, түптену мен бұтақтану процесстерi, гүл мүшелерiнiң түзiлуi жүредi.
Репродуктивтi кезеңде гүлдеу мен жемiс салу болады. Гүлдеуден соң физиологиялық және биохимиялық процесстердiң сипаты өзгередi, вегетативтiк мүшелердiң ылғалдылығы кемидi, жапырақтағы азоттың мөлшерi күрт төмендейдi, пластикалық заттар қорға жиналатын жерге қарай жылжиды да сабақтың жоғары қарай өсуi тоқтайды.
Өсiмдiктердiң дамуы деп - ағзаның жаңа құрылымдық элементтерiнiң түзiлуi кезiнде болатын физиологиялық, биохимиялық және морфологиялық өзгерiстердi атайды. Олар өсiмдiктiң онтогенездiң белгiлi бiр тiршiлiк кезеңдерiн - жас, жыныстық жетiлген, көбею, қартаю және өлу анықтайды.
И. В. Мичурин жемiс ағаштарының 5 кезеңiн бөлiп көрсеткен: тұқымның өнуi; көшеттiң жастық фазасы және оның бiрiншi рет жемiс салуы; ересек күштi жемiс салудың алғашқы 3-5 жылы, ағзаның морфологиялық және физиологиялық белгiлерiнiң тұрақтануы; үнемi жиi жемiс беру келесi 3-5 жылда; қартаю мен өлу.
Өсу мен даму процестерi өсiмдiк ағзасының тұқым қуалаушылық ерекшелiктерiн және оның қоршаған ортамен өзара әсерлесу процестерiнiң жиынтығын көрсетедi. Өсу мен даму процестерi тығыз байланысты және бiр-бiрiн анықтайды.
Тұқымның өнуi
Тұқым 3 бөлiктен тұрады: 1) жабын ұлпасы; 2) эмбрионалдық ұлпа (сабақша, тамырша, жапырақшаның бастамасы) ; 3) қор заттар.
Қосжарнақты өсiмдiктерде қор заттары тұқым жарнағында болады, ал дара жарнақтыларда эндоспермде болады.
Химиялық құрамы бойынша пiсiп-жетiлген ауыл-шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын үш топқа бөледi: 1) крахмалға бай тұқым; 2) ақуызға бай тұқым; 3) майларға бай тұқым.
Өну кезiнде сiңiрiлiнiп iсiнедi, сыртқы тұқым қабықшасы бұзылады.
Өну кезiнде ферменттердiң әсерiнен тұқымның қорға жиналған күрделi органикалық заттардың ыдырауы жүредi: ақуыздар - амин қышқылдарына дейiн, полисахаридтер - моносахаридтерге дейiн, майлар- май қышқылдары, оксиқышқылдар, альдегидтерге дейiн және ұрық бұл заттарды сiңiредi.
Бiрiншi жапырақтар функциясын атқаратын тұқым жапырақтары сыртқа шығарылады, өседi. Ұрық өскiнге айналғанда тұқым жарнақтарының бiрiншi жапырақ ретiндегi функциясын жоғалтады.
Тұқымдағы ұрықтың өсуi жаңадан түзiлу, бастама мүшелердiң мөлшерiнiң үлкеюi жасушалардың бөлiнуi нәтижесiнде және меристеманың ұлпаларының өсуi нәтижесiнде жүредi.
Өсу фазалары
Жоғары сатыдағы өсiмдiктiң әр жасушасы даму процесiнде белгiлi бiр зат алмасумен сипатталатын зат алмасуымен анықталады:
- Эмбрионалдық өсу фазасы.
- Созылу фазасы
- Iшкi дифференциация
- Эмбрионалдық фазада - барлық жасушалар протоплазмамен толтырылған, вакуольдер жоқ.
- Созылу фазасы - вакуолдер пайда болады, клетка қабықшасының өсуi басталады, клеткалар созыла бастайды.
Сабақтың ұшында немесе тамырдың жас клеткалары өсудiң эмбрионалдық фазасында болады да олар өсу конусы деп аталатын аймақты құрайды. Эмбрионалдық зонадағы клеткалар бiртiндеп созылу фазасындағы клеткаларға өтедi. Одан соңғы аймақта клеткалар iшкi дифференциациядан өтедi. Бұл зонадан соң өсуiн тоқтатқан тұрақты ұлпалардың элементтерi орналасқан.
Меристема клеткаларының жаңа клетка түзуге мүмкiндiгi ұзақ уақытқа созылады. Олардың бiреуi меристемалық болып қалады, ал екiншiсi жасушадан бөлiнген соң белгiлi бiр ұлпаның клеткасына айналады.
Меристема бiрiншi реттiк (тiкелей ұрық ұлпасынан түзiледi) - өсу конусы. Екiншi реттiк меристема мысалы, феллоген эпидермис клеткасынан немесе алғашқы қабық клеткаларынан түзiледi.
Клеткалардың бөлiнуiн (митоз) травматин қышқылы, лейкоантоциандар мен кинетин стимулдайды. Клеткалардың бөлiнуiне витаминдер тиамин (вит В 1 ), пантотендi қышқыл, пиридоксин, фолий қышқылы, амин қышқылдары (цистейн, тринтофан), пуриндер (гипоксантин, ксантин) қажет.
Митозды тоқтататын заттарға иодацетат, 2, 4- динитрофенол, цианидтер, малейин қышқылының гидразидi жатады.
Созылу фазасында меристема клеткалары бөлiнудi тоқтатады, көлемi үлкейедi, вакуольдер пайда болады. Вакуольдерде көп мөлшерде су жиналады, целлюлоза көптеп түзiле бастайды. Түзiлген целлюлоза молекулалары клетка қабықшасына енедi. Клеткадағы цитоплазманың мөлшерi бiрнеше есе артады.
Көп клеткалы өсiмдiктiң мөлшерiнiң үлкеюi созылу фазасындағы клеткалардың өсуiне байланысты болады. Созылу кезеңiндегi клеткалардың өсуiне ауксин а мен в, гетерооуксин (C 10 Н 9 О 2 N) - β индолил сiрке қышқылы стимулдайды.
Эмбрионалдық клетканың арнайы маманданған клеткаларға айналуы дифференцировка деп аталады.
Өсiмдiк мүшелерiнiң өсу типтерi. Көпклеткалы өсiмдiктердiң өсуi клеткалардың бөлуi, өсуi, жаңа мүшелер мен ұлпалардың түзiлуi процестерiнен тұрады. Жас өсiмдiктiң барлық клеткалары өсуге қабiлеттi. Кейiн өсу процестерi өсiмдiктiң белгiлi бiр дене бөлiктерiнде, көбiнесе сабақ пен тамырдың ұшында шоғырланады, ал жуандыққа өсетiн өсiмдiктерде- апикальды өсу цилиндрлiк зонада да (камбий ) болады.
Көп жылдық өсiмдiктердiң сабағы мен тамыры шексiз өсуге қабiлеттi. Жапырақтың өсуi шектелген: алдымен барлық клеткалар өседi, кейiн тек негiзi өседi- өсудiң базальды типi. Гүлдiң әр түрлi бөлiктерiнiң өсуi де шектелген.
Төбелiк өсуден басқа кейбiр өсiмдiктерде интеркалярлық өсу болады.
Популяция, ағза, мүше, ұлпа, клеткалардың өсуiнiң жалпы сипаты сигмоидты қисықпен S сипатталады.
Сигмоидты өсу қисығы 4 негiзгi элементтен тұрады:
- бастапқы, индукциялық немесе логарифдiк - кезең жасырын процестер жүредi, өсуге дайындалады.
- Логарифмдiк фаза (интенсивтi өсу), өсу уақытқа байланысты түзу сызық түрiнде болады.
- Баяу өсу фазасы.
- Стационарлық фаза- көрiнетiн өсу процесi байқалмайды. Бұл құбылыстың “өсудiң үлкен кезеңi”. Бұл тек жеке клеткаларға ғана емес, бiртұтас өсiмдiк ағзаларына тән.
Өсудiң абсолюттi жылдамдығы (К) уақыт бiрлiгiндегi өсiм:
ω 2 - бастапқы, ω 1 - соңғы параметр, t 2 - t 1 - уақыт периоды.
Салыстырмалы өсу процентуалды (R) бастапқы өсуден не өсiмдiк масасынан процентпен есептелген өсiм:
⋅100
ω 1 - өлшем кезiндегi параметр
ω 0 - бастапқы параметр.
Өсу жылдамдығы.
Өсiмдiктердiң әр түрлi мүшелерiне өсудiң әр түрлi типтерi және олар өсу конусының сипатына байланысты болады. Мысалы, сабақ пен тамырда өсу нүктелерi терминалды жағдайда орналасқан, сондықтан олар ұшымен өседi. Мұндай өсу-апикальды деп аталады.
Өсу жылдамдығы бiрқатар шамалармен сипатталады:
1. Меншiктi өсу жылдамдығы- өсiмдiктiң (не мүшенiң) тiрi массасының уақыт бiрлiгiнде өсуi.
Блекман формуласы:
Мұндағы: W 0 - бастапқы, W 2 - соңғы құрғақ салмақ, t- вегетациялық кезеңнiң ұзақтығы.
2. Салыстырмалы өсу- өсiмдiктiң не мүшенiң бастапқы салмағынан есептеген проценттен есептелген өсiм:
W 2 - берiлген уақыттағы өсiмдiктiң өлшемi (не көлемi), W 0 - бастапқы өлшемi.
3. Өсудiң абсолюттiк жылдамдығы- уақыт бiрлiгiндегi өсiм.
Қоршаған ортаның өсiмдiктердiң өсуi мен дамуына әсерi Әртүрлi фактордың әсерiнен анықталады. Бұл факторларды төмендегi топтарға бөледi:
климаттық - жылу, жарық, су, ауаның қозғалу жылдамдығы оның газдық құрамы және т. б.
Эдафиттiк- топырақтың құрылымы, оның химиялық құрамы.
Биотикалық- әртүрлi микроорганизмдер, өсiмдiктер және жануарлар.
Өсiмдiктердiң өсуiнiң сыртқы орта факторларына тғуелдiлiгi өте күрделi. Мысалы, жоғары инсоляция белгiлi бiр дәрежеде жапырақтарының фотосинтетикалық белсендiлiгiн арттырады, олай болса өсуге оң әсер етуi тиiс. Бiрақ, интенсивтi жарық өсiмдiктердiң тыныс алу процесiн активтендiрiп, транспирацияны күшейтедi. Нәтижеде болатын су тапшылығы өсудi шектейдi.
Өсудiң ырғақтылығы.
Өсiмдiктердiң өсуi бiртектi болмайды. Өсiмдiктердiң белсендi өсуi қоршаған орта мен өсiмдiктердiң не оның мүшесiнiң iшкi күйiнiң өзара толық сәйкестiгi кезiнде ғана мүмкiн. Өсiмдiктер тыныштық күйден шығу үшiн не сәйкес қоршаған орта жағдайларының өзгеруi немесе бұл ұлпалардағы белгiлi бiр биохимиялық процестердiң аяқталуына байланысты шығады.
Табиғи жағдайда өнудiң кешеуiлдеуi (тежелуi) түрдi сақтауға бағытталған маңызды бейiмделушiлiк болып табылады. Ол өсiмдiктерге қолайсыз жағдайларды өзiне зиянсыз басынан кешiруге мүмкiндiк бередi.
Мысалы овсюг тұқымы тыныштық күйде -33 0 С -дi қыста көтере алады, ал егер тыныштық күйден шыққан болса -13 0 С -да өледi. Шыршаның қылқаны қыста -50 0 - 60 0 С - да тiршiлiгiн сақтайды, ал жазда -2, -3 0 С- да өледi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz