Антикалық философия тарихы
Кіріспе
1. Антикалық философия тарихы
2. Сократқа дейінгі антикалық философия
3. Классикалық дәуірдегі антикалық философия.
Қорытынды
Пайдалаылған әдебиеттер

«Антик философиясы» деген мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстық көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық щеңберіне келетін болсақ, антик философиясын өзнің бастауын б.з.д. VІІ – VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик фиософиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика; классикалық грек филсофиясы; эллиндік грек философиясы.
Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы – философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық фиософиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері бар. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.

1. «Философия», Алматы, Рауан, 1995 жыл
2. Ғабдильдин Ж.М. Избраные сочинение в 5 томах. Алматы, 2001
3. Әбішев Қ. Философия. Ақыл кітабы 2001
4. Быховский Б.Э. Фейербах М., 1967
5.«Философия», Д. Кішібеков, Ұ. Сыдықов, Алматы, 2002 жыл

Антик философиясы деген мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. Антик сөзінің латын тілінен аударғанда көне деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстық көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық щеңберіне келетін болсақ, антик философиясын өзнің бастауын б.з.д. VІІ - VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик фиософиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика; классикалық грек филсофиясы; эллиндік грек философиясы.
Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы - философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық фиософиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері бар. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.
Антикалық философия тарихы
Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды физиктер деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда натурфилософия деп атайды.
Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.
Антикалық философия - бүкіл дүние жүзілік философияның дамуындағы керемет құбылыс. Ол Көне Грекияда біздің дәуірімізден бұрынғы VII ғасырдың соңында қалыптасып, біздің дәуіріміздің VI ғасырына дейін өмір сүрді.
Көне Грекияда мың жылдан артық уақытта әртүрлі сарындағы философиялық ілімдер пісіп, жетіліп кейінгі философиялық ойлаудың дамуына негіз, бастау болды.
Антикалық философияның өзіндік келбеті, ерекшелігі бар, оның ең бастапқысы табиғат туралы ілімдермен тікелей байланыстығы. Алғашқы грек философтарын физиктер деп сипаттау кездейсоқтық болмаса керек.
Көне грек философиясының тағы да бір маңызды ерекшелігі - оның онтологиялық сипаты. Грек ойшылдары табиғаттың, бүкіл әлемнің мәнін білуге тырысты. Алғашқы бастаулар, түпнегіздер сияқты қарапайым ізденістерден бастап, жалпы болмыс мәселесіне көтеріледі.
Антикалық философияға әлемді біртұтастық тұрғысынан пайымдау тән.
Антикалық философ - ол дана, оның таным процесіндегі жалғыз қаруы өзінің ақылы, ал құралы - байқау. Осыдан келіп оның пайымдау және жалпылау сияқты сипаттары туындайды.
Антикалық философияның дамуында бірнеше кезеңді бөлуге болады. Бұл мәселеде әртүрлі көзқарастар бар. Біз ұсынған дәуірлер екі маңызды факторға сүйенеді: біріншіден, көне грек қоғамның өзіндік дамуы, екіншіден философиялық мәселелердің өзгеріп отыруы.
1. натурфилософиялық кезең.
2. гуманистік кезең.
3. классикалық кезең.
4. эллиндік кезең.
5. римдік кезең.
Антикалық философияның натурфилософиялық дәуірі шамамен біздің дәуірімізден бұрынғы VII ғасыр мен IV ғасырлар аралығын қамтиды.
Натурфилософияға милет мектебінің өкілдерінің, Гераклиттің, элеаттардың, атомистердің, пифагоршылдардың ілімдерін жатқызуға болады.
Бұл кезеңдегі философиялық ілімдердің мәнін түсіну үшін мынадай іргелі ұғымдарды игеру керек:
1. түпнегіз - барлық заттардың негізі
2. апейрон - шексіз, мәңгі, белгісіз, ұдайы қозғалыста болады
3. логос - жалпы заң, Гераклит философиясындағы қажеттілік, сөз, сонымен қатар, ақыл, заң дегенді білдіреді.
4. апория - шешім табудың қиындығы, тығырыққа тірелгендік деген мағынада қолданылады
5. атом - Демокрит философиясында өте кішкене, бөлінбейтін бөлшек.
Сократқа дейінгі антикалық философия
1. Милет философиясы.
2. Атомистердің философиялық білімі.
3. Софистер философиясы.
Көне грек философиясы немесе архаизм (көне, ескi, атам заманғы) б.з.д. VI-V ғ. басындағы кез. Бұл кезеңдегi негiзгi мектептер: Милет мектебi (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен); Пифагор және пифагоршылар; Элеаттар (Парменид, Зенон); атомшылар (Левкипп, Демокрит). Бұл мектептерден тыс тұрған философтар - Гераклит, Эмпедокл және Анаксагор. Классикалық кезеңнiң негiзгi мектебi - софистер (Горгий, Гиппий, Протогор, т.б.). Алдымен бұларға қосылған, кейiн оларды сынаған Сократ, Платон, оның мектеп академиясы, Аристотель және лицей мектебi.
Эллиндiк кез (б.з.д. IV-б.з.V ғ.). Бұл кезеңнiң негiзгi мектебi: Эпикур мен Эпикуршiлер ( Лукреций Кар), Стоиктер (Зенон, Луций Анней Сенека, Марк Аврелий); скептиктер (Пиррон, Секст Эмпирик); кинктер (Антисфен, Диоген Синопский); неоплатонизм (Плотин, Прокл, Янвлих).
Антикалық философияның (даму кезеңiне тәуелсiз) негiзгi сипаты - ғарыштық логоцентризм. Логос - ежелгi философияның орталық ұғымы. Гректер ғарышты тәртiпке салынған және антикалық адамды да тәртiпке салынған әрі үйлесiмдi жүйелер деп көрсетедi. Адам бойындағы зұлымдық пен шалалық нақты бiлiмнiң жеткiлiксiздiгi ретiнде түсiндiрiледi және оны философия көмегiмен толықтыруға болатынына сенедi.
Көне грек философиясының негiзгi тақырыбы - ғарыш, физика. Алғашқы грек философтарын - физиктер, ал философияны - натурфилософия деп атады. Осы кезеңде әлемнiң бастамасы жөніндегі мәселе қалыптасты. Элеаттардың философиясы бiрте-бiрте натурфилософиялық мотивтерден айырыла бастады. Ендi болмыс, оның құрлымы, ойлаудың басты тақырыбы болып қалды. Ертедегi антикалық философияның орталық мәселесi онтология болып, алғашқы ғылыми (мифологиялық емес) дүниеге көзқарастың жиынтығы жасалды.
Милет мектебі - Грекиядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.
Фалес әлемнің түпнегізі су деп есептеген. Бәрі судан пайда болады, бәрі суға айналады. Фалестің шәкірті Анаксимен әлемнің негізі ауа, ал Гераклит от деп есептеді. Анаксимандр барлық заттар мен құбылыстар шексіз, шетсіз апейроннан пайда болған деді.
Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) - Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды.
Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал.
Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы - су деген пікірді ұстанады. Ол буға айналады, бу ауаны құрайды, қарама-қарсы бағытта оларда өзгерiс жүредi, жер тiптi тас та осының нәтижесi. Әртүрлi, әр алуан әлемнiң сапалық жағдайының мәнi мен байланысының айырмашылығы - осыдан алғашқы орынға шығады. Бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.
Фалес құдайды жоққа шығарады, бiрақ әлемдi түсiндiруде құдайға жүгiнедi. Оны сол кездегi ең батыл, таңқалдыратын тiрлiк иесi дедi. Фалес: Тiршiлiк мәнінің ең ежелгiсi - Құдай, өйткенi ол тумаған. Бәрiнен де әдемi - әлем, өйткенi оны құдай жасаған. Бәрiнен де данышпан уақыт, өйткенi ол бәрiн шешедi, - дейдi. Дүниедегi қиын не? - Өзiңдi тану. Ең оңайы не? - Басқа бiреуге кеңес беру. Бақытсыздықтан қай кезде құтыласыз? - Жауыңа сенен де қиын болғанда.
Анаксимандр (шамамен б.д.д. 610-546 ж.ж.) - ежелгі гректің материалист - философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грециядағы Табиғат туралы атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы, бірақ бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде - архе (негіз) ұғымын енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген. Апейронның ыстық пен суықтың қарама-қарсылығы туады; олардың күресі космосты дүниеге әкеледі; ыстық-от ретінде көрініс тапса, суық аспан мен жерге айналады. Анаксимандр материаның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы Жер Ғаламның ортансында тұр. Жер төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және аспан денелері - жұлдыздар айналып жүреді. Тарихта тұңғыш рет эволюция идеясын ұсынды: адам - балықтан пайда болған.
Анаксимандр алуан түрлi табиғаттың негiзiнде әлдебiр белгiсiз және шексiз материя жатады деп ойлады, оны апейрон деп атады. Мiне, осы түсiнiк дүниенiң материалдық субстанциясын оның тереңiрек қарағанын көрсетедi.
Анаксимен (шамамен б.д.д 588-525 ж.ж.) - ежелгі грек материалист - философы, стихиялы- диалектик, Анаксимандрдың шәкірті.Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы материадан - ауадан пайда болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін - бұлтқа, суға, жер мен тастарға, сейіліп - отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу идеясы көрініс тапқан. Ауа бәрін қамтиды: ол әрі жан, әрі ғаламның сансыз заттардың өмір сүретін ортасы. Анаксимен жұлдыздар - от, бірақ оның жылуын сезінбейміз, өйткені олар өте қашықта орналасқан, күн қатты жанып тұрған алып аспан денесі деп үйретті.
Материализм мен диалектика идеаларын әрі қарай дамытқан Гераклит (шамамен б.д.д 544-483 ж.ж.)- ежелгі грек философ-материалисі, диалектик. Кіші Азиядағы Эфесте туған. Гераклиттің бізге тек үзінділері ғана жеткен Табиғат туралы шығармасы сол заманның өзінде атақты еңбектердің бірі болған. Гераклиттің пайымдауынша дүниенің негізі - от, ол әрдайым өзгеруде әрі қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген заттар, тіпті адам жаны да оттан жаралған. Космос баршаға ортақ, оны ешқандай Құдайда, адамда, жасамаған, ол қашаннан болған, қазірде бар, бұдан былайда мәңгі жанып тұратын от, тұтанып және өлеусіреп сөніп бара жатқан оттың өлшемі Зат атаулының бәрі қажеттілікке орай оттан пайда болады, оны Гераклит логос деп атайды. Әлемдік процесс ұдайы қайталанып отырады; ұлы маусым біткен соң заттардың бәрі қайтадан отқа айналады. Табиғат тіршілігі-толассыз қозғалыс процесі, барлық нәрселер, олардың қасиет-күйлері өздерінің қарама-қарсы жағына ойысады: суық-ыстыққа, ыстық-суыққа айналады. Бәрі өзгере отырып жаңарады. Соған орай Гераклиттің атақты тұжырымдамасы қалыптасады: Бір өзенге екі қайтара түсе алмайсың. Гераклит дүниені танып-білуге болатындығына кәміл сенеді, сондықтан адам баласының ақыл-ой қабілетіне бөгет жоқ деп есептеді. Қоршаған ортаның салыстырмалығын мойындаған: Теңiз суы адам үшiн - кiр, балық үшiн - таза. Адам әр жағдайда әртүрлi жақсы да, жаман да амал жасайды. Табиғаттағы осындай қарама-қарсы және мәңгi болып тұратын байланысты ол жалпыға бiрдей логос заңдылығы деп атады. Демек, логос - әлемдiк ақыл-ой. Қоршаған ортаны сезiм арқылы тану дұрыс деп есептедi. Сонымен бірге ол ақиқатты танудың, оған жетудің қиындығын түсініп, табиғат жасырынуды ұнатады деде. данышпан болу үшін көзі ашық, көкірегі ояу болу-жеткіліксіз. табиғаттың сырын ұғу үшін адамның ұлы қасиеті болып табылатын ерекше ойлау қабілеті болуы керек.
Пифагор (б.з.д.584-500 ж.) ежелгi грек философы, әрі математигi. Бiрiншi бастама, тiршiлiктiң негiзi - сан деп есептеген. Барлық қоршаған шындықты таңбалап санға теңедi. Санның арқасында өлшеуге және тануға да болады, - дейдi. Категорияларды бөлiп көрсету арқылы әлем бiрлiгiнiң диалектикасын (тақ пен жұп, жарық пен қараңғы, тура мен қисық, оң мен сол, әйел мен еркек, т.б.) көрсеттi. Бiрлiк барлық өте ұқсастықтың бөлiгi, ол иррационалдық сандар туралы ғылымның негiзiн қалап, математиканың дамуына елеулi үлес қосты. Оңтүстiк Италияда Пифагор одақ құрып сан мистикасы, сфералардың ғарыштық гармониясы iлiмдерiн таратты. Ол жанның өлмей көшетiнiне сендi, бұл кейiн неоплатонизмде қайтып жаңғыртылды.
Элеаттар - Элей философия мектебi б.з.д. VI - V ғғ. - ежелгi Элейде, қазiргi Италия территориясында өмiр сүрдi. Өкiлдерi: Парменид, Зенон Элейский, Мелисс Самосский.
Элейден шыққан ойшылардың жаңалығы мынада: космологияны онтологияға (болмыс теориясына) өзгерту, өзiндiк философиялық категорияларды ойлап табу (болмыс, биболмыс, ойлау), диалектикалық тәсiлдi енгiзу мен пайдалану арқылы философияда дәлелдеудiң қажеттiлiгi мен оның тәсiлдерiн қолдануды (абсурдқа әкелу принципi) мойындау.
Парменид - бiрiншi болып болмыс түсiнiгiн енгiздi. Оның пiкірiнше дүниеде тек бiр ғана болмыс бар. Болмыс бар, биболмыс - жоқ. Биболмысты тану немесе ол туралы пiкiр айту мүмкiн емес. Сондықтан, әлем болмыспен тығыз және үздiксiз толтырылған. Сезiмдiк қабылдау нағыз бiлiмдi бермейдi. Тек философиялық ақыл-ойға салу арқылы ақиқатқа жетуге болады. Элеаттар тану мәселелерiнде, сезiмдiк таным (докса - пiкiр) және идеалдың жоғарғы рухани таным деп қатал түрде бөледі. Бұл монизмдi жақтаушылар - көпшiлiк құбылысты бiрлiк бастамадан шығарады. Барлық материалдық тiршiлiктiң көрнiсi - идея екенін айтып, олар идеализмнiң алғашқы хабаршысы болды.
Егер Парменид философиялық тезистердi дәлелдесе, оның ізбасары Зенонның дәлелдеу әдiсi - жағымсыз жағдайды дәлелдеу. Парменидтің "Қайшылық заңына" ол "Үшiншiнi жоққа шығару" заңын қосты. Зенонның "Ахилес", "Дихотомия", "Жебе", "Стадион" т.б. апориялары философия ұрпақтары мен көпшiлiк үшiн алынбас қамал болды. Зенонның апориялары өзiндiк заңдылықтың күш-қуатын бекiтетiн тәжiрибе деректерiне күмән келтiретiн, логос позициясын күшейтуге бағытталған. Зенонды Аристотель диалектиканың атасы деп атады (қарсылас пiкiрiн терiске шығаратын диалогты пайдалануға байланысты).
Зенонның "Ахилл және Тасбақа" апориясындағы (апория - түсiнiксiз қайшылық) алғашқы шарт. Ахилл мен Тасбақа бiр-бiрiнен А мен А2 аралығындағы қашықтағы жол бойында тұр. Олар бiр кезде бiр бағытқа қарай қозғалады. Ахилл барлық күшiн салып жүгiредi, ал тасбақа болса, бауырлап жылжиды.
Тезис: Ахилл ешқашанда Тасбақаны қуып жете алмайды.
Дәлелдеу: Тасбақаны қуып жету үшiн Ахилл алдымен қозғалыс басталардағы бөлiп тұрған А2 аралықты жүгiрiп өтуi керек. Осы уақытта тасбақа да А2-ден А3 аралығын өтедi. Демек, ендi Ахилл тасбақаны қуып жету үшiн тағы да А аралығын жүгiрiп өту керек, т.т. Себебi кеңiстiктегi жол шексiздiкке дейiн бөлiнедi, онда Ахилл мен Тасбақа арасында аз да болса аралық қалып отырады, оны Ахилл жүгiрiп өтуi керек.
Қорытынды: Ахилл ешқашан да Тасбақаны қуып жете алмайды. Кеңiстiкте шексiз бөлiнетiн немесе бөлiнбейтiн интервалдардың (аралықтар) өмiр сүруi мүмкiн болса, онда қозғалыстың болмайтындығы туралы тұжырым жасауға болады.
Зенонның пайымдауы бойынша кеңiстiк өзiнiң құрлымы бойынша шексiз (континуальдық) немесе оның бiр шекке (дискреттiк) дейiн бөлiнетiн және одан ары ұсаққа бөленбейтiн интервалдары бар. Егер кеңiстiк белгiлi бiр шекке дейiн бөлiнетiн болса, онда жебе туралы апория қолданылады.
Ұшып бара жатқан жебе t1 уақыт сәтiнде кеңiстiкте белгiлi интервалда орын алады: 3-тен 8-ге дейiн. Қозғалыс - бұл кеңiстiктегi орын ауыстыру, демек жебе жылжиды, олай болса келесi сәтiнде уақыт t2, ол басқа кеңiстiктiң интервалында орналасады: 4-тен 9-ға дейiн. Әрбiр кеңiстiктегi интервал бөлiнбейдi: жебе онда толық орналасады немесе орналаспайды, жарым-жартылай орналасуы мүмкiн емес. Демек, жебе аралықтың бiр бөлiгiн, 8-9 өтуi мүмкiн емес, бұл аралық бөлiнбейдi. Онда уақыт t кезiнде жебе қозғалыссыз 3-8 аралықта, ал уақыт t΄ кезiнде қозғалыссыз 4-9 аралығында болады.
Қорытынды: Ешқандай қозғалыс жоқ, тек кеңiстiктiң әртүрлi аралығында қозғалыссыз орналасу бар.
Эмпедокл (б.з.д. 490-430 жж.) Агригент қаласы Сицилия аралында өмір сүрді. Материалистік бағытты ұстады. Дүниенің бастауы - төрт элемент немесе стихия: жер, су, ауа, от және оларды қосатын әрі ажыратын екі қарама-қарсы күштерден тұрады деді.
Негізгі еңбектері: Табиғат туралы, Тазару.
Анаксагор ( шамамен б.з.д.500-428 ж. ж.) - Афинаның алғашқы философы. Өзінің гомеометрия туралы ілімімен белгілі болған. Гомеметрия (заттардың ұрықтары) мен Нус (ақыл) әртүрлі мөлшерде арласып, барлық заттар мен құбылыстардың сапасының алуан түрлігін құрап, бір жөнге (тәртіпке) келу арқылы айқындалады. Оның бәріне - бәрі деген тезисі гомеометрияның барлық әлем дүниесінде белгілі дәрежеге ие болуын көрсетеді.
Аталған философтардың бәрі дүниенің негізі материалдық субстанция деп есептеді. Субстанция дегеніміз түпнегіз, ол өзінің басқа арқылы түсіндірілуін қажет етпейді.
Гераклит бәрі өзгереді, бәрі өткінші деп пайымдады. Өзгерістердің қозғаушы күші мен негізі - қарама - қарсылықтардың өзара күресі.
Элеаттар мектебінің өкілдері Парменид, Зенон, Ксенофан.
Субстанцияны түсіндіру мәселесінде олар нақты бір зат пен құбылыстан гөрі өзімен өзі болмыс деген ұғымды қарастырады.
Парменид философиясының негізгі тезисі - болмыс бар, болмыс емес жоқ, болмыс еместі тануға, тіпті ол туралы айтуға да болмайды. Ол мәңгілік, пайда болмайды, жойылмайды, ол біркелкі және үздіксіз.
Ксенофанның пікірінше, болмыс дегеніміз - Құдай. Құдай әлемнің субстанциясы.
Зенон шекті және шексіздік, жалғыздық пен көптік, қозғалысты ойлаудың мәселерін қойып, зерттеді.
Зенон бос кеңістік, көптік, қозғалыс мәселелерінің сезімдер үшін бар екендігін мойындады, ал оларды ұғымдар деңгейінде қалай түсіндіру қажет. Мәселенің түп төркіні осыда болса керек.
Аристотель Зенонды диалектиканың негізін қалаушы деп бағалаған, өйткені, ол ақиқатты, қарсыласының ойындағы ішкі қайшылықтарды айқындап, оны шешудің жолын қарастырған.
Зенонның апориялары қозғалысты терістейтін аргументтер. Осы уақытқа дейін оның Дихотомия, Ахилл, Ұшатын жебе, Стадион деген апориялары жеткен.
Ежелгi Грециядғы материалистiк бағыт кейiнгi кезеңде Демокриттiң философиясынан толығырақ көрiндi.
Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист ойшылы. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды.
Атом - дегеніміз бүтін, бөлінбейтін кішкене бөлшек. Оның бірігуінен және бөлуінен бүкіл әлемдегі заттар мен құбылыстар құралады. Олар сапа жағынан емес, саны, түрi, формасы, ретi, тәртiбi немесе орналасуы және көлемi жағынан бiр-бiрiнен өзгеше келедi. Осыған байланысты денелер белгiлi бiр сапаға, қасиетке ие болады, жылы не суық, ауыр не жеңiл, қатты не жұмсақ болып келедi. Атомдар мәңгi қозғалыста болады да, бiр-бiрiмен соқтығысып шағысып жатады. Бәрi де үнемi өзгеру үстiнде болады, бәрi де заңды түрде және қажетiне қарай өтедi.
Адам да атомдардың бірлігі, бірақ оның жаны бар. Жан дегеніміз де зат, ол ерекше атомдардан, яғни жеңіл және тез қозғалуға бейім атомдардан құралады.
Демокрит осы принципімен таным процесінде түсіндіреді. Таным дегеніміз заттардың бетінде ағып жүретін атомдарды қабылдау. Олар - заттармен құбылыстардың бейнесі.
Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес.
Демокрит танымның материалистік теориясын дамыта келіп, адамның санасы-обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне жасайтын әсерінің нәтижесі деп есептеді. Дүниені танып-білудің екі түрін көрсетеді:
1. Сезім арқылы танып-білу,
2. Ақылмен танып-білу.
Демокрит біздің сезім мүшелеріміз-көру, есту, иіс сезу, дәм білу, тән сезімдеріміз-заттар мен қозғалыстардың бәрін бірдей қабылдай алмайды, дүниеде шексіз ұсақ нәрселер бар, адам оларды ақыл-ойы арқылы ғана тани алады.
Демокриттің атомдық теориясы көптеген ғасырлар бойы ғылымға жол көрсеткен ілім болды. Оның материялық атомдардың обьективті өмір сүретіндігі туралы жалпы философиялық көзқарасы ғылым мен филосогфияның тарихында орасан зор маңызға ие. Демокриттің көзқарастарын Эпикур мен Лукреций Кар әрі қарай дамытты.
3. Софистер философиясымен антикалық философияның гуманистік дәуірі басталады.
Софистер (гр. sophists-өнерпаз, дана)-даналықтың, шешендіктің кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтарын осылай атаған. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм-олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер екі топқа бөлінді: Аға софистер-табиғатты материалистік тұрғыда түсіндірді. Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар-алғашқы ағартушылар. Екінші тобы- Кіші софистер (ақсүйектер тобы)-Гипподам, Критий-философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау - дау кезіндегі кейіпке байланысты пайда болған Софистика деген әдісті қолданды. Софистика - дауласу немесе дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сондықтанда Аристотель оларды жалған даналық ұстаздары деп атады.
Антикалық философияның екінші-классикалық кезеңі-ерте грек философиясының кемелденген, гүлденген кезі болды. Себебі, Платон мен Аристотель өздеріне дейінгі философияны біртұтас ғылымға айналдырып, жүйелендіре түсті.
Маңызды мәселесі - адам мәселесі, оның әлемге қатынасын анықтау. Адам болмысы - субъективті болмыс. Олардың ілімі - субъективті идеалистік ілім, олар адамды барлық заттардың өлшемі деп қарастырады.
Софистер - Протагор, Горгий, Гиппий, Продик, Ликофрон, Алкидамант.
Софистер адамдардың барлық ұғымы мен этикалық қалыптары, баға берулері салыстырмалы деп есептеді.
Классикалық дәуірдегі антикалық философия.
1. Сократ философиясы.
2. Платон философиясы.
3. Аристотель философиясы.
Классикалық кезең (б.з.д. V ғ.). Классикалық кезең тақырыбы - адамның мәнi, оны танудың ерекшелiгi, философиялық бiлiмнiң синтезi, әмбебабтық философияны құру. Атап айтқанда осы кезде таза идеялық, теориялық философия қалыптасты және оның бiлiмiнiң түрі басқаларға қарағанда алғашқы болды. Теориялық философия қағидасының негiзiнде құрылған классикалық кезеңнiң негiзгi проблемалары: онтология, антропология, гносеология.
Сократ - философия тарихындағы ең атақты тұлға. Сократ (шамамен б.д.д. 469-339 ж.ж.) - ежелгі грек философы, оның ілімі материалистік натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз. Сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ Өзіңді танып - біл формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде. Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды.Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім қағидасының мәні ашыла түспек.
Сократтың басты мақсаты - жастарды өз философиясы арқылы тәртiптi өмiр сүруге баулу. Көбiнесе пiкiр таласы және өз айтыстарымен шұғылданған. Сократ этика саласында өнегелiктi ақиқат және даналықпен теңестiрдi. Тек ақылды адам ғана өнегелi, себебi ол iзгiлiктiң, жақсы мен жаманның не екенiн бiледi. Әсiресе Сократ үш iзгiлiктi бағалайды: сабырлылық - сабырлы адам құмарлықты қалай басуды бiледi; батылдық - батыл адам қиындықты қалай жеңудi бiледi; әдiлеттiлiк - әдiл адам адамдық пен құдайлық заңдарды қалай ұстауды бiледi. Сократтың ойынша даналық тек қана "мейiрбан адамдарға" ғана тән.
Көне дәуірдің өзінде - ақ ол даналықтың, дана адамның идеалы болып саналды. Сонымен қатар, Сократ - ең жұмбақ тұлға. Өйткені, ол ешнәрсе жазған жоқ, ешқандай жазба мұра қалдырмаған. Афина көшесін ұзаққа кезіп жүріп, философиялық ойларын айтқан. Көшеде кім кездессе сонымен әңгіме дүкен құра берген. Сократ философиясының барлық мағынасы мен мәнін оның шәкірті Платонның философиялық жағынан терең, көркемдігі жағынан тартымды шығармаларынан білеміз.
Сократ философияның негізгі мәселесі адам деп шешті. Сондықтан адам адамгершілігінің табиғатын зерттеуге көңіл бөлді. Адамның ішкі жан дүниесінің мәнін анықтайтн игілік, жамандық, жақсылық, әділеттілік, сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды анықтауға кірісті. Осыдан келіп өзін-өзі тану мәселесі туындайды.
Көне Стоя Китилік Зенон, Клеланпф, Хрисипп біздің заманымызға дейінгі II - I ғасырлар. Кейінгі Стоя - Анней Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий - біздің заманымызға дейінгі V ғасыр - біздің заманымыздың 65, 121, 180 жылдары.
Негізгі мәселе - мораль мәселесі. Философияның негізгі міндеті адамгершіліктің кемшіліктерін жою, игіліктерге тәрбиелеу. Стоицизмнің көптеген мәселелері христиан философиясына ұқсас.
Рим стоиктері тұлға психологиясымен айналысты. Ұждан моральдың функционалды ұғымы, ал еркіндік моральдық, әрекеттің тетігі ретінде қарастырылды. Адамның күнәлы болуы түсіндірілді. Адам, тіпті ұлы адамның өзі де кей уақытта кінәлы болады. Өйткені, Құдай ғана күнәсіз. Сенека тағдыр алдындағы адамдардың бірлігі туралы идея ұсынады.
Жалпы платоншылдық ағымы Плотин, Прокл есімдерімен тығыз байланысты. Плотин өзінің көзқарасын Эннеадтар деген еңбегінде жариялаған. Барлық тіршіліктің бастауы, қайнар көзі - Құдай. Ол болмыстан да, ойлаудан да жоғары. Бәрінен де жоғары болмыс - Құдай эманация арқылы бәрін жаратқан. Құдай, ең алдымен әлемдік ақылды, сонан соң әлемдік жанды, соңында құбылыстардың сезімдік әлемін жаратты. Адам өмірінің мақсаты - өзін тән құрсауынан босатып құдайға қайта оралуы.
Плотин ілімін Порфирий мен Ямвлих одан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz