Азаматтық құқықтың қағидаттары мен бастаулары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Алматы энергетика және байланыс университеті
Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультеті
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Құқық негіздері
№1 семестрлік жұмыс
Тақырып: Азаматтық құқықтың қағидаттары
мен бастаулары
Орындаған: ВТк -14-1 тобының студенті
Толеужан Әділет Санатұлы
Тексерген: аға оқытушы Тәңірбергенова Р. К.
Алматы, 2015
Мазмұны
I Кіріспе 3
II Негізгі бөлім:
1. Азаматтық құқық қағидалары5
2. Азаматтық құқықтың бастаулары9
3. Азаматтық-құқтық қатынастардың тоқталуы мен өзгертілуі10
III Қорытынды13
Пайдаланылған әдебиттер14
Кіріспе
Азаматтық құқық - Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік - аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарға араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында осындай қатынас туындайды. Азаматтық кодексте көрсетілген сату - сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге немесе сол затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т. с. с.
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру - осылардың бәрі де құқық қатынасын тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.
Құқық қытынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен оның құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік - аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол арқылы осы қатынастардың мазмұнын құрайтын олардың арасында белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.
Азаматтық құқық қағидалары
Азаматтық құқық қағидалары деп қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтиды, оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды.
Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтып қана қоймай, азаматтық заңдылықтардың толық көлемін қамти отырып, АК 2 бабында көрініс тапқан.
Азаматтық құқық қағидалары, азаматтық қатынастарды заңдылық қарастырмаған жағдайларда, құқық аналогияны негізінде қолдануданылады, яғни, азаматтық құқықтың нақты нормасымен реттелмеген қоғамдық қатынастарды реттеу үшін азаматтық заңдылықтардың негізгі бастаулары азаматтық құқық қағидалары қолданылады. Азаматтық құқықтың мынандай қағидалары бар:
- Азаматтық құқықтар құқық қатынасқа түсуші тараптардың теңдігілігін;
- Меншікке қол сұқпаушылық;
- Жеке істерге рұқсатсыз кіріспеушілік;
- Келісімнің, шарттың еріктілік қағидасы және т. б.
Тараптардың заңдық теңдігі негізінде мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтық нормалары ретсіз емес, олар нақты жүйеде орналасқан. Азаматтық құқық жүйесі объективті тұрғыда құрылған және азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекшелігіне негізделген.
Көптеген азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жалпы қасиеттері оларды құқықтық реттелуінің бірегейлігін, ал осы қатынастардың нақты түрлерінің кейбір сипаттамалары олардың құқықтық реттелуінің дифференциациясын қайта анықтайды. Азаматтық құқық жүйесі бойынша екі бөлімге бөлінеді, олар жалпы және ерекше бөлім .
Азаматтық құқық бөлімінің пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың бір сипаттылығы кез келген мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу кезінде қолданылатын азаматтық құқық нормаларын бөліп алуға мүмкіндік береді.
Бұл құқықтық нормалардың жиынтығы азаматтық құқықтың жалпы бөлігін құрайды. Ол салалық реттеу пәнінің бір түрін көрсетіп, барлық салалық нормалар үшін біріктіруші бастау ретінде қызмет етеді, олардың заңды мазмұнының жалпылығын анықтайды.
Жалпы бөлік табиғаты бірдей қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қарама-қайшылықтарды болдырмауға және азаматтар мен ұйымдардың әрекеттерінің жеке салаларында пайда болатын қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің қажетті бірегейлігін қамтамасыз етеді.
Жалпы бөлім азаматтық құқықтың жалпы ережелерін, меншік және өзгеде заттық құқытарды, міндеттемелік құқытарды, шарт жөніндегі жалпы ережелерді қарастырса, ерекше бөлім міндеттемелердің жекелеген түрлерін, интелектуалдық меншік құқығын, мұралық құқық және халқаралық жеке құқық қатынастарын зерделейді.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері. Азаматтық заңдылық бірегейлігі мен дифференциациясын ескере отырып орналасқан азаматтық құқық нормалары түрлі құқықтық нормативті актілердің баптар түрінде (әрі қарай - нормативті актілер немесе құқықтық актілер) көрініс табады, оларды азаматтық құқықтың қайнар көздері деп аталады. Аталған нормативтік актілердің жиынтығы азаматтық заңдылықты құрайды.
АК 3 бабында «азаматтық заңдылық» түсінігіне тек АК және оған сәйкес қабылданған өзге заңдар кіреді көрсетілген. Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің негізгі үш түрін жіктеуге болады, олар мыналар: нормативтік құқықтық актілер, салт - дәстүрлер, шарт.
Азаматтық құқық нормалары заңдарда және нормативті актілерде бекітілуі мүмкін. Барлық осы нормативті актілер заңды күшіне байланысты қатаң иерархиялық жүйеде орналасқан, нормативті актінің мәні оның заңды күшімен анықталады. Нормативті актінің заңды күші неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның азаматтық заңдылық жүйесіндегі алатын орны басым болады. Азаматтық заңдылықтың нормативті актілерін осылайша құрылуының тек қана теориялық емес, тәжірибелік маңызы да бар.
Азаматтық заңдылық, нормативті актілерінің көптігі және заң шығарушы техниканың әлсіздігінен, түрлі нормативті актілердің бір мәселені әртүрлі шешетін жағдайлары жиі кездесіп отырады. Бұндай жағдайда басым заңды күші бар нормативті акт қолданылады.
Барлық заңдар заңды күшіне қарай заңдар және заңға бағынышты нормативті актілер болып бөлінеді. Заңдар мемлекеттік өкілетті жоғарғы органдарының шығарған нормативті актілері, олар заңға бағынышты нормативті актілерге қарағанда басым заңды күшке ие.
Конституциялық заңдар ішінен ең үлкен заңды күшке Қазақстан Республикасының Конституциясы ие. Өйткені ол елдің ең негізгі Заңы болып табылады. ҚР Конституциясында құқықтың түрлі салаларының нормалары бар.
Азаматтық заңдылық, іскерлік ғұрыптар, іскер айналым дәстүрлері, мораль және адамгершілік ережелері. Іскер ғұрыптар деп азаматтық айналымда орнатылған тәртіп ережелерін айтады. Өздігінен іскер ғұрыптар азаматтық құқық қайнар көздері болып табылмайды. Бірақ та мемлекет құқықтық акт арқылы іскер ғұрыпты санкцияған кезде ол заңды күшке ие болып азаматтық заңдылық жүйесіне кіреді.
Қазіргі кезде барлық іскер ғұрыптар арасынан тек қана кәсіпкерлік салада қолданылатын іскер айналым дәстүрлерін бөледі. АК күшімен кәсіпкерлік әрекет нәтижесінде туындаған дауды шешу кезінде сот қолдана алатын іскер айналым дәстүрлері деп заңдылықпен немесе келісіммен қарастырылмаған, бірақ өз мазмұнында жетерліктей анықталған, кәсіпкерлік әрекеттің қандай да бір саласында кеңінен қолданылатын тәртіп ережелері, мысалы қандай да бір міндеттемелерді орындау дәстүрі және т. б. Іскер айналым дәстүрі қандай да бір құжатта тіркелгендігіне не тіркелмегендігіне қарамастан қолданыла алады) .
Азаматтық заңдылық, сот пленумдарының шешімдері, шешімдер, соттық практика және сот прецеденті. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумы жалпыланған материалдарды қарастырып, заңдылықты қолдану жөнінде бастаушы талқылаулар береді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының талқылаулары Қазақстан Республикасының жалпы юрисдикциясындағы барлық соттар үшін міндетті. Аталған талқылаулар нормативті актілер болып табылмайды, олар құқықты қолдану актілері болып табылады.
Сот пленумдарының қаулылары азаматтық заңдылықтың мәнін талқылап, түсіндіруі ғана тиіс, азаматтық құқықтың жаңа нормаларын құрмайды. Сондықтан сот пленумдарының қаулылары азаматтық құқықтың қайнаркөзі болып табылмайды.
Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сот практикасы да жатпайды. Сот тәжірибесі деп бір категориялы істерді соттардың бірнеше рет бір түрлі шешімдер шығару жағдайын айтады. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сонымен қатар сот прецеденті де жатпайды. Сот прецеденті деп соттың нақты іс бойынша шығарған шешімін келесі бір ұқсас жағдайға қолдауын айтады.
Азаматтық құқықтың бастаулары
Азаматтық құқық бастаулары деп кодификациядағы және ағымдағы заңдар, азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін заңға тәуелді нормативтік актілерді айтады. Мұндай бастаудың негізгісі жоғары зандық күші бар, бірінші дәрежелі мағынаға ие Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Ол - барлық азаматтық-құқықтық институттардың заңды базасы. Онда құқықтың осы саласына қатысты тікелей қатынасы бар қоғамның басты принциптері мен ережелері баянды етілген. Азаматтық құқықтың маңызды бастауы - "Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі. Жалпы бөлім. " Ол 13-сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 2-сессиясында 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданды. Кодекс бірнеше бөлімдерден тұрады. Бірінші бөлім жалпы мәселелерге: азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеуге, азаматтық құқықтардың субъектілеріне, азаматтық құқықтар объектілеріне, мәмілелерге, талап қою мерзіміне, және т. б. арналған. Екінші бөлімде меншік құқығының маңызды мәселелері қамтылған. Келесі бөлімдерде міндеттемелер мен шарттар, шарттардың жекелеген түрлері және т. б. институттар, авторлық, патенттік, құқықтық мұра және т. б. жалпы мәселелер қамтылған. Азаматтық құқықтың бастаулары республиканың "Тауар биржасы туралы", "Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру туралы", "Сақтандыру туралы", "Банкроттық туралы", "Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы" және т. б. заңдар болып табылады. Азаматтық құқықтың екінші бір бастаулары республика президентінің нормативтік сипаттағы жарлықтары мен қаулылары. Мысалы, экономиканы тұрақтандыру және нарықтық қайта құруды жүргізу кезеңіндегі 1992 жылғы 25 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру туралы" 1992 жылғы 28 сәуірдегі, "Материалдық өндіріс салаларында мемлекет меншігінен алу және меншікті жекешелендірудің жұмыстарын жеделдету бойынша шаралар туралы" және т. б. Жарлықтары жатады. Азаматтық құқықтың бастауларына заңға сәйкес әр түрлі актілер де кіреді. Олардың ішінде Үкімет қаулылары ерекше орын алады. Мысалы, "Қазақстан Республикасынан шығатын өнімдерді жеткізудің квотасы мен лицензиясының тәртібі туралы" (1991 жылғы 27 қаңтардағы), "Қазақстан Республикасындағы кооперативтердің жекелеген қызметін реттеу туралы" (1989 жылғы 31 мамырдағы) қаулылары.
Азаматтық-құқтық қатынастардың тоқталуы мен өзгертілуі
Мұндай мән-жайларды заңды фактілер деп атайды. Өзіндік адрес иесі жоқ құқықтық нормадан өзгеше, заңдық факті қашан да дербес бағытты болды. Сондықтан оны құқтық қатынастардың нақты алғы шарты деп тануға болады.
Сонымен, заңдық факті дегеніміз- заң құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқталуын онымен байланыстыратын мән- жай.
Алайда бұл бапта аталған заңдық фактілердің тізбесі жеткілікті емес. Құқықтық қатынастар азаматтық құқықтың негізгі принциптерінің бірі болып табылатындықтан олар өздері үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді түзе алады, 7 бапта тікелей аталмаған, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған өздерінің тікелей әрекеттерімен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсе алады, мысалы, қаржыландыруға қатысу туралы келісім заңда тікелей аталмаған оған тайым да салынбаған. Сондықтан бұл келісім азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғыза алады.
Нақты жігерлі мінез-құлық актілерін іс-әрекеттер деп түсінеміз. Заңды немесе заңсыз іс-әрекеттер болуы мүмкін.
Заңды іс-әрекеттер өзара құқықтық қатынастардың пайда болуына бағытталған. Бұлар- мәмілелер (АК-ның 147-бабы), оның ішінде- шарттар. 147-бап заңда тікелей көзделген мәмілелер (шарттар) туралы (мысалы, сатып алу -сату, мердігерлік, тасымал және т. б. ), сондай-ақ заңда тікелей көзделмеген мәмілелер (шарттар) туралы баяндалады.
Құқықтық нәтижеге жетуге тікелей бағытталмағанымен, заңдарда белгіленген ережелерге байланысты оны туғызатын іс-әрекеттер (мысалы, үй тұрғызу, кітап жазу, өнертабыстық жасау) орынды заңды фактілер болуы мүмкін.
Үшінші тұлғалардың мақсатты іс-әрекеттері бойынша да құқықтық қатынастар тууы мүмкін.
... жалғасыҚорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz