Табиғи монополия және ондағы фирмалардың iс-әрекетi



I.КIРIСПЕ 2

II.Негізгі бөлім
1. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ФИРМАЛАРДЫҢ IС.ӘРЕКЕТI 4
1.1 Табиғи монополия және оның қысқа және ұзақ мерзiмдегi iс.әрекетi 4
1.2 Табиғи монополияны реттеу шаралары 9
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМҒА ТИГIЗЕР ОҢ ЖӘНЕ ТЕРIС ЖАҚТАРЫ 12

III.ҚОРЫТЫНДЫ 15

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 16
Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасы атап көрсеткенiндей, “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек”. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе тиiмдi экономикалық дамуды қолдайтын iс-шаралар керек.
Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро және макро деңгейдегi нарықтық қатынастар күрделенiп, экономикамызға әр түрлi әсерiн тигiзуде.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана рыноктың элементтерi сұраныс пен ұсыныс, баға бәсеке деп төтесiнен айту қиын. Өйткенi бүгiнгi таңда фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында жеке белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.
Монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi нарықты қэкономикадағы монополияның орны, оның түлерi, соның iшiнде қоғамда мiндеттi түде орын алатын табиғи монополия жағдайының әлеуметтiк және экономикалық салаларға ықпалының оң және терiс әсерлерiн қарастыру.
1. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
2. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
3. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
5. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
6. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
7. Максимова В.Ф. Микроэкономика. / Учебник, - Москва.: “Соминтек”, 1996г. – 328 с.
8. Кузеков А.С. Управление локальными монополиями в сфере информационный услуги (на примере ОАО “Казахтелеком”). Автореферат. – Караганда. – 2004 г. 8-15 бет.
9. Экономика и права Казахстана, 2004 / №13. – 11-12 бет.
10. Жайдары Ж.Б. “Этапы достижение конкурентоспособности компании (на примере рынка телекоммуникации)”. // Аналитик. – 2004, №3. 32-34 бет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I.КIРIСПЕ 2
II.Негізгі бөлім
1.ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ФИРМАЛАРДЫҢ IС-ӘРЕКЕТI 4
1.1 Табиғи монополия және оның қысқа және ұзақ мерзiмдегi iс-әрекетi 4
1.2 Табиғи монополияны реттеу шаралары 9
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМҒА ТИГIЗЕР ОҢ ЖӘНЕ
ТЕРIС ЖАҚТАРЫ 12
III.ҚОРЫТЫНДЫ 15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 16

КIРIСПЕ

Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл
мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық
бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасы атап
көрсеткенiндей, “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына
қосылуы керек”. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi
жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол
үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк
бағдарламалар немесе тиiмдi экономикалық дамуды қолдайтын iс-шаралар керек.
Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро
және макро деңгейдегi нарықтық қатынастар күрделенiп, экономикамызға әр
түрлi әсерiн тигiзуде.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек
қана рыноктың элементтерi сұраныс пен ұсыныс, баға бәсеке деп төтесiнен
айту қиын. Өйткенi бүгiнгi таңда фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi
бәсеке жағдайында жеке белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар
сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына
байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.
Монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн
жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз 1,
318 бет .
Бұл тақырыптың өзектiлiгi нарықты қэкономикадағы монополияның орны,
оның түлерi, соның iшiнде қоғамда мiндеттi түде орын алатын табиғи
монополия жағдайының әлеуметтiк және экономикалық салаларға ықпалының оң
және терiс әсерлерiн қарастыру.
Экономикалық шаруашылықтар өте күрделi және жан-жақты болғандықтан
өмiрде табиғи монополиялық жағдайдың қызмет етуiн талдаудың орны ерекше.
Мұндай табиғи монополияларға жалпы келесiдей мысалдар келтiруге болады.
Мысалы, АҚШ-тың “Microsoft” компаниясы әлемдегi “Windows” жүйесiнiң бiрден-
бiр монополист компаниясы болып отыр, яғни, осы компанияның компьютерлiк
бағдармалары арқылы АҚШ-тың әлемге аты танылып, жоғары пайда табуда 1,
316 бет .
Бiздiң елiмiз экономикасына келетiн болсақ әлi күнге дейiн мұндай
әлемдiк рынокта жетекшi өнiм шығаратын компанияларымыз жоқтын қасы, ал
мұндай фирмалардың болуы әлемдiк рынокта елiмiздiң бәсеке қабiлетiн
арттырып, өндiрiс факторларын тиiмдi қолдануға жол ашады. Сондай-ақ
елiмiзде табиғи монополиялар электрлiк салаларда, халықты сумен және
жылумен қамтамасыз ету тораптарында орын алуда.
Сонымен, табиғи монополия дегенiмiз рынокта қандай да бiр тауарлар
мен қызметтердi өндiруде бiр фирманың аз ғана шығындармен өндiруi және оны
халыққа ұсынуы болып табылады. Яғни, мұнда бiр фирма өзiнiң жекелеген
ерекшелiктерiне байланысты өндiрiстiң тиiмдi технологиясы арқылы сол салаға
жоғары дәрежеде мамандануын айтамыз.

1. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ФИРМАЛАРДЫҢ IС-ӘРЕКЕТI

1.1 Табиғи монополия және оның қысқа және ұзақ мерзiмдегi iс-әрекетi

Жалпы монополияның қызмет етуiнiң негiзi бұл табиғи монополия болып
табылады. Табиғи монополия дегенiмiз рынокта қандай да бiр тауарлар мен
қызметтердi өндiруде бiр фирманың аз ғана шығындармен өндiруi және оны
халыққа ұсынуы болып табылады. Яғни, мұнда бiр фирма өзiнiң жекелеген
ерекшелiктерiне байланысты өндiрiстiң тиiмдi технологиясы арқылы сол салаға
жоғары дәрежеде мамандануын айтамыз.
Рынокта монополиялы рыноктың жалпы қызмет етуiнiң негiзгi шарты
монополияда кедергiлердiң болуы. Бұл көрсеткiштерге келесi жағдайларды атап
өтсек болады.
1) Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғы фирманың иемденуi. Бұл
монополияның пайда болуының ежелгi үлгiсi. Мұнда сирек кездесетiн
ресурстарға легальды тосқауылдар қояды, яғни оларға патенттер мен авторлық
құқықтар жатады.
Бiрақ мұндай ерекше ресурстар рынокта болғанымен, бiрақ шын өмiрде
мұндай ресурстық монополиялы рынок өте сирек кездеседi. Олардың әлем
бойынша бiрнеше түрлерiн атап өтуге болады.
Мысалы, Оңтүстiк Африка республикасында әлемдегi алмаз өндiрiсiнiң 80-
85% өндiрiледi және ол өндiрiс тек қана бiр компанияда, яғни “De Beers”
компаниясы 100% өндiрiс көлемiн иемденген. Әрине мұндай ауқымды көлеммен
монополист компания әлемдiк алмаз және брилиант бағаларына өзгерiс енгiзе
алады. Сондықтан, бұл компания ұлттық экономика деңгейiнде қолдау тауып,
оған мемлекет ерекше құқық беру арқылы өз елiнiң әлемдегi рыногының орнын
сақтауға тырысады.
2) Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың сол салаға мамандануы
соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте қызмет
етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен болуы, сапаның
жоғарылығы.
Мұндай жағдайда сол фирма рыноктағы монополист фирмаға айналады.
Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi
өндiрiстiң шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен болады. Яғни, табиғи
монополия өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды.
Осы iрi өндiрiстiң басымдылығы болуы рынок құрылымындағы монополияның
ерекше түрi болып табылатын табиғи монополияны қалыптастырады. Табиғи
монополия көбiнесе ауқымнан үнемдеу арқылы пайда болады. Оны 4-шi суреттен
көре аламыз.

Шығындар

АС2

АС1 Орташа жиынтық

шығын (АС)

Q2 Q1 Өнiм көлемi

Сурет-4 – Монополист фирманың ауқымнан үнемдеуi

Суреттен көретiнiмiз, орташа шығындар қисығы терiс ылдилы көлбеулiк
болып келедi. Бұл жағдайда қандай өнiм болмасын және оны қанша мөлшерде
өндiрмесiн оны бiр ғана фирмада өндiру тиiмдi болып келедi. Егер бұл
рынокқа басқа бәсекелес фирмалардың енуi өнiм көлемiн азайтып, орташа
жиынтық шығындарды көбейтедi. Монополия үшiн монополист тауарының сұраныс
қисығы “D” нарықтық сұраныс қисығымен сәйкес келедi. Әдетте табиғи
монополистер болып тұрғын халықты коммуалды қызметпен қамтамасыз ететiн
фирмалар жатады. Мысалы, қала iшiндегi жылу берумен қамтамасыз етушi. Яғни,
фирма қала тұрғындарының жылуға деген сұранысын қамтамасыз ету үшiн қала
iшiнде жылу беру жүйесiн тартады. Ол осы жүйесi арқылы монополсит болып,
халықты жылумен қамтамасыз етедi. Егер рынокқа бәсекелес басқа фирма енуi
үшiн ол өз алдына жеке жылу жүйесiн жүргiзуi керек, сонымен қатар бiрнеше
фирма болса, олардың жалпы орташа шығындары өсу бағытын алады. Сондықтан
мұндай салаларда жалғыз фирманың қызмет еткенi тиiмдi.
Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей
қызмет ете алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол
табиғи монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру
үшiн ол фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура
келедi, ал бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян
шығындарды туғызады.
Бiрақ рыноктық экономикада қандай-да болмасын монополиялық әрекеттердi
өз бетiнше жiбермейдi, оны мемлекет белгiлi бiр деңгейде әр түрлi
шаралармен реттеп отырады. Оны экономикада “антимонополиялық саясат” дейдi.

3. Жеке өндiрушiге мемлекет тарапынан ерекше құқық беру. Бұл көп
жағдайда қару-жарақ шығару, елiмiз үшiн маңызды стратегиялық өнiмдер шығару
бұл бiр ғана мемлкеттiк немесе жеке фирмада шығарылады. Егер де шығарылған
өнiм инновациялы болып, осы елде алғаш ретшығарылса, оған мемлкет патент
және авторлық құқық бередi. Бұл шара сол фирманың өз өнiмдерiн шығарып,
оның бәсеке қабiлетiн арттыру үшiн қажеттi
Бәсекелесудiң әдiлетсiз жүргiзiлуi, оның негiзгi түрi – демпинг –
бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату.
Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де
жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату
арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Бұл дегенiмiз рынокты
экономикада кәсiпкерлiктiң дамуына керi әсерiн тигiзедi, сондықтан мемлекет
тарапынан бәсекенi әдiлетсiз жүргiзу қадағаланады
Табиғи монополистiң өнiм шығарушы ретiнде негiзгi өндiрiс мақсаты –
пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу болып табылады. Монополис тауар
бiрлiгiнiң бәрiне бiр баға деңгейiн белгiлейтiн болғандықтан, тауардың
бағасы монополистiң орташа түсiмiн көрсетедi. Табиғи монополист өндiрушiнiң
пайдасы төмендегiдей формуламен анықталады .
П = TR – TC = p(Q) * Q – TC(Q) (1)
Мұндағы, П – монополист пайдасы;
TR - өндiрушiнiң жалпы түсiмi;
TC – жалпы шығын;
Q - өнiм көлемi;
Р – баға деңгейi.
Яғни, пайданы барынша көбейту шарты “MR = MC” болып табылады.
Мұндағы, MR – шектi түсiм;
MC – шектi шығын .
Бұдан монополистiң пайдасы өндiрiстiң шектi шығындары шектi түсiмге
тең болғанда ғана ең көп болатынын көремiз.
Табиғи монополист қысқа мерзiмдi жағдайда пайданы барынша көбейту
шарты MR=MC болса, онда келесi жағдай орны алады:
МR = Р (1Е +1) = МС
(2)
Бұдан пайданы мейлiнше көбейту шартын келесi түрде көрсетуге болады:
Р (1Е +1) = МС
(3)
Жалпы жағдайда сұраныстың икемдiлiк коэфициентi Е0, демек
монополиялық нарықта тауардың бағасы өндiрiстiң шектi шығынына қарағанда
жоғары болады, яғни Р МС. Пайданы барынша көбейту шартын 5-сурттен көре
аламыз.
Суреттен көретiнiмiз монополиялық нарық бағасы өндiрiс көлемi (Qm)
мен сұраныс қисығының АR қиылысу нүктесi арқылы анықталады. Яғни
монополиялық баға Pm болып табылады.

Баға (Р) MC
Р1
Рm В АТС

Р2 А

MR AR

Q1 Q max Q2 Көлем (Q)

Сурет-5 – Табиғи монополистiң пайдасын барынша көбейту шарты

Монополиялық бағаны табу формуласы келесiдей болады.
Р = МС 1+1Ер
(4)
Мұндағы, Р - монополиялық баға;
МС – шектi шығындар;
Ер – сұраныстың бағалық икемдiлiгi .
Сондай-ақ табиғи монополиялы рыноктағы фирма ылғида экономикалық пайда
ала бермейдi. Себебi, егер де сұраныс қисығы AR мен орташа шығын қисығы ATC
бiр-бiн жанау арқылы өтсе, онда фирманың пайдасы нольге тең болады. Егер,
фирманың шығындары сұраныс қисығынан жоғары орналасса , онда фирма
экономикалық зиян шегедi.

1.2 Табиғи монополияны реттеу шаралары

Бiзге белгiлi табиғи монополияның туындауы бұл бiр салаға iрi фирманың
мамандануы және басқа фирмалардың кiруiнiң артық шығындарды алып келуi
болып табылады. Бiрақ осы табиғи монополиялар өзiнiң ерекше қасиеттерiне
сүйенiп бағаның жоғары деңгейiн белгiлеуi қоғамдық шығындарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ РЫНОК
Монополиялық бәсеке нарығы
Бәсеке - нарықтың негізгі элементі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Монополия түрлері, түсінігі, ерекшеліктері және монополиялық қоғамдастар
Бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтер
Шаруашылық саладағы жетілген және жетілмеген бәсекелік жағдайлар
Бәсеке - негізгі нарықтың элементі
Монополия және монополиялық билік туралы
Бәсеке – рыноктық экономиканың негiзгi элементi ретiнде
Пәндер