Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
1.1 Кітаби фразеологизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 Бейтарап фразеологизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.4 Қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.5 Шығарма тіліндегі антоним, синоним, көнерген сөздер, диалект сөздер, қос сөздер мен варваризмдердің қолданыс ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ІІ. Шығармадағы көркемдегіш.бейнелеуіш тәсілдер мен символдық сөздердің қолданысы
2.1 Мақал . мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық . танымдық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
2.2 Теңеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .77
2.3 Эпитет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...82
2.4 Портрет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..84
2.5 Концепт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 87
2.6 Шығармадағы этнолингвистикалық элементтердің қолданысы ... ... ... ... 89
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .94
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..95

Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, түрлі стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды бір сөзбен лексикология дейді. Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып та зерттейді. Лексикологияның зерттейтін объектісі – сөз. Белгілі бір заттың, оқиға, құбылыстың, қимыл, түр-түстің және тағы басқа ұғымның атауын сөз дейміз.
Сөз байлығы лексика қарастыратын негізгі және күрделі единица. Тілдің сөз байлығына тұрақты тіркестер де жатады. Бұлар замандар бойы біртіндеп туып қалыптасқан, ұзақ дамудың жемісі. Сондықтан лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас алғанда бір бүтін система деп қарауды міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздер тобын емес, тілді қалыптасқан лексикалық жүйесі тұрғысынан қарайды. Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, мәнімен (көп мағыналығымен) да өлшенеді. Сөздік құрам неғұрлым бай болса, тіл де соншалықты дамыған болады. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады [1;3].
Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап зерттеліп, осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының диахронды-синхронды жай-күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, К.Аханов, Ә.Болғанбаев, Р.Сыздық, Т.Жанұзақов, Ғ.Қалиев, Б.Хасанов, К.Хұсайын, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, Ф.Оразбаева, Ж.Манкеева тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне негіз болғандығы белгілі.

1. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. - Алматы: Мектеп, 1988. – 146 б.
2. Авакова Р. Фразеология теориясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 290 б.
3. М.Балақаев.Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері.Алматы «Білім»,1996. 22-бет
4. І. Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1997. 590-бет.
5. Г. Смағұлова. Фразеологизмдердің түпкі және туынды тұлғалары. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. №3, 1994. 29-34-беттер.
6. Қ.Есенова. Газет тақырыбы атында фразеологизмнің қолданылуы. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. №1, 2007. 87-92-беттер.
7. Г. Смағұлова. Мағыналас фразеологизмдер сөздігі. Алматы, 2001. 6-бет.
8. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. - Алматы: ҚазАқпарат, 2007. – 355 б.
9. Жалмаханов Ш.Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі көп мағыналы нақты түбір зат есімдердің мағыналық құрамы. Фил. ғыл. канд. дисс.- Алматы: 1992.
10. Бельбаева М. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі.- Алматы: Мектеп,1988.
11. Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2006. – 251 б.
12. Омарова А.Қ., Шыныбекова А.С. Қазақ тілі. - Алматы: Бастау, 2003. –127 б
13. Оразбаева Ф. «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер». – Алматы: «Мектеп» баспасы, 1988. – 128 бет.
14. Ф.Ш.Оразбаева, Г.Сағидолда, Б.Қасым, А.Қобыланова, Қ.Есенова, Ұ.Исабекова, Қ.Қасабек, Ж.Балтабаева, Қ.Мұхамади, Р.Рахметова, Ж.Көпбаева «Қазіргі қазақ тілі»: Оқу құралы. – Алматы: «Print-S» баспасы, 2005. – 535 бет.
15. Байзақов С. Синонимдер сөздігі. - Алматы: Арыс,2007. – 617 б.
16. А.Салқынбай «Қазіргі қазақ тілі»: Оқу құралы. – Алматы: «Қазақ университеті», 2008. – 340 бет.
17. Т.Жанұзақов «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі». – Алматы: «Дайк – Пресс» баспасы, 2008. – 968 бет.
18. «Алаштың» тілдік мұрасы: Мақалалар жинағы./Құраст.: Шүкірұлы С., Тілешов Е.-Алматы: «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2009.-364 б.
19. « Қазақ диалектологиясы» Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев, «Мектеп» баспасы, Алматы-1979 (204 бет).
20. Есенбай А. З. «Сыр қөңірі жазушыларының тіліндегі жергілікті қолданыстар», Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациялық автореферат.
21. «Академик Ш. Ш. Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция.-Алматы: Дайк-Пресс, 2005. -794 бет
22. Диалектологиялық сөздік. - Алматы: Арыс, 2007.- 800 б.
23. Ысқақов А. «Қазіргі қазақ тілі». – Алматы: «Ана тілі» баспасы, 1991 ж. – 107 бет.
24. Қайдар Ә. Халық даналығы. - Алматы: Толғанай, 2004. – 560 б.
25. Қанапина С.Ғ. Қазақ тіліндегі мақал мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов шығармалары негізінде). - Қостанай: ТОО «Центрум», 2010.- 180 б.
26.Ж.И.Исаева ‟Дүниенің паремиологиялық бейнесі (лингвомәдениеттанымдық аспект)” Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация авторефераты, Алматы – 2007. – 29 бет.
27. Т.Қоңыров «Қазақ теңеулері» – Алматы: «Мектеп» баспасы, 1978. – 192 бет.
28.А.Д.Есқараева «З.Шүкіровтің поэзиялық шығармаларындағы метафоралық қолданыстар» Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация авторефераты, Астана – 2002. – 30 бет.
29. К.Қ.Есіркепова «1960 – 1980 жылдардағы әйел – ақындар поэзиясының тілі (Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожина, А.Бақтыгереева, К.Ахметова шығармалары негізінде)». – Қостанай. ТОО «Центрум» , 2010. – 153 бет.
30. С.Мақпырұлы «Адамтану өнері». Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – 214 бет.
31. Жиренов С. А. XV-XIX ғ.ғ. ақын жыраулардың «өмір-өлім» концептісі. автореферат. – Алматы, 2007. - 30 б.
32. Атабаева Н.С. Қазақ тіліндегі диалектілік лексикологияның этнолингвистикалық негізі.автореферат. – Алматы, 2004. - 48 б.
33. Ислам Айбарша. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. Фил. ғыл. докт. дисс. авторефераты. - Алматы, 2004. - 51 б.

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Курстық жұмыс
Сәбит Мұқановтың Өмір мектебі романы тілінің
лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Ғылыми жетекші:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
1.1 Кітаби фразеологизмдер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Бейтарап фразеологизмдер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10
1.3 Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4 Қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.5 Шығарма тіліндегі антоним, синоним, көнерген сөздер, диалект сөздер,
қос сөздер мен варваризмдердің қолданыс
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... .14
ІІ. Шығармадағы көркемдегіш-бейнелеуіш тәсілдер мен символдық сөздердің
қолданысы
2.1 Мақал – мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық – танымдық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
2.2
Теңеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..7 7
2.3
Эпитет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .82
2.4
Портрет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .84
2.5
Концепт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 87
2.6 Шығармадағы этнолингвистикалық элементтердің
қолданысы ... ... ... ... 89
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..9 4
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 95
Кіріспе
Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында
лексика немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздердің мағынасын, оның жалпы
лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілетін,
күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, түрлі стильдік мәні мен сипатын
тексеретін ғылымды бір сөзбен лексикология дейді. Лексикология сөздерді
тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз
байланыстыра отырып та зерттейді. Лексикологияның зерттейтін объектісі –
сөз. Белгілі бір заттың, оқиға, құбылыстың, қимыл, түр-түстің және тағы
басқа ұғымның атауын сөз дейміз.
Сөз байлығы лексика қарастыратын негізгі және күрделі единица.
Тілдің сөз байлығына тұрақты тіркестер де жатады. Бұлар замандар бойы
біртіндеп туып қалыптасқан, ұзақ дамудың жемісі. Сондықтан лексиканы
зерттеу сөздік құрамды тұтас алғанда бір бүтін система деп қарауды
міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздер тобын емес, тілді
қалыптасқан лексикалық жүйесі тұрғысынан қарайды. Тілдің қаншалықты дамып
жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, мәнімен (көп
мағыналығымен) да өлшенеді. Сөздік құрам неғұрлым бай болса, тіл де
соншалықты дамыған болады. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған
тілдердің қатарына жатады [1;3].
Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап зерттеліп,
осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының
диахронды-синхронды жай-күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар
І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, К.Аханов, Ә.Болғанбаев,
Р.Сыздық, Т.Жанұзақов, Ғ.Қалиев, Б.Хасанов, К.Хұсайын, Б.Қалиев, Н.Уәлиев,
Ф.Оразбаева, Ж.Манкеева тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне негіз болғандығы
белгілі.
Курстық жұмыс тақырыбы - Сәбит Мұқановтың Өмір мектебі романы тілінің
лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.
Жұмыстың мақсаты – Сәбит Мұқановтың Өмір мектебі романы тіліндегі
фразеологизмдердің стильдік қолданысын, мақал–мәтелдердің қолданылу
ерекшелігін, қос сөз, көнерген сөз, синоним, антонимдердің қолданылуын,
варваризм, диалект сөздердің қолданылу аясын және көркемдегіш – бейнелеуіш
тәсілдердің, оның ішінде теңеу, эпитет, портрет, концепт,
этнолингвистикалық элементтерінің шығармадағы қолданылу ерекшеліктерін
анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылады:
1) Шығарма тіліндегі лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін таба білу;
2) Шығармадан мақал-мәтелдер, афоризмдерді теріп, олардың шығармадағы
қолданыстарын анықтау;
3) Шығармадан синоним, антонимдерді, қос сөздерді, қарапайым сөздерді,
көнерген сөздердің стильдік ерекшеліктерін табу;
4) Шығармадан эпитет, теңеу, қайталама, кейіптеу, метафора, синекдоха тағы
басқа көркемдік тәсілдерді тауып, олардың стильдік қызметіне тоқталып,
талдау, ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың нысаны – Сәбит Мұқановтың Өмір мектебі романы І том
Зерттеу жұмыстың жаңалығы:
• Шығармада мақал-мәтелдердің, авторлық афоризмдердің аз
қолданылуы.
• Шығармада қос сөздердің көп қолданылуы.
• Шығармада өлім концептісінің қолданылуы.
Жұмыстың құрылымы – кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
I.Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің зерттелу жайы
Тіл - ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі
тарихи бел-белестер, ұлы өзгерістер сыры ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы
жетеді. Ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші - көркем әдебиеттің де шынайы
болмысы, шеберлігі оның тілі арқылы көрінеді. Ал осы тілдің бейнелілігін,
байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігі - фразеологизмдер
болғандықтан, әлем жұртшылығы XXI ғасырдың табалдырығын аттаған бүгінгі
таңда әдеби тілдің фразеологиялық қорын зерттеудің теориялық және
практикалық жағынан да өз негізі бар.
Тілдегі фразеологизмдер - тілдік бірліктердің ішінде аккумулятивтік
қызметі ерекше байқалатын, бірнеше мыңжылдықтар бойына пайда болып, дамып,
қалыптасқан, әдеби тіл дамуы кезеңдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын
тілдің ажырамас бір бөлігі. Әр жазушы өз өресіне қарай тілдің
фразеологиялық қорынан қажетін алады да, өз кезегінде әдеби тілдің дамуына
үлесін қосып отырады.
Ғалым Р. Авакова Фразеология теориясы атты еңбегінде
фразеологизмдерге мынадай анықтама береді: Тілдің бейнелігін, байлығын
арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігін құрап тұратын тілдік
бірліктер - фразеологизмдер. Фразеологизмдер - халықтың тұрмыс-салтының,
әдет-ғұрпының, мінез-құлқының, өмір сүру ортасының, тұрмыс-тіршілігінің,
экономикалық және саяси көзқарастары мен өзгерістерінің және т.б, айнасы
[2;15].
Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін
болып, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде
фразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атайды. Профессор
М.Балақаев фразеологиялық тіркесті, құрамындағы сөздердің мағыналарының
айтылар ойға қатынасына қарай фразалық (қара қылды қақ жару) және
идиомалық (көз қырын салу) деп екіге бөлген [3; 22 бет].
Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері:
1.Дайын тілдік единица ретінде жұмсалады;
2.Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады;
3.Мағына бірлігі сақталады;
4.Екі сөзден кем болмайды.
Фразеологизмдердің тарихи категория екені белгілі. Олар ұзақ тілдік
қолданыс нәтижесінде ғана тұрақтылыққа ие болды. Жалпы фразеологизмдерді
басқа тілдік бірліктерден ажыратудың айырма белгілері деп зерттеушілер
мынадай үш негізге сүйенеді:
1. мағына тұтастығы (белгілі фразеологизмнің ішіндегі сөздер
бастапқы мағынасынан түгел немесе ішінара жартылай айырылып қалады да,
шоғыр тіркес тек біртұтас мағына береді).
2. тіркес тиянақтылығы (белгілі фразеологизмнің ішіндегі сөздер
бір-бірімен жымдаса байланысады, олардың орын тәртібі нық келеді, барлық
жағдайда да дерлік бір шақ тіркесу өз қалпын сақтайды).
3. қолдану тұрақтылығы (белгілі фразеологизм әрдайым айна-қатесіз,
өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай қайталана қолданылады) [4; 590].
Фразеологизмнің қай-қайсысы болмасын бәріде ең алғаш халықтық
сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын
қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді. Фразеологизмдер алдымен
адамдардың ой-сезімін, ара қатынасын, өмір тануын білдіреді.Фразеология өз
алдына бөлек лингвистикалық пән ретінде еліміздегі фразеологизмдерді
құрылысына, мағыналық ерекшелігіне қарай жіктеп топтастырады және жасалу
жолдарын, даму заңдылықтарын зерттейді.Тұрақты сөз тіркестерінің мәселелері
қазіргі таңда тіл ғылымында өзекті проблемердың бірі есебінде зерттеліп
жүр.
Қазақ тіл біліміндегі фразеологизмдерді жинақтаған ғалым
Гүлдархан Смағұлова фразеологизмдерді 5 стильдік қабатқа бөлген:
1. кітаби фразеологизмдер;
2. бейтарап;
3. ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
4. қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
5. қарапайым дөрекі-сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер.
Сонымен қатар, Г.Смағұлова тіліміздегі фразеологизм компоненттерінің
вариантты тұлғаларын бірнеше түрге бөлуге болады деп көрсетеді:
1.Грамматикалық құрылысы дұрыс, құрамы толық, тура мағынадағы еркін
сөз тіркестерін ауыспалы мағынада қолдану арқылы жасалған фразеологиялық
тіркес варианттары. Мысалы, айы оңынан туу-жұлдызы оңынан туу, аяқ
астынан – табан астынан т.б.
2.Фразеологиялық мағынасы сәл көмескіленген, ауыспалы мағынада
қолданылған еркін тіркестер варианттары: домалақ арыз - домалақ хат -
домалақ қағаз. бойын аулақ салу - іргесін аулақ салу.
3.Тұрақты сөз тіркестерінің әр компоненті жеке варианттарға
бөлінеді.Мысалы, көкейіне құйылу, көкірегіне ұялау, қону; жанжал қылу, дау
салу, шатақ шығару.
4. Вариант компоненттері мағына жағынан жақын, мысалы: жаны
ұстараның үстінде (жүзінде) – пышақтың үстінде (ұшында) деген
фразеологизмдермен қоса, кейде мағына жақындығы жоқ, бірақ та туыстас
ұғымды білдіретін немесе бір семантикалық бірліктен туатын компоненттер
вариант болады. Төбе шашы тік тұру - тұла бойы тік тұру, ауызыңа қан
толсын - ауызыңа құм құйылсын.
5. Бірде фразеологиялық вариант пен фразеологиялық синонимдердің
екі аралығында ұғынылатын кейде синоним, кейде вариант аталып жүрген
(гибрид) тұрақты тіркестер. Мұндай топтарға компоненттік құрамы әр түрлі
фразеологизмдер жатады. Мысалы, сенімді ақтау – үмітті ақтау; ала жібін
алмау – ала жібін аттамау; аумалы-төкпелі заман – аумалы-төкпелі дүние;
бағыт беру – бағыт сілтеу; бой тасалау – бой жасыру т.б. [5; 29].
Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми
қызметкері Қ.Есенова қазақ газеттері тақырыптары атауындағы фразеологизмнің
қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасай келе, оларды төмендегідей үлгіде
топтастырады:
1. Бір немесе бірнеше сөзі түсірілу арқылы ықшамдалған
фразеологиялық бірліктер.Мысалы, Егеулі найза (Жас алаш 28.03.06.)
Махамбеттің Егеулі найза қолға алмай деген өлең жолын ықшамдау арқылы
жасалған трансформация деп көрсетеді т.б.
2. Бір сөзі алмастырылған, өзгертіліп, жаңартылған тілдік
бірліктер. Мысалы, Сайлауға әркімнің-ақ бар таласы (Ег. Қазақстан,
06.01.04.). Білімге әркімнің-ақ бар таласы (Ег. Қазақстан, 11.06.04.).
Билікке әркімнің-ақ бар таласы (Ана тілі 06.10.05.). Бұл үш мысал Абайдың
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы деген өлең жолындағы бір сөзді алмастыру
жолымен жасалғандығын айтқан.
3. Бірнеше тәсілмен түрлендірілген құрақ фразеологизмдер.Мысалы,
Аузың жемесең де қан болмағай (Ана тілі, 12.02.04.) тіліміздегі Бөрінің
аузы жесе де қан, жемесе де қан деген мәтелдің, Дымды түсінбейтін
депутаттар (Түркістан, 02.06.05.) Ымды түсінген дымды түсінбейді деген
мәтелдің негізінде ықшамдалып өзгертілген қолданыс деп көрсетеді [ 6; 87].
Г.Смағұлова Мағыналас фразеологизмдер сөздігі еңбегінде Әрбір жеке
адамның өзіндік қабылдауынан туатын сезімдік дүние суреті әсерінің
көрінісі лексикаға қарағанда фразеологизмдердегі эмоция мен экспрессияда
анағұрлым көбірек қамтылады,- дейді (76). Осы тұрғыдан алғанда
фразеологизмдердің тілімізде алатын орны зор.
Қазақ тіл біліміндегі фразеологизмдерді жинақтап, алғаш рет
фразеологиялық сөздік жазған ғалым Гүлдархан Смағұлова. Ғалым Гүлдархан
Смағұлова фразеолгизмдерді 5 стильдік қабатқа бөлген:

Кітаби фразеологизмдер жоғарғы стилистикалық бояу тудыратын әр түрлі
эмоционалды-экспрессивті реңк тән. Кітаби фразеологизмдер сөйлеу тіліне
салтанаттылық реңк беріп, көбіне әдеби тілді көрсетеді.
Шығармада кездесетін кітаби фразеологизмдер:
1. Анау отырған біздің тоқал да, деді Тұрағал, жас бір әйелді иегімен
нұсқап, аузы мұрнынан шығып отыр, оған біздің Әлгі бұрау басын
сындыртпайды, бірдемеге қолғабыс тигіз десең, іштегі баласына зақым келер
деп, зыр-зыр етеді (11 бет).
Бұрау басын сындыртпайды – еш нәрсе істемейді (жалқаулық туралы
айтылады) [8;73].
2. Өкпемен Жаманшұбарға көшіп кеткеннен кейін, бір жаз ат ізін салмай
қойған Мұстафа, қысқа қарай іздеп кеп, Мұқанмен жыласып көрісті де, сол
қыста ат ізін суытпай қайта-қайта келгіштеп жүріп, алдағы көктемде өз
қасына көшіріп алып кетті (73 бет).
Ат ізін салмай – қатынаспады, хабарласпады, хабарсыз кетті.
Ат ізін суытпай – жиі-жиі келіп тұрады, көп зарықтырмай, қатынас
жасайды [8;37].
3. Сүттей ұйып отырғанда қашып шығып, жұрт алдында масқара қылған
жоқпын ба ол үйді (96 бет)?
Сүттей ұйып – қалқысыз сенді,шын иланды, шын беріле, ықыласы түсе қалды
[8;264].
4. Бірақ ол қадірсіз екен: сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығады екен,
құлқын сәріден тұрғаннан тас қарайғанша тізе бүкпей, үйдің де шаруасын
дамыл тиыштықсыз істей береді екен (101 бет).
Отымен кіріп, күлімен шығады – бар үй бейнетін, түз бейнетін арқалады;
барлық ауыр салмақты көтерді [8;234].
5. Сонша еңбегіне қарай, оны теңдікте ұстаса да бір сәрі ғой, олай емес
екен: отырса опақ, тұрса сопақ дегендей, оның жүрісі де қылығы да
Сүлеймен мен бәйбішесі Қанапияға жақпайды екен (101 бет).
Отырса опақ, тұрса сопақ - кемітіп-мінеп бітті; жүріс-тұрысымды
жақтырмады; қалай етсем де мін таба берді [8;234].
6. Сағат дегенің биенің бір-ақ сауымындай уақыт қой (117 бет).
Биенің бір-ақ сауымындай уақыт – биенің екі сауымының арасы, бір сағат
шамасындағы мезгіл [8;68].
7.Қайтсін өйтпей, біз сияқты бай кісі емес, кедей кісі, - қысқа жібі
күрмеуге келмей жүр де (126 бет).
Қысқа жібі күрмеуге келмей - жоқтық көп нәрсеге ерік бермейді деген
мағынада. Жанталасып жүріп тапқан ақшаң, мұқтажыңның біріне жетпейді
[8;208].
8. Соныңды жат елде де істесең, сүйекке таңба түсіресің (172 бет).
Сүйекке таңба түсіресің – 1. Тұтас бір әулеттің, тұтас бір ата
ұрпақтың арына дақ түсірді деген мағынада айтылады. 2. Үлкен ар-намысқа
тиді, мін болды [8;263].
1.2 Бейтарап фразеологизмдер
Бейтарап сөзі жалпылама деген мағынаны білдіреді. Бейтарап
фразеологизмдер ауызекі сөйлеу стилінде де қолданыла береді. Бейтарап
фразеологизмдердің қосымша бағалауыштық қасиеті қолданылып жүре береді.
Шығарма тілінде кездескен бейтарап фразеологизмдер:
1. Денесінде сүлік жүргенін көрген жүрексіз бала жан даусы шығып,
жанын қоярға жер таппай бақырса, жүректі бала қанға тойғанда тұрқы
қысқарып, денесі жуандап, быртия қалған сүлікті жабысып тұрған жерінен
жұлып алады да, басынан бір қолымен ұстап тұрып, бір қолының саусағымен
сүлікті созып, денесін сығады (33 бет).
Жанын қоярға жер таппай – әбден мазасызданды, әбігерге түсті, жек
болды, жаны көзіне көрінді, әбден қинлды [8 ;105].
2. Ересектеу балалар одан:
- Шәйін ағай, бала неге оқытпайсыз? – десе:
- Оның күні туған жоқ, - дейді Шәйін ағай.
- Қашан туады ондай күн? – деген сұрауға ол кейде күмілжіп, жауап
бермейді, кейде:
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болады -деп, ол заманды
сипаттай бастайды (72 бет).
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болады - тыныштық, бейбіт
заман орнады [8;188].
3. Бірақ ол қадірсіз екен: сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығады екен,

4. Сонша еңбегіне қарай, оны теңдікте ұстаса да бір сәрі ғой, олай емес

5. Соныңды жат елде де істесең, сүйекке таңба түсіресің (172 бет).

6. Денесінде сүлік жүргенін көрген жүрексіз бала жан даусы шығып, жанын
қоярға жер таппай бақырса, жүректі бала қанға тойғанда тұрқы қысқарып,
денесі жуандап, быртия қалған сүлікті жабысып тұрған жерінен жұлып алады
да, басынан бір қолымен ұстап тұрып, бір қолының саусағымен сүлікті созып,
денесін сығады (33 бет).

болды, жаны көзіне көрінді, әбден қиналды [8 ;105].

Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер күнделікті тұрмыс
тіршілігімізде, сөйлеу тілінің диалог формасында, көркем әдебиетте еркін
қолданылатын тұрақты тіркестер.
1. Денесінде сүлік жүргенін көрген жүрексіз бала жан даусы шығып, жанын

да, басынан бірі қолымен ұстап тұрып, бір қолының саусағымен сүлікті созып,

2.Көңілім осылай тасып жүргенде, бір жаман хабар құлағыма қорытқан
қорғасындай құйыла қалды. Зәрем ұшып кетті. Не істеуді білмедім (83 бет)...
Зәрем ұшып кетті – қатты қорықты, жүрегі ұшты, үрейі қашты, көзі қас
төбесіне шықты [8;127].
3.Етігімді ауылдағы етікшіге ұлтандатуға апарып бергенмен кейін, манағы
қылығыма бетімнен отым шыққандай мен сәкелік асқа барған жоқпын (184 бет).
Бетімнен отым шыққандай – қызарды, қатты қысылды, ұялды [8;67].
4. Көп үйлі, әлденеше көшелі үлкен поселкінің күнгей жағын қоршай
біткен телегей теңіз бұл көлдің түрі өгіздің имейген сыңар мүйізше ұқсайды
(214 бет).
Телегей теңіз - көп, мол деген мағынада [8;275].

Әдеби тіл нормасына сай келмейтін мағынасы дөрекі
фразеологизмдерді қарапайым фразеология дейміз. Алайда, бұл тұрақты
тіркестер әдеби тіл нормасын бұзғанымен тілімізде, әсіресе, көркем
әдебиетте кейіпкер тілінде кездеседі. Осы фразеологизмдер арқылы кез келген
жазушы кейіпкердің бейнесін ашу үшін соның ой-өрісін, мінез-құлқын,
әлеуметтік жағдайын, өскен ортасын көрсету мақсатында қолданылады.
Шығармада кездесетін қарапайым фразеологизмдер:
1. Жалшылармен бірге жататын мен, солармен бірге тұрып, қолымнан
келетін жұмысты атқарып бірге жүрем... Өйтпейін десем, Бізәләң арам тамақ
деп көзге шұқиды (95 бет).
Арам тамақ - еңбексіз күнелтуші адам, жатып ішер жалқау туралы
айтылады [8;28].
2. Мені мыти ұстаған және боқтай сөйлеген қалпына қарағанда, сорым
енді қайнаған болар деп ақ тұр ем, сыр тарта алмайтынын білгендей Махмет
қатаң үнін жуасытты (104 бет).
Сорым енді қайнаған болар - бақытсыздыққа тап болды, қасіретке
ұшырады; қасіретке салды [8;257].
3. Малға іші тар ит болушы еді Тортай (158 бет).
Іші тар – қызғаншақ, біреудің болғанын көре алмайтын күншіл [8;326].
4.Сөздің арты дауға соғып, нағашысы:Мені ренжіттің, игілігіңе
мінбессің ,- деп назаланып аттанады.
- Сілесі қатты иіп болмағай да!- деді Таспай (194 бет).
Сілесі қатты – әбден шаршады, қажыды, дәрмен, қуаты бітті [8;266].
С.Мұқановтың ұлттық тілдің бай қазынасы – сөздік құрамын шебер
пайдаланып, әр сөзін, сөйлемін, тұтас мәтінін мәнерлі, өткір шебер тілмен
өрнектеген және оларды белгілі бір стильдік мақсатпен ұтымды пайдаланып
отырған. Көптеген лексикалық тіл ерекшеліктерін, фразеологизмдерді өз
мәнінде, өз қалпында жұмсаумен қатар, бастапқы мәніне қосымша реңк кіргізіп
түрлендіреді де, өзінің мақсатты ойына лайықтап қолданады.
Осы шығарманы талдау барысында: 22 фразеологизм табылып, барлық
фразеологизмдер талдауға түсті.
1.5. Антоним, синоним сөздердің қолданысы
Антонимдер
Қазақ тіл білімі ғылымында Қ.Аханов, Ә.Болғанбаев, Ж.Мусин,
Ғ.Мұсабаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Қалиев т.б. ғалымдардың еңбектерінде
антонимдер әр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан.
Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да
болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын,
жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден,
мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады.
Ж.Мусин Қазақ тілінің антонимдер сөздігі атты еңбегінде, антонимдерге
әр түрлі бағыттағы анықтама берген.
1. Әдетте мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер - антоним деп
аталады.
2. Антонимдік мағына сапалық ұғымдарға тән болады деген пікір жиі
қолданады.
3. Антоним сөздердің қарама-қарсылықты мәні, олар бір сөйлем ішінде
қатар қолданғанда айқын аңғарылады. Мұндайда антоним сөздердің мағыналық
қарама-қарсылығы айрықша баса көрсетіліп, ерекше көзге түседі [9; 27].
Зерттеуші-ғалым Ә.Болғанбаев Қазақ тілінің лексикологиясы
атты еңбегінде антонимдердің осындай негізгі белгілерін атап көрсетеді [10;
21].
Белгілі лексиколог ғалымдар Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев
Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем
қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады.
Антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады.
Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр
сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы соншама
бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіпті кездеспеуі де
ғажап емес. Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан
соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған
сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы деп, антонимдерге анықтама
беріп, антонимдерді сын есімге тән антонимдер, етістікке тән антонимдер,
зат есімдерге тән антонимдер, үстеуге тән антонимдер деп жікке бөліп,
қарастырады [11; 117].
Шығармадағы сын есімге тән антонимдер:
1. Қайдан ұғам: машинаның іші де, сырты да бытықы-шытықы, бірімен-бірі
тістесіп жатқан ірілі-ұсақты доңғалақтар (112 бет)!..
2. Сонда менің сәбилік сезімімде оның қайғы-зарының ащы уынан көрі ашық,
әдемі даусының тәтті сазы көбірек ұялайтын (121 бет).
4. Егер біреу ән сап бер десе, айтқан мейлі әйел болсын, мейлі еркек
болсын, мейлі бай, мейлі жарлы болсын, мейлі үлкен, мейлі кіші болсын,
Ғабдол ешуақытта көңілін қалдырмайды (167 бет).
5. Сондықтан да ауыл арасында болатын ұлылы-кішілі тойдың ешқайсысы
Ғабдолсыз өтпейді (167 бет)...
6.Мінез жағынан бұл иттер әртүрлі екен: біреулері - үстін басып өтсең де
үндемейтін жуас, ал енді береулері - шынжыр тістеген долы (175 бет)...
7. Кемшілік көрді дейтін кедейдің қызы емес, шешесі өгей болғанмен,
туғаннан кем күтіп отырған жоқ (177 бет).
8.Жансыз мүлікті жанды адамдай әндету мәніне ешкім түсіне алмай-ақ қойды
(215 бет).
9.Әр рудың тарихына, белгілікті адамдарының жақсы-жаман қылығына жетік,
ондай мәліметтерді қайдан жинауына, қалай көп білуіне таң қаласың (216
бет).
10. Ауыл атаулының бәрінің құрылысы да бір сияқты: әр ауылдың төргі жағында
ақ үйлері, ық жағында қараша үйлері отырады; әр ауылдың төр жағының малы
көп, ық жағының малы аз (221 бет)...
Шығармадағы етістікке тән антонимдер:
1.Ашу сөндірген әкемнің ақылы сонда ғана тұтанып, Бағила ұсынған сәбиді
ұстай ап бауырына басайын десе, бала сұп-суық (15 бет)!
2. Жасының қартаңдығына қарамай, Ораз со кезде балалардан жүйрік. Балалар
қарға батпайды, ол батады (19 бет).
3. Ол менің де қамқоршым: кір-қоңымды жуатын, киім-кешегімді бүтіндейтін,
қолы жеткен астың дәмдісін жегізетін, әлдилеп ұйықтатып, әлпештеп оятатын,
әрдайым менің қасым мен қабағыма қарап, көңілімді табуға тырысатын, маған
біреу тисе, бәйек боп шырылдап жүретін сол (89 бет).
4. Жүгіріп кеп бауырына жабысқан мені ол құшақтап бауырына бір рет қатты
қысты да, маңдайымнан ғана иіскеп, салмақты, сабырлы дауыспен:
- Неге келдің? - деді - кетпеу керек, кеткесін келмеу керек (97 бет)!
5. Дәулеті бола тұра, естуімізше, не қорқатын, не сыйлайтын адамы болмаса,
Андрей мен Сәдірбайдың үйлері көлденең кісіге асты сараң тарататын қара
қазан адамдар (97 бет).
6. - Қолымызға бұл машина я түсер, я түспес, оны келешекте көреміз,- деседі
көпшілік (120 бет).
7. Ауылда қауіп қүтер адам жоғына көзі жеткен күйеу мен оның қосшылары
Сәдірбай үйін еркін жайлады: қорқытып еркіне көндіріп алған қыз бен
жеңгесіне сандық атаулының бәрін аштырып, бума атаулының бәрін шештіріп,
қыздың жасауына арнаған да, арнамаған да іске татырлық мүліктің бәрін алды
(112 бет).
8. Жаманшұбардың көктемінде күннің бату-шығуы да әдемі-ақ (28 бет).
9. - Сен барып қайт,- деді Тұртай оған.
- Барсам, барайын,- дейді Бәкей,- бірақ бүған қуса - жететін, қашса -
құтылатын білекті, жүйрік жылқы керек (143 бет).
10.Содан кейін Сырдың суын татпаса, ауырады да, татса, ауырмайды (171 бет).
Шығармадағы зат есімге тән антонимдер:
1. Алыста дөңгелене өрттің қызыл құрсауыл жер жүзін түгел орап алған
сияқты... Жер де, көк те тұп-тұнық, қап-қара... жер де, көк те от сасиды
(14 бет)...
2. Астауды жағалай кейі ағаш, кейі жез үлкен табақтар да қойылып қалды (9
бет)...
3. Жас та, қыс та аңға шықса, қасында балалар қаптап жүретін. Сауғасын ол
балалардан да аямай, күндік олжасын үлестіріп беретін, бүгін құр қалған
баланы ертең риза қылатын (18 бет).
4. Жайлауға жақын жерде қыстау болмауға тиімті (25 бет).
5. Күн еңкейе көкке үйірілген қоңыр бұлт түнде ыдырай көшіп жүреді де, таң
қараңғысы туа, жердің бетін жуғысы, көктеген өсімдікті көріктендіре түскісі
келгендей, сіркіреп өтеді (25 бет).
6. Не дыбыс бұл?!.. Қасқырдың да, желдің де дыбысына ұқсамайды... Өлісінікі
болсын, тірісінікі болсын - қайсынікі болса да - адам дыбысы (92 бет)!..
7. Беті мізбақпаған сияқты мұздана жылтырап жатқан қардың үстін басып
қалсаң, асты іркілдеп еріп жатады (28 бет).
8. Өтірік пе, шын ба, кім білсін, жұрттың айтуынша, Шоқпыттың шешесі туа
сала өледі де, әкесі нашар адам болғандықтан, емізетін әйел таба алмай,
иттің емшегінен ауызданады (173 бет)...
9. Өтірік, расын кім білсін, хазіреттің өзі бұ қызға енді менің оқытатыным
жоқ депті-мыс (179 бет).
10. Суретте Ақан сері маған адамға емес, кітаптан не ертегіден ұққан періге
не періштеге ұқсайды (200 бет)...
Шығармадағы үстеуге тән антонимдер:
1. Жазы-қысы ауылына ауру адамдар келіп жатады, сондағы емі - кітап
көтеріп, аурудың иесін табу, оны кетіретін ішірткімен дұғалық жазып беру
(80 бет).
2.Солардың жазғы пішеніне де, қысқы күтіміне де жалғыз ғана жалшы жалдайды,
оның әлі жетпегені Қайыздың мойнында (135 бет).
3. Бұл план бойынша, атты ыстыққа ұрындырмай, таңертеңгі, кешкі салқын
уақыттарымен жүріп отырғанда, Сырымбет тауына төрт-бес күнде жететін сияқты
(176 бет).
4. - Ерте демей, кеш демей, - деді Мәшік, шешесі кеп әкеткен көрінеді
(181 бет).
5. Өзі бір жоғары, бір төмен өрлейін дегендей, биікке шырқап шығуы да,
сорғалап төмен құлдыруы да келісімді, ырғақты, сәнді (215 бет).

отырған.
Қорыта келгенде айтарым, Сәбит Мұқановтың Өмір мектебі романын
талдау барысында 60 антоним табылып, соның 35 талдауға түсті.
Синонимдер
Ғалымдар А. Омарова мен А. Шыныбекова Қазақ тілі еңбегінде
синонимдерге мынадай анықтама берген: Дыбысталуы мен мағынасы жағынан
қарағанда омонимдерге қарама- қарсы тұрған тілдік құбылыстар қай тілде
болса да кездеседі. Ондай сөздердің дыбысталуы, тұлғалары әр түрлі, ал
мағыналары мен білдіретін ұғымдары бір немесе ұқсас болып келеді. Олар тіл
білімінде синоним деп аталады [12; 12].
Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады: 1. Сөздің
дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет. 2. Сөздер бір
ғана ұғымды білдіруі қажет. 3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы
тиіс. Бұл үш белгі – сөздерді синоним деп танудағы басты шарт. Сонымен
қатар бір сөз табынан болған синонимдер бірыңғай грамматикалық тұлғада
келіп, контексте бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің
қызметін атқаруы синонимдердің қосымша белгісі болып табылады. Дыбысталуы
әр басқа болғанымен, мағынасы жақын сөздер синонимдер делінеді [11; 104].
Қазақ тіл білімінде арнайы сын есім синонимдерді зерттеген ғалым
Фаузия Оразбаеваның Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер еңбегін
айрықша атауға болады. Бұл еңбекте ғалым сын есім синонимдерді мынадай
түрлерге бөліп, қарастырады:
1. Мағыналық (семантикалық) сын есім синонимдер.
2. Экспрессивтік – стилистикалық сын есім синонимдер.
3. Мағыналық – стилистикалық сын есім синонимдер [13; 78 бет].
Жалпы сын есім синонимдерді білдіретін мағыналарына байланысты
бірнеше топқа бөлуге болады.
1. Адамға қатысты айтылатын сын есім синонимдер:
а) Адамның мінез – құлқына байланысты синонимдер: мейірімді – қайырымды –
рақымды, ұшқалақ – күйгелек – жеңілтек, ашушаң – ашуланшақ, сотқар – бұзақы
– тентек, т.б.
ә) Адамның жеке басындағы қасиеттеріне байланысты синонимдер: шешен –
сөзшең – ділмәр, сөзуар – мылжың, дарынды – талантты – талапты, табанды –
тұрақты – орнықты, т.б.
б) Адамның қоғамдық ортадағы орнына байланысты синонимдер: беделді –
абыройлы, атақты – даңқты – әйгілі – белгілі, епті – икемді, әлді – ауқатты
– бай – дәулетті, көнтерлі – көнбіс, т.б.
в) Адамның табиғатпен және қоғамдық – әлеуметтік өмірмен қарым – қатынасына
байланысты синонимдер: азат – ерікті – еркін – тәуелсіз, діншіл – құдайшыл,
тілектес – тілеулес, адал – ақ – пәк, жетім – панасыз, т.б.
г) Адамның денсаулығы мен мүшелік кемшіліктеріне байланысты синонимдер:
науқас – аурушаң, кемтар – жарымжан – мүгедек – ғаріп, ақсақ – шойнақ –
сылтыма, соқыр – әз – көрсоқыр, т.б.
2. Адам мен жан – жануарларға қатысты айтылатын сын есім синонимдер: арық –
көтерем – көкбақа, мешкей – жалмауыз, тойымсыз – ашқарақ – қомағай, бұралқы
– қаңғыбас, жабайы – тағы, т.б.
3. Барлық жанды – жансыз заттарға қатысты айтылатын сын есім синонимдер:
бағалы – құнды – қымбат, қажет – керек – зәру – ділгір, терең – тұңғиық –
шыңырау, ескі – көне – бағзы – баяғы – ежелгі – бұрынғы, дайын – әзір,
аласа – тапал – кішкене – қысқа, т.б [13; 12 – 13].
Синонимдер қандай мақсаттарда қолданылады, оның қандай тәсілдері бар
дегенде мынадай мәселелер назарда болуы тиіс:
1.Қатар келген сөйлемдерде бір сөзді қайталамау үшін мәндес сөздер
пайдаланылады.
2. Белгілі бір ұғымның жан – жақты белгілерін сипаттауда мәндес
сөздер бір – біріне қарсы қойылып та, салыстырылып та, ыңғайласып та келе
береді.
3. Белгілі бір ұғымды толық сипаттау үшін қатарынан 2 немесе 3–4
мәндес сөз қатар жұмсалады.
4. Қазақ тілінде екі сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысының мағынасын
күшейтіп, анықтап тұрады. Мұны әдетте плеоназм дейді. Бұлай плеонастикалық
тәсілмен жұмсау сөйлемге ерекше ажар беріп, мәнерлі болып шығады. Мәндес
сөздердің бір-бірімен қабаттасып, өзара тіркесіп айтылуынан жасалған сөз
тізбегі плеоназм немесе плеонастикалық синтагма деп аталынады.
5. Тілдегі синонимдер қосарланып та қолданыла береді.
6. Синонимдер жеке сөздерден ғана емес, фразалық тіркестерден де
бола алады.
7. Тілімізде кейде құлаққа жағымсыз естілетін сөздерді жұмсартып,
тыңдаушыларға жеңілдетіп айту тәсілін эвфемизм дейміз. Осындай тәсілді
пайдалану да синонимдерді қолданудың бір жолы болып табылады.
8. Кейде бір сөзді қайталамай, ойды түрлендіріп, яғни бір заттың
белгілі бір қасиетін айрықша атап өткісі келгенде немесе соған ерекше назар
аударту мақсатында парафраза тәсілі қолданылады.
9. Синонимдерді жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза
мен фраза күйінде ғана емес, араластырып та жұмсай беруге болады [14, 35 –
37].
Тілдік синонимдер үш түрге бөлінеді: а) мағыналық синонимдер; ә)
стильдік синонимдер; б) мағыналық-стильдік синонимдер .
Әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар, стильдік жағынан
шектелмейтін, тілдегі барлық салада талғаусыз, жалпылама қолданыла беретін
синонимдер мағыналық синонимдер деп аталады. Мысалы: абырой – бедел – қадір
– құрмет – атақ – даңқ – мәртебе, т.б. [1; 40].
Шығармада кездесетін мағыналық синонимдер:
1. Ауқатты адамның мен құралыпты жас балалары тай мен құнанға мініп
жарысуды жақсы көреді (8 бет).
Тай, құнан – екі жасқа әлі толмаған жылқы [15; 773].
2. Жаманшұбарда темірдің ұстасы Қожахмет, ағаштың ұстасы Құрмаңке, етектің
шебері Құсайын, өрімнің шебері Кәсен... (66-бет).
Шебер, ұста, өнерпаз, өнерлі – қолынан алуан түрлі іс келетін мініскер адам
[15; 452]
3. Жүгіріп кеп бауырына жабысқан мені ол құшақтап бауырына бірер рет қатты

- Неге келдің? - деді (97 бет).
Салмақты, сабырлы, байсалды, ұстамды, сарабдал, тағатты, басалқы - өзін-
өзі ұстай білетін қасиетке ие [15; 454].
4. Сөйте тұра ол кейбір күндері, әсіресе түн мезгілінде, мұң мен зарын
күңірене, көзінен жасы ақтарыла әндетіп айтып отыратынын естігенім бар (121
бет).
Зар, мұң - қасірет, шер, қайғы –[15; 340]
5. Аталмышты алдап қолға түсіретін мыстан кемпірдің сөздерін айтқанда, арық
денесі бүкшиіп, тісі жоқ адамдай аузын малжаңдата сөйлеп, кемпірдің даусына
салып, түрі де, үні де кемпірге ұқсайды; айлакер, қу қойшы Кейқуаттың
сөздерін айтқанда, бет құбылысы да, дене қимылы да, дауысы да кәдімгі
аумаған күлдіргіш болады (137 бет).
Айлакер, қу, айлалы, айлашыл, айлакес, айлақор - кез келген қиындықтан жол
тауып шыға алатын айла тәсілі мол, тәсілі көп [15; 32].
6. Менің түсіме түні бойы әлдене жаман нәрселер кіріп, шошып ояна бердім:
біресе шайтан, біресе жын, біресе Ақанның пері әйелі (201 бет)...
Шайтан, пері,жын – көзге көрінбейтін, жамандық пен зұлымдық күш иесі [15;
580 ].
7. Шоқша қара сақалы мен су ағарын басып жүретін қалың мұртына ақылаң түсе
бастаған ол, денесінің зорына қарамай, жеңілтек, ойнақы мінезді екен (215
бет).
Жеңілтек, ойнақы – жеңіл мінезді, ұшып қонба, шыжбық қаққан, шоштаңдаған
[15; 239].
Стильдік синонимдер
Стильдік синонимдер деп мағына жағынан ұқсас (тең) бола отырып, бір-
бірінен стильдік бояуы арқылы өзгешеленетін мәндес сөздердің түрлерін
айтамыз. Мысалы: жылау – еңіреу – өкіру – өкпелеу – бұртию – өксу, т.б. [5;
40].
Шығармада кездесетін стильдік синонимдер:
1.Екінші сиыр тайынша-торпағымен, бұзауымен маған тиді (104 бет).
Торпақ, бұзау, бұзауқан –сиыр, марал т.б. мүйізді малдың жас төлі [15;
154].
2.Шалшық су құдық болмас қазбаған соң,
Суырдан ат шаба алмас саздаған соң.
Жете алмай мұрадыма, болдым іңкәр,
Әзәлда хақ-тағала жазбаған соң (167 бет).
Хақ, тағала, құдай, Алла – құдіретті ием, жаратушы деген діни табынуды
білдіреді [15; 771].
3.Есебін қайдан алып жүргенін кім білсін, Мұқандікі деген қазан-ошақ,
ыдыс-аяқтан да ешнәрсе қалған жоқ (104 бет).
Ыдыс,аяқтан – ас салуға, тамақ құюға арналған зат [15; 603].
4. Ыбырайдың өмірбаянын, оның ән-өлеңдерінің тарихын жасауда,1930 жылы
колхоздың құрылыста асыра сілтеудің құрбаны болған оның ардақты есімін
тірілтуге бірталай қатынасым болған менің Ыбырай туралы жазғандарым көп,
сондықтан ол туралы бұл арада ұзартпаймын (217 бет).
Ән, өлең, әуен – вокальды музыкалық шығарманың сазы, әуені [15; 105].
5. Шәйін ағаймен жасасып келе жатқан Зылиха жеңгей де ол кезде талдырмаш,
кішірек денелі, бет сүйегі батыңқы біткен сопақтау көркем келбетті, қан
мен сүт ақ жүзінде араласқан дегендей, қызғылттау шырайлы, құлпырған ашаң
өңді, маңдайдан төмен қарай біткен әдемі қыр мұрынды, қолмен қатарлап
тізгендей жіңішке қиғаш қара қасты, мөлдіреген орташалау томпақ қара көзді,
бүрілген оймақ ауызды, ұшы сүйірлеу кішірек иекті, үріп ауызға салғандай
сұлу келіншек!.. (67 бет).
Ажар, шырай, келбет, өң, дидар, түр, түс, пішін, кейіп, кескін, рай – өң-
түс, түр-тұрпат [15; 35].
Мағыналық-стильдік синонимдер
Тілдегі синонимдер бір-бірінен не мағыналық жағынан, не стильдік мәні
жағынан өзгешеленіп, бірыңғай болып келе бермейд. Олар кейде әрі мағыналық,
әрі стильдік белгілері арқылы ерекшеленеді.Синонимдердің осындай түрлері
мағыналық- стильдік синонимдер деп аталады. Мысалы: мақтаншақ – бөспе –
лепірме – суайт, т.б. [1, 40].
Шығармада кездесетін мағыналық-стильдік синонимдер:
1. Шәйін тіккен киім әрі сұлу, әрі денеге қонымды, әрі пішкен матадан көп
қиқым қалмайды, әрі ықшам тігілгендіктен, киімді қол инемен емес, аяқ
машинамен тігеді (70 бет).
Тігу, пішу – материалдан пішімдеп, киім үлгісін шығару
2. Тегі жетім бала деп аяйды ғой деймін, әдетте, Мұстафа мен оның әйелі
Сілеусін ұрыс, қағыста мені жақтап, жазықты, жазықсыз болсын, Ғаббасты
маған жығып береді (73 бет).
Дау, талас, тартыс, айтыс, ұрыс, керіс, қақтығыс, дау-дамай, жанжал, шатақ
– пікір қайшылығынан туатын келіспеушілік, ерегіс, шатақ [15; 190].
3. Олардың мақсаты Мұстафаның үйсіз, сауынсыз, екінші сөзбен айтқанда,
панасыз, тамақсыз қалдыру (104 бет).
Үйсіз, панасыз – баспанасы жоқ [15; 666].
4. Өзі бір жоғары, бір төмен өрлейін дегендей, биікке шырқап шығуы да,
сорғалап төмен құлдырауы да келісімді, ырғақты, сәнді (215 бет).
Келісімді, ырғақты - белгілі бір сазға, ұйқасқа құрылған, сарынды, үнді
[15; 610].
5. Тек қана айырмасы- Баймағамбет айтқандай, бұл поезға мініп кету оңай
боп жатқан жоқ. Дау-жанжал, ұрыс-төбелестің бәрі соның маңында... (60бет)
Дау, талас, тартыс, айтыс, ұрыс, керіс, қақтығыс, дау-дамай, дау-жанжал,
шатақ – пікір қайшылығынан туатын келіспеушілік, ерегіс, шатақ [15; 190].
Сәбит Мұқановтың Өмір мектебі романын талдау барысында 17 синоним
сөз теріліп, талданды. Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдалана отырып
әрбір синоним сөздердің мағынасы ашылып, стильдік қабаттарға бөлінді.
1.6. Көнерген сөздер
Белгілі лексиколог ғалым Ә. Болғанбаев көнерген сөздерге мынадай
анықтама берген: Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, ондағы болып жататын
неше алуан өзгерістер сөздік құрамның дамуына да түрлі-түрлі әсер етіп
отырады. Көп жағдайда тілдің лексикасы жаңа сөздердің есебінен кемелденіп,
үнемі толығып отырса, енді бір ретте кейбір сөздердің тозығы жетіп
көнеруіне әкеп соғады. Көнеру процесі кенет бірден бола қалатын құбылыс
емес, әуелі қолдану жиілігін бәсеңдетіп, пассив сөзге ауысады да, соңынан,
жаңа ұрпақтың біреуіне жеткенмен, кейінгілерге еркін жете алмай, түсініксіз
болып ұмытыла бастайды. Бара-бара қолданудан біржола ығысып, кейбіреулері
тілден жоғалып та кетуі мүмкін [1; 86].
Белгілейтін ұғымдары күнделікті өмірден шығып қалғандықтан, тілдік
қолданыста, лебізде белсенді жұмсалмайтын сөздер көнерген сөздер болады.
Көнерген сөздердің сипаты әр түрлі болуы ықтимал:
✓ Қазіргі қазақ тіліндегі қолданысы сөйлеушілерге мүлде түсініксіз,
тек белгілі сөздіктер арқылы ғана мағынасын анықтауға болатын сөздер:
жігіт – желең, қатын – қалаш, бала – шаға, жөн – жосық, т.б. қос
сөздердің құрамындағы желең, қалаш, шаға, жосық сияқты тұлғалардың
мағынасы қазіргі қазақ тілінде түсініксіз, мағынасы ескірген. Олардың
мағынасы тек тарихи салыстырулар нәтижесінде анықталады.
✓ Фразеологиялық бірліктердің құрамында кездесетін көнерген сөздер
лебізде белсенді жұмсалғанымен, жекелей алғанда, мағынасы
түсініксізболады: бесенеден белгілі, аңқасы құрыды, апшысын қуырды,
қаяу көңіл, қибыжық қақты, т.б. тіркестердегі бесене (пешене – Алланың
жазуы мағынасында), аңқа, апшы, қаяу, қибыжық сияқты сөздерді қазіргі
қолданысы тұрғысынан көнерген сөздерге жатқызуға болады.
✓ Түбір қалпындағы мағынасы көнеленген, дегенмен туынды сөз құрамында
екіншілік мағынасында белсенді жұмсалатын сөздер бар.
Көнерген сөздер лебізде сирек қолданылу себебіне орай екіге
бөлінеді: ежелгі сөздер (архаизмдер) және тарихи сөздер.
Ежелгі сөздер (архаизмдер) – бұрын қолданылып, халық
тіршілігіне, таным дүниесіне енген жаңалықтарға сәйкес, қазір
пайдаланылмайтын заттар мен құбылыстар туралы ұғымдарды бейнелейтін,
қолданыстан шыққан атаулар. Ежелгі сөздерді мынадай тақырыптық топтарға
бөлуге болады:
1) Бұрын қолданыста болған тұрмыстық зат атаулары: кебеже, асадал,
саптыаяқ, көнек, шошала, жаппа,т.б.
2) Әдетке, салтқа қатысты кей ұғымдар атаулары: сауын айту, барымта, жылу
жинау, қырық жеті, т.б.
3) Киім – кешек атаулары: дулыға, шидем, тон, шекпен, күпі, жарғақ,
сәукеле, жалаңқат, жағлан, кебене, т.б.
4) Туыстық, жақындық ұғымдарына қатысты атаулар: тамыр, жұрағат, т.б.
5) Кей ай аттары қазіргі таңда қолданыстан мүлде шығып қалған: отамалы,
зауза, саратан, мизан, т.б.
Қоғамдық сананың өзгеруімен бірге, қоғамдағы кей ұғымдар өзгеріске
түседі, тарихи, саяси өзгерістер де жаңа ұғымдарды дүниеге әкеледі, ескінің
орнына жаңа атаулар жұмсалады. Осыған байланысты өздері белгілеген ұғыммен
бірге сөздер де көнеленіп, тарихи сөздерді құрайды. Тарихи сөздер – бұрын
қолданыста болып, тарихи жағдайларға байланысты қолданыстан шығып, өзге
жаңа атаулармен алмастырылған сөздер. Тарихи сөздердің тақырыптық топтарын
былайша топтастыруға болады:
1) Ел басқаруға қатысты атаулар: хан, ханша, ханзада, уәзір,
губернатор, патша ағзам, ақпатша, ояз, болыс, старшын, ауылнай,
дуан, кеңес үкіметі, коммунизм, т.б.
2) Әскери терімсөздер: садақ, найза, оқшантай, түменбасы, онбасы,
жүзбасы, қорамсақ, қосын, жасақ, жебе, адырна, т.б. [16, 151 –
153].
Шығармада кездесетін архаизм сөздер:
1. Салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты архаизмдер:
1. Соснабай Мұстафаға сақау жиеніне қалың беруге ойы барын айтады (22 бет).
Қалың – 1) Айттырылған қалыңдық үшін төленетін мал-мүлік.
Қалың – 2) 1. Жұқа емес; қабат-қабат. 2. Көп, мол, нөпір. 3. Қою, тығыз,
жиі. 4. Бітік, ну, жайқалған [17; 466].
2. Онда қайттік?! - деп сасқан жұртқа молда: Үй басы мал сойып,
тасаттық беру керек, сонда ғана бұл пәле қашады, - дейді, молда, әрине,
тасаттыққа сойылатын көп қойдың етіне ғана тоймайды, бәрінің терісі оныкі
(16 бет).
Тасаттық көне 1. Белгілі бір тілектің орындалу мақсатымен Құдай жолына мал
сойып, жұртқа тамақ беру, құрбан шалу әдеті. 2. Садақа, құрбандық [17;
787].
3. - Аманшылық болса,- дейді ол,- Ұлтуғанды құтты жеріне қондырамыз, оның
қалыңмалына Қамзаны үйлендіріп, еншісін беріп шығарам (81 бет).
Қалыңмал – күйеу жағының қалыңдық үшін беретін малы, қалың [17; 467].
4. Сағынай өлерде баласына: Маған ас бергенде он жылқыдан бір семіз бие
шығар, он қойдан бір семіз тұсақ шығар. Асқа бір шеті Торғай, Ырғызға, бір
шеті Аягөз, Қарқаралыға, бір шеті Керкеу, Баянға, бір шеті Көкшетау,
Қызылжарға сауын айт, - деп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz