Құқықтық реттеудің негіздері мен ерекшеліктері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

Кіріспе

  1. Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі мен басқарудағы құқықтық реттеудің рөліМемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің пәні
  2. Құқықтық реттеудің негіздері мен Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге асырылуыМемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары

Қорытынды

Қосымша кестелер

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол-құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғарғы лауазымды иелерінің қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға еркіндік беруін, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін тусінуі қажет.

Құқықтық мемлекет болуына ең бірінші қадамымыз Ата Заңымыздың қабылдануы және де заңдар мен нормативтік актілермен барлық саланың қамтылуы болып есептелінеді. Осылар арқылы мемлекеттік билік пен басқарылу жүзеге асырылады. Соның ішіндегі мемлекеттік басқарудың рөлі өте зор.

Осы курстық жұмыста мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі мен ядросы болып саналатын құқықтық реттеу мәселесі қарастырылған.

Курстық жұмыстың көзделген мақсаты-Республикадағы мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі ретіндегі құқықтық реттеудің мәні мен мазмұнын аша отырып, оның негізгі нысандарын анықтап, олардың мемлекеттік басқарудағы алатын орнын, атқаратын қызметін және рөлін анықтау болып табылады. Ал оның рөлі мемлекеттік басқаруда алатын орны ерекше. Сондықтан да мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеуді зерттеу мен саралау қажет.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі, пәні, қажеттілігі, түрлері, нысаны және тағы басқа теориялық аспектісі ашылып көрсетіледі.

Ал екінші бөлімінде тікелей Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу тақырыбы ашылған және де оның проблемалары мен оны шешу жолдары қарастырылады.

Курстық жұмыстың соңында қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

  1. Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі мен қажеттілігіҚұқықтық реттеудің мемлекеттік басқарудағы рөлі

Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің мәні мен элементтерінің мағынасын ашып білу үшін ең алдымен “құқықтық реттеу” түсінігін білу қажет. Сонымен, құқықтық реттеу әлеуметтік, нормативтік және практикалық аспектімен бейнеленеді. Ол қоғамның сұранысы белгілі бір бағытта және белгілі бір бейнедегі туындайтын адамдардың қарым-қатынасы мен бір-бірімен байланысы кезіндегі заң және өзге де нормативті актілердің мазмұны мен мақсатты талабы “ауқымдалып” айқындалады.

Әлеуметтік аспектісінің мағынасында құқықтық реттеу болжамдық сипатқа ие. Мұның өзі адамның немесе қоғамның ертеңгі өмірін жасауға (құрастыруға) аргумент ретінде қолданылады. Бұл аспект заңның (юридикалық акт) нағыз мағынасын ашып көрсетеді. Яғни, материалды және процессуалды заң шығарушылықтың құрамдас бөліктері тұлғаның құқығы мен еркіндігіне (әлемдік стандарттарға сәйкес), қоғамның еркін өмір сүруінің императивтеріне, қоғамдық қатынастың “адамгершілігіне”, әлуметтік шындыққа, халықтар арасындағы бір-бірімен байланысының тұрақтылығына теңдей сәйкес болуы үшін жауапты. Осыдан туындайтын екі: легитимділік пен заңдылық түсініктерін ажыратамыз. Егер заңдылық юридикалық нормаларының талаптарына сәйкес іс-әрекетпен өлшенсе, онда легитимділік құқықтың мәні заңмен сәйкестігін көрсете отырып, заңның қоғам тіршілігінде объективті бастамасын бейнелеп, туындатуы арқылы адамдардың сеніміне қол жеткізуді жүзеге асырады. Құқықтық реттеуде әлеуметтік аспект “принципталды”.

Құқықтық реттеудің негізі мен түбірін нормативті аспект құрайды.

Нормативті аспект- қоғамға қажетті белгілі бір іс-әрекеттерді енгізу мен адамдардың жүріс-тұрысын реттейтін нормаларын (ережелерін) шығару мен юридткалық (мемлекеттік органдар актілерінде) бекітілуі. Мұндай ережелер мақсаттары мен мазмұнына сәйкес әр түрлі қабылданады: кейде еркіндікті шектейді, бірақ көбінесе адамдардың қарым-қатынасын реттеуде кеңесші мен көмекші болады. Құқықтың қатар тармақтарының нормалары, мысалы: еңбек, отбасы, жер, тұрғын үй және тағы басқаларда іс-жүзінде ешқандай шектеулер жоқ. Керісінше, қоғамдық өмірді жасауға, жақсартуға, рационалды шешім қабылдауға жол ашады.

Мемлекеттік биліктің бекіткен және рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелерінде үш негізгі элементті атап көрсетуге болады:

  1. Гипотеза-өмірде әрекет ететін шарттарды, пысықтауыштарды, қарым-қатынастарды көрсететін норманың бір бөлігі.
  2. Диспозиция-жүріс-тұрыс ережесінің мағынасын, мазмұнын айқындайтын норма бөлігі. Ол дегеніміз әрекет субъектілерде туындайтын юридикалық құқықтары мен міндеттері. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. (1)
  3. Санкция-гипотеза мен диспозицияға сәйкес нормалардың сақталмауына (бұзылуына) байланысты мемлекеттік билікпен қолданылатын шаралардан тұратын норманың бөлігі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді.

Сондықтан құқықтық реттеудің нормативті реттеудің аспектісінің сапсы көбінесе құзырлы мемлеккетік органдардың юридикалық жүріс-тұрыс нормаларын тұжырымдағанына байланысты. Барлық уақытта кез келген юридикалық құжатта норманы енгізгенде (орналастырғанда) түсінікті, нақты мағынасы, талабының негіздемесі болу керек.

Юридикалық нормаларды шығаруда және бекітуде ең басты үш жайтты ескеру қажет:

  • Жүріс-тұрыс ережелерінің көбісі (қаржы, материалды және кадр мәселесіндегіні алып тастағанда) адамның өміріндегі проблемаларын тікелей шеше алмайды.
  • Ережелер адам өміріндегі проблемаларын шешудегі жүріс-тұрысы мен әрекет ету механизмін (моделін) ұсынады және осы мақсаттарда іс-жүзінде қолданғанда ғана өзінің арнауын іске асырады.
  • Норма шығарушылық әрекетте жүріс-тұрыс ережелерінің актуализациялау мен нақтылау арқылы проблемаларды шешуге тырысу.

Жүріс-тұрыс ережелері міндетті түрде практикалық аспектісі болып саналатын өмірдегі шынайы әрекеттерден құралған нормаларды қамту қажет. Кез келген юридикалық норма ұйымдық-мемлекеттік құрылымына сүйене отырып мумкіндіктерімен қамтамасыз етіледі. Құқықтық реттудің практикалық аспектісі ең қиын да, қилы. Себебі, оның ауқымдылығы мен тұрақтылығы құқықтық реттеу фактісі дәлелдейді. Құқықтық реттеудің практикалық аспектісі нақты жүріс-тұрыс ережелерін мағынасына сәйкес іс-әрекеттің іске асырылғанға байланысты орнығады.

  1. Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің пәні

Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу бұл -мемлекеттік органдарды ұйымдастыруда және олардың қызмет ету ережелерін бекітудегі мемлекеттің іс-әрекеті. Оның пәні ерекше, себебі басқару процесіндегі мемлекеттік биліктің құралы, әдісі және процедурасы юридикалық анықтамасымен байланысты. Мемлекеттік органдардың басқару іс-әрекеттері мен ұйымдық құрылымын, қызметін, мақсатын реттеумен айқындалады.

Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеудің пәні болып саналатын мемлекет пен қоғамдық шындықтың кейбір аспектілерін көрсетуге болады:

  • Мемлекет(оның органдары) пен қоғам азаматтары арасындағы қатынас. Одан мемлекеттік-басқарушылық әсер ету (мемлекеттік аппарат арқылы қоғамды басқару) туындайды. Мұнда мемлекеттік басқарудағықұқықтық механизмін объективизациялау мен объективация басты рөлді атқарады.
  • Мемлекет ішіндегі қатынас, оның органдарының арасындағымемлекеттік биліктің болуы мен олардың жүргізуі. Мұның негізгі мәселесі мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі (статусы) мен басқару сферасы.
  • Адамдар арасындағы ерікті қатынастар. Бұлөз мәселелерін шешу кезіндегі мемлекеттік органдарға сүйенген және мемлекеттік басқару процесінде іс-әрекет етушілер (мемлекеттік органдарыкадрлары, мамандандырылған мемлекеттік қызметшілер) .

Мемлекеттік басқару тек ғана оған деген басқарылатын объектілерден қажеттілік болғанда туындайды. Сондықтан мемлекеттік басқаруда барлығы заңмен белгіленуі қажет, оның ішінде соған қатысты органдар мен олардың шеңберлерінің шегі.

Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеудің “ортасында” мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі орын алады. Мемлекеттік орган мәртебесі юридикалық тұрғыда 3 элемент тобынан тұрады:

  1. Біріншіден, елдің мемлекеттік органдардың толық жүйесіне кіретін мемлекеттік органның орны мен табиғатын қамтиды. Органдардың заң шығарушылық, атқарушылық, сот биліктеріне (көлденеңнен) немесе федералды қатарына (тігінен) және басқа да жүйе басты атқарушылық билікке жатуы оларды құқықтық мәртебесін тұжырымдауға негіздейді. Сондықтан да мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі сол органдардың жүйесіндегі алатын орнын, табиғатын көрсетеді.
  2. Екіншіден, құқықтық мәртебенің негізгі бөлігі-мемлекеттік органның құзырлығы. Ол бөлек басқарылатын объектілерге қатысты жалпы басқарушылық функциялары мен мемлекеттік органдарының құзіретінің юридикалық көрінісі. Мұнда, нақты мемлекеттік органдарының басқарушылық функцияларының жиынтығы; соған сәйкес құзіреті; құзіреттің құрамы; басқарушылық функцияларының формалары мен әдістерін қамтитын құзірет құрамы; басқарылатын объектілер немесе қызмет атқарудағы бөлек мәселелер (аспектілер) тізімі.
  3. Үшіншіден, мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесін, ұйымдық құрылымын, юридикалық бекітілуін және де оның формасының, әдісінің және пролцедурасының қызмет етуін қарастырады.

Түгелдей мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің құрамдас бөлігіне: мақсаттары, қызметі, процедуралары, операциялары және көптеген мемлекеттік басқарудың элементтері құрайды. Бұл негізінен басқару институтттарын реттеу.

Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің ерекшеліктеріне сәйкес, оның өзіндік әдістері бар. Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің әдісі дегеніміз- мемлекеттік аппарат құрамындағы әлеуметтік басқарушылық жүйеге, әлеуметтік-құқықтық сферасы мен оның құрамдас бөліктерінің элементтеріне түгелдей юридикалық амалдар, құралдар, шаралар арқылы әсер ету. (1) Құқықтық реттеу екі жайтпен сипатталады:

  • Құқықтық реттеу субъектісі (бастауы), бұл сәйкесінше қажетті құқықтық нормаларды шығарушы құзіретті орган;
  • Құқықтық нормалардың мағынасы мен мазмұны .

Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің субъектісі басқару облысындағы құқықтық нормаларды шығаруға белгілі бір мемлекеттік органның мүмкіншілігіне, сипатына және әрекет ету шеңберін белгілейді. Осыған байланысты:

  • Орталықтандырылған, императивті реттеу (субординация әдісі) . Мұнда жоғарыдан төменге қарай реттеу құзырлық шеңберінде және юрисдикциялық объектісіндегі мемлекет билік органдарының түгелдей не оның субьектілеріне әкімшілік-императивті түрде іске асырылады.
  • Орталықтандырылмаған, диспозивті реттеу (координациялық әдісі) . Мұнда құқықтық реттеу келісім, шарт, ортақ акт қабылдау бірнеше мемлекеттік биліктің органдарымен төменнен инициативаны қолдау арқылы жүзеге асырылады. (2)

(1) Сорокин В. Д. Методы правового регулирования: Теоритические проблемы М., 1976 с. 84

(2) Алексеев С. С. Общая теория права М., 1981 с. 295

Құқықтық нормалардың мағынасы мен мазмұны басқарушылық процестің жүруін анықтайды. Ол басқарушылық қарым-қатынастағы қатысушыларға құқықтық норма арқылы әсер ету мәнінен тұратын құқықтық реттеу амалына тәуелді. Жалпы құқықтың әдістерін былайша ажыратады:

  • Позитивті міндеттеу - белгілі бір жағымды іс-әрекет жасауға тұлғаларды тікелей міндеттермен жүктеу.
  • Тиым салу - белгілі бір іс-әрекеттерді жасамауға тұлғаларды жуктеу.
  • Рұқсаттылық - тұлғаларға өзінің активті іс-әрекетіне құқық беру.

Барлық айтылып кеткен амалдар мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеуде қолданылады және оны мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесінде табуға болады.

Сонымен, мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің пәні болып мемлекеттік-құқықтық институтттар (элементтер) мемлекеттік-басқарушылық әсерді туғызып және жүзеге асырылуын қамтамасыз етілумен байланысты санасы, жүріс-тұрысы, және адамның іс-әрекеті болып саналады.

Құқықтық реттеудің әр түрлілігі мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесіне және олардың қызмет ету роцесінің анықталуына, бағыт ұстанушылықты, рет-реттілікті қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдар мен лауазымдықтың құқықтық жағдайын және де оның іс-тәжірибесін жузеге асыруын анықтау мақсатында қолданылатын құқық тәртібінің ұйымдастыру құрылымына, ұтымды қызмет етуіне және жүйелік әрекеттестігіне мән беру үлкен рөл атқарады.

Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің тәртібі, өзінің сипаты және мазмұны бойынша үйлесуі керек. Сөйтіп, мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің жүйелік жиынтығын құру қажет.

Сондықтан, мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу тәртібінің бірнеше талаптары бар:

  • Уақыттылық
  • Тұрақтылық
  • Толықтылық
  • Ішкі үйлесімділік

Бұл талаптарды орындау мемлекеттік-басқарушылық құбылыстардың, процестер мен қатынастардың ретке келтіруіне себебін тигізеді.

Уақыттылық- құқықтық нормалардың дер кезінде қабылдануы және оның мағынасының өзектілігі.

Тұрақтылық- құқықтық нормалардың дұрыс таңдалып, мемлекеттік орган мен лауазымдықтың мәртебесінің жағдайын түсінуге, тануға, іс жүзінде қолдану мен бағалауға адам мен қоғамға мүмкіншілік береді.

Құқықтық норманың көбісі толықтығы мен ішкі үйлесуіне тәуелді. Мұнда ең дұрысы үлкен комплексті құқық актілерін құру жолын ұстанған жөн. Сонда басқаруға тән белгілер толықтай құқықпен безендірілуге мүмкіншілік алады.

Мемлекеттік басқару элементтеріне оның мәні мен алатын орнына байланысты мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің құрылымы сәйкес келуі керек. Осыған орай мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің құрылымына мыналар кіруі қажет:

  • Заң шығарушылық реттеу. Мұнда мемлекеттік басқару элементтерінің қарпайым түрлері анықталады.
  • Жергілікті органдар арқылы мемлекеттік басқарудың бірнеше элементтерінің нормативті анықтамасы.
  • Атқарушы биліктің жалпы және арнайы органдары жүргізетін басқару процесін ішкі-жүйелік нормалармен реттеу.
  • Аумақ шеңберіндегі өзін-өзі басқаруды реттеу.
  • Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын, қадағалайтын және құқық қорғау органдарымен басқару процесін құқық қорғау арқылы реттеу.

2. Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің негіздері мен ерекшеліктері

2. 1 Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге асырылуы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түп негізі, нысаны, актісі жоғарғы юридикалық күші бар номативті-құқықтық актісі болып Ата-заң (Конститутция) саналады. Конститутция - Қазақстан Республикасында ең басты мемлекеттік заң. Ол еліміздің қоғамдық қатынастар жүйесінің юейнесін ашатын және қоғамның тұтастығы мен құндылық құрылымын анықтайтын, оның дамуына әсер ететін жалпы негізгі заң- Мемлекеттік басқарудың құқықтық түп негізі.

Одан кейінгі мәртебесі бойынша- заңдар, Қазақстан Республикасының басқарудағы құқықтық реттеудің маңызды нысаны. Ол еліміздің қоғамдық әрекеттердің мәртебелік жағдайы мен юридикалық тәртіппен жүргізілуін анықтаушысы.

Заң- бұл мемлекеттің еркі мен өмірінің негізгі мәселелерін қарастыратын, Конститутциядан кейінгі жоғары юридикалық күші бар, ерекше тәртіппен қабылданған нормативті-құқықтық акт. Заңдар бастауы, мазмұны мен мағынасын ашатын материалды белгілермен және ерекше спецификалық құқықтармен, оның юридикалық теңділігімен, әсіресе құқық шығарушылық процедурасымен сипатталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің заң шығарушылық нысаны қоғамда алатын орны бар. Мұны мемлекеттің қарамағындағы күрделі де, күшті құралдар жүйесімен қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің (мемлекеттік басқаруда) тағы бір түрі - заң асты құқықтық нормалар. Бұлар Қазақстан Республикасы Конститутциясы мен заңдарға негізделген және қарама-қайшы кемейтін құзырлы органның юридикалық-нормативтік актімен сипатталады. Оның түрлері:

  • Жалпы мемлекеттік. Оның ең бастысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің әр түрлі басқару ісін жүргізудің ережелері мен құқықтық мәртебесі болып табылатын үкімдері.
  • Ведомствалық нормативті актілер жергілікті мемлекеттік билік пен басқару органдармен шығарылады. Бұған Қазақстан Республикасының облыс, қала, аудандардың жарғылары кіреді.
  • Локальді (ішкі ұйымдық) нормативті актілер ішкі басқарушылық іс-әрекеттерін тәртіптілікпен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдармен және жергілікті органдармен қабылданады. Мұны органдар жағдайы, регламенттер, лауазымды инструкциялар және басқа құжаттар құрайды.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің үш түрі бар. Олар:

  • Заң шығарушылық
  • Атқарушылық
  • Сот билігі

Осы үш билік арқылы мемлекеттік басқару жүзеге асырылады. Ал мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу ең маңыздысы болып табылады.

Негізінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды іс жүзінде Атқарушы билік - Үкімет жүргізеді. Оның негізгі мақсаты мен функциясы болып мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу болып саналады. Сонымен қатар, Атқарушылық билік мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің қажетті заң жобалары мен нормативті-құқықтық актілерін әзірлеп дайындайды. Ал сол заң жобалары мен құқықтық-нормативті актілерін іс жүзінде жүзеге асыруға болатындығы немесе болмайтындығын (сай немесе сай еместігін анықтау) Заң шығарушы билік - Парламент анықтай отырып, сол заң жобалары мен құқықтық-номативті актілерді қабылдап немесе қабылдамай бекітеді. Қабылдамаған жағдайда Парламент заң жобалары мен құқықтық-нормативті актілерін қайтаруға (Атқарушы билікке) құқылы. Ал егер қабылданған жағдайда Қазақстан Республикасының Парламентінен Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге жібереді. Мұнда Қазақстан Республикасының Президенті заң жобаларын немесе нормативті-құқықтық актілерін сәйкес болмаса, Парламенттің қайта қарауына жіберуге құқығы бар.

Қабылданған заң жобалары заң ретінде бекітіледі. Сол заңдар мен нормалардың көп бөлігі өмірлік (бұйрықтық-императивті) сипатқа ие. Бұл реттелінетін мемлекетті басқару қатынастарының мән-мағынасымен байланысты. Осы қатынастар мәні бойынша биліктік қатынастар, яғни “билік-бағыну” негізінде құралған қатынастар болып табылады.

Өкімдер түріндегі нормалар мемлекеттік ерікті білдіреді, басқарушылық қоғамдық қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеттерінің белгілі бір түрін жасауға немесе құқыққа сәйкес келетін мінез-құлықтың түрлеріне түрткі болады да мәжбүр етеді. Бұл талап атқарушы билік органдары мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында өздерінің нормативтік-құқықтық актілеріне шығарған көздерде де сондай дәрежеде оларға таратылатындығын ерекше атап айту керек. Осы құқыққа сәйкес келетін іс-әрекеттерін олар заңның немесе тиісті заңды тәуелді актінің негізінде жасауға құқылы, бірақ бұл орайда өзінің құзіретінің шегінде және белгіленген рәсімдерді сақтай отырып әрекет етуге міндетті.

Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелінетін қоғамдық қатынастар әрқашанда олардың қатысушыларының теңсіздігін, басқарушылардың еркін атқарушы билік органынан көрініс табатын бірыңғай басқаратын ерікке қатаң бағынуды болжайды. Атқарушы билік органынан шығатын және оның біржақты-биліктік еркін білдіретін нұсқама әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардың басқа қатысушылары үшін міндетті болып табылады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеуді Конститутция, одан кейін Президент пен Үкіметтің жарғылары юридикалық-құқықтық нормалармен қамтамасыз етеді.

Негізінен Қазақстан Республикасында құқықтық реттеудің жүзеге асырылуын әкімшілік құқық арқылы іске асырылады.

Әкімщілік құқық- Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланылатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптілігін, бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік басқаруды жетілдіру, оның тиімділігі мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған шешімдері үшін азаматтардың алдындағы жауапкершілігін арттыру жөнінде әкімшілік құқық маңызды құрал ретінде үлкен рөл атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі.

Әкімшілік құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысушыларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың міндеті шешіледі және әкімшілік құқықтарға барлық қатысушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасады.

Әкімшілік-құқықтық нормаларды қолданудың атқарудан айырмашылығы, оны атқарушы билік органдары (лауазымды адамдар) жүзеге асырады және олардың материалдық немесе процессуалдық нормалар талаптарына негізделген дара құқықтық актілер шығаруынан нақты көрініс табады. Мысалы, Президенттің нақты адамды министр лауазымына тағайындау туралы жарлығы Конститутцияның 44-бабының 3-тармағын қолдану болып табылады.

Сонымен, атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде әкімшілік құқық өзіне тән тәсілдермен және құралдармен қолданылып жүрген Қазақстан заңнамаларының баптардың орындалуы, сондай-ақ реттелінетін мемлекеттік басқару қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

  1. Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары

Мемлекеттік басқарудаңы құқықтық реттеу проблемалар жоқ емес. Сол проблемаларды шешу мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады.

Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудегі әкімшілік құқық нормалары экономикалық саласында, әлуметтік-мәдениеттік құрылыс, әкімшілік-саяси құрылыс саласында мемлекеттік басқаруды әкімшілік құқықтың қазіргі кездегі негізгі проблемаларының қатарына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына “Қазақстан-2030” жолдауына сәйкес және оның жүзеге асыруға бағытталған Президенттің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі жарлығымен мақұлданған “Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында” (1) белгіленген маңызды міндеттер жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін құқықтық реттеудің қазіргі жағдайы
Мемлекетті басқарудың теориялық астары
Инвестициялық құқықтың құқық жүйесіндегі орны
Аграрлық құқықтық қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеу тетігі
Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге асырылуы
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Әкімшілік құқық. Әкімшілік құқықтық нормалардың ұғымы және ерекшеліктері
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Еңбектік құқық қатынастарының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz