Бәсекеге қабілетті кәсіпорынның факторы ретінде өнім сапасын басқару



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1 ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... .. 10
1.1 Сапа түсінігі. Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... . 10
1.2 Өнім сапасын арттыру . кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің кепілі ... 16
1.3 Сапаны басқару жүйесінің қажеттілігі және оның даму кезеңдері ... ... ... 22
2 ЖШС «НӘТИЖЕ» СҮТ ФАБРИКАСЫ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ ДЕҢГЕЙІ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.1 ЖШС «Нәтиже» сүт фабрикасының өндірістік, қаржылық.шаруашылық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
2.2 Компания өнімінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау ... ... ... ... ... ... . 40
2.3 Өнім сапасына әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 48
3 ЖШС «НӘТИЖЕ» ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МЕН КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
3.1 ЖШС «Нәтиже» сүт фабрикасының өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 53
3.2 Сапаны басқаруда қолданылатын шетелдік тәжірибелер ... ... ... ... ... ... ... .. 55
3.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... . 59
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 85
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 89
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда әлемдік экономиканың жаһандану нәтижесінде мемлекеттер арасында бәсекелестік тартыс күшейе түсуде екендігі баршамызға мәлім. Бәсеке - нарықтық экономиканың индикаторы, сонымен қатар, қазіргі нарықтық экономиканың өзекті мәселесі. Бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру нарықтық экономикалы елдер реформаларының негізгі мақсаттарының бірі болып отыр.
Әлемнің дамыған мемлекеттеріқатаң бәсекегетөтеп бере отырып, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге ат салысуда. Осы мақсатқа жету жолында өнім сапасын арттыру мәселелерін шешу шаралары белсенді түрде жүргізіліп келеді. Себебі өнімнің жоғары сапалы болуы елдің экономикалық жағдайы мен даму болашағын бейнелейді.
Қазірде халқымыздың әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жетілдіру, әлем таныған өркениетті, бәсекеге қабілетті ел болу Қазақстан Республикасының да ең өзекті мәселесі болып отыр. Бұл жолда бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына сүйенсек, қазіргі кезеңде басты стратегиялық мақсаттардың бірі отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті жаңа өнімдерді және өнеркәсіптің дамуына негізделген ұлттық экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа ғылыми және ақпараттық технологияларды игеру мен жетілдіру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған Жолдаулары Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясымен байланысты. Онда Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі деп көрсетілген болатын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады», - деп атап өткен болатын.
Сол себепті, бүгінде еліміз бәсекелестікке қабілетті, жан - жақты дамыған, дүниежүзінің өркениетті 50 елі қатарына қосылу және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру міндеттерін алға қойып отыр. Осы жолда шығарылатын өнімдердің сапасын арттыру және бәсекеге қабілеттілігін жақсарту мәселелерін шешу шаралары белсенді түрде жүргізіліп келеді.
Бәсекеге қабілеттілікті жоғарлату құралы ретінде сапаны басқаруға айрықша көңіл бөлінуде. 2005 жылы World Economic Forum 1 рет Қазақстан мен ТМД - ның басқа елдерін бәсекеге қабілтеттілік индексін бағалау жүзеге асырылатын әлемнің 117 елінің тізіміне кіргізді. Қазақстан 61-орынды иелене отырып, ТМД елдерінен алда. Ресей - 75, Армения - 79, Ураина - 84, Грузия - 86 орында.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдaуы, 2006 ж.
2. ҚазҰУ хабаршысы, №4 (68), 2008 ж.
3. Жапар Ү., Сапалы өнім ғана бәсекеге қабілетті//Айқын, 2009 ж. 2 қазан.
4. Мұхамеджанова А., ДСҰ-ның талабына саймыз ба? //Айқын, 2000 ж.
5. М.М.Нұрпейісова, Сапа басқару негіздері: Оқу құралы, Алматы, 2010 ж.
6. Д.Б.Курмангалиева, Квалиметрия және сапа өнімін басқару: Оқу құралы, Астана, 2007 ж.
7. В.Киянский, І.Бөкеев, Б.Нарымбетова, Сапа менеджменті бәсекеге қабілет философиясы.
8. Рысжан Менеджмент жүйесі және бәсекеге қабілеттілік//Егемен Қазақстан, 2010 ж.,14 мамыр.
9. Сәбден О. Бәсекелестік экономика: Оқу құралы, Алматы, 2007 ж.
10. Касарева Э.Г., Вечкинзова Е.А. Сапаны меңгеру: Оқу құралы, Қарағанды, 2007 ж.
11. Әмірбекұлы Е. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: Оқу құралы, Алматы – 2009.
12. Жатқанбаев Е., Мақыш С.- Ақиқат, 2007-№2-5,10 б.
13. Қазақстанның ғылыми әлемі. № 2, 2008 ж. Көптаева Г.П. Компанияның экономикалық стратегиясының бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастырудағы инновациялық менеджменттің рөлі.
14. Әбдікерімов Г.И. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы:
Экономика баспасы, 2008.
15. Абдыразақова А.П. Кәсіпорынның бәсекелік стратегиялары.//КазЭУ
хабаршысы №5, 2004.
16. Ахметов К.Ғ. Менеджмент негіздері, Алматы – 2005.
17. ҚазҰУ хабаршысы, №6(76), 2009 жыл.
18. Ертаев К.Е., Стамбеков Е.Е., Теңізбаева Д.С. Өнеркәсіп экономикасы: Оқу құралы, Тараз - 2010.
19. Р.Қ.Ниязбекова, Өнім сапасын қамтамасыз ету және технологиялық процестерді басқару, Астана-2006
20. Варакута С.А. Управление качеством продукции: Учеб. пособие. – М.: ИНФРА-М, 2002
21. Басовский Л.Е., Протасьев В.Б. Управление качеством: Учебник. – М:
ИНФРА-М, 2000.
22. Асанова Т.А. Кәсіопорынның жекеленген процесстерін басқаруда маркетингтік әдістіерді пайдалану, Қаржы қаражат, 2008 ж, №4, 66-71 б
23. Смагулова М.Қ., Нарық жағдайында өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері, автореферат, 2011 ж.
24. Японские методы – Управление качеством, 1988 г.
25. Ахметов К.Ғ. Менеджмент негіздері, Алматы – 2005.
26. Нысанбаев С.Н., Урузбаев Н.А., Садыханова Г.А Управление качеством: Учебн. пособие. – Алматы, 2000.
27. «Нәтиже сүт фабрикасы»//Ғаламтор ресуры: http://natige.kz/
28. Сактаева А.А., Сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, автореферат, 2010 ж.
29. Көлдіғұлұлы Қ. , Халықаралық стандарттардың берер артықшылықтары аз емес, Заң газеті, 2010, 6-қазан
30. О.Сәбден, А.Тұғынбаева, Шағын бизнес негіздері, Астана, 2008 ж
31. Сәбден О., Тоқсанова А. «Шағын кәсіпкерлікті басқару», Алматы –2002.
32. Ертаев К.Е., Стамбеков Е.Е., Теңізбаева Д.С. Өнеркәсіп экономикасы:
Оқу құралы, Тараз - 2010.
33. Тургинбаева А.Н., Өнім сапасын арттыру жолдары//ҚҰУ Хабаршысы, № 6, 2009 ж.
34. Ценовая политика и ценовая стратегия фирмы//Ғаламтор ресурсы: http://stud24.ru/enterprising
35. Модели менеджмента//Ғаламтор ресурсы: http://www.grandars.ru
36. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанхалқына Жолдауы. 2007 жылғы 28 ақпан, Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан.
37. Асанова Т.А., Кәсіпорынның жекелеген процестерін басқаруда маркетингтік әдістерді пайдалану//Қаржы қаражат, № 4, 2008 ж.
38. «Егемен Қазақстан», 18 қыркүйек, 2012, Самат МҰСА
39. Менеджмент качества № 2(32), 2010 г., Премия Президента Республики Казахстан Алтын сапа, Л.Я.Алексеева.
40. Менеджмент ғылым ретінде //Ғаламтор ресурсы: http://portal.vkgu.kz:1010/1944/unita 1/1.1.htm
41. Менеджмент качества 2010, № 1, В.А.Лапидус
42. А.И.Барбусинова Кәсіпорынның бәсекеге қабілетті басқару жүйесін құру қажеттігі// Профессионал казахстана №6, 2009.
43. Сапа саласындағы саясат//Ғаламтор ресурсы: http://www.tek-kaz.kz.
44. Рысжан Менеджмент жүйесі және бәсекеге қабілеттілік//Егемен Қазақстан. - 2010. - 14 мамыр.
45. О.Сәбден, А.Тоқсанова, 127 б. Шағын кәсіпкерлікті басқару, Алматы, 2002 ж.
46. Мұхамеджанова А. ДСҰ-ның талабына саймыз ба. //Айқын 2000.
47. Сактаева А.А., Бәсекеге қабілеттілікті жоғарлатудың негізгі тәсілдері мен механизмдері, Саясат, № 4, 2009 ж.
48. Сапа менеджмент жүйесі//Ғаламтор ресурсы: http://kazntu.kz/kk/node/357
49. Қ.Келдіғұлұлы, Халықаралақ стандарттардың берер артықшылықтары аз емес. Заң газеті 2010, 6 қазан.
50. Королев В.А. ИСО и ТРИЗ/Менеджмент качества, 2010, № 2 (32)
51. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері, Ж.Ж,Махамбетова, Алматы, 2008 ж.
52. Сатиева К.Қазақстан ДСҰ-ға 2012 жылы кіруі мүмкін// Алаш айнасы. - 2011. - 15 ақпан.
53. Габбасова Ж.Ж., Әр түрлі сфералардағы стандарттау/Саясат Policy, № 1, 2011 ж.
54. Свиткин М.З. Процессный подзод при внедрении системы менеджмента качества в организации// Стандарты и качество. 2002 г.
55. Бейбіт Ж. С. Отандық стандарттарды халықаралық стандарттармен
үйлестіру — бәсекелестікті арттырудың алғышарты//Егемен Қазақстан
№90, 2010.
56. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2003.
57. Сертификат HACCP (сертификация ХАССП)// Ғаламтор ресурсы: http:// www.iso-sercons.ru/glavnaya/services/sds/sertifikaciya-haccp-iso-22001/
58. Сертификаттау негіздері//Ғаламтор ресурстраы: http://portal.vkgu.kz:1010/2272/3.1.htm
59. Бишимбаев У.К., Ниязбекова Р.К., Ермаханова Ф.Р. Актуальность внедрения экологического менеджмента в Казахстане: налитический обрзор, Астана, 2007 ж.
60. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлтық Университеті Хабаршысы, №4(77), 2010 ж., Р.Қ.Ниязбекова, Ф.Р.Ермаханова, А.У.Ахмедьянов, Халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін менеджмент жүйелерін енгізу ерекшеліктері
61. Бишимбаев У.К., Ниязбекова Р.К., Ермаханова Ф.Р., менелджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу, Астана, Гумилев атындағы ЕҰУ, 2009
62. Байжақсынова Г.Қ., Бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізу жолдары, Саясат № 4, 2009 ж.
63. Менеджмент качества №6(30) 2009, 20-22 б., Лисовский А.П. – СМЖ кәсіпорынның табысын арттыру әдісі ретінде: Халықаралық стандарттар
64. Бейбіт Ж. С. Отандық стандарттарды халықаралық стандарттармен
үйлестіру — бәсекелестікті арттырудың алғышарты//Егемен Қазақстан
№90, 2010.
65. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы//Ғаламтор ресурсы: http://www.nex.kz.
66. Ғылым мен инновация қатар жүруі тиіс//Ғаламтор ресурсы: http://www.aikyn.kz.
67. Бекболатова Ә. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі, Қоғам және Дәуір, № 2, 2011 ж.
68. Коптаева Г.П., Кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың алғышарттары//Қазақстан ғылыми әлемі, № 2, 2011 ж.
69. Әмірбекұлы Е. Өнімнің бәсекелік қабілеттілігін арттыру механизмін қалыптасытру: автореферат – Алматы - 2004.
70. Особенности управления развитием производства в фирмах США и Японии//Ғаламтор ресурсы: http://infomanagement.ru.
71. Сапа менеджмент жүйесі және АЖ-сервистерді басқару жүйесі//Ғаламтор ресурсы: http://www.nitec.kz/.
72. Нұртөре Жүсіп//Егемен Қазақстан, 2010 ж,. 12 наурыз.

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ КӘСІПОРЫННЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУ

МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
Қысқартулар мен белгілеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1
ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ..
10
1.1
Сапа түсінігі. Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... .
10
1.2
Өнім сапасын арттыру - кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің кепілі ...
16
1.3
Сапаны басқару жүйесінің қажеттілігі және оның даму кезеңдері ... ... ...
22
2
ЖШС НӘТИЖЕ СҮТ ФАБРИКАСЫ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ ДЕҢГЕЙІ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
29
2.1
ЖШС Нәтиже сүт фабрикасының өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
29
2.2
Компания өнімінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау ... ... ... ... ... ... .
40
2.3
Өнім сапасына әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
48
3
ЖШС НӘТИЖЕ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МЕН КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
53
3.1
ЖШС Нәтиже сүт фабрикасының өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
53
3.2
Сапаны басқаруда қолданылатын шетелдік тәжірибелер ... ... ... ... ... ... ... ..
55
3.3
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... .
59
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
82
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
85
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
89

Нормативтік сілтемелер

Осы диссертациялық жұмыста келесі стандарттар мен нормативті сілтемелер пайдаланылды:
1. ҚР-ның Техникалық реттеу туралы Заңы. ҚР-ның 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603 Заңы.
2. ҚР Нормативтік құқықтық актілер Заңы. ҚР-ның 1998 жылғы 24 - наурыздағы Заңы. ҚР Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат. (2012 ж,. 10 шілдедегі өзгерістер мен толықтырулармен).
3. ҚР Үкіметінің қаулысы № 1208, 14.09.2001 ж.
4. ҚР-ның Сертификаттау туралыЗаңы. 1999 ж, 16 - шілде. ҚР Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 20, 725-құжат
5. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңы. ҚР, 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53 Заңы.
6. Сапа жүйелерін бағалауды және сертификаттаудытіркеуді жүзеге асыратын органға қойылатын жалпы талаптар 62-2001ИСОМЭК ҚР СТ.
7. Өнімді сертификаттау жөніндегі органға қойылатын жалпы талаптар 65-2002ИСОМЭК ҚР СТ;
8. Экологиялық менеджмент жүйесін бағалауды және сертификаттаудытіркеуді жүзеге асыратын органға қойылатын жалпы талаптар 66-2002 ИСОМЭК ҚР СТ.
9. СТ РК 7.2-2000 Қазақстан Республикасының Сертификаттау мемлекеттік жүйесі. Сертификаттау жөніндегі ортаға қойылатын жалпы талаптар, 2006 жылғы 1 шілде.

Анықтамалар

Осы диссертациялық жұмыста келесідей анықтамалары бар терминдер пайдаланылды:
1. Сапа - адамды белгілі бір тауарды сатып алуға, пайдалануға итермелейтін негізгі көрсеткіш.
2. Өнiм - процестiң немесе қызметтiң нәтижесi.
3. Тұтынушы - өзінің жеке өнімін қоса алғанда, кез - келген өндірген өнімді, кез - келгеннің қызметін пайдаланатын тұлға немесе ұйым.
4. Кәсіпорын - бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект.
5. Бәсекеге қабілеттілік - кез-келген экономикалық объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық мәні.
6. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі -- тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына сай келетін және оның сатылуын қамтамасыз ететін онімнің қасиеттері.
7. Өнім сапасын басқару - өнім сапасына әсер ететін жағдайлар мен факторларға мақсатты бағытта ықпал ету және сапаны жүйелі түрде бақылау арқылы жүзеге асырылатын өнімді өңдеу, өндіру, айналымы және пайдалану немесе тұтыну кезінде өнім сапасының қажетті деңгейін орнату, қамтамасыз ету және қолдану.
8. Сапа менеджмент жүйесі - әлем мойындаған және кез-келген ұйымды басқару құрудың тиімді құралы.
9. Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал мiндеттерге қатысты көпшiлiкке ортақ, көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер белгiлеу арқылы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтiрудiң оңтайлы деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет.
10. Мемлекеттiк стандарт - уәкiлеттi орган бекiткен және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетiмдi стандарт.
11. Халықаралық стандарт - стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт.
12. Сертификаттау - сәйкестiктi растау жөнiндегi орган өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн жазбаша куәландыратын рәсiм.
13. Өнiмнiң және процестердiң қауiпсiздiгi - қауiптi фактордың iске асу ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейiнiң ұштасуын ескере отырып, адамның өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне зиян келтiруiне байланысты жол берiлмейтiн қауiп-қатердiң болмауы.

Қысқартулар мен белгілеулер

ҚР-Қазақстан Республикасы
АҚШ-Америка Құрама Штаттары
КСРО-Кенестік социалистік республикалар одағы
ТМД-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ДСҰ-Дүниежүзілік Сауда Ұйымы
ЖШС - жауапкерлігі шектеулі серіктестік
СМЖ- сапа менеджмент жүйесі
ISO (International Organization for Standardization) - Халықаралық стандарттау ұйымы.
TQC (Total Quality Control)- Тотальды сапа басқару концепциясы.
СБЕҚ - сапаны басқарудың Еуропалық қоры.
НАССР (Hazard Analysis and Critical Control Points) - тәуекелдер анализі және бақылаудың кризистiк нүктелері
ГОСТ- мемлекеттік стандарт
БҚ - бәсекеге қабілеттілік
ГФР - Герма́н Федерати́втік Респу́бликасы
БЭФ- Бүкіләлемдік экономикалық фо - рум
БИП - өнімді ақаусыз дайындау жүйесі
ССТ- cалалық стандарттар
ТЖ - техникалық жағдайлар
ЖІӨ-жалпы ішкі өнім
долл-доллар
млн-миллион
млрд-миллиард

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда әлемдік экономиканың жаһандану нәтижесінде мемлекеттер арасында бәсекелестік тартыс күшейе түсуде екендігі баршамызға мәлім. Бәсеке - нарықтық экономиканың индикаторы, сонымен қатар, қазіргі нарықтық экономиканың өзекті мәселесі. Бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру нарықтық экономикалы елдер реформаларының негізгі мақсаттарының бірі болып отыр.
Әлемнің дамыған мемлекеттеріқатаң бәсекегетөтеп бере отырып, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге ат салысуда. Осы мақсатқа жету жолында өнім сапасын арттыру мәселелерін шешу шаралары белсенді түрде жүргізіліп келеді. Себебі өнімнің жоғары сапалы болуы елдің экономикалық жағдайы мен даму болашағын бейнелейді.
Қазірде халқымыздың әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жетілдіру, әлем таныған өркениетті, бәсекеге қабілетті ел болу Қазақстан Республикасының да ең өзекті мәселесі болып отыр. Бұл жолда бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына сүйенсек, қазіргі кезеңде басты стратегиялық мақсаттардың бірі отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті жаңа өнімдерді және өнеркәсіптің дамуына негізделген ұлттық экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа ғылыми және ақпараттық технологияларды игеру мен жетілдіру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған Жолдаулары Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясымен байланысты. Онда Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі деп көрсетілген болатын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында: Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады, - деп атап өткен болатын [1].
Сол себепті, бүгінде еліміз бәсекелестікке қабілетті, жан - жақты дамыған, дүниежүзінің өркениетті 50 елі қатарына қосылу және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру міндеттерін алға қойып отыр. Осы жолда шығарылатын өнімдердің сапасын арттыру және бәсекеге қабілеттілігін жақсарту мәселелерін шешу шаралары белсенді түрде жүргізіліп келеді.
Бәсекеге қабілеттілікті жоғарлату құралы ретінде сапаны басқаруға айрықша көңіл бөлінуде. 2005 жылы World Economic Forum 1 рет Қазақстан мен ТМД - ның басқа елдерін бәсекеге қабілтеттілік индексін бағалау жүзеге асырылатын әлемнің 117 елінің тізіміне кіргізді. Қазақстан 61-орынды иелене отырып, ТМД елдерінен алда. Ресей - 75, Армения - 79, Ураина - 84, Грузия - 86 орында [2].
Әлемдік нарықтағы талаптар күннен - күнге күрделеніп отырғанына байланысты жаңа басқаруды талап етіп отыр. Сол себепті, сапаны басқарудың қазіргі жүйелері тұтынушылар талабына сай өнімдер өндіруге бағдарланған. Сапа - адамды белгілі бір тауарды сатып алуға, пайдалануға итермелейтін негізгі көрсеткіш. Өндірілген өнімнің саны емес, сапасы елдің ұлттық байлығының көзі болып табылады. Өндiрiстiң тиiмдiлiгiнiң өсуiнiң ең маңызды факторларының бiрi - шығарылатын өнiм немесе көрсетілетін қызметтің сапалы болуы. Қазіргі кезде ішкі және сыртқы нарықта шығарылатын өнімнің жоғары сапалы болуы оның бәсекеге түсе алу қабілетін анықтайтын көрсеткіш. Өнімнің сапасы өндірістің тиімділігін анықтайды және кәсіпорынның экономикасына, отандық тауардың бәсекеге қабілеттілік деңгейіне және халықтың тұрмыс - тіршілігіне өз әсерін тигізеді.
Адам ресурстардың дамытудың қазақ жапондық орталығының бас директоры Эйтаро Митома айтқандай, бүгінде сапа деген ұғымның қатысы болмайтын сала жоқ. Әлемде сапа менеджменті жүйесін енгізу қарқынды түрде жүріп жатыр. Сапа менеджменті саласындағы түрлі сертификаттардың болуы кәсіпорын өнімінің сапасы жоғары екендігінің көрсеткіші болып табылады. Осы уақытқа дейін еліміз бойынша 2000-нан аса ұйымда ISO сапа менеджменті жүйесі енгізілген [3].
ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстанның 2003-2005 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуы стратегиясына сәйкес республика кәсіпорындарда ИСО 9000-1400 халықаралық стадарттарының талабына сай келетін экологиялық және сапа менеджмент жүйесін енгізуге, сондай-ақ, 2001 жылы ҚР үкіметі тағайындаған Сапа саласындағы жетістігі үшін және Қазақстанның ең үздік тауары сыйлықтарына байқау өткізу арқылы отандық кәсіпорындарды ынталандыру саясатын жүзеге асыруға басымдық берілді [4].
Бәсекеге қабілетті өнім өндіру бағытында күрделі жұмыстар атқарылуы қажет болып отыр. Сол себепті, мелекетіміз алдына қойған талаптарына жетуге бар күш-жігерін салып жатыр.Бұл жұмыстар ғылыми-техникалық прогрессті, инвестицияны дамыту, шығарылатын өнім сапасын арттыру, бәсекелестік ортаға қатысушылар тарапынан қоғамдық қажеттіліктерді жылдам қанағаттандыру, шығындарды азайту секілді іс - шараларды қамтиды. Алайда, тек қана мемлeкет тарапынан емес, әрбір азамат тарапынан алдыға қойған талаптарды іске асыруға үлесі болуы тиіс екендігін есте сақтаған жөн.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Жаһандық экономиканың даму барысында өнімнің сапасын артттыру және оны басқарудың негізгі бағыттары мен әдістерін меңгере отырып, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының негізгі мәселелері.
Алдағы қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндетті шешімдер қарастырылды:
oo өнім сапасын басқарудың теориялық негіздерін көрсету;
oo кәсіпорынның өнім сапасын арттыруда бәсекеге қабілеттікке әсер ететін факторларды талдап, айқындау;
oo кәсіпорын бойынша өндірілетін өнім түрлерін, олардың экономикалық көрсеткіштерін талдау және бәсекелес кәсіпорындармен салыстыру;
oo өнім сапасын және оны басқарудың отандық және шетелдік тәжірибелеріне сүйене отырып, бәсекелестік қабілетттілікті жетілдіру туралы ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі. Зерттеу объектісі ретінде Қарағанды қаласында орналасқан Нәтиже сүт фабрикасы ЖШС алынды.
Зерттеу пәні. Отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында сапаны басқару процестері болып табылады.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі. Өз зерттеуінде автор кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру негізінде өнім сапасын басқарудың бағыттарын зерттеген экономистердің еңбектеріне сүйенді, соның ішінде Қ.Ә.Сағадиев, С.Ы.Өмірзақов, А.В.Есентугелов, Ө.Қ.Есқараев, А.Қ.Смағулов, Г.Ж.Азретбергенова, Е.Әмірбекұлы, Ғ.К.Байжақсынова, М.У.Даурбаев, М.Б.Кенжеғозин, Х.Халқымұлы, Ж.Г.Жумағалиева, А.А.Нурманов, С.М.Шығысбаев, М.М.Нурпейсова, А.А.Сақтаев, Е.К.Сыздықов, Б.Т.Тоқсейтов және тағы да басқалары. Бұл ғалым- экономистердің зерттеулері арқылы Қазақстандағы экономикалық өзгерістерге сай мемлекеттің, өндірістің, өнімнің, қызметтің бәсекелік қабілетін арттыру бағыттары мен оларды іске асыруға ықпал ететін ғылыми - техникалық, экономикалық, өндірістік және басқа да маңызды факторлардың тиімділігі қарастырылып, зерттелінген.
Сонымен қатар, зерттеу жұмысында ТМД елдерінде өнімнің сапасын, өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруға қатысты мәселелерді әртүрлі деңгейде талқылап, экономикалық маңыздылығын зерттеген ғалымдардың С.Е.Барнгольц, М.И.Баканов, В.Г.Шипунов, Л.Е.Басовский, В.Ю.Огвоздин, Н.К.Розова, С.Д.Ильенкова, Н.Ф.Прокопенко, Р.А.Фатхутдинов және басқаларының еңбектері де пайдаланылған.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің, ҚР Президентінің Жолдаулары, Үкімет қаулылары, ҚР статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері алынды.
Зерттеу барысында экономикалық-статистикалық және экономикалық талдау, сұрыптау зерттеулері, графикалық әдістер қолданылады.
Диссертациялық зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы келесіні қамтиды:
oo Қарағанды, Астана қалалары нарығындағы сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілік деңгейлері маркетингтік зерттеулер бойынша анықталды және бағаланды.
oo ЖШС Нәтиже сүт фабрикасына әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды талдай отырып, компанияның өнім сапасын жетілдіру жолында ұсыныстар жасалынды.
oo Жүргізілген зерттеу негізінде отандық кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі амалдары мен бағыттары айқындалды.
oo Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық негіздері мен бағалау әдістемесін отандық кәсіпорындарда қолдану тиімділігі көрсетілді.
Диссертациялық зерттеуден келесі ғылыми нәтижелер алынған:
oo нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жолында өнім сапасын жетілдірудің маңызы мен кәсіпорын экономикасында атқарар рөлі жан-жақты зерттелді;
oo зерттеу нәтижесінде отандық кәсіпорындарда шығарылатын өнім түрлері бойынша тұтынушылардың қоятын талаптары мен қалауының ерекшеліктері айқындалды;
oo кәсіпорындардың өнім сапасын жетілдіруде сапаны басқару жүйесін енгізудің артықшылықтары көрсетілді.
Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы.
Диссертациялық жұмыста көрсетілген сапалы өнім өндіру, өңдеу және оларды өткізу бағытында тиімді басқару жүйесін қолдану жөніндегі ұсынылған іс-шаралар нарықтық ортада кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының тұжырымдары мен ұсыныстары.
1) Өнім сапасына ықпал ететін басты факторлардың кәсіпорын бәскелестігіне әсері мен маңызы анықталып, зерттелінген;
2) Сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың өнімдерін салыстыра отырып, сапалық, тартымдылық және бәсекеге қабілеттілік деңгейлері анықталды;
3) Сапаны басқару жүйесін жетілдіру жолында кәсіпорынның сыртқы және ішкі факторларының әсеріне талдау жүргізілді.
4) Кәсіпорын өнімінің сапасын арттырудың әдістері мен бағыттары көрсетілді;
Зерттеу жұмыстың негізгі нәтижелерінің қолданылуы.
Диссертациялық жұмыстың теориялық қағидалары, негізгі қорытындылары, тұжырымдары мен ұсыныстары ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды және жарияланды.
Жарияланымдар. Диссертациялық зерттеудің негізгі тұжырымдары 1 мақалада, жалпы көлемі 5 бет болатын ғылыми жарияланымы жарық көрді.
Зертттеу жұмысынының құрылымы мен мазмұны. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, тоғыз бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың бірінші және екінші бөлімдерінде теориялық, ғылыми-әдістемелік мәселелер мен құрылымдық-қарқындық талдаулар нәтижелері қарастырылса, зерттеудің негізгі нәтижелері, ұсыныстармен тұжрымдар үшінші тарауда баяндалған.

1. ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

13.1 Сапа түсінігі. Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі

Қазіргі таңда нарықтық экономиканы бәсекесіз елестету мүмкін емес. Себебі, біздің заман - бәсекелестер кезеңі. Сондықтан да, кез-келген орта немесе ұйым өмірлік кезеңін барынша ұзақ сақтау үшін қатал бәсекеге төтеп беруі қажет. Бүгінде әрбір кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі өнімнің сапасына, яғни, өнім немесе қызметтің тұтынушы сұранысын қанағаттандыруына байланысты екендігі халықтың санасына сыналап сіңе бастады.
Тұтынушы тарапынан күннен - күнге тауардың сапасына қоятын талабы арта түсуде. Осыған орай, отандық өндірушілердің алдында тұрған басты мақсат-міндеттердің бірі - нарықты тұтынушылардың сұранысына сай сапалы тауарлармен толықтыру болып табылады. Елбасымыз атап айтқандай, бүгінгі таңда еліміздің, бүкіл азаматтарымыздың алдында тұрған ең бірінші талаптардың бірі бәсекеге қабілеттілік болып табылады. Ол үшін қалыптасқан қатынастарды, өндірісті қайта өзгертуге бағыт алып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, нарықты елге қажетті өнімдермен қамтамасыз етуге басты назар аудару керек.
Соңғы кездегі сапа мәселесіне көп көңіл бөлінуі нарықтағы өнімнің тұтыну қасиетіне қоғамдық сұраныстардың үнемі өсуімен, ғылыми-техникалық прогресстің нәтижесінде өнімнің рухани ескіруінің жеделдеуімен байланысты болып отыр. Өнімнің түрлерін үнемі жаңарту, өнім сапасын үздіксіз жетілдіру - әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы барлық озат фирмалардың басты мақсаты.
Сапа мәселесі халықтың өмір сүру деңгейін, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық қауіпсіздікті арттырудағы маңызды фактор болып табылады. Өмір сүрудің сапасына өнім, қызмет көрсету сапасы белгілі деңгейде өз әсерін тигізеді. Шығарылатын өнімнің сапасы кез - келген кәсіпорын қызметінің маңызды критериіне жатады. Өнім сапасын арттыру нарықтық жағдайда, ғылыми - техникалық қарқын даму кезеңінде, өндіріс әсерлігінің өсуінде, кәсіпорында қолданылатын барлық түрдегі ресурстарды үнемдеуде фирманың өмір сүруге қабілеттілік деңгейін анықтайды. Яғни, өнім сапасының жоғары болуы кез-келген кәсіпорын қызметінің ең басты және ең маңызды бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші болып табылады. Еліміздегі кәсіпорындардың жоғары сапалы бұйымдарды өндіруін арттыруы экономиканың жақсаруына, халықтың өмір деңгейінің жоғарылауына, тауарлардың ішкі және әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне алып келетіні анық.
Сапа түсінігі Еуропалық сапа ұйымында (ЕСҰ) кеңірек қарастырылады. Өнім сапасы - елдің дағдарыстан шығудың құлпын ашатын негізгі кілт. Сапа жоғары стандарттың негізі болғандықтан, өндіруші өзінің өнімін жарнамалау кезінде міндетті түрде оның сапасы туралы айтады.Тұтынушыларды жоғары технологиялық, сапалы өнімдермен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар оның өндіруіне, тасымалдауына аз шығын кетіру қажеттігін ескере өткен жөн. Өнім сапасының оптималдық деңгейін аз қоғамдық еңбек шығынмен жасалған белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын оның барлық қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Сапа деген ұғымға ғалымдардың, экономистердің берген анықтамаларына тоқтала кетейік.
Сапа ─ бұл экономикалық категория, ол тұтынушы құны, құн, тиімділік, баға, пайда, материалдық қызығушылық түсініктерімен тығыз байланысты. Сапаны зерттеу арқылы сапаның өндіріс тиімділігімен байланысын, баға қалыптасудағы сапаның рөлі, еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін анықтау, өнімнің өзіндік құнын және тағы басқа мәселелерді түсінуге болады. Өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерешелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауартану емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады [5].
Сапа - өз тағайындалымына сәйкес болуы үшін тауарда болуы керек жекеше қасиеттердің пішін, сыртқы түр және қолдану шарттарының жиынтығы. Осы барлық элементтер бұйым сапасына талаптарды анықтайды, олар шикізат сапасын қарастыратын техникалық шарттарда, құрылмалы өлшемдерде, конструкторлық құжаттармаларда, бұйымның техникалық сипаттамасында жобалау сатысында нақты жүзеге асырылады [6].
Сапа - бұл белгілі бір зат немесе құбылыстың негізгі қасиеттерінің тұтастығын, сондай - ақ, оның басқа зат немесе құбылыстан басты айырмашылықтарын көрсететін ішкі мазмұндық анықтық [7].
Автордың пайымдауынша, сапа өнімді, қызметті бағалаудың негізгі көрсеткіші және ол әр адамның, сонымен қатар, тұтастай қоғамның өмірінің деңгейін анықтайды. Өнім сапасы өнімнің тағайындалымына байланысты белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылық қасиеттерін көрсетеді.
Қандай да бір тауардың немесе қызметтің сапасы оның өмірлік циклының барлық кезеңдерінде, өнім өндіру немесе қызмет көрсету идеясының алғаш туындауынан бастап оның жүзеге асып тұтыну - шының пайдалануына дейінгі аралықта қалыптасатынын ескеру қажет. Сапа менеджменті жүйесінің негізін қалаушылардың бірі доктор Джуранның ұстанымы бойынша сапа тұтынушыға бейімделу және қызметкерлерді қанағаттандыру дәрежесімен айқындалуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда кәсіпорынның алдына қоятын стратегиялық мақсаттары тұтынушымен тығыз қарым-қатынас орнату, инновация енгізу, шығынды азайту, сапаны арттыру арқылы бәсекелестік бәйгесінде алға озу болып табылады [8].
Өнім сапасын арттыру мен басқару үшін сапа деңгейін бағалау қажет. Бағалау мақсатымен сапаның қандай көрсеткіштерін таңдау қажет, олардың мәндерін қандай әдістермен анықтау керек, ол үшін қандай амадар керек деген мәселелер анықталады. Өнім сапасы сапалық және сандық түрде сипатталады. Жалпы, өнімнің сапасын арттыру мақсатында ескерілуге тиісті тұтыну қасиеттері сапа көрсеткіштері арқылы анықталады.
Сапа көрсеткіштері дегеніміз - өнімнің тағайындалымын, сенімділігін, технологиялылығын, стандарттау деңгейін, эргономикалық, эстетикалық, экологиялық қасиеттерін, қауіпсіздігін, экономикалық өлшемдерін сипаттайтын өзара байланысқан көрсеткіштерінің жиынтығы. Сапа көрсеткіштері бірлік, кешендік, интегралдық сапа көрсеткіштері болып бөлінеді [6].

Сапа көрсеткіштеріі

Интегралды
Кешенді
Бірлік

Сурет 1 - Сапа көрсеткіштерінің түрлері
Ескерту: ақпарат 6-шы әдебиет көзінен алынған және автормен құрастырылған
Өнім сапасының бірлік көрсеткіші - өнімнің қандай да бір қасиетін сипаттайтын көрсеткіш. Яғни, бұл көрсеткіштер өнімнің жекелеген пайдалы қасиеттерін сипаттайды.
Сапаның кешендік көрсеткіштері қасиеттер тобын анықтайды, яғни, өнім сапасының бірнеше қасиеттерін сипаттайды. Бұл көрсеткіштер жеңіл, химия, металлургия өнеркәсіптерінде, радиоэлектроника саласында кеңінен қолданылатын өнімнің бірнеше пайдалы қасиеттерін (сорты, белгісі, сыныптары) сипаттайды. Өнімнің техникалық деңгейін дұрыс анықтау үшін сапаның кешенді көрсеткіштерін жеткілікті дәрежеде негіздеу қажет.
Интегралдық көрсеткіш өнімнің пайдалы қасиеттері мен осы қасиеттерді қамтамасыз етуге кеткен жиынтық шығындарды салыстыру арқылы анықталады.
Жеке көрсеткіштерді екі үлкен топқа бөледі: сыныптау және бағалау.
Сыныптау көрсеткіштері өнімнің белгілі бір топқа жататындығын сипаттайды және өнімнің пайдаланылу аймағын, қызметін және пайдалану шартын анықтайды.
Бағалау көрсеткіштері өнімнің құжаттағы талаптарына сәйкестігін анықтайды. Бағалау көрсеткіштері мынандай мәселелерді қарастырады: сапаның қандай көрсеткіштерін таңдау керек, олардың мәндерін қандай дәлдікпен және қандай әдістермен анықтау керек, ол үшін қандай амалдар қолдану керек, бағалау нәтижесін қалай өңдеп, оны қандай формада көрсету керек.
Сонымен қатар, сипатталатын қасиеттеріне байланысты сапа көрсеткіштерін 11 топқа бөлуге болады.
1. Белгілеу көрсеткіштері өнімнің өзіне арналған қызметін орындаудағы (құрал-жабдықтардың өнімділігі, электр двигателінің қуаты, автомобильдің жүк көтеруі және т.б.) басты қасиеттерін сипаттайды және оның қолданылу аймағын анықтайды.
2. Сенімділік көрсеткіші 4 бірлік көрсеткіштермен сипатталады: бұйымның тоқтаусыздығы, сақталушылығы, жөндеуге жарамдылығы, ұзақ мерзімділігі. Өнімнің ерекшелігіне, оны пайдалану шарттарына байланысты сенімділік көрсеткіші не барлық төрт бірлік көрсеткіштермен, не олардың бірімен сипатталады.
3.Технологиялық көрсеткіштер. Технологиялық бұйым конструкциясының берілген өндіру көлеміндегі үйлесімді өндірістік, технологиялық шарттармен сәйкес келу дәрежесімен сипатталады. Өндірудің берілген көлемінде пайдалану талаптарын қанағаттандыратын және ең аз өндірістік шығындарды қамтамасыз ететін конструкция технологиялық деп есептеледі. Ол мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
- ресурстарды тұтыну, яғни, өнім өндірісіне кеткен материал, отын, энергия, еңбек шығындары;
- ресурс сыйымдылығы - өнімнің материал сиымдылығы, энергия сыйымдылығы және еңбек сыйымдылығы.
4. Стандарттау мен үйлестіру көрсеткіштері өнім бөлшектері атауларының жалпы санындағы стандарттық, үйлестірілген және өзіндік бөлшектері атауларының қолданылу (үлес салмағы) дәрежесімен анықталады. Өнім конструкциясын стандарттау және үйлестіру деңгейлерін көтеру оның әртараптандырылуымен, яғни, шығарылатын өнім номенклатурасының әртүрлілігімен үйлестіре отырып, оның стандартталған бөліктерінің жаппай өндірісін тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді.
5. Эргономикалық көрсеткіштер өнім мен адамның өзараәрекетін, оның адам-машина жүйесіне бейімделу дәрежесін көтереді. Өнімді пайдалану кезінде пайда болатын жұмысшының гигиеналық, астрометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттері кешенін сипаттайды. Мұның өзі басқару пультінің көрнекілігі, яғни, оны пайдалану кезінде жұмысшының күш жұмсауын төмендететін басқару машинасы тетіктерін орнату болуы мүмкін.
6. Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы түрінің ақпараттық айқындылығын, жинақтық (композиция) тұтастығын, дизайнын сипаттайды.
7. Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнім конструкциясындағы техникалық шешімдердің жаңару дәрежесін, оның паттентік қорғалуын және патенттік айқындығын сипаттайды және бәсекеге қабілеттіліктің елеулі белгісі болып табылады. Патенттік-құқықытық белгілерді анықтауда өнімде жаңа техникалық шешімдердің, сонымен қатар елде және шетелдерде өнімді кедергісіз сатуға мүмкіндік беретін патенттермен қорғалған шешімдердің болуы есепке алынады.
8. Транспорттау көрсеткіштері өнімнің транспорттауға икемді болуын білдіреді.
9. Экологиялық көрсеткіштер қоршаған ортаға өнімді пайдалану немесе тұтыну кезінде пайда болатын зиянды әсер ету деңгейлерін сипаттайды, мысалы, қоршаған ортаға тасталатын зиянды қоспалардың болуы, өнімді сақтау, тасымалдау, пайдалану немесе тұтыну кезінде зиянды бөлшектерді тастау, газдар мен сәулелер тарату ықтималдылығы.
10. Қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді пайдалану немесе тұтыну кезінде өнімді монтаждау, қызмет көрсету, жөндеу, сақтау, тасымалдау және тұтыну кезінде адамның (қызмет көрсететін қызметкер) қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім ерекшеліктерін сипаттайды.
11. Экономикалық көрсеткіштер сапаның жеке көрсеткіштері жүйесінде ерекше орынға ие. Олардың көмегімен өнімді өңдеу, өндіру және пайдалануға кеткен еңбек шығындары белгіленеді және оны тұтынудың (пайдалану) экономикалық әсері есептеледі. Оларға мыналар жатады: баға, өзіндік құн, өнім рентабельділігі және өнімнің негізгі қызметінің абсолютті түрде де пайдалану шығындары.
Көрсеткіштерді өлшеу мынандай әдістермен жүзеге асырылады: эксперименттік, есептеу, сараптау, дене мүшесіне байланыстылық және әлеуметтік [9].
Өнімнің сапасын кәсіпорынның бәсеке қабілетінің,өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің негізгі көрсеткіші ретінде анықтауға болады. Сондай - ақ, өнім сапасы еңбек өнімділігінің өсуіне, қор қайтарымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне өз әсерін тигізеді.
Өнім сапасын арттыру және оны басқару үшін сапа деңгейін бағалау шараларын жүргізу қажет. Өнімнің сапа деңгейі оның көрсеткіштері негізінде қалыптасады. Сапа деңгейі салыстырмалы сипаттама болып табылады. Ол ұсынылатын өнімдердің сапа көрсеткіштерін өнімнің ұқсас көрсеткіштерімен салыстыру арқылы есептелінеді. Осы деңгейді анықтау үшін әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу керек және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет. Өнімнің тұтыну қасиеттері оның сапа көрсеткіштерінде көрініс табады.
Өнім сапасының деңгейі дегеніміз - өнім сапасына қатысты көрсеткіш, ол бағаланатын өнімнің сапа көрсеткіштерін негізгі сапалық көрсеткіштермен салыстыру арқылы анықталады. Негізгі немесе базалық көрсеткішке белгілі бір уақыт аралығында қол жеткізуге болатын оптималды жетістік жатады. Ол дегеніміз, базалық көрсеткішке игі отандық және шетелдік үлгілер, сондай-ақ, өткен кезеңдердегі зерттеу немесе тәжірибе барысындағы анықталған көрсеткіштерді жатқызуға болады.
Өнім сапа деңгейін саралау, кешендік және аралас әдістерін қолдану арқылы бағалауға болады.
Саралау әдісі жеке көрсеткіштерді қолдануға негізделген. Бұл әдіс қай көрсеткіш базалық деңгейге жеткенін және қай көрсеткіш сәйкес келмейтіндігін анықтау үшін қолданылады.
Кешендік әдісжеке бірлік көрсеткіштері негізінде кешендік көрсеткішті есептеуге бағытталған. Жалпыландырылған көрсеткіш жекеленген көрсеткіштер функциясынан тұрады және ол орташа мәнін немесе интегралды есептеумен көрсетілуі мүмкін.
Аралас тәсіл өнімнің сапасын бағалауға арналған жеке және кешенді көрсеткіштерді пайдалану арқылы анықталады.
Өнім сапасын бағалауға қатысты барлық орындалатын операцияларды үш сатыға біріктіруге болады: алдын ала дайындау, бағалау және қорытынды.
Алдын ала дайындау сатасында мақсаттар анықталып, сапаны бағалау бойынша барлық жұмыстар жоспарланып, ұйымдастырылады.
Бағалау сатысына мыналар кіреді:
oo Сапа деңгейінің бағалануы жүзеге асырылатын бағалау әдісін таңдау. Әдісті таңдау бағалау мақсаты мен шешілетін мәселелерге тәуелді;
oo Таңдалған әдіс көмегімен өнім сапасын бағалау үшін көрсеткіштерге тікелей техникалық операциялар жүргізу.
oo Сапа деңгейін бағалау нәтижелерін анықтау және талдау [6].
Қорытынды сатыда өнім сапасының деңгейін бағалау нәтижелерінің салдары болып табылатын шешімдер қабылданады. Қабылданған шешімдерді тереңірек талдап, болжаулармен салыстырып, сапаны басқару бойынша қабылданатын шешімдер үшін қандай жаңа мәселелерді шешу қажет екендігін анықтау керек.
Негізінен, сапаны бағалау үшін маңызды, түрлі физикалық қасиеттер тұтынушылар құнына топталған. Сапаны бағалау үшін айқындалатын маңызды қасиеттерге мыналар жатады:
-талғамдық деңгей, ол талғамдық көз-қарастармен байланысты қасиеттер кешенімен сипатталады;
-техникалық деңгей, ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде өніміндегі материалдануды көрсетеді;
-пайдаланушылық деңгей, ол өнімді пайдаланудың техникалық жағымен байланысты болып табылады, мәселен, бұйымды күту, жөндеу және т.с.с.
-техникалық сапа, бұл бұйымды пайдаланудағы болжанатын және іс жүзіндегі тұтынушылық қасиеттердің үйлесімді байланысуын болжайды. Оған жататындар: функционалдық дәлдік, сенімділік, қызмет ету мерзімінің ұзақтығы және т.б. [10].
Жалпы, кез - келген өнімнің сапасына баға беретін төреші тұтынушы болып табылады. Бұл дегеніміз өнімнің сапа деңгейін тек тұтынушы айқындайды. Себебі, әрбір тұтынушы өзінің жеке басының қажеттіліктерін максималды деңгейде қанағаттандыратын тауарды сатып алады. Яғни, тұтынушы сапа мен құндылық категорияларын біріктіреді. Өнім бағасы өскен кезде, егер мұнымен қатар өнімнің сапасы мен сенімділігі артпаса, оның құндылығы түседі. Тұтынушының тауармен қанағаттану дәрежесі әрбір сатып алушының пікірінің жиынтығынан қалыптасатындығын ескере кететін болсақ, сапа көрсеткіштердіңөнім сапасының деңгейін айқындаудағы аса маңызды фактор екендігі сөзсіз.
Өндіріс өнімінің сапасын жоғарылату қазіргі кезде өнімнің бәсекеге қабілеттілігі біріншіден, елдің беделін анықтайтын болса, екіншіден, елдің ұлттық байлығын жоғарылатудың маңызын сипаттайды. Бұдан шығатыны сыртқы және ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін сапа мәселесіне көңіл аудару қажет. Яғни, өндірістің тиімділігінің өсуінің басты көрсеткітеріне шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту жатады.
Компанияларда шығарылатын тауарлардың сапасы нарықтық жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады. Себебі, ол нарықтық саралымды кеңейтуді, кәсіпорынды жандандыруды және пайданың артуын қамтамасыз етеді. Сапаны басқару өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды, ол жобалаудан бастап жұмысшылардың толық түрде өнімді өндіріп шығаруға дейінгі кезеңді қамтиды. Сондықтан сапалылықты арттыру қызметі жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі ұйымның мақсатына сай болғаны дұрыс.

13.2 Өнім сапасын арттыру - кәсіпорынның бәсекеге
қабілеттілігінің кепілі

Бүгінгі таңда Қазақстанда қай меншік түрі болмасын, кез - келген кәсіпорын бәсекеге қабілетті болу, барынша тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыру мәселесіне айрықша көңіл бөлуде. Бәсекелестерімен салыстырғанда бағалық және бағалық емес сипаттары бойынша тауарлары тұтынушыларға ұнамды, дер кезінде дайындап, өткізуге нақты мүмкіндігі бар кәсіпорын бәсекеге қабілетті болып саналады [11]. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтық бәсеке жағдайларына бейімделу мүмкіндігі мен серпінін сипаттайды.
Бәсекелестік деген сөздің мағынасына тоқтала кетсек, бұл:
Біріншіден, алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік жасайтын өзге бәсекелестерінен асып түсетін артықшылықты жасай білу қабілеті.
Екіншіден, бәсекелестік сол артықшылықты пайдалану және ұзақ уақыт ұстап қалу қабілетін білдіреді [12].
Компанияның бәсекелестік стратегиясын қалыптастыру процесі бірнеше кезеңдерден тұрады:
oo Саладағы бәсекелестік ортаны таңдау;
oo Бәсекелес фирмаларының жағдайын бағалау;
oo Компанияның өзінің бәсекелестік қабілеттілігін талдау;
oo Компанияның бәсекеелстікте тұрақты орнының деңгейі мен сапасы туралы қорытындылар;
oo Компаниянң бәсекелестік артықшылықтарына жету бойынша іс әрекеттердің бағдарламаларын дайындау;
oo Мақсат, құралдар мен әдістер, сондай ақ мүмкіндіктерді анқтау және ақырғы келісу [13].
Бәсекеге қабілеттілік деген ұғымға бәсекенің шектеулі жағдайында әлемдік шаруашылық жүйесінде белгілі бір орынға ие болуға мүмкіндік беретін мемлекет экономикасының маңызды сапасы деген анықтама беруге болады.
Әлемдік тауардың бәсекеге қабілеттілігі нарықтағы белгілі бір сегменттерін өрістету және кеңейту қабілеттігі мен халықаралық саудаға мемлекеттің кіру деңгейімен анықталады.
Бәсекеге қабілеттілік деген ұғым алғаш профессор Майкл Портердің еңбектерінде кездескен. М.Портердің негіздеуіне сүйенетін болсақ, бәсекелестік - бұл компания табысты болатынын немесе шығынға ұшырайтынын анықтайтын негізгі фактор және бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын бес бәсекелестік күшті бөліп көрсетеді:
oo ауыстырмалы тауарлар шығаратын кәсіпорындар тарапынан болатын бәсеке;
oo бір саланың бәсекелес кәсіпорындар арасындағы тартыс;
oo тасымалдаушылардың саудаласу мүмкіндіктері;
oo салаға жаңа бәсекелестердің енуі;
oo тұтынушылардың саудаласу мүмкіндіктері [14].
М.Портер бәсекелік артықшылықты үш түрге бөлді: шығындар бойынша артықшылық, саралау және бір нәрсеге бейімделу.
Шығындар бойынша артықшылық - бұл артықшылыққа жету үшін кәсіпорын аз шығындармен және өте қысқа мерзім ішінде тауар өңдеу, өндіру, өткізуді ұйымдастыруы керек.
Саралау деп сападағы артықшылықты, соның ішінде, өнімнің ерекшелігін, тұтынушыларға сервистік қызмет көрсетудегі артықшылықты айтамыз, осы тауар тез сатылады, ал кәсіпорынның өнімі бәсекелестеріне қарағанда жоғары бағаланады.
Бір нәрсеге бейімделу - фирманың күш - қуаттарының тұтынушылардың қандай да бір тобына немесе арнайы бір географиялық нарыққа бағыталуы болып табылады [9].

Бәсекелік артықшылықтар

Саралау артықшылықтары
Бір нәрсеге бейімделу
Шығын артықшылықтары

Сурет 2 - Бәсекелік артықшылықтар түрлері

Ескерту: ақпарат 9-шы әдебиет көзінен алынған және автормен құрастырылған
Бәсекеге қабілеттілікке компаниялардың бәсекелестерінің тауарларымен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдырақ болатын тауарлар әзірдеу мен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігідеген анықтама беруге болады.
Кәсіпорынның бәсекелілігі белгілі бір кәсіпорынның дамуының өз тауарларымен тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі болып табылады және ол өндірістік қызметінің тиімділігі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі нарықтық бәсеке жағдайларына бейімделе алу мүмкіндігін сипаттайды, сонымен қатар, ол өнімнің сапасына немесе қызметтің тұтынушы сұранысын қанағаттандыруына байланысты болып келеді.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігі өзара тығыз байланысты. Себебі, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты көсеткіш өнімнің бәсекеге қабілеттілігі болып табылады. Кәсіпорынның нарықта бәсекелесу мүмкіндігі тауардың бәсекеге қабілеттілігіне және кәсіпорын қызметінің бәсекелес күресіне ықпал ететін экономикалық әдістерінің жиынтығына байланысты.
Бірқатар кәспорындарға жүргізген сұраулар негізінде мамандар өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлары бойынша келесі мәліметтер алған: өнімнің сапасы - сұралғандардың 87%, сервистік қызметтер - 59%, өнімнің технологиялық деңгейі - 43%, өнімді өткізу жағдайы - 42%, өнімнің бағасы - 40%, өнімді дайындау мен нарыққа жеткізуі - 19% құраған. Осы көрсеткіштерден шығатыны - кез келген кәсіпорынның табысты, бәсекеге қабілетті болуының басты көрсеткіші шығарылатын өнімнің жоғары сапалы болуы [11].
Көріп отырғанымыздай, бүгінде өнім сапасы жеке өндірісші үшін де, тұтас ел үшін де бәсекелестік ұғымымен тығыз байланыста болып отыр. Өнімнің бәсекеге қабілетті болуы жолында өткізілетін өнімдердің нарық талабына сай, жоғары сапалы болуы ең басты шарт болып табылады. Сол себепті, бәсекелік күреске төтеп бергісі келетінкәсіпорындардаөнімді өндіру кезеңінде ұсынылатын өнімдердің сапасына қатал талаптар қойылуда. Сонымен қатар, үнемі жаңартулар мен өзгерістер енгізіліп отырылуы да қажет, бұл кәсіпорынның бәсекелік күшін айқындайды.
Өнім сапасының жоғары болуы - әрбір кәсіпорынның бәсекелік күреске қатысуының ең басты қажетті шарты. Сондықтан да үнемі өнім сапасын жақсарту, өнімнің жаңа түрлерін шығару, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру өнімнің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоғары сапалы өнім ғана кәсіпорынның, елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтайды. Тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ресурстарды пайдалану тиімділігі және халықтың өмір сүру деңгейі де жоғары болатындығы сөзсіз.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі - бұл өнімнің бәскелес өнімнің ұқсас қаситеттерінен, өндіруші және тұтынушы (сатушы және сатып алушы ) үшін екі жақты тиімді өндіру, сатып алу, сатужәне тұтынукөрсеткіштерімен ерекшеленетін техникалық, функционалдық және экономикалық қасиеттерінің жиынтығы [15].
Автордың пайымдауынша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі - бұл өнімнің нарықтағы басқа ұқсас тауарлармен бәсекелестікке төтеп беруіне мүмкіндік беретін экономикалық, техникалық деңгейі. Тауар өзінің мәні жағынан пайда табудың бірден бір жолы және сонымен қатар, бәсекелік күрестің негізгі құралы, оның материалдық негізі болып табылады. Өнім сапасын арттыру, өндіріс шығындарын азайту, пайданы барынша көбейту жолындағы бәсеке өрістеген жердің бәрінде тауардың бәсекеге қабілеттілігін кешенді бағалау асамаңызды мәнге ие болады.
Сонымен қатар, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі дегенге мынандай анықтама беруге болады:
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі - бұл өнімнің бәсекелес өндірушілердің ұқсас өнімдерімен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты. Өнімнің нақты нарықта сәтті өткізілуі оның бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.
Негізінен, өнімнің сапасына көптеген факторлар әсер етеді. Ол факторларды сыртқы және ішкі деп бөліп қарастыруға болады:
1) Сыртқы факторларға:
Мемлекеттегі саяси экономикалық жағдайы;
Ғылыми техникалық және инновацияық жетістіктер;
Халықтың әл ауқаты;
Мемлкеттік заңдылықтар, нормативтік құқықтық құжаттар;
Мәдени орта және т.б.
2) Ішкі факторларға:
Өндірістік шығындар;
Өндірістің техникалық деңгейі;
Әлеуметтік - психологиялық жағдай;
Өнімге қажетті заттар мен материалдардың сапасы мен бағасы;
Өнімнің халықаралық стандарттарға сәйкестігі және т.б.
Еліміздің экономистерінің пікіріне жүгінсек, өнімнің бәсекелестігі 3 факторға тәуелді болады:
Міндет өнімді қандай мақсатқа пайдаланатынын, оның функционалдық мүмкіндіктерін, осы арқылы өнімді тұтынушылар тобын анықтайды;
Жоғары сапа бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Сапаны өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің кешенді көрсеткіші ретінде қарастыруға болады;
Баға - тауар құнының ақшалай көрінісі. Өнімге деген сұраныс пен ұсыныс тең болғанда ғана баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны төмендетеді, ал керісінше, нарықтағы сұраныс артса, онда өнімнің бағасы құнынан әлдеқайда жоғары болады [11].

Міндет
Баға
Өнімнің бәсекелестігі

Жоғары сапа

Сурет 3 - Өнімнің бәсекелігіне әсер ететін факторлар
Ескерту: ақпарат 11-ші әдебиет көзінен алынған
Аталған факторлар бір - бірін толықтырып отыруы қажет.
Сонымен қатар, айта кететін жайт, әрбір тауар өндіруші өзінің шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздеп, өнімнің сапасын арттыру, тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыру жолында өнім сапасын басқару жүйесін енгізу қажеттілігі өте маңызды.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамсыз ету үшін өнімнің сапасын жақсарту шаралары жүйелі түрде жүргізіліп отырылуы қажет. Егер сапаға қажетті мөлшерде көңіл бөлінбесе, ақауларды түзетуге едәуір қаржы талап етіледі. Сондықтан жетекші компанияларда сарапшылар сапаға қол жеткізуге барлық қызметтер көзделу керек деп санайды.
Өнім сапасын оның белгіленген мақсатына сай келетін нақты қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылық деңгейін сипаттайтын қасиеттердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.Өнімнің сапасын жақсарту- экономиканың интенсивті дамуының басты бағыты, экономикалық өсудің қайнар көзі. Осы мақсат негізінде сапаны және өндіріс тиімділігін кешенді түрде басқарудың маңыздылығы артады.
Кәсіпорынның қызметі ұзаққа созылуы үшін өнім сапасы жоғары дәрежеде болуы және оны үздіксіз жоғарылатып отыру қажет. Өнім сапасы кәсіпорын үшін нарық күресіндегі маңызды құрал-сайман болып табылады. Кәсіпорынның өмір сүру не сүрмеу мәселесі өнім сапасына тәуелді десе де болады. Себебі, сапа тауардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, кәсіпорын өмірінде маңызды орынды алады.
Әрбір кәсіпорын стратегиялық жоспарларын дайындамас бұрын кәсіпорынға әсер ететін басты факторларын айқындап алады.Әлемдік тәжірибеде өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мынандай факторлармен анықталады:
oo Өнім сапасының нарық және тұтынушылар талабына сай болуы;
oo Тұтынушыға тиімді уақытта жеткізу жағдайы;
oo Сатып алуға, жеткізуге жұмсалған шығындар;
oo Кәсіпорынның нарықтағы беделі.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
oo жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
oo өнім көлемін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақсай нан НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Сапаның экономикалық маңызы
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері
Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Кәсіпорынның өнім сапасын көтерудің экономикалық тиімділігі
Өндірістік кәсіпорындар ресурстарының қалыптасуын анықтау және оларды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау механизмдері
Пәндер