Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқару


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық

сауда университеті

Жакупов А. С.

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқару

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050507 - «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы

Астана 2012

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық

сауда университеті

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

Д. М. Турекулова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы; Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқару

050507 - «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы

Орындады:
Жакупов А. С
Орындады:: Ғылыми жетекшісі
Жакупов А. С: Байғабулова Қ. К
Орындады:: Ph. D.
Жакупов А. С: .

Астана 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.
6
КІРІСПЕ.: 1 АЙМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
6:
КІРІСПЕ.: 1. 1 Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері . . .
6: 10
КІРІСПЕ.: 1. 2
6: 18
КІРІСПЕ.: 1. 3 Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқарудың шетелдік тәжірибесі
6: 23
КІРІСПЕ.: 2 ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНДАҒЫ - ДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ, ЕСІЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМШІЛІГІ МЫСАЛЫНДА)
6:
КІРІСПЕ.: 2. 1 Қазақстан Республикасындағы еркін экономикалық аймақтардың дамуының қазіргі жағдайы. .
6: 28
КІРІСПЕ.: 2. 2 Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу….
6: 36
КІРІСПЕ.: 2. 3 Ақмола облысы, Есіл қаласы әкімшілігі туралы жалпы статистикалық мәліметтер . . .
6: 50
КІРІСПЕ.: 3 ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНДАҒЫ - ДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
6:
КІРІСПЕ.: 3. 1 Аймақтық дамуда индустриялық - инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуы.
6: 60
КІРІСПЕ.: 3. 2 Аймақтардың әлеуметтік - экономикалық жағдайларын теңестіру және жетілдіру жолдары . . .
6: 63
КІРІСПЕ.: ҚОРЫТЫНДЫ. .
6: 69
КІРІСПЕ.: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
6: 74

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақстан Републикасының Президенті Н. А. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық дамуды жаңғырту - Қазақстанның басты бағыты» атты Жолдауында ел экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын ерекше атап өткен болатын [1] . Сонымен бірге ел Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді бағдарламасына және он жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес Қазақстан ілгері дамып келеді, көзделген шаралардың бәрі рет-ретімен жүзеге асырылуда[2] . Экономика қарышты дамып, тұрақтылық орнауда. Қай салада болмасын рыноктық қатынастардың алғы шарттары қалыптастырып, оның даму жолы айқындалуда.

Экономиканы басқаруды жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі сыртқы экономикалық іс-әрекеттер, соның ішінде еркін экономикалық аймақтарды басқару жүйесін жасау және дамыту. Қазіргі уақытта Қазақстанда бес арнайы экономикалық аймақ жұмыс жасайды. Бірақ олардың экономикалық тиімділігі толық ғылыми сараптамадан өтті деп айтуға болмайды. Бұл құбылыс осы аймақтарды жасауда жеткілікті дәлелдер қаралмауына, оларды қалыптастыру концепциясының әлі де анық болмауына байланысты. Онда еркін экономикалық аймақтың келешек дамуын анықтайтын маңызды жағдайлар бағаланбаған. Олар: экономикалық-географиялық жағдайының тиімділігі, аймақта керекті өндіріс инфрақұрылымының қалыптасуы және шын мәнінде кедендік, салықтық және валюталық жеңілдіктер тәртібін іске асыруды қамтамасыз ететін еркін экономикалық аймақты басқарудың икемді механизмін жасау болып табылады.

Алғашқы еркін экономикалық аймақтар тиісті талдаусыз пайда болған және олар экономикалық тиімсіз болды. Арнайы экономикалық аймақтарға үлкен аумақтар берілген, бірақ оларды басқару механизмі толық ойластырылмаған және жауапкершілік орталықтары анықталмаған. Арнайы экономикалық аймақтардың қызмет етуінің жалпы мәселелерінің шешілмеуі табыстылығына қарамай 1996 жылы жабылған. 2002 жылдан бастап жаңа аймақтар пайда болды, бірақ көп мәселелер шешілмеген, ал оңды нәтижелер жағдайларға байланысты.

Қазақстанда еркін экономикалық аймақтардың іс-әрекетін, оларды басқару әдістерін және нысандарын, нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуін талдау еркін экономикалық аймақтарды басқару механизмдері, оның теориялық және әдістемелік негіздері жеткілікті ғылыми дәлелденбеген.

Еркін экономикалық аймақтарда көлік транспорты арқылы жүктерді тасымалдау нарығын жетілдіру мәселелерін шешу әдістері механизмін жеткілікті деңгейде басқару жүйесіне сәйкес жасалған ішінара зерттеулер бар. Еркін экономикалық аймақ теңіз портының кеңінен дамуы және аймақтың барлық экономикалық көрсеткіштерін көтеру, бірқатар маңызды

инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды керек етеді. Жаңа теориялық және тәжірибелік қорытындыларды жасау, жүк тасымалдау жүйесін жақсартуды дәлелдеу зерттеудің өзектілігін, диплом жұмысының мақсатын және міндетін анықтады.

Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық даму көбінесе инвестициялық саясатқа тәуелді. Оның тиімділігі қоғам ілгерішілдігін айқындайды. Инвестициялық қызмет табыстылығы баламаны таңдауға байланысты: не болмаса болашаққа әлеуметтік ғылыми-технологиялық сілкініске бағытталған, не болмаса елдің болашағы жоқ шикізат бағыты. Сілкініске инвестициялық үдерістер стратегиясы мен оларды іске асыру әдіс-темесін, тетіктері мен заңдық-құқықтық негізін, сондай-ақ ұйымдық құрылымын біріктіретін инвестициялық үдерістерді әдістемелік қамтамасыз етудің институционалдық жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.

Инвестициялық саясаттың маңызды бағыты - әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің артуын беретін жоғары өнімді машиналар мен жабдықтарды, үдемелі технологияларды қолдану негізінде әлеуметтік және шаруашылық дамуды инвестициялау. Күрделі қаржы жұмсалымының нәтижелілігі экономикалық және заңды-құқықтық тетіктердің сенімділігімен, сондай-ақ басқару сапасының арттыруға шарттасқан[3] .

Қазақстанның әлеуметтік-бағытталған инвестициялық саясатын іске асыру үшін қаржы және экономикалық тұрақтылықтың негізгі басымдықтары, 10-15 жыл шегінде көз жететін болжау шегінің негіздемесі мен жаңартпалық стратегия негізінде ұлттық экономика дамуының жетекші бағыттарын бөліп көрсету тұр.

Экономика мақсаттары нарық қажеттіліктеріне мәжбүр болып отырған жағдайда капиталды біріктіру нысаны ерікті бола түседі. Бұл қаржы-өнеркәсіптік конгломераттар мен банкілік капитал, ғылым ресурстарын өнеркәсіптілік пен мемлекетті біріктірудің өзге де ұйымдық нысандарын құру мен қолдау көрсету арқылы біршама тиімді іске асырылады. Біріктірілген корпорациялық кұрылымдар, атап айтқанда каржы-өнеркәсіптік топтар өздерін өнеркәсіп және қаржы капиталының біршама жетілген ұйымы ретінде көрсетті. Біріктірілген корпорациялық құрылымдардың негізгі мақсаты отандық және шетелдік бағалы қағаздар нарығында операцияларды инвестициялаудың тиімді тетіктерін қолдану арқылы инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру болып табылады.

Инвестициялық белсенділікті күшейту мәселесі қаржы ағындарын қалыптастыру және пайдалануды оңтайландырумен тығыз байланысты. Бұл міндеттің бірнеше ұйымдық шешімі бар. Олардың бірқатары Қазақстан корпорациялар, концерндер, ассовдациялар, инвестициялық-қаржы компаниялары мен қорлар, қаржы одақтары, сауда-өнеркәсіптік және банкілік бірлестіктер. Қазақстан үшін болашақты ұйымдық нысан қаржы-өнеркәсіптік топтарды құру болып табылады. Нақ осылар экономиканың құрылымдық қайта құрылуын жандандыру мен олардың тиімділігін арттырудың елеулі резервтеріне ие. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, біріктірілген корпорациялық құрылымдар, атап айтқанда, қаржы-өнеркәсіптік топтар өнеркәсіпке инвестицияларды ынталандырудың тиімді нұсқаларының бірі болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Экономикалық аймақтарды басқарудың әдіснамасын дамытуға, нарықтық қатынастарда еркін экономикалық аймақтарды басқару тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін мәселені қозғаған ғылыми-зерттеулер жүргізілген. Дегенмен, еркін экономикалық аймақтарды дамытуға белгілі бір тақырыптар аясында ғана ғылыми жаңалықтар мен ғылыми ашылымдарды баяндайды. Мысалы, зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін еркін экономикалық аймақтар бойынша ресейлік Б. Богуславский, И. Бунегина, А. Быков, В. Караваева, Л. Вардамский, Л. Васильев және т. б., әлеуметтік даму бойынша А. Барышева, К. Боулдин, Е. Мишин, Д. Уайтком және т. б. және қазақстандық ғалымдарының Е. М. Арын, К. Бабагулов, С. Б. Байзаков, А. Есентугелов, М. Б. Кенжегузин, А. И. Кошанов, С. С. Сатубалдин, А. П. Рау, К. Аширбаев, Б. Сапарбаев, А. Т. Жадигерова, У. Баймұратов, Б. Б. Дюйсенбаева және т. б. зерттеген еңбектері құрайды.

Зерттеу пәні. ҚР - да аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мемлекеттік басқаруды зерттеу.

Зерттеу объектісі. Ақмола облысы, Есіл қаласы әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқару мәселелері.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Республикамызда соңғы жылдары аймақтық экономикаға, аймақтарды дамытуға, дәлірек айтсақ, республикадағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Сондықтан зерттеу жұмысының да тақырыбы аймақтық дамумен байланысты, яғни оның стратегиясын болжау және өндіру болғандықтан курс жұмысына мынадай мақсаттар қойылды:

аймақтық даму стратегиясын, яғни аймақтың экономикалық өсуіне бөңіл бөлу;

Аймақтық және салалық инвестициялық саясаттың рөлі және мағынасын қарастыру.

Диплом жұмысының мақсаттарына байланысты мынадай міндеттер туындады:

  • аймақтық дамудың стратегиясын болжауды қарастыру;
  • аймақтық дамуағы инвестиция стратегиясын болжауды және өндіруді бақылау;
  • аймақтық әлеуметтік саясатты зерттеу;
  • Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқару мәселелерін талдау;
  • Ақмола облысы, Есіл қаласы әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқаруын талдау;
  • Ақмола облысы, Есіл қаласы әкімшілігі Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің құрылымы және қызметін талдау;
  • аймақтық даму стратегиясын болжау, өндіру шараларын қарастыру т. б.

Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған (диверсификация) құрылымымен, нашар дамыған инфракұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады Мұндай аумақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет - аймақтар үшін жағымсыз салдарлардың бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 АЙМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері

Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады. Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым.

Академик Н. Н. Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді".

Аймақтық экономика өндіргіш күштерді аймақтық дамуының стратегиялық позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш күштердің орналасуы аймақтық экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылады.

Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады[4] .

Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н. Н. Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы.

Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н. Барановский, Н. Комосовский және тағы да басқа АҚШ, Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан.

Аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқаруды жіктеуде зерттеудің бір міндеті еркін экономикалық аймақтарды басқарудың әдістерін және принциптерін негіздеуге және еркін экономикалық аймақтың әр үлгісінің басқару ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін еркін экономикалық аймақтардың жалпы белгілерін бөлу болып табылады.

Н. Смородинская, А. Капустин еркін экономикалық аймақтарды шаруашылық мамандану белгісі бойынша жіктеуді ұсынады. Осы белгіге сәйкес еркін сауда аймағы, өнеркәсіп-өндірістік, техникалық-енгізу, қызмет көрсету және кешенді аймақтар болып бөлінеді, олар өз кезегінде, жеке белгілер бойынша бөлінеді. Н. Смородинская еркін экономикалық аймақтарды тағы бір белгімен жіктеуді ұсынады: мөлшерімен және оларды ұйымдастыру әдісімен. Ондай әдісте еркін экономикалық аймақтар аумақтық және тәртіптік болып бөлінеді.

Осы белгі бойынша жіктеу еркін экономикалық аймақты ұйымдастыруда екі түрлі әдістің бар болуымен байланысты: аумақтық және тәртіптік. Бірінші әдіске сәйкес еркін экономикалық аймақтар бөлектенген аумақ ретінде қарастырылады, онда барлық резидент-кәсіпорындар шаруашылық іс-әрекетте жеңілдетілген тәртіппен пайдаланады. Екінші әдіске сәйкес еркін экономикалық аймақ деп сәйкес фирманың немесе аумақтың орналасуына тәуелсіз кәсіпкерлік іс-әрекеттің белгіленген түріне жеңілдетілген тәртіп ретінде қарастырылады.

Аймақтың мәнін терең түсіну үшін, басқа әдіске сәйкес жіктеудің тағы үш белгісін қолданған жөн болады: жасау мақсаты және еркін экономикалық аймақтың ұлттық экономикаға әсерін тигізу дәрежесі, еркін экономикалық аймақты басқаруды ұйымдастыру үлгісі бойынша[5] .

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру үлгісі бойынша еркін экономикалық аймақты ашу туралы шешім қабылдаған билік құрылымдардың деңгейіне байланысты республикалық және өңірлік болып бөлінеді. Бұл белгі маңызды, себебі ол аймақтың статусын, экономикалық механизмінің ерекшелігін, жеңілдіктер мен кепілдіктер жүйесін, инвесторлар үшін еркін экономикалық аймақтың тартымлығын анықтайды.

Аймақтың әкімшілік-шараушылық басқару моделін таңдау оның үлгісіне және жерінің мөлшеріне, елдің мемлекеттік құрылыс ерекшелігіне, жеке сектордың дамуына және т. с. с. байланысты. Бірақ жалпы міндетті жағдай болып табылатыны, аймақ, жергілікті әлеуметтік-экономикалық жүйе бола тұрып, жергілікті және жеке шаруашылық жүйе болу керек, яғни экономиканың әртүрлі салаларына басшылық ететін салалық министірліктердің және ортылық ведомстволардың қарауынан тыс болу керек. Аймақтың белгіленген шаруашылық жекеленуі жоғары тұрған әкімшілік-аймақтық басқару мүшелерінің өзара байланысына әсерін тигізеді. Ондай өзгешілік қақтығыстарға негіз жасайды.

Мемлекет фискалды, қаржы, сыртқы сауда, әкімшілік және әлеуметтік шараларды пайдаланып, ынталандыру жүйесі арқылы нақты аймақта экономиканы дамыту және қойылған мақсаттарға жету үшін жағымды шарттар жасайды.

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқару құралдары - жеңілдетілген мемлекеттік несиелер және инвестициялар, жалдауға және коммуналдық қызметтерге төмен бағалар жүйесі, т. б. қамтитын қаржы шаралары болып табылады.

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқарудағы жеңілдіктер мен ынталандырулар жүйесін тиімді жасау - болашақта оның ойдағыдай дамуының кепілі. Дәл осыдан инвесторларды тартудан түскен пайда мен салық және кеден жеңілдіктерінің берілуінен болған бюджеттік шығындар ара қатысы тәуелді. Жалпы жеңілдіктер, мұндағы жоқ даму факторларының өтемақы механизмы емес, берілген аймақтың салыстырамлы басымдылықтарды іске асыруда қосымша құрал қызметін атқаруы тиіс. Мемлекет рөлі тек осындай оңтайлы жүйені қалыптастыруда ғана емес, сонымен бірге оның орнатылған жеңілдіктерді және преференцийлерді сақтау үшін тұрақты түзетулер мен бақылау жасауда да маңызды.

Экономикалық аймақты құрудың әлемдік тәжірибесі дәлелдегендей, еркін экономикалық аймақтар жасалатын жерлерде, елдің өңірлік күйімен және дамуымен ерекшеленетін, еркін экономикалық аймақты құруды жүргізудің екі әдісін бөлуге болады:

1. Экономикалық аймақтарды тарихи қалыптасқан шаруашылық жүйесі бар, өндірістік және өндірістік емес белгіленген кәсіпорындар жүйесі бар, ерте қалыптасқан шаруашылық байланыстардың барлық үлгілері бар (ішкі өңірлік, өңірлік аралық, сыртқы экономикалық және т. б. ) жерлерде жасауға болады.

2. Экономикалық аймақтарды шаруашылық жүйесі жоқ, кәсіпорындары жоқ, экономикалық белсенді халқы жоқ, шаруашылық байланыстары жоқ жерлерде жасауға болады. Бұл «игеру» өңірлер, «жас» аймақтар.

Арнайы экономикалық аймақтардың шетелдік тәжірибесі мен отандық даму тарихы келесідей қорытынды беріп отыр. Жеке арнайы аймақтардың нақты мақсаттарының ерекшеліктерінің белгілі болып жіктеліну сипатымен айқындалуы керек. Ұлттық мүдденің дамуы мен әлеуетті инвесторлардың мүдделерінің сәйкес келуі, экспорттың дамуына көліктік-географиялық және басқада алғы шарттардың орын алуы тиіс[6] .

Экономикалық аймақты жасаудың және дамытудың жоспарлауын жетілдіру жиынтықта еркін экономикалық аймақтың басқару жүйесінің элементі ретінде сыртқы экономикалық ортаны қалыптастыратын, ең алдымен ғылыми-техникалық, әлеуметтік, сыртқы экономикалық және басқа да мемлекеттік саясаттарын дәлелдеу деңгейін көтеруге бағыттау керек.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т. б. аумақтық факторларды толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.

Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.

Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанмен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т. б. ) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді кызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекетгік реттеу - бұл олардың дамуьшың қажетті шарты.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.

Нарықтық қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілген реформалар аймақаралық саралауды (дифференциация) тым «күшейтіп» жіберді. Нәтижесінде жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) өндіру көлемі бойынша республика халқының айырмашылығы он есеге дейін жетті. Ал АҚШ-та ең «алдыңғы» және ең «артта қалған» штаттарының арасындағы айырмашылық - небәрі 1, 8 есе ғана. Кесте деректері көрсетіп отырғанындай, жан басына шаққандагы жалпы аймақтық өнімнің ең жоғары көлемі - Атырау облысына, ал ең төменгі көлем Жамбыл облысына тиесілі болып отыр. 2003 жылғы деректер бойынша осы екі облыстың жан басына шаққандағы ЖАӨ-дегі айырмашылық 12 есе болған.

Мұндай тым саралау, әрине, миграцияның күшеюіне, дағдарысты және кедей ареалдардың кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету механизмінің әлсіреуіне және аймакаралық қарама-қайшылықтардың өсуіне алып келері сөзсіз. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізуді айтарлықтай қиындатады[7] . Аумақтық әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер (диспропорциялар) көбінесе объективті сипаттағы себептермен байланысты болғанмен де, оларды «жұмсарту» қажеттілігі айқын. Мемлекеттің тұтастығын сақтауға ұмтылған бір де бір мемлекет аумақтық теңсіздіктердің соншалықты алшақтығына жол бермейді. Мұны дамыған мемлекеттердің тәжірибесі де дәлелдей түседі. Сондықтан Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі елдің проблемалық аймақтарындағы өмір суру жағдайын жақсартпайынша мүмкін емес. Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономи-калық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сэйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:

  • шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
  • индустриялық дамыған;
  • агроөнеркәсіптік;
  • дағдарыстық.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
Аймақтық саясат
Алматы облысы обл
Аймақтық даму проблемасы
Стратегиялық басқарудағы аймақтық мәселелерді болжау жолдары
ӨҢІРДІҢ КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
Аймақтық өсу теориялары
Қазіргі таңда аймақтық саясатты жүргізу мәселелері
Мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізудің маңызы
Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz