Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің қызметін жетілдіру ұйымдастырушы экономикалық аспектілері


Дипломдық жұмыс
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 БІЛІМ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ҒЫЛЫМИ - ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Білім жүйесі туралы түсініктер және олардың маңыздылығы . . . 9
1. 2 Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау . . . 19
1. 3 Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізу . . . 23
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
2. 1 Еліміздің индустриалды-инновациялық дамуының жобаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандармен қамтамасыз ету… . . . 34
2. 2 Жоғары білім берудің сапасын бағалау жүйесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету . . . 42
2. 3 ЖОО-ның материалдық-техникалық базасының дамуын қамтамасыз ету . . . 47
3 ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
3. 1 Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың жолдары . . . 54
3. 2 Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберіндегі жоғары оқу орындары оқытушыларының білімін жетілдіру жолдары . . . 70
3. 3 Жоғарғы білім берудің мемлекеттік реттеу және мониторинг жүйесін жетілдіру . . . 78
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 87
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 92
КІРІСПЕ
Қазіргі Қазақстан қоғамындағы білім беру институты қоғам дамуында өте маңызды. Сондықтан білім беру институтының қазіргі қоғамдағы дамуына аса мән беріп, зерттеу жұмысымды осы бағытқа бағыттадым.
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі білім беру саласына оның ішінде жоғары оқу орындарында білім беру стратегияларына өзгерістер енгізуді талап етеді. Әр түрлі болжамдардың сан алуандығына қарамастан, қазіргі білім беру жүйесін дамыту үдерісінде жаңа оқыту үлгілеріне, мазмұнына, технология-ларына, түрлері мен әдістеріне қатысты шығармашылық ізденістердің қарқындылығымен әрі көп түрлілігімен ерекшеленетінін мойындауға болады. Мұндай даму қоғамды ақпараттандыру технологиясын қарқынды дамыту аясында жүзеге асырылып отыр.
Жоғары оқу орнының басты мақсаты - алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін қазіргі заман талабына сай дайындау.
Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлға қалыптастырады. Бүгінгі күнгі педагогика ғылымының көкейкесті мәселелері - әлемдік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, кәсіби қалыптастырудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру.
Қазақстан Респубикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделгенін ескерсек, болашақ мамандарды жаңашылдыққа даярлауымыз керек.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет. Бұл орайда, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандартқа сай білім беру, ал олардан алынған дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болуы қажет. Біз әрбір Қазақстан азаматтарының дұрыс мүмкіндіктермен жоғары білім алуына кепілдік беруіміз қажет», - деген болатын. Жоғарғы білім беру жүйесі жеке тұлғаны дамытуға, оның əлеуметтік мəні бар мұраттарын қалыптастыруға, қоғамның кəсіби біліктілігі жоғары мамандарға деген сұранысын өтеуге бейімделген теңдессіз қоғамдық институт болып табылады.
Қазақстан экономикасының тұрақтылығы мен дамуының арқасында білімге жұмсалатын қаржы көлемі артты. 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы білім бюджеті 9, 5%-ға өсіп, ол ЖІӨ-нің 4, 2%-ын құрады.
Қазақстандық жоғарғы білім беруді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан кейін - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негізі болуы тиіс. Бағдарлама жоғарғы білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушы негізі ретінде білім берудің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық формаларының және экономикалық-қаржылық механизмдерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді құрайтын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен байланыстағы шаралар кешені болып табылады.
Жоғарғы білім берудің ғаламдық нарқында бəсекелестікті жоғарылату мақсатымен əлемдік деңгейдегі жоғары оқу орны - Назарбаев университеті ашылды. 2013 жылы барлық аймақтарда ашылатын «Назарбаев - интеллектуалдық мектептер» желісі құрылуда. Бүгінгі таңда Астана, Семей жəне Көкшетау қалаларында 3 мектеп жұмыс істеп жатыр.
Елбасы Н. Ə. Назарбаев «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында білім беру жүйесіне білім сапасын халықаралық талаптар деңгейіне дейін көтеру міндетін жүктеді.
Білім жəне ғылым Министрлігінің барлық іс-əрекеті қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Бұған осы Баяндамада берілген түйінді қорытындылар мен ұсыныстар негізінде тиімді басқару шешімдерін қабылдау оң мүмкіндіктер туғызады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жаңарған Қазақстанның қоғамдық өміріндегі жоғарғы білім беру саласында болып жатқан батыл өзгерістер білімге деген қызығушылықты арттырып отыр. Расында, бүгінгі Қазақстанның тұрақты дамуы өткен жоғарғы білім беру жүйесі объективті тұрғыдан жалғастыра білумен байланысты болса, оның болашағы да тарихтың шынайылығымен анықталады. Өз дамуында жүйесі, мазмұны, оқыту түрлері үнемі өзгеріп келген Қазақстандағы тарихи білімнің ұзақ жолдан өткені ескерілуі керек.
Білім және ғылым министрлігі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан және елімізде ғылымды дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыра отырып, ғылымды басқарудың жаңа моделін - финдік моделін қолға алуда. Ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттары анықталған. Іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары, негізінен, физика-математика, химия-технология, биология және медициналық, қоғамдық және гуманитарлық салаларда жүзеге асырылып жатыр.
Бүгінгі Қазақстанның қоғамдық өміріндегі түбірлі өзгерістер, ең алдымен тарихи білім жүйесін жаңартуды өткір қойып отырғанда, тарих қойнауында жинақталған бағалы тәжірибелерге назар аударудың маңызы зор.
Әлемдік өркениеттің қарыштап алға дамуы білім беру саласының барлық деңгейіне әсер етіп, балаға тәрбиесінің жаңа саласы педагогикалық инноватиканы дүниеге әкелді. Педагогика ғылымының бұл бағыты ғылым жетістіктерін мектеп практикасына ендіру барысында білім беру процесін тұтастай ғылыми негіздеуді, оқу-тәрбие жұмыстарының барлық буындарын технологияландыруды қажет етеді. Яғни, нәтижесі белгісіз, маңызы шамалы, дұрыс таңдап алыбаған (қазіргі кезде шектен тыс көбейіп бара жатқан) "науқандық жаңалықтарға” тоқтау салуға ықпал етеді. Бұл оқыту барысында ұстаз шығармашылығын шектемегенмен, кездейсоқ қателіктерден сақтануға мүмкіндік береді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру үшін инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселе болып табылады. Инновациялық үдерістерді зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үдерісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы алыс және жақын шетел ғалымдарының К. Ангеловски, М. В. Кларин, В. Я. Ляудис, М. М. Поташник, С. Д. Поляков, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики, Н. Р. Юсуфбекова, В. И. Загвязинский, П. И. Пидкасистый, Н. И. Лапин, А. И. Пригожин, Ю. Н. Кулюткин, А. К. Маркова, Н. Д. Никандров, Я. А. Пономарев, В. А. Сластенин, Л. С. Подымова, Л. Н. Фридман және т. б. еңбектерінде қарастырылған. Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш. Т. Таубаева, Н. Н. Нұрахметов, С. Н. Лактионова, Е. З. Батталханов, Қ. Қ. Қадашева, Т. О. Балықбаев, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, К. Бұзаубақова, С. Д. Мұқанова, Н. И. Хван, Л. Е. Румянцева, З. У. Имжарова, М. М. Мұқаметқалиқызы және т. б. педагог ғалымдар зерттеген.
Соңғы жылдары осы саладағы жұмыстардың көлемі арта түсіп, жалпы педагогикалық инновацияға, оның ішінде жоғарғы білім беру үдерістеріне қатысты бірқатар аспектілер зерттеле бастады.
Атап айтар болсақ, С. А. Көшімбетова оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану, Қ. М. Нағымжанова бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру, Д. Р. Принбекова мектеп басқарушыларының инновациялық дайындығын негіздеп, кәсіптік ерекшеліктерін қалыптастыру мәселелерін қарастырған. Сонымен қатар, К. А. Сарбасова жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау үдерісін зерттеп, инновациялық педагогикалық технологиялар мүмкіндіктерін айқындаған. Инновациялық педагогикалық технологиялары негізінде мұғалімдердің дайындығын дамыту жолдары белгіленген. С. А. Абдыманапов заманауи университет білімінің құрылымдық диверсификациясын талдап, университет білімін қалыптастыру әдістемесін (функциялары, макропринциптері, бағыт-бағдарлары, инновациялық технологиялары) жетілдірген. Білім жүйесінің тиімділігін арттыру және оны жетілдірілген потенциалға келтіру мақсатында білім беру саласына белсенді ақпартану қажеттілігін көрсеткен. Е. Ш. Қозыбаев үздіксіз көп деңгейлі жоғары педагогикалық білім жүйесі үздіксіз білім мазмұнын интеграциялық тұрғыдан құру, басқару жүйесіндегі субъект - субъектілік өзара әрекет, білім сапасын басқарудың инновациялық механизмдері арқылы бітірушілердің педагогикалық дайындығының қажетті сапасын қамтамасыз етуге қабілетті екендігі анықтаған. Т. А. Линчевская Қазақстан Республикасындағы орта білім жүйесіндегі инновациялық үдерістерді қарастырып, "инновациялық мектеп" түсінігі мен оның тұжырымының маңызын айқындаған. Қазақстан Республикасында инновациялық түріндегі оқу орындарының қызмет көрсету тәжірибесі жинақталып, қалыптасу және даму ерекшелігі айқындалған. Қ. С. Құдайбергенева жалпы білім беру мектептерінде мұғалімдердің "өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру", "мұғалімдердің өз кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асыруға даярлығы", "атаулы мектеп", "инновациялық топ" базалық ұғымдарды нақтылап, мұғалімдердің өз кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асыруға даярлық үлгісін әзірлеген. Г. Д. Такенова колледжді менеджмент негізінде инновациялық басқарудың принциптері мен функцияларын қарастырған. Инновациялық басқарудың құрылымдық-функционалдық үлгісін айқындап, колледждің ішкі инновациялық басқару жүйесін қолдануы және көрсеткіштер бойынша колледж қызметінің тиімділігін арттырудың өзара байланысын дәлелдеген.
Алайда, бұл еңбектерде жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру мәселелері ғылыми тұрғыда жеке мәселе ретінде зерттелмеген.
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру түбегейлі түрде қарастырылмағаны және көтеріліп отырған мәселенің көкейтестілігі біздің зерттеу тақырыбымызды «Қазақстандағы жоғарғы білім беру жүйесінің қызметін жетілдіруі, ұйымдастырушы экономикалық аспектілері» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәні: жоғары оқу орындарындағы білім берудегі экономикалық аспектілері.
Зерттеудің болжамы: егер, жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігі теориялық тұрғыда негізделіп, оны пайдаланудың ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалса, онда олардың кәсіби қалыптастыру деңгейі жоғарылайды, өйткені жоғары оқу орындарында әр маманның білім беруге деген қызығушылығы артып, бағдарлылық, жүйелілік, инновациялық және іс-әрекеттік аспектілері жүзеге асырылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу кезеңіндегі Қазақстандағы жоғарғы білім жүйесінің қызметін қалыптасуы мен дамуын жүйелеу және оның перспективалары мен тенденцияларын анықтау мақсаты қойылып, оны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер белгіленді:
-білім жүйесін жетілдірудің ғылыми-практикалық негіздерін анықтау;
-Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің ұйымдастырушы-экономикалық аспектілерін талдау
- жоғарғы білім беру жүйесінің дамыту бағыттарын ашу.
Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ маманның кәсіби іс-әрекетін жоғарғы білім беру жүйесін дамыту және білімді ақпараттандыру жағдайында жоғары және жаңа деңгейде жетілдіру ғылыми-педагогикалық тұрғыдан маңызды мәселе, себебі жоғары оқу орындарындағы жоғарғы білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру жоғары деңгейге көтеруді қамтамасыз етеді.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі. Бүгінде, таптық идеологияның ыңғайына жығылып, коммунистік партия жетекшілік еткен бұрынғы кеңес өкіметіне тиімді көзқарастарды барынша марапаттау, немесе шындықты бұрмалап, оны айналып өтуге бейімделу сияқты тұжырымдардан бас тартып, ғылыми ізденістердің, зерттеу проблемаларының объективті шыншыл сипаттамасын беретін методологиялық ұстанымдарды қалыптастырудың тарихи қажеттілігі байқалып отыр.
Зерттеу әдістері: зерттеу барысында білім саласын ұйымдастырылу сипаты қарастырылады, білім саласындағы қазіргі жағдайы бағаланады. Зерттеудің логикалық, экономикалық статистика, экономикалық талдаудың классикалық әдістері мен тәсілдері негізге алынған.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделіп, олардың мәні мен түрлері анықталды;
- жоғарғы білім беру инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі құрылды;
- жоғарғы білім беру жүйесіндегі инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың педагогикалық әдістемесі жасалып, тәжірибеге ендірілді;
- жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік сынақтан өткізілді.
Қорыта келгенде, барлық көрсетілген жаңалық элементтері білімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың үлгісін құрайды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеу жұмысының нәтижелерін жоғары оқу орындарының оқу үдерісін ұйымдастыру барысында және жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерістерін басқарушылардың нақты тәжірибелік қызметтерінде, Білім және Ғылым Министрлігінде пайдалануына болады.
Диссертациялық жұмысымның құрылымына тоқталатын болсам, ол ІІІ тараудан, оның ішінде бірнеше бөлімдер, кіріспе, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бұл тақырыпты таңдап алу себебім, яғни бәрімізге белгілі жоғарғы білім беру институты нарықтық қоғамның дамуының негізгі қозғаушы күші, нақтырақ айтатын болсам, егер елімізде қазақстан қоғамының болашағын дамытуға үлес қосатын өте жоғары білікті мамандар болмаса, еліміз экономикалық, әлеуметтік және саяси және т. б. жақтарынан дамудан артта қалар еді. Жоғарғы білім беру институты қай елде болмасын өте ерекше бағаланады. Осыған байланысты ең алдымен бүлдіршіндер мен жасөспірімдерден бастап, білім беруді өте терең жүргізу керек, себебі қай ел болмасын, оның болашағы дамып келе жатқан жастарымыздың қолында. Осыған байланысты жоғарғы білім беруге аса назар аудару керек және оны мемлекеттің кез-келген азаматы алуға құқылы.
Таңдалған тақырыпқа сәйкес 3 бет көлемінде екі мақала жарыққа шықтыі.
- БІЛІМ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІБілім жүйесі туралы түсініктер және олардың маңыздылығы
Білім беру социологиясы ерекше пән ретінде XIX-XX ғ. ғ. қалыптасты. Э. Дюркгейм және Д. Дьюи және басқа да әлеуметтанушылар өз жұмыстарында білім берудің қызметі, рөлі туралы мәселелерге арнайы талдау жасауды қажет етті.
Ресей социологиясында халықтың білімділік жағдайына ең алғаш талдау жергілікті статистиктердің қызметіне сай жан-жақты және негізінен Ресейдегі мектеп жағдайын бейнеледі. Әдетте, социологиялық жұмыстарға сүйенетін болсақ, білім беру проблемасы Ресейде тек XX ғ. пайда болды. 1920 ж. кеңес әлеуметтанушыларының зерттеуі жастарды оқыту, жаңа интеллегенцияны дайындауды құрады.
Білім берудің қарқынды дамуы 1960 ж. аяғы - 1970 ж. басында болды. Ф. Р. Филиппов ең алғаш білім берудің спецификалық мәселелеріне талдау жасады. Кейін келе бұл құрамды кеңес әлеуметтанушылары Н. А. Аитов, М. Х. Титма және т. б. толықтырды.
Одан әрі білім беру социологиясы өз ықпалын кеңейте түсті: Жоғарғы мектеп мәселелерін С. И. Григорьев, В. Т. Харчев орта мектеп және мүғалімдікті кәсіби білім беруді И. В. Бестужев- Лада, В. Е. Шереги және т. б. қарастырды [5; 345] .
Білім беруге әлеуметтік институт ретінде өз алдына жеке жүйе деп сипаттама беруге болады. Білім беру институт ретінде бірнеше қызметтер атқарады. Айта кететін болсақ, біріншіден, қоғам мүшелерін жүйелі түрде оқыту және тәрбиелеу, екіншіден, белгілі бір білімді игеруге бағытталған, үшіншіден, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастарға байланысты мінез-құлық нормалары және құндылықтар мазмұнын пайдаланды, ал төртіншіден, оның материалды-техникалық даму деңгейіне байланысты болды.
Білім беру институтының эволюциясы дифференциацияға байланысты. Дифференциация дегеніміз біртұтас, бөлінбейтін құбылыстың жеке элементтерге бөлінуін айтамыз. Дифференциация институттардың функционалдық сапасын көтереді. Дифференциация айқын пайда әкелсе де, бұл процестің дамуы үлкен қиындықтармен байланысты болды. Көп қоғамдарда осы процесс тоқтап қалды немесе кейіе дамыды. Дифференциацияның қиындығы қоғамның диверсификациясына байланысты. Оның бұрын қалыптасқан құбылыстарының тұрақтылығынан айырылады. Қоғам жаңа тәсіл, жаңа мүмкіндік тапса, оның қоғамдағы орнын табу қиын болады. «Болған» мен «жаңа» өмірге лайық өмір сүру керек және оларды ұштастыра білу керек.
Адамзат тарихында «жаңа», әсіресе «күрделі» институттарды қалыптастыру өте қиын болды. Өйткені олардың легитимизациясы және ұштастыруы қиын болды.
Т. Парсонстың айтуынша, «шаруашылық-экономикалық функциялардың отбасынан бөлінуі күрделі құбылыс болды, себебі шаруашылық-экономикалық процесстер отбасынан тыс жерде шоғырланғануы өте пайдалы болды[3; 24] . Бірақ ол өте қиын, өйткені отбасының экономикалық жағы болды, ол норма болып кеткен, ал осы процесті бекіту үшін жаңа легитимация жасау керек. Дифференциацияның дамуы легитимацияға байланысты. Легитимация мәселесі тікелей еңбек бөлінісін қабылдамауға байланысты емес, дифференциацияның техникалық элементтері жалпы жақсы қабылданады. Білім мен ғылымның дамуы дұрыс және осыған сәйкес жеке маман болуы керек. Білім беру өз алдына жеке институт ретінде даму үшін ол белгілі бір норма, құндылықтар және т. б. қажетті заттарға сүйену керек.
П. Бергер және Т. Лукманның айтуларынша, «егер қоғам универсум (біртұтас) болса, онда институт кішігірім универсум болуы керек. Сонымен қоса олар бір-біріне жақын және оларға сай климат болуы керек. Легитимацияның осы жағдайдағы мәселесі өмір тәсілін дұрыс қалыптастыру болып табылады. Дамуы биік және төмен қоғамдардың құрылымында кез келген институттың айырмашылықтары болады. Дамуы төмен қоғамдарда дифференциация олардың өмір тәсілдеріне тарамаған. Сондықтан оларды өзара бұрынғы белгілі дәстүрлі институттармен ұштастыру керек. Осы мәселеге байланысты туатын қиындықтар мен үлгілерге байланысты жаңа бағыттар мен құндылықтарды бекіту үшін жаңа үлгілер керек. Бұл үлгілерді қабылдау үшін ол туралы түсінік кеңейуі керек.
Мектептердің пайда болуы біздің дәуірімізге қауымдық-рулық қатардан әлеуметтік дифференциацияланған қоғамға өту болып табылады. Этнографиялық мәліметтер бойынша жазылуға дейінгі б. э. д. 3 мыңжылдыққа қарай тоқтады, клиножазу және иероглифтік жазулар ақпарат алмасу тәсілі ретінде пайда болу байқалды.
Жазбашылықтың пайда болуы және дамуы мектеп генезисінің маңызды факторы ретінде болды. Хат қаншалықты техника жағынан ақпарат алмасудың күрделі тәсілі болса, ол соншалықты арнайы оқуды қажет етеді. Мектептердің пайда болуы екінші факторы, адам қызметінің ақыл-ой және физикалық еңбекке бөлінуі, сонымен қатар, соңғысының сипаты қиындап кеткенін аңғаруға болады. Еңбек бөлінісі түрлі специализация және мамандықтар қалыптасады және соған байланысты мүғалім, тәрбиешілердің және профессиялардың пайда болуына ықпал жасайды[6; 115] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz