Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДЫҚ НЫСАНДАРЫ
8
1.1 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен кемшілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8
1.2 Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
1.3 Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау ... ... ... ... ...
19
2 «АРАФАТ» ЖШС.НІҢ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ 30
2.1 «Арафат» ЖШС.не жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2 «Арафат» ЖШС.ң қызмет ету тиімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 39
2.3 «Арафат» ЖШС.де пайда болған мәселелерді жою шаралары ... ... ... ...
45
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЛАШАҒЫ 58
3.1 Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
58
3.2 Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
66
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 78
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Кәсіпкерлік ел экономикасының жандануы мен одан әрі қарай дамып, тұрақты өсуінің қамтамасыз етілуін іске қосушы тұтқасы ретінде бизнестің әр алуан түрлері мен ұйымдық формаларынан тұратын нарықтық шаруашылықты қалыптастырумен оны іске асыруында үлкен маңызға ие. Ол өзінің жылдамдығына, икемділіген және өзгермелі нарықтық жағдайларға тез бейімделуіне байланысты теңдесі жоқ артықшылықтарының есесінен нарықтық экономиканың икемді және нәтижелі секторына, оның құрылымдық, бәсекелестік, нарықтық механизмінің маңызды интеграциялық элементіне жатады. Сондықтан дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде кәсіпкерліктің, әсіресе, шағын және орта бизнес сияқты түрлеріне деген қызығушылық азаюдың орынына, арта түсуде. Жеке сектордың көлемі кеңейіп, бұл елдердің экономикасының анағұрлым үлкен секторын алып жатыр. Оның үлесіне жалпы ішкі өнім мен экономикалық белсенді тұрғындардың айтарлықтай бөлігі келеді. Шағын және орта кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын кәсіпкерліктің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.
Дипломдық жұмыста шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелеудің ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан батыс елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Атап айтқанда, Д. Кейнс, Р. Кэмпбелл, К. Кондратьев, А.В. Чаянов, Й. Шумпетер, П.С. Роуз, М.А. Гольцберг, Дж. Р. Брик, Э.Дж. Долан. Сонымен қатар, жұмыста Ресей мен Қазақстанның іргелі зерттеушілерінің еңбектері, оның ішінде Е.Ф., Жуков, Л.Н. Красавина, О.И. Лаврушин, О.Б. Баймұратов, Г.Т. Қалиева, Қ.Қ. Ілиясов, Н.Қ. Мамыров, Ғ.С. Сейітқасымов, М.С. Саниев, Н.Н. Хамитов сияқты ғалымдардың және көптеген басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Қазіргі таңда адамдардың басым бөлігі өндірістің дамуына, сондай-ақ бүкіл қоғамның дамуына игі әсерін тигізетін кәсіпкерлік сала екендігін мойындай бастады. Дамыған елдер нақ осы кәсіпкерлердің еңбегінің нәтижесінде гүлденсе, кәсіпкерлер өз мемлекеттерінің қолдауымен дамып, өркендеп отыр. Сондықтан біз гүлденген қоғам- адамдардың жақсы өмір сүруіне лайықты жағдай жасап, олардың осы қоғам мүшесі болғандығын мақтан тұтуына ықпал ететін, ұлттық мақтаныш сезімін қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары экономикасы бар қоғам құру идеясы жолында бірігуіміз керек.
Біздің қоғамымызда кәсіпкерліктің қалыптасуы – жаңа әлеуметтік құбылыс ретінде, ал кәсіпкерлер жаңа әлеуметтік топ ретінде маңызды мәселе болып табылады.
1 Сәбденов О.Қ «Шағын кәсіпкерлікті стратегиялық басқару» Алматы 2001жыл 15б.
2 Исабеков Б.Б. «Қазақстанда кәсіпкерлікті қалыптастыружүйесі және оның даму перспективалары» / Қазақстан жоғары мектебі 2003-№2 192 б/
3 Токсанова А. Н. «Основы предпринимательской деятельности», РК,
г. Астана, 2007 г., с. 7 – 13
4 Бисенғазиев М.Б., Хамитов А.Ш. «Кәсіпкерлік негіздері» /Орал 2001 15б/
5 Мейірбеков Б.Қ. «Шағын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау керек» /Поиск гум. ғылымдар сериясы 2004ж. №1 39б./
6 Васильченко В. В. «Развитие предпринимательства усилением
стимулирующей функции налогов» (по материалам г. Алматы и Алматинской
области), специальность 08.00.05 - Экономика и управление народным
хозяйством (по отраслям и сферам деятельности), автореферат, РК, г. Алматы,
2002 г., с. 23 - 24
7 Егемберды Е. К. «Проблемы и перспективы государственной
политики развития малого и среднего предпринимательства в Республике
Казахстан», специальность 23.00.02 - Политические институты,
этнополитическая конфликтология, национальные и политические процессы и
технологии, автореферат, РК, г. Астана, 2009 г., с. 25 - 26
8 Галимжанова С. Б. «Социальная ответственность
предпринимательства в Республике Казахстан: теория и практика»,
специальность 08.00.05 - Экономика и управление народным хозяйством (по
отраслям и сферам деятельности), автореферат, РК, Астана, 2010 г., с. 26 - 27
9 Лашкарева О. В. «Основы предпринимательства», РК,
г. Жезказган, 2007 г., с. 30 - 35
10 Есентугелов А. «Стратегия процветания страны в условиях
меняющегося мира. Уроки мирового кризиса и модернизация казахстанской
экономики», РК, Астана, 2011 г., с. 245 - 246
11 Алимбаев А. А. «Государственное регулирование экономики» РК,
г. Алматы, 1999, с. 320
12 Зангеева С.Б. «Польза и преимущество зарубежного опыта поддержки и развития малого и среднего бизнеса» /Финансы и кредит 2004г. №14 71стр.
13 Катенова С.А. «Развитие малого бизнеса в условиях глобализаций мировой экономик » /Автореферат дисс. Канд. Экон. Наук Алматы 1999 г. 15стр.
14 Б. Мукашева, А. Кузекова «Международный опыт развития
конкурентных преимуществ», Научно-практический журнал «Транзитная
экономика», РК, г. Алматы, 2006 г., № 5 - 6, с. 30
15 Закон РК «О частном предпринимательстве», с изменениями и
дополнениями от 30.12.2009 г., РК, г. Астана, 2009 г., пункт 2, статья 6.
16 Закона РК от 22 апреля 1998 года «О товариществах с ограниченной
и дополнительной ответственностью» изменения и дополнения от 12 февраля
2010 года пункт 2 статья 23.
17 Калдыгозова А. «Значение субъектов малого предпринимательства», газета «Вечерняя Астана», № 27 от 06.03.2012 г.
18 Сейдахметов А.С. «Предпринимательство» РК, г. Алматы, 2010 г., с. 141-147
19 Кульчукова А. Становление и развитие малого предпринимательства в Казахстане. Вестник КазНУ - серия экономическая, РК, г. Алматы, 2008 г. № 5 с. 113
20 Официальный сайт Агентства Республики Казахстан по статистике
- www.stat.kz
21 «Приоритеты и перспективы промышленного экономический журнал «Промышленность Казахстана», РК, 2007 г., № 2 с. 37
22 «Арафат» ЖШС Жарғылық қоры, ҚР, Астана, 2003 ж
23 «Арафат» ЖШС қаржылық есебі, Астана 2011 ж
24 Смагулова Н. «О некоторых методологических принципах развития
предпринимательства», научно-практический журнал «Транзитная экономика»,
РК, г. Алматы, № 2, 2011 г., с. 77 - 78
25 Официальный сайт Министерства экономического развития и
торговли Республики Казахстан «Справка о ходе реализации «Дорожная карта
бизнеса 2020» - www.mrt.gov.kz
26 Копеев М. «Последовательные шаги к процветанию», газета
«Казахстанская правда», РК, г. Алматы, 27.01.2012 г., с. 3
27 Нурбеков С. «Помощь предпринимателям», газета «Экспресс К»,
РК, г. Алматы, № 10, 2011 г., с. 7
28 Тусупбекова Л. «Предпринимательство - движущая сила
экономики», газета «Казахстанская правда», РК, г. Алматы, 30.03.2012 г., с. 7
29 Касымов С. «Структурные контуры национальных инновационных
систем», научно-практический журнал «Транзитная экономика», РК, г. Алматы,
№ 10, 2011г., с. 85
30 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы /29. 12. 2003 ж. №1268 Жарлығымен бекітілген 25б/
31 Оразалы Сәбден «Бәсекелестік экономика» Алматы: 2007 жыл 580-639 беттер.
32 «Шағын және орта бизнесті тексеруге мараторий». Жаңалықтар «Хабар» 17.02.2009 жыл.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық
сауда университеті

Мынбаев Д.Ж

Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050507 - Менеджмент мамандығы

Астана 2012
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық
сауда университеті

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі _____________

______________Д.М. Турекулова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік

050507 - Менеджмент мамандығы

Орындады: Мынбаев Д.Ж

Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы Батай Мария

Астана 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
1 Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары
8
1.1 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен
кемшілігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.2 Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай
классификациялау ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
1.3 Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайына 19
талдау ... ... ... ... ...
2 АРАФАТ ЖШС-НІҢ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ 30
2.1 Арафат ЖШС-не жалпы 30
сипаттама ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Арафат ЖШС-ң қызмет ету тиімділігін 39
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Арафат ЖШС-де пайда болған мәселелерді жою 45
шаралары ... ... ... ...
3 Қазақстан Республикасында Кәсіпкерлікті дамыту болашағы 58
3.1 Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің
бағдарламасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
3.2 Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың 66
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .75
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 78
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Кәсіпкерлік ел экономикасының жандануы
мен одан әрі қарай дамып, тұрақты өсуінің қамтамасыз етілуін іске қосушы
тұтқасы ретінде бизнестің әр алуан түрлері мен ұйымдық формаларынан тұратын
нарықтық шаруашылықты қалыптастырумен оны іске асыруында үлкен маңызға ие.
Ол өзінің жылдамдығына, икемділіген және өзгермелі нарықтық жағдайларға тез
бейімделуіне байланысты теңдесі жоқ артықшылықтарының есесінен нарықтық
экономиканың икемді және нәтижелі секторына, оның құрылымдық, бәсекелестік,
нарықтық механизмінің маңызды интеграциялық элементіне жатады. Сондықтан
дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде кәсіпкерліктің, әсіресе, шағын
және орта бизнес сияқты түрлеріне деген қызығушылық азаюдың орынына, арта
түсуде. Жеке сектордың көлемі кеңейіп, бұл елдердің экономикасының
анағұрлым үлкен секторын алып жатыр. Оның үлесіне жалпы ішкі өнім мен
экономикалық белсенді тұрғындардың айтарлықтай бөлігі келеді. Шағын және
орта кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік
экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі
болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары
Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім,
жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа
көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын
және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын
кәсіпкерліктің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады.
Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық
банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі,
басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық
сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің,
экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.
Дипломдық жұмыста шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелеудің
ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан батыс елдерінің осы салада
зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Атап
айтқанда, Д. Кейнс, Р. Кэмпбелл, К. Кондратьев, А.В. Чаянов, Й. Шумпетер,
П.С. Роуз, М.А. Гольцберг, Дж. Р. Брик, Э.Дж. Долан. Сонымен қатар, жұмыста
Ресей мен Қазақстанның іргелі зерттеушілерінің еңбектері, оның ішінде
Е.Ф., Жуков, Л.Н. Красавина, О.И. Лаврушин, О.Б. Баймұратов, Г.Т.
Қалиева, Қ.Қ. Ілиясов, Н.Қ. Мамыров, Ғ.С. Сейітқасымов, М.С. Саниев,
Н.Н. Хамитов сияқты ғалымдардың және көптеген басқа да отандық
экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Қазіргі таңда адамдардың басым бөлігі өндірістің дамуына, сондай-ақ
бүкіл қоғамның дамуына игі әсерін тигізетін кәсіпкерлік сала екендігін
мойындай бастады. Дамыған елдер нақ осы кәсіпкерлердің еңбегінің
нәтижесінде гүлденсе, кәсіпкерлер өз мемлекеттерінің қолдауымен дамып,
өркендеп отыр. Сондықтан біз гүлденген қоғам- адамдардың жақсы өмір сүруіне
лайықты жағдай жасап, олардың осы қоғам мүшесі болғандығын мақтан тұтуына
ықпал ететін, ұлттық мақтаныш сезімін қанағаттандыра алатын тиімділігі
жоғары экономикасы бар қоғам құру идеясы жолында бірігуіміз керек.
Біздің қоғамымызда кәсіпкерліктің қалыптасуы – жаңа әлеуметтік құбылыс
ретінде, ал кәсіпкерлер жаңа әлеуметтік топ ретінде маңызды мәселе болып
табылады.
Өзінің институтционалды тұрақтылығына қол жеткізіп, заңдық тұрғыдан да
қолдауға ие болған кәсіпкерлік күннен - күнге мамандандырылып, өркениетті
сипатқа ие болуда. Бұрындары қарапайым сауда ісінің өзі де қажет етіп
тұратын көзсіз тәуекел мен есепсіз әрекет шараларын енді нарық
мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оны үздіксіз дамыту рухы тықсыра
бастағаны белгілі, Кәсіпкерлік күннен – күнге жаңа әлеуметтік кеңістіктерге
таралып келеді.
Дегенмен, аталған еңбектерде несиелеудің әдістері мен тәсілдері бүгінгі
күннің талабына сай жан-жақты қарастырылған деп айту мүмкін емес. Жалпы
несиелеу үдерісінде көптеген мәселелер көтеріліп жатқанымен, нақты шағын
және орта кәсіпкерлікті несиелеу мәселелері әлі де болса ғылыми тұрғыда
терең негіздеуді талап етеді.
Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті
несиелеу мәселелерін талдау, несиелеу үдерісіндегі теориялық және
практикалық мәселелерін, туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау
және зерттеу болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:
– шағын және орта кәсіпкерліктің экономиканың дамуындағы алатын рөлін
көрсету және оның мазмұнын ашу;
– кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекет тарапынан жүргізілетін қаржы-
несиелік және инвестициялық қолдау саясатына жан-жақты тоқталу;
– кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін несиелеудің тәжірибелік
мәселелерін қарастыру және оған баға беру;
– шет елдік және отандық несиелеу үдерісінің тәжірибелік
мәліметтеріне сүйене отырып шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін
несиелеуге зерттеулер жүргізу;
– кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстар
мен тұжырымдар жасау.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың
бірінші бөлімінде кәсіпкерліктің теориялық және әдістемелік негіздері
талданып, қызметі, нысаны мен жіктелуі қарастырылса, екінші бөлімде
Арафат ЖШС қызмет ету тиімділігі, ондағы басқару шаралары талданған.
Үшінші бөлімде кәсіпекерлік саласының ел экономикасында алатын әсері жоғары
болғандықтан мемлекеттік қолдау шаралары мен іс-әрекеттері қарастырылған.

1 Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары

1.1 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен
кемшілігі

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард
университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді.
Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: Кәсіпкер болу – басқаның істегенің
істемеу. Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты
ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж)
былай деген: Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында
ұйымдастыратын адам. Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес
ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен
баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген
қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік – жаңашылдық іс. Нағыз кәсіпкер ол -
өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер
бола алмайды.
Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік қабілеттілік деген ұғым бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу
қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе
бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш
қуатын барынша жұмысқа жұмсап, жаңашылдықпен, мақсаттылықпен,
коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау
қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне
қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады.
Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе
қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі.
Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа
ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас
ұрады [1, 32-36].
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық
әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер
бизнестің жаңашылдық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет
термині қолданылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Шаруашылық серіктестігі жайлы
және Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет
шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің
жауапкершілігі жүктеледі;
- коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және
біреудің салынған салымымен);
- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын
мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;
- өндіріс және тұтыну кооперативтері;
- консорциумдар;
- акционерлік қоғамдар.
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу
құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген.
Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза
мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық
есеп. Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі
болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай кәсіпорын мен фирма
ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы
бар: фирма термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен
өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін
процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында
кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда:
ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық
және құқықтық тұрғыдан дараланған [2, 61-63].

1 кесте
Кәсіпорынның ұйымдық түрлері

КәсіпкерліктіАртықшылығы Олқылығы
ң түрлері
Бір тұлғалы Ұйымдастырудағы Капиталды көптеп тартудағы
жекелеген қарапайымдылығы; қызмет қиындықтары; болған
кәсіпорындар жасаудың толық еркіндігі; зардаптарға жауапкершіліктің
нарықтық саладағы шексіздігі; барлық ұйымдық
мінез-құлқының икемділігі; және басқарушылық
қызметінің құпиялығын сақтау іс-әрекеттің біріктірулігі
мүмкіндігі; барлық табыс қажеттілігі.
табудағы максимальды мүдделігі
СеріктестіктеБасқару бойынша міндеттерді Әріптестердің өзара
р бөлу; қаржы тартудағы үлкен өнімсіздігінің ықтималдылығы;
мүмкіндіктер; еркін және сенімсіздік арқасындағы
оперативтік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық
әріптестермен келісу кезіндегі комфортсыздық; Әріптестердің
шектеулілігі. өзара келіспеушілігінің
арқасындағы бұл түрдің
тұрақсыздығы.


1 кестенің жалғасы
Акционерлік Қосымша капиталды тезірек және Басқарудың тым күрделілігі
қоғамдар кеңірек тарту мүмкіндігі; және оның
корпорация қызметі әртүрлі сала оперативтілігінің
шеңберіндегі капитал төменділігі;
қозғалысының еркіндігі; акционерлердің басқаруға
акционерлердің шектеулі қатысуы мен бақылау
жауапкершілігі. деңгейінің жоғары
еместігі; кәсіби құпияның
ашылу мүмкіндігі.
Ескерту: Автормен құрастырылған

Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар
мынандай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар (1-кесте).
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы
мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі
мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:
- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционр меншігінің
негізінде қызмет жасайды;
- мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді
шешу үшін құрылады;
- құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар
құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, Шаруашылық қызметінің
еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы республика заңдарына кәсіпорын
кез келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу
мүмкіндігі айқындалған.
Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық
өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп
кәсіпорынның айналасатын қызметті шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік
экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік
қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік
қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады.
Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет
кәсіпорынға иелік құқық бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және
тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы
әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді [3, 41-48].
Сондықтан да барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ
экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.
Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:
- өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті
тауар мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты;
- алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс іс-
әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды әлеуметтік
дамытуға жұмсалады.
Монопольды мемлекет экономика жағдайында кәсіпкерлік қызмет құқығы тек
мемлекетке ғана жатады. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызметпен айналысуды
тек мемлекетке ғана жүктемейді, әрбір кәсіпорын мен индивидке мүмкіндіктер
жасалады. Бұл нарықтық экономиканы тап-тинақтай етіп, ҒТП талаптарына сай
болуға және тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасатады. Өтпелі
кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі – кәсіпкерлік
құрылымды құру. Оларды масштабы бойынша шартты түрде шағын, орта және ірі
кәсіпкерліктерге бөлеміз. Кәсіпкерлік субъектісі бойынша да бөлінеді:
кәсіпкерлік субъектісіне - әртүрлі экономикалық қызметке қатысатындар, жеке
индивидтер, жеке тұлғалар және жалпы экономикалық мүдделер мен келісім-шарт
міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы жатады. Ал ұжымдық кәсіпкерлікке:
серіктестік, кооператив, акционерлік қоғам, холдингтер және мемлекеттік
кәсіпкрліктерді айта аламыз.
Неміс ғалымы әрі экономисі Йозеф Алоиз Шумпетердің (1883-1950ж) ойынша,
кәсіпкерлік жаңа игілікті дайындауға немесе басқа бір сапалы жаңа игілікті
жасауға бағытталған. Сондай-ақ өндіріске жаңа тәсілді ендіруге, затты
өткізетін жаңа нарықты игеруге; жаңа шикізат пен жартылай фабрикаттар көзін
табуға өндірісті талапқа сай, басқаша құруға күш салады.
Кәсіпкерлік өз бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке негізделген шаруашылық
тәсілі, экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Кәсіпкерлікті құрудың өзекті мәселесі – мемлекеттік меншікті мемлекеттен
алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтық экономикада
бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды, сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол
ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред Маршалл айтқандай,
нарықтық экономиканың басты қасиеті – өндіріс пен кәсіпкерліктің
еркіндігі. А.Маршалл бойынша, кәсіпкер – экономикалық процесті
жеделдетуші.
Нарықтық экономикаға өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық
мәселені шеше алмады. Оны шешу үшін мемлекеттің үйлестіру ролі қажет.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мына
түрде бөлуге болады:
- масштабы бойынша шағын, орта және кәсіпкерлік;
- кәсіпкерліктің субъектілері бойынша [4, 25-26].
Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары
– жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ экономикалық
мүдделерімен, біріккен адамдар тобы, яғни, ұжымдық кәсіпкерлік,
серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар мен осы тәріздес
мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.
Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің даму кешенді және көп деңгейлі
сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін
экономикалық базис болып табылады.
Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау
мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді
кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және
әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа
индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.
Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік
ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын
мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып
табылады.
Атап көрсеткендей, ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше
назар аударылады. Оның рөлі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын
алды. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек
өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған
мәселеге толық талдау керек.
Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті өсу үстіндегі
бала деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, шағын бизнес – бұл өсу
үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала
алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел
шешіп айналысуы қажет.
Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен капитал
тезірек айналатын салдарда, атап айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру
және қызметтер салаларында туады. Бірақ, нарықтық экономиканы реформалау
бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды ырқына
жіберуден және осымен байланысты өскелең инфляциямен басталды, бұл пайыз
өсімнің күрт өсуінен және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің
қаржы базасының жоюына әкелді, бұл өз кезегінде шағын бизнестің
қалыптасуының және оның инвестициялық қызметіеің заңсыз қалуына соқтырды.
Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды.

Осы уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда кәсіпкерлік қызметке ынта
үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.
Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі
компаиялардың айбынының артуы ғылыми техникалық революцияның болуымен,
шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа
өнімдердің көптеген түрлерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта
компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар күн астындағы орын
үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі
қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын
фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен
конструкторлық жұмыстарға шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес [5, 62-
65].
Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа өнімдердің
ортақ санында айтарлықтай мол.
АҚШ-тың сатып алу федералды басқармасының ақпараты бойынша, 50-ші
жылдардың ортасынан 70-ші жылдардың ортасына дейін шағын фирмалар
(жұмысшылар саны 1000 адамнан аз) әртүрлі жаңалық енгізулердің жартысынан
көбін енгізген. Жаңалық енгізулердің төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100
адамдық фирмаларға келеді. Атап айтқанда, шағын компания Apple жеке
компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін олар негізгі
өндірушілердің біріне айналды.
Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуде
айтарлықтай рөлі бар. АҚШ-та соңғы он жылда жаңа жұмыс орындарының 60%-ы
20 адамнан аз жұмыскерлері бар компанияларға келеді. 80-ші жылдардың
басында жұмыссыздықтың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер
мен мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс
орындары қысқаруының орнын толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын
құрал деп санады. Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтері тарапынан
шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі.
Шағын және орта бищнестің болуы және де ірі компаниялардың
(монополияның) мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін
мыңдаған әртүрлі детальдар қажет етіледі. Олардың өндірісіне концерндер мен
келіісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орта фирмалар
маманданады. Электротехника, автомобиль және басқа салалрдың кейбір ірі
монополияларында 20-30 мыңға дейін шағын компаниялар жұмыс істейді. Атап
көрсету керек, шағын және орташа фирмалардың басым көпшілігі ірі
компаниялармен келісім арақатынастары арқасында жұмыс істейді. Францияда,
мысалы, шағын және орташа кәсіпорындардың 40%-ы монополиялармен
байланысты. Ақш-та осындай келісім шарттар жүйесімен 400 мың шамасында
немесе 25% шағын кәсіпорындар қамтылған, оларда 4,5млн адам жұмыспен
қамтылған. Жапонияда да осындай жағдай кездеседі. 80-ші жылдардың басында
шағын кәсіпорындар иелерінің тек өз жанұяларындағы адамдарының еңбектерін
қолдануы Жапониядағы барлық жұмыспен қамтылғандардың 32%, Италияда - 29%,
Францияда - 21% құрады. Монополистік емес фирмалар жаңа салалар
қатарында, әсіресе, ақпарат кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір
нығайтты. ҒТП негізінде іскер қызметтер (электронды есептеуіш машинасы
базасында ақпаратты өңдеу, бағдарламаны қамтамасыз ету, инженеринг, кеңес
беру бизнесі және т.б.) спектрі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың
айтарлықтай жинақталуын қажет тепейді және де шағын компания шеңберінде де
табысты жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны
қамтамасыз ету саласында (70% шамасында) жұмыскерлер саны 10 адамнан аз
компаниялардан құралған.
Демек, шағын және орта бизнестің рөлі мына көрсетілген алты қызметтерден
көрінеді.
Біріншіден, шағын өндіріс нарық конъюнктурасының өзгерісін икемді
сезінеді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорындарына мүмкін емес.
Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы
қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан осы ресурстар
пайдаланылмаған болар еді.
Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес
қосады. Бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы
жағдайында бірінші кезекте маңызды.
Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен
роль атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен
қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80%
келеді.
Бесіншіден, атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық
жаңалықтардың тең жартысы келеді.
Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартудағы орнын
таптырмас бөлігі бар. Ауыр дағдарыс кездерінде халық осыдан жұмыс тауып
және өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады. Кәсіпкерліктің халықаралық
тәжірибесі көрсеткендей, өтпелі экономикада мемлекет, ережеге сәйкес, тек
жаңа басталған сауда кәсіпкерлігі көтермеледі, бұл өндіріс саласындағы
қызметті тиімсіз қалдырды [6, 54-56].

2. Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау

Кәсіпкерлік әрдайым алдына қойылған мақсаттарды және экономикалық
көрсеткіштерді қадағалауды көздей отырып, керекті қызметкерлерді тарта
білулері, қажетті материалдарды ала білулері және сатып алушыларды таба
білулері керек, сонымен қатаролар әкімшілік ету мен басқару шеберлігіне ие
болулары керек. Олар өнімді сатудан бұрын оның бағасы мен құнын дұрыс
есептей білулері керек. Кәсіпкерлік феномені жер, еңбек және капитал сиқты
өндіріс факторларын жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қозғаушы күш болып табылады.
Кәсіпкерлікті тек қана бизнестің басталуымен жиі байланыстырылады.
Шындығында кәсіпкерлік қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі фирмаларда
өндіріс көлемін ұлғайтуға, фирма қызметінің географиясын кеңейтуге,
фирманың дамуына жаңа күш беруіне немесе жай фирманың өмір сүру
қабілеттілігін қолдауға деген қажеттіліктер жиі туындайды.
Кәсіпкерлік қызметінің бұл элементтерін бюджеттік, былайша айтқанда
пайдасыз деп аталатын ұйымдарға да байланысты айтуға болады (1 сурет).
Кәсіпкелік үрдісін қозғалысқа келтіретін іргелі күштерге бірінші кезекте
фирманы құрушы және негізін салушы болып табылатын кәсіпкердің өзі,
бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады (2 сурет).
Тағы да ескеретін маңызды фактор, ол кәсіпорынның болжамсыздықпен,
қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипатталатын нақты әлемде өмір
сүруі. Сондықтан кәсіпкерлік үрдіс – бұл технологиядағы, маркетингтегі,
менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер үрдісі, сәтсіздіктер және
қателіктер арқылы дұрыс инвестицияларды шешімдерді қабылдайтын іздестіру
үрдісі болып табылады.
Экономикада шағын және ірі кәсіпкерліктің дамуы көп деңгейде мемлекет
меншігін жекешелендірумен байланысты, себебі жоспарлы экономикада барлық
орта және ірі кәсіпорындар мемлекет меншігінде болды және тек жекешелендіру
оларды дербес және тәуелсәз етеді. Өтпелі экономикада орта және ірі
кәсіпкерліктің жұмыс істеуі ең қиын және ең өткір мәселе болып қалады,
себебі оның өркен жаюы қоғамдық сананың стериотиптерін жоюмен тікелей
байланысты [7, 65-66].

Сурет 1 Кәсіпкерлік салаларының жіктелуі

Экономикада шағын және ірі кәсіпкерліктің дамуы көп деңгейде мемлекет
меншігін жекешелендірумен байланысты, себебі жоспарлы экономикада барлық
орта және ірі кәсіпорындар мемлекет меншігінде болды және тек жекешелендіру
оларды дербес және тәуелсәз етеді. Өтпелі экономикада орта және ірі
кәсіпкерліктің жұмыс істеуі ең қиын және ең өткір мәселе болып қалады,
себебі оның өркен жаюы қоғамдық сананың стериотиптерін жоюмен тікелей
байланысты [7, 65-66].
Барлық мемлекеттік кәсіпорындар 1985ж толық шаруашылық есепте болжы,
яғни өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруда, бірақ, тек жоспардың
орындалуы үшін күресті, өнімді өткізу мен өзінің сатып алушысын табу
мәселелері берілген кәсіпорындар қамқорлығына кірмеді.

Сурет 2 Кәсіпкерлік үрдісінің қозғаушы күштері

Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған
әр түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша
классификациялау қажет (2-кесте).
Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек қана АҚШ-тың өзінде
олардың саны 7 млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды
бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер
құрылады.

1. кесте
Кәсіпкерліктің сипаты бойынша жіктелінуі

Ұйымдық-құқықтық Шаруашылық сипатынаСалалық қызметінеМеншік нысаны
нысаны бойынша қарай қарай бойынша
Картелдер, Өндірістік, Өнеркәсіп, Мемлекеттік,
Синдикаттар Саудалық, Ауыл шаруашылығы,Қазыналық,
(консорциумдар), Делдалдық, Сауда, Ұжымдық,
Трестер, Банктік, Байланыс, Жалгерлік,
Концерндер, Сақтандырушылық Көлік Кооперативтік,
Концерн-конгломераИнвестициялық, Қаржы, Акционерлік,
ттар, Инновациялық, Несиелік, Жекелеген,
Холдинг-компаниялаИнжирингтік, Мәдениет, Аралас (біріккен),
р, Венчурлік Өнер, Мемлекеттік
Акционерлік (тәуекелділік), Білім, кооператив-
қоғамдар Консалтингтік, Ғылым, Денсаулық тікпен бірге,
(корпорациялар), Аудиторлық, сақтау, Ұжымдық жекемен
Кооперативтер, Трастолық. Тұрғын үй бірге,
Серіктестіктер. шаруашылығы. Мемлекет аралық
(біріккен
кәсіпорын)
Ескерту: Автормен құрастырылған

Осындай құнды бағдарлар бірнеше ұрпақтар өмірлері бойына қалыптасқан бір
сағатта өзгере алған жоқ және нарықтық сипаттағы түсінік пен құндылықтар
қалыптаса алған жоқ.
Кәсіпкерлік психологиясы тек бір уақытта нарық қатынастарының құрылуымен
қалыптасады. ТМД және шығыс Европаның көптеген орта және ірі кәсіпорындары
жылжу үшін үлкен кедергі тез өсудегі төлем төлеу алмаушылық пен зор ішкі
қарыз болды.
Жоспарлы жүйенің тездетіле алынуы мен мемлекеттік және нарықтық
басқарудың жаңа құрылымдарының пайда болуы, олардың компетенциялары,
құқықтары, міндеттері мен статусы қандай екеніне дұрыс анықтамалар
енгізбеді. Пайда болған басқару дағдарысы бұрынғы мемлекеттік
кәсіпорындардың өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі дамытуға қабілетті және
қабілетсіз деп бөлді.
Экономика үшін нарықтың инфрақұрылымының дамымағандығы тән, бұл шағын
кәсіпкерліктің дамуын тежейді.
Қазақстан Республикасындағы 1998жылға дейін тоқтамаған өндірістің
құлдырауы, инфляциялық процесстердің кезіндегі бағалардың өсуі,
тұрғындардың номиналды табыстарының өсуін анық басып озды, бұл өндіріс
саласында оның ішінде шағын бизнес негізінде кәсіпкерлік қызметтің дамуын
айтарлықтай тежеді.
Соңында шағын кәсіпкерліктің дамуының тежеуші факторына өндірістік
саладағы шағын бизнестің маңыздылығын әлі бағаламағандығын жатқызуға
болады.
70-80 ж.ж дамыған елдердегі болған кәсіпкерлік бум ғалымдар мен
практиктердің шағын бизнеске қатысты бұрынғы көзқарастарынан – шағын
кәсіпорындар өмір сүруге жарамсыз, сондықтан олар не жоюылуы керек не ең
ірі компаниялардың маңынан құрылуы тиіс [8, 42-43].
Нақты көрсеткіштер көрсеткендей соңғы онжылдықта (1990-2000ж) олардың
саны екі есеге артты, олардың санының саудада және қызметтер саласында
дамуымен қатар, шағын кәсіпорындардың экономикалық мынандай прогрессивті
салаларында – электроника, биотехнология, ақпараттық қызметтер –
айтарлықтай рөлі бар.
Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және
қолдау үшін мынадай жағдайлар қажет:
- еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың
кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;
- оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыптастыру
(жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем
ақшалар);
- бағдарламада ғылыми-техникалық прогресстің басымдық бағыттарында шағын
кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;
- шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында шағын
кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты ролде болуы керек.;
- ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе
сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі
кәсіпорындардың ресурстарын тарту.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан
Республикасы Президентінің Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен
мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы 1997 жылдың 6
наурызындағы қаулысының үлкен рөлі бар.
Құжат өзінің мазмұны бойынша өтпелі экономика жағдайында шағын
кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.
2001 жылдың басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің 348
мың субъектілері тіркелді, бұл елдің жұмыпен қамтылғандардың жалпы санын
 500 мыңға дейін, оларда жұмыс істеушілер 40%-на жеткізу міндеті қойылды.
Әлемдік тәжірибе шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі
бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің
барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін
тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері
бойынша жекелеген елдерде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері маңызды
рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның
икемділігінартырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және
орта кәсіпкерліктіңдаму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі
экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін жталдайды. Қазақстан үшін
шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған
экономикаға өтетің көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге
қарамастан шағын және орта кәсіпкерлік даму үстінде, экономиклық,
әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді щеще отырып қарқын алуда.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту келесі мәселелерді шешеді:
- қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға
мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың
қалыптасуы;
- ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы.
Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын
кәсіпкерлік қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік
туғызады;
- тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
- экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік
экономикаға өтімділік, икемділік береді;
- өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын
иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
- қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
- адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға,
дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
- еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың
жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер,
мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
- меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының
қалыптасуы;
- ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу
жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және
тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату.
Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта кәсіпкерліктің
экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына
жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын
және орта кәсіпкерліктің рөлін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын
себептерді айтпауға болмайды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай
(инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі,
төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық
қорғалуы) [9,106-105].

1.3 Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау

Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қызметтiң жекеленген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдар үшiн акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны
мiндеттi болып белгiленуi мүмкiн. Қоғамның фирмалық атауы болады. Онда
акционерлiк қоғам деген ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы
қамтылуы тиiс. Қоғамның атынан кейiн акционерлiк қоғам деген оберваториясын
пайдалана отырып қысқартуға жол берiледi. өз капиталының мөлшерi тиiстi
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгiленген айлық
есептiк көрсеткiштiң кемiнде 1 млн. несиеленген мөлшерiндей болатын және
акционерлердiң санын 500 және одан да қоғам халықтық акционерлiк қоғам
болып танылады.
Қазақстан Республикасының территориясында қызмет ететін кәсіпорындардың
дамуы мен қазіргі жағдайына талдау жүргізейік. Шығынды шаруашылық
субъектiлерiнiң ең көбi Ақмола облысында-55,1% (325 есеп берген
кәсiпорынның -179-ы), Солтүстiк Қазақстан облысында-53,4% (232 есеп берген
кәсiпорынның-124-i), Шығыс Қазақстан облысында - 49,9% (360 есеп
бергендердi-179-ы). Статистикалық тiркелiм деректерiнде республика бойынша
2011 жылы кәсiпкерлiкпен айналысатын 128,7 мыңға жақын шағын кәсiпорын
тiркелген (6-кесте). Кәсiпорындардың 71,8% жақыны жұмыс iстейтiн
(экономикалық қызметтi жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын)
кәсiпорындар. Ал, 2010 жылдың мәлiметтерiнде республика бойынша 133,7 мыңға
жақын шағын кәсiпорындар тiркелдi және 2011 жылдың 1 қаңтарында бұл
көрсеткiш 145,1 мыңға жуық шағын кәсiпорындарға жеткен. Экономикалық
қызметтi жүзеге асырған немесе асыра алатын кәсiпорындар саны 2010 жылы
69,5% болса, ал 01.01.2011 жылы бұл көрсеткен 71,2 % құрады. 2009 жылдың
белсендi кәсiпорындардың басым көпшiлiгi (42,1%) саудаға, автомобильдi және
үй мүлiктерiн жөндейтiн салаларға, өнеркәсiп саласына (12,6%) және
жылжымайтын мүлiктерiне операция жасауға, жалдау және кәсiпорындарға қызмет
көрсететiн салаларға (12,8%) тиесiлi.

3 кесте
2012 жылдың қаңтар айындағы ШОК даму көрсеткіштері

Тiркелгендер Жұмыс iстеп тұрғандары
қорытынды,% қорытынды, %

2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы Батыс Қазақстан (33,3%), Алматы
(31,5%), Атырау (23,9%) және Шығыс Қазақстан (17,3%) облыстарында және
Алматы (17,2%) қаласында белсендi жұмыс iстейтiн кәсiпорындар саны қарқынды
өскенi байқалады (3-кесте).
Шағын кәсіпкерліктің белсенді кәсіпорындарының құрылымын өзгерту үрдісі
төменде берілген 1 диаграммада көрсетілген. Белсенді кәсіпорындар арасында
ең көп үлес салмағы саны 6 адамнан аз кәсіпорындардың иелігінде (67,1%).
2010 жылмен салыстырғанда ең көп өсім (15,5%) кәсіпорындардың дәл осы
тобында алынған. Саны 41-50 адамнан тұратын топтардан басқа қалған топтар
бойынша белсенді кәсіпорындар санының 0,2%-тен 5,7% - ке дейін артуы
байқалады [19].

Сурет 1 Шағын кәсіпкерліктің белсенді кәсіпорындарын кәсіпорындардың
мөлшері бойынша бөлу

Шетел мамандарының бағасы бойынша Қазақстан Республикасында
инвестициялау үшін неғұрлым жағымды аудандар болып Алматы Астана қаласы,
сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шығыс
Қазақстан облыстары саналады.
Қазақстан Республикасында 2012 жылы белсенді субъектілер саны 114,5%
болса, оның 116,4-і Алматы қаласында қалыптасқан. Соның ішінде қызмет
ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының шоғырланған орталығы Алматы,
Астана қалалары, Қарағанды және Атырау облыстары. Бұл аймақтарда қызмет
ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының өсуі оңды тенленцияны
көрсетеді. Ол оңтүстік, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 2009
жылы қызмет еткен біріккен кәсіпорындар төмендесе, 2010 жылы қайта көтерілу
байқалады. Ол сол облыстардың инвестициялық ақуалының жақсарғанын
көрсетеді.
Қазақстан Республикасы территориясында қызмет ету түрлері бойынша
кәсіпорындардың тіркелген санын 4-кестеден көруге болады.
Кестеде көрсетілген деректер бойынша, Қазақстан Республикасында
тіркелген кәсіпорындардың бұйымдарын және автокөлікті жөндеу, сауда
саласында, өндіру өнеркәсібінде, қозғалмайтын мүлікпен операциялар жасау
кәсіпорындарындағы қызметтер өсуде. Кестедегі деректерге сүйенсе, Қазақстан
территориясында тіркелген кәсіпорындардың саны жылдан-жылға ұлғаюда.

4 кесте
Шағын кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері

Шағын кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері
  Субъектілер саны, Жұмыспен қамтылғандар Өнім шығарылымы, млн.
бірлік саны, мың адам тенге

Қазақстан территориясында қызмет ететін кәсіпорындардың көбісі өндіру,
сауда салаларына бағытталған. Сонымен қатар бірге, нақты жұмыс
істейтіндермен қатар, ресми жұмысқа тіркелгендер де есепке алынады [10,
11].
Бұл көрсеткіштер Қазақстан Республикасында кіші және орта кәсіпкерлікті
дамыту үшін жағымды жағдайлардың жасалғанын байқатады. Сонымен қатар
еліміздегі шағын және орта кәсіпорындардың жалпы ішкі өнімгер әсері мол.
Соңғы алты жыл көлеміндегі ЖІӨ алатын болсақ, олардағы отандық шағын және
орта бизнестің еншісі 5 кестеде көрсетілген.

5 кесте
ЖІӨ-гі ШОБ еншісі

  2006 2007 2008 2009 2010 2011
Жалпы ішкі өнімге шағын және орта 17,8 17,5 20,4 18,6 20,4 20,2
кәсіпкерліктің ұлесін бағалау, %
Ескерту: ҚР статистикалық мәлеметтерімен жасалған

Кестеде көрсетілген мәліметтерді қарастыра отырып, диаграма құрастын
болсақ, жалпы ішкі өнімге шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін бағалау
көрсеткішінің 2006 жылға қарағанда 2001 жылы өскенін бақылауға болады (2
диаграмма).

Сурет 2 Жалпы ішкі өнімге шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі

Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев атап өткендей шағын
және орта кәсiпкерлiк жұмыспен қамту мен кедейшiлiк проблемаларын шешуде
үлкен рөл атқарады. Сондықтан шағын кәсiпорындардың дамуына ықпал жасау –
экономиканы модернизациялау, оған үлкен икемдiлiк беру үшiн ғана емес,
сонымен бiрге жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамтудың өткiр
проблемаларын жұмсарту үшiн де қажет.
Кәсiпкерлiктi, оның iшiнде шағын кәсiпкерлiктi қолдау еңбекке деген
сұранысты кеңейтудiң айтарлықтай әлеуетiне ие. Сала мамандарының мәлiметi
бойынша, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту – экономиканың құрылымдық
қайта құрылу барысында босаған жґмыс күшiнiң 60%-дан астамын жұмыспен
қамтуға жағдай жасайды. Көптеген реформалаушы экономикада жеке сектордың
бұрынғыларды жоюға қарағанда, жаңа жұмыс орындарын көбiрек ашатынын әлемдiк
тәжiрибе дәлеледеп отыр.
Ауылшаруашылық саласында шағын кәсіпкерлік шаруа (фермер) қожалықтарының
өркендеуімен сипатталады (6-кесте). Республика бойынша 2010 жылы 147,8 %
мыңнан астам шаруа қожалығы тіркелген, олардың 82,6 % - ті жұмыс істеп
тұрғандар. Ал, бұл көрсеткіштер 2011 жылы 174,3 мыңнан астам шаруа
қожалығын құрап, олардың 83,7 %-ті жұмыс істеп тұрғандар болып табылады.
Малдары бар немесе егін алқаптарын пайдаланатын қожалықтар жұмыс істейтін
қожалықтар қатарына жатады.
Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік республикамызда жеке кәсіпкерлік
ретінде де дамып жатыр.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің деректері
бойынша елде кәсіпкерлік қызметті жалдамалы қызметкерлер еңбегін тұрақты
негізде пайдаланатын 26258 жеке кәсіпкер жүзеге асырған, олардың 7600
зерттелуі тиіс, статистика органдарына 6248 жеке кәсіпкерлер.

6 кесте

Шаруа (фермер) қожалықтары және оларда жұмыспен қамтылғандардың саны

Барлық тіркелген Олардан жұмыс істеп Жұмыс істеп тұрған
қожалық тұрғандары қожалықтарда жұмыспен
қамтығандар
Бірлік Қорытынды,Бірлік Қорытынды,Бірлік Қорытынды,
%-пен %-пен %-пен

Әдетте, осы қызмет көрсету жеке кәсіпкерлер қызметін дамытудың негізін
қалайды. Республикада 2011 жылы қонақ үй және мейрамхана бизнесімен
деректер табыс етті, одан әйелдер- 53,7%, еркектер-46,3%. Олардың қомақты
бөлігі Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында шоғырланған
[18]. (3 диаграмма). Жеке кәсіпкерлер үшін сондай-ақ қызмет көрсету
саласы да пайдалы болып табылады, онда қызметті күрделі қаржысыз-ақ жүзеге
асыруға болады.

Сурет 3 Жеке кәсіпкерлер сала бойынша

1 Ауыл шаруашылығы, аңшылық, орман 7 Көлік және байланыс (5,6%)
шаруашылығы (2,8%)
2 Балық аулау, балық өсіру (0,1%) 8 Жылжымайтын мүлікпен операциялар,
жалға беру және тұтынушыларға қызмет
көрсету (3,5%)
3 Өнеркәсіп (5,0%) 9 Білім беру (0,1%)
4 Құрылыс (1,8%) 10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік
қызмет көрсету (1,2%)
Сауда; автомобильдерді, тұрмыстық 11 Коммуналдық әлеуметтік және дербес
бұйымдарды және жеке адам қызметтер көрсету (8,9%)
пайдаланатын заттарды жөндеу
(58,9%)
6 Қонақ үйлер және мейрамханалар
(12,1%)
Ескерту: ҚР статистикалық мәліметтері негізінде құралған

75,5, коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызмет ұсынумен –55,3, көлік
және байланыспен –35,3 кәсіпкер айналысады.
Өңірлер бөлінісінде жеке кәсіпкерлердің жартысынан көбі Оңтүстік
Қазақстан –14,28, Шығыс Қазақстанда –661 және Алматы –639 облыстарында
шоғырланған (4 диаграмма).
Сурет 4 Жеке кәсіпкерлер саны өңірлер бойынша

1. Ақмола 4,4 % 7. Батыс Қазақстан 2,4 12. Павлодар 5,8 %
%
2. Ақтөбе 5,9 % 8. Қарағанды 9,2 % 13. Солтүстік Қазақстан
5,8 %
3. Алматы 10,2 % 9. Қостанай 3,6 % 14. Оңтстік Қазақстан
22,8 %
4. Атырау 3,0 % 10. Қызылорда 3,2 % 15. Астана 7,5 %
5. Шығыс Қазақстан 10,6 11. Маңғыстау 0,8 % 16. Алматы 3,7 %
%
6. Жамбыл 2,7 %
Ескерту: ҚР статистикалық мәліметтері негізінде құралған

Зерттелген кәсіпкерлердің жалдамалы қызметкерлер саны 58025 адамды
құрады немесе бір кәсіпкерге шаққанда орта есеппен 2 адамнан. Жалдамалы
қызметкерлердің қамақты бөлігі сауда, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды
және жеке пайдаланатын заттарды жөндеуде, қонақ үйлер мен мейрамханаларда,
коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызмет ұсынуда, көлікте және
байланыста, ал өңірлік деңгейде – Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан,
Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланған. Бір жалдамалы
қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы –6236 теңге.

Экономикалық қызмет түрлері арасында еңбекақы төлеу деңгейінде едәуір
саралау тән. мәселен, экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық
жалақының ең жоғарғы мөлшері көлік пен байланыста 8738 теңге, құрылыста
–7334 теңге, ең азы – білім саласында – 3478 теңге. Едәуір айырмашылық
еңбекке ақы төлеу деңгейінде және өңірлер бөлінісінде байқалады. Ең жоғарғы
орташа айлық жалақыны Астана қаласындағы, сондай-ақ Қарағанды және Шығыс
Қазақстан облыстарындағы қызметкерлер, ең аз орташа айлық жалақыны-Ақмола,
Жамбыл облыстарындағы қызметкерлер алады екен.
Өнім шығару – кәсіпкерлер табысының негізгі көзі, олардың пайдалылығы
оны шығару жөніндегі жоспарды орындауға байланысты.
Жеке кәсіпкерлер шығаратын өнеркәсіп өнімінің номенклатурасына 80 жуық
атау кіреді. Негізінен, бұл тұтыну тауарлары: киім, бас киім, аяқ киім,
төсек жаймасы, ұн, нан және нан - тоқаш өнімдері, өсімдік майы, шұжық,
макарон, кондитер өнімдері және басқалары.
2011 жылы жеке кәсіпкерлер 27929,4 млн теңгеге немесе бір кәсіпкерге
шаққанда орта есеппен 1,1 млн теңге өнім (тауар, жұмыс, қызмет) өндірген.
Өнімнің (тауардың, жұмыстың, қызметтің) қомақты бөлігі саудаға,
автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдаланатын заттарды
жөндеуге (57,4%), қонақ үйлер мен мейрамханаларға (10,8%), көлікке және
байланысқа (10,0%), ал облыстар бойынша Қарағанды және Шығыс Қазақстан
облыстарына, Алматы, Астана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәннің студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы «менеджмент» пәні бойынша
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
Қаржы менеджментінің даму эволюциясы
Ұйымдық құрылымның жүйелі тәсілдемесі
Шағын бизнесті дамытудың кешенді бағдарламалары
«Алтын сапа» сапа деңгейі
Банк менеджментін ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері және принциптері
Банк менеджментіне жалпы сипаттама. Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері
Сапа менеджментінің принциптері
Пәндер