Мемлекеттік және жергілікті бюджеттер: қалыптастыру және орындалу мәселелері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 102 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекеттік және жергілікті бюджеттер: қалыптастыру және орындалу мәселелері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050510 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы

МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ . . . 7
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТIК ҮРДІСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI
МАЗМҰНЫ: 1. 1 Бюджет түсініктемесі және негізгі түрлері . . . 9
МАЗМҰНЫ: 1. 2 Бюджеттiк үрдістiң атқарылуын бақылаудың үлгiлерi, принциптерi мен стандарттары . …12
МАЗМҰНЫ: 1. 3 Бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны . . . 16
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІНІҢ АТҚАРЫЛУЫ
МАЗМҰНЫ: 2. 1 Республикалық бюджетке түскен түсімдердің атқарылуы . . . 20
МАЗМҰНЫ: 2. 2 Республикалық бюджет шығыстарының атқарылуы . . . 27
МАЗМҰНЫ: 2. 3 Аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуындағы республикалық және жергілікті бюджеттердің рөлі . . . 31
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 3 ҚАЗІРГІ КЕЗЕНДЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ БЮДЖЕТ САЯСАТЫН ТОЛЫҚ ЖЕТІЛДІРУ
МАЗМҰНЫ: 3. 1 Кірістер мен шығыстар бөлімінің бюджеттік қалыптасуы мәселелері . . . 50
МАЗМҰНЫ: 3. 2 Бюджеттік қаражаттардың мақсаты және тиімді пайдалану мәселелері . . . 58
МАЗМҰНЫ: 3. 3 Бюджеттік жүйенің толық жетілдіруін талдау және бақылаудың негізгі қорытындылары . . . 73
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ . . . 79
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 83

КІРІСПЕ

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мөселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермең және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді қүндық бөлудің ерекше саласын қүрайды жөне қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен жөне пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бүл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" үғымының экономикалық мазмүнын құрайды.

Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясы-нан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асыры-лады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді.

Қазақстаи Республикасының бюджет жүйесі бюджет кұрлымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

Мемлекеттік бюджеттің қызметі бүгінгі күні үлкен масштабты алып жатыр, ол мемлекеттік әлеуметтік дамуымен байланысты және қазіргі заманғы капитализмнің мәнін өте маңызды өзгеруіне әкеп соғады. Капиталисттік дамыған елдердің ішінде “әлеуметтік нарықтық экономика ”моделі құрылады.

Сонымен, бюджет - мемлекеттің экономикалық өсуімен халықтың өмір сүру деңгейін көтерудегі ең қуатты әсер етуші құралы болып есептеледі.

Бұнымен қатар бюджет қаражаттарының нәтижелі қолданылуы, мемлекеттің эконимкалық меншігінің субъектілері мен заң шығарудың мемлекеттік қаржы бақылауын қадағалауын сақтау керектігіне көп көңіл бөледі, сондықтан дамыған елдерде мемлекеттің қаржы бақылау ұйымдарына ерекше назар бөлінеді.

Тәуелсіз және жақсы ұйымдастырылған қаржылық бақылау жүйесінің Қазақстанда бюджет жүйесінің модернизациялау мен толық жетілдіру шараларымен бюджет қаражаттарының ашық және сапалы қолданылуына, бухгалтерлік есеп беру жүйелерінің жақсаруына және нәтижелікті жоғарлатумен, мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді пайдалануымен байланысты.

Қазіргі жағдайда Қазақстанда қаржылық бақылауында күрделі өзгерістер жүріп жатыр. Мемлекеттік бюджеттің тиімді қолданылуы мәселелерінің кемшіліктері Қазақстанда ғана емес, және де ТМД елдерінде толығымен зерттелмеген, бұл ғылыми зерттеулердің жүргізілу керектігіне көз жеткіземіз.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мемлекеттік бюджеттің тиімді орындалуы нарықтық қатынастар жағдайларында бюджет заңдылықтарының қиындататын негізгі факторлар мен себептерінің жолдарын табу, және бұл негізінде бюджет қаражаттарының тиімді өсуіне және мемлекеттік бюджет саясатының толық жетілдіруіне сипаттама беру. Қойылған мақсаттардың алдын ала анықтап келесі міндеттерді шешу керек:

  • Өтпелі экономикалық елде бюджет құрылысының негізгі теориялық талдау, мағынасын анықтаумен, мемлекеттің экономикалық қатынастар жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің ролі мен орнын анықтау;
  • Мемлекеттік саясатты бағалау, бюджет қаражаттарының қолдану тиімділігінің жоғарлауына бағытталған;
  • Бюджет процесстің зерттелу тәсілдерінің әбден жетілдіруі және мемлекеттік бюджеттің тиімді жұмсалуын анықтау, бақылау жүйесінің мемлекеттің қаржы ресурстарының қолданылуын жетілдіру ұсыныстарын дайындау;
  • Елімізде бюджет процестерінің мемлекеттік бюджет саясатының перспективті бағытын табу.

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет жүйесіндегі қатынастар. Зерттеу пәні Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті: қалыптасу мәселелері мен орындалуы.

Бюджеттің қызмет етуі мемлекеттің орталықтанған ақша қаражаттарынның құралуы мен пайдалануына байланысты. Бұл - құндық бөлудің бөлек кезеңдерін көрсететін мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің спецификалық нысаны. Кірістер мен шығындар мемлекеттік бюджет сияқты жалпы категорияға қарағанда жекелеген категориялар болып табылады. Екі категория да бюджет сияқты объективті болып табылады және арнайы қоғамдық маңызы бар: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, ал шығында орталықтанған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Қазіргі кезде экономикалық категорияның құрылымы оның тәжірибилік қоладну мехинизмімен әрқашан сәйкес келе бермейді. Объективті нысандармен қатар, экономикалық қатынастардың сыртқы көріністерін білдіретін ұйымдастырушылық қатынастар да болады. Бюджеттік қатынастар саласындағы ұйымдастырушылық нысандар нақты қатынастар түрін, бюджет дефицитін, кірістер көлемін анықтайтын әдістер мен тәсілдерді қамтиды. Жалғасынша, ұйымдастырушылық нысандар бюджеттік қатынастардың нысанын анықтаушы, нақты салық тұрлерін бекітуші мемлекеттің қызметімен байланысты.

Бюджет арқылы мемлекет елдің шаруашылық өмірін, экономикалық қатынастарын реттейді, бюджет қаражатарын салаларды(аймақтарды) қолдау мен дамуына бөледі. Сөйтіп мемлекет экономикалық қатынастарды реттей отырып, өндірістік темптерді мақсатты түрде бір қалыпты ұстап немесе күшейтіп тұрады, жеке жинақтау және капитал өсуін жоғарлауын немесе төмендеуін реттеп, сұраныс пен ұсыныс құрылымдарын өзгертіп тұрады.

Бюджет арқылы ЖІӨ қайта бөлуі екі саты арқылы өтеді: бюджеттік кірістер және қолданылған бюджеттен қаражаттары (бюджет шығыстары) .

Бюджеттік кірістің тұрақтану кезенінде мәжбүрлі түрде алынуы ұдайы өндірістің қоғамдық процессінде мемлекеттің ЖІӨ-ң бөлігі пайдасына алынады. Бұл салық төлеушімен мемлекет арасында қаржылық қатынастарды туғызады.

Мемлекеттік бюджеттің негізінде қаржылық орталықтандыру қағидасы жатыр. Қаржылық орталықтандыру мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын тиімді жүзеге асыру үшін шарттар жасап, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші орындарында ақша қаражаттарының жұмылдырылуына мүмкіндік береді. Құндық бөлудің ерекше облысы ретінде мемлекеттік бюджет арнайы қоғамдық қызметті атқарады - жалпы мемлекеттік қажеттілікті қанағаттандырады. Бюджеттік қаражаттар есебінен ҒТП жеделдету қажеттілігінен туындайтын өндірістің кеңейтілуі, жалпы мемлекеттік деңгейдегі резервтік қорлардың қалыптасуы, қорғаныс, әлеуметтік қорғау қаржыландырады. Ғалымдар «мемлекеттік бюджет» ұғымына әртүрлі түсініктеме береді. Қайтсе де, олар «мемлекеттік бюджет- бұл мемлекет иелігіндегі үлкен орталықтанған қор» деген анықтамаға келіседі.

Зерттеу кезінде тарих, құрылымдық- аналитикалық, логикалық, салыстырмалы- болжамдық, проблемалық, диалектикалық әдістер қолданылды. Жұмыс кіріспеден, сегіз бөлімшеден құралған үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Жұмыс құрылымы алға қойылған мақсат пен міндеттерге жауап береді.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТIК ҮРДІСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

  1. Бюджет түсініктемесі және негізгі түрлері

Мемлекеттік бюджет бұл жалпы мемлекеттік тапсырмаларды және қызметтерді орындауға бағытталған және жеке адамдардың орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын құрудағы және меншіктің барлық формасындағы субьектілер мен мемлекет арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығы.

Мемлекеттік бюджет мемлекеттік несиенің шикізат нарығын және өткізу нарығын игеруге араласуда үлкен роль атқарады. Бюджет процессінің қалыптасуы негізінен дамудың 4 сатысынан өтеді:

1. Бюджет толықтығы

2. Бюджет нақтылығы

3. Бюджет жариялылығы

4. Бюджет бірлігі

Бюджет толықтығынды бюджетке барлық шығыстар мен кірістердің толығымен түсуі салықтық, бюджетік заңдарға сәйкес бюджетің кіріс бөлігінің толық түсуін қамтамасыз етумен тығыз байланысты.

Бюджет бірлігі бюджетті құрудың біркелкі тәртібі ретінде және мемлекеттің барлық шығыстары мен кірістері біркелкі бюджет құжаттарында көрсетіледі. Осылардан басқа, бюджет бірлігі бюджетің өзара салыстырымдылық бөлігін болжайды. Бұл үшін біркелкі бюджет классификациясы қолданылады, яғни біртектілік белгілері бойынша бюджеттің шығыстары мен кірістерінің топтастырылуы.

Бюджет жариялылығы баспасөз ақпараттық құралдар беттерінде жариялануы.

Бюджеттің нақтылығында, мұнда шығыстар мен кірістердің барлық сомасының негізділігі және дұрыстығы болжанады.

Қазақстан республикасы мемлекеттік бюджеті жалпы мемлекеттік ақша қаражаттары қорларын пайдаланудың және қаржылық жоспарды ұйымдастырудың негізі болып табылады. Бюджет мына аталған бюджеттік процестерден өтеді, яғни

оның құрылуы, қаралуы, бекітілуі және орындалуы бойынша қызыметтерді реттейді. Алайда мемлекеттік бюджет ереже бойынша 1 жылға құрылады.

Бюджет құрылған мерзім бюджет жылы деп аталады. Бюджет жылы әрқашан календармен сәйкес келмейді.

Бюджеттің кірісін және шығысын есептеуде келесі әдістер қолданылады:

--автоматты

--мажорация әдісі, яғни минорацияның өсуін көтеру, керісінше

азайту әдісі.

--тікелей бағалар әдісі

Автоматты әдісте өткен жылғы бюджетің кірісі мен шығысы бойынша

қорытындысы жаңа бюджетік жылға өзгеріссіз ауыстырылады. Бұл әдіс

бюджеттің кірісі және шығысы бойынша жеке классификацияда қолданылады.

Мажорация және минорация әдісі 10-15 жылға статистикалықт өңдеуге негізделген, онда тенденция қатары және бюджеттің кірісі мен шығысының

жеке баптары түзетіледі.

Тікелей бағалар әдісінде нарықтық коньюктураны зерделеуде қолданылады. Мұндай бағалауда бюджетті ұйымдастырушылар бюджеттің өзгеруін және мемлекеттік бюджеттің болжамды түсімдерін анықтауға тырысады.

Мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ белгілер тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрып пайдалануға байланысты.

Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады.

Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде обьективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес сомасы ретінде қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған бүкіл халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономика жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызметінен туындайды.

Бюджеттік қатынас мемлекеттің акционерлермен, мемлекеттік және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен республикалық және жергілікті деңгейдегі қаржылық қатынастарынан тұрады, сонымен қатар ақша ресурстарының орталықтандырылған қорының пайдалануы мен тұрғындар арқылы қалыптасуын көрсетеді.

Бюджет мемлекеттік үкімет органдары қызметтерін қамтамасыз ету үшін ақша қаражатын құру және жұмсау формасы болып табылады. Бюджетте қаржы саясатын тиімді тарату үшін қажет.

Бюджеттің барлық түрлерінің жиынтығы мемлекеттің бюджет жүйесін құрайды. Оның бөлек тармақтары арасындағы байланыс, бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құру принциптерін бюджет құрылымы деп атау қабылдан. Мемлекет үкіметі мен мемлекеттік басқарудың республикалық және жергілікті органдары бюджет қатынастары арқылы, басқарудың деңгейлері арасындағы шектеулерге байланысты мақсаттарды қатаң анықтауға бағытталған, қайта бөлінетін ұлттық табыстың белгілі бөлігінің бөлінуін айтады. Қазақстан Республикасының бюджетжүйесі екі тармақтан тұрады. -

  • республикалық бюджет;
  • жергілікті бюджеттер (облыстық) .

Бюджет жүйесі мақсаттары оның экономикалық саясатымен шарттастырылатын мемлекеттің қаржы саясатын таратуда үлкен роль атқарады. Бұл кезде мемлекеттік қаржылық реттеу маңызын бюджет жүйесі арқылы, қаржы ресурстарын қайта бөлу практикасындағы қазіргі уақытта жүретін өзгерістерді ескермей бағылау қиын, бұл қайта бөлулер қаржырыногы арқылы, олардың сұраныстары мен ұсыныстарына сәйкес жоғары деңгейде жүзеге асады. Сондықтан рыноктың қатынастарды мемлекеттік реттеудің ролі салық, қаржы санкциялары, жеңілдік жүйелері арқылы кұшеюі тиіс. Совет Одағы тарағанға дейін, яғни 1991 жылға дейін

Еліміздің бюджет жүйесі біртұтас болды. Соңғы жылдарда, Қазақстан мемлекеттін құру жағдайында, рыноктық қатынастардың дамуы, жеке меншіктің көп түрлілігі, аймақтар дербестігінің күшеюі бюджет құрылымында принципті өзгерістер болды. Әрекет етуші заңдылықтарға сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер дербес түрге көшті.

Бүгінгі күні Қазақстанның бюджеттік тақырыбы республикалық және жергілікті бюджеттерден ( республикаға бағынатын қалалар, облыстар, аудандар, қаладағы аудандардан ) тұрады. Төмендегі схеманы қараңыз.

Сурет 1 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік

бюджеті

Республикалық бюджет .
Жергілікті бюджет .
Облыстар бюджеті .
Республикаға бағыныс-

тағы қалалар бюджеті

( Астана, Алматы )

Облыс бюджеттері.
Облысқа бағыныңқы қалалар бюджеті.
Аудандар бюджеті .
Облысқа бағыныңқы қалалық бюджет .
Аудандар бюджеті .

.

Бұл заң бюджеттің барлық түрлері бойынша олардың анықтамасын береді, кірісте атауы мен шығындар түрі белгіленеді, бюджеттің орындалуы, олардың бекітілуі туралы есептер құру тәртібі қаралады және бюджеттің орындалуына бақылау мәселелері реттеледі жоғары органдар белгілеген, көрсетілген нормативтар бойынша тиісті бюджетке кірістер толығынан немесе аударылатын салықтар тізімі анықталады. Бұдан басқа, бюджеттен тыс қорлардың құралу тәртібі, олардың құралу көздері анықталады.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің басты мақсаты - олардың балансын жасау. Оның үстіне бюджет қорларындағы ақша қаражаты эмисиясы есебінен жабуға жол берілмейді. Бюджет қардарлығын жабудың негізгі формасы - мен мөлшері бюджеті бекітуде және оның шығыс бөлігін қысқартуда анықталатын мемлекеттік қарызды қалыптастыруда.

Жергілікті бюджеттердің жасалуы мен бекітілуі тиісті үкіметін және атқару органдары арқылы, ал олардың орындалуы мәслихат - депутаттар жиналысымен бегітілетін заң анықтайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстары бұл органдардың бюджет құрамына енгізілмейді.

Қазақстан аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер мен басқа да заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтар меншік формасы мен бағыныштылығына қарамастан тиісті бюджет кірісіне салықтар мен алымдар төлейді.

Жергілікті бюджеттердің кірістерін қалыптастыруы мен реттеу, бюджеттен тыс қаржыны құрау тәртібі мен шығысы жөніндегі жекелеген ережелер нақтыланған.

  1. Бюджеттiк үрдістiң атқарылуын бақылаудың үлгiлерi, принциптерi мен стандарттары

Кез-келген мемлекет өз қызметінде қаржылық тұрақтылық саласында белгіленген мақсатқа жету үшін, сол арқылы өркениетті рыноктың экономиканы құруға ұмтылуымен қаржыны басқарады және экономиканы дамыту мүддесіне объективті қызмет ететін бюджеттік қатынастарды пайдаланады. Экономикада қаржы тұрақтылығын белгілеумен және өткізілетін реформаны одан әрі басқару елдегі қаржыны сауатты басқарусыз жүрмейді. Мұндай қызмет болжамдау, жоспарлау, қарау, бекіту, оперативті басқару, реттеу және бақылау сияқты элементтерді біріктіретін арнаулы ұйымның құрылымдармен жүзеге асырылады.

Аталған элементтер мемлекеттік органдарды, заңды және жеке тұлғалардың күнделікті қызметінде қаржы саясатының шаралары жүргізуді нақты қамтамасыз етеді. Қаржыны басқару бюджеттік механизм арқылы жүргізіледі.

Бюджеттік механизм қаржы ресурстарын қоғамдық қызмет, экономика салалары мен ел аймақтары арасында қайта бөлуді қамтамасыз ететін бюджеттік қатынастарды ұйымдастырудың жасалған және қолданылатын мемлекеттік формада кешенін ұсынады.

Бюджеттің механизм құрылымен қаржы құралдарын экономика саласында қайта бөлуге әкелетін бюджетаралық өзара байланыстар, кіріс, шығыстар сияқты бюджеттік қатынастарды бейнелейді. Сондықтан бюджеттік қатынастар мелекет қолында, бюджет қаржысын іске қосу әдістерінде, бюджетті қарау формалары мен тәртібінде және қаржыны кәсіпорындарға, ұйымдар мен өндірістік және өндірістік емес сала мекемелеріне ұсынуда, сондай-ақ қаржы ресурстардан бюджетшілік бөлу мен қайта бөлу, оларды ыңғайластыруда көрінеді.

Өз кезегінде бюджет механизм кірістің нақты түрінде көрініп, қаржы ресурстарының салықтық және салықтық емес әдістерін іске қосу акциздер, пайдаға салық, азаматтардың табысына салықтар, мүлікке салық, т. б . Ол бюджеттік ұйымдарды қаржыландыру формалары мен принциптері, субсидтер, қаржы көмегі арқылы жүзеге асады, жекелеген жағдайларда бюджет қаржысы бюджеттік реттеудің әр түрлі әдістерімен және бюджеттік жүйенің тиісті бөлімшелерімен бекітіледі.

Қазақстан Рреспубликасы Президенті жұмыста органы ретінде Президент аппараты арқылы жүзеге асатын қаржы басқаруда кең өкілеттіктерге ие. ҚР Президенті Конституцияда бектілгендей (44, бап) өзінің қызмет борышына сәйкес Республика ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының елдегі жағдайы туралы халыққа жолдаумен шығады, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегиялық мәселелері бойынша жарлықтармен өкімдер шығарады, үкімет инициативасымен шығарылатын Актілер мен Парламент Актілеріне қол қояды, бұрын шығарылған Президент Актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізеді немесе оларды өзгертеді. Президент ҚР Премьер Министрі ұсынған Республикасының Мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдар үшін еңбек ақы төлемі мен қаржыландырудың бірынғай жүйесін бекітеді. Президент республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасайтын есептеу комитеті мен екі мүшесін бес жыл мерзім қызметіне тағайындайды, Үкімет актілерінің әрекеті және басқа көптеген өмірлік маңызы бар мәселелер толығы мен немесе ішінара ауыстырылады немесе тоқтатылады. ҚР Конституциясының 49 бабына сәйкес ҚР Парламенті заңдылық функцияларын жүзеге асыратын Республиканың жоғары Өкілеті органы. Оған билік өкілеттілігі бекітілуіне сәйкес Парламент Қаулылары мен Қазақстан Республикасы Заң актілері - Заңдарын талқылауға ұсыну мен одан әрі дауысқа салу бойынша заңдылық инициатива құқығында қаржы проблемалары шешу жүзеге асырылады. Парламент республикалық бюджетті және республикалық бюджеттің орындалуы туралы орындауға байланысты бақылау жөніндегі Үкімет пен Есептеу комитетінің есептеріне бекітеді, бюджетке өзгерістер мен қосымшалар енгізеді ( ҚР Конституциясы 53 бап) . ҚР Конституциясы 54 бабына сәйкес Парламент республикалық бюджет пен оның орындалуы, бюджетке өзгерістер мен қосымшалар туралы есептерді талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және өзгертеді

Жергілікті қаржы органдары аппаратына облыстық және қалалық ( Астана және Алматы ), қалалық және аудандық қаржы бөлімшелері мен бөлімдері кіреді . Олар өз кезегінде қаржыны оперативті басқарумен, яғни болжамдаумен, құраумен, орындаумен, ішкі шаруашылық резервтерді зерттеумен және шаруашылық кешені мен әлеуметтік-мәдени салығын барлық буындарында ресурстарды үнемдеуді іздестірумен шұғылданады, қаржыландыруды жүзеге асырады және шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджеттік мекемелерінің қаржы қызметін бақылайды . Қаржы органдары жергілікті атқарушы органдар бағыштылығында болады .

Қаланың қаржы басқармасы ( бөлімі ) құрылымы мыналарды біріктіреді :

  • басшылық ( бастық меңгеруші, оның орынбасарлары ) ;
  • кадырлар бөлімі ;
  • бюджет бөлімі ;
  • бюджет қаржыларын атқаруды бақылау жөніндегі бөлім ;
  • білім және мәдениет мекемелерін қаржыландыру бөлімі ;
  • денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыру бөлімі ;
  • жергілікті бюджетті орындау бойынша бөлім ;
  • кірістерді болжамдау бөлімі ;
  • материалдық өндіріс пен өндірістік емес салаларды қаржыландыру бөлімі;
  • тұрғындарды әлеуметтік қамтуды қаржыландыру бөлімі ;
  • басқару аппараты органдарын қаржыландыру бөлімі ;
  • қаржы органдарын қаржыландыру бөлімі .

Облыстық қаржы басқармасының құрылымы облыс шаруашылығының ерекшелігін ескереді және жоғарыда көрсетілгеннен өзгешелеу . Оған, мысалы, аграрлық секторды қаржыландыру бөлімі кіреді .

Аудандық қаржы бөлімдерінде жергілікті бюджеттің орындалуы жөнінде тиісті бөлімшелер болуы мүмкін . Бөлімдердің орнына инспекциялар, топтар және категориялар бойынша және мамандар болуы мүмкін.

Бюджеттің механизм құрылымен қаржы құралдарын экономика саласында қайта бөлуге әкелетін бюджетаралық өзара байланыстар, кіріс, шығыстар сияқты бюджеттік қатынастарды бейнелейді. Сондықтан бюджеттік қатынастар мелекет қолында, бюджет қаржысын іске қосу әдістерінде, бюджетті қарау формалары мен тәртібінде және қаржыны кәсіпорындарға, ұйымдар мен өндірістік және өндірістік емес сала мекемелеріне ұсынуда, сондай-ақ қаржы ресурстардан бюджетшілік бөлу мен қайта бөлу, оларды ыңғайластыруда көрінеді.

Өз кезегінде бюджет механизм кірістің нақты түрінде көрініп, қаржы ресурстарының салықтық және салықтық емес әдістерін іске қосу акциздер, пайдаға салық, азаматтардың табысына салықтар, мүлікке салық, т. б . Ол бюджеттік ұйымдарды қаржыландыру формалары мен принциптері, субсидтер, қаржы көмегі арқылы жүзеге асады, жекелеген жағдайларда бюджет қаржысы бюджеттік реттеудің әр түрлі әдістерімен және бюджеттік жүйенің тиісті бөлімшелерімен бекітіледі.

Өзінің функционалдық ерекшеліктеріне қарамастан бұл құрылымдық звенолар мен элементтер бір тұтас ретте қызмет етеді, сонысымен бюджет механизмі тұтасымен қалыптасуына жеткізеді.

Қаржы стратегиялық ретінде және оперативті басқарылады.

Қаржы стратегиялық басқару, оның ішінде мемлекеттік бюджетті басқару Қазақстан Республикасы Конституциясымен мемлекеттік басқару мен мемлекеттік биліктің жоғары органдарына жүктелген. Олар: Президент, Парламент ( сенат және Мәжіліс ), Үкімет. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз кезегінде өзінің қаржы басқаруын ҚР бюджеттік жоспарлау мен экономика министірлігі және ҚР Қаржы Министірлігі арқылы жүзеге асырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазынашылық жүйе
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
Жергілікті бюджеттің қалыптасуы мен тиімді пайдалануының есебі мен аудитін ұйымдастыру
Экономиканың тұрақты дамуы жағдайындағы бюджет саясатының ахуалы
Бюджеттік хұқ
Мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі
Республикалық бюджеттің экономикалық мазмұны
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі
Салық түсімдерінің мемлекеттік бюджетке жоспарлануы
Қазақстан Республикасында бюджеттік жоспарлау жүйесін қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz