Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу: жағдайы, мәселелері және басымдылықтары


Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу: жағдайы, мәселелері және басымдылықтары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050510 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
6
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 1. МИГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ . . .
6: 10
КІРІСПЕ . . .: 1. 1Миграциялық процестер түсінігі және түрлері . . .
6: 10
КІРІСПЕ . . .: 1. 2Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеудің әдіс-тәсілдері . . .
6: 20
КІРІСПЕ . . .: 1. 3Шетел мемлекеттеріндегі миграциялық процестерді мемлекеттік реттеудің жағдайы, мәселелері және басымдылықтары . . .
6: 24
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ЖАҒДАЙЫН, МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖӘНЕ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫН ТАЛДАУ . . .
6: 33
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Қазақстандағы миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу мәселелеріне талдау . . .
6: 33
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Қазіргі кездегі Қазақстандағы еңбек миграциясы жағдайына талдау . . .
6: 38
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Астана қаласындағы миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу . . .
6: 48
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . .
6: 56
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Еліміздегі миграциялық процестердің болашағы . . .
6: 56
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Шетел тәжірибесі бойынша Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестерді реттеуді жетілдіру жолдары . . .
6: 61
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
6: 69
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
6: 73

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына жолдауында, бірінші ұзақ мерзімдік басымдық ретінде ұлттық қауіпсіздікті қояды. Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз, -дейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев, ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші-қон саясаты шығарылуы керек, -деген еді[1] .

Бұрынғы Кеңес Одағының аумағында жаңа тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін осы мемлекеттердегі экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайдың түбегейлі өзгеруіне байланысты жаңа мәселелер туындады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды.

Сонымен қатар Қазақстанға шетелдерден халықтың көп көлемде көшіп келуі тән болып отыр. Бұл мемлекеттік шекаралардың ашық болуына, республиканың геосаяси орналасуына, ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына, сондай-ақ көші-қон жөніндегі заңдардың жетіспегендігіне, әрі көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеу тәжірибесін жетілдіру мақсатында туындап отыр. Мемлекеттің саяси тұрақтылығы, оның нарықтық қатынастарға мақсатты түрде бағыт алуы Қазақстанды шетел капиталы мен жұмысшы күші үшін тартымды етіп отыр. Мұның өзі Қазақстандағы халық санының өзгерулеріне әсер етуде. Елге көшіп келушілерге байланысты жаңа мәселелер туындауда.

Экономикалық реформалардың тереңдей түскен кезінде елдің демографиялық жағдайында едәуір өзгерістер болуда, бүкіл елдегі және Қазақстан Республикасының аймақтарындағы көші-қон процестерінің сипатына, түрі мен бағытына маңызды түзетулер енгізілуде, республиканың еңбек ресурстарының едәуір бөлігі босап шығуда. Жан-жақты әлеуметтік-экономикалық, аймақтық даму, өмір сүрудің, халықты жұмыспен қамтудың, оның табысының және экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу мәселелері маңызды болып табылады. Дамудың объективті факторларынан туындаған Қазақстанның аймақтарының дамуының әркелкілігі мәселесі жұмыспен қамтудың құрылымын жетілдіруді талап етіп отыр.

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі де осы мәселелерге байланысты еліміздегі миграциялық процестерді мемлекеттік реттеудің қазіргі жағдайы, мәселелері мен басымдықтары болып отыр.

«Миграциялық процестер» түсінігі адам ресурстары өндірісі, үлестірілуі, алмасулары және тұтынулары тұрғысынан алғандағы қоғамдық қатынас салаларының негізгі белгілерінің кең ауқымын қамтиды[2] .

Халықтың көші-қонының жаңа сипаттағы экономикаға өту процесіне ықпалы ұлғая түскен сайын, осы процесті реттеудің біртұтас жүйесін жасауға қажетті оның табиғаты мен мәнін, әрқилы түрлерін және деңгейлерін, әдістемелік ұстанымдарын зерттеудің көкейкестілігі арта түседі.
Қазақстан Республикасы үшін экономикалық дамудың қазіргі жағдайларында болашақ дамудың: көші-қонның теріс ықпалы үнемі өсіп отырған дамушы елдің шаруашылық жүйесінен бастап, көші-қон үдерістері жалпы дамуға жағымсыз әсерін тигізе алмайтын қуатты жаңа мемлекетке айналуға дейінгі кең спектрі бар. Оның үстіне мұндай таңдау - республика халқының саны ұлттық экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін шекке дейін азаятындай дәрежеге дейін төмендеуі мүмкін.

Сонымен Қазақстан Республикасының миграциялық саясатының басты мақсаты-миграциялық процестерді басқару, халықтың көбеюіне немесе тұрақтануына ықпал ететін және мемлекетіміздің біртұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болуы керек. Ол үшін миграциялық саясаттың қауіпсіздігімізге ықпалын, жүйелік, құрылымдық-қызметтік, тарихи, бихевиористік, салыстырмалы, социологиялық әдістер арқылы зерттеп білу қажет.

Қазақстанның белгілі демографы М. Б. Тәтімов миграциялық саясаттың қандай болуы керектігі жөнінде өзінің пікірін былай білдіреді: «Миграциялық саясат, үлкен территориясы бар жаңа унитарлы мемлекет Қазақстан Республикасының беріктігінің күшеюінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы керек»[3] .

Миграциялық үдерістер социологиялық зерттеудің бір саласы ретінде қалыптасып отыр. Миграциялық процестердің заңдылықтарын меңгеретін, миграцияға түрткі негізгі факторларды зерттейтін орта деңгейлі теория - миграция социологиясы қалыптасып, одан әрі дамып келеді.

Миграциялық үдерістердің қарқыны жиырмасыншы ғасырда ғаламдық қарқын алып, барлық континеттерді, әлеуметтік таптар мен қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыды. Мигранттардың өзге мемлекеттерге кетуі өзекті мәселеге айналды. Мигранттардың қатарында еңбекке қабілетті экономикалық белсенді халықтар, сапалы мамандар (ақыл ойдың сытылуы), білімі, күш-қуаты мол жастар еңді. Осындай факторлар мемлекеттің дамуына, әлеуметтік жағдайдың оңтайлауына кері әсерін тигізді. Яғни, миграция барысында донор мемлекеттің басты ресурсы - адам капиталын жоғалтты. Ал, қабылдаушы мемлекетке мигранттар үлкен көлемдегі инвестицияға айналды және айнала бермек. Донор мемлекет кеткен мигранттарды кері қайтарып, мигранттың жинаған тәжірибесін мемлекет мүддесі үшін қолданған жағдайда ғана сол мигрантқа кеткен шығынды қайтара алатындығы Азия мемлекеттерінің тәжірибесінен белгілі.

Сонымен қатар, қазіргі заманғы экономиканың жоғары қарқынмен өзгерулері жағдайында болып жатқан оқиғаларда бірқатар елдердің түпкілікті емес халықтың саны басым болған мемлекетке айналу қаупінің шындыққа айналып келе жатқанын байқауға болады. Соған орай көші-қон процестеріне байланысты мәселелерді жүйелі тұғырнамалық талдап-зерделеудің қажеттігі мәселесі алға шығады.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Көші-қон процестерін мемлекеттік реттеудің жағдайы, мәселелері және басымдықтарына байланысты мәселелерді теориялық талдап-зерттеулер шетелдік және отандық мамандардың ілім-білімнің әрқилы салаларында алған нәтижелерін пайдалануды көздейді. Соған байланысты осы мәселелердің әрқилы теориялық аспектілерін зерттеп-зерделеу оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлін талдаумен үйлестірілді. Бұлардың бәрі төмендегі батыс ғалымдарының зерттеу жұмыстарында көрініс тапқан: Дж. Симон, А. Акбари, Х. Борхас, А. Смит, Т. Мальтус, Т. Жанн, Ж. Кольбер, С. Фортрей, К. Маркс, Н. Джексон, Дж. М. Кейнс, М. Фридмен, А. Маршалл, және тағыда басқа ғалымдарды атауға болады. Срнымен қатар көші-қонның және оның әлеуметтік аспектілерінің мәселелеріне арналған еңбектердің саны өсуде, оларда әлеуметтік даму процесінің көпмәнділігі және қарама-қайшылықтары көрсетілген, көші-қонға кедейшілік, әлеуметтік қамтамасыз етудің деңгейі, еңбек нарығының жағдайы, жұмыссыздықтың деңгейі тәрізді жәйттердің ықпалы талданған.
Көші-қонды тек қана экономикалық тұрғыдан емес, сондай-ақ демографиялық, тарихи, саясаттану пәндерінің тұрғысынан да қарастырылған еңбектерде көші-қон процестерінің мәні мен табиғатын түсінуге қажетті аса маңызды жалпы теориялық және әдістемелік ережелер кездеседі.

Көші-қон үдерістеріне байланысты мәселелерді жалпы теориялық және әдістемелік талдап-зерттеуге, социалистік кезеңнен кейінгі жағдайлардағы өзгерістер дәуірінде көші-қонды реттеу жолдарын іздестіруге қажетті аса маңызды көзқарастар Ресейдің төменде аты аталған белгілі ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің еңбектерінде кездеседі: В. Зеленский, С. Панарин, Е. Красинец, Е. Тюрюканова, В. Ионцев, Г. Кумсков, Л. Рыбаковский, Н. Токарская, А. Вишневский, Е. Виноградова және тағы басқалар.
Осы зерттеліп отырған тақырып үшін Қазақстанда жүргізіліп отырған экономикалық реформалардың мәселелерін зерттеуге арналған отандық ғалымдарының зерттеу еңбектері аса маңызды мәліметтер береді. Олардың арасынан академик К. Сағадиев, Н. Мамыров, Ю. Шокаманов, М. Тәтімов, Л. Тимошенко, Т. Рогачева, Е. Арын, М. Мелдаханова, А. Сатыбалдин, Т. Есполов, Х. Берешев, К. Ахметов және басқалардың жұмыстарын атап өткіміз келеді.

Қазақстандық кейбір ғалымдар да еңбек миграциясын қазақстандық қоғамымыздың демографиялық, саяси, ұлттық, қауіпсіздік контекстілерінде зерттеп, өз еңбектерін, мақалаларын жариялады. Олар: Тасмағамбетов, Б. Г. Аяған, М. Б. Тәтімов, Қ. К. Тоқаев, И. Н. М. Х. Асылбеков, А. Б. Гали, К. Л. Сыроежкин, В. В. Козина, Е. Ю. Садовская, А. А. Нұрмағамбетов, Ф. Н. Базанова, Н. В. Романова, Н. Э. Масанов, Г. М. Мендқұлова, Б. Б. Әбдіғалиев, А. Т. Тилесов, А. И. Лұқпанов, т. б.

Жеке аймақтың этнодемографиялық жағдайы, халық санының өсу динамикасы Қазақстан халқының қалыптасуы мен дамуына тигізетін әсері сөзсіз, сондықтан М. Н. Сыдықовтың «Изменения национального и социального состава населения Западного Казахстана (конец XIX в. -1989 г. ) » докторлық диссертациясының орны ерекше[4] . Үлкен экономикалық аймақтың даму тарихы мұрағаттық құжаттар мен статистикалық халық санағының материалдары, өзге де демографиялық дәйектер арқылы жан-жақты қаралған. Шығыс Қазақстан халқы туралы статистикалық мәліметтер беретін Н. В. Алексеенконың еңбектері, О. Д. Табылдиеваның XX ғасырдағы Маңғыстау халқының тарихы, Солтүстік Қазақстан аймағындағы халқының динамикасы туралы Ә. А. Какенованың еңбектерінде талданды. Еліміздің басқа аймақтарына арналған ғылыми зерттеулердің ішінде Г. К. Қадырқұлованың «Население Семиречья в 1867-1926 г. г. (историко-демографические аспекты) »[5] және М. К. Төлекованың «Жетісу өңірі халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы (1897-1999 ж. ж. ) » атты еңбектерін атап өтуге болады [6] .

Зерттеу жұмысының объектісі Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестерді мемлекеттік реттеудің жағдайы, мәселелері және басымдылықтары болып отыр.

Зерттеу жұмысының пәні - Қазақстандағы қазіргі заманғы миграциялық процестердің дамуы.

Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты - миграциялық процестерді мемлекеттік ретеудің теориялық және әдістемелік мәселелерін, Қазақстандағы қазіргі заманғы миграциялық процестердің дамуын, оның мәнін, себептері мен нарықтық жағдайдағы қоғамның дамуына келтіретін салдарларын, оны мемлекеттік реттеу мақсатында жүргізілетін экономикалық саясаттың ең дұрыс жолдарын таңдаудың теориялық-әдістемелік негіздерін кешенді зерттеу болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі өзара байланысты міндеттерді алға қою және шешу қажет деп есептейміз:

- миграциялық процестердің мәні мен ерекшеліктерін және нарықтық жағдайдағы экономикалық іс-әрекетке ықпалын анықтау;

- миграциялық процестердің мәні дамуының халықаралық процестерін, негізгі түсініктері мен категорияларын талдап-зерделеу;

- миграциялық процестердің мемлекеттің экономикалық саясатымен және Астана қаласының миграциялық процестеріне талдау жасай отырпы, тақырыпты ашу.

Диплом жұмысының әдістемелік негіздері. Әлемдік экономика ғылымының дайындап шыққан теориялық ережелері, сондай-ақ ТМД елдері мен алыс шетелдің экономист-ғалымдарының еңбектері осы зерттеу жұмысына бастапқы негіз болды.

Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. МИГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Миграциялық процестер түсінігі және түрлері

Тарихқа шолу жасасақ ең алғашқылардың бірі болып миграциялық процестерді жүйелендірген ағылшын ғалымы Е. Г. Равенштейн болған еді. Оның 1885 жылы жасап берген миграцияның оң бір заңын немесе ережелерін қазірдің өзінде миграциялық теорияны жасаушылар негізге алады. Осы он бір ереженің ішіндегі бүгінгі күнде қоғамның дамуында алтыншы және жетінші заңдылықтар берік және анықтаушы сипатқа ие. Яғни: миграцияның көлемі өндірістің, сауданы, әсіресе көліктің дамуына байланысты көбейе түседі; миграцияның ең басты анықтаушысы-экономикалық себептер болады.

Миграция дегеніміз - бұл әлеуметтік-экономикалық катынастарға байланысты болатын миграциялық қозғалыс. Миграцияның мынандай категорияларға негізделген интегралды функциялары бар, олар:

1) типі;

2) түрі;

3) формасы;

4) себебі;

5) деңгейі.

1) Миграциялық қозғалыстар бір елдің ішінде де, осымен бірге мемлекеттердің арасында да болады. Сол себептен де тұрғын халықтың миграциясының екі типін бөліп алады: халықаралық (мемлекетаралық, сыртқы) және ішкі (мемлекет ішілік) [6] .

Халықаралық миграцияға иммиграция және эмиграция деген түсініктер тән. Біріншісі, бір елге жұмысқа орналасуға немесе оқуға түсу мақсатында және басқа да себептерге байланысты басқа елге барып кіруді білдіреді. Екіншісінде елден кету туралы айтылады. Осыған байланысты эмигранттар жэне иммигранттар болып бөлінеді. Ішкі миграция дегеніміз - бір мемлекеттің территориясы көлеміндегі қозғалыс. Ішкі миграцияның ағымдары мынандай бағыттары бойынша бөлінеді: қала-қала; ауыл-ауыл; ауыл-қала.

2) Ішкі де, сыртқы миграцияға да мынандай негізгі түрлер тән. Олар: маусымдық миграция, маятниктік миграция (челноктық, шекаралас), зпизодтық миграция, мәжбүрлі миграция, заңсыз (астыртын) миграция. Осы жоғарыда айтылған миграция түрлерімен қатар, қазіргі кезде зерттеушілер моральдік миграция түрін де бөліп алуда. Яғни, адам қоныс аударғысы келгенімен қаржысының жоқтығынан көшіп кете алмайды, осымен қатар бұл жерде кедейлік миграциялауға себеп те болады және қоныс аударуға кедергі келтіретін де фактор болып табылады.

3) Формасына қарай миграциялық козғалыстарды былай деп бөлуге болады: мемлекеттің немесе әр түрлі қоғамдық өұрылымдар (мәселен, ұйымдастырылған түрде еңбекшілерді жинау, қоғамдық үндеулер бойынша миграция) көмегі арқылы жүзеге асатын коғамдық-ұйымдасқан және ұйымдаспаған, яғни мемлекеттің көмегінсіз жүзеге асатын.

4) Миграциялық қозғалыстарды себептеріне байланысты жіктей отырып мыналарды бөліп алуға болады, олар: экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, діни, нәсілдік, әскери, демографиялық (отбасының бірігуі, некелік миграция) және т. б.

Қазіргі кезеңде миграцияны қандай факторлардың анықтағанына қарамастан, басты орынды экономикалық алады.

5) Тұрғын халықтың миграциясы үш деңгейге бөлінеді. Бірінші деңгей-бұл миграциялау туралы шешімді қабылдау[7] .

Екіншісі - бұл территориялық қоныс аудару, жоғарыда айтқандай ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған, яғни мигранттың өзінің тәуекеліне байланысты.

Үшіншісі - бұл мигранттың жаңа орынға, жана жұмысқа бейімделуі және үйренуі деңгейі.

Әдістемелік принцип талаптары бойынша, миграцияны қарастыратын зерттеуші, бұл әлеуметтік-саяси құбылысты жан-жақты түсіну үшін белгілі бір зерттеу іс жосығын анықтап алуы керек. Сондықтан да, зерттеуші өзінің зерттеу жұмысында ғылыми танымның барлық әдістер қорын қолданғаны жөн, ғылыми танымның әдісі сапасында тарихи әдіс те әлеуметтік құбылыстар мен процестердің пайда болуын, қалыптасуын және тарихи жағдайларға байланысты дамуын зерттейді. Мәселен, астыртын мигранттарды, гастарбайтерлерді қанап, ауыр жұмысқа салу, қазіргі кездегі құлдықтың бейнесі. Осыған таза мысал ретінде, қырғыз және өзбек мигранттарының Қазақстандағы ауыр жағдайларын келтіруге болады.

Құжаттардың, ақпараттардың ең басты мәселелерін білуде контент-анализ де маңызды. Мәселен, миграция мен демографияға байланысты арнайы бағдарламаларға контент-анализ жасалынып, оның басты көрсеткіштері бірінші және екінші бөлімде пайдаланылды. Мысалға, 2003-2004 жылдардағы БАҚ-ның мигранттар туралы материалдарына контент-талдау жасалынды. Нәтижесінде «Экспресс К», Казахстанская правда газеттерінің кейбір сандарында ғана заңсыз мигранттар туралы, олардың қайыршылықта өмір сүретіндігі, осыған байланысты қылмыс жасайтындықтары жазылған.

Халықтың миграциясы - латын тілінен аударғанда көшу, орын ауыстыру деген мағына береді. Ғылымда миграцияға байланысты 30-ға жуық анықтама бар.

Миграцияға деген қызығушылық тек жиырмасыншы ғасырда ғылыми түрде зерттеле бастағанымен, миграцияның тарихы адамзаттың пайда болуымен басталады. Миграцияның негізгі себептері ретінде табиғи апаттардан қашу, өмір сүруге ыңғайсыз климаттық жағдайлардың болуы, өмір сүру территориясына өзге қарсы топтардың қысымынан болатын көшулер, жауланған құлдарды еріксіз өзге жерге эксплуатациялау секілді миграцияға түрткі факторларды атауға болады. Әлем тарихындағы миграция басым жағдайда мәжбүрлі түрде немесе империялардың «саяси амбициясы» әсерінен жүрген. Оның дәлелі, ХІХ-XX ғасырлардағы Еуропалық империялардың колониялды саясатын айтуға болады. Соның ішінде қазақтардың арғы тегі Ғұндардың (Қыпшақтардың) Еуропаға қоныс аударғандығы, Аттиланың Еуропаны жаулаған сәтте өзге еуропалық халықтардың қазіргі Ресей мен Шығыс Еуропа жеріне миграция жасағандығы тарих беттерінде жазылған. Бұл көш - «Ұлы көш» деген атпен белгілі [8] .

Миграциялық үдерістердің даму динамикасында бірнеше кезеңдерді көрсетуге болады: алғашқы қоғамдық дәуірдегі миграция, жаңа мыңжылдықтағы миграция, орта ғасырлардағы миграция, жаңа заманғы миграция, бірінші дүниежүзілік соғыстан бұрын және кейін болған миграциялар, екінші дүниежүзілік соғыс кезіңдегі және соғыстан кейінгі миграциялар және қазіргі заманғы миграция. Қарап тұрсақ, әр заманның миграциялық процестерінде өзіңдік ерекшеліктері болған. Сондықтан, әлеуметтік жағынан қарағанда миграцияның типтері қалыптасты деуге толық негіз бар. Миграцияның типологиясын социологиялық тұрғыдан Т. Н. Юдиннің «Миграция социологиясы» кітабында толықтай көрсетілген.

Миграцияны келесі топтамаларға бөлсек болады:

Иммиграция (лат тілінен. emmigro - қоныстанамын) - шетел азаматтарының мақсатты түрде білгілі бір мемлекеттерге көшіп келуі (ұзақ уақыт болуы мүмкін) . Егер қоныс аударушы бір жылдан артық уақытқа қалса ол толығымен «иммигрант» деп саналады.

Иммиграциялық ағымдарды шартты үш топқа бөлуге болады. Реэмиграция - титулды халықтың отанына оралуы (ҚР-да анықтама бойынша оралман деп аталады) . Иммиграция негізгі екі катигорияға: транзитті және заңсыз иммигранттар. Тұрақты және уақытша экономикалық иммиграция. Уақытша жұмыс күшінің экономикалық миграциясы секілді түрлері бар (құрылыс, өнеркәсіп, транспорт және ауылшараушылығы салалары кіреді) .

Енді заңды миграцияны талдап көрелік. БҰҰ-ның эксперттері халықаралық миграцияның заңды қатысушыларын бес категорияға бөледі: білім алуға келген шетелдіктер; жұмыс істеуге келген (кеткен) мигранттар; отбасы құру, отбасын қайта біріктіру линиясындағы мигранттар; тұрақты көшіп бара жатқан мигранттар; мемлекетке арнайы жіберілген адамдар (қашқындар, саяси баспана іздеушілерге т. б. ) [9] .

Эмиграция (лат тілінен. Emigro - көшіп барамын, орын ауыстырамын ) - белгілі бір мемлекеттен білгілі бір уақытқа өмір сүруге кетуі. БҰҰ-ның эксперттері эмигранттар қатарына бір мемлекеттен екінші мемлекетке бір жылдан ұзақ уақытқа кеткен адамдарды «эмигрант» санатына жатқызуға болатының айтады.

Эмиграцияның себептеріне: экономикалық (жұмыссыздық, табыстың аз болуы, өмір сапасының төмендігі т. б. ) ; әлеуметтік (қоныс аударатын аймақтың өмір сапасының жақсы болуы, сапалы білімге қол жетімділік, әлеуметтік статусының жоғарылауы т. б. ) ; әскери-саяси (соғыстың болуы, қақтығыстар мен жаңа мемлекеттердің пайда болуы) ; этникалық (ұлттардың өз отанына қайта оралуы, этникалық дискриминация мен қақтығыстар т. б. ) ; демографиялық (шетелдік азаматпен неке құру, отбасын қайта құру) ; экологиялық және географиялық (табиғи-климаттық жағдайдың нашарлығы, табиғи катаклизмалар, техногенді катастрофалар мен апаттар) ; діни және өзге де себептермен эмиграция жасауы мүмкін.

Заңсыз миграция - белгілі бір мемлекетке азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдіктердің қоныстанушы мемлекеттің заңнамаларын бұза отырып шекараны кесіп өтуі.

Біз қашқындар мен саяси баспана іздеушілер жайында ақпарат құралдары арқылы естіп-біліп жатамыз. Бұл екі ұғым өзара ұқсағанымен, мағынасында, қолдану аясында айырмашылықтар бар. Мәселен, діни қысымның әсерінен, мемлекеттің дискриминациясынан қашқан адаммен, бір бай немесе саяси тұлғаның өзге мемлекетке баспана сұрап барғаның алсақ, алғашқысының жағдайы әлдеқайда ауыр, қиын. Бірақ, бұл ұғымға БҰҰ-ның берген нақты анықтамасы бар. 1951 жылғы қашқындардың статусы жөніңдегі Конвенцияда: «Қашқын дегеніміз - белгілі бір мемлекетте азаматтардың нәсіліне, діни наным-сеніміне, азаматтығына, белгілі бір әлеуметтік топқа мүше болуына немесе саяси көзқарасына байланысты мемлекеттен қауіп-қатер туған жағдайда, сол мемлекеттің жеке басының бостандығын қорғауынан бас тартуы немесе қаламауы» деп көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты
Қазақстан Республикасына шетел жұмысшыларын жұмысқа тарту мәселесі: халықаралық құқықтық қырлары
Заңсыз иммигранттар
Қазіргі көші - қон процестерінің мәселелері
Қазақстан Республикасындағы еңбек миграциясының динамикасы мен себептері және оның елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері
Көші - қонның шарықтау шегі
Демография және әлеуметтану
Орталық азиядағы миграциялық үрдістер, соның ішінде Қазақстанның миграциялық статистикасына талдау
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
ҚАЗІРГІ МИГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУ: ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz