Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу


Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050510 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МАҢЫЗЫ . . . 8
1. 1 Сыртқы экономикалық қатынастардың экономикалық теориясы . . . 8
1. 2 Сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізудің негізгі қағидаттары . . . 22
1. 3 Сыртқы экономикалық саясаттағы экономикалық қоғамдастықтың маңызы . . . 28
2 ҚАЗАҚСТАНДА СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ . . . 33
2. 1Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметін талдау . . . 33
2. 2Сыртқы экономикалық қызметті реттеудегі тарифтік және бейтарифтік әдістер . . . 35
2. 3Сыртқы экономикадағы Қазақстандағы кедендік саясаты . . . 45
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ . . . 54
3. 1 Қазақстан Республикасының сыртқы шеңберінің даму жолдары . . . 54
3. 2 Сыртқы саудаға бағытталған өндірістердің инвестициялық тартымдылығын дамыту жолдары . . . 61
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 76
КІРІСПЕ
Экономикамыз өтпелі кезеңнен өтіп, халқымыздың әлеуметтік, демографиялық, саяси қорғалған деп санауға болатын уақытта, алдағы тұрған басты мақсаттардың бірі әлемде күшті дамыған мемлекеттерінің қатарына кіру және оған жетудің ең басты шарттарының бірі болып өнеркәсіп, өндірісті ары қарай дамыта отырып, экспортты арттыру. Меркантилистер іліміне сүйенсек, мемлекет баюының басты шарты - экспортты көбейтіп, импортты барынша азайту.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңі деген «Ішкі және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді бағыт» атты 2011 жылдың 28 ақпанда Қазақстан халқына Жолдауында: « . . . біздің ауқымды алқаптарымыз, ауыл шаруашылығы жерлеріміз - орасан зор әлеуетіміз. Көптеген өлшемдер бойынша біз Канада мен Австралияға ұқсаспыз, бізге тек бір нәрсе - олардың өнімділігі мен экспорттық әлеуеті жетіспейді», - деп, айтылғанын ескерсек, онда экономикамыздың қазіргі уақыттағы мемлекетіміздің ішкі қажеттілігін қанағаттандыруын және мемлекет мүмкіншілігінің әліде мол екендігін есепке ала отырып, экспортты бар мүмкіншілігінше дамытып, одан көп мөлшерде пайда алуымыздың мүмкіншілігі зор. /1/ Осы жағдайды жүзеге асыра отырып, одан алынған пайданың, яғни шетел қаржысының мемлекет қоржынына құйылатынына анық екенін түсіне білсек, экономикалық байлықтың бірден-бір нысаны экспорт екенін түсінуге болады.
«Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» 2010 жылдың 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан жақын он жыл ішінде өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің дамыған 50 елдің қатарына қосылуға тиіс деген стратегиялық мақсатқа ұмтылуға тиіспіз, - деген еді, біздің Президентіміздің алға қойған мақсаттарына жету үшін елімізде кәсіпкерлікті дамыту жолында, олардың экспортқа деген қызығушылығын арттыру қажет.
Экономика ғылымына үлкен үлес қосқан әйгілі қазақтың жазушысы, экономика ғылым докторы, профессор Г. М. Осипова «Экономикалық теория негіздері» атты еңбегінде экспорт туралы былай жазады: « . . . алдағы кезеңде экспортқа бағытталған өндірісті дамыту, дәстүрлі тауарларды жаңа нарықтарға қарай жылжыту есебінен өнім тарату көлемін ұлғайту, экспорттың экономикалық тиімділігі мол құрлымын жақсартуды арттыру, әлемдік және ішкі нарықта Қазақстандық өнімдердің бәсекелік қабілеттерін көтеру, сыртқы сауданың қаржылық, көліктік және ақпараттық инфрақұрлымдарын дамыту көзделінуде», - деп, экспортқа бағытталған өндірісті дамыту барысында елде бар дәстүрлі тауарларды нарыққа шығарып, шетелдерге тиімді экспорттау керек екендігін айтқан еді[4] .
«Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» 2010 жылдың 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан жақын он жыл ішінде өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің дамыған 50 елдің қатарына қосылуға тиіс деген стратегиялық мақсатқа ұмтылуға тиіспіз, - деген еді, біздің Президентіміздің алға қойған мақсаттарына жету үшін елімізде кәсіпкерлікті дамыту жолында, олардың экспортқа деген қызығушылығын арттыру қажет. [3]
Қазақстан Республикасының Үкіметі көтеріңкі құны қосылған өнімдері экспорттауға несие берудің және сақтандырудың тетігін қалыптастыру негіздерін жасайды. Осы бағытта несие беруді дамыту мен Қазақстандық экспорттерлердің әлемдік нарыққа шығуларын оңайлату мақсатында экспорттық-импорттық құрлымын жасау, сонымен бірге кейбір жекелеген елдер мен аймақтарға қатысты іріктемелі сыртқы экономикалық саясатты жүргізу көзделінуде.
Сыртқы сауда экспортпен импортты қамтиды. Өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және шала фабрикаттарға тиіп отыр.
Сонымен бірге қазіргі кезде өндірістің қалыптасқан құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі минералдық өнімдерге - 50% тиеді, оның үстіне мұнай мен газ конденсатының үлес салмағы 50% құрайды. Металлургия өнеркәсібінің өнімі 22, 4 %, химия өнеркәсібінің өнімі 5%, азық-түлік тауарларымен оларды өндіруге арналған шикізат 7% алады. Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі баптары мақта талшығы, астық және былғары шикізаттар болып қалуда.
Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі - валюталық түсім - ақша мен шығындардың (өнім өндіруге жұмсалған шығындардың, ішкі бағалардағы оның құны және қосымша шығыстар - көлік, жүкті ауыстырып тиеу, порттарда, станцияларда сақтау шығындарының) арасалмағы ұғымы қолданылады.
Валюталық түсім - ақша ұлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады. Экспорттың тиімділігі оның құрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті және ғылымды көп қажетсінетін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.
Бүгінгі таңда экономиканы тұрақты дамыту негізі - экспортқа бағытталған өндірісті дамыту болып отыр. Ұлттық байлығының денін осы саладан құрап отырған елдер қаншама. Демек, осындай әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарына жету үшін еліміздегі осы саланы дамытуға жан-жақты қолдау, демеу қажеттілігіне әділ қызмет ету міндетін, қазақ халқының назарын аударуымыз керек.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы классикалық схема бойынша жасалған. Оның құрылысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс компьютерлік терілімнен өтті.
1 СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МАҢЫЗЫ
1. 1. Сыртқы экономикалық қатынастардың экономикалық теориясы
Сыртқы экономикалық қызмет ұлттық экономиканың бір бөлігі болып табылады. Ұлтық экономикаға байланысты сыртқы экономикалық қызметтің негізгі міндеттері мен мақсаттары, даму шеңбері белгілінеді. Мемелекеттің сыртқы экономикалық қызметі әлемдік экономиканың ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан сыртқы экономикалық қызметке халықаралық қатынастарға түсетін барлық елдердің жағдайлары байланысты болады.
Экономиаклық әдебиеттерде сыртқы экономикалық қатынастар - халықаралық деңгейдегі тауар, капитал, еңбек бөлінісінің айырбасы бойынша жүргізілетін операцияалрдың жиынтығы болып келеді.
Сыртқы экономикалық қызмет барлық мемелкеттерде бірталай функцияларды іске асырады:
- экономикалық дамуды теңестіруге мүмкіндік береді;
- ұлттық және әлемдік тауар өндірісінің шығындарын есептеуге мүмкіндік береді;
- халықаралық еңбек бөлінісін іске асырып, ұлттық экономиканың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сыртқы экономикалық қатынас жекелеген елдердің салық, аймақтық шаруашылығының субъектілері-өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық қарым-қатынастарын зерттейді.
Сыртқы экономикалық қатынастар дүниежүзілік шаруашылықтағы кездейсоқ экономикалық қатынастарды емес, сол қатынастардың тұрақты түрде қайталанып отыратын, бәріне ортақ, дәйекті процестерін талдайды. Сыртқы экономикалық қатынастардың механизіміне өзінің құқықтық, заңдық нормаларымен қоса оларды жүзеге асыратын әдістер мен амалдар жиынтығы жатады. Бұл әдістер мен амалдардың негізгі тобын сыртқы келісім-шарттар, партиялар, кодекстер т. б. Осы қарым-қатынастардың көздеген мақсаттарға жетуіне қажетті құжаттар құрайды.
Сыртқы экономикалық қатынастардың құрылымы мынадай:
- Сыртқы еңбек бөлінісі.
- Тауарлар және қызмет көрсетулердің сыртқы саудасы.
- Капиталдар мен шетел инвестицияларының қозғалысы.
- Жұмыс күшінің сыртқы миграциясы.
- Сыртқы валюта-қаржы және несие қатынастары.
- Сыртқы экономикалық интеграция.
- Сыртқы ғылыми- техникалық және өндірістік қарым-қатынастар
Сыртқы экономикалық қатынастардың құрылымына сыртқы меншік қатынастарын сыртқы ұйымдарды да жатқызуға болады.
Сыртқы экономикалық қатынастардың негізгі нысанасы сыртқы сауда. Дүнежүзілік шаруашылық кешенінде өзінің күндік көлемі бойынша сыртқы сауда қатынастары алдыңғы позицияларды берік сақтап отыр. Соңғы он жылдықтарда ғылыми-техникалық, көлік, қамтамасыздандыру, туризм, ақпарат, жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға беру, консультациялық қызмет көрсету жүйелеріндегі мемлекетаралық қатынастар да дамып келеді. Заңды тұлғалар болып есептелетін кәсіпорындар мен ұйымдардың ел аралық байланыстары да сыртқы экономикалық қатынасына жатады. Тікелей байланыстар сыртқы өндірістік кооперация, ғылыми тәжірибемен алмасу, құрылыс саласындағы қызметтер, объектілерді жаңарту түрлері де жатады.
Өндірістің интернационалдануы өндіргіш күштердің қызметін кеңейтумен қатар, өндірістік қатынастарды да жетілдіреді. Экономиканың интернационалдануы сыртқы өндірістік қатынастарды ұлттық өндірістік қатынастармен мейлінше жақындастырады.
Қазіргі сыртқы экономикалық қатынастың дамуының мәні, ерекшелігі және деңгейі мыналардан көрінеді:
- дүниежүзілік шаруашылықта сыртқы еңбек бөлінісінің тереңдеуі;
- дайын өнімдерді саудасы көлемінің, құрылымының, сапасының өзгеруі оның таза алыпсатарлықпен ұлттық өндіріске қызмет көрсетушіге айналуы;
- капиталдар келуінің қарқыны,
- ғылыми-техникалық білімдер айырбасының және қызмет көрсетушілердің дамуы;
- жұмысшы күштердің миграциясының өсуі;
- жекелеген елдер мен аймақтардың экономикасының үйлесу процесінің жеделдеуі және көбеюі;
Өнеркәсібі дамыған елдердің сауда, өндіріс және несйе қаржы мәселелерінде жеткен жоғары деңейі дүниежүзілік шаруашылық кешенінің қалыптаса бастағанының белгісі. Еуропалық одаққа (ЕО) қатысушылар мемлекеттік шаралары бола тұра біртұтас шаруашылық жүйесінің құрамдас бөліктері тәрізді қызмет атқаруда. Сөйтіп, іс жүзінде шаруашылық өмірдің интернациолдану процесі жүріп жатыр. Жалпы, интернационалдану деген ұғымның астарында әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесінің көп деңгейлігі жатыр. Бұл деңгейлер жекелеген елдерде бүкіл дүниежүжілік кешенге біріктіру мақсақтында пайдаланады.
«Интернационализация» дегеніміз- сыртқы еңбек бөлінісі негізінде жекелеген елдер арасындағы тұрақты өндірістік- экономикалық байланыстарды қалыптастыру. XX ғасырда айырбастың интернационалдануы капитал мен өндірістің интернационалдануына жалғасты. Өндірістің сыртқы мамандануы мен кооперациясы жедел дами бастады. Ішкі ұлттық нарықтың шеңбері ірі көлемді маманданған өндіріске тарлық етті. Сондықтан ол (өндіріс) ұлттық шекарадан объективті түрде шығады.
Ғылыми- техникалық прогресс әсерімен өндірістің интернационалдануы қай елде болмасын тек ғана өз өндірісімен экономикалық жағынан тиімсіз етеді. Дербес, ұлттық экономикалар дүниежүзілік экономикадан өз орнын іздейді, соған «бір кірпіш болып қалануға» мүдделі болады.
Жұмысшы күшінің қозғалысы, кадрлар даярлау, мамандармен алмасу уақыт озған сайын интернационалдық мәнге толыға береді.
Аталған байланыстардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеп, болашағын болжау дүниежүзілік шаруашылықтың құрамына бастайтын төте жол. Жекелеген елдердің экономикасының жақындасып, үйлесуі негізінде бүкіл дүниежүзілік капиталдар, тауарлар және қызмет көрсетулер нарығы қалыптасады, сөйтіп біртұтас дүниежүзілік шаруашылық кешенінің құрылу мерзімі жақындайды. Бұл сыртқы экономиканың ең жоғарғы деңгейі. Демек дүниежүзілік экономиканы неғұрлым халық экономикасының кешенді жүйесі ретінде қарастыру, соғұрлым дүниежүзілік нарыққа жеткізер жолды жеңілдетеді.
Сыртқы экономика қатынасының әлемдік деңгейі екі тұрғыдан талдап көрсетуге болады.
- Макроэкономиалық деңгейде оны жекелеген елдер мен аймақтардың
сыртқы экономикалық белсенділігі мен шетелге шығуға ұмтылыстары айқындалады. Мұндай ұмтылыстардың көздеген мақсаты экономикалық еркіндік, сауда мен инвестициялар жолындағы кедергілерді жою, еркін экономикалық аймақтарды құру т. б.
- Микроэкономикалық деңгейде мұны фирмалар кәсіпорындардың ішкі
нарықтық шеңберінен шығып, әлемдік нарықтың кеңістіктерге ұмтылыстары байқатады. Мысалы, Сол. Америка, Батыс Еуропа, Жапония елдерінің «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару» ниеттері сыртқы экономика қатынасының әлемдік кеңістіктерді игеруге ұмтылыстарының дәлелі.
Біздің заманымыздың бірталай қайшылықтарына қарамастан, оның басты белгісі мемлекеттердің бір-бірімен қарсыласуы емес, қайта бірлескен іс-қимылдары мен өзара түсініктерді ортақ мүдделерге пайдалану болып отыр. Біртұтас, өзара байланысты және өзара тәуелді, мейлінше дамыған әлеуметтік әділетті қоғам құру - дүниежүзілік шауашылықтың негізгі тенденциясы. Әрине, мұны проблеммасы жоқ, тек ғана ілгерілуші қозғалыс деп айту әлі ертерек болар еді.
Бұл қозғалыстың ілгеріленуіне мыналар әсер етеді:
- индустриялды қоғамнан постиндустриялды ақпаратты қоғамға өту;
- технологиялық төңкерістер;
- энергия, шикізат және азық- түлік мәселелерін шешу;
- экологиясының әлемдік проблемалардың шешімін табу.
Бұл қозғалысқа теріс ықпалын тигізген қауіптіде қатерлі күштерге ұлтшылдық, нәсілшілік, діни фанатизм жатады.
Сонымен, қазіргі уақыттағы сыртқы экономика қатынасының мәні осы қатынастардың қарқындылығын арттырып, оларға жаңа келбетпен жаңа мазмұн беруде болып тұр.
Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі халықарылық сауда.
Сыртқы экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына - сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дис Сакстың пікірінше: «қандай бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикададан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».
Сыртқы сауда - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми - техникалық прогрестің ықпалын экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым қатынасын күшейтеді. Мұның өзі сыртқы сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Сыртқы саудада «фритретерствоны » (еркін сауда ) немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) талдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.
«Фритретерство» саясаттың ең алғаш А. Смит өзінің «Салыстырмалы артықшылықтар теориясында» анықталған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсалютті артықшылықтар табады»-аеп жазған.
X ғасырдың екінші жартысынан бастап сыртқы сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады. Сыртқы сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:
- сыртқы еңбек бөлінісі мен өндірісті дамуы; экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капитал
жаңартуға игі әсерін тигізетін ғылыми-техникалық революция;
- дүниежүзілік нарықтағы трансұлттық корпарациялардың белсенді қызметі;
- тарифтер мен сауда туралы. Бас келісімнің шаралары арқылы халық-аралық сауданың реттелуі;
- көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кеден бағасы
төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
- сауда- экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей
нарықтық қалыптасуы;
- сыртқы нарыққа бейімделген, экономикасы бар «жаңа индустриалды
елдердің » пайда болуы т. б.
Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда -экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік нарықтағы басымдығынан айырыла бастады.
Егер 1950 жылы АҚШ үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ деңгейіне жақындады. Сөйтіп, 90-шы жылдарды Батыс Еуропа сыртқы сауда-саттықта Испания едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықталды экспорттауда Испания дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезде өз тауарларының бәсекелі мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның «жаңа индустриялды елдері»- Сингапур, Ганконг және Тайвань жақындады.
Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификацияасы төрт жүзге жуық критерилерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандарда басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал-жабдықтар т. б. факторлар ескеріледі.
Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында, бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік нарыққа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.
Мамандардың болжауы бойынша XXI ғачырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер сипатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болады. 2030-шы жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапоня, Қытай болмақ. Бұлардың соңы Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол.
Дамушы елдердің өз экспортын диверцификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстарын өнеркәсібі дамыған елдер тарабынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер ең алдымен «жаңа индустриялды елдер» өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен жабдықтардың үлесі артты.
Женевадағы дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1994 ж ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді:
Кесте
1 - Дүниежүзілік сауда ұйымының деректерегі
Экспорт млрд.
доллар
Дүниежүзілік
саудадағы орны -%
XX ғасырдың соңғы ширегінде сыртқы экономикалық қатынастар жүйесінде Азия- Тынық мұхит аймағының ролі күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 ж дүниежүзілік сауда көлемінің 40%-і Тынық мұхит бссейнінде шоғырланады.
Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы сыртқы еңбек бөлінісінің тереңдеуі, олардың өзара қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.
Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны «үлкен үштік»: АҚШ-Батыс Еуропа-Жапония шеңберінде ағылып жатыр. [27-36 б. ]
Сыртқы экономикалық қатынастар.
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтижесінде бір-біріне қарама-қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық-әдістемелік және тәжірбиелік маңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып, жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барсын (бағытын) ойластыруды терең түсінуге ықпал етеді.
Сыртқы экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Леонтьев т. б. ғалымдар айналысты.
Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты екі жүйеден - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және Сыртқы экономикалық байланыстардан тұрады. Оның дүнижүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы, егер бұл категорияға техниклық-экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы және де аймақтық дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады. Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын, оның материалдық-техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай-ақ, қоғамдық құрылымының сипаты мен жекелеген елдердің ұлттық шаруашылығы, әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік-экономикалық сипатын көрсетеді.
Дүниежүзілік шаруашылық дегенде тек бір ғана қарапайым байланысты ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық жиынтығынан тұратын: халыарақлық еңбек бөлінісі мен еңбекті кооперациялау нәтижесінде туындайтын мемлеектаралық экономикалық қатынастарды да сөз етеміз.
Қазіргі жағдайда кез-келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан-жақты дами алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz