Экономикалық жүйелердегі кластерлерді құрудың теориялық негіздері


- Кластерлерді құрудың негіздері және теориялық мәселелері
- Кластерлік даму аймақтардың экономикалық бәсекеге қабілетін арттыру құралы негізінде
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттің экономикалық жетістігін анықтау үрдісінде еліміздің бәсекеге қабілетті болуы мен оны әріқарай дамыту механизмдерін жетілдіру ісіне баса назар аударылады. Өйткені ұлттық шаруашылықтың экономикалық тиімділігін басқару жолдарын жетілдіру Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жоспарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ең бастысы - экономиканың бәсекеге қабілетті моделін таңдау, басым салаларды анықтау, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыратын қолда бар экономикалық мүмкіншіліктерді анықтау, сондай-ақ сыртқы экономикалық бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан бәсекелестік байланыстарды дамытуға әсер ететін механизмдер мен факторларды анықтау жөніндегі мәселелер туралы сөз қозғалады. Қазіргі уақытта барлық елдерде кластерлік бастама индустриалдық, аймақтық, инновациялық саясаттың маңызды бөлігі. Бұл құбылыс экономикасы жоғары дамыған елдерде ғана емес, экономикасы өтпелі және дамушы елдерге де тән. Кластерлік бастама аймақ бойынша кластерлердің бәсекелестігін арттыру үшін ұйымдасқан талаптар. Ол процеске кластерге кіретін кәсіпорындар, үкімет және ғылыми аймақтар кіреді.
"Кластер" ұғымына көптеген анықтама беруге болады. Ең негізгі анықтаманы XX ғасырдағы стратегиялық жоспарлау саласындағы ең мықты эксперттердің бірі профессор Майкл Портер берген. Қазіргі уақытта кластерлік концепция индустриалды кластермен (Competitive advantages of the nations, 1990 және аймақтық кластерлермен (Competition, 1998) тығыз байланысты. Кәсіпорындардың бәсекелестігі және өндіріс салаларымен кластерлік одақ арасында тығыз байланыс бар. Осы және басқа да мәселелердің шешімін табу Қазақстанда толыққанды зерттелмеуі экономиканың тұрақты дамуына қиындықтар туғызып отыр. Ел экономикасын бәсекеге барынша қабілетті ету мен оны дамытудағы басқару мәселелерін шешуде жаңа теориялық-әдістемелік негіз салу қажеттілігі шетелдік озық тәжірибелерді толық зерттеуді талап етеді.
Берілген жұмыс тақырыбының өзектілігі болып дамыған елдердегі ең озық тәжірибелерді пайдалану негізінде Қазақстан экономикасын бәсекеге қабілетті ету табылады.
Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан Республикасы экономиканы қай бағытта дамыту қажет деген сауалға тірелгені белгілі. Әрине, осыдан он жеті жыл бұрын социалистік даму үрдісінде болып келген Қазақстан үшін АҚШ немесе Жапония сияқты дамыған ел экономикасы үлгісін көшіру мүмкін емес еді. Алайда, қазір Қазақстан экономикасы дамудың екінші сатысынан үшінші сатысына - инновациялық даму бағытына бет бұруда. Осыған орай, мысал ретінде елде қабылданып, іске асырылып жатқан индустриалды-инновациялық дамуды жеделдету стратегиясын айтуға болады. Ал инновациялық дамуда біз үшін аса пайдалы болатын үлгі - әлемнің ең озық елдерінің экономикалық даму үлгілері. Өйткені дәл осы елдер - әлем бойынша ғылым мен технологияны дамытуға өкімет тарапынан аса мән беретін мемлекеттер. Әлемнің жетекші елдері дәл осы ғылыми-техникалық дамуға зор мән берудің арқасында, айталық Жапония, қысқа мерзім ішінде ХХ ғасырдың ортасынан бастап әлемдегі екінші дәрежелі экономикалық державаға айналды. Олай болса, қазіргі таңда, яғни, ХХІ ғасырдың басында әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарынан орын алуды көздеген Қазақстан үшін экономика салаларын басқаруды дамытуда үздік кластерлерді зерттеу аса қажет әрі тиімді. Бәсекелестік пен бәсекеге қабілеттілік, экономиканың тұрақты дамуы сияқты мәселелер көптеген ғалымдардың еңбектерінде жарық көрген. Зерттеудің жалпы теориялық негізі ретінде М. Портер, А. Смит, Д. Рикардо, А. Маршалл, Дж. Стиглер, Й. Шумпетер, Э. Чемберлин, Дж. Робинсон, Дж. Кейнс, П. Хайек, Е. Бем-Баверк, Дж. Хикс, К. Эклунд, А. Пигу және Г. Джереффи, Р. Каплински, Р. Буайе және т. б. ғұлама экономистердің еңбектері қолданылды. Олардың еңбектерінде нарықтық шаруашылықтың классикалық қалыптасуы кезеңіндегі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік мәселелері, ұлттық жүйе мен бизнестің ғаламдық бәсекеге қабілетті болу концепциялары, елдер мен аймақтардағы экономикалық және әлеуметтік дамудың заңдылықтары мен ондағы басқару мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар С. Ю. Глазьев, А. Г. Гранберг, С. А. Дебабов, Е. А. Коломак, Б. Л. Лавровский, В. Л. Макаров, К. М. Попов, Ю. Н. Попов, А. А. Прохожев, В. В. Радаев, Р. А. Фахутдинов, А. В. Шевчук сияқты ұлттық және аймақтық экономиканы зерттеуші ресейлік ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыста нарықтық экономиканы басқаруда кластерлерді құрудағы озық тәжірибелерді анықтау және оларды пайдалану жолдары қарастырылды. Осы негізде Қазақстан экономикасын бәсекеге қабілетті етуге, экономиканы басқару тетіктерін жетілдіруге, оның теориялық-әдістемелік негіздерін қалыптастыруға және оны әрі қарай дамытуға болады.
Белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер қойылды:
- сала экономикасын басқаруда клеатерлерді құрудың және жетілдірудің тәжірибелерін талдау және артықшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау;
- алдыңғы қатарлы елдердегі ғылыми-техникалық жетістіктердің экономикалық тиімділігін зерттеп, бәсекеге барынша қабілетті елдердің қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсайтын шығындарын анықтау арқылы олардың экономика дамуына тигізетін әсерін көрсету;
- жетекші елдер мысалында еңбек өнімділігі және оның еңбекақы, еңбек адамын қормен қаруландырумен байланыстылығын дәлелдеу және оны Қазақстанда пайдалану қажеттілігін көрсету;
Зерттеу нысанасы ретінде Қазақстан экономикасының анағұрлым бәсекеге қабілетті салаларының кластерін құру және дамыту мәселесі алынды.
Зерттеу пәні ретінде озық тәжірибелерді анықтау нәтижесінде Қазақстан экономикасы салаларын басқарудың тетіктерін анықтау және жетілдіру мәселесі қаралды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Қазақстан мен дамыған елдер экономикаларының бәсекеге қабілеттілігінің тұрақты дамуы мен оңтайлы басқару мәселелерін, кластерлерді құру және басқару мәселесін зерттеуде жүйелі талдау мен салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Бәсекелестік теориясы мен экономикалық даму теориясы пайдаланылып, ұлттық экономика мен экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігі индикаторларын, факторлары мен динамикасын зерттеуде жүйелік талдау әдістемелері анықталды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- дамыған елдердің экономика салаларын және кластерлерді басқаруды жетілдірудегі ерекшеліктерін зерттеп, оның Қазақстан үшін пайдалануға болатын тәжірибелерін анықтау болып табылады;
- Бәсекеге барынша қабілетті елдер экономикаларының дамуы негізінде ғылыми-техникалық жетістік жатқандығы, яғни еңбектің капиталмен қарулануының жоғары дәрежеде болуы үлкен еңбек өнімділігін қамтамасыз ететіндігі дәлелдеуі;
- Осының негізінде ұлттық экономиканы бәсекеге қабілетті етудегі басқару тетіктерін жетілдіру бойынша теориялық және әдістемелік негізді кешенді әрі жүйелі түрде дайындауға әрекет жасап, Қазақстан экономикасын әріқарай дамытуда іс жүзінде ұсыныстар беру.
Профессор Портердің тұжырымдары ең белгілі әрі мойындалған болып отыр. Мысалы, ерекше танылғаны "Портердің бес күші", "жинақталған құн тізбегі", "кластерлік теория". Аталғандар бәсекелестіктің өсудің жаңа фазасын жүзеге асыру мақсатында, ұлттық экономиканың мықты макроэкономикалық негізін құру үшін кластерлік саясат жүргізіп отырған дамушы және дамыған елдер негіз болып танылды.
Кластерлердің дамуына себебін тигізетін басқа факторлар, уақыт өте келе экономикалық қызметтің жаңа түрлерін, сондай-ақ аймақтан шалғайда орналасқан, кәсіпорындарға инвестиция тартуға мүмкіндік беретін, яғни институттардың, компаниялармен университеттердің бар болуы.
Портердің айтуы бойынша, кластерлер - бұл "…бір-бірімен байланысты кәсіпорындардың, компаниялардың географиялық топталуы, белгілі бір өнім типін жеткізумен айналысатын, ұйымдарға, компанияларға қызмет ететін, көршілес салаларда және олармен байланысты институттарда жұмыс істейтін, өндірістің нақты саласында одақтас, сондай-ақ бәсекелес ұйымдар".
Бір-біріне жақындығына қарамастан экономикалық қызмет обьектілерінің орналасу маңыздылығын көп жылдар бұрын географтар айтып өткен, бірақ аналитикалық және нормативті әдебиеттерде соңғы төрт онжылдық қана көрсетілген. Негізгі орынды жеке сектор қамтыса да, маңызды күштер масштабтар мен кластерлеудің салдары кеңінен таралуда. Шешім қабылдауға жауапты тұлғалар тәжірибеде қолдануға қолдануға тырысты, бұл қадамдардың нәтижесі әр-түрлі болды. Кластерлеу концепциясына байланысты мемлекеттік және ұлттық деңгейде көптеген шаралар қолдануда. Осы саясатты іске асыру жауапкершілігі дәстүрлі түрде әр-түрлі министрліктерге жүктелген: өндірісті қолдау, бәсекелестік саясат, ғылым және технология саласы, еңбек нарығы және білім саласы, әлеуметтік саясат.
Кластерлеу нақты салада қызметтес, тығыз байланыс орнатқан, ортақ бәсекелестікті арттыруға бағытталған, бір географиялық аумақта қызмет ететін тұлғалармен кәсіпорындардың концентрация процесі ретінде анықталады.
Тәжірибеде кластерлік қатынас жаңа басқару формаларын дамытып және кеңейтуге пайдалы болды, тікелей араласудың орнына қосымша формалар қолданылды. Берілген көзқарас кластерлер құрылуы нарығында қажеттіліктер үшін және қолданыстағы кластерлердің белсенділігін қалпына келтіру үшін ынталандырулар тудыратын желілер мен институттар жүйесін құруға негізделген.
Кластерлердің маңызы зор, өйткені кәсіпорындардың жалғыз жұмыс атқаруына қарағанда, өнімді және белсенді инновацияны қолдануына мүмкіндік береді. Кластерге деген қызығушылық көптеген елдерде артып отыр, өйткені экономикалық жағдайды сипаттап қана қоймай, нақты мақсаттарға жетуге көмектеседі.
Қазірде әлемнің экономикалық картасында келесідей кластерлер бар: бір орында өзара байланысты өндірістермен институттар салаларының салмағы - белгілі бір қызмет саласында үлкен жетістіктерге жеткен, жеткізушілерден бастап университеттер мен мемлекеттік органдарға дейін.
Мұндай типтегі ең танымал кластерлер Силикон жазығымен Голливудта бар, ал әлем бойынша кластерлер өте көп. Портердің айтуынша, кластерлер бәсекелестікке үш негізгі тәсілмен әсер етеді: біріншіден кәсіпорын орналасқан аумақта еңбек өнімділігін арттырады, екіншіден, инновацияны енгізудің жылдамдығымен бағытын анықтайды, үшіншіден, кластер аясында жаңа коммерциялық қызметтің пайда болуына ықпал етеді.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін отандық және шет елдік экономикалық ғылыми мектептердің макроэкономика теориясы және енбек қатынастары саласындағы ғылыми зерттеулері қалайды. Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, заңды және құқықтық актілері, Халықаралық ұйымдармен келісім-шарттар және басқа да ресми деректер пайдаланылды. Ақпарат көздері ретінде Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, басқа да министрліктер мен ведомстволардың мәліметтері мен ресми құжаттары, енбек нарығының гендерлік аспектілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әйелдері арасында жүргізілген зерттеу нәтижелері қолданылды.
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДЕГІ КЛАСТЕРЛЕРДІ ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Кластерлерді құрудың негіздері және теориялық мәселелері
Бәсекеге қабілеттіліктің дамуымен құрылымы жөнінде көптеген теориялар бар. Бірақ, жетілген және дамыған фирмалардың тәжірибесі көрсеткеніндей экономикалық өсудің тиімді формасы кластерлік теория механизмі болып табылады. Оның негізінде кластерлік түсінік дегеніміз - экономикалық қызмет түрлерінің байланысы мен тиімді шоғырлануы, яғни, бәсекелес фирманың өзара байланысты топтарының жиынтығы, ол батыстың интерпритациядағы “диамант бриллиант” алтын қосылуы ретінде мемлекеттің барлық экономикалық жүйесімен дүниежүзілік, ұлттық, салалық, нарықтарда бәсекелестік позициясын қамтамасыз етеді.
Ғылыммен техниканың көп саласында қолданылатын кластер термині “cluster” - топ, жиналыс, шоғырлану деген ағылшын сөзінен шыққан.
Негізінен кластер сөзі жаңа ұғым емес. Оның түп тамыры 1826 жылы жарыққа шыққан неміс экономисі И. Фон. Тюненнің “Изолированное государство в отношение к сельскому хозяйству и национальной экономики ” деген еңбегінде (1850 жылы 2-ші бөлімі шықты) орналастыру теориясымен байланысты көрсетілген. Көліктік алымдардың бар болуы өндірістің белгілі бір орталықтың шеңберінде жүргізілгенін көрсетеді. Бұл ұсынылған абстрактілі географиялық үлгінің мазмұны.
Сонымен қатар, осы саладағы негізгі еңбектерінің бірі Ұлыбритания өндіріс ауданында жүргізілген зерттеу негізінде А. Маршалдың “Принципы экономической науки” атты кітабы болып табылады.
Өзінің зерттеулерінде “өндіріс аймағы” және “локальды өндіріс” үшін арнайы терминдер енгізбеген. Бірақта бейнелеуден көргеніміздей, терең фирмааралық еңбек бөлімі кластер мысалға келтірілген. Дәлірек айтқанда, кластердің прототипі болып жалпы мойындалған индустриалды аудан саналады.
Бұл кітаптың негізгі жетістігі, А. Маршалға, кәсіпорындарды мамандандыруды арттыру мен біріктіру кезінде жеткен синергиялық эффектіні көру бұйырды. Кластер - ішкі экономикада шикізат пен материалдарды жеткізушілермен, құрал-жабдықтар, төменмамандандырылған жұмысшылардан тұратын топтармен байланыстан тиімділікке қол жеткізетін кәсіпорынның салалық немесе географиялық концентрациясы. Кәсіпорынның кластерына жоғары формада арнайы агенттер кіреді. Олар жойылған нарықтағы жұмыс үшін және біріккен қаржылар, біріккен бухгалтерлік қызмет, технологиялық процесті ортақ техникалық жарықтандыруды қолдану сияқты мамандандырылған сектор пайда болуы мүмкін.
Кластер ұғымына қатысты ақпарат массивін зерттеу қиындығы - кластер ұғымына әртүрлі мінездеме берілген, ал кейбір авторлар интегрирленген білімді қолданудың тар сферасын көрсететін анықтама береді. Мысалы, инновациялы кластер, алмаз кластері.
М. П. Войнаренконың пікірінше кластер ұғымы экономикаға ядролық физикадан келген. 1984 жылы радиоактивті ыдыраудың жаңа түрі ашылды, қозғалмаған жағдайда тұрған атомдық ядро өздігінен күрделі құрамды бөліктер шығарады.
Кластер түсінігін әртүрлі салалар арасындағы технологиялық байланыс проблемаларын зерттеумен айналысатын авторлар да қолданған. Өйткені соңғы өнімнің өндірісі үшін кластерге әртүрлі сала өндірушілері бірігеді.
Францияда технологиялық өзарабайланысқан секторларды бейнелеу үшін “фильеры” терминін енгізді. Оның мәні мынада, бір сектордың технологиялық қуаты басқасына тәуелді. “Фильеры” термині кластердің кең ұғымының нышаны болып табылады. Кластердің пайда болуы бір жағынан, ұсақ өндірушілер арасындағы тығыз технологиялық байланыс құрылу үшін алғышарт, екінші жағынан, бір-бірімен нақты елдің экономикалық секторында байланысқан шағын кәсіпорындарда кластердің құрылуымен ұлттық артықшылықтың жүзеге асу мүмкіндігі.
Фильерлер кластердің тар интерпретациясын көрсетеді, өйткені потенциалды артықшылықтарды жүзеге асыру үшін салалар мен секторлар арасындағы технологиялық байланысты жасап шығару қажеттігі - кластердің пайда болуының бір критериіне негізделген.
Кластерлік көзқарас швед теоретиктерінің жұмыстарында қолданылған. Олардың кластерлік механизмі ұлттық экономика құрылымына негізделген, яғни, ірі шведтік көпұлттық корпорациялардың өзара байланысын зерттеуге қолданылады. Мұнда кластерлер Е. Дахменнің “даму блоктары туралы” тезисінде орналасқан. Дахмен бойынша бәсекелестік жетістіктің даму негізі бір сектордың қабілеттілігі арасындағы байланыспен екіншісінде алға басуды қамтамасыз ету қабілеттілігінің бар болуы. Даму кезең бойынша жүзеге асуы керек немесе басқа саламен байланысты бір саланың айналасында.
Кластердің кейбір бейнелері аймақтық-өндірістік кешен, өндірістік және ғылыми-өндірістік ұйым ретінде қарастырылады. Кеңес өкіметі кезінде барлық халықшаруашылық кешеннің дамуына үлкен көңіл бөлінген, аймақтық-өндірістік кешеннің құрылуында аймақтық дамуға қызығушылық соңғы орында болды. Аймақтық - өндірістік кешеннің ядросын экономиканың шикізат саласынан құраған. Аймақтық - өндірістік кешен құрылуында және басқа да кешендерде маңызды ролге технологиялық процесс ие болды. Аймақтық - өндірістік кешен құрылу жүйесінде бәсекелестік механизмнің жоқ болуы мемлекеттік реттеу ролінің күштілігімен толықты. Біздің ойымызша, экономикалық аудандыру саласындағы отандық ғылымның жетістігі және аймақтық - өндірістік кешен құрылуы кластерлік механизмнің құрылуына біздің экономиканың шартына сай жүзеге асуына мүмкіндік берді.
Кластер ұғымы 1990 жыл М. Портердің “Конкурентные преимущество стран” кітабы шыққан соң кең таралды. Ол кітапта ұлттық, мемлекеттік, жергілікті бәсекеге қабілеттілік теориясы жазылған. Бұл теорияда бәсекеге қабілеттіліктің кластері маңызды рол атқарады.
10 елдегі 100 саланың бәсекеге қабілеттілігін талдай келе М. Портер бәсекеге қабілетті компаниялар елде жүйесіз шашылмаған, бір немесе бірнеше аймақта концентрация тенденциясы бар деген қорытындыға келді. Бұл құбылысты келесідей түсіндіреміз: нарықта бәсеке қабілеттілікке қол жеткізген бір немесе бірнеше фирмалар өзінің жағымды әсерін айналасына таратуда: жеткізушілерге, тұтынушшыларға және бәсекелестерге. Айналасындағы жетістіктер өз кезегінде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жетілдіруге көмектеседі. Өзара байланысты пайдалы одақтастықтың нәтижесінде, салалары тығыз байланысқан, бәсекелестіктің өсуіне бірге ықпал еткен фирмалардың кластері құрылады.
Көптеген экономистер кластер анықтамаларын талдай келе, жай кластерлерді қарастырады. Олар кластерлерді дифференциалдауға негіз бола алатын: өндіріс кластері, аймақтық кластер, инновациялық кластер және т. б
Кластердің әртүрлі анықтамасын қарастыра келе, келесідей қорытынды жасауға болады:
1) көптеген авторлардың трактовкаларының ішінде кластер ұғымына қатысты концептуалды бірлік, отандық зерттеушілер сүйенетін, негізгі теоретикалық база М. Портердің “кластер” концепциясы;
2) шетел авторларының анықтамаларындағыдай, отандық экономистер кластерге әртүрлі анықтама береді. Аумақтық локалдандыру (географиялық концентрация) өзарабайланыстың анықталған тәсілі (тігінен, көлденеңінен, тігінен және көлденеңінен) .
3) көптеген экономистер бұл ұғымға анықтама берерде әртүрлі ұғымдар қолданады, олардың ғылыми қызығушылығына және шешілетін мәселелерге толық жауап беретін аспектілерге көп көңіл бөлінеді.
Осыған сәйкес кластерлерде екі орталық кезеңді бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, кластерлердегі фирмалар әртүрлі әдістермен байланысқан. Байланыстар көлденең (сату және сатып алу тізбектері) және тігінен (қосымша өнім және қызметтер, технология немесе институттардың арнайы шығындарды қолдануы ) болып келеді. Бұл байланыстардың көпшілігі өзіне фирмалар үшін пайда әкелетін әлеуметтік қатынас немесе желілерді тартады.
Екіншіден, кластерлер - өзекті салаға бағытталған, бір-бірімен байланысты географиялық жақын топтар. Кәсіпорындардың біріккен орны, құнды жасайтын, бірге қызмет ететін фирмалар арасындағы желілердің нәтижесі болып табылатын артықшылықтардың көбеюімен құрылуына әсерін тигізеді, өзекті сала айналасындағы интеграция барлық одақ үшін қажетті тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өндірістің географиялық локалдануы, кластердің құрылуының негізі ретінде бар болып қарастырылуы керек. Осының барлығы М. Портердің жоғарыда көрсетілген анықтамаларының дұрыс екенін көрсетеді.
Финляндияның экономика институтының ғалымдары кластерлерді кемелділік деңгейі бойынша жіктейді және күшті, тұрақты, потенциалды, латентты кластерлерді бөліп көрсетеді. Мықты кластерлер үшін өндірістік циклдің негізгі этаптары жоғары бәсекелестікпен қатысушылар арасындағы белсенді байланысты көрсететін кластердің тиімді құрылымы қажет. Тұрақты кластерлер тұрақты дамиды, кластер ішінде белсенді өзараәрекетке ие болады. Агломерациядан мәнді артықшылықтарды алу үшін өндірістің потенциалының критикалық массасы жеткіліксіз. Потенциалды кластерлер дамудың мәнді ресурстарына ие, сондай-ақ құрылымы үзінділенген болып келген. Латентті кластерлерде бірнеше құрылымды буындар және әлсіз коммутивті өзарақатынастар бар.
Кластер ұғымын түсіндіруде әр-түрлі көзқарастар бар. Бұл:
- кеңістікті - экономикалық (аймақтық-салалық концентрация мазмұнында кластер ішкі технологиялық және басқа да өзарабайланыстармен шарттасқан болып қарастырылады) . Бұл көзқарасты қолдаушылардың бірі М. Портер;
- құрылымды (кластердің анықтамасы оның құрылымынан және қатысушылардың өзарабайланысынан туады) ;
- желілік (кластер желі түрінде немесе желінің әртүрлілігі ретінде түсіндіріледі) ;
- институтционалды (қатысушылардың іс-әрекетіне, институттардың орнымен роліне көп орын беріледі) ;
- функционалды (кластер анықтамасы тік және көлденең байланыстардың талдауына сүйенеді) ;
- интеграциялы (кластердің негізін қатысушылар арасындағы байланыс құрайды, интеграциялы байланыстар маңызды орын алады) ;
- стратегиялық (кластер стратегияны, өндірістік саясатты жүзеге асырудың, аймақтың, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің құралы ретінде қарастырылады) .
Кеңістікті - экономикалық көзқарас жалпыланған болып саналады. Бұл көзқарастың айналасында кластер трактовкасы екі кезеңде орналасқан - бұл қатысушылар арасындағы байланыспен өндіріс концентрациясы. Бұл көзқарас екі бағыт бойынша дифференциялануы мүмкін:
1) негізінде өндіріс күштерінің орналасуы, жергілікті ресурстардың тиімді қолдануы, экономикалық агломерация жатқан экономика-географиялық көзқарас;
2) аймақтық өндіріспен мамандануы негізінде құрылған көзқарас;
Кластердің әсерлерін және масштаб әсеріе зерттеуге ерекше мән беріледі. Кеңістікті - экономикалық көзқарастарды кластерді экономикалық білім ретінде қарастырғанда қолданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz