Жалпы ұлттық өнім экономикалық категориясының теориялық аспектілері


- Ұлттық есептер жүйесінің экономикалық мәні
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Экономиканың іс әрекетке түсуінің нәтижесі ұлттық өнім болып саналады, яғни белгілі бір кезеңде елде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтер. Ұлттық өнім ел экономикасының маңызды көрсеткіші, елдің экономикалық әлеуетін, халықтың өмір сүру денгейін, экономикалық және әлеуметтік саясат әдістерінің жүзеге асуын бейнелейді.
Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық әс ірекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген. Жалпы ұлттық өнімді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:
- барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы.
- өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы . Жалпы ұлттық өнім - экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Бұған көз жеткізу үшін, біз ұлтгық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемін және басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасау керек.
Біз жалпы ұлттық өнімнің жалпы шығын көлемін, сонымен бірге экономикадағы жалпы табыс көлемін сипаттайтын, яғни екі жақты айналым сызбасында көрсетілгендігіне көз жеткіздік. Ұлттық есеп жүйесінің үлкен бір бөлігінің көрсеткіші - бұл керек ағындарға байланысты ақпараттар. Жалпы ұлттық өнім есеп-шоттың есептеудің мақсаты мынада:
- қоғам экономикасының жай күйін бақылау;
- экономикалық циклдың ағымдық фазасын анықтау;
- мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
Ұлттық өнімді өлшеу мүмкіндіктері бұрыннан бері қарастырылып келген. Олардың алғашқысы Ф. Кенэ және оның ізбасарлары физиократтардың кестесі. Классикалық мектепте, кейін маркстік саяси экономияда бұл үшін математикалық модельдер мен схемалар қолданылған. Оларда негізінен ұдайы өндіріс теориясы тұрғысынан ұлттық өнімді және ұлттық табысты бөлістіру және қайта бөлу процестері мен пропорциялары қарастырылған. Ұлттық экономиканың дамуының сандық бағалауының жүйесін құру кейнсшілдіктің дамуынан басталды. Оның негізіне экономиканың кешенді, статистикалық талдауы салынған. Ұлттық өнім көлемін анықтаудың әр түрлі әдістері бар. Дамыған және дамушы елдердің көпшілігнде ұлттық өнім ұлттық есептер жүйесінің негізінде есептеледі. Ұлттық есептер жүйесі бұл макроэкономикалық денгейде елдің дамуын бейнелейтін өзара байланысты макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі.
Ұлттық есеп жүйесі - елдегі экономикалық процестердің нәтижесін, экономикалық құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететін нарықтық экономиканың статистикалық үлгісі. Бұл үлгіде қолданылатын көрсеткіштер белгілі бір шоттар мен баланстық кестелер түрінде беріледі. Ұлттық есеп жүйесі халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға, топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелеріне негізделген. Ұлттық есеп жүйесінің негізгі мақсаты -экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономикалық саясатты жете зерттеп, белгіленген бағдарлама бойынша шешеім қабылдау үшін әлеуметтік -экономикалық статистиканың әр түрлі көрсеткіштерін үйлесімді түрде қолдану.
Ұлттық есеп жүйесі- жан-жақты жүйе, оны әр түрлі салалардың міндеттерін шешу үшін қолдануға болады. Ол елдің макроэкономикалық көрсеткіштерін басқа елдердің осындай көрсеткіштерімен салыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әр елдің ерекшелігін ескере отырып, бұл жүйенің шоттарын, экономика секторларын, көрсеткіштерін нақтылауға, өзгертуге болады.
Ұлттық есеп жүйесін экономиканың әр түрлі саласында қолдану арқылы мына міндеттерді шешуге болады:
- мемлекеттік реттеу шараларын жете зерттеу. Ұлттық есеп жүйесінде экономиканың салалары, секторлары, әртүрлі экономикалық қатынастар туралы ақпараттардың болуы жоғарыда аталған міндетті шешуге көмектеседі. ҰЕЖ- нің ақпараттарын пайдалана отырып, мемлекеттің, шаруашылық субьектілерінің тұтыну шығындарын тексеруге, қажетті деп саналатын салық және бюджет саясатын жүргізуге, сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық байланыстарды жақсартуға жағдай жасауға, айналамдағы ақша массасын реттеуге, инфляцияға қарсы күрес шараларын жүргізуге, т. б. макроэкономикалық саясаттарды реттеуге болады;
- макрокөрсеткіштерді пайдалана отырып, талдау жасау, экономикалық айнымалы көрсеткіштер арасындағы функционалды байланыс параметрлерін бағалау негізінде және уақыт қатарларын қолданып, экономиканың дамуын үлгісін құру;
- экономикалық даму стратегиясын және оны іске асыратын шешімдерді қабылдау;
- ұлттық есеп жүйесі негізгі көрсеткіштері -жалпы ішкі өнім мен қолда бар жалпы ұлттық табыс арқылы халықаралық салыстыру жүргізу. бұл жерде барлқ және жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, қолда бар жалпы ұлттық табыс, инвестицияның, мемлекет шығысының жалпы ішкі өнімге қатынасы есептеледі.
- статистиканың өзара баланысты салаларында қолданылатын ұғымдарды, көрсеткіштерді, анықтамаларды, топтастыруларды жете зерттеу үшін ҰЕЖ-нің тұжырымдамаларын пайдалану, яғни ұлттық есеп жүйесін үйлесім негізі ретінде қолдану.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - республикадағы ЖҰӨ динамикасының негізінде экономика дамуының ерекшеліктерін көрсету және Қазақстандағы экономикалық өсуді талдау.
Берілген мақсат келесі міндеттерді шешуді талап етеді:
• жалпы ұлттық өнім категориясының теориялық негіздерін зерттеп, үйрену;
• ұлттық есептер жүйесінің құрылымын анықтау;
• жалпы ұлттық өнімді есептеудің әдістемесін қарастыру;
• Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайын зерттеу және талдау;
• Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттілігінің индексін талдау;
• экономикалық дағдарыс кезеңінде Қазақстанның макроэкономикалық жағдайын реттеу шараларын анықтау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының жалпы ұлттық өнімі, оның құрылымы, оның елде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестермен байланысы.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі отандық және шетел экономисттерінің ғылыми теориялары және ғылыми зерттеулерінің нәтижелері. Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің ұлттық өнімін өлшеу, есептеу процесінде қолданылатын теориялар, концепциялар қолданылды.
Ақпараттық база ретінде ҚР-ның заң актілері, ҚР-сы Президентінің қаулылары, ҚР Үкіметінің қаулылары және жарлықтары. Зерттеу статистика жөніндегі агенттіктің, Қаржы Министрлігінің, ҚР Ұлттық Банкінің ақпараттық-статистикалық базасының негізінде жүргізілген.
1. Жалпы ұлттық өнім экономикалық категориясының теориялық аспектілері
1. 1 Ұлттық есептер жүйесінің экономикалық мәні
Ұлттық есеп жүйесі - елдегі экономикалық процестердің нәтижесін, экономикалық құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететін нарықтық экономиканың статистикалық үлгісі. Бұл үлгіде қолданылатын көрсеткіштер белгілі бір шоттар мен баланстық кестелер түрінде беріледі. Ұлттық есеп жүйесі халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға, топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелеріне негізделген. Ұлттық есеп жүйесінің негізгі мақсаты -экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономикалық саясатты жете зерттеп, белгіленген бағдарлама бойынша шешеім қабылдау үшін әлеуметтік -экономикалық статистиканың әр түрлі көрсеткіштерін үйлесімді түрде қолдану.
Ұлттық есеп жүйесі- жан-жақты жүйе, оны әр түрлі салалардың міндеттерін шешу үшін қолдануға болады. Ол елдің макроэкономикалық көрсеткіштерін басқа елдердің осындай көрсеткіштерімен салыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әр елдің ерекшелігін ескере отырып, бұл жүйенің шоттарын, экономика секторларын, көрсеткіштерін нақтылауға, өзгертуге болады.
Ұлттық есеп жүйесін экономиканың әр түрлі саласында қолдану арқылы мына міндеттерді шешуге болады:
- мемлекеттік реттеу шараларын жете зерттеу. Ұлттық есеп жүйесінде экономиканың салалары, секторлары, әртүрлі экономикалық қатынастар туралы ақпараттардың болуы жоғарыда аталған міндетті шешуге көмектеседі. ҰЕЖ- нің ақпараттарын пайдалана отырып, мемлекеттің, шаруашылық субьектілерінің тұтыну шығындарын тексеруге, қажетті деп саналатын салық және бюджет саясатын жүргізуге, сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық байланыстарды жақсартуға жағдай жасауға, айналамдағы ақша массасын реттеуге, инфляцияға қарсы күрес шараларын жүргізуге, т. б. макроэкономикалық саясаттардыреттеуге болады;
- макрокөрсеткіштерді пайдалана отырып, талдау жасау, экономикалық айнымалы көрсеткіштер арасындағы функционалды байланыс параметрлерін бағалау негізінде және уақыт қатарларын қолданып, экономиканың дамуын үлгісін құру;
- экономикалық даму стратегиясын және оны іске асыратын шешімдерді қабылдау;
- ұлттық есеп жүйесі негізгі көрсеткіштері -жалпы ішкі өнім мен қолда бар жалпы ұлттық табыс арқылы халықаралық салыстыру жүргізу. бұл жерде барлқ және жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, қолда бар жалпы ұлттық табыс, инвестицияның, мемлекет шығысының жалпы ішкі өнімге қатынасы есептеледі.
- статистиканың өзара баланысты салаларында қолданылатын ұғымдарды, көрсеткіштерді, анықтамаларды, топтастыруларды жете зерттеу үшін ҰЕЖ-нің тұжырымдамаларын пайдалану, яғни ұлттық есеп жүйесін үйлесім негізі ретінде қолдану.
Ұлттық есеп тұжырымдамаларына сәйкес көрсеткіштердің жаңа жүйесіне өту қажеттілігі мынадай жағдайларға негізделген:
Экономиканың макростатистикалық үлгісі ретінде қолданылатын ұлттық есеп жүйесі материалдық өндіріс пен материалдақ емес қызметтер өрісі кең құқылы және дербес шаруашылық субьектілері тікелей мемлекеттің басқаруынсыз да экономикалық байланыстар жасай алады деген идеология сүйенеді. Мемлекет басқаруынсыз экономикалық байланыстар жасалғанда, өзін -өзі реттеу мехенизімі болып сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, капиталдаң бір саладан екінші салаға ауысыуы есептеледі.
Статистиканы өзгертуде макроэкономикалық көрсеткіштердің атқаратан ролі зор. Халық шаруашылығы балансының макроэкономикалық көрсеткіштерінің, материалдық өндіріс басымдлығы туралытұжырымдаманың, әлеуметтік экономикалық даму, сыртқы экономикалық байланыстар көрсеткіштерінің, төлем балансының, мемлекеттік бюджеттің халықаралық стандартқа сәйкес келмеуі халық шаруашылығын эжкономикалық әдістермен басқаруға мүмкіндік бермеді.
Экономиканың дамуына байланысты қызметтер ролінің артуы экономиканң негізгі даму заңдылықтарының бірі болып саналады. Экономика дамыған сайын шаруашылық әрекеттің нәтежесі ретінде жалпы ішкі өнімнің құрамында көрсетілетін қызметтердің үлесі арта түседі. Бұл заңдылық біздің Республикаға да тән, сонықтан қызметтерді жаңа жүйеде халық шаруашылғы балансындағы кең түрде қамту қажет. Өндіріс нәтижесін көрсеткенде тек материалдақ өндіріс өрісінің тауарлары мен материалдақ қызметтерін ғана есептемей, сонымен қатар, материалдақ емес қызметтерді де қарастыру қажет. Халық шаруашылығы балансында бұл есептер есепке алынбаған.
80-жылдары макроэкономиканың терең және жан-жақты талдау қажеттілігі айқын сезіле бастады. Осы кезде мемлекеттік статистикалық ұйымдар бұрын халық шаруашылығы балансында қамтылмаған кейбір әлеуметтек- экономикалық даму аспектілері туралы мәліметтерді зерттеп, кестелер дайындады. Мысалы, осы жылдары материалдық емес қызметтер балансын құру, тұтынушылардың әр түрлі топтарына көрсетілген материалдық емес қызметтер, қызмет көрсету шығындары туралы мәліметтер жинау, оларды жете зерттеу сияқты жұмыстар қолға алынды.
Жалпы ішкі өнім көрсеткішін (1988) статистикалық практикада қолдану макроэкономикалық статистиканың одан әрі дамуындағы негізгі қадам болып саналады. Жалпы ішкі өнім есептеу әдістемесі ұлттық есеп жүйеснің принциптеріне негізделген. Жалпы ішкі өнімді, жалпы ұлттық өнімді есептеу экономиканың даму дуңгейі мен қарқынын айқындайды, халықаралық салыстыруларды жеңілдетеді, сонымен қатар экономикалық- статистикалық талдауды тереңдетеді. Елдің табысы мен байлығын есептеу туралы ой ертеде пайда болды, бірақ алғашында экономикалық талдау жасау керектігі ескерілмеді. XVIII- XIX ғасырларда ұлттық байлық және ұлттық табысты зерттеуге әрекет жасалды, бірақ бұл зерттеулерде халық шаруашылығының негізгі көрсеткіштерінің өзара байлансы, ресурс айналама есепке алынбады.
Ұлттық есеп жүргізу туралы ойды ең алғаш ағылшын зерттеушісі Грегори Кинг айтты. Ол ұлттық есептің ұлттық табыс статистикасмен тығыз байланысты екенін және материалдық игіліктерді бөлудің ерекшеліктерін қарастырды.
Француз экономисті Ф. Кенэ алғашқы рет өз зерттеулерінде өнім қозғалысы мен табыс қозғалысның тұтастығын көрсетуге тырысты. Ол өнім мен табыс қозғалысын бөліп қарстыруға болмайды, олар қоғамның экономиалық өмірінің айналымын көрсетеді деген ойды айтты.
Кенэнің 1758 жылғы жарық көрген «Экономикалық кесте» жұмысындағы ой-пікірлері кейінірек ұлттық есеп жүргізудің негізгі принциптеріне айналды. Ол қағидалар мыналар:
-экономиканы құрамдас бөліктернің арасында дәлмедәл сандық байланыс бар бір тұтас жүйе деп қарастыру;
-осы жүйедегі қоғам мүшелерінің белгілі топтарын (экономикалық агенттерді) және оларды байланыстыратын экономикалық ағымдарды бөлу;
-өнім мен табс қозғалысын талдау;
-жабық жүйедегі табыс пен таза өнімнің теңдігін және қоғамдағы әр класс үшін ағымдардың тепе-тең болуын талап етеу;
-Қайта бөлу мехенизмінің міндеті, яғни экономикалық агенттердің бір тобының (өндіруші кластың) шығындар ұлттық байлықтың экономикалық айналамға қатысатын және ұдайы өндірісте болатын бөлігін қалай өзгертетінін, осы ұдайы өндірілген құндылықтан экономикалық агенттердің барлық топтарына табыстың қалай бөлінетінін көрсету;
-ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ететін халық шаруашылығының арақатынасын сақтау.
Ұлттық есеп жүйесінің дамуына өз үлесін қосқан ғалымдарың бірі- француз Антуан Лавуазье. А. Лавуазье 1771 жылы Францияның ұлттық ассамблеясында «Франция корольдігің аймақтық байлығы туралы саяси арефметикалық очерк» атты баяндамасын жасады. Баяндама өнім өндіріу, тұтыну процестерін сипаттайтын және ұлттық өнімнің, ұлттық табыстың, мөлшерін көрсететін кесте келтірілді. Бұл кестелерді тарихтағы ең алғаш ұлттық шоттар деуге болады.
Сонымен қатар, ол кезде экономика стихиялы түрде дамиды, оны мемлекет трапынан реттеу қажет емес деген көзқарас қалыптасты. Сондықтан мұндай жағдайда халық шаруашылығындағы байланыстарды сан жағынан талдаудың қажеті болмады. Соған қарамастан халық шаруашлығының синтетикалық көрсеткіштерін есептеуге байланысты жұмыстар жүгізілі берді.
ХХ ғасырдың 30-жылдары түбегейлі өзгерістер болды, соған байлансты, ұлттық есеп жүргізудің жаңа кезеңі басталды. Бұған 1929-1933 жлдары Ұлы экономикалық депрессия (тоқырау) себеп болды. Осы жылдары жинақ пен инвестиция арасындағы байланыс, жалақының өсі не кемуі салдары, экспорттың немесе импорттың өзгеруі, кәсіпкердің табысы сияқты келелі мәселелердің шешу қажеттілігі артты. ал бұл мәселелерді бұртұтас экономикаға талдау жасамай шешуге болмайтын еді. Көптеген экономистер тоқыраудан кейін нарықтық экономиканы қалпына келтіру үшін реттеу қажет деген қортындыға келді. Осындай пікірді айтқан және дәлелдегендердің бірі -ағылшын экономисі Дж. Кейнс. Нарықтық экономиканы реттеу мәселелері туралы өз ойларын Дж. Кейнс «Ақша, процент және жұмысбастылықтың жалпы теориясы» атты жұмында (1936ж) жариялады және болашақ ұлттық сеп жүйеснің негізгі принциптерін келтірді. Ол ҰЕЖ жалпы табыс, тұтыну, инвестиция, жинақ сияқты өзара байланысты макрокөрсеткіштердің жүйесі деп көрсетті, осы көрсеткіштердің кейбіреулерін өзгерту арқылы мемлекет экономиканы реттей алады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең ұлттық есеп жүргізудің кеңінен тараған кезеңі болып саналады. Осы кездегі ұлттық шоттардың жаппай тарағанын төмендегі 1-ші кестеден көруге болады.
Кесте 1
Капиталистік елдерде ұлттық есептер жүйесінің дамуы
Жұмыстың басталған кезі.
Қарапайым интеграцияланбаған үлгі
ҰЕЖ-нің түсіндірмесі жарияланды.
Соны жүйе.
1951 Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымының жеңілдетілген стандартты ұлттық есеп жүйесі жарияланған соң, ұлттық табыс статистикасының дәстүрлі идеяларын шоттардың интеграциялық жүйеснің идеялары ығыстырды.
1952 жылы Нидерландияда алғаш рет ҰЕЖ-ге салааралық баланс енгізілді. Бұл баланс өндіріс сферасының 26 саласы бойынша құрылды және 1938, 1946-1951 жж. қамтиды. Мұнан былай салааралық балансты құрған елдердің барлығы оны ұлттық есеп жүйесіне енгізді.
Қазіргі кезде көптеген елдердің ұлттық есеп жүйеснің құрамында қаржы операцияларының кестесі бар. (Нидерленды, Финляндия, Норвегия, Франция, Швеция, Германия, Жапония) . Ұлттық баланстық кестелер (national balance- sheet) түріндегі мүлік баланстарын құружәне олардың интеграциясы- ұлттық есеп жүргізудегі тағы да негізгі бағыт. Шаруашылық бірліктернің қаржы активтері мен пассивтерінің өзгерісі қаржы операцияларның нәтежесін ал, қоғамдағы материалдқ игіліктердің өзгерісі экономикалық әрекеттің нәтежесін көрсететіндіктен ҰЕЖ-де баланстық кестелерді құру қажеттілігі туады.
Ұлттық шоттар ұлттық табыс статистикасынан, ал баланстық кестелер ұлттық байлық статистикасынан бөлініп шықты. Ең алғаш ұлттық баланстар, яғни мүлік баланстарының жүйесі Нидерландыда 1947 жылы (Рикен Ван Олст) және 1948 жылы (В. Корн, С. Смейс) құрылды. Содан бері бұл кестелер осы елде жүйелі түрде пайдаланып келеді. Ал басқа елдер осыған ұқсас жұмыстарды жүргізге бастады.
Шоттардың құрылымын және онда қолданылатын категорияларды халықаралық стандарқа сәйкестендіру ҰЕЖ -нің дамуы мен өестеуіне зор ықпал етті. 1945 жылдың соңында Ұлттар Лигасының статистика жөніндегі сарапшылар комитеті ұлттық табысты есептеу және ұлттық шоттарды құрудың сипаттамасын дайындады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz