Кәсіпорынның амортизациялық саясатының қалыптасуының негіздері


- Кәсіпорынның негізгі қорларының мазмұны және құрылымы
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайында өндіріс тиімділігі, оның бәсекеге қабілеттілігін және үздіксіздігін қамтамасыз ету қандай да болмасын кәсіпорынның маңызды мәселесі болып табылады.
Кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қызметін экономикалық ұқыпты басқаруды талап етеді, ал бұл көбіне оны талдап білумен анықталады. Талдау көмегімен даму тенденциялары зерттеледі, қызмет нәтижелерінің өзгеру факторлары жүйелі түрде және терең зерттеледі, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыратын басқару шешімдері және жоспарлар негізділігі, өндіріс тиімділігін жоғарлату резервтері анықталады, кәсіпорын қызметінің нәтижелері бағаланады, оның дамуының экономикалық стратегиясы дайындалады.
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әрбір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
- қазіргі экономика - бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процесінде келесі экономикалық ресурстардың түрлері пайдаланылады: табиғи ресурстар; еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі) ; өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т. б. ), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.
Негізгі қорлар өндіріс сферасында республиканың ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндіріс қарқының өсуі байланысты.
Негізгі қорлар деп өндіріс барысында ұзақ уақыт бойы (1 жылдан артық) пайдаланылатын өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығаратын өнімге, орындайтын жұмысқа, көрсетілетін қызметке, есептелетін амортизациялық аударым мөлшері ішінде біртіндеп ауысып отыратын еңбек құралдарын айтамыз.
Негізгі қорларға көзделген мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар қорлары жатады.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншігінің, амортизациясының, пайдасының, несиелерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтар салады. Өндіріс тиімді болу үшін, сонымен қатар негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның әрі қарай дамуы да осыған байланысты.
Берілген дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - тақырыптың теориялық негіздеріне, яғни негізгі қорларға сипаттама беру, кәсіпорынның техникалық потенциалын сипаттау, негізгі қорлардың классификациясын, құрамын және құрылымын зерттеу, амортизациялық саясаттың мәні және элементтерін қарастыру, кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуін және қолданылуын талдау, амортизациялық саясаттың тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі қызмет көрсету нарығы, соның ішінде, «ACME operations» ЖШС-нің қызметі. Талданып отырған кәсіпорын қызметін көрсету үшін екінші бөлімнің кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуіне және қолданылуына талдау жүргізілді. Кәсіпорынның 3 жылдық мәліметтерін пайдаланып олардың абсолютті өзгеруін, көрсеткіштердің өсу қарқынын, оларды тиімді пайдалану жолдары және резервтерін анықтауға болады. Кәсіпорынның дамуына байланысты болатын оның техникалық потенциалын тереңірек зерттеу үшін, кәсіпорынның негізгі қор бойынша құрылымының бөлімшелерін, жалпылағыш және жеке көрсеткіштер бойынша олардың қолданылу деңгейін анықтау, олардың деңгейінің өзгеру себептерін белгілеу үшін, олардың пайдалануындағы әлсіз жақтарын шығару үшін, негізгі қорлардың қозғалысына, динамикасына, техникалық жағдайына талдау жүргізіледі. Негізгі қорлардың тиімді пайдалану көрсеткіштерінің талдауы, олардың ішінде негізгі қорлардың қор қайтарым және қор сыйымдылық көрсеткіштері бар. Олардың өзгеру себептері, оларды өзгертетін факторлар зерттеледі.
Жұмыстың теоретикалық және әдістемелік негізі ретінде негізгі қорларды тиімді қолдану мәселелері бойынша отандық, ТМД елдерінің, шетелдік авторлардың, ғалым экономисттердің ғылыми зерттеулері қолданылды.
Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалануды талдау және негізгі қорлар есебінің мәселесіне келесі экономист ғалымдардың Е. Е. Савицкая, Л. А. Виногоров, Г. В. Снитко және т. б. жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланылған.
Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы : кәсіпорындардың шаруашылық қызметін реттеу бойынша ҚР ның нормативті және заң актілері, «ACME operations» ЖШС нің шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша мәліметтер.
Дипломдық жұмыста кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдаланудың негізгі жолдары және бағыттары келтірілген. Оларды пайдаланудың талдауын және есебін жүргізуді жетілдіру жолдары ұсынылған. Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін, талданатын кәсіпорын үшін өндірістің даму перспективалары және тенденциялары қарастырылады.
1. Кәсіпорынның амортизациялық саясатының қалыптасуының теоретикалық негіздері
1. 1 Кәсіпорынның негізгі қорларының мазмұны және құрылымы
Кәсіпорынның негізгі белгісі - оның өз бетінше шаруашылықты жүргізу немесе белгілі бір мүлікті жедел басқару. Дәл осы кәсіпорынның материалдық-техникалық мүмкіндігін бақылауды, экономикалық дербестігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Анықталмаған мүлкінсіз үлкен немесе шағын кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асыра алмайды.
Негізгі қорлар - ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы. Олар осы кезең бойында өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, сонымен бірге өз құнының бір бөлігін жаңадан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.
Өз кезегінде өндірістік қорлар қайта өндіруді кеңейту процесіне тигізетін үлесі бойынша өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларға бөлінеді.
Негізгі өндірістік қорлар өндірістің материалдық сферасын қалыптастырып, соның ішінде өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, соның нәтижесінде баяу істен шығатын, бірақ олардың құны жаңадан пайда болған өнім құрамына қолданылуы шегіне қарай көшіріп отырады және де олар күрделі салымдардың арқасында толығып отырады.
Негізгі өндірістік емес қорларға - кәсіпорынның балансында есептелінетін тұрғын үйлер, балаларға арналған және спорттық мекемелер және де басқа мәдени-техникалық қызмет көрсететін объектілер жатады. Негізгі өндірістік қорларға қарағанда негізгі өндірістік емес қорлар, өндіріс процесіне қатыспайды, сонымен бірге өзінің құнын басқа өнімге көшірмейді, немесе ол қалыптаспайды. Ал олардың құны қолдануда жоғалады, қайтарым қоры қалыптаспайды, соған орай ұлттық табыстың ңәтижесінде қайта өндіріледі.
Осыларға қарамастан негізгі өндірістік емес қорлар өндіріс көлеміне және еңбектің өнімділігінің көтерілуіне әсер етпейді, олардың күнделікті жоғарылауы кәсіпорындағы жұмысшылардың өмір сүруіндегі материалдық немесе мәдени деңгейінің жоғарылауы мен жалпы жағдайының жақсаруымен байланысты. Соңында бұлар кәсіпорынның қызметінің нәтижесіне әсер етеді.
Негізгі өндірістік қорлар - қоғамдық өндірістің материалды-техникалық базасы. Олардың көлемі кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы, еңбектің техникалық қамтылу деңгейімен байланысты. Негізгі қорлардың жинақталуымен және еңбектің техникамен қамсыздануының жоғарылауы еңбек процесін жетілдіреді, оған творчестволық қасиет береді және қоғамның мәдени-техникалық деңгейін жоғарылатады.
Нарықтық экономика жағдайында негізгі қорлар -болашақтағы ең басты экономиканың өндіріс қарқындылығы жоғарылауының алғышарты. Негізгі қорлар құрамына маңызды бір бөлім енеді, ол - қоғамның материалдық ресурстары.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары - бұл еңбектегі ауқымды қаражаттар, олар экономиканың біріңғайлығына қарамастан, өзінің қызмет ету мерзімімен ерекшеленеді. Осыдан белгілі бір топтар бойынша негізгі қорлардың қажеттілігі мен әртүрлі өндіріс саласындағы спецификаны ескеру қажеттілігі туындайды.
Кәсіпорындағы негізгі өндірістік қорлардың қолданылуының түрлері көрсетілген. Олар топтар бойынша былай бөлінеді:
- кәсіпорынның меншігіндегі жер учаскелері және табиғи қолданыстағы
объектілер (су, жер қыртысы, т. б табиғи ресурстар) ;
- ғимараттар (өндірістік-техникалық, қыметтік және т, б) ;
- құрылыс ғимараттары (өндіріске қызмет көрсететін инженерлік-құрылыс объектілері) ;
- тасымалдау құралдары (электржелілері, жылу жүйелері) ;
- машиналар және құрал-жабдықтар;
- лабораториялық құралдар, өлшеуіш және бақылау құралдары;
- есептеу техникалары;
- еңбекақының орташа құны, яғни 50 ден жоғары құнды құрайтын құралдар мен құрал-жабдықтары;
- көлік құралдары (ішкі және өндірістік емес) ;
- өндірістік және шаруашылық құралдар;
- ішкі шаруашылық жолдар. ;
- жерді және арендаға берілген ғимараттарды, құрылыстарды, құралдарды және тағы басқа негізгі құралдар жағдайын жақсартуға бағытталған күрделі салымдар.
Жекелеген негізгі қорлар топтарының байланысы ортақ көлемде түрлік (өндірістік) негізгі қор құрылымын құрайды. Қоғамға қай негізгі қорлардың кейбір топтары өз үлесін қаражаттарға қосатыныны бәрібір емес. Ол машина мен құрал-жабдықтардың меншікті салмағының оптималды жоғарылауына қызығушылық танытады. Бұлар қордың - активті бөлігін құрайды, сонымен қоса кәсіпорынның әрбір бұйымдарын жасауда өндірістік учаскелерді қамтамасыз етуде маңызды орынға ие.
Ғимараттар, құрылыс ғимараттары, құралдар негізгі қорлардың активті элементтері негізгі қордың - пассивті бөлігіне қарағанда қамсыздандырады.
Негізгі өндірістік қорлардың құрал-жабдықтарының құны жоғары болған сайын, тепе-теңдік жағдайда өнім шығару көбейеді де, қор қайтарымының көрсеткіші жоғары болады. Сондықтан негізгі қордың құрылымының жақсаруы өндірістің өсуі жағдайымен, өзіндік құнның төмендеуімен, кәсіпорынның ақша салымдарының көбеюімен қарастырылады.
Негізгі өндірістік қорлардың түрлік құрылымы әртүрлі өндіріс саласындағы кәсіпорындарда бірдей емес. Мысалы, негізгі қордағы ғимараттардың ортақ құны жеңіл және азық-түлік өндірісі саласында (44%), құрылыс ғимараты мен жанармай өндірісінде (17%), электр энергетикасында (32%), машина мен құрал - жабдықтар машина құрастыратын кешенді кәсіпорындарда (45% жоғары) салымдарының көбеюімен қарастырылады.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер етуші маңызды факторлар болып:
- шығарылған өнім сапасы;
- шығарылған өнім көлемі;
- автоматтандыру және механикаландыру деңгейі;
- мамандандыру және кооперацациялану деңгейі;
- кәсіпорынның климаттық және географиялық орналасу жағдайлары табылады.
Алғашқы фактор ғимараттың құны мен оның көлеміне, транспорттық құралдарға әсер етеді. Өнім шығару көлемі (екінші фактор) жоғары болса, онда арнаулы прогрессивті жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтарының меншікті салмағы да жоғары болады. Мұндай көрініс мінездемесі үшінші және төртінші факторлардың қор құрылымына да тән. Ғимараттар мен құрылыс ғимараттарының үлесі климаттық жағдайларға да байланысты.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсарту мыналарға байланысты:
- құрал - жабдықтарды модернизациялау мен жаңарту;
- ғимараттар мен құрылыс ғимараттарын тиімді қолдану үшін қосымша құрал-жабдықтарды бос аумақтарда орналастыру;
- құрылыс жобасын дұрыс жасау мен кәсіпорынның құрылыс жоспарының жоғарғы дәрежеде орындау;
- артық және аз қолданылатын құралдар мен оларды орнатуды жою.
Негізгі қорларды есепке алу мен жоспарлау натуралды және ақшалай формада жүреді. Негізгі қорларды натуралды формада бағалау кезінде машиналардың саны, олардың өндіргіштігі, қуаттылығы, өндірістік аумақтың көлемі және де басқа да сандық көлемдер анықталады. Бұл аталғандар кәсіпорын мен оның әртүрлі саласындағы өндіргіштік қуатын есепке алуда және өндіргіш программасын жобалауда, құрал-жабдықтар резервтерін жоғарлатуды орындауда және де балансын құрастыруда қолданылады. Бұл мақсатпен құрал-жабдықтарды құжаттау (паспорттау) мен жабдықтау, оның келуі мен кетуін есепке алу жүргізіледі. Құжат негізінде кәсіпорын және оның цехтарын өнідірістік профилі бойынша: материалды-техникалық мінездемелерді, жұмыстың техника-экономикалық көрсеткіштерді, құралдардың құрамын анықтауға болады. Құжатта сонымен бірге құралдардың эксплуатациялау мерзімі, тозу деңгейі, техникалық аумақтармен, машиналар және құрал-жабдықтардың техникалық мінездемесі толықтай көрсетіледі. Негізгі өндірістік қорларды ақшалай немесе өзіндік құн бойынша бағалау негізгі қорды қайта өндіру кезінде кеңейтуді жоспарлау үшін, істен шығып қалу дәрежесі мен амортизациялық аударым көлемін анықтау үшін, жекешелендіру көлемін анықтау үшін қолданылады.
Негізгі қорларды бағалауда өндіріс процесіне ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі бар. Олар - бастапқы (номиналды) құн К Б , қайта қалпына келтіру құны К Қ және де қалдық құндар К қал .
Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құны - бұл қорды жасаумен немесе сатып алумен, оларды жеткізу мен монтаждауға кеткен шығындар сомасы. Ол амортизация нормасын және амортизациялық аударым көлемін анықтауда, кәсіпорынның табысы мен рентабельділігінің активтерін, олардың қолданылу көрсеткіштерін есептеуде қолданылады.
Кәсіпорын тұтынатын барлық негізгі қорлар, бастапқы құн бойынша оның балансына енеді. Бұл бағалаудың экономикалық мағынасы негізгі өндірістік қорларды пайдалану кезінде нақты шығындар арқылы көрінеді. Осы әдістің бір кемшілігі - бірдей (біртектес) негізгі қорлар әртүрлі уақытта өндірілген, қолданылған және сатып алынған. Бұл ғылыми -техникалық прогреспен байланысты.
Қайта қалпына келтіру құны - негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.
Қалдық құн - негізгі қорлардың тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары - еңбек құралдарының құндық көрінісі. Негізгі қорлардың басты анықтаушы белгісі ретінде құнды өнімге аудару әдісі көрінеді - біртіндеп: өндірістік циклдердің ағымындағы тозу шамасы бойынша бөліктері арқылы. Негізгі қорлардың тозуы амортизацияның белгіленген нормалары бойынша есептеледі, олардың сомасы өнімнің өзіндік құнына қосылады. Өнімді іске қосқаннан (пайдаланғаннан) кейін аударылған тозу сомасы жаңа капитал салымдарына арналған арнайы амортизациялық қорға жиналады.
Осылайша, жарғылық қорға бір уақытта авансталған құн негізгі қор бөлігінде ақшалай түрден натуралды, тауарлық және қайтададан ақшалай түрге ауысып тұрақты айналым жасап отырады. Негізгі қорлардың экономикалық мәні осыдан тұрады.
Негізгі қорлардың барлық түрлеріне қатысты экономикалық белгілері:
- Негізгі қорлардың барлық түрлері, өндіріс процесіне қатыса отырып, еңбек өніміне натуралды түрімен кірмейді, ең алдымен еңбек құралдарынан ажыратылады - шикізаттардан, материалдардан және т. б. ;
- Негізгі қорлардың барлық түрі ұзақ мерзім бойына көптеген өндірістік циклдерге қатысады;
- Негізгі қорлардың барлық түрі өндіріс процесінде тұрақты тозады, және олардың құны тозу шамасына қарай біртіндеп дайын өнім құнына кіреді;
Мысалы, резервуарлар, құбырлар өндірісте бірнеше жылдар бойына жұмыс жасайды, пішіндері де өзгермейді және өзінің құнын біртіндеп тасымалданған мұнайға көшіреді.
Өнекәсіптің әртүрлі салаларында өндірістік қорлардың жалпы сомасында негізгі және айналым қорларының арақатынасы өндірістік процесстің ерекшелігіне байланысты.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары - бұл өндіріске қызмет көрсете отырып, табиғи-заттай нысанын сақтай отырып, құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнімге көшіретін еңбек құралдары. Негізгі қорларды қайта өндіру заңы өндіріске салынған құны, еңбек құралдарының әрдайым технологиялық жаңару мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, толығымен қалпына келтірілетіндігінде көрінеді. Жәй қайта өндірісте амортизациялық қорлардың қаржысының есебінен кәсіпорын тозғандардың құнына тең еңбек қаруының жаңа жүйесін қалыптастырады. Өндірісті кеңейту үшін қосымша пайдадан, құрылтайшы жарналарынан, бағалы қағаз эмиссияларынан, несиелерден және т. б. тартылатын қаржылардың жаңа салымдары қажет.
Қолданыстағы негізгі капиталдың үлкен масштабында ірі және үлкен кәсіпорындар амортизациялық қор қаржысының есебінен тек жай ғана емес, сонымен қатар күрделі көлемде еңбек құралдарының кең ұдайы өндірісін қаржыландыруға мүмкіндігі бар. Негізгі қорларды жоспарлау және есепке алу үшін мемлекетпен барлық халық шаруашылығына арналған бірегей классификация жасалады. Еңбек құралдары түрлері, топтары және топшалары бойынша бірігеді, сол арқылы оларды типтендіруге, кодтауға, есеп берудің және есептеменің бірегей түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде негізгі қорларды басқару үшін еңбек құралдарының функционалдық-түрлік топталымы аса маңызды болып табылады. Ол кәсіпорынның экономикалық әлуетінде (потенциалында) болып жатқан маңызды сапалы өзгерістер туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Түрлік құрылымның динамикасы өндірістің техникалық қамсыздануын, инновацияны енгізу қарқынын, мамандандырудың дамуын, шоғырландыруды және құрамдастыруды бейнелейді.
Негізгі құралдар мақсатты бағытына және қызметтеріне қарай төмендегідей бөлінеді:
І. Жер учаскелері мен табиғатты пайдалану объектілері - субъектімен меншік құқығына алынған жердің саны мен құны. Жерге меншік құқығы «Жер үлесіне меншік құқығы Актісімен» расталуы тиіс. Инвентарлық болып меншік құқығына берілген әрбір жер үлесі табылады.
ІІ. Ғимараттар - негізгі және көмекші өндіріс процестері жүргізілетін құрылыстар мен ғимараттар. Бұл объектінің құнының құрамына құрылыс бөлігінің құнынан басқа жылу жүйесі, су құбыры құны да кіреді.
ІІІ. Құрылыстар - еңбек құралдарының өзгеруімен байланыссыз сол немесе одан басқа функцияларды орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері. Инвентарлық болып бір тұтасты құрайтын барлық қолайлы жағдаймен әрбір бөлек құрылыс табылады.
ІV. Жіберу құралдары - электр, жылу және механикалық энергияны (құбыр жолдары, жылу жүйесі, электрожіберу линиялары) жіберу құралдары болып табылады.
V. Машиналар мен жабдықтар - мұнда әрбір машина инвентарлық болып табылады, егер ол өзінің құрамына кіретін керек-жарақтарды, аспаптар мен қоршауларды қосатын, басқа объектінің бір бөлігі болмаса. Негізгі құралдардың бұл тобы 5 бөлімнен тұрады:
• Күш машиналары мен жабдықтар , оған энергетикалық агрегаттар мен двигательдердің барлық түрі жатады;
• Жұмыс машиналары мен жабдықтар , технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар (станоктар, терминалық пештер, көтеру-тасымалдау механизмдері) ;
• Өлшеу, реттеу приборлары мен құралдары, лабораториялық жабдықтар, өндіріс процесін қол еңбегімен немесе автоматтандыру арқылы реттеуге, технологиялық процестің параметрлерін өлшеуге және бақылауға, лабораториялық зерттеулер жүргізуге қажетті.
• Есептеу техникасы: электронды есептеуіш машиналары, сонымен қатар технологиялық процестер мен өндірісті басқару үшін қолданылатын машиналар мен құралдар;
• Басқа машиналар мен жабдықтар , берілген топта көрсетілмегендер.
VI. Тасымалдау құралдары - кәсіпорынға тиесілі темір жол, су және автомобиль көлігі, сонымен қатар заводішілік тасымалдау құралдары.
VII. Құрал-сайман - бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбегінің қаруы немесе металл, ағаш өңдеу үшін машиналарға жалғанған заттар. Инвентарлық объект болып тек басқа инвентарлық объект құрамына кірмейтін заттар табылады.
VIII. Өндірістік инвентарь мен түгендеме , өндірістік операцияларды орындауды жеңілдету мен жеке еңбек заттарын сақтауға арналған.
IX. Шаруашылық инвентарь - шаруашылық және кеңсе бағытындағы заттар.
X. Жұмыс және өнім малдары.
Жұмыс малдары - жылқы, түйе және т. б. жұмыс малдары.
Өнім малдары - ірі жұмыс малдары, айғырлар, бие, киік, қозы, маралдар. Инвентарлық объект әрбір үлкен мал болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz