Логистикалық теорияның аспектілері: мәні және міндеттері


Мазмұны
Кіріспе . . . 5
1. Логистикалық теорияның аспектілері: мәні
және міндеттері. 8
1 . 1Логистика түсінігі және оның дамуының негізгі кезеңдері. . 8
- Логистиканы қолданудың тиімділігі . . . 18
- Қазақстан Республикасында логистиканың даму жағдайы . . . 26
2. ҚР-ның мультимодальды
көлік-логистикалық жүйесінің қазіргі жағдайын
және даму тенденцияларын талдау. 34
2. 1 ҚР-ның көлік-коммуникациялық кешенінің даму жағдайын және
тенденцияларын талдау . . . 34
2. 2 «Favorite Customs Services LTD» ЖШС және «STS Logistics» ЖШС
логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау . . . 44
2. 3 ҚР-ның терминалдық-қойма инфрақұрылымы және Қазақстанның
көлік-логистикалық жүйесіндегі мәселелерін талдау 54
3. Қазақстан Республикасында
көлік-логистикалық жүйенің даму болашағы. 69
3. 1 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының аймақтық даму
стратегиясы . . . 69
3. 2 Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесінің моделі76
3. 3 Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру
жолдары . . . 87
Қорытынды . . . 98
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 100
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі . Нарықтық бәсекелестік орта шарттарында әр түрлі көлік түрінің жұмысындағы координацияны және өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету мәселелерін шешу, халықаралық көлік коридорлары бойынша аралас (интермодалды) жүктерді тасымалдау, көлік-экспедициялық кешенде жаңа түбегейлі тұрғыда клиенттерге қызмет көрсетуді талап етеді, оның негізінде логистиканың және логистикалық менеджменттің принципі, аймақтық, аймақаралық және трансұлттық деңгейлерде интегралдық логистикалық көлік-таратуы жүйелердің қалыптасуы және дамуы жаңа тұрғыны қолдануды талап етеді. Логистиканың классикалық түсінігі қажетті көлемде жоғары сапалы тауарлармен қажетті уақытта, қажетті орынға және ең төменгі шығынмен жеткізуді қамтамасыз етумен байланысты. Кәсіпкерліктің тәжірибесіне логистика әдістерін енгізу өндірістегі, жабдықтаудағы және өткізудегі өнімдердің барлық қор түрлерін қысқартуға, өндірушіден тұтынушыға дейінгі тауарматериалдық ағынмен байланысты өндірістің өзіндік құнын және шығындарын орташа 40-50% төмендетуге, клиенттердің тауарлар мен қызмет сапасына толық қанағаттануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Халықаралық логистикалық қызмет нарығының жылдам кеңеюі ірі макрологистикалық трансұлттық серіктестіктердің және өндірістік көлік корпорацияларының қалыптасуына алғышарт жасайды. Логистиканың интегралдау тұжырымдамасы жүк жүйесінің қатысушылары біріккен және тауарлардың үздіксіз және үзіліссіз қозғалысын, тауар қозғалысының қатысушылары арасында экономикалық келісімге келу арқылы жиынтық шығындарын төмендету негізінде құрылды. Көлікте интеграциялау процестері халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуінде маңызды рөл атқарады. 1990 жылдың басында көлік және экспедиторлық кәсіпорындар замануи логистикалық тасымалдау технологияларын және мультимодалды терминал жүйелерінің негізінде жүктерді өңдеу, сыртқы сауда жүктерінің аралас тасымалдауларын іске асыру, жүктерді жеткізу «тура уақытында» (just in time) және «есіктен есікке» технологияларын енгізу, жүктерді тасымалдауды қамтамасыз ететін замануи телекоммуникациялық жүйелердің дамуын қолдану өажеттілігін түсінді. Ірі көлік-экспедиторлық серіктестіктер өздерінің терминалдарын және кеден қоймаларын, көлік-таратушы орталықтарды, тасымалдау процестерінің ақпараттық жүйелерін қамтамасыз ететін, жүктерді өңдеу және логистикалық сервисті құра бастады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы . Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану арқасында алынған әсерлі нәтижелерімен түсіндіріледі.
Шетел тәжірибесі көрсеткендей, қазіргі кәсіпкерлікте логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың серіктестік басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы фирмалардағы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық (жаңартпа) жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізінде бірікті. Логистика саласындағы қызмет көп қырлы. Оған көлікті, қойма шаруашылығын, қорларды, кадрларды басқару, ақпаратты жүйелердің ұйымдастырылуы, коммерциялық қызмет және т. б. жатады. Аталған әрбір қызмет сәйкес салалық пәнде терең зерттеліп, баяндалған. Логистикалық тәсілдің жаңалығы - негізгі өзара байланыс. Логистикалық әдістің мақсаты - материалды ағымдарды толассыз басқару.
Шет елдердің көпшілігінде логистикалық ассоциациялар, ұйымдар мен қоғамдастықтар құрылып, тиімді қызмет етіп отыр. Логистика салыстырмалы түрде жас және белсенді дамушы ғылым мен кәсіпкерлік сферасы болып табылады. Шет елде логистика соңғы онжылдықта тез дамыды. Қазақстан үшін логистикалық өндірістік, сауда, көлік және ақпараттық жүйелердің қалыптасуы мен дамуы өте маңызды, себебі ол біздің елдің әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке интеграциялануын тездетуге мүмкіндік береді.
Логистиканың тәжірибелі тәсілдерді және ғылыми көзқарасты талап етуі Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуінің бастауымен сай келді. Отандық бизнестегі логистикалық көзқарастың мүмкіндіктерін және қарқынын бүгінгі күнгі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайдан және экономикалық реформалар қадамының болжамынан бөліп-жарып қарауға болмайды.
Кәсіпкерлік практикасына логистикалық менеджмент әдістерін енгізу көптеген фирмаларға өндірістегі, жабдықтаудағы және өткізудегі өнімнің барлық қор түрлерін қысқартуға, айналым капиталының айналымдылығын жеделдетуге, өндірістің өзіндік құнын төмендетуге, бөлуге тиісті шығындарды төмендетуге, тауарлар және қызметтермен тұтынушылардың толық қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан зерттеу жұмысының өзектілігін көруге болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - отандық кәсіпорындардың дамуында логистикалық әдістерді қолдану қажеттілігінің теориялық және практикалық негіздеу болып табылады.
Жұмысты жазу барысында жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей міндеттер белгіленген:
- логистика тарихын, эволюциясын, ұғымы мен мазмұнын ашу;
- логистика әдістемелерін, оны қолданудағы экономикалық тиімділігін толықтай ашу, тұжырымдама келтіру;
- шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесін қарастыру;
- Қазақстан Республикасында логистиканың даму жағдайы және болашағын қарастыру;
- Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар келтіру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан республикасының кәсіпорындары болып табылады.
Жұмыстың тақырыбына қатысты қарастырылатын мәселелер орын-орнымен топтастырып көрсетілген.
Дипломдық жұмыстың ақпараттық әдістемелік базасы : кәсіпорындардың шаруашылық қызметін реттеу бойынша ҚР ның нормативті және заң актілері, отандық және шетелдік ғалым экономисттердің логистика және тасымалдау саласындағы еңбектері.
1. Логистикалық теорияның аспектілері: мәні және міндеттері
1. 1 Логистика түсінігі және оның дамуының негізгі кезеңдері
Практикалық логистиканың пайда болу және даму тарихы көне заманнан басталады. Гамбург университетінің профессоры Г. Павеллектің айтуынша, тіпті Рим империясының кезеңінде «логистер» немесе «логистиктер» деген мәртебесі бар қызметкерлер болған. Олар азық-түлік өнімдерін бөлумен айналысқан. Біздің дәуірдің бірінші мыңжылдығында бірқатар елдердің әскери лексиконында логистиканы қарулы күштерді материалды ресурстармен қамтамасыз ету және олардың қорларын сақтау бойынша қызметпен байланыстырған. Мысалы, византийлік патша VІ Леон (б. з. 865-912 ж. ж. ) кезінде логистиканың міндеттеріне әскерді қаруландыру, оларды әскери мүлікпен қамтамасыз ету, олардың қажеттіліктерін уақтылы қарайластыру жатады деп есептелген.
Логистикалық әдіс Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, әсіресе американдық әскерлерде кеңінен қолданылды. Әскери өнеркәсіптің, тылдағы және фронттағы жабдықтау базалары мен көліктің нақты бірлескен іс-әрекеті американдық әскерді қажетті мөлшерде қару-жарақпен, жанар-жағар май материалдарымен және азық-түлікпен уақтылы және жүйелі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады.
Үлкен ағылшын-орыс сөздігі бүгінгі таңда да «logіstіes» сөзін әскери 1) тыл және жабдықтау; 2) материалды-техникалық қамтамасыз ету; 3) тыл жұмысын ұйымдастыру және жүргізу деп аударып жүр.
Философиялық энциклопедияда логистиканың мынадай түсініктемесін табуға болады: «Логистика гректің «logіstіke» сөзінен алынған - есептеу, пайымдау өнері. Ежелгі гректерде есептеу және геометриялық өлшеу өнері, яғни теориялық математикаға қарсы қойылатын практикалық арифметика логистика деп аталады. Осы мағынада бұл термин Батыс Европада XVІІ ғасырға дейін қолданылған. Бірақ Лейбниц (неміс ағартушы-энциклопедисі, философы) логистиканы «calculus ratіocіnator» (ой қорытындыларын есептеу) үшін синоним ретінде қолданған. 1904 жылы Женевадағы Халықаралық философиялық конгресте бұл термин математикалық логиканы белгілеу үшін ұсынылды».
Логистика дамуының тағы бір бағыты - экономикалық, мұнда логистика деп шаруашылық жүргізудің ғылыми-практикалық бағыты, яғни өндіріс және айналым сфераларындағы материалды және олармен байланысты ақпараттық және қаржы ағымдарын тиімді басқару түсіндіріледі.
Экономикада логистиканың кең қолданылуы 60-70-ші жылдарға келеді және байланыс технологиялары саласындағы жетістіктермен байланысты. Шикізат, бөлшектер мен дайын өнімдердің қозғалысының барлық сатыларын іштей бақылау мүмкіндігі материалды ағымдарды басқарудың дәстүрлі үлгісіндегі жіберілетін үлкен шығындарды айқын байқауға мүмкіндік берді. Экономикада логистиканы қолданудан алатын экономикалық ұтыс тауарларды жылжыту саласында әріптестерді бірлестіктерге бейімдеуге әсер етті.
Логистиканың практикалық әлуетін алғашқы болып американдық мамандар Пол Конверс және Питер Дракер түсінді. Олар оның әлует мүмкіндіктерін «шығындарды үнемдеудің соңғы шегі» және «экономиканың танылмаған материгі» ретінде анықтады. Кейіннен олардың көзқарастарын көптеген теоретик-логистиктер бөлісті. М. Потер, Д. Стон және басқа да осылар сияқты американдық зерттеушілердің айтуынша, логистика өзінің дәстүрлі тар анықтамасының шекарасынан шықты және фирманың жоспарлауы мен стратегиялық басқаруында маңызды орын алады.
Логистика түсініктеріндегі белгілі бір айырмашылықтарға қарамастан, олардың екеуі де жалпы және айрықша белгілері: үйлесімділік, рационалдық және дәл есептеуді бөліп көрсетеді.
Сурет - 1 шет елдегі логистика эволюциясы, материалды, сондай-ақ онда кездесетін ақпарат және қаржы ағымдарын басқарудың теориясы мен практикасы бойынша берілген, яғни шикізаттардың, материалдардың және дайын өнімдердің айналым үрдісімен байланысты, оларды жабдықтаушылардан өндіруші-кәсіпорындарға және соңғылардан талаптарға сәйкес соңғы тұтынушыларға дейін жеткізумен байланысты барлық кешенді мәселелердің шешілуі берілген.
ХХ ғ. логистикасының генезисінде бірнеше тарихи сатыларды бөліп көрсетуге болады.
20-жылдардан 50-жылдардың басына дейінгі кезеңді «фрагментаризация» кезеңі деп атауға болады, бұл кезде логистика идеясы жалпы шығындарды төмендету және бизнестегі материалды ағымдарды басқарудың интегралды құралы ретінде талап етілмеген. Сонымен бірге 50-ші жылдарға дейін кейбір логистикалық қызметтер құрамдас шығындарды төмендету тұрғысынан маңызды болған, мысалы, өндірісте, тасымалдауда, қоймалауда және т. б. Дегенмен, жалпы экономикалық жағдайлар, технология мен менеджменттің даму деңгейі логистика феноменінің пайда болуына ықпал етпеді.
Қарастырылып отырған кезеңде, онда болашақта логистикалық концепция енгізудің алғышарты қалыптасқандығымен маңызды. Оған төмендегілерді жатқызуға болады:
- тауарлардың өткізуді ұйымдастыру жүйелеріндегі қорлар мен тасымалдау шығындарының өсуі;
- транспорт тарифтерінің өсуі;
- маркетинг концепциясының пайда болуы және тез таралуы;
- әскери логистиканың теориясы мен практикасының дамуы.
Осы кезеңде маркетинг бойынша бірқатар еңбектер шықты, оларда маркетингтің құрамдас бөлігі ретіндегі физикалық бөлудің табиғаты ашылды, оның тауарларды өткізудің тиімділігін ұйымдастырудағы және жоғарылатудағы оның ерекше орны көрсетілген.
Сурет 1. Логистика эволюциясы.
Әлемдік экономиканың өндіруші нарығынан сатып алушы нарығына бірте-бірте өту салдары ретіндегі маркетинг концепцияның қалыптасуы кәсіпкерліктегі логистиканың пайда болуын түсіндіретін маңызды фактор болып табылады.
Қарастырылып отырған тарихи уақыт мезетіндегі алғашқы логистикалық ұйымдар мен бірлестіктердің пайда болуын айта кету қажет. АҚШ-тағы және әлемдегі ең ежелгі ұйым сатып алуларды басқару мәселелерінің Ұлттық ассоциациясы болып табылады (1915 жылы құрылған), ол 1967 жылы жабдықтау агенттерінің Ұлттық ассоциациясы болып қайта құрылды.
1950-ші жылдардың ортасынан бастап 1970-ші жылдарға дейінгі кезеңді батыс мамандары логистиканың қалыптасу кезеңі (концептуализация) деп атайды. Бұл кезең, ең алдымен, АҚШ-тағы логистиканың теориясы мен практикасының тез дамуымен сипатталды. Сол кезеңде дистрибьюцияны жақсарту мүмкіндігін, ең алдымен шығындарды төмендету тұрғысынан, елемеуге болмайды. Белгілі американ жазушысы және менеджмент бойынша кеңесші Питер Друкер дистрибьюцияны «көбінесе еленбейтін және американ бизнесінің ең сенімді саласы» деп атаған.
Логистиканың батыс кәсіпкерлігінде тез етек жаюының маңызды фактілерінің бірі - жеке бөлудегі жалпы шығындар концепциясының пайда болуы болды. Бұл концепцияның мәні, дистрибьюцияда шығындарды тауарды өндірушіден тұтынушыға жылжытуға кеткен шығындардың жалпы деңгейі азаятындай етіп қайта топтауға болатындығына келіп саяды. Мысалы, тауарлар тасымалын автокөлік көлігінен әуе көлігіне алмастыра отырып, аралық қоймаларды құру қажеттілігінен қашуға болады, яғни қорларды қоймалауға, сақтауға және басқаруға кететін шығындарды шығаруға болады. Бұл жерде тасымалдау шығындары өскенмен, өткізу торындағы шығындардың жалпы деңгейі төмендейді. Бұл мысал, екі маңызды логистикалық қызметтер (қор мен тасымалдау) арасындағы ішкі өзара қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Жалпы шығындар концепциясы логистикалық шешімдерді қабылдау әдістемесін дамыту үшін негіз болып табылады.
Сонымен бірге, осы кезеңде логистиканың тез дамуын түсіндіретін бірқатар объективті экономикалық және технологиялық факторлар болған. Олардың негізгілеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
- тұтынушы сұранысының модельдеріндегі және қатынастарындағы өзгерістер (олигополиялық нарықтардың дамуы)
- өндіріске жұмсалатын шығындарды азайту;
- компьютерлі технологиялардағы прогресс;
- қорларды қалыптастыру стратегияларындағы өзгерістер;
- әскери тәжірибенің әсері.
Бұл факторлар 60-шы жылдары АҚШ-та айқын көрінді. Нарықтағы негізгі тенденциялар сатып алушыларға көңіл бөлудің күшеюі (соның ішінде, қызмет көрсету үлесінің өсуі) және бірдей қажеттіліктерді қанағаттандыратын (бәсекелес тауарлардың) түрлі тауарлардың көп болуы болды. Олигополистік нарықтық құрылымдардың тез дамуы кәсіпкерлік ұйымдарын сұраныс пен ұсынысты үйлестірудің, тұтынушыларға жақсы қызмет көрсетудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Тапсырыс циклдарын қысқартуға және өнім өндірісіне жаңа кинетикалық көзқарастар пайда болды. Тауарлар түрлерінің көбеюі дистрибьюция жүйелерінде қорлардың құрылуы мен сақтауына кететін шығындардың өсуіне алып келді. Бұл өз кезегінде тауар өткізуші құрылымдарды жетілдірудің және жеке бөлу процестеріндегі шығындарды төмендетудің жаңа жолдарын іздеуді талап етті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соңғы белсенді экономикалық өсуден кейін, 60-шы жылдардың ортасында өндірушілердің ұзартылған пайдасының едәуір құлдырауы және оның тарылу кезеңі байқалды.
Нарықтық жағдайдың өзгеруі, олигополистік бәсекелестіктің өсуі өнім өндірушілерге шығын факторларының қысымын күшейтті, менеджерлерді еңбек өнімділігін жоғарылатудың, өндіріс пен дистрибьюциядағы шығындарды төмендетудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Жаңа логистикалық концепциялар оларға сондай мүмкіндік берді. Бұдан басқа, менеджерлердің логистикалық шығындардың көп мөлшерге дейін жете алатына көзі жетті.
Логистикалық ойлаудың дамуына әсер еткен маңызды факторлардың бірі - кәсіпкерліктегі есептеу техникасының және ақпараттық технологиялардың қолданылуы болып табылды.
Дамыған капиталистік елдер экономикасындағы ғылыми-техникалық прогресс көп альтернативті және оңтайландыру мәселелерін шешу қажеттілігіне алып келді, мысалы, ондай мәселелерге көлік түрін таңдау, өндіріс пен қоймалардың орналасуын оңтайландыру, оңтайлы маршруттау, өнімнің көп ассортиментті қорларын басқару, ресурстар қажеттілігі мен сұранысын болжамдау және т. б. жатады. Бұл мәселе дамушы компьютерлік технологиялардың қатысуынсыз қалмады, олар белсенді түрде кәсіпкерлікке 50-шы жылдардың ортасында ене бастады. Компьютер кез келген ірі фирманың айырылмас бөлігіне айналды. Сонымен қатар, олармен бірге қазіргі экономикалы-математикалық әдістер мен оңтайлы жоспарлау теориясының әдістері, жаппай қызмет көрсету теориялары, қорларды басқару теориялары және операцияларды зерттеудің басқа әдістері қолданыла бастады. Әсіресе, математикалық статистика, сызықтық бағдарлау және болжау әдістері кеңінен қолданыла бастады. Шығындарды төмендету және оңтайлы басқарушылық шешімдерді алу құралы ретіндегі ақпараттық-компьютерлік технологияларды кәсіпкерлікке енгізуге менеджерлердің қызығушылығы өсті.
Дистрибьюцияға қатысты логистикалық әдісті күшейткен маңызды фактор - қор қалыптастыру стратегиясының өзгеруі болды. Көптеген тауар өндірушілер өз өндірістерінде дайын өнімнің көп мөлшердегі қорын құрғысы келмеді, керісінше, оларды дистрибьюция арналарына ығыстыруға тырысты. Сондықтан да көтерме, бөлшек саудагерлер және басқа да сауда делдалдары тауар өткізуші торлардағы қорлар деңгейін басқару, бақылау, тасымалдау, қоймаларды орналастыру мәселелерін өз бетінше шешуге мәжбүр болды. Әрине, осы логистикалық қызметтермен байланысты дистрибьюторлар шығындарының өсуі өндірушілерге қорларды қайтарудың кері реакциясына алып келді. Қайшылықты жағдайлар тек логистикалық үйлестіру арқылы шешілуі мүмкін болды.
Менеджмент әскери логистиканың тәжірибесін біртіндеп логистикалық іс-әрекеттерді үйлестіру үшін және басқару үшін қолдана бастады. Бұған АҚШ-тағы бірқатар алдыңғы қатарлы университеттер мен ғылыми-зерттеу фирмаларының жасаған логистикалық іс-әрекеттеріне әскерлердің демеушілік етуі өз әсерін тигізді.
60-жылдардың соңында Батыста (негізінен АҚШ-та) менеджменттің интегралды құралы ретіндегі кәсіпкерлік-логистиканың концепциясы қалыптасты. Концепцияның негізгі мазмұны мынадай болды: «Логистика - бұл белгілі бір уақытта және белгілі бір жерде тауарлардың сұранысы мен ұсынысын үйлестіруге және жылжытуға әсер ететін барлық қызметтерді басқару».
70-шы жылдардың басында кәсіпкерлік-логистиканың негізгі принциптері құрылды және көптеген батыс фирмалары оларды практикада табысты қолдана бастады. Бірақ пайданы өсіруге қызығушылық білдірген көптеген фирмалар үшін шығындарды азайту және бақылауға қатысты логистикалық әдіс айқын болмады. Бұдан басқа, логистикалық үйлестіруді енгізу әрекеттері көптеген батыс фирмаларында орта және тіпті жоғарғы менеджменттің қарама-қарсы әрекеттеріне алып келді. Ұзақ уақыт бойы дәстүрлі қызметтерді орындауға үйренген менеджерлер, мысалы, сатып алу, тасымалдау, жүкті өңдеу қызметтерін атқара отырып, жалпы шығындарды төмендету концепциясының негізінде материалды ағымдарды іштей бақылау үшін қажетті ұйымдық өзгерістерді енгізуге кедергі жасап отырған. Қосымша қиындықты логистикалық шығындардың құраушыларын бөлуге және бақылауға ыңғайланбаған бухгалтерлік есеп жүйелері және фирмалардың логистикалық белсенділігінің қаржы нәтижелерін бағалау жүйелері тудырды.
70-ші жылдардың ерекше сипаты-жоғары сапалы шикізат ресурстарының жетіспеушілігі кезіндегі бәсекелестіктің өсуі болды. Көптеген елдердегі өндіріс құралдарына салынатын инвестициялардың өсуі салыстырмалы тұрақтандырумен ауысты.
70-ші жылдардың соңында Батыста қойма процесін, оның операциялық құрамын, ұйымдастырылуын, техникалық және технологиялық қамтамасыз етілуін өзгерткен «таралы-орау» революциясы аяқталды. Тасымалдау-қойма құрал-жабдығын өндіру, тара мен ораудың жаңа түрлері, қазіргі автоматтандырылған қойма кешендері кеңінен дамыды, жүктерді тасымалдаудың контейнеризациясы белсенді түрде енгізіле бастады. Тара мен орауды стандарттаудың дистрибутивті логистикалық жүйелеріне орау мен паллеттердің стандартты мөлшерлі қатарларын енгізу маңызды экономикалық әсер берді.
80-90 жж. кезеңін логистика бойынша ең белгілі ғалымдар мен мамандарының бірі, АҚШ-тың Мичиган университетінің профессоры Дональд Бауэрсонс «логистикалық ренессанс» кезеңі деп атады. Шынында да, осы кезең ішінде логистика теориясы мен практикасы алдыңғы онжылдықта жасалғаннан асып, алға қадам басты.
Логистиканың тез дамуының басты идеясы аз шығындармен кәсіпкерліктің соңғы мақсатына жету үшін «сатып алулар - өндіріс-дистрибьюция - сатулар» толық логистикалық торындағы фирманың логистикалық қызметтерімен мен оның логистикалық әріптестерін максималды интегралдау болды.
Қарастырылып отырған тарихи кезеңде логистикалық шарықтау феноменін түсіндіретін әлемдік экономикада маңызды өзгерістер болды. Олардың негізгілері мыналар:
- ақпараттық технологиялардың революциясы және персоналды компьютерлерді енгізу;
- нарықтарды ғаламдастыру;
- экономика инфрақұрылымын мемлекеттік реттеудегі өзгерістер;
- TQM философиясын жан-жақты тарату;
- серіктестіктің және стратегиялық одақтардың өсуі;
- кәсіпкерлікті ұйымдастырудағы құрылымдық өзгерістер.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz