Резервуарларды жөндеу, құрып орнату



КІРІСПЕ

1.1.МҰНАЙ ЖӘНЕ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ
ФИЗИКАЛЫҚ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
1.2. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫҢ АРНАЛУЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ
1.3. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫҢ ЖАБДЫҚТАРЫ
1.4. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР
1.5. ТІК БОЛАТТЫ РЕЗЕРВУАРЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

2. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1. КӨЛЕМІ 50 000М3 БОЛАТЫН РЕЗЕРВУАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
2.2. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ ЖӨНДЕУ
2.3. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ САҢЫЛАУСЫЗДЫҚ ПЕН БЕРІКТІККЕ СЫНАУ
2.4. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ
2.5. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ НАЙЗАҒАЙДАН ҚОРҒАУ
2.6. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ КОРРОЗИЯДАН ҚОРҒАУ

3.ЕСЕП БӨЛІМІ
3.1.РЕЗЕРВУАРДЫҢ БІРІНШІ БЕЛБЕУІНІҢ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫНДЫҒЫН АНЫҚТАУ
3.2.РЕЗЕРВУАР ЖАМЫЛТҚЫСЫНЫҢ КОНТУРЫНДАҒЫ КҮШІН АНЫҚТАУ

4.АВТОМАТТАНДЫРУ БӨЛІМІ
4.1.АВТОМАТИКА ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ . ӨЛШЕУІШ АСПАПТАР
4.2. КӨБІК ТӨГУ КАМЕРАЛАРЫ ЖӘНЕ КӨБІК ГЕНЕРАТОРЛАРЫ

5. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
5.1.КӨЛЕМІ 50 000 м³ РЕЗЕРВУАРДЫ ЖӨНДЕУ БРИГАДАСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАР САНЫНЫҢ ЕСЕБІ
5.2. КӨЛЕМІ 50 000 м³ РЕЗЕРВУАРДЫ БРИГАДАСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕКАҚЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
5.3. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ ЖОСПАРЛЫ . АЛДЫН.АЛА ЕСКЕРТУ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ГРАФИГІ

6. ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ, ӨРТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ
6.1. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
6.2. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

7. ЭКОЛОГИЯ БӨЛІМІ
7.1. АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ ҚОРҒАУ
7.2. ТОПЫРАҚТЫ ҚОРҒАУ

8.ЕҢБЕК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ БӨЛІМІ
8.1.ЕҢБЕК ШАРТЫ
8.2. ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІН ҚОРҒАУ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТ
Ауыл шаруашылығының дамуы мұнай, мұнай өнімдері және газды тұтынушылардың көбеюімен байланысты. Өндіріс,транспорт және ауыл шаруашылығы мұнай өнімдерінің 200-ден астам түрін жанар және жағар май ретінде қолданады. Газ металлургия саласында және электростанцияларда отынның ең арзан түрінде кеңінен қолданылады. Сондықтан,олардың тиімді пайдаланылуы оларды сақтау сапасына тікелей байланысты.
Мұнай және мұнай өнімдерін сақтау резервуарлардың көмегімен жүзеге асырылады.
Резервуар деп – мұнай және мұнай өнімдерін ұзақ мерзімге сақтауға арналған тұрақты және қозғалмалы, әртүрлі көлемдегі ыдыстарды айтады. Резервуар өте жауапты құрылғылар болып табылады, өйткені олардың ішінде үлкен мөлшерде сұйықтықтар сақталады.
Дайындалатын материалдың түріне қарай резервуарлар металдық және металдық емес болып екіге бөлінеді. Металдық резервуарларды болаттан, кейбір жағдайларда алюминийден жасайды. Металдық емес резервуарларға темірбетонды және пластмассалы резервуарлар жатады.
Резервуарлар пішіні бойынша тік цилиндрлі, көлденең цилиндрлі, тік, тамшы тәріздес және т.б. болып бөлінеді.
Резервуарларды әртүрлі көлемдерде – 5 және 120000 м³ аралығында құрастырады.
Бұл дипломдық жобаның тақырыбы «көлемі 50 000м3 резервуарға техникалық қызмет көрсету және беріктікке есептеу» қарастырылған.
1. АРЗУНЯН А.С, АФАНАСЬЕВ В.А, ПРОХОРОВ А.Д. «СООРУЖЕНИЕ НЕФТЕГАЗОХРАНИЛИЩ» МОСКВА «НЕДРА» 1986 Г.
2. АРУТЮНОВ С.А. «ЭКСПЛУАТАЦИЯ НЕФТЕБАЗ». МОСКВА «НЕДРА» 1983 Г.
3. ВЕРЁВКИН С.И, РЖАВСКИЙ Е.Л. «ПОВЫШЕНИЕ НАДЁЖНОСТИ РЕЗЕРВУАРОВ, ГАЗГОЛЬДЕРОВ И
ИХ ОБОРУДОВАНИЯ». МОСКВА «НЕДРА» 1980 Г.
4. ГАЛЕЕВ В.Б, ХАРЛОМЕНКО В.И, СОЩЕНКО Е.М. «ЭКСПЛУАТАЦИЯ МАГИСТРАЛЬНЫХ НЕФТЕПРОДУКТОПРОВОДОВ»
МОСКВА «НЕДРА» 1973 Г.
5.ДЖИЕМБАЕВА Қ.І, НАСИБУЛЛИН Б.М.
« МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫНДА ҰҢҒЫ ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ». АЛМАТЫ 2005 Ж.
6 КАЗТРАНСОЙЛ «МАГИСТРАЛЬДІ МҰНАЙ ҚҰБЫРЛАРЫНЫҢ РЕЗЕРВУАРЛАРЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖҚ 39-015-02»
АСТАНА 2003 Ж.
7. КАЗТРАНСОЙЛ «ТЕХНИЧЕСКИЙ ОТЧЁТ» УСТЬКАМЕНОГОРСК 2005 Г.
8. ҚАЙМОЛДИНОВА М, РОДИОНОВА С, ТАРАКУНЕЦ И. «ЕҢБЕК КОДЕКСІ»
АЛМАТЫ 2005 Ж.
8. ЛЕБЕДЕВ Г.К, КОЛЕСНИКОВ В.Г, ЗИКАНОВ Г.Е. «ПРАВИЛА ТЕХНИЧЕСКОЙ ЭКСПЛУАТАЦИИ РЕЗЕРВУАРОВ И ИНСТРУКЦИИ ПО ИХ РЕМОНТУ» ИЗДАТЕЛЬСТВО «НЕДРА» 1988 Г.
9. ЛАТАЙ А.Б, РАСТОВА Г.В. «ПРАВИЛА И ИНСТРУКЦИИ ПО ТЕХНИЧЕСКОЙ ЭКСПЛУАТАЦИИ МЕТАЛЛИЧЕСКИХ РЕЗЕРВУАРОВ И ОЧИСТНЫХ СООРУЖЕНИЙ»
МОСКВА «НЕДРА» 1977 Г.
10. ТУГУНОВ П.И, НОВОСЕЛОВ В.Ф, АРБУЗОВ Ф.Ф. «ТРАНСПОРТ И ХРАНЕНИЕ НЕФТИ И ГАЗА» МОСКВА «НЕДРА» 1975 Г.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
Резервуарларды жөндеу, құрып орнату

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.1.МҰНАЙ ЖӘНЕ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ
ФИЗИКАЛЫҚ- ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
1.2. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫҢ АРНАЛУЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ
1.3. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫҢ ЖАБДЫҚТАРЫ
1.4. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР
1.5. ТІК БОЛАТТЫ РЕЗЕРВУАРЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
2. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1. КӨЛЕМІ 50 000М3 БОЛАТЫН РЕЗЕРВУАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
2.2. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ ЖӨНДЕУ
2.3. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ САҢЫЛАУСЫЗДЫҚ ПЕН БЕРІКТІККЕ СЫНАУ
2.4. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ
2.5. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ НАЙЗАҒАЙДАН ҚОРҒАУ
2.6. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ КОРРОЗИЯДАН ҚОРҒАУ
3.ЕСЕП БӨЛІМІ
3.1.РЕЗЕРВУАРДЫҢ БІРІНШІ БЕЛБЕУІНІҢ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫНДЫҒЫН АНЫҚТАУ
3.2.РЕЗЕРВУАР ЖАМЫЛТҚЫСЫНЫҢ КОНТУРЫНДАҒЫ КҮШІН АНЫҚТАУ
4.АВТОМАТТАНДЫРУ БӨЛІМІ
4.1.АВТОМАТИКА ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ - ӨЛШЕУІШ АСПАПТАР
4.2. КӨБІК ТӨГУ КАМЕРАЛАРЫ ЖӘНЕ КӨБІК ГЕНЕРАТОРЛАРЫ
5. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
5.1.КӨЛЕМІ 50 000 м³ РЕЗЕРВУАРДЫ ЖӨНДЕУ БРИГАДАСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАР
САНЫНЫҢ ЕСЕБІ
5.2. КӨЛЕМІ 50 000 м³ РЕЗЕРВУАРДЫ БРИГАДАСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ
ЕҢБЕКАҚЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
5.3. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ ЖОСПАРЛЫ - АЛДЫН-АЛА ЕСКЕРТУ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ
ГРАФИГІ
6. ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ, ӨРТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ
6.1. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
6.2. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ
ЖАҒДАЙЛАР
7. ЭКОЛОГИЯ БӨЛІМІ
7.1. АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ ҚОРҒАУ
7.2. ТОПЫРАҚТЫ ҚОРҒАУ
8.ЕҢБЕК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ БӨЛІМІ
8.1.ЕҢБЕК ШАРТЫ
8.2. ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІН ҚОРҒАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТ

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылығының дамуы мұнай, мұнай өнімдері және газды
тұтынушылардың көбеюімен байланысты. Өндіріс,транспорт және ауыл
шаруашылығы мұнай өнімдерінің 200-ден астам түрін жанар және жағар май
ретінде қолданады. Газ металлургия саласында және электростанцияларда
отынның ең арзан түрінде кеңінен қолданылады. Сондықтан,олардың тиімді
пайдаланылуы оларды сақтау сапасына тікелей байланысты.
Мұнай және мұнай өнімдерін сақтау резервуарлардың көмегімен жүзеге
асырылады.
Резервуар деп – мұнай және мұнай өнімдерін ұзақ мерзімге сақтауға
арналған тұрақты және қозғалмалы, әртүрлі көлемдегі ыдыстарды айтады.
Резервуар өте жауапты құрылғылар болып табылады, өйткені олардың ішінде
үлкен мөлшерде сұйықтықтар сақталады.
Дайындалатын материалдың түріне қарай резервуарлар металдық және
металдық емес болып екіге бөлінеді. Металдық резервуарларды болаттан,
кейбір жағдайларда алюминийден жасайды. Металдық емес резервуарларға
темірбетонды және пластмассалы резервуарлар жатады.
Резервуарлар пішіні бойынша тік цилиндрлі, көлденең цилиндрлі, тік,
тамшы тәріздес және т.б. болып бөлінеді.
Резервуарларды әртүрлі көлемдерде – 5 және 120000 м³ аралығында
құрастырады.
Бұл дипломдық жобаның тақырыбы көлемі 50 000м3 резервуарға
техникалық қызмет көрсету және беріктікке есептеу қарастырылған.

1.ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ

1.1.МҰНАЙ ЖӘНЕ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ

ФИЗИКАЛЫҚ- ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Мұнай және мұнай өнімдерінің физикалық- техникалық қасиеттері
тасымалдау және сақтау техникасын, сондай- ақ, олармен жүргізілетін
операцияларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тығыздық- мұнай және мұнай өнімдерінің ең маңызды қасиеті болып
табылады. Тығыздықты стандарт бойынша өлшейді. Тығыздық ρ әрпімен
белгіленіп, мына формуламен анықталады:

ρt= ρ20 – ξ(t- 20)

Мұндағы: ρ20- 20º С- дағы мұнай және мұнай өнімдерінің тығыздығы;
кг м³; ξ- температураны түзету, кгм³ (м³× С)
Мұнай және мұнай өнімдерінің тұтқырлығы температураға байланысты болады.
Температура көтерілгенде, тұтқырлық төмендейді. Қажетті температурадағы
тұтқырлықты эмпирикалық формулалар бойынша анықтауға болады.
1. Вальтер формуласы:

lg×lg (ν+0,8) = а+ в× lg× Т; (1.1)

2. Рейнольдс формуласы:

ν= ν е- u (t- t * );
(1.2)

3. Фогель- Фульчер- Таммана формуласы:

ν= ν1 ехр (b1 t- θ)
(1.3)

4. Фролов формуласы:

ν= ν2 ехр (- u1 t 1+ b2 t)
(1.4)

Мұндағы: ν- кинематикалық тұтқырлық коэффиценті;

Кейбір мұнай және мұнай өнімдерінің тұтқырлықтары өте жоғары
деңгейде болады, сондықтан өндірістік операцияларды жүргізгенде, оларды
алдын- ала қыздырып алады.
Жылу өткізгіштік мына формуламен анықталады:

λ= 137 ρ15 (1- 0, 00054 t)
(1.5)

Мұндағы: ρ15- 15º С кезіндегі мұнайдың тығыздығы, кг м³; t-
мұнайдың температурасы.
Мұнай және мұнай өнімдері тез тұтанғыш және жанғыш материал болып табылады.
Өрт қауіптілігі бойынша мұнай және мұнай өнімдері 4 класқа бөлінеді:
І- класс. Жану температурасы 28º -тан төмен (бензиндер, лигроиндер)
;
ІІ- класс. 28- 45º аралығында (керосиндер және т.б. ) ;
ІІІ- класс. 45- 120º аралығында (мазуттар, моторлы және дизельді
отындар және т.б. ) ;
ІV- класс. 120º -тан жоғары (майлар, битумдар, асфальттар,
парафиндер және т.б. )
Жеңіл мұнай және мұнай өнімдері, әдетте, қоршаған ортада тез
буланып, ауаға тарайды. Бұл мұнайдың сапасына кері әсерін тигізеді.
Мұнай өнімдерінің булануы, қаныққан булардың қысымына байланысты
болады.Қаныққан будың қысымы неғұрлым жоғары болса, мұнай өнімінің булану
қауіпі де соғұрлым жоғары болады. Қаныққан будың қысымы мұнай қабатының
температурасына байланысты болады.
Қаныққан бу қысымын анықтау үшін әртүрлі аспаптар қолданылады.
Мұнай және мұнай өнімдерінің булары адам денсаулығына зиянды, ал
көміртекті мұнай өнімдері буларының құрамында адам өміріне қауіпті улы
заттар бар. Әсіресе, ауыр бензиндер өте қауіпті болып келеді. Өйткені,
олардыңқұрамында бензол бар.
Жұмысшылар резервуарларды тазалағанда және жөндегенде мұнай
буларымен улануы мүмкін. Осыларды ескере отырып, әр өнеркәсіп барлық жұмыс
орындарын желдеткіштермен қамтамасыз етуі тиіс. Ал аса қауіпті жұмыстарды
орындағанда, жұмысшылар противогаз қолдануы керек.

1.2. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫҢ АРНАЛУЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ

Мұнай және мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлар – мұнай
базасының ең негізгі және жауапты құрылғылары болып табылады. Сақталатын
өнімнің түріне қарай резервуарларды 2 топқа бөледі:
Ашық түсті мұнай өнімдеріне арналған резервуарлар;
Қою түсті мұнай өнімдеріне арналған резервуарлар.
Пішіні бойынша резервуарлар цилиндрлі, сферикалық және тік
бұрышты;қондыру тәсілі бойынша тік және көлденең;резервуар түбінің жалпы
орналасуы бойынша жер бетіндегі, жартылай жер астындағы, жерастындағы
резервуарлар болып бөлінеді.
Көптеген мұнай базаларында көлемі 100 – 50000 м³ тік болатты
резервуарлар кеңінен қолданылады. Қазіргі таңда тек дәнекерленген
резервуарларды құрастырады. Өйткені, олар резервуарлардың басқа түрлеріне
қарағанда, экономикалық жағынан тиімді.
Соңғы кезде резервуарлар арнайы индустриалды тәсіл бойынша
құрастырылуда, яғни, резервуардың түбі мен тұлғасы зауытта жасалынып, рулон
түрінде мұнай базасына жіберіледі.
Резервуардың ең маңызды бөлігі – оның тұлғасы болып табылады.
Резервуарлардың тұлғасы бірнеше белдеулерден тұрады. Резервуар тұлғасындағы
белдеулердің орналасуы төмендегідей болады:
Сатылы, телескопты, цилиндрлі, аралас.
Резервуарларды дәнекерлегеннен кейін барлық дәнекерленген тігістерді
тығыздыққа сынайды, ол үшін резервуарға керосин жағып қояды. Белгілі уақыт
өткен соң ( 1 сағат ) тігістің арғы шетін бақылайды. Егер де, тігістің
бойында керосин тамшылары көрінбесе, тігіс сапалы әрі тығыз деп
есептелінеді. Егер керісінше болса, тігістің ақаулық бөлігін кесіп тастап,
қайтадан дәнекерлейді.
Резервуарлардың бұл тобына – тамшы тәріздес, көп күмбезді және
сферикалық ( шарлы ) резервуарлар жатады.

СУРЕТ 1.1. СФЕРИКАЛЫҚ РЕЗЕРВУАР

Тамшы тәріздес резервуарлар төмен температурада қайнайтын мұнай
өнімдерін ұзақ мерзімге сақтауға арналған. Пішіні бойынша олар
сұйықтықтың тамшысына ұқсас болып келеді. Мұндай типтегі
резервуарлардың түбінің құрылысы өте күрделі, сондай – ақ, өте
қарапайым
тығыз орналасқан құмдақ жастық қабатына төселеді, ал тұлғаның төменгі
бөлігі сақиналық тақтаға бекітіледі. Резервуарлардың бұл түрі ірі мұнай
базаларында кездеседі.

СУРЕТ 1.2. ТАМШЫ ТӘРІЗДЕС РЕЗЕРВУАР
1 – ТҮБІ
2 – ЖҰҚА ҚАБЫРҒАЛЫ ҚАБЫҚ
3 – САҚТАНДЫРҒЫШ КЛАПАНДАР
4 – БАСПАЛДАҚ

Мұндай резервуарлар, әдетте, жоғары қысымға есептеледі, олар
сығылған газдарды ( пропан, бутан және т.б. ) сақтауға арналған.
Бұл типтегі резервуарлар ( жүзбелі және тыныс алу қақпақтары бар,
понтонды, резервуарлар – газометрлер ) қысымдалған және вакуумделген
мұнай өнімдерін сақтауға арналған.
Мұндай резервуарлар, әдетте, қар сирек жауатын аудандарда
қолданылады. Резервуардың бұл түрі ішінде жүзбелі қақпақ болатын тік тұлға
болып табылады. Понтонның ішіндегі ауа мұнай өнімін қызып кетуден сақтайды,
соның арқасында шығындар да азаяды.
Жүзбелі қақпақтың жиектері мен резервуар тұлғасының арасында мұнай
өнімінің булануын болдырмайтын тығыздауыш бекітпе орнатылады.

Көп күмбезді резервуарлар – бу тығыздығы төмен мұнай өнімдерін
сақтауға арналған.

СУРЕТ 1.3. КӨП КҮМБЕЗДІ РЕЗЕРВУАР
1 – БАСПАЛДАҚ
2 – ҚАБЫҚТЫҢ ЖОҒАРҒЫ
БӨЛІГІНІҢ ЖАМЫЛТҚЫСЫ
3 – ҚАБЫҚТЫҢ ЖОҒАРҒЫ БӨЛІГІ
4 – ҚАТТЫЛЫҚТЫҢ ТӨМЕНГІ САҚИНА

Көптеген резервуарлар үшін металдық жабық және мата тәріздес
понтондар құрастырылады. Жабық металдық понтондарда жабық саңылаусызданған
қуыстар болады. Ашық металдық понтонның конструкциясы резервуарды құрастыру
кезінде де, пайдалану кезінде де ыңғайлы болып келеді.

СУРЕТ 1.4. ЖҮЗБЕЛІ ҚАҚПАҒЫ БАР РЕЗЕРВУАР

Понтонның негізгі бөліктері – ішкі және сыртқы қатайту
сақиналары, жазық түп, аралас тіректер, тығыздауыш бекітпе болып табылады.
Темірбетонды резервуарларды тереңдетілген түрде құрастырады.
Темірбетонды резервуарлардың өзіне ғана тән мынадай артықшылықтары бар:
тұлғаны құрастыруға металдың аз шығындалуы;
Бетонның жылу өткізгіштік қабілетінің төмендігі шығынға ұшырауды
азайтады;
Темірбетонды резервуарлар коррозияға төзімді болып келгендіктен,
ұзақ мерзімге қызмет етеді. Сондай –ақ, мұндай резервуарлардың ішіне
күкіртті мұнай өнімдерін сақтауға болады.
Тас резервуарлар жерасты және жартылай жерасты болып келеді. Мұндай
резервуарларды құрастыру үшін жергілікті тастар, бутобетондар және жасанды
блоктар қолданылады. Резервуардың түбін және жабынын, әдетте, темірбетонды
етіп құрастырады.

СУРЕТ 1.5. ТЕМІРБЕТОНДЫ РЕЗЕРВУАР
1 – БҮЙІРЛІК ПАНЕЛЬДЕР
2 – ОРТАЛЫҚ ТІРЕКТІ БАҒАНА
3 – ПЕРИФЕРИЯЛЫ ТІРЕКТІ БАҒАНА
4 – МЕТАЛДЫҚ БЕТШЕ
5 – БІР ТҰТАС ТЕМІРБЕТОННЫҢ ТҮБІ;
6 – РЕЗЕРВУАРДЫҢ ТӨБЕСІ.

Бұл типтегі резервуарлар құрылысы жағынан өте қарапайым және арзан
болып келеді. Бұл резервуарларда тек қою және аз буланғыш мұнай өнімдері,
мазуттар, гидрондар және жартылай гидрондар сақталады.
Қазіргі таңда жер резервуарларын тек ерекше жағдайларда ғана
құрастырады.

1.3. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫҢ ЖАБДЫҚТАРЫ

Резервуарларды нақты жарақтандыруды, жабдықтар мен сындарлы
бөлшектерді орналастыруды таңдау жобалық құжаттама мен анықталады.
Тыныс арматурасы тыныс және сақтандырғыш клапандарын, желдеткіш
келтеқұбырды қамтиды.
Орнатылған тыныс арматурасының типі резервуар қақпағының
конструкциясы мен сақталатын мұнайдың қасиеттеріне (қаныққан булардың
қысымына) байланысты анықталады:
- тұрақты шатырлы (понтонсыз) резервуарларда сақталатын мұнайдың
қаныққан буларының қысымы 26,6кПа-дан төмен болатын кезде оттан
сақтандырғыштары бар желдеткіш келте құбырлар орнатылуға тиіс;
- тұрақты шатырлы (понтонсыз) резервуарларда сақталатын мұнайдың
қаныққан буларының қысымы 26,6кПа-дан жоғары болатын кезде оттан
сақтандырғыштары бар тыныс және сақтандырғыш клапандары болуы тиіс.
Тыныс арматурасының орындалу түрін таңдау климаттық аймаққа
байланысты жүзеге асырылады.
Тыныс клапаны резервуарды толтырған кезде және оны босатқан кезде
оған ауа жәбергенде резервуардан бу-ауа қоспасын шығаруға арналған.
Тыныс клапандарының жиынтық өткізгіштік қабілеті бу-ауа қоспасының
температуралық ұлғаюын ескере отырып, резервуарды толтырған(босатқан)
кездегі мұнайдың барынша берілуіне байланысты анықталады.
Сақтандырғыш клапанның қызметі тыныс клапандікі сияқты, бірақ тыныс
клапандары істен шығып қалған жағдайда қысымның жоғары көтерілуіне немесе
вакуумның жол берілетін мәндерін төмен түсіп кетуін болдырмауға арналған.
Бір резервуарда орнатылатын сақтандырғыш клапандарының жиынтық
өткізгіштік қабілеті тыныс клапандарінікінен кем болмауға тиіс.
Сақтандырғыш клапан тыныс клапанымен бірге жұмыс істемеуі үшін оны
көтеріңкі қысымға (5-10%)және төмен вакуумға (5-10%)бейімдейді.
Оттан сақтандырғыштар берілген уақыт аралығы ішінде жалынның
резервуарға еніп кетуінен қорғау үшін тыныс және сақтандырғыш клапандарының
астында, сондай-ақ понтонды және жүзбелі шатырлы резервуарлардың желдеткіш
келтеқұбырларында орнатылады.
Желдеткіш келтеқұбырлар понтонды ( жүзбелі шатырлы ) резервуарлар
үшін толтыру және босату кезеңінде олардың газ кеңістігін атмосферамен
байланыстыруға арналған. Қабылдау-тарату құрылғылары(келтеқұбыр)
технологиялық келтеқұбырларды жалғастыруға арналған және резервуарлардың
төменгі белдеуінде орнатылады.
Дыбыстық жапқыш технологиялық құбырлар жапқыш арматура апатқа
ұшыраған немесе зақымданған кезде резервуарлардан мұнайдың шағындануын
болдырмауға арналған. Дыбыстық жапқыштың қақпағын ашу, оны көтерілген
қалпында ұстап тұру және жабу үшін ол басқару механизмімен жабдықталған.
Қабылдау тарату келтеқұбырында резервуарға технологиялық
келтеқұбырлармен берілетін күшті азайту үшін қарымталушы жүйелер
қарастырылуға тиіс.
Резервуардың түптік ысырмасы қашықтан басқаруды қамтамасыз ететін
электр жетегі бар ернемекті немесе пісірілген түрде орындалған болуға тиіс.
Жүзбелі шатырдан атмосфералық шөгінділерді (суды) кетіру үшін екі
түрлі сутөккіш жүйе пайдаланылады:
- суды резервуардан тыс жерге жіберуге арналған иілімді немесе
топсалы қосылысты құбыр;
- сақталатын өнім арқылы өтетін су резервуардың түбінде жиналатын
кезде сифонды құбыр ( ашық келте құбыр) пайдаланылады.
Сифонды кранды резервуар ішіндегі тығыздамадан (5) жіберілген диаметрі
50-80мм болатын горизонтальды орналасқан құбырдан (1) тұрады. Тығыздаманы
350 мм биіктікте резервуардың сыртқы қабырғасында орнатылады. Ішкі жағынан
құбыр 900 құрылған және соңында сақиналы тағанасы бар (7) болады. Сыртқы
жағынан горизонталь орналасқан құбырға өту краны (3) резболар арқылы
бекітілген. Резервуар түбінен суды ағызу үшін өту кранын ашады. Сифонды
кранды бұзылулардан сақтау үшін металл қаптама (4) кигізілген.

СУРЕТ 1.6. СИФОНДЫ КРАН

Кран иілген келтеқұбырдың көлденең ұшында орнатылған өтпелік
жалғастырғыш краннан тұрады. Келтеқұбырдың көлденең ұшында керек қалыпқа
бұруға арналған тұтқа; резервуар қабырғасына қосып пісірілген ернемек;
тұрқыдан, тығыздағыш балдақтардан және сыққыш төлкеден тұратын нығыздауыш
орнатылған. Келтеқұбырдың иілген ұшы резервуар ішінде орналасқан.
Атмосфералық шөгінділердің тікелей әсер етуінен қорғау үшін кран каптамамен
жабылады.
Резервуардан түптегі қалдықтарды шығару үшін шаю жүйесі
пайдаланылады. Резервуар жабдықтарының құрамына өлшеу, жарық люгі және люк-
өтпестік кіреді.
Жарық люгі резервуарды желдету үшін және жөндеу, тазалау, тексеру
кезінде, жарықтандыру үшін, сонымен қатар дыбыстық жапқыш істен шыққанда
оны фиксациялау арқан сымдар арқылы ашу үшін резервуар шатырында
орналастырылады. Жарық люгі (ЖЛ) жөндеу алдында резервуардың ішкі
кеңістігін көруге және желдетуге арналған.
Өлшеу люгі мұнай деңгейін өлшеуге және сынама алуға арналған.
Тұрақты қақпақты резервуарларда қосымша түрде деңгей көрсеткішті
орнатуға арналған люк, сынама-алғышты орнатуға арналған люк, деңгей
дабылдауышын орнатуға арнлаған келтеқұбыр болады.
Люк – өтпетесіктер резервуарды желдетуге және оны жөндеу немесе
тазарту кезінде ішіне кіруге арналған.
Понтонды резервуардың қабырғаларында жүзбелі жабындар төменгі
қалпында тұрған кезде оларға қызметкерлердің қолы жетуін қамтамасыз етуге
арналған люк – өтпетісіктер орнатылуы керек.
Резервуардан мұнай сынамасын алу мен мұнай деңгейін өлшеу құралдары
МЕМСТ 13196-ға сәйкес келуге тиіс.
Резервуарлар мұнайдың шекті деңгейін дабылдауыштармен, мұнай
температурасының деңгейін өлшеу құрылғыларымен, автоматты өрт
хабарлағыштармен жабдықталады

1.4. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР

Мұнай және мұнай өнімдерін сақтауға арналған тік болатты
резервуарлар – көлемді құрылыс обьектілері болып табылады., өйткені оларға
жел және қардың күші үлкен мөлшерде түседі.
Резеруварларды салу үшін әдетте, болат қолданылады. Болаттың
механикалық қасиеттері бойынша ( созылымдылығы, сығымдылығы, тұтқырлығы )
оның жұмыс қабілеті туралы толық мағлұмат алуға болады. Үлкен көлемді
резервуарлар үшін тұтқырлық 40º С немесе одан да төмен температурада
болады.
Отандық және шетелдік ғалымдар температура өзгергенде болаттың
сынғыштығын тексерудің жаңа тәсілдерін тапты:
Кез – келген болат үшін морт сынуы екі факторға байланысты: кернеу
және температураға;
Металл бойындағы кернеу шектік мөлшерден аспаса, морт сыну болмайды;
Резервуарлардағы жарықшақтың түзілуі және тарауы құрылыс сапасына,
болаттың химиялық құрамына және пісіру әдісіне байланысты болады.
Резервуарды дайындауға арналған беттік болат тығыз, иілгіш, жоғары
пісірілгіш қабілеті бар болуы тиіс. Беттер жарықшақсыз, қақпақсыз және т.б.
ақауларсыз болуы тиіс.
Араналуы бойынша болат 3 топқа бөлінеді:
А – механикалық қасиеттері бойынша;
Б – химиялық құрамы бойынша;
В – механикалық қасиеттері мен химиялық құрамы бойынша.
Б және В әріптерін болат маркасының алдына қояды, ал А әрпі болат
маркасына белгіленбейді.
Көрсеткіштері бойынша әр топтың болаттары мынадай категорияларға
бөлінеді:
А – 1, 2, 3; Б – 1, 2; В – 1, 2, 3, 4, 5, 6.
ВСт1, ВСт2, ВСт3 маркалы болаттарды сапалы әрі сенімді дәнекерлейді.
Дәнекерлеу жұмыстары болаттың химиялық құрамының барлық талаптарын сақтай
отырып жүргізіледі.
Үлкен көлемді резервуарларды салу үшін төмен легірленген болаттар –
09Г2С маркалы кремнемарганецті болат және 16Г2АФ маркалы марганецванадийлі
болат қолданылады.
Көлемі 100 және 30000 м³ аралығындағы ( жұмыс қысымы 1960 Па ) тік
болатты резервуарларды салу үшін беттік болаттардың келесі маркалары
қолданылады:
көлемі 100 – 400 м³ резервуарлар үшін – ВСт3пс2 ( түп, қабырғалар
және жабын ) және ВСт3пс ( понтон );
көлемі 700 – 1000 м³ резервуарлар үшін – ВСт3пс2 және ВСт3пс6 ( түп,
қабырғалар, жабын және понтон );
көлемі 2000 және 3000 м³ резервуарлар үшін – ВМСт3сп ( түп,
қабырғалар және жабын ) және ВКСт3пс ( понтон );
көлемі 5000 м³ резервуарлар үшін – ВСт3сп5 ( түп, қабырғалар және
жабын ) және ВСт3пс ( понтон ) ;
көлемі 10000, 15000 және 20000 м³ резервуарлар үшін – 09Г2С ( көлемі
20000 м³ резервуардың төменгі бөлігіне аранлған ) және ВСт3сп5 ( көлемі
20000 м³ резервуардың қабырғаларына, түбіне, тіремелі сақиналарына арналған
);
көлемі 30000 м³ резервуарлар үшін – 16Г2АФ ( қабырғаның төменгі
бөлігі ), 09Г2С ( қабырғаның жоғарғы бөлігі, түбі және тіремелі сақина )
және ВСт3сп5 ( түп және жабын );
көлемі 100 – 50000 м³ резервуарлар үшін – ВСтКп ( жабын );
көлемі 10000 және 50000 м³ резервуарлар үшін – ВСт3пс ( жабын ).
Резервуарды автоматты және жартылай автоматты түрде дәнекерлеу үшін
диаметрі 2, 3, 4 мм электродты өткізгіш қолданылады.
Резервуарды дәнекерлеу үшін І және ІІ сортты көмірқышқыл газ
қолданылады. Дәнекерлеу жұмыстары үшін техникалық көмірқышқылды қолдануға
тыйым салынады.
Құрастыру – дәнекерлеу жұмыстары үшін Э42, Э42А, Э50А, Э55А маркалы
электродтар қолданылады. Электродтардың сертификаттары болуы тиіс.
Сертификатсыз электродтарды қолдануға тыйым салынады.

1.5. ТІК БОЛАТТЫ РЕЗЕРВУАРЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Мұнай және мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлар арналуы,
орналасуы, пішіні және құрастыру тәсілі бойынша әртүрлі болып келеді.
Тік болатты резервуарлар төмендегідей болып келеді:
Сыйымдылығы бойынша – 100 м³ -тан 50000 м³ - қа дейін;
Орналасуы бойынша – жербеті, жерасты резервуарлар;
Газ кеңістігіндегі қысымы бойынша – қысымсыз, артық 0, 002 мПа – ға
дейінгі; және жоғары қысым 0, 07 мПа – ға дейінгі;
Жабынның құрастырылуы бойынша – стационарлы жабыны бар және жүзбелі
қақпағы бар резервуарлар.
Резервуарлар әртүрлі климатикалық шарттарда, - 60º С –ға ( қыс
мезгілінде ) және + 50º С –ға (жаз мезгілінде ) дейінгі температурада
қолданылады.
Мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлар МЕСТ 1510 – 84
бойынша таңдалады.
Мұнай өнімдерін және бензинді сақтағанда, оларды буланып кетуден
сақтау үшін қорғаныс жабыны бар тік резервуарларды таңдаған жөн. Бензин
және мұнай өнімдерін понтонсыз резервуарларда ( күрделі жөндеуге дейін )
сақтауға жол беріледі. Ал, авиациялық бензиндерді жүзбелі қақпақтармен
жабдықталған резервуарларда сақтауға тыйым салынады.
Қорғаныс жабындарды ( понтондар, жүзбелі қақпақтар және т.б. )
жербетінде орналасқан тік болатты резервуарларда қолдануға болады. Тік
болатты резервуарлар арнайы типтік жоба бойынша құрастырылуы тиіс.
Қазіргі таңда, көптеген резервуарлар жаңартылған жоба бойынша
құрастырылуда, бұл жобалардың бір ерекшелігі резервуар салынатын
аймақтардың климатикалық жағдайына сай етіп резервуарлар салынуында.
Пайдаланылуға берілген резервуардың толық құрылғылары болуы тиіс.
Мұнай және мұнай өнімдерін тік болатты резервуарларда сақтаған жөн.
Өйткені, олардың суға төзімді қорғаныс жабыны болады.
Резервуарларды және олардың қорғаныс қабын қоршаған ортаның және
сақталатын сұйықтықтың физикалық – химиялық қасиеттеріне төзімді болып
келетін материалдардан жасайды.
Резервуардың ішкі қабаттары мен құрылғылары техникалық шарттарға сай
цинктелген және металл жабындымен қапталған болуы тиіс. Резервуарлардың
сыртқы беті және құрылғылары уақытында сырлануы тиіс, ол үшін арнайы лак
материалдары қолданылады.
Резеруварлдардың элементтері ( көмей, жүк қапсырмасы және т.б. )
теміржол габариттерінің шекарасынан аспауы тиіс.

2. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2.1. КӨЛЕМІ 50 000М3 БОЛАТЫН РЕЗЕРВУАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Резервуар парктері мен жекелеген резервуарларды жұмысқа қабілеттілік
күйінде ұстап тұру үшін күрделі жөндеулер арасындағы кезеңде оларға дер
кезінде және сапалы техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу
жүргізіледі.
Резеруварлар мен резервуар парктерінің басқа құрамдас бөліктеріне
техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу қотару стансаларының, құю
пункттері мен мұнай базаларының күштерімен және құралдарымен жүзеге
асырылады.
Көлемі 50 000м3 болып келетін резервуарға техникалық қызмет көрсету
резервуардың өзі, олардың жабдықтары, аспаптары мен жүйелері, сондай – ақ,
резервуар орамының құбырлары, резервуар паркінің өрт сөндіру жүйесі және
т.б. бойынша мерзімдік қарауды, реттемелік жұмыстарды жоспарлы түрде
ұйымдастыруды және дер кезінде жүргізуді білдіреді. Техникалық қызмет
көрсету филиалдар мен олардың МҚБ – ларының нақты жағдайларын ескере
отырып, дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына, салалық басшылыққа алу
құжаттарына және резервуарларды, жабдықтарды, аспаптарды, жүйелерді
пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.
Күн сайын тәуліктің жарық уақытысында күтім жасаушы қызметкерлермен
лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес, резервуарлардың жүзбелі шатырларының
күйін ( олар бар болған жағдайда ) қараумен бір мезгілде резервуар паркін
шолып шығу жүзеге асырылады.
Барлық байқалған кемшіліктер туралы инстанциялар бойынша станса
басшылығына хабарланады, резервуарларды қарау мен жөндеу журналына
жазылады.
Резервуарларды қарау:
апта сайын – резервуар паркін пайдалануға жауапты адаммен ( станса
бастығының орынбасарымен, станса бастығы орынбасарының құқығындағы
стансаның аға инженерімен );
ай сайын – стансаның тұрақты жұмыс істейтін ( өрт – техникалық )
комиссиясымен ( ТЖК );
тоқсан сайын – МҚБ – тың тұрақты жұмыс істейтін ( өрт- техникалық )
комиссиясымен ( ТЖК );
жылына кем дегенде бір рет – Қоғам филиалдарының тұрақты жұмыс
істейтін ( өрт – техникалық ) комиссиясымен ( ТЖК ) жүзеге асырылады.
ағымдағы жөндеу техникалық – пайдалану сипаттамаларын ұстап тұру
мақсатында жүргізіледі, резервуарларды мұнайдан босатпастан жүргізіледі.
Резервуарлық паркті тұтастай немесе оның жекелеген резервуарын және
құрамдас бөліктерін ағымдағы жөндеу барлық деңгейдегі ТЖК – пен және
станса, МҚБ, филиалдардың жауапты адамдарымен резервуарлық парктерді қарау
нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Резервуарлық парктерге, жекелеген резервуарларға және олардың
құрамдас бөліктеріне техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеуді
ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін жауапкершілік лауазымдық қағида (
нұсқаулық ) бойынша резервуарлық парктерді күтіп ұстау мен қызмет көрсету
міндеттері жүктелген станса бастығының орынбасарына, станса бастығы
орынбасарының құқығындағы стансаның аға инженеріне жүктеледі.
Көлемі 50 000 м3 болып келетін резервуарларды көбіне понтонды және
жүзбелі шатырлы қылып құрастырады.
Понтон – мұнайдың булануын болдырмау үшін тұрақты шатырлы
резервуардың ішіне орнатылған газ кеңістігінен бөліп тұратын құрылғы.

СУРЕТ 2.1.ПОНТОННЫҢ РАДИАЛЬДЫ ҚЫРЛАРЫ

Төменгі қалыпта понтон тағандарға сүйенеді. Тағандар понтон түбіне
бекітілген және онымен бірге қозғалады.
Қозғалған кезінде понтонның бұрылуын болдырмау үшін резервуардың
түбіне немесе шатырына диаметрі бойынша орнатылған екі тесілген құбыр-
деңгей өлшеумен сынама алу үшін пайдаланатын бағыттағыш тағандар
бекітілген.
Қабырға мен понтондық балдақ арасындағы, сондай-ақ понтондық балдақ
пен бағыттағыш тағандар арасындағы саңылаулар тығыздағыш бекітпелермен
саңылаусыздандырылады.
Понтондарға қол жеткізу үшін резервуардың III белдеуінде алаңшасы
бар кем дегенде екі қақпақты өтпетесік орнатылады.
Резервуарлар мұнай шығынын азайтуға арналған құралдармен
жабдықталады:
- жүзбелі қақпақтармен;
- понтондармен;
- газ теңгеру жүйесімен;
- тыныс және сақтық арматурасымен;
- тұрақты қақпақты
Мұнайға арналған тұрақты қақпақты резервуар түбі домалақ, бірнеше
белдеулі тік қабырға мен конус немесе шар тәрізді шатырдан тұратын
цилиндрлік сыйымдылық болып табылады.
Жүзбелі шатырлы резервуар (ЖШТБР) ішінде мұнайдың бетін атмосфералық
ауадан бөліп тұратын жүзбелі жабыны (жүзбелі шатыры) бар цилиндрлік
сыйымдылық болып табылады.
Жүзбелі шатыр бөліктерге(қораптарға) бөлінген сыртқы балдақты
понтоннан, және балдақты понтон ішінде орналасқан түптен тұрады. Жүзбелі
шатырдың қосымша ішкі балдақты понтоны және радиал понтондары болуы мүмкін.
Әрбір бөлік, түбінде сұйықтықты төгуге арналған тығыны бар жабық
типтегі іші бос қорапты білдіреді.
Резервуар қабырғасы мен жүзбелі шатыр арасындағы балдақтық саңылау
арнайы бекітпемен жабылады. Жүзбелі шатырлы сұйыққоймалардың жұмыс істеу
тиімділігі, негізінен сұйыққойма шатыры мен тұрқы арасындағы тығыздағыш
бекітпенің саңылаусыздығымен анықталады.
Конструкция мен пайдаланатын материалдарға қарай тығыздағыш
бекітпелердің жұмсақ немесе қатты (механикалық) типі пайдаланылады.
Жүзбелі шатырға қол жеткізу аунақты баспалдаққа ауыса беретін
шахталық баспалдақ арқылы тік болатты резервуардың сыртқы жағынан жүзеге
асырылады. Аунақты баспалдақтың жоғарғы ұшы топсасымен резервуар
қабырғасында бекітілген алаңшаға сүйенеді. Аунақ орнатылған төменгі ұшы
жүзбелі шатырдың көтерілуіне немесе түсірілуіне қарай тірек фермада
төселген рельс бойымен қозғалып отырады. Аунақты баспалдақтың басқыштары
баспалдақтың тік бағыттан еңкею бұрышына қарамастан көлденең күйде қалады.
Шатырдың түсірілуін шектеу мен оны ең төменгі өалыпта бекіту үшін
тірек тағандар қолданылады. Тағандар жүзбелі шатырға орнатылған және онымен
бірге қозғалады.
Қозғалыс кезінде жүзбелі шатырдың бұрылуын болдырмау үшін бір
мезгілде сынама алғыштар мен мұнай деңгейін автоматты өлшеу құрылғыларын
орнату үшін пайдаланылаалатын бағыттағыш тағандар қарастырылады. Жүзбелі
шатыр мен бағыттағыш таған арасындағы балдақтар саңылау тығыздағыш
бекітпемен жабылады.
Жүзбелі шатырлы резервуарлар, резервуарды толтыру басталғанда және
оны босатудың аяғында ауа келіп түсетін кезде шатырдың деформациялануын
болдырмау үшін оның астындағы ауаны бәсеңдетуге арналған құрылғылармен
жабдықталады.
Отандық резервуар құрастыру саласы үлкен көлемдегі резервуарларды
индустриальдық әдіспен әзірлеуді және рулонды қолданады.
60 жылдардың басында Гидро арнайы өндірістік құрастырумен Мичуринск
ауданында алғашқы рет жабыны сфералы көлемі 10 000м3болатын резервуарды
рулонды әдісімен жобалап жасаған. Содан кейін понтонды резервуарлар
құрастырылды. 1975 жылы Волгограт ауданында рулонирлеу әдісімен көлемі
20 000м3 болатын тәжірибелі резервуар жасалды, ал Саратовта понтонды
металлды және металл емес екі резервуар құрастырылды. Жабыны сфералы көлемі
20 000м3 болатын резервуарларды рулон әдісі арқылы жасақтау типтік жобаның
бекітілуімен құрастырылады.
1972 жылы көлемі 20 000м3 болатын стационарлы шатырлы резервуарлардың
типтік жобасы бекітілді, сонымен қатар индустриальды өндіру және рулонды
әдісімен жасалған әр түрлі климаттық ортаға бейім понтонды резервуарлар
қабылданды. Көлемі 50 000м3 болатын полисті және рулонды әдістермен
монтаждалған резервуарлардың жобалары әзірленген.
Көлемі 50 000м3 дейін болатын резервуарларды полистеу әдісінен көрі
индустриальды әдістермен резервуарларды құрастыруға үлкен маңыздылығы бар
екенін ескертпеуіміз қажет.
Индустриальдық әдіс пісіру – монтаждау жұмыстарын ашық құрастыру
алаңдарынан металл конструкцияларын жинау жабық зауыт аймақтарына көшіруге
мүмкіндік береді.Зауыт жағдайында беттік конструкциялардың полотництерін
беру және жинауда максимальды механизмдер қолданылады. Пісірудің
автоматикалық әдісі мен сапасын бақылауда физикалық әдістер қолданылады.
Газтеңгеру жүйесі:
- понтонсыз тұрақты шатырлы резервуарлар топтарының газ
кеңістіктерін жалғастырушы құбырлардан;
- резервуардың газ кеңістігін газ орамасы жүйесінен; жалынның
енуінен қорғауға арналған компенсаторлардан;
- резервуарды жүйеден ажыратуға арналған ысырмалардан;
- пайдалану үрдісіндегі газ құбырларының деформациясын болдырмауға
арналған компенсаторларда.
- газ құбырларына конденсатты жинау мен шығаруға арналған құрғату
құрылғысынан;
- жерлендіргіш құрылғыдан тұрады.
Газтеңгеру жүйелері резервуардың бір тобын толтыру операциясы
олардың басқа тобын уақытына сай келген жағдайда қабылдау-тапсыру
режимінде жұмыс істейтін резервуарлар үшін қолданылады. резервуарлар
қосылған сұлбасы бойынша мұнай қотару кезінде резервуарға қабылдау мен
оларды босатуға қатысты уақыттың өзара сәйкес келмейтіндігі себепті,
газтеңгеру жүйесі тиімсіз болады.

СУРЕТ 2.2. ЖҮЗБЕЛІ ШАТЫРЛЫ РЕЗЕРВУАР
1-ИТЕРМЕЛІ БАСПАЛДАҚ
2-БЕКІТКІШ
3-ЖҮЗБЕЛІ ШАТЫРДЫҢ ҚОРАБЫ
4-ЖҮЗБЕЛІ ШАТЫРДЫҢ ТҮБІ
5-ТІРЕУ БАҒАНАСЫ
6-ДРЕНАЖДЫ ҚҰБЫР
7-ҚАТАЙТҚЫШТЫҢ ЖОҒАРҒЫ БҰРЫШЫ
8-ҚОРШАУ
9-ҚАТАЙТҚЫШ САҚИНА
10-РЕЗЕРВУАР ҚАБЫРҒАЛАРЫ
11-БАҒЫТҚА ҚАРАМА-ҚАРСЫ БАҒЫТТАЙТЫН
МҰНАЙ ӨНІМІН ӨЛШЕЙТІН БАҒАНА

Резервуарларды пайдалануды техникалық бақылау қызмет көрсетуге
жауапты, жабдықпен резервуар арматурасын тексеру журналын жүргізетін,
табылған ақауларды жоятын квалификациялық жұмысшыға тапсырылуы тиіс.
Кезекшілікті бастаған уақытта кезекші басшысы резервуарларды тексеріп шығуы
керек. Байқаған кемшіліктерді тез арада басшылыққа жеткізу керек.
Резервуардың негізгі жабдығы мен арматура резервуарлары ағымды
қызмет көрсету, басқаруына сәйкес профилактикалық тексеруден өтуі тиіс.
Әрбір резервуардың негіз тұнбасына жүйелік бақылау орнатылуы керек.
Резервуарларды пайдаланудың алғашқы төрт жылында жыл сайын түбінің сегіз
нүктесінен нивелирлеу керек.
Резервуар негізінің тұнбасын өлшеу үшін кәсіпорын территориясында
тереңдік орнатылуы тиіс.
Дәнекерлеу резервуарларын тексерген кезде ерекше көңіл мыналарға
бөлу керек: корпустың төменгі поястың тік дәнекерлеу тігістеріне, төменгі
поястың түпке дәнекерлеу тігістеріне. Тігістерді тексеру нәтижесі
резервуарлардың негізгі жабдығы мен армтурасын тексеру журналында тіркелу
керек.
Тігілген қосылыстардың байқалған ақау аумақтары жөндеу карталарына
сәйкес жөнделуі тиіс.
Пайдалану процесінде понтон кәсіпорынның бас инженері мен
басшылығымен кесілген графикке сәйкес тексерілуі тиіс. Профилактикалық
тексеріс кезінде понтон тіректерде кемшіліктерді жою және понтон күйін
негізгі тексеру тізіміне сәйкес тексеріледі.

ЖҮЗБЕЛІ ШАТЫРЛЫ РЕЗЕРВУАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

КЕСТЕ 2.1

Обьект атауы Жұмыстарды жүргізу Жұмыстар тізбесі
1 2 3
1.Тұтастай сұйыққойма Күн сайын Тұрақты шатырлы сұйыққоймаға
арналған
2.Қатаңдық балдағы Жылына 2 рет Сыртқы күйін көзбен шолып
тексеру
3. Қосымша қатаңдық Жылына 2 рет Сыртқы күйін көзбен шолып
балдағы тексеру

2.1-КЕСТЕНІҢ ЖАЛҒАСЫ

4. Жүзбелі шатыр, Күн сайын тәуліктің Тершіктердің немесе мұнайдың
орталық бөлік жарық бөлігінде бар-жоғын,жүзбелі шатырдың
көлденеңдігін,қыста-орталық
бөлігі мен өораптарда қардың
бар-жоғын тексеру.
5. Жүзбелі шатыр Тоқсанына 1 рет Барлық қораптар мен қораптардың
қораптары арасындағы люктердің
қақпақтарын ашу және қораптарда
тершіктердің немесе мұнайдың
бар-жоғын тексеру
6. Жарық люгі Айына 1 рет Ернемектік қосылыстардың
төсемесі бар-жоғын және
бұрандамаларының тартылуын
көзбен шолып тексеру
7.Шахталық баспалдақ Пайдалану алдында, Түзілуін бақылау, ластануға,
алаң-өтпе бірақ кем дегенде бөтен заттармен бөгелуіне,
айына 1 рет күзгі-қысқы уақытта мұз
қабыршағының бар болуына жол
бермеу
8. Аунақтық баспалдақ Әрбір ауысымда Жоғары айналу торабының күйіне
немесе әрбір назар аудару
толтыру-босату
алдында
9. Тіреу фермасы Аптасына 1 рет Қыста мұз қабыршағының
түзілуіне назар аудару, оны дер
кезінде келтіру
10. Су төгу Күн сайын Су төккіштің ысырмасын бірнеше
орамға ашу және су төгу
жүйесінде мұнайдың жоқтығына
көз жеткізу

2.1-КЕСТЕНІҢ ЖАЛҒАСЫ

11.Нөсерқабылдауыш Күн сайын Нөсерқабылдауыш торының
техникалық күйін
тексеру,жүзбелі шатыр бетінде
мұнайдың бар-жоғына назар
аудару. Тордың ластануына қарай
оны шаңнан, кірден, қыста
мұздан тазарту.
12. Оттан сақтандырғышАйына 1 рет, ауа Оттан сақтандырғыш кассетасының
температурасы теріс бүтіндігін, кассеталардың тұрқы
болғанда-алынады төсемесіне тығыз жанасуын,
оттан сақтандырғыш тұрқының
және ернемектік қосылыстардың
тығыздығы мен өткізбеушілігін
тексеру
13. Бағыттағыш таған Жылына 2 рет Үйкелетін беттердің тозу
жанындағы бекітпе деңгейін тексеру
14.Тығыздығыш бекітпе Жылына 2 рет Қаңылтақ, серіппе және бекітпе
(ысырмалардың ТШ иәнтәректерінің техникалық
бойынша) күйін, бекітпелердің үйкелетін
бөліктерінің тозу дәрежесін
тексеру. Ысырманың сұйыққойма
қабырғасына тығыз жанасуына
назар аудару. Ысырма қалқанында
шаң мен кірдің жиналуына жол
бермеу

ПОНТОНДЫ СҰЙЫҚҚОЙМАЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КАРТАСЫ

КЕСТЕ 2.2

Обьект атауы Жұмыстардың жүргізу Жұмыстар тізбесі
мерзідері
1 2 3
1.Тұтастай сұйыққойма Тыныс арматурасын қоспағанда, тұраұты шатырлы
және оның жабдықтары сүйыққоймаларға арналған сияқты
2.Ашық бөліктері бар Жарты жылда 1 рет Тершіктердің немесе мұнайдың
болат понтон бар-жоғын, понтонның
көлденеңдігін тексеру
Понтонның қисаю белгісі
Жабық қораптары бар Кем дегенде 2 жылда анықталған жағдайда
болат понтон 1рет қораптардың ішкі бөлігін
қарау
Тағандардың тіктігін және
ернемектік қосылыстардың
саңылаусыздығын тексеру
3.Оттан сақтандырғышы Айына 1 рет Оттан сақтандырғыштың
бар желдету кассеталарының бүтіндігін,
келтеқұбыры Теріс кассеталардың тұрқыға тығыз
температурада-жылына жанасуын, оттан сақтандырғыш
2 рет тұрқының және ернемектік
қосылыстардың тығыздығы мен
өткізбеушілігін тексеру
Шаңнан, кірден, мұз
қабыршақтары мен қыраудан
тазарту. Сыртқы ауа
температурасы теріс болғанда
оттан сақтандырғыштар
салынады

2.2. РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ ЖӨНДЕУ

Резервуарларды техникалық тұрғыда жақсы қалыпта ұстау үшін жоспарлы
– ескерту жөндеуі жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары үш түрде жүргізіледі:
тексеру, ағымдағы және күрделі жөндеу.
Жоспарлы – ескерту жөндеу жұмыстары жөндеу графиктері бойынша
жүргізіледі. Графиктер резервуарлардың техникалық жағдайы, резервуар
паркінің жұмыс принципі негізінде құрылады. Жөндеу графиктері бір жылға
құрастырылып, мұнай басқармасының бас инженерімен бекітіледі.
Тексеру және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен байланысты шығындар
эксплуатациялық шығындарға жатады. Резервуарлардың күрделі жөндеуі
амортизациялық аударымдар есебінен алынған қаржымен жүргізіледі. Жөндеудің
құнын есептеу үшін ақау тізімдемесін құрастырады.
Жөндеу жұмыстарының уақытын азайту үшін, алдын – ала барлық қажетті
материалдар мен қондырғыларды дайындап қойған жөн. Резервуарды жөндегенде,
оны тексеру жұмыстары ұйымдастырылады, ол үшін мұнай айдау стансасының
басшысының төрағалығымен арнайы комиссия құрастырылады. Комиссия жөндеу
жұмыстарының көлемін белгілейді, резервуар тұлғасының сыртқы және ішкі
тігістерін тексереді. Көлемі 2000 м³ - тан астам резервуарларды
тексергенде, тұлғаның екі белдігінің тігістерін жарықтандыру керек.
Тігістерді тексеру нәтижелері актпен бекітіледі. Актта әрбір
анықталған ақауларды жою бойынша комиссия бекіткен қорытынды жазылады.
Жөндеу жұмыстары басталмас бұрын, резервуарды мұнай өнімінен
босатып, жұмыс жасап тұрған құбырлардан тығындының көмегімен ажыратады.
Резервуарды буландырады және желдетіп алады. Комиссия резервуардың жөндеуге
дайындығын тексереді. Резервуардың төменгі бөлігінен және өлшеуіш жарық
люгінен сынама алынады. Дайындау жұмыстары біткен соң, МАС – ның техникалық
басқарушысы өрттік жұмыстарға рұқсат береді.
Резервуарды жөндеу жұмыстарына дайындаған кезде, резервуарды мұнай
өнімінен босатып, 4 – 5 биіктікке сумен толтыру керек.
Резервуарды алдын – ала тексеру жұмыстары 6 айда 1 рет жүргізіледі.
Жөндеудің бұл түрінде резервуарды мұнай өнімінен босатпайды. Бұл жөндеуде
тұлғаның техникалық жағдайын, резервуардың төбесін және құрылғысын
тексереді.
Резервуардың техникалық жағдайына және эксплуатация шарттарына
байланысты алдын – ала тексеру жұмыстарының мерзімі қысқартылуы мүмкін.
Сондықтан, жөндеу жұмыстарының графигі резервуардың жағдайы ескеріле отырып
жасалады. Жөндеу графигін мұнай құбырлары басқармасының бас инженері
бекітеді.
Резервуардың ағымдағы жөндеуі 2 жылда 1 рет жүргізіледі. Бұл
жөндеудің де графигін басқарманың бас инженері бекітеді.
Жоспарланған жұмыстардың көлеміне және сипатына қарай, резервуардың
ағымдағы жөндеуін оны босатып, тазалап және газсыздандырып жүргізеді.
Резервуарды босатып, жөндеу жүргізгенде, келесі жұмыстар орындалады:
резервуарды мұнайдан босатады, тазартады, газсыздандырады, резервуардың
чыртқы және ішкі бетін коррозиядан тазартады, тұлғаның техникалық жағдайын
тексереді, резервуардың қондырғысын тексереді және жөндейді, сырлайды,
резервуарды беріктікке және тығыздыққа сынайды.
Резервуарларды жанбайтын газдармен толтырып жөндегенде жоғарыда
көрсетілген жұмыстардың барлығы орындалады, тек резервуарды тазарту,
газсыздандыру, түбін жөндеу және тексеру жұмыстары орындалмайды. Жөндеудің
бұл түрінде дайындық жұмыстары аз жүргізіледі.
Резервуарды түтін газымен толтырмас бұрын, тыныс алу аппаратурасын,
көбіктегіштерді және т.б. құбырларды тығындымен жауып тастап, өлшеуіш және
жарық люгін бу қоспа шығып кетпеуі үшін ашып тастайды.
Резервуардың күрделі жөндеуін ағымдағы және алдын – ала жөндеуде
жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижелеріне сүйене отырып жоспарлайды.
Осы нәтижелерге сай, МАС – да резервуарларды күрделі жөндеудің жылдық
графигін құрастырады.
Күрделі жөндеу резервуар босатылып, тазартылып, газсыздандырылғаннан
кейін жүргізіледі. Сондай – ақ, ағымдағы жөндеуде жүргізілген жұмыстардың
барлығы жүргізіледі, және тұлғаның, түптің және төбенің ақау беттерін
ауыстырады, негізін жөндейді, резервуарды тығыздыққа және беріктікке
сынайды.
Резервуарларды жөндеу кезінде қолданылған барлық материалдардың (
электродтар, беттер, әктас және т.б. ) сертификаттары болуы міндетті.
Резервуар бөлшектерінде кездесетін ақауларды шартты түрде алты топқа
бөлуге болады:
металлургиялық – илемді дайындау кезінде пайда болған ( батпалар,
қабаттанулар, біркелкі легірленбеу, кетіктер, ұсақ сызаттар, илем
геометриясының бұзылуы және т.б. ) ;
жобалық – жобаның жетілмеуі себепті пайда болған;
зауыттық – орамдық немесе басқа дайындамаларды дайындау сатысында
пайда болған ( пісіру мен құрастыру ақаулары );
тасымалдау – дайындамаларды жинақтау алаңына дейін тасымалдау
үдерісінде пайда болған ( жаншықтар, орамның бір бөлігінің жаншылуы,
жергілікті тіліктер, кетіктер, бүктесіндер және т.б. );
жинақтаулық – резервуарды жинақтау үдерісінде пайда болған ( металл
конструкцияларды пісіру мен жинақтау ақаулары, жинақтау жіктерінің
бұдырлығы және т.б. );
пайдалану – резервуарды пайдалану үдерісінде пайда болған ( шөгу,
орнықтылықты жоғалту, тоттану, қағылмалар және т.б. ).
Ақаудың қауіптілігі мен оның конструкция бөлшегінің пайдалану
сенімділігіне немесе тұтастай резервуарға ететін әсеріне байланысты
жөндеудің үш әдісін бөліп көрсетуге болады:
конструкция бөлшектерінің жобалық сипаттамаларын қалпына келтіру (
ойықтардың, жергілікті тіліктердің үстінен балқыту, пісіру және т.б.
жаншықтарды түзету, геометриялық қалыпты түзету және т.б.);
қатаңдықтың қосымша бөлшектерін орнату ( түпте қатаңдық
қабырғаларын, жамауларын орнату және т.б. );
резервуар бөлшектерін ауыстыру ( түпті толық ауыстыру, қабырғаның
бірінші белдеуінің бір бөлігін ауыстыру, жабынды ауыстыру және т.б. ).
Сыртқы ауаның есептік температурасы әр түрлі аудандарда
пайдаланылатын резервуарлар қабырғасының, түп жиектерінің, жабынының жүк
түсетін конструкциялары мен қатаңдық балдақтарының, шатырының,
резервуарлардың понтондары мен жүзбелі шатырларының ақаулы учаскелерін
жөндеу және ауыстыру үшін резервуар көлеміне байланысты резервуардың
жобалық құжаттамасына сәйкес келетін болат таңбасын қолдану ұсынылады.
Резервуарларды жөндеу кезінде қолданылатын болаттардың сапасы мен
таңбасы тиісті стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкес
келуге және жеткізуші зауыттардың сертификаттарымен расталуға тиіс.
Понтондарда, жүзбелі шатырларда, бекітпелерде және резервуарлық
жабдықтарда синтетикалық, резеңке техникалық және бұйымның әрбір нақты
түріне арналған арнайы техникалық талаптарға ( беріктілік, суыққа және
жылуға төзімділік, су сіңіргіштік, материал диффузиясы ) жауап беруге тиіс
басқа да полимер материалдарды қолдауға жол беріледі. Бұл материалдар еңбек
қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын қанағаттандыруға тиіс.
Резервуар конструкциясының ауыстырылатын бөлшектері мен жинақтаулық
айлабұйымдарды әзірлеу үшін жөндеу кезінде:
Пісіру жұмыстарын орындау алдында электродтарды электродтардың
төлқұжатында көрсетілген режим бойынша қыздыру керек. Электродтарды
қыздыруды екі реттен артық жүргізуге жол берілмейді.
Қыздырылғаннан кейін электродтарды жұмыс орнына жарты ауысым бойында
жұмыс істеуге қажетті мөлшерде береді. Жұмыс орнында электродтарды ылғалға
жол берілмейтін жерде тығыз жабылатын ыдыста немесе жылытылатын пеналдарда
сақтау керек.
Дайындаушы зауыттың сертификаты немесе додасында таңбасы жоқ
сымдарды қолдануға сымға химиялық талдау жүргізіліп, оның таңбасы
белгіленгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
Пісірме сымын қолдану алдында оны кірден, тоттан, технологиялық және
тоқтатып қоюдағы майлаудың іздерінен тазарту керек. Тазартуды пісіру
аппаратының кассетасына қайта орау мен салу кезінде жүргізу керек.
Күрделі жөндеу жүргізген кезде төмендегідей жабдықтар, айла бұйымдар
мен құрал – саймандар қолданылуға тиіс:
биіктікке жұмыс істеуге арналған құрылғылар мен айлабұйымдар (
мұқаммалдық құрылыс ағаштары, төсеме тақталар, резервуар шатырында ілінетін
және бекітілетін тік ағаштар, бесікшелер, тасымал сатылар және т.б. );
металды, пісірме қосылыстарды кесуге арналған жабдықтар мен құрал –
саймандар ( қолмен электродоғалық пісіру, жартылай автоматтармен пісіру
және т.б. );
резервуарларды шөгінділерден тазарту, негіздер мен іргетастарды
бекіту мен нығыздау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған құрылыс
жабдықтары;
қосалқы жинақтау айла бұйымдары және құрал – саймандары ( сыналар,
қапсырмалар, арқандар, тартпалар, талрептер, балғалар, шойын балғалар және
т.б. );
материалдар ( швелерлер, бұрыштықтар, таврлы және екі таврлы
арқалықтар және басқа да тұржиындық болат);
беріктік пен саңылаусыздыққа сынақ жүргізуге арналған айла бұйымдар
мен аспаптар ( вакуум камералар, сораптар, манометрлер );
өлшеу құралы ( рулеткалар, штангенциркульдер, кронциркульдер,
пісіруші қимаүлгілері және басқа );
жеке қорғаныс құралдары және арнацы киім ( жинақтаулық каскалар,
сақтық белбеулері және т.б. ).
Резервуарларды жөндеу үшін өнеркәсіпте сериялы шығарылатын және
зауыттық таңбасы бар айлабұйымдар мен құрал – саймандарды қолдану керек.
Жөндеу – жинақтау жұмыстарын жүргізудің жоғары өнімділігін қамтамасыз
ететін және қол еңбегінің үлесін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұйық сақтайтын резервуарларды орналастыру, қолданысы, монтаждау жұмыстары
Резервуардың қабырғасының жоғарғы белдеулерін жөндеу
Лепсі кентіндегі мұнай қоймасының негізгі технологиялық және қосалқы нысандарын жобалау бойынша оңтайлы техника-технологиялық шешімдері
Қалқымалы шатыры бар резервуарлар жабдықтарының ерекшеліктері
Жалпыға қызмет көрсетуге арналған жанармай құятын орын
БОЛАТ ГОРИЗОНТАЛДЫ РЕЗЕРВУАРЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
Мұнай базасының топтастырылуы
Мұнай қоймасының сипаттамасы
Еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралар
Жабдықтың анықтамалық көрсеткіштері
Пәндер