Зонд туралы жалпы түсінік


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Науқасты зонд арқылы тамақтандыру
- Зонд арқылы асқазанды жуу
- Нәрестелерді зонд арқылы тамақтандыру
- (ФГДС)
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зонд (французша: sonde) - медициналық құрал.
Зондты қолдану арқылы іш қуысын, қуыс органдарды, ішкі жараны т. б. зерттеп, емдейді. Зонд қай органға қолданылуына қарай металдан (күміс, болат) не жұмсақ серпімді заттан, әр түрлі пішінде жасалады.
Зондтың өңешке, асқазанға қолданылатын түрі - диаметрі 10 - 12 мм, ұзындығы 60 - 70 см, резинадан жасалған түтік. Оны ауыз арқылы қарынға жеткенше жұтып, одан қарын сөлін алып зерттейді. Сондай-ақ, асқазанды жуып-шаюға да қолданады.
Ұлтабарға қолданылатын зондтың 1 - 1, 5 м резина түтігінің ұшында металдан жасалған сорғыш болады. Зондпен жараның тереңдігін, көлемін, т. б. анықтап, қарын сөлін, өтті алады. Диагностикалық және емдік дәрілерді жібереді.
Науқасты зонд арқылы тамақтандыру
Мақсаты: Зонды енгізіп науқасты тамақтандыру
Көрсеткіштері: тілдің, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның жарақаттануы, күюі, зақымдану және ісу, жұту мен сойлеудің нашарлауы (бульбарлы паралич), ессіз жату, асқазан жарасының жазылмауы, психикалық ауруларда тамақ ішпеу.
Қарсы көрсеткіштер : асқазан жарасы ауруының қозуы.
Керекті құралдар (залалсыздандырылған) : жіңішке асқазан зонды ( дм8-10 мм), оймыш -200 мл немесе жаңа шприц, глицерин, салфетка, фурациллин ерітіндісі 1/2000, 3-4 стакан жылы тамақ(600-800 мл. )
1. Дайын жылытылған сұйық тамақты (38-40 градуста) Жане шприцине сорып алу қажет, ауасын шығарып алу қажет.
2. Зондты кеңсіріктен төстің семсер өсіндісіне дейін олшеп ( немесе науқастың бойының ұзындығынан 100 см алып), белгілейміз.
3. Зондың дөңгелектенген басын фурацилинге салып алу қажет.
4. Зондтты мұрын-жұтқыншақ қуысы арқылы асқазанға еңгізу қажет. Белгіге дейін.
5. Зондтың асқазанда екеніне көз жеткізген соң оны бинтпен науқастың басына айналдыра байлау керек (қозғалып шығып кетпеу үшін) .
6. Науқасты орташа Фаулер жағдайында отырғызып.
7. Әзірленген Жане шприцін зондтың бас жағына жалғап, тамақты ақырындап асықпай жібереміз
. 8. Жане шприці жоқ болса, зондқа 200 мл оймышты жалғап оны науқас асқазанына дейін түсіріп, тамақты оймышқа құй.
9. Оймышты жоғары көтер, ішіндегі тамақ оймыштың мойнына келгенше.
10. Осы әдіпен асқазанға оймыш арқылы бірнеше рет тамақ жібер.
11. Тамақ біткен соң зондтың қуысын тазарту үшін қайнаған су немесе шай жібер.
12. Зондтан оймышты немесе Және шприцін шығарып ал да, қысқышпен зондтың бос ұшын қыс және бос ұшына залалсыздандырылған салфетканы байла.
13. Зондты науқастың басына бинт арқылы бекітіп қой.
Зонд өңешке немесе асқазанға түссе науқастың жағдайы өзгермейді. Егер, зонд тыныс жолына түссе, науқас көгеріп, жөтеліп қақалады. Бұл жағдайда зондты тез шығарып алып, оттегімен дем алдыр.
Асқазанды зонд арқылы жуу техникасы
Көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді анықтау
1. Көрсеткіш: Сапасыз тағам өнімдері мен химиялық уланулардан кейін.
2. Қарсы көрсеткіш :
-асқазанды жууға абсалютті қарсы көрсеткіштер: өңештің күрделі дивертикулдары мен тарылулары (6-8 сағаттан асқан) қышқыл-сілтілермен күрделі уланулар болғаннан кейін (өңештің жыртылулары болуы мүмкін)
-салыстырмалы қарсы көрсеткіштер: миокард инфаркті, инсульттің жедел кезеңі, жиі тырысу ұстамаларымен жүретін эпилепсия (зондты тістеп қалу мүмкіндігі бар)
Коммуникативті дағдылар
1. Сыпайы түрде науқасқа өзін таныстыру. Науқасқа шараның мақсатын және одан кейін мұрын арқылы терең тыныс алу өзгерісі болатынын және лоқсу, құсумен жағымсыз әсерлерін түсіндіру.
1. Шара бойынша науқастың келісімін алу.
1. Бұл шара үстелде отырып немесе қырынан жатқызылып жасалынады.
2. Ұзындығы 1-1, 5м қалың асқазан зондын дайындау, сыйымдылығы 0, 5-1, 0 л воронка, су құйылған кувшин, 1% сода ерітіндісі немесе калий перманганатының әлсіз ерітіндісін, шелек және науқасқа клеенкалық алжапқыш дайындаймыз.
3. Науқастың аузынан алмалы тістерін алып тастаймыз және ауыз қуысын тазалаймыз. Егер науқастың есі анық болса алжапқышты кигіздіріп, орындыққа отырғызамыз. Алжапқыштың төменгі бөлігіне шелек қоямыз.
4. Зондтың енгізілуіне қарай, ұзындығын анықтау: зондтың жұмыр ұшын пациент кіндігіне қойып, жоғарғы күрек тісіне, одан құлақ сырғалығына дейінгі қашықтықты өлшейміз
1. Зондты тіл түбірінің артына тез енгізіп, науқасқа аузын жабуын және жұту әрекеттерін жасауын сұраймыз.
2. Зонд трахеяға түскен кезде (науқас жөтеліп, тұншығып, көгере бастайды) бұл жағдайда зондты тез арада алып тастап және қайтадан енгізуді бастаймыз.
3. Зондтың дұрыс орналасқанын анықтау керек, Жане шприціне 30-40мл ауа толтыра отырып зондқа жалғаймыз. Фонендоскоппен бақылау арқылы ауаны енгіземіз. Тербелген дыбыстар естіледі.
1. Зонд асказанға тускеннен кейін, зондтын жоғарғы бөлігіне шұңғыманы(воронка) кигізіп, ішаймағының қатынасындай арақашықтықта ұстап, шұңғыманы науқастың аузынан жоғары көтере отырып, сұйықтық құю.
2. Біріншілікті енгізудегі сұйықтықтың мөлшері 1л
3. Егер сұйықтық шұңғыманың басына дейін жетсе, сонғы бөлігін төмен түсіріп, асқазанды шайған суды шелекке ағызу керек.
Шала туған нәрестелерді тамақтандыру
Шала туған нәрестелерді зонд арқылы, бөтелкемен және емшек беріп тамақтандырады. Зонд арқылы тамақтандыруды ауыр патологиясы бар терең шала туылған нәрестелерде қолданады. Қолдану көрсеткіштеріне сору және жұту рефлекстерінің болмауы немесе әлсіздігі, тыныс алуының тоқтауы, бөтелке арқылы тамақтандырғанда айқын цианоздың пайда болуы, сонымен қатар, әлсіз соруына байланысты баланың дене салмағының нашар қосылуы жатады.
Зонд интрагастральды ауыз немесе мұрын тесіктері арқылы мұрын қырынан(переносица) төстің төменгі өсіндісіне дейінгі(мечевидный отросток) ұзындықта енгізіледі, зонд жоғарғы ерін тұсында лейкопластырьмен бекітіледі. Зонд әрбір екі үш күн сайын ауыстырылып тұрады. Сору рефлексі пайда бола бастағанда баланы біртіндеп бөтелке арқылы тамақтандыруға көшіреді.
Баланың тәуліктік сүт көлемін анықтау үшін бірнеше формулалар пайдаланылады
(бала өмірінің 10 күніне дейін)
1-формула (разовый объем желудка) 3*m*n;
n-бала өмірінің күні(7 рет тамақтандырған жағдайда)
2-формула Малышева формуласы: 14*m*n
14 ml - бұл 10 ккал-ға сәйкес сүт көлемі
Бала өмірінің 10 күнінен кейін баланың тамақтануының тәуліктік көлемі оның дене салмағының 1/5 бөлігіне жақындайды.
(ФГДС)
(ФГДС) - эндоскопиялық зерттеудің бір түрі. Асқазан мен он екі елі ішектің кілегейлі қабығын арнайы оптикалық құрал-гастроскоп арқылы зерттеу әдісі. Осы құрылғының көмегімен дәрігер асқазан және он екі елі ішекті зеттейді. ФГДС зеттеуді тек тәжрибелі эндоскопист дәрігер ғана жүргізе алады. ФГДС диагностикалық және емдік мақсатта, қажеттілігіне байланысты жедел және жоспарланған болуы мүмкін.
Жоспарланған диагностикалық ФГДС - науқас асқазан мен оны екі елі ішек ауырсынуына шағым жасаса, яғни созылмалы гастрит, асқазан жарасы мен асқазан рак ауруының алғашқы белгілері көрінгенде қолданылатын әдіс.
Жедел ФГДС- асқазан мен ішектен қан кеткен кезде қолданылатын әдіс.
Емдік ФГДС - әр түрлі мақсатта қолданылады. Мысалы, асқазаннан қан кеткен жағдайда, қан тоқтататын дәрі енгізу ; асқазан стенозы кезінде қайта қалыпқа келтіруші препарат енгізу үшін.
ФГДС жасау алгоритмі
Мақсаты: Асқазан мен он екі елі ішектің кілегейлі қабығын бақылау.
Емделушіні дайындау: Зерттеу қарсаңыңнда кешкі тағам сағат 19:00-ден кеш ішілмеуі және жеңіл болуы қажет. Тексеріс аш қарынға жүргізіледі, сондықтан тісті тазалауға, дәр-дәрмек ішуге, шылым шегуге, су ішуге болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz