Қоғамдық қатынастардың мәселелері


Орал Болашақ көпсалалы колледжі
Тақырыбы: Қоғамдық қатынастардың сипаты неде?
Орындаған: Жумагазиева Н. А.
(БИК 101 тобының студенті)
Тексерген: Махметова С.
(тарих пәнінің оқытушысы)
Орал, 2015 жыл
Қоғам - объективтік әлеуметтік заңдар негізінде дамитын ашық материалдық жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі. Барлық әлеуметтік процестердің күрделі жүйесі болып табылатын қоғамдық өмірді көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеу объектісіне айналдырып отыр. Философия деңгейінде қоғамдық өмірді зерттейтің ілімді әлеуметтік философия дейміз. Әлеуметтік философия қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде, оның қызмет етуімен дамуының жалпы заңдары мен қозғаушы күштерін және табиғи ортамен, бүкіл тұтас әлеммен өзара байланысын зерттейді. Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайды жасау, оны үнемі жандандырып отыруға негізделген адамдардың бірлескен қызметі әлеуметтік жүйенің негізі болып табылады. Қоғамдық әмір әлеуметтік материя ретінде материалдық дүниенің ең жоғарғы қозғалыс формасы болып табылады. Қоғам табиғат эволюциясы негізінде пайда болып, өзінің алғашқы даму кезеңдерінен бастап ерекше үйымдасқан жүйе ретінде сипатталады. Ол, материалдық және рухани өндірістен, қоғамдық қатынастардың әр түрлі формаларынан, базис пен қондырмадан, әлеуметтік құрылымнан, саяси институттардан және т. б. тұрады. Тағы да қоғам ақпаратты таратудың ерекше механизмімен сипатталады. Қоғамның құрамында материалдық процестермен бірге рухани процестердің, сананың болуы оның табиғаттан басты айырмашылығы болып табылады. Қоғамды құрылымдық ұйымдасуы жағынан сипаттау оның тек элементтік негізін ашу емес, сонымен бірге, әр бір элементтің оның қызмет етуімен дамуында алатын орны мен атқаратың рөлін анықтау болып табылады. Қоғамның негізгі өмір сүру аясына материалдық-өндірістік, әлеуметтік, саяси және рухани ая жатады. Қоғам үнемі даму үстінде болатын жүйе. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше кезеңдерді басынан кешірді. Мұндай кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік-мәдени өркениеттілік өлшемдер арқылы белгілейді. Өркениеттілік процестің әрбір жаңа кезеңі жоғары технологияларды игергенімен, әлеуметтік құрылымның күрделенуімен, табиғатпен байланыстын кең өріс алуымен, ұжымдық қоғамдық қызметтің жаңа формаларымен ерекшеленеді. Бірақ, қоғамдық қатынастардың сипаты, адам факторының руханилық деңгейі мен әлеуметтік құрылымдардың демократтылығы қоғам дамуының басты көрсеткіші болып табылады. Осы замаңғы қоғамның ерекше белгілеріне материалдық және рухани өндірістің ғаламдық деңгейде жүруі, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесін ақпараттық-технологиялық негізде жандандыру, өмір сүрудің демократиялық формаларын бекіту, өмірдің басқа жақтарына қарағанда ғылыммен рухани мәдениеттің жылдам дамуы жатады.
Қоғам туралы философиялық ілімнің тарихи дамуы үзақ уақытқа созылды. Ежелгі дүниенің өзінде ақ оның көптеген маңызды нұсқалары қалыптасты. Әйгілі көне грек ойшылы Демокрит адамзат тарихын табиғи процес деп білді, ал адамдардын қоғамдық емес кезеңнен қоғамдық сатыға өтуінің басты себебі ретінде «қажеттілікті» қарастырды. Басқа көне грек ойшылы Платон қоғамдық өмірдің парасатты құрылысы ретіндегі «идеалды мемлекет» туралы ілімді қалыптастырып, әділеттілік пен адам табиғаты арасындағы байланысты айқындауға тырысты. Аристотель де қоғам туралы маңызды идеялар айтқан болатын. Ол, қоғамды әлеуметтік инстинктерді қанағаттандыру мақсатында бірлестікте болатын жеке индивидтердің жиынтығы деп білді. Адам туралы ілімінде оның рухани мен өнегелік қасиеттерін атап көрсетіп, қоғамды болмыстын әлеуметтік және саяси түп негізі деп таныды. Сөйтіп қоғам туралы ілімнің негіздері қалана бастады. Ортағасыр философиясында қоғамдық өмірді діни түсініктер негізінде түсіндіру басым болды. Жаңа дәуір философиясы ойшылдары діни түсініктерді терістей келе қоғам табиғи жолмен пайда болып, дамиды деп есептеді. Қоғамның келісімдік ұйымдасуы туралы концепциялар пайда бола бастады (Гоббс, Руссо және т. б. ) . Азаматтық қоғамды индивидтердің жиынтығы ретінде қарастырып, оны механистік тұрғыдан түсіндірді. Объективтік идеализмнің өкілі Гегель азаматтық қоғамды әлеуметтік мақсаттарға жету жолында адамдардын «бір-біріне тәуелділігі» деп білді. Классикалық неміс философиясының басқа бір өкілі -Л. Фейербах азаматтық қоғамды табиғи субстанция негізінде байланыста болатын индивидтердің жиынтығы ретінде қарастырды. Орыс әлеуметтану ғылымында да қоғамдық өмірге ерекше назар аударылды (А. И. Герцен, Н. Г. Чернышевский, В. С. Соловьев және т. б. ) . Жалпы айтқанда, сол кездегі социологиялық ғылым қоғамды түсіндіруде жаңа деңгейге көтеріліп, жеке рационалды ойлар қорытқанымен қоғам туралы идеалистік және утопиалық түсініктерден құтыла алмады.
Әлеуметтік философияның келесі даму кезеңі марксизм философиясымен тығыз байланысты болды. Марксизм бойынша, қоғам - индивидтердің жай ғана жиынтығы емес, керісінше, сол индивидтердің арасында болатын байланыстар мен қатынастардын жиынтығы болып табылады. Маркс пен Энгельс тарихи материализм ілімін дүниеге әкелді. Тарихи материализмнің жасалуы қогамдық ойдың дамуындағы түбірлі төнкеріс болды. Ол, бір жағынан, тұтас дүниеге - тек табиғатқа қана емес, сонымен қатар қоғамға да, - жүйлі наным көзқарасты қалыптастыруға әсер етсе, екінші жағынан, қоғам өмірінің барлық жақтарының дамуының материалдық негізін ашуға мүмкіндік береді. Қоғам дамуы табиғи- тарихи процесс екендігі туралы негізгі идеясын Маркс қоғам өмірінің әртүрлі саласынан, экономикалық саланы барлық қоғамдық қатынастардан өндірістік қатынастарды негізгі және барлық басқа қатынастарды айқындаушы ретінде бөліп алып қарастырды. Қандай да болмасын қоғамға тән негізгі бастама қажетті өндіріс құралдары екеніне сүйене отырып, адамдардың осы құрал- жабдықтарды өндіру барысында белгілі бір қатынасқа - өндірістік қатынасқа түсуімен байланыстырып, осы өндірістік қатынастардың жиынтығы белгілі бір қоғамның реалды базасын жасайтындығын, ал оның саяси-құқықтық қондырмасын қоғамдық сананың алуан түрлі формалары қалыптастыратынын көреміз. Өндіргіш күштерінің белгілі бір сатысында пайда болатын өндірістік қатынастардың әрбір жиынтығы, барлық қоғамдық формациялардың әрі жалпылама, әрі ерекше, теқ қана олардың біреуіне тән қалыптасу, даму және жоғары сатыға көтерілу заңдылықтарына бағынады. Маркс пен Энгельс барлық қоғамдық қатынастарды материалды және рухани (идеалды) қатынастарға бөліп, материалдық қатынастардың біріншілігін, ал рухани қатынастардың екіншілігін көрсетті. Қоғамдық өмірге қатысты философияның негізгі мәселесін шешу үшін тарихи материализм «қоғамдық болмыс»және «қоғамдық сана» категориаларын жаңаша тұжырымдады. Қоғамдық болмыс - бұл қоғам өмірінің материалдық жағдайлары мен адамдардың бір- біріне және табиғатқа материалдық қатынастары. Материалдық қатынастар объективті өмір сүреді және қоғамның шығуы мен дамуы барысында қалыптасып, қоғамдық санадан тәуелсіз өмір сүреді. Қоғамдық сана - қоғамдық болмысты бейнелейтің сезімдер мен көзқарастардың, идеялар мен теориялардың күрделі жүйесі. Қоғамдық сана қоғамдық болмысты бейнелеп қоймайды, өз кезіңде оған белсенді түрде ықпал жасайды. Тарихи материализм тарихи процестің объективті және субъективті факторларын атап көрсетті. Бұл екуі қоғамдық өмірдің екі түрлі шарты. Адамдардан тәуелсіз және олардың қызметінің бағыты мен ауқымын көрсететін шарттар объективтік факторлар болып табылады. Мысалы, табиғат жағдайлары, өндірістің дәрежесі, саяси және рухани дамудың тарихи тісіп жетілген міндеттері мен қажеттіліктері - осы шарттарға жатады. Субъективтік факторларға бұқараның, топтардың, партиялардың, мемлекеттің, жеке адамдардың белгілі бір мақсатқа бағытталған іс- әрекеттері, олардың санасы, еркі, іс- қимылға бейімділігі және т. с. с. жатады. Объективтік факторлар әруақытта негізгі болып табылады, бірақ олардың әрекеті субъективтік факторлардың әрекеті түрінде ғана көрінеді. Субъективтік факторлар өздеріне қажетті объективті жағдайлар туғанда ғана шешуші рөл атқара алады. Субъективтік факторлардың қоғам дамуына ықпалы бір қоғамдық - экономикалық формациадан басқа, бұдан гөрі жетілген формациаға өткен сайын арта түседі.
Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру О. Конт пен Г. Спенсердің әлеуметтік философиясына тән. Бұл тұралы белгілі бір көзқарастарды М. Вебердің, П. Сорокиннің, Т. Парсонсонның және А. Тойнбидің ілімдерінен көруге болады. К. Маркс өзінің қоғамдық- экономикалық формациалар туралы ілімінде жүйе ретіндегі қоғамға келесі түсінік берді. Бұл ілімнің жақтаушылары мен қарсыластары бар. Маркс пен Энгельстің еңбектеріне сүйене отырып, қоғамдық-экономикалық формацианы оған тән өндіріс тәсілі, әлеуметтік құрылымы, саяси жүйесі мен рухани өмірі бар өзінің дамуының белгілі бір тарихи сатысында тұрған қоғам ретінде қарастырамыз. Бес қоғамдық- экономикалық формация атап көрсетілді: алғашқы- қауымдық, құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік. Олардың әрқайсысы, біріншіден, сапасы жағынан қоғамның белгілі бір типі ретінде, екіншіден, қоғамдық прогрестің сатысы ретінде сипатталады. «Қоғамдық- экономикалық формация » ұғымы қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде түсінуге мүмкіндік берді. Жоғарыда көрсетілген қоғамдық- экономикалық формациялар әлемдік тарихи процестің объективтік үрдісін көрсетеді. Олар тарихи процестің әртүрлі сатыларында дүниеге келе бастады. Әрбір жаңа формация қоғамның оданда гөрі жоғары типі болып саналады. Формациялық талдау методологиясы қоғамның бір формациядан басқасына күрделі өту процесің, бұл өтудің жолдары мен тәсілдерін, субъективтік және объективтік факторлардың өзарабайланысын зерттеуге негіздейді.
Адам және экономика
Адамдар экономикалық әрекеттерін белгілі бір жағдайларда немесе орталарда жүзеге асырады. Басты жағдайларға әлеуметтік және табиғи орталар жатады.
Адамның әлеуметтік ортасы:
1. меншік қатынастары
2. қоғамның әлеуметтік құрылысынан тұрады
Меншік қатынастарына байланысты адамның қоғамдағы алатын орны, қоғамдық өнімдегі оның үлесі, адамның ролі анықталады. Меншік формалары іскерлік белсенділікке әртүрлі әсер етеді. Жеке меншік жеке мүдделер тұрғысынан анағұрлым нәтижелі еңбекке жетелейді. Алайда, әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарастырсақ, кейде ол барлық жағынан жақсы емес. Байлық пен кедейлік жіктеліп, эгоизм қалыптасады. Қоғамның мүліктік жіктелуі өсіп, бұл әлеуметтік шиеленісті туғызады. Сондықтан қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыру мақсатында мемлекет игіліктердің бір бөлігін жалпыға ортақ игіліктер ретінде қалдыруы қажет.
2. Қоғамның әлеуметтік құрылысы әлеуметтік заңдарға, яғни жұмыс істейтін азаматтар, жұмыссыздар, әртүрлі себептерге байланысты жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ адамдардың жағдайын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығына негізделеді. Әлеуметтік заңға елдегі зейнетақы, жәрдемақы, мүгедектерге, ауруларға, қарияларға басқа да еңбекке жарамсыз халыққа қызмет көрсетуді көздейтін әлеуметтік сақтандыру жағдайына тәуелді. Қоғамның әлеуметтік ортасының деңгейін өмір сүру мен еңбек етудің, тұрғын үй, коммуналдық және тұрмыстық жағдайлары, бос уақытты пайдалану мүмкіндіктері, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және т. б. деңгейлері сияқты көрсеткіштерге қарап бағалайды.
Табиғи ортаға табиғи және еңбек ресурстары мен басқа да өмір сүру жағдайлары жатады.
Материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалынады. Қажеттілік - бұл жеке тұлғаның немесе қоғамның өз өмір жағдайын немесе дамуын қалыпты деңгейде жүргізуге қажет қандай да бір нәрсеге талабы. Ол жоғары және төменгі деңгейлі, әлеуетті және төлем қабілетті және тағы басқа болып келеді. Әдетте қажеттіліктерді үш топқа бөледі: материалдық, рухани, әлеуметтік.
Материалдық қажеттілік - бұл адамның киімге, тамаққа, тұрғын үйге, сондай-ақ фирмалар мен мекемелердің ғимараттарға, құрылыстарға, транспорт пен басқаларға деген сұраныстарын жатқызамыз. Рухани қажеттіліктер - бұл ғылыммен, өнермен шұғылдану, білім алу және т. б. Қоғамның дамуына орай қоғамдық және ұжымдық қызмет формаларына қатысуына байланысты әлеуметтік қажеттіліктерді кеңейту мен қанағаттандыру мүмкіндіктері де өседі. Олар материалдық та, рухани да болуы мүмкін, бірақ ең бастысы олар қоғамдық сипатта және көптеген адамдардың бірге өмір сүруі мен ынтымақтасуы қажеттігіне байланысты.
Қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі екі сфераның даму деңгейімен анықталады: материалды және материалды емес өндіріс. Материалды өндіріс сферасында заттық игіліктер өндіріледі (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және т. б. ) және материалдық қызметтер көрсетіледі (транспорт, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету) . Материалдық емес сферада рухани және басқа да құндылықтар жасалынып, сәйкес қызметтер көрсетіледі (білім беру, мәдениет және т. б. ) . Бұл екі сфера да ұдайы қарым-қатынаста болады және адам өмірінің негізін құрайды.
Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері
Күнделікті өмірде "экономика" және "өндіріс" - ұқсас ұғымдар. Бірақ экономикалық теорияда олар әртүрлі мазмұнға ие. Өндіріс бұл экономиканың тек бір бөлігі ғана. Экономика әрқашан өндірістен тұрады, бірақ өндіріс әрқашан экономика бола бермейді, демек, экономика ұғымының көлемі өндіріс ұғымынан әлдеқайда ауқымды.
Экономика өзінің құрылымы бойынша қоғам өмірінің болашақ ерекше сферасы бола отырып, әлеуметтік сипатқа ие. Ал өндіріс тек ғана технологиямен байланыстырылуы мүмкін. Өйткені оның қалыптасуы үшін әлеуметтік байланыстар міндетті емес (мысалы, Робинзонның шаруашылығын өндіріс ретінде сипаттауға болады, бірақ ол экономика болып табылмайды) .
Экономикаға синоним адамдардың біріккен іс-әрекеті формасында жүзеге асырылатын "қоғамдық өндіріс" категориясы бола алады. Шындығында, біріккен өндірістік қызмет туындаған кезде экономикалық қатынастардың барлық буыны пайда болады: егер бірігіп өндірген болсақ, онда сол өндірген өнімді қалай бөлуге, айырбастауға, тұтынуға болады? Біріккен шаруашылық іс-әрекетте өндіріс әрқашан экономикаға ұласады. Өйткені, өндірістің қатысушыларына тұрақты түрде қандай жағдайларда олар өндіреді (яғни өндіріс жағдайы кімге тиесілі болады), өндірілген өнім қандай принципке сай бөлінеді, өнімнің жеке үлесі мен айырбастау принциптері қандай, тұтыну формалары қалай болмақ деген мәселелерді шешу қажет. Міне, сондықтан да саяси экономиялық теорияда "өндіріс" түсінігі екі жақты тұжырымға ие: біріншіден, ол экономиканың фазалық сипаттамасында ерекше, дербес және басты фаза, екіншіден, ол қоғамдық болып табылады, бұл жағдайда "бөлу", "айырбас" және "тұтыну" өндіріс жүйесіне оның ажырамас құрамдас бөлігі ретінде енген.
Адам мен қоғамның өмірінің негізінде өндірістің шаруашылық қызметі жатыр. Өндіріс - бұл адамдардың табиғаттың заттарына ықпал жасай отырып, материалды және рухани игіліктерді өндіру процесі. Игіліктер деп адамдардың мақсаты мен талабына жауап беретін, олардың кажеттіліктерін қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Оларды екі топқа бөлуге болады: табиғи заттар (жер, орман, өзен, көлдер т. б. ) және экономикалық игіліктер- адамдардың саналы өндірістік қызмет нәтижелері. Өндіріс үш элементтің өзара әрекеттесуі арқасында жүзеге асады: адам еңбегі, еңбек заттары және еңбек құралдары. Оларды еңбек процесінің қарапайым мезеттері деп атау қабылданған.
Еңбек - бұл адамдардың материалды және рухани игілік пен қызметті құру бойынша мақсатқа сай қызметі. Еңбек заттары дайын өнім жасаудағы адамның еңбегі мен ықпалы. Еңбек құралдары адамның еңбек заттарына ықпал жасайтын құралдары. Қандай да бір тауар құруға қажетті еңбек заттары мен құралдары өндіріс құралдарын белгілейді.
Игіліктер өндірісі: 1-ден, адам мен табиғаттың қарым-қатынасы; 2-ден, адамның шаруашылық қызмет процесінде өзара әрекеттерін көрсетеді. Өзара байланыстың 1-ші түрін өндіргіш күштер деп атайды; 2-шісін экономикалық қатынастар деп; атайды.
Өндіргіш күштер бұл қоғамдық өндірістің өзара әрекетіндегі жеке (жұмыс күш) және заттай (өндірістің құралдары) факторлар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz