Тұрғындардың жұмысбастылық теориясы


Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
Экономика және бизнес
факультеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Тұрғындардың жұмысбастылық теориясы
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. Тұрғындардың жұмысбастылық теориясы және экономикалық мазмұны
- Тұрғындар жұмысбастылығы теориясы. . . . …. . 5
- Еңбек нарығы және жұмысбастылықтың маңызы мен экономикалық мазмұны . . . 8
ІІ. Жұмысбастылықты реттеудің теориялық негіздері
2. 1 Жұмысбастылықты реттеудің негізгі принциптері мен механизмдері . . . 15
2. 2 Еңбек нарығының дамуына талдау . . . 20
2. 3 Аймақтағы еңбек нарығы және жұмысбастылық саясаты . . . 23
ІІІ. Жұмысбастылықты басқаруды жетілдіру жолдары
3. 1 Жұмысбастылықтың мемлекеттік саясаты және оның негізгі бағыттары . . . …26
3. 2 Жұмысбастылықты реттеу аясындағы мәселелерді шешу жолдары . . . 28
3. 3. Жұмыспен қамту бойынша 2020 жылға болжам . . . 30
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бiрнеше рет атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.
Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын - соңды болмаған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге жетуіне әсерін тигізуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 27 қаңтар 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік -экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында бірінші басымдық - Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы болып белгіленді.
Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.
Тұрғындар жұмысбастылығы азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі.
Қоғамның дамуы тұрғысынан алғанда қоғамдақ өндірістегі жұмысбастылық негізгі болып табылады. Ол қоғамның экономикалық потенциалымен қатар, тұтастай тұрғындардың өмір сапасы мен денгейін және жеке азаматтардың жақсы тұрмысын сипаттайды.
Еңбек нарығындағы бұл түсініктердің қандай мәні бар?
Біріншіден, олар ұлттық табысты құруға қатысатын қоғамдық еңбек потенциалын неғұрлым дәл анықтауға мүмкіндік береді;
Екіншіден, олар еңбек потенциалының көлемін және оның елдің және оның аймақтардағы қолданылуын неғұрлым дәл болжауға мүмкіндік береді;
Үшіншіден, әлеуметтік саясатты жасауға, басымдықтарды анықтауға, әлеуметтік бағдарламаны қалыптастыруға, оны қаржыландыру көздерін анықтауға және жүзеге асыру шарттарын жасауға жағдай жасалады.
Жұмысбастылық саясатының сұрақтарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек.
Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық - тұрғындардың қоғамдық немесе өнімді ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді.
Әлеуметтік тұрғыдан жұмысбастылық жалпы білім беретін арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып-қағу, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу арқылы көрініс табады.
Еңбек нарығын реттеу тек жұмыспен қамту аясын ғана емес, сонымен бірге, қоғамның экономикалық жүйесінің барлық элементтерін қамтитын шаралардың күрделі жүйесін білдіреді. Еңбек нарығындағы басты мәселелердің бірі болып саналатын жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту жөнінде түрлі көзқарастардың болуы бірқатар бағыттар мен мектептердің шығуына әкелді. Нарыққа өтудің бастапқы кезеңдерінде барлық посткеңестік мемлекеттерде «таза капитализмді» орнату тұжырымдамасы үстемдік етсе, қазіргі кезеңде мемлекеттің араласуы, атап айтқанда, жұмыссыздық пен жұмыспен қамту мәселелеріне мемлекеттік реттеудің қажеттілігін мойындайтын тұжырымдар орнығуда.
Зерттеу жұмысының мақсаты: экономикалық әдебиеттерді қолдана отырып теориялық тұрғыда жұмысбастылықты басқару ерекшеліктерін, артықшылықтарын және қазіргі жағдайын талдау. Сонымен қатар еңбек нарығын жетілдіруге ұсыныстар енгізу.
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:
- Еңбек нарығы және жұмысбастылық терминінің мәнін ашу;
- Қазақстандағы еңбек нарығының даму ерекшеліктеріне, ағымдық жағдайға талдау жасау;
- Аталған міндетке сай барлық мәліметтерді сараптай отырып, қорытынды ой түю.
Зерттеу объектісі: тұрғындардың жұмысбастылық теориясы
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша экономикалық, авторлық және оқу бағдарламаларына, әдістемелерге талдау жасау, тиiстi әдебиеттер мен мұрағат мәлiметтерiне теориялық талдау, жиналған материалдарды саралау, модельдеу.
Зерттеу болжамы: тұрғындардың жұмысбастылық теориясын зерттей отырып жұмыссыздықты жою нәтижелілігіне жетуге болады.
Зерттеу жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: экономикалық теория және басқалар
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Тұрғындардың жұмысбастылық теориясы және экономикалық мазмұны
1. 1. Тұрғындар жұмысбастылығы теориясы
Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз - азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі деп, ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап көрсетілген.
Жұмысбастылық саясатының сұрақтарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек.
Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық - тұрғындардың қоғамдық немесе өнімді ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді.
Әлеуметтік тұрғыдан, жұмысбастылықтың мынандай түрлері бар: жалры білім беретін арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып-қағу, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу.
Қоғамның дамуы тұрғысынан алғанда қоғамдақ өндірістегі жұмысбастылық негізгі болып табылады. Ол қоғамның экономикалық потенциалымен қатар, тұтастай тұрғындардың өмір сапасы мен денгеиін және жеке азаматтардың жақсы тұрмысын сипаттайды.
Еңбек нарығындағы бұл түсініктердің қандай мәні бар?
Біріншіден, олар ұлттық табысты құруға қатысатын қоғамдық еңбек потенциалын неғұрлым дәл анықтауға мүмкінлік береді;
Екіншіден, олар еңбек потенциалының көлемін және оның елдің және оның аймақтардағы қолданылуын неғұрлым дәл болжауға мүмкіндік береді;
Үшіншіден, әлеуметтік саясатты жасауға, басымдықтарды анықтауға, әлеуметтік бағдарламаны қалыптастыруға, оны қаржыландыру көздерін анықтауға және жүзеге асыру шарттарын жасауға жағдай жасалады.
Экономикалық белсенді және белсенді емес тұрғындар туралы айтып өтсек, халықаралық еңбек ұйымының анықтамасына сәйкес, экономикалық белсенді тұрғындарға товар өндіру мен қызмет көрсетуге қатысатын адамдар мен қоса айырбас үшін нарыққа арнап товар өндіретін барлық тұлғалар жатады.
Категория боиынша экономикалық активті тұрғындарға: жалдамалы еңбек адамдары - жұмысшылар мен қызметкерлер; өз бетінше жұмыс істеушілер; жанұяның ақы төленбейтін мүшелері; мерзімді және кездейсоқ жұмысшылар; объективті жағдайларға байланысты (денсаулығына, кезекті демалысына, т. б. ) уақытша жұмыс істемейтіндер; толық емес жұмыс режимімен оқуды жұмыспен біріктіретін оқушылар, өндірісте кәсіптік дайындықтан өтіп жатқан және стипендия немесе жалақы алатын оқушылар мен тұлғалар жатады.
Әр елде тұрғындардың экономикалық белсенділігін анықтауда біршама өзгешеліктер бар, мысалы белсенді еңбек өміріне өту жасына байланысты, көптеген басқа елдер сияқты АҚШ-та жас-15 жас, Швецияда - 16 жас, ал Қазақстанда -16 жас.
Экономикалдық белсенді тұрғындар қазіргі кезде дамыған елдерде «жұмыс күші» есебінде анықталады.
Халықаралық статистикада экономикалық белсенді емес тұрғындар жоғарыда аталған экономикалық тұрғындарға кірмей қалғандықтан барлығы жатқызылады.
Экономикалық актиті емес тұрғындардың құрамынан бірнеше топтарды атап айтуға болады. Ең үлкен топтарға күндізгі оқу бөлімінде оқитындар, үй жұмысындағылар, жасына немесе мүгедектігіне байланысты зейнеткерлер, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалардан материалдық көмек алатындар.
Экономикалық активті емес тұрғындарға сонымен қатар жалақы төленбейтін қоғамдық жұмыс істейтіндер, еркімен тегін қызмет көрсететіндер, тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне жатқызылатындар да кіреді.
Еңбекке жарамды тұрғындардың жұмысбастылығын қарастырып өтеиік. Жұмысбастылық - азаматтардың жеке және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мен байланысты, заңға қайшы келмейтін және белгілі бір көлемде пайда алып келетін іс-әрекеті. Жұмысбастылық тұрғындардың жұмысорындары мен қамтамасыз етуін көрсетеді.
Жұмысбасты тұрғындар болып келесілер саналады:
- Жалдамалы еңбек атқаратын, яғни толық немесе толық емес жұмыс күшімен еңбек атқаратын және осы еңбегі үшін тиісті жалақысын алатын еңбекке қабілетті тұрғындар;
-өзін жеке еңбекпен қамтитын тұрғындар ( кәсіпкерлік, жеке еңбек, фермерлік, және т. б. ) ;
-қарулы күштер қатарына шақырылған еңбекке қабілетті тұрғындар;
-түрлі оқу орындарында оқитын еңбекке қабілетті тұрғындар.
Жұмысбастыларға содай-ақ азаматтық құқықтың келісімдер бойынша қызмет атқаратын, ақысы төленетін қызмет орнына сайланғандар және бекітілгендер жатқызылады.
Жұмысбастылықты келесі көрсеткіштер арқылы сипаттауға болады;
- Тұрғындардың белсенді бөлігінің қоғамдық өндіріске ендірудің толықтылығы, яғни тұрғындардың жұмыс орны мен қанағаттандырылу деңгейі;
Тұрғындардың экономика салалары бойынша жіктелуі жоғарыда ғысхемадан көруге болады.
Жұмысбастылықтың түрлері және формалары.
Жұмысбастылықтың түрлері дегеніміз - тұрғындардың белсенді бөлігінің халық шаруашылығы салалары бойынша тарату.
Еңбек нарығын сегменттеу кезінде жұмысбастылықтың келесі түрлері болады; аймақтық, салалық, кәсіптік, жастық, мамандық. Сонымен қатар "толық жұмыс уақыты жұмысбастылығы"және " толық емес жұмыс уақыты жұмысбастылығы"деген түсініктерді айырады.
Толық жұмыс уақыты жұмысбастылығы жұмыс істеушілердің сол не басқа категорияларына арналған, заңдық актілермен бекітілген орташа жұмыс уақыты ішіндегі жұмысы.
Толық емес жұмыс уақыты режимінде дамығын елдердің әрбір төртінші жұмысбастылар жұмыс істейді. Оның қалыптан тыс формалары мына түрде тараған:
-уақытша, жұмысшы еңбек қатынастары шартында жұмысқа қабылданған кезде;
-маусымдық, толық жұмыс уақыты шартында бірнеше уақытша келісім-шарттар түрінде;
-периодты, жыл сайын қабылданатын келісім шарттар формасын қолданады;
-өз бетінше, жұмысшының өз бетінше жұмысының ұзақтығы орташа жұмыс уақытының ұзақтығынан аз болғанда;
- Келісім шарт немесе бір себеп бойынша жұмыс;
- Жұмыс уақыты ұзақтығын белгілеусіз жұмыс.
Еңбекке қабылетті тұрғындарды қолдану деңгейіне байланысты жұмысбастылықтың келесідей түрлерін атап көрсетуге болады:
- толық
- рациональді
- тиімді
Толық жұмысбастылық - бұл еңбектің жан-жақтылығы. Халықаралық тәжірибеде толық жұмысбастылық ұғымына еңбек ресурстарына деген сұраныс ұсынысқа тең болған жағдай сай келеді.
Рациональді жұмысбастылық дегеніміз-әр жұмысшының еңбегін қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын өнімді өндіруге жұмсау және адамның білім құрылымы мен жасына байланысты жұмысбастылық.
Тиімді жұмысбастылық дегеніміз-жұмысшылардың мүмкіндіктерін ескере отырып еңбекті қоғамның үнемі өзгеріп отыратын қажеттілігіне бөлу, яғни тұрғындардың жұмысбастылығының әлеуметтік экономикалық жағдайын қамтамасыз ететін қоғамдық жүйенің қабілеті.
Сонымен қатар жұмысбастылықтың негізгі және арнайы түрі бар. Жұмысбастылықтың негізгі түріне еңбек заң орындарымен және ішкі күн тәртібінің ережелерімен реттеледі. Жұмысбастылықтың арнайы түрі арнайы құқын реттеуді өңдеуге қажет.
1. Толық емес жұмыс күшімен қызмет ету;
2. Толық емес жұмыс аптасымен қызмет көрсету;
3. Үй шаруашылығы мен және т. б. қызмет көрсету.
Жұмысбастылықтың формалары дегеніміз-еңбекті қолданудың құқықтық-ұйымдастырушылық әдістері. Жұмысбастылықтың формасы бойынша жұмысбастылық толық жұмыс күні және толық емес жұмыс күні бойынша еңбек ету болып бөлінеді.
ҚР-ң жұмысбастылық туралы заңына сәйкес қолайлы еңбек жағдайындағы толық еңбек күнінің ұзақтығы аптасына 40 сағатты құрайды.
Жұмыскерлердің кейбір категориялары үшін заңмен қарастырылған толық жұмыс күнінің ұзақтығы 15-16 жасар жұмыскерлер үшін аптасына 24 сағат, 16-18 жасар жұмыскерлер үшін 36 сағат құрйды.
1. 2 Еңбек нарығы және жұмысбастылықтың маңызы мен экономикалық мазмұны
Әлеуметтік-нарықтық экономиканың және экономикалық саясаттың басты назардағы теориялық және практикалық мәселелерінің бірі халықтың жұмысбастылық мәселесі болып табылады. Біздің елдегі және де көптеген дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі қалыптасқан жағдайлардың ерекшелігі бұл мәселенің бірден бір ғаламдық әлеуметтік-экономикалық мәселе екендігін және ол солай блып қалатындығын айқын көрсетіп отыр. Көптеген адамдар үшін еңбектегі іс-әрекеті барлық өмірі сабақтасатын бір «өмірдің өзегі» ретінде жүреді. Жұмыспен индивидтің материалдық жағдайы, оның қоғамдағы орны, өзінің еңбектік потенциалын ашу мүмкіндігі және т. б. байланысты болып келеді. Бұл өз кезегінде еңбектегі іс-әрекетінің әлеуметтік-психологиялық аспектісі болып табылады.
Бірақ оның экономикалық аспектісі маңызды екенін ұмытпау керек. Адам, кәсіби-біліктілік дайындық процесінде қоғамдық қажетті деңгейге жеткен жұмыс күшінің бірлігі ретінде және жиынтық жұмысшы күшінің құрамында әрекет ете отырып өндірістің жеке факторы болып табылады. Алайда, қазіргі экономикалық ғылым адам факторын тек өндірістік ресурс ретінде қарастырған маркстік теориядан алшақтауы қажет. Өйткені адам - өзінің экономикалық мүдделері бар шаруашылық субъектісі болып табылады. Осы мүдделерді жүзеге асыра отырып үй шаруашылығы экономикалық өмірдің барлық көрсеткіштерінің динамикасына әсер етеді. Қазіргі экономикадағы жұмысшы күшінің ұдайы өндірісі экономикалық іс-әрекеттің барлық субъектілерінің мүдделерін біріктіреді - кәсіпкерлерді, мемлекетті және жұмысшы күшінің иегерінің өзі.
Әлеуметтік маңыздылығы жағынан жұмысбастылықты ең жоғары құндылыққа жатқызуға болады. Оның анықтамасы және мәселесі қазіргі кезде экономикалық әдебиеттерде өте маңызды орынды алады. Көп жағдайда оны өндірістік көзқарас тұрғысынан қарастырады. Бұл тұста экономист-ғалым А. Э. Котлярдың жұмысбастылыққа берген түсініктемесі өте орынды болып келеді, яғни «жұмыс орындарын қамтамасыз ету бойынша және шаруашылық іс-әрекетте қатысуына қарай болатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі» деп көрсетеді. Жұмысбастылық процесі, бір мезгілде жұмысшы күші және жұмыс орындары сатылатын және сатылып алынатын еңбек нарығында жүреді (жұмыс беруші жұмыс орындарын ұсынады, ал жұмысшы күшінің иегері өзінің еңбекке қабілеттілігін ұсынады) . Яғни жұмысшы күшінің және жұмыс орындарының нарықтары халықтың жұмысбастылық формасында жалдамалы еңбекпен бірігеді. Сонымен « . . . халықтың жұмысбастылығы дегеніміз адамдардың еңбектік іс-әрекетке тартылу шаралары, олардың еңбектегі қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесі, жұмыс орындарымен қамтамасыз етілулері» деп білеміз.
Жұмысбастылықты анықтаудың екі негізгі белгісі бар. Бір жағынан ол жұмыстың өзінің болуы, екінші жағынан - ол одан түсетін табыс (ақшалай немесе натуралдық түрде) . Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде қабылданған ереже бойынша жұмысбастылық түрлерінің жіктемесінің негізіне табыс түрлері енгізілген (ХЕҰ әдіснамасы бойынша, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) - 1919 жылы Версаль бейбітшілік келісім шартына сәйкес Ұлттар лигасында автономды ұйым ретінде құрылған. 1946 жылдан БҰҰ құрылтайшысы болды. Қазіргі күнде құрамына 160 мемлекет кіреді) . Мысалы, жалақы немесе төлем ақы алу үшін жұмыс түрін ажыратады, сондай-ақ пайда алу үшін (дивиденд, пайыз, рента және т. б. ) іс-әрекеттерді бөліп көрсетеді. Соңғысы азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамту категориясын көрсетеді. [2]
Әкімшілік-әміршілдік экономика тұсында барлық еңбекке қабілетті халықтың жаппай жұмысбасты болуының идеологиясы басым болды. Онда бір жағынан, мемлекетпен кепілденген жұмысқа тұрғызу болды, ал екінші жағынан - қоғамның барлық еңбекке қабілетті мүшелерін әр түрлі жазалау шараларын (әкімшіліктік айып-пұлдар салу және қоғамдық келемеждеу жолымен) қолдана отырып жатып-ішер арамтамақ деп кіна тағумен қорқыта отырып еңбектік іс-әрекетке мәжбүрлеу жүрді. «Жаппай» жұмысбастылықтың болуы жұмыссыздықтың жоқ екендігін паш етуге мүмкіндік берді, оны социалистік қоғамға жат, капитализмнің серігі және әлеуметтік қиянат деп білді. Ал шын мәніне келетін болсақ, жаппай жұмысбастылық принципін жүзеге асыру еңбек ресурстарын ұтымсыз (тиімсіз) пайдалануға, жасырын жұмыссыздықтың (ресми түрде жұмысбасты, бірақ табыс алмайтындар) болуына әкелді. Жалақының теңгерілген жүйесінің болуы, яғни экономикалық қызығушылықтың және де шаруашылықтың барлық деңгейлерінде өндірістік қызметтің тиімді нәтижелері үшін жауапкершіліктің болмауы, жалпы экономикалық қатынастардың жүйесінің өзі толық жұмысбастылыққа жетуді жоққа шығарды және де экономиканы тұтастай тиімсіздікке әкелді.
Еңбек нарығы - бұл ерекше тауар - жұмыс күшін сату және сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы; еңбекті жалақыға айырбастау механизмі орындалатын нарық. Еңбек нарығында жұмыс күшіне және еңбек қызметтеріне сұраныс пен ұсыныс және оған деген баға қалыптасады. Еңбек нарығының негізгі субъектілері ретінде кәсіпкерлер-ірі монополистер, шағын және орта бизнесмендер, мемлекет, жекелеген жұмыскерлер және олардың ассоциациялары (кәсіподақтар) қарастырылады. Еңбек нарығында қалыптасатын бағалар жұмыс күшінің ақшалай нысандағы құны болып табылатын жалақы мөлшерлемелері ретінде сипатталады. Еңбек нарығының динамикасы оның негізгі екі элементінің арақатынасына, яғни: жұмыс күшіне деген нарықтық сұраныс пен жұмыс күшінің нарықтық ұсынысына тәуелді болып табылады.
Еңбек нарығының экономикалық және әлеуметтік деген екі негізгі қызметі бар. Экономикалық қызметі еңбекке қабілетті халықтың ұдайы өндірісінің тиімді үрдістерін қамтамасыз етуден көрінеді, ал әлеуметтік қызметі жұмыскерлердің және олардың отбасыларының өмір сүру сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етумен сипатталады.
Жұмыс күші - бұл адамның еңбекке деген қабілеттілігі; адамдардың игіліктерді өндіру үрдісіндегі физикалық және ой қабілеттіліктерінің жиынты-ғы; елдегі жұмыскерлердің жалпы саны; жұмыспен қамтылған мен жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздар) халықтың бір бөлігі.
Жұмыссыздық - бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артып кетуі; еңбекке жарамды халықтың жұмыс таба алмауы немесе жұмыспен қамтылмауы. Еңбек нарығында тепе-теңдік орын алғанда экономикада толық жұмысбастылық қалыптасады. Бірақ ақпараттың жетілмегендігінен еңбекке қабілетті халықтың белгілі бір бөлігі жұмыс таппай қалады.
Макроэкономикада 16 жастан бастап және одан жоғары жастағы халықты мынадай екі топқа бөліп қарастырады:
1) экономикалық белсенді халық (бұл топқа жұмыс күші жатады, ол өз кезегінде жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар болып бөлінеді) ;
2) экономикалық белсенді емес халық (бұлар жұмыс күші құрамына кірмейтін оқушылар, зейнеткерлер, т. б. ) .
Жұмыссыздықтың негізгі көрсеткіші болып жұмыссыздық деңгейі табылады, ол жұмыссыздар санының жұмыс күшінің жалпы санына (жұмыс істейтіндер мен жұмыс істемейтіндер санының сомасына) қатынасы арқылы анықталады және пайыздық көрсеткішке ие болады:
немесе,
![]()
мұндағы, u - жұмыссыздық деңгейі, U - жұмыссыздар саны, L - жұмыс күші, E - жұмыспен қамтылғандар саны.
Еңбек нарығында жұмыссыздықтың мынадай негізгі үш түрі орын алады:
1) фрикциондық жұмыссыздық - адамдардың әртүрлі өмір кезеңдерін-де бір жұмыс орнынан басқа бір жұмыс орнына тұрақты түрде ауысып отыруына байланысты туындайтын қысқа мерзімдегі еркін жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі жұмыс іздеумен және оны күтумен байланысты. Азаматтардың кәсіби біліктілігі мен жеке талғамдарына сәйкес келетін жұмыс орындарын іздеу белгілі бір уақытты талап етеді. Мұндай жағдайда, бос жұмыс орындары және оған лайық азаматтар туралы ақпараттар жетілмеген болып табылады. Жұмыскерлердің территориялық жағынан орын ауыстыруы да белгілі уақытты талап етеді. Жұмыс күшінің бір бөлігі кәсіби мүдделерінің, тұрғылықты мекен-жайларының өзгеруімен және басқа да себептердің болуы-мен байланысты өз қалауы бойынша жұмыстан шығып кетіп отырады. Сондай-ақ, жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген азаматтар да жұмыссыздықтың осы категориясына кіреді. Мысалы, оқу бітіріп диплом алған жас маман иесі өз біліктілігін іске асыру үшін аса қолайлы жұмыс орнын іздеуі мүмкін. Фрикциондық жұмыссыздыққа тап болған азаматтар жұмысқа деген қабілетті-ліктерін еш жоғалтпай оны кез-келген уақытта еңбек нарығында іске асыра алады. Еңбек нарығының үнемі өзгеріп отыруына орай және адамдардың жұмыспен қамтылғандар категориясынан жұмыссыздар категориясына үнемі ағылуынан және керісінше ағылуынан жұмыссыздықтың бұл түрінен құтылуға болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz