Нарық механизміндегі сұраныс пен ұсыныс


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті

Экономика және бизнес

факультеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Нарық механизміндегі сұраныс пен ұсыныс

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015 жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І. Нарық механизміндегі ұсыныс пен сұраныс теориясының негіздері

1. 1 Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері. 5

1. 2 Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері 7

1. 3 Ұсыныс пен сұраныс теориялары. . 8

ІІ. Ұсыныс пен сұраныстың әдіснамалық-тәжірибелік рольі

2. 1 Сұраныс, ұсыныс қисығы, олардың баға емес факторларының өзгеруі10

2. 2 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет етуі, рыноктық тепе-теңдік……12

2. 3 Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі . . . 14

2. 4 Сұраныс пен пайдалалық . . . 17

2. 5 Ұсыныс және өндіріс шығындары . . . 21

Қорытынды . . . 27

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 28

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.

Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан да нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Оның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубькетілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі өндірістік-экономикалық процесстердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық құрылымдарды материялдармен бір орталықтан қамтамасыз ету.

Егемендігін алғаннан кейін Қазақстан, нарықтық экономикаға көшіп, жаппай жекешелендіру процесстерін бастан кешірді. Қазақстан нарықтық экономикаға өту арқылы нарықтық экономикалы ел ретінде халықаралық деңгейде танылды.

Нарықтық экономикалық жүйе жалпы түрде экономиканың негізгі мәселелерін шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылырдың өзара әрекет ететін шаруашылықтарды үйымдастыру формасы деп анықтауға болады. Нарық - қоғамдық еңбек бөліндісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындаңы үстемдік етуші жіне анықтауышы байланыс әдісі ретінде көрінеді.

Тауар өндірісі жағдайында нарықтық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субьектілерін қамтиды. Нарықтың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де кіреді. Осыған сәйкес, қазірігі нарықтық экономика рыноктардың бүгінгі бір жөйесі тауар мен қызметтер, жұмыс күші, қарыз капиталдарының, бағалы қағаздардың, волюталық рынок және басқаларының маңыздылығы ерекше. Алайда, қандай нарық болса да, оның нақты түріне байланыссыз 3 негізгі элементке: бағаға, сұраныс пен ұсынысқа, бәсекеге негізделеді.

Сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайларындағы өзгерістерді ерекше оқиғасы ретінде қарастырылатын салықтың салдарын ең бастапқы зерттеудің өзі-ақ, сұраныс пен ұсыныстың тепе-тең жағдайы -бұл барынша қанағаттану жағдайы, тек сол тар мәнінде дұрыс, егер екі мүделлес жақ-тардың жиынтық қанағаттануы тепе-теңдіктің өзіне қол жеткізгенше және егер тепе-теңдік жағдайы деңгейінен жоғары кез келген өндіріс көлемін тұрақты ұстап тұру мүмкін болмаса, сатып алушылар мен сатушылардың әрқайсысы жеке адам ретінде өз мүделлері тұрғысынан әрекет етеді.

Тақырыптың өзектілігі: Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфляция шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады. Тауардың бәсекелік рыногына сұраныс пен ұсыныстың әрекет ету механизмі және сұраныс пен ұсыныс тең болған деңгейде нарықтық бағаның қалыптауы ел экономикасының тұрақты дамуының негізгі көрсеткіші.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының экономика саласындағы ерекшеліктер мен бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау, нарықтық экономиканың негізгі элементі ретінде ұсыныс пен сұраныстың әдіснамалық және тәжірибелік рольіне аса ден қойып, зерттеп, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы және оны реттеудегі өзіндік ұстанымдарына тоқталу болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті: Қазақстан Республикасының ұсыныс пен сұраныстың әдіснамалық-тәжірибелік рольіне талдау жасау арқылы ондағы модельдеудің жеке үлгілеріне назар аудара отырып тақырыптың мақсатына жету.

Зерттеу объектісі: нарық механизміндегі сұраныс пен ұсыныс

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша экономикалық және нарықтық еңбектер мен әдістемелерге талдау жасау, жиналған материалдарды саралау, модельдеу.

Зерттеу болжамы: нарық механизміндегі сұраныс пен ұсыныстың аражігін анықтау арқылы нарықтық сипаттағы ерекшілктерін негіздеу

Зерттеу жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: экономикалық теория және нарық, ұсыныс, сұраныс

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Нарықтың құрылымы және оның әдіс тәсілдері

1. 1. Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері

Нарық қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әртүрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, мұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретіне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.

Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады. Экономиканы бірыңғай сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру құқығын реттеп отыратын шараларды жүзеге асыруы қажет.

Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу, табыс табу сияқты әлеуметтік-экономикалық құқықтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын жұмсартады. Мұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-әлеуметтік ахуалды ұстап тұру мүмкін емес.

Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын, еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.

Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.

Нарық - бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.

Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.

Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасында тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Нарық - тауарларды сатып алу - сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы.

Нарық тауарды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады.

Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі - өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысандарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.

Берілген анықтамада, біріншіден, тек өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен қатар өндірушілердің, өндірушілер мен стаып алушы-тұтынушылардың, тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр.

Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті, объективті түрде алдын-ала анықтайды, яғни шаруашылық серіктестерінің қатынас субъектісі ретіндегі тең құқылығын бейнелейді. Бұдан серіктестердің шаруашылық қызметтердің варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды иемденудегі дербестігі мен тәуелсіздігі туындайды.

Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары - бәсеке өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі нарық бәсекесіз өмір сүре алмайды.

Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу - оны бәсеке, ең аз шығынға ұмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге, нарықты жайғана тауар айырбасы емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тән қайтарымдылық, эквиваленттілік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалық өткізілуі ретінде қарау керек. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әртүрлі тауар өндірушілер мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.

2. 2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері

Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады. Ең алдымен нарық экономикалық тұрғыдан бөлектенген материалдық игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын буын түрінде көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық өндірістің екі нақты қатысушыларының арасындағы қандай да болмасын технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін емес.

Экономикалық игіліктерді және қызметтерді, өндірушілермен тұтынушыларды байланыстыратын буын Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші рөлі Экономиканың жағдайы туралы объективті ақпараттың қайнар көзі Бәсеке арқылы экономиканы тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазарту

Нарықтың маңызды қызметтерінің бірі - оның ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттетуші рөлі. Нарықтың реттеуші рөлінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына, адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі рөлінің жоғалуына әкеліп соқтырады.

Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі - ақпараттық. Нарық тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің проценттік нарқының (ставка) т. б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық-қажетті сапа және ассортимент туралы объективті ақпар беріп отырады.

Сонымен бірге нарық механизмі мынандай қызметте атқарады - бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше жағдай жасайды.

Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.

Нарық күрделі экономикалық категория ретінде өз бетінше емес, әртүрлі факторларға байланысты белгілі бір нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің мынандай жағдайлар мен шарттар орындалғанда ғана тиімді қалыптасатынын және өмір сүруін дәлелдеп берді.

1. 3. Ұсыныс пен сұраныс теориялары

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды

Сұраныс заңы - тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы - бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7. 1. графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) - тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д) .

1. графигі .Сұраныстың қисығы: 1. графигі . Сұраныстың қисығы
2. графигі.Сұраныс қисығының жылжуы: 2. графигі. Сұраныс қисығының жылжуы
1. графигі .Сұраныстың қисығы: Р Р 1 А

Ро

В

D

Q 1 Qо Q

2. графигі.Сұраныс қисығының жылжуы: Р

D 1

D

Do

Q

1. графигі .Сұраныстың қисығы: Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді.
2. графигі.Сұраныс қисығының жылжуы: Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі, ол қисық сыздықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - жоғары (өсуі) ; солға - төменге (азаюы) .

Біз қандай да бір тауар рыногында қалыптасушы ситуацияны қарастырсақ, тауар бағасы мен сатылған (өткізілген) тауар саны арасында белгілі бір байланыс бар екенін оңай байқаймыз. Тауар бағасы төмен болған сайын сатып алушыар сатып алғысы келетін оның көлемі де көп болып, оған деген сұраныс жоғары болады. Мысалы, бағасы 60 теңге болғанда сатып алушылар Х игілігінің бір бөлігін ғана сатып алғысы келсе, бағасы 30 теңге болса - үш бірлікті, 20 теңге болғанда - 4 бірлікті және т. б. алғысы келеді. Баға мен сұраныс шамасыарасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп аталады

Cұраныс қызметі(demand function) -сұранысты оған әсер ететін әртүрлі факторларға байланысты анықтайтын қызмет. Оның ішінде ең маңыздысы осы кездегі игілік бірлігінің бағасы болып табылады. Баға төмен болған сайын сұраныстың жоғарғы және керсінше болады. Баға өзгеруі сұраныс

қисығы бойынша қозғалысты көрсетеді.

Экономикалық теорияда сұраныс қисығында тәуелсіз өзгерушіні (баға) тігінен, ал тәуелдіні (сұраныс) көлденен осьіне қою қабылданған.

Бейнеленген қисық белгілі бір уақыт кезіндегі баға жағдайы мен Х өнімнің сатып алынған көлемін сипаттайды. Одан теріс еңкеюді байқауға болады, бұл сатып алушылардың өз бағасы кезінде игіліктің көп санын сатып алғысы келетінін білдіреді. Жалпы түрі:

Qd=F(P) Q-сұраныс шамасы(demand) ; P-бағасы;

Ұсыныс - бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны.

Ұсыныс тарапынан рынокқа қалыптасушы жағдайды қарастырсақ,, ұсыныс шамасының бағаға тәуелділігі тікелей екенін байқау оңай, баға жоғары болған сайын, сатушылар ұсынуға дайын тауарлар саны көп болады. Мысалы, бағасы 20 теңге болғанда өндірушілер Х игілігінің тек 2 бірлігін, баға 30теңге болғанда төрт бірлікті, 50 теңге бағада алты Х игілігі бірлігін сатуға келіседі. Жалпы түрі:

Qs=f(P) Q-ұсыныс шамасы(supply) ; P-бағасы;

Ұсыныс заңы - бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Ұсыныстың қисығы - бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

Ұсыныс қызметі (supply function) ұсынысты түрлі факторлар әсеріне байланысты анықтайды. Біз анықтап алғанымыздай, осы уақыт ішіндегі игілік бірлігі бағасы маңыздылардың бірі болып табылады. Баға өзгеруі ұсыныс қисығы бойынша қозғалысты білдіреді.

ІІ. Ұсыныс пен сұраныстың әдіснамалық-тәжірибелік рольі

2. 1 Сұраныс, ұсыныс қисығы, олардың баға емес факторларының өзгеруі

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

Сұранысқа әсер ететін факторлар

Сұраныстың бағалық емес детерминанттары

Тұтынушылардың талғамы

Тұтынушылық күту

Тұтынушылардың табыстары

Алмастырғыштарға бағасы

Тауардың сапасы

Тұтынушылардың саны

Сұраныс

  1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
  2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.
  3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)
  4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі. Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.

Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.

  1. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және тапшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

Сатыпалушылық сұранысқа әсер ететін факторлар

Ұсыныстың баға емес факторлары

Ұсыныстың бағалық емес детерминанттары

Алмастыр ғыштарға бағасы

Тұтынушылық күту, болашақ тағы күтулер

Ұсыныс

Ресурстар бағасы

Салықтар мен дотация

лар

Өндіріс технология сы

Тауар өндіруші лердің саны

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.
  2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.
  3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.
  4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.
  5. Бәсекенің деңгейі
  6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі - ұсыныстың өсуіне әкеледі.
  7. Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

2. 2 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет етуі, рыноктық тепе-теңдік Рынокты дамыту барысында сатушылар мен сатып алушылардың өзара бейімделуі әске асырылады. Бұл кезде қажетті ақпараттың тез айырбасталуына көмектесетін бағалар маңызды рөл ойнайды. Олар айырбас шарттарын нарықтық экономикаға қатысушылардың бәрі үшін қарапайым, анық және стандартты жасайды. Тепе-Теңдік нүктесі Е-мен белгілейді (латынның Equilibrium сөзінен)

Тепе-теңдік нүктесінде Pe=Ps=Pd

Ондағы Pe - тепе-теғдік бағасы; Ps - ұсыныс бағасы, Pd - сұраныс бағасы;

3-графигі Тепе-теңдік баға және одан ауытқу: 3-графигі Тепе-теңдік баға және одан ауытқу
3-графигі Тепе-теңдік баға және одан ауытқу:

Р

Артықшылық S

Р 2

Е

P Е

Р 1 D

Тапшылық

Q Е Q

Бұл мынаны білдіреді: Qe=Qs=Qd Q=көлем

Тепе-теңдік баға- бәсеке күштер әрекеті нәтижесінде сұраныс пен ұсынысты теңестіруші баға. Тепе-тең бағаны құру -белгілі бір уақыт санын қажет ететін процесс. Жетілген бәсекежағдайында сұраныс бағасының ұсыныс бағасына, сұраныс көлемі мен ұсыныс көлеміне тезөзара бейімделуі жүреді. Тепе-теңдік орнау нәтижесінде тұтынушылар да, өндірушілер де ұтады.

4-графигі Cұраныс пен ұсыныс өзгерістерінің бағаларға әсер етуі

Р D’S DР2Е’EPЕР1DСаны:

Р D’

S D

Р 2

Е’

E

P Е

Р 1 D

Саны

РS’ SР2Е’PЕЕР1DСаны:

Р

S’ S

Р 2

Е’

P Е

Е

Р 1 D

Саны

Р D’S DР2Е’EPЕР1DСаны:
РS’ SР2Е’PЕЕР1DСаны:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы
Сұраныс заңы
Сұраным қисығының қисығы
Сұраныс және ұсыныс заңдары
Меншік ұғымы. Экономикалық жүйе. Сұраныс және ұсыныс икемділігі. Ақша жүйесінің даму кезеңдері. Бәсеке және оның модельдері
Тепе-теңдік баға және икемділік ұғымы
Сұраныс және ұсынысқа әсер ететін факторлар, сұраныс және ұсыныс заңы, өзара байланысы
Рынок механизмінің негізгі элементтерімен сұраныстың өзара байланысы
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Рынок механизмiнiң негiзгi элементi ретiндегi сұраныс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz