Инновация мәні,түрлері және қасиеттері



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1)Инновация мәні,түрлері және қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2)Инновациялық жобаларды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3)Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері ... ... ... ... ... ...10

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату. Инновация сөзін қазақтың "тапқырлық", "жаңалық" сөздерімен тең мағынада қолдануға рұқсат етіледі. Ағылшынша Innovation көбіне-көп ғылым техниалық тапқырлық пен жаңалық ашуды көрсетеді. Әрине инновацияның қазіргі мағынасы ауқымды, ол көбінесе адамның рухани белсенділі арқылы әуелде болмаған жаңа жоспарлау, жобалау, техника, мәдениет, сауда, және қоғамдық өмір салтын қалыптастыру, ал, тар мағынада тек жаратылыстану ғылымдары мен өндірістік техникада жаңа тапқырлық ашуды көрсетеді.
Инновацияны алдын ала мөлшерлеу қиын. Бірақ күнібұрын жоспарлап, ұйымдастырып, бейімдеп, белгілі бір саладан жаңалық ашуға жұмылдыруға болады. Әрине, кім қандай жаңалық ашады, қалай ашылады, ол көбінесе белгісіз болады. Ғылым-техникалық жаңалық көбінесе ғалымдардың жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді өзара тоғыстырып, күрделі талдау жасау және синтездеу жұмыстары арқылы ашылады. Ғылым дамыса техникалық жаңалықты әлеуеттендіреді, техника дамыса ғылыми жаңалыққа алғышарт әзірлейді. Ол ізденіс пен қолданудың байланысына қатысты, көп түрлі мүмкіндікті тоғыстыра қолданудың жемісі. Көптеген жаңалықтар кездейсоқ пайда болғаны белгілі. Бірақ заман дамыған сайын инновацияны арнайы жоспарлау, мол қаржыландыру, жүйелі ұйымдастыру күнтәртіпке еніп келе жатқан секілді.
Инновацияда үлкен тәуекелшілдік болады. Егер кәсіпорын, немесе кез келген мекеме, тіпті кез келген адам бір деңгейде тұрып алса, бір түрлі әдіспен қайталанудан жазбаса, онда ол көбінесе күйреуге беттейді. Өйткені бәсекелестер жаңа мүмкіндік, арзан тауар жасап шығарып, пайдалы орайларды өздеріне қарай бұрып әкетеді. Christensen бұны «инновация тығырығы» деп атаған. (The Innovator's Dilemma)Заманауи өзгерістің толассыз туылуына, және өзгеріс периоды уақытының қысқаруына орай өзгеріске қарсы шара ретінде инновация туралы ізденіс артты. Ақпарат технологиясының біртіндеп өзекті болуына орай әрбір адамды негіз еткен, әлеуметтік белсенділікті сахна еткен, ортақ жасампаздықпен шұғылдану мен жаңалық ашуды ерекшелік еткен инновациялық қоғам қалыптасу үстінде және ол осы салада табысты жұмыс жасаған халықтарға әлемнің дамыған елдері деңгейіне көтерілуге мүмкіндік берді.
Нағыз Байлық инновациядан алынады. Қанша мол табиғи байлық болса да, адам қанша көп болса да бәрібір, егер инновациялық ізденіс пен даму болмаса, ондай ел кедей, мешеу күйден шыға алмайды. Инновация жетелеген өндірістік даму қоғамдық байлық дамуының бірден-бір себебі екені тайға басылған таңбадай айқын. Инновацияның халықтар, елдер тағдырын белгілейтін өте маңызды тетік екеніне адамзат баласының көзі жетіп келеді.
1) В.Я.Горфинкель, Г.Б.Поляк, В.А.Швандар; «Предринимательство», «»Юнити», Москва, 2000
2)И.Т.Балабанов; «Инновационный менеджмент», «Питер», Санкт-Петербург, 2001
3)Фатхутдинов; «Производственный менеджмент», «Данков и К», 2002
4)А.Г.Кирьяков, В.А.Максимов; «Основы инновационного предриимательства», «Феникс», Ростов, 2002
5)Ахметов Қ.Ғ.; «Менеджмент негіздері», Алматы, 2003
6)Мейірбеков А.К.; Әлімбеков Қ.Э.; «Кәсіпорын экономикасы», Алматы, 2003
7)Зайцев Н.А.; «Экономика, организация и управление производством», Москва, 2000

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі

Әлеуметтік-гуманитарлық бөлімі

Оқу-танысу тәжірибеден өту
ЕСЕБІ

Студент:Оразбаева Динара
___ курс ___________ мамандығы
Тәжірибе жетекшісі: Тусаева Қ.Ұ

Атырау - 2015 жыл
Мазмұны

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1)Инновация мәні,түрлері және қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2)Инновациялық жобаларды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
3)Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері ... ... ... ... ... ...10

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13


Кіріспе
Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату. Инновация сөзін қазақтың "тапқырлық", "жаңалық" сөздерімен тең мағынада қолдануға рұқсат етіледі. Ағылшынша Innovation көбіне-көп ғылым техниалық тапқырлық пен жаңалық ашуды көрсетеді. Әрине инновацияның қазіргі мағынасы ауқымды, ол көбінесе адамның рухани белсенділі арқылы әуелде болмаған жаңа жоспарлау, жобалау, техника, мәдениет, сауда, және қоғамдық өмір салтын қалыптастыру, ал, тар мағынада тек жаратылыстану ғылымдары мен өндірістік техникада жаңа тапқырлық ашуды көрсетеді.
Инновацияны алдын ала мөлшерлеу қиын. Бірақ күнібұрын жоспарлап, ұйымдастырып, бейімдеп, белгілі бір саладан жаңалық ашуға жұмылдыруға болады. Әрине, кім қандай жаңалық ашады, қалай ашылады, ол көбінесе белгісіз болады. Ғылым-техникалық жаңалық көбінесе ғалымдардың жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді өзара тоғыстырып, күрделі талдау жасау және синтездеу жұмыстары арқылы ашылады. Ғылым дамыса техникалық жаңалықты әлеуеттендіреді, техника дамыса ғылыми жаңалыққа алғышарт әзірлейді. Ол ізденіс пен қолданудың байланысына қатысты, көп түрлі мүмкіндікті тоғыстыра қолданудың жемісі. Көптеген жаңалықтар кездейсоқ пайда болғаны белгілі. Бірақ заман дамыған сайын инновацияны арнайы жоспарлау, мол қаржыландыру, жүйелі ұйымдастыру күнтәртіпке еніп келе жатқан секілді.
Инновацияда үлкен тәуекелшілдік болады. Егер кәсіпорын, немесе кез келген мекеме, тіпті кез келген адам бір деңгейде тұрып алса, бір түрлі әдіспен қайталанудан жазбаса, онда ол көбінесе күйреуге беттейді. Өйткені бәсекелестер жаңа мүмкіндік, арзан тауар жасап шығарып, пайдалы орайларды өздеріне қарай бұрып әкетеді. Christensen бұны инновация тығырығы деп атаған. (The Innovator's Dilemma)Заманауи өзгерістің толассыз туылуына, және өзгеріс периоды уақытының қысқаруына орай өзгеріске қарсы шара ретінде инновация туралы ізденіс артты. Ақпарат технологиясының біртіндеп өзекті болуына орай әрбір адамды негіз еткен, әлеуметтік белсенділікті сахна еткен, ортақ жасампаздықпен шұғылдану мен жаңалық ашуды ерекшелік еткен инновациялық қоғам қалыптасу үстінде және ол осы салада табысты жұмыс жасаған халықтарға әлемнің дамыған елдері деңгейіне көтерілуге мүмкіндік берді.
Нағыз Байлық инновациядан алынады. Қанша мол табиғи байлық болса да, адам қанша көп болса да бәрібір, егер инновациялық ізденіс пен даму болмаса, ондай ел кедей, мешеу күйден шыға алмайды. Инновация жетелеген өндірістік даму қоғамдық байлық дамуының бірден-бір себебі екені тайға басылған таңбадай айқын. Инновацияның халықтар, елдер тағдырын белгілейтін өте маңызды тетік екеніне адамзат баласының көзі жетіп келеді.
Инновацияның болуы бір мәселе болса, оның өндіріске, тұрмысқа қатысып, кірісіп, өндіріс пен тұрмыста өзгеріс тудыра алуы тағы бір мәселе. Кей елдердің, мысалы Қазақстанның инновациялық жасампаздық қуаты жоғары болғанымен, советтен қалған жүйенің шектемесінде, белсенділіктің тапшылығында, өмірдің жансыздығында көптеген жақсы жаңалықтар мида тозып, ауызда тозып, кітаптар арасында тозып, сөреде тозып қалып жататыны жасырын емес. Бұл инновацияға ден қоюды, оны тұрмысқа, өндіріске бағыттауды негізгі міндет етпесе, халықтың миы алтын болса да онысы олардың тұрмыс деңгейін көтеруге септеспейтінін көрсетеді.
Қарапайым мағынада айтсақ, егер әлдебір өзгертулер, тапқырлықтар, жаңалықтар қоғамда жалпы қолданыла бастаса, онда ол жаңалық ашудың шындап толық іске асқанын көрсетеді. Көптеген салаларда заттар мен әдістерге жасалған жаңалық өмірде белгілі бір мағынаға ие болса, ол өмірдің көптеген салаларында өзгерістерге ықпал ете бастайды. Әсіресе өнердегі, экономикадағы, сауда мен саясаттағы өзгерістердің халық пен елге тиімділері инновация есептеледі. Экономиканы алсақ, инновация экономикалық өсімді туғызады, заттың құнын арттырып, бағасын түсіруге көмектеседі, еңбек күштерінің сырап болмауына көмектеседі, қаражат, материал үнемдейді, жұмыс тәртібін жақсартады, уақыт шығынын азайтады.
Инновацияның мақсаты белсенді өзгерістерге таяр болу, тіпті де жақсысын жасап шығуға белсену. Ол өмірді кедейлік пен мешеуліктен құтқару үшін жасалған адам белсенділігінің ең жоғары көрінісі. Инновация мұнда жаңа ой, жаңа зат, ол бір жаңалық жасау барысы, ол бір өндіру мен қызмет көрсету салаларының сапасының жаңа деңгейге көтерілуі, санының артуы.

1)Инновация мәні,түрлері және қасиеттері
Әлемдік даму үрдісі қазіргі ғылыми-техникалық серпілісті түбегейлі жаңа даму деңгейіне шығаруға себепші болып отыр. 90-шы жылдардың басында экономикалық даму парадигмасы өзгереді де, батыстың алдыңғы қатарлы шаруашылық іс-әрекеттің материалдық емес саласын жеделдетіп дамуымен ерекшеленетін Жаңа экономикасы көшті. Жаңа экономика аясында шынайы түрде білімге, яғни экономикалық өркендеудің жаңа сапалық түрін қамтамасыз етуші жаңартулар мен инновацияға негізделген нарықтың жаңа шаруашылық субъектілері құрылды.
Қазіргі уақытта технология, құрал-жабдықтар, кадр даярлау, өндірісті ұйымдастыру сипатында іске асқан жаңа білім үлесіне экономикасы дамыған елдерде жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өсімінің 70-тен 84 пайызына келді. Жаңадан қалыптасқан жағдайда кәсіпорын акционерлеріне негізгі құнды қарайтын дәл осы зияткерлік капитал, ал оның маңызды құраушылары нарықтық бағалау мен беделге ие болып отыр. Экономиканың инновациялық белсенділігі басым сипатқа ие болуда, бұл өз кезегінде, кәсіпорындардың өз статегиясын түбегейлі өзгертуіне, жаңа бәсекелестік ортада және тіршілік етудің негізі ретінде зяткерлік түрде арттыруға жетелейді.
Жаңалық, жаңарту және инновация. Ғылыми - техникалық серпіліс заңдылықтарының мәселесі, әсіресе, негізгі ұғым түсініктер бойынша пікірталас турырады. Сонымен, кейбір авторлардың пікірінше, жаңалық, жаңарту және инновация ұғымдары синоним болып табылады және ол ғылыми техникалық серпілістің нәтижесін білдіреді деп түсіндіріледі. Екінші пікір бойынша, бұл ұғымдардың арасында белгілі бір айырмашылықтары бар деп көрсетіледі. Егер жаңалық деп жаңа әдіс, өнер табыс және жаңалық табуды айтатын болсақ, ал осы жаңалықты іс жүзінде пайдалану жаңарту деген ұғымды білдіреді.
Жаңалық бұл қандай да бір іс-әрекет аясында жүргізілген іргетасты, қолданбалы зерттеулер мен талдамалардың рәсімделген нәтижесі және ол осы іс-әрекеттің ғылыми-әрі техника жетістіктерін тәжірибелі, нарықтық тұрғыда пайдаланудың аралық қорытындысы болып табылады. Жаңалық нарықта тұтынылатын жаңа өнімге айналған соң, соңғысы жаңарту болады. Осылайша, қазіргі заманғы инновация теориясында Жаңарту және инновация терминдерін бір-бірінен ерекшелеп бөлмейді, олар - синоним сөздер. Егер жаңартудеп жаңалықтың алғашқы рет қолдануын айтатын болсақ, инновация деп жаңалықты жаппай қолдануға кірістіруді айтамыз.
Заңнама бойынша инновация нарықта сатылатын жаңа немесе жетілдірілген өнім, іс жүзінде пайдаланатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдіріс түріндегі ең соңғы нәтижесі. Алайда кез-келген жаңарту серпіліске әкеле бермейді. Ол орынды түрде таралған жағдайда ғана бұл жаңалықтың қоғамдық өндіріс пен даму үшін инновациялық мәні бар деп айтуға болады. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде де инновацияға ғылыми техникалық серпілістің жаңа өнімдер мен технологияларда шынайы көрініс тапқан түрленуі деген анықтама берлуі де кездейсоқ емес.
Инновацияның ерекше мазмұнын өзгертулер құрайды, ал инновациялық іс-әрекеттің басты функциясы-өзгерту функциясы болып табылады. Австрия ғылымы Й. Шумпетер 1911 жылы бес түрлі өзгертулерді бөліп көрсеткен:
1) Жаңа техника, жаңа технологиялық үдерістерді пайдалану немесе өндірісті жаңадан нарықтық қамсыздандыру (сатып алу-сату)
2) Жаңа қасиеттері бар өнімді өндіру
3) Жаңа шикізат түрін пайдалану
4) Техникалық қамсыздандыруды ұйымдастырудағы өзгерістер
5) Өнімді сатуда жаңа нарықтың пайда болуы
Кейінірек, 1930 жылдары, ол инновация тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және көлік құралдарын, жаңа нарықтар мен өнеркәсіпті ұйымдастырудың жаңа түрін ендіру мен пайдалану мақсатында жасалған өзгерістер деген ұғымды енгізеді.
Мұндай көзқарасқа халықаралық стандарттарға негізделген нарықтық экономика жағдайында инновацияның жүйелік суреттеу әдістемелігі де сәйкес келеді. Ол бойынша инновациялық іс-әрекеті деп идеяларды ұластыру және оны жүзеге асырумен байланысты іс-әрекет түрі деп түсіндіріледі:
1) Жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдерістерде
2) Нарықта ендірілген технологиялық жаңа немесе жетілдірілген тауарлар мен қызметтерде
Іс жүзінде пайдаланылған өндіріс тәсілдері мен оны жүзеге асырумен байланысты іс-әрекет түрі деп түсіндіріледі:
1) Жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдерістерде
2) Нарықта ендірілген технологиялық жаңа немесе жетілдірілген тауарлар мен қызметтерде
3) Іс жүзінде пайдаланылған өндіріс тәсілдері мен оны ұйымдастыру түрінде
Сонымен инновация бұл бір мезгілде екі бірдей әлемнің атап айтқанда техника әлемі мен бизнес әлемінің көрініс табуы. Өзгеріс тек технология деңгейінде қатысты болғандаШумпетер оны өнертабыс деп, ал өзгертуге бизнес араласса, онда ол инновация болып табылады дейді.
Қазіргі таңда кез-келген бір кәсіпорынның немесе фирманың инновацияға деген көзқарасы өте маңызды болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді. Жалпы инновациялық қызмет ролінің маңыздылығын талдау мақсатында инвестицияның берген анықтамасы мен оның механизмін зерттеу болып табылады. Мұның ішінде келесі талдау бағыттары қарастырылады:
-- мәселелердің негізделген құрылымдық идеясын талдау;
-- ұйымның рационалды құрылымын талдау;
-- ұйым басшысының инновациялық жоба басшылығын, олардың командаларының кәсіби шеберлігін талдау;
-- ұйымның ақпараттық қамтамасыз сапасын талдау;
-- ғылыми тұрғыда келу және қазіргі менеджмент әдістерін жобалауда қолданылатын сәйкестікті талдау;
-- ұйымның бәсекелестік мүмкіндігін қолдануды талдау;
-- инновация және жаңалық портфелі құрылымын талдау (сатып алынатын жаңалық, ұйымға ендіруге арналған жаңалық, жинақтауға арналған жаңалық, жеке жасалған жаңалық, сатуға арналған жаңалық);
-- жоба экспертизасының сапасын талдау;
-- ұйымның инновациялық қызмет тиімділігінің есеп көрсеткішінің сапсаын талдау;
-- инновациялық қызметтің ынталандыру жүйесін талдау;
Ұйымның инновациялық қызмет тиімділігін, рөлін талдауды келесі принциптерді сақтай отырып іс-жүзіне асыру керек:
-- диалектика (жүйелікпен келу, динамикалықпен келу). Қажеттілік және кездейсоқтық ашу принципі, бірлік және қарама-қарсылықты күрес принципі, өту принципі, жоқты жоққа шығару принципі;
-- талдау мен жинақтау бірлігі;
-- ранжирлеу;
-- баламалы нұсқаулардың сәйкестігін қамтамасыз ету;
-- оперативтілік;
-- сандық анықтамалылығы және т.б.
Талдау әдістері: салыстыру, балансты, индексті, факторлық және т.б.
Инновация бұл - экономикалық категория. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновацияның мәні, мақсаты, түрлері
Инновация түсінігі және инновациялық саясат
Инновацияның мәні, түрлері және қасиеттері
Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің ерекшеліктерін талдау
Жаңа енгізілген немесе инновация - тұтас процесс
Қазақстан Республикасының ақпараттық қызмет саласындағы компанияларда инновациялық маркетингті дамыту үшін теориялық-әдістемелік және практикалық ұсыныстар
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері мамандықтарына арналған пәнінің оқу- әдістемелік кешені
Қазақстан республикасындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру
Педагогикалық тәжірибе және инновация
Инновациялық маркетингтің басқару
Пәндер