Қазақстан Республикасының банктерінің қызметтерін және дамуын талдау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе . . . 3

1 Банк қызметінің теориялық негізі . . . 5

  1. Банктің даму тарихы . . . 5
  2. Банк жүйесінің құрылымы мен қызметтері . . . 8
  3. Коммерциялық банктердің жүргізетін операцияларға қойылатын жалпы талаптар . . . 13

2 Қазақстан Республикасының банктерінің қызметтерін және дамуын талдау . . . 16

2. 1 ҚР Орталық банк және оның қызметтерін талдау . . . 16

2. 2 Коммерциялық банктердің қызметтерін талдау . . . 22

3 Қазақстан Республикасындағы банктерінің қызметтерін жетілдіру жолдары . . . 28

3. 1 Қазақстан Республикасындағы банк қызметтеріндегі проблемалар және жетілдіру жолдары . . . 28

3. 2 Банктердің операциялар перспективалары мен мәселелерi . . . 31

3. 3 Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары және қаржы секторын тұрақтандыру . . . 33

Қорытынды . . . 41

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 42

Қосымша . . . 43

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.

Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.

Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.

Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің тапсырмасы бойынша маркетингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық, консультациялық, қор және т. б. жүргізеді.

Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер рөлін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.

Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп, барлық тақырыпшаларға жеке - жеке тоқталып, ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары - біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.

Курстық жұмыстың мақсаты - банк қызметінің және банк жүйесінің дамуына сипаттама бере отырып, Қазастан Республикасы банктерінің қызметтерін талдап және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталу болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Банк қызметінің теориялық негізіне тоқталу;
  • Банктің даму тарихына тоқталу;
  • Банк жүйесінің құрылымы мен қызметтерін қарастыру;
  • Коммерциялық банктердің жүргізетін операцияларға қойылатын жалпы талаптармен танысу;
  1. Қазақстан Республикасының банктердің қызметтерің және дамуын талдау;
  • ҚР орталық банк және оның қызметтерің талдау;
  • Коммерциялық банктердің қызметтерін талдау;
  1. Қазақстан Республикасындағы банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарастыру;
  • Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі проблемалар және жетілдіру жолдарын қарастыру;
  • Банктердің операциялар перспективалары мен мәселелерi талдау;
  • Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары және қаржы секторын тұрақтандыру.

Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі - Қазақстан Республикасындағы банктер болып табылады.

Ақпараттық негіздері. Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық басылымдар мен журналдар, газеттер, ресми сайттар, шетелдік және отандық әдебиеттер ақпараттары қолданылды.

1 Банк қызметінің теориялық негізі

1. 1 Банктің даму тарихы

Банктер несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Себебi банк мемлекетпен кәсiпорындардың, Акционерлiк Қоғамның және шаруашылық субъектiлердiң халықтың бос ақшасын шоғырландырып iс жүзiндегi капиталға айналдырады. Осы айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т. б. операцияны жүргiзедi. Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай ақ олардың қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған [1, 24б. ] .

Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банкттер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) ХIV-ХV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді. XVI-XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер клиенттер арасында қолма қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін Жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді [1, 32б. ] . Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында, пайда болған деп атайды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктегі төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғанын айтады. Дегенмен осы деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мыңжылдық тарихы бар екендігін айтуға болады [1, 33б. ] . Банк итальян сөзiнен Bank - орындық мағынада “Айырбас орындағы-Айырбас орны” дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орны тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың жекелеген тұлғалардың әртүрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олардың сауда саттық барысында әртүрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болар алдында ақша сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларын айырбастуға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар біртіндеп, банкирлерге айналды. Біздің түсінігімізше банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығы ескеріліп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі [2, 205б. ] . Тарихшылардың пайымдауынша алғашқы банктік операцияларды жекелеген тұлғалар және қолында ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері жүргізген екен. Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары әйгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфес) ақша сақтаумен айналысқан. Эфестегі Артемида шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфада Аполлон шіркеуіне барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты. Сөйтіп, алғашқы банктер жинақталған ақша қаражаттарын қозғалыссыз жатуға болмайтындығын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді. Банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар, салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Алғашқы акционерлік банк Ағылшын банкі 1964 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды. Мұның өзі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышарттарын ғана сипаттайды [3, 10б. ] . Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме» ретінде сипатталады. Несиелік істің даму денгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналдыру нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиентінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналды. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын яғни мемлекеттің құрылу кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандықтан тарих куә. Ежелгі Римде нормалар болған, ол нормаларға сәйкес б. э. д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қана қоймай, сондай ақ жер бөлімшелерін сатып алу сату, және басқа да операцияларды орындаған. Жоғарыдағыларды ескере отырып біз банктердің жалпы операциялары мен қызметтерінің банктердің дамуына тоқталдық. Енді Қазақстанда банктердің дамуына келетін болсақ, Қазақстанда банк жүйесінің дамуы келесі кезеңдерден тұрды: Бірінші кезең: 1917 ж. мен 1930 жылдар аралығында патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді. Екінші кезең: 1930 жылдар мен 1987 жылдар аралығы елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебап қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті. Үшінші кезең: 1988-1991 жылдар аралығында елде мемлекеттік мамандандырылған банктердің құрылуы, яғни КСРО мемлекеттік банкі банктердің банкісі ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және тағы басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылы басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады. Төртінші кезең: 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі денгейлі банк жүйесінің пайда болуы және дамуы. Осы кезеңдерді сипаттаманы келесі кестеден көруімізге болады. 1-ші кесте-Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері
1930 жылға дейінгі банк жүйесі
1930-1987 жылдар (одақтық бір денгейлі банк жүйесі)
1988-1990 жылдар (одақтық бірденгейлі маманданған банктер жүйесі)
1991 жылдан бастап (дербес екі денгейі банк жүйесі)
1930 жылға дейінгі банк жүйесі: Ресей Мемлекеттік банкі және көптеген несие банк мекемелері
1930-1987 жылдар (одақтық бір денгейлі банк жүйесі): 1) КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО мемлекеттік еңбек жинақ кассалары жүйесі) . 2) КСРО Мемлекеттік Құрылыс банкі. 3) КСРО Сыртқы сауда банкі.
1988-1990 жылдар (одақтық бірденгейлі маманданған банктер жүйесі): 1) Банк жүйесін қайта ұйымдастыру: КСРО Мем-банкі және мамандандырылған банктер: КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп банкі, КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкі. КСРО Жинақ банкі. КСРО Сыртқы экономика банкі. 2) Жаңадан кооперативтік және коммерциялық банктердің құрылуы
1991 жылдан бастап (дербес екі денгейі банк жүйесі): Егемен Қазақстанда өзінің банк жүйесінің құрылуы. Екі денгейлі банк жүйесі Ұлттық банк және коммерциялық банктер.
1930 жылға дейінгі банк жүйесі: Ескерту: автормен құрастырылған
Қазіргі уақытта экономикасы нарықтық типпен дамыған мемлекеттердің барлығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Оның бірінші денгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже шығару, рұқсат ету тағы басқа қызметтер, ал екінші денгейіне клиентерге қызмет көрсету негізделген. Бұл елдердің тәжірибесі дәлелдегендей олардың барлық жүйесі ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған. Банктерді эмиссиялық және коммерциялық деп бөлу Қазақстан мемлекетінің жаңа экономикалық механизімін құруға септігін тигізеді [4, 26б. ] . 1. 2 Банк жүйесінің құрылымы мен қызметтері Қазақстан Республикасындағы «Банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы заңда «Қазақстан Республикасының екі денгейлі банк жүйесі бар» делінген. ҚР Ұлттық банк -мемлекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші денгейіндегі) банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші) денгейіндегі банктер делінген. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде [6, 3б. ] . Олардың ішінде: Мемлекеттік банк - үкімет қаулысымен құрылған екінші денгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет. Инвестициялық банк - негізінен тікелей және портфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші енгейлі банк. Шетелдік қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы: а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;
б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;
в) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк [2, 214б. ] .
Банктің кеңесі: Банк мүшелерін қызметке бекітіп және одан босатады; Жиналыста қаралатын мәселелер жөнінде акционер жиналысына ұсыныс жасайды; Несие берудің негізгі жағдайларын анықтайды; Өз филиалдарының құқықтық мәселелерін шешеді; Банктің экономикалық нормативтері мен дамыту үшін қажет; Шығындар мөлшерін бекітеді; Басқарма жұмысын бақылайды; Банктің басқармасы: Күнбе-күнгі оперативті жұмсалымдарды ұйымдастырып, акционерлер жиналысының және банк Кеңесінің шешімінің орындалуын қамтамасыз етеді; Филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді; Кадрларды таңдау, әзірлеу және пайдалану мәселелерін шешеді; Өзінің ережесіне сәйкес банк қызметінің басқа да мәселелерін шешеді; Әрқайсысы белгілі бір міндеттер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады. Оның түрлері 2 -ші кестеде көрсетілген; 2-ші кесте-Банк бөлімшелерінің түрлері
Бөлімшелердің түрлері
№: 1
Бөлімшелердің түрлері: Несие басқармасы
№: 2
Бөлімшелердің түрлері: Валюта басқармасы
№: 3
Бөлімшелердің түрлері: Депозиттік операциялар басқармасы
№: 4
Бөлімшелердің түрлері: Қор бөлімі
№: 5
Бөлімшелердің түрлері: Есептеу-кассалық басқармасы
№: 6
Бөлімшелердің түрлері: Банктің филиалы
№: 7
Бөлімшелердің түрлері: Банктің өкілдігі
№: 8
Бөлімшелердің түрлері: Есеп айырысу-касса бөлімі
№: 9
Бөлімшелердің түрлері: Талдау және статистика
№: 10
Бөлімшелердің түрлері: Кадрлар
№: 11
Бөлімшелердің түрлері: Әкімшілік-шаруашылық бөлімі
№: 12
Бөлімшелердің түрлері: Тексеру бөлімі
№: 13
Бөлімшелердің түрлері: ЭЕМ енгізу және қолдану
№: 14
Бөлімшелердің түрлері: Маркетинг басқармасы
№: Ескерту: автормен құрастырылған
Банктің ішкі ережелеріне төмендегідей мәліметтер болуы шарт: бөлімшелердің құрылымы, міндеттері, қызметі мен өкілеттілігі, ішкі аудит қызметінің, несие комитеті мен басқа да органдардың құрылымы, міндеттері, қызметі, мен өкілеттілігі, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері [10, 49б. ] .

Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.

Банктік емес несие қаржы мекемелері ҚР Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банктік емес заңды тұлғалар.

Негізі банк - бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым.

Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi.

Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады [6, 1б. ] .

Коммерциялық банктер - кәсіпорындармен ұйымдарға, сондай ақ халыққа тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банктік емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты неғұрлым жоғарғы пайда табу. Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік операциялар жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Алғашқыда ол (мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе құрылтайшылардың жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің құрылтайшылары мен акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық акционерлік қоғам түріндегі банктің акциясын төлеуге оның несиеге алған, кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайшыларға бірдей құнмен, яғни акцияның көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің оның құрылтайы қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының елу процентін акционерлері банк тіркеуден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен бастап бір жыл ішінде түгел төлеуі қажет. Жарғылық қорды молайту екі жолмен жүргізіледі: біріншіден, қосымша акцияларды шығару, оның ішінде банктің пайдасын капиталдандыру және банктің облигациясын оның акциясына айырбастау есебінен [9, 64б. ] .

Жалпы банктердің қызметтері:

- уақытша бос ақша қаражаттарын тарту жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;

- кәсiпорындарға мемлекетке жеке тұлғаға несие беру, бағалы қағазбен операция жүргiзу;

- ақша айналымын реттеу; - айналымға несие құралын шығару; - экономикалық, қаржылық кеңес беру; - эмиссиялық қызмет атқару. Банк өзiнiң жарғысы бар толық шаруашылық есеп және өзiн-өзi қаржыландыру негiзiнде қызмет жасайтын заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттiк банк осы заң бойынша қызмет атқарып жоғарғы кеңесiне есеп бередi. ҚР заңына сай мемлекеттiк банк деп капиталы толығынан үкiмет иелiгiнде немесе акционерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi. Коммерциялық банктер ол өздерiнiң акционерлер жиналысында қабылданған жарғысы бойынша қызмет iстейдi. Екіншіден акцияның көрсетілген құнын өсіру жолымен.

Банктің жоғары басқарушы органы акционерлердің жалпы жиналысы, оның ағымдағы қызметін банктің басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы қызметкерлері болып, қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері, Басқарманың төрағасы және оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері мен олардың орынбасарлары саналады. Банктің заңға сәйкес банктің Басқармасының төрағасы және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке ҚР Ұлттық банктің келісімімен тағайындалады. Әдетте олардың банк жүйесіндегі төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың орынбасарлары екі жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қызметкерлер ҚР Ұлттық банктің келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы жоқ.

Акционерлердің жиналысы кезекті және кезектен тыс болып бөлінеді. Кезекті жиналыс жылма жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін бір айдан аспай шақырылуы керек, ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың, қадағалау кеңесінің, Тексеру комиссиясының талабы бойынша шақырылады.

Банктің Ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндетер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады.

Жалпы кез келген банктің ұйымдық құрылымы банктік операцияларды атқаратын міндеттерін ескеріп қалыптасады [1, 240б. ] .

Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банкілердің осы бапта белгіленген өзге де операцияларды жүргізуі банк қызметі болып табылады.

Банк операцияларына мыналар жатады:

а) заңды тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР ислам банктерінің операциялары мен қызмет ету принцптері
Қазақстан Республикасында банк қызметтерін ұйымдастыру
Екшінші деңгейлі банктердің халықаралық қарым-қатынасын дамыту
Банктік маркетингтің теориялық аспектілері
Қазақстандық коммерциялық банктерінің банктік несилерінің ел экономикасының негізігі салаларын несиелеу
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банк ретінде
Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы жағдайы
Банктік маркетинг жайлы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптастыруы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі банктік маркетинг
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz