Әлемдегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыс жағдайын талдау


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Халық тұрғындарын әлеуметтік қорғау, соның ішінде мүгедектермен әлеуметтік жұмыс, дүниежүзіндегі дамыған елдердің ішкі саясатындағы басымдық саласына айналды.

Адамзаттың әлеуметтік-адами «есеқой» барысында, мүгедектерге қатысты қоғамдық пікір мен көзқарастар үнемі өзгеріс үстінде болады.

Бүгінде қоғам мүгедектер проблемасын тек бір ғана топтық маңызды емес, бүкіл қоғамдық, әмбебаптық маңызы бар проблема деп қарастырады.

Қоғамдық ойдың мұндай өзгеріске әсер еткен себептер:

  • қоғамның әлеуметтік жағынан деңгейінің көтерілуі, материалдық-техникалық және экономикалық мүмкіндіктерінің өсуі;
  • адамзат өркениетінің интенсивті дамуының көтерілуі және адам ресурстарын пайдалану;

Мүгедекті тарихы, әлеуметтік және социомәдени зерттеулер оның көп жағдайда қоғамнан туындайтындығы туралы қорытынды шығарды.

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мүгедекетердің арасындағы әлеуметтік жұмыстың салыстырламалы талдауын өткізу және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің әлеуметтік жұмысын жетілдіру үшін ұсыныстар дайындау.

Міндеттер :

- шетелдегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыс бойынша әдебиеттер көзінің теоеретикалық талдауын жасау;

- Қазақстан Республикасының мүгедектермен әлеуметтік жұмысы бойынша теоертикалық және тәжірибелік салыстырмалы талдау жүргізу;

- Қазақстан Республикасының мүгедектермен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

«Мүгедек» термині латын түбірі valid дегеннен шығады (толыққанды, іске жарамды), ал тікелей аудармасында «жарамайтын», «толыққанды емес» дегенді білдіреді.

Мүгедектіктің түрлері. Мүгедектерге қатысты әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері:

Мүгедектіктің түрлерін бірқатар негіздеулер арқылы талдауға болады.

Жасына қарай:

  • мүгедек-балалар және мүгедек-еркектер;

Мүгедектіктің пайда болуына байланысты:

  • соғыс, еңбек, жалпы ауру бойынша т. б. мүгедектер.

Қозғалуға қабілеті болуы жағынан:

  • мобильді, азмобильді және қозғалмайтындар.

Еңбекке жарамдылық деңгейі бойынша:

  • еңбекке жарамды, еңбекке жарамдылығы шектеулі және уақытша еңбекке жарамсыз, еңбекке жарамайтындар.

Осындай бөлшектеуге сәйкес адамдардың осы топтарының мүддесін қорғауға бағытталған әлеуметтік саясат жасақталады.

Әлеуметтік саясатты іске асырудың негізгі принциптері:

  1. Әлеуметтік әріптестік принципі.
  2. Әлеуметтік бірлік принципі.
  3. Қатысу принципі.
  4. Әлеуметтік компенсация принципі.
  5. Мемлекеттік және қоғамдық кепілдіктер принципі.

Мүгедектермен әлеуметтік жұмыстың негізгі мақсаттары:

  • адамның дәрменсіздік күйінен шығару;
  • өмір сүрудің жаңа жағдайларына үйренуге, бейімделуіне көмектесу;
  • адамға жоғалтып алған мүмкіндіктері мен функцияларын қалпына келтіру.

Көрсетілген мақсаттар әлеуметтік технологияларды белгілейді.

Біріншіден, бұл әлеуметтік реабилитациялар технологиясы, адамды мүмкіндігінше толық, қалыпты және белсенді өмірге қайтару.

Мүмкіндіктерді әлеуметтік реабилитациялау жүйесі мынадай түрлерін қамтиды: медициналық-әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби және тұрмыстық.

Екіншіден, ол әлеуметтік қамтамасыз ету технологииясы.

Әлеуметтік қамтамасыз ету технологиясы мынадай элементтерден тұрады:

  • сәйкестелінген нормативті-құқылық базасын қалыптастыру;
  • мүгедектерді әлеуметтік қамтамасыз етуді міндеттейтін ұйымдар мен мекемелерді белгілеу;
  • төленетін ақылардың және олардың жүйелі түрде іске асырудың тәртібін белгілеу;
  • мүгедектердің қалыпты өмір сүруіне қажетті жабдықтармен (коляскалар, протездер, автокөліктер т. б. ) қамтамасыз ету;
  • жүйелі түрде қажетті медициналық көмекті ұйымдастыру және іске асыру.

Үшіншіден, ол әлеуметтік қызмет көрсету технологиясы, яғни мүгедектің әртүрлі әлеуметтік қызметтері жағынан қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

Зерттеу объектісі : Қазақстан Республикасында және шет елдегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыстың теоретикалық және тәжірибелік бағыттары.

Зерттеу пәні : мүгедектермен әлеуметтік жұмыс.

Болжам : Қазақстан Республикасының және шетелдегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыстың салыстырмалы талдауы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Мүгедектер құқығы жайлы» Конвенцияны ратификациялау бойынша дайындық шаралары жоспарын құрастырды.

Теоретикалық мәні : Қазақстан Республикасында және шетелдегі мүгедектермен әлеуметтік жұмысты салыстырмалы талдауы.

Практикалық мәні : Қазақстан Республикасындағы мүгедектермен әлеуметтік жұмысты дамыту үшін жасалған ұсыныстар жетілдіреді.

Әлеуметтік болжамның көрсетуінше, болашақ адамзаттық перспективалар әлеуметтік күтімді қажет ететіндігін көрсетеді. Сондықтан, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, соның ішінде мүгедекермен әлеуметтік жұмыс, әлем елдерінің ішкі саясатының приоритеті болып табылады.

Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс жүйесін үнемі жетілдіріп отыру- әлеуметтік дамудың маңызды міндеттерінің бірі.

Адамзаттықтың техникалық және технологиялық дамуы, экологиялық мәселелердің ушығуы, медициналық қызмет жүйесінің жетілуі - қоғамда мүгедектіктің санының қоғамда өсуіне әкеледі.

Қоғамдық дамудың қазіргі заманғы кезеңінде мүгедектік әлеуметтік жалғыздықтың негізі бола аламайтындығын білеміз.

Қазіргі күні қоғамда үнемі әлеуметтік реинтеграциясы бойынша тиімді жұмыс қажеттігін көрсетуде.

Қоғам мүгедектердің мәселесін әлеуметтік мәнді мәселе ретінде қарастыруда.

Қазіргі күні, БҰҰ денсаулық сақтау ұйымдарының эксперттерінің бағалауы бойынша мүгедектер барлық әлем тұрғындарының 10 -13% құрайды.

Мүгедектікті тарихи, медициналық- әлеуметтік және әлеуметтік мәдени зерттеулер бойынша мүгедектік көп жағдайда қоғамның негізінде пайда болады.

Қазіргі заманғы мүгедектіктің маңызды себептері мен факторлары болып:

- кедейлік;

- денсаулық сақтауды дамытудың төменгі деңгейі;

- еңбектің зиянды және қауіпті жағдайы;

- әлеуметтенудің жағымсыз өтуі;

- қарама-қайшы нормалар мен құндылықтар және басқалар.

Мүгедектікті тудырушы әлеуметтік себеп, әлеуметтік бөгет мүгедектердің қоғам өміріне толық және белсенді қатыса алмауы.

Осы айтылғандарды ескере отырып, мүгедектермен әлеуметтік жұмыстың негізгі мақсатын келесідегідей айтуға болады: мүгедектіктің әлеуметтік бөгеттерін жою, маргиналдылықты және аутобіртектілікті жеңу және бөгетсіз әлеуметтік ортаны қалыптастыру.

I . ӘЛЕМДЕГІ МҮГЕДЕКТЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.

  1. Мүгедектер құқығы мен еркіндігі аймағындағы шетел заңнамасына шолу.

Мүгедектігі бар азаматтар қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға бірдей құқығы бар. Бірдей құқықтар табиғи, психологиялық, сенсорлық, мәдениеттік, заңдылық және басқа да тосқауылдарға байланысты шектелген мүмкіндіктерді түзететін әлеуметтік қызметтің жүйесімен қамтамасыз етілуі керек. Осы тосқауылдар қоғамның басқа да мүшелері сияқты негіздермен мүгедектің қоғамға интеграциялануына мүмкіндік бермейді. Мүгедектік - бұл тек қана медициналық проблема емес, бәрінен бұрын ол - бірдей емес мүмкіндіктер қорытылған әлеуметтік проблема.

Қоғам олардың тәуелсіз өмір сүру үшін, қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болуға адамның табиғи құқына ие болуға және тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, көлікке, коммуникация құралдарына, еңбекке және білім беруге қол жеткізу еркіндігі мен таңдау еркіндігі бар стандарттарды өте мұқтажды мүгедектігі бар адамдарға икемдеуге міндетті.

Қазақстанда мүгедектік проблемаларын халықаралық нормаларға сәйкес айқындау және шешу тәсілдерінде түбегейлі өзгерістер жүрып жатыр. Қазіргі кезде еңбек ету қабілеті төмендеген немесе жоғалған адамдар ғана емес, сонымен қатар тіршілік әрекетінің басқа да шектелулері (өзіне өзі қызмет ету, жүріп-тұру, адамдармен қарым-қатынас жасау, бағдарлану, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқыту) бар адамдар да мүгедек деп танылады

Халықаралық қоғамдастық мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелеріне жақында ғана назар аударды. 70-жылдардың аяғына дейін арнаулы қорғау шараларынсыз мүгедектердің барлық негізгі құқықтарын мойындау тұжырымдамасы басты орын алды. Адам құқықтары туралы халықаралық биллде жария етілген адамгершілік қадір-қасиетті кемсітпеу және құрметтеу қағидаттары мүгедектер үшін жеткілікті деп саналды. Алайда мүгедектік проблемасын зерделеу және мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі практикалық іс-әрекет олардың құқықтарын қорғаудың жекелеген халықаралық жүйесін құру қажеттігін анықтады.

Мүгедектердің құқықтарына арналған халықаралық құжаттардың тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Ақыл-есі кем адамдардың құқықтары туралы декларацияны қабылдаған (БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1971 жылғы 20 желтоқсандағы 2856 (XXVI) Қарарымен бекітілген) 1971 жылдан басталады. Мүгедектердің қанағаттарлық өмірге құқықтарын, сондай-ақ барлық азаматтық және саяси құқықтарын таныған жалпы сипаттағы халықаралық-құқықтық құжат БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1975 жылғы 9 желтоқсандағы 3447 (XXХ) Қарарымен бекітілген Мүгедектердің құқықтары туралы декларация болды. [1]

1976 жылы 16 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылды Халықаралық мүгедектер жылы, ал 1983 жыл мен 1992 жылдың аралығындағы кезеңді - БҰҰ мүгедектерінің онжылдығы деп жария етті. Халықаралық мүгедектер жылын өткізудің аса маңызды нәтижесі 1982 жылы 3 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы болды.

Осыдан 1993 жылға дейін қабылданған мүгедектердің құқықтары жөніндегі халықаралық-құқықтық құжаттар мүгедектердің жекелеген проблемаларын шешті, бірақ мүгедектердің құқықтарын тұтас қорғаған жоқ: Мүгедектерді кәсіби оңалту және жұмыспен қамту туралы ДЕҰ-ның Конвенциясы (№ 159, 1983 жыл), Мүгедектерді кәсіби оңалту және жұмыспен қамту туралы ДЕҰ-ның Ұсынымы (№ 168, 1988жыл), Мүгедектерге қатысты адам ресурстарын дамыту саласындағы қызметте басшылыққа алынатын Таллин қағидаттары (1991 жыл), Психикалық ауру адамдарды қорғау және психиатриялық көмекті жақсарту қағидаттары (1991 жыл) . Тек 1993 жылы мүгедектердің құқықтарына арналған негізгі жан-жақты құжат - Мүгедектерге арналған тең мүмкіндіктерге қамтамасыз етудің стандарттық ережелері қабылданды.

Ерекше мұқтаж адамдарға білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конференцияда: білім беруге және оның сапасына қол жеткізген Саламан декларациясы (Саламанка, Испания, 1994 жылғы 7-10 маусым) және ерекше мұқтаж адамдардың қарапайым мектептерге құқықтарын растаған Ерекше мұқтаж адамдарға білім беру бойынша іс-қимылдар негіздемесі қабылданды.

1993 жылы 14-25 маусымда Венада өткен Адам құқықтары жөніндегі дүниежүзілік конференцияда қабылданған Іс-қимыл бағдарламасының «Теңдік, қадір-қасиет, шыдамдылық» деген тарауында адам құқықтарының әмбебаптығы және мүгедектерге әдейі немесе абайсыз көзқарасы бойынша кемсітушілікке тыйым салу қағидаты ерекше атап өтілді.

Мүгедектердің жағдайын жақсартуға бағдарланған дамыту мәселелері БҰҰ ұйымдастырған жоғары деңгейдегі конференциялар мен кездесулердің күн тәртібіне жиі енгізіле бастады. Мәселен, 1995 жылы 15 қыркүйекте Әйелдердің жағдайы жөніндегі төртінші Дүниежүзілік конференцияда қабылданған Пекин декларациясы мен Іс-қимылдар платформасында мүгедек әйелдерге қатысты ережелер, бағдарлар мен шаралар толық мазмұнда берілген.

Сонымен бірге халықаралық қауымдастықтың күш-жігері жеткілікті шамада тиімді болған жоқ: БҰҰ екі рет жүргізген мониторинг (1987, 1992) барлық өзгерістерге қарамастан, мүгедектердің тең мүмкіндіктер алмағанын, ал көптеген елдерде қоғамнан оқшауланған күйінде қалғанын көрсетті. Осыған байланысты 1994 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мүгедектерге қатысты Дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасын одан әорі жүзеге асырудың ұзақ мерзімді стратегиясын мақұлдады. Оның негізгі мақсаты ретінде түрді адамдық ресурстарды қамтитын және әрбір адамға оның әлеуетін барынша дамытуға мүмкіндік беретін «барлығына бірдей қоғамды» құру жария етілді.

Алайда қалыптасқан ахуал, мүгедектердің құқықтары туралы бірыңғай ресми халықаралық шарттың жоқтығы, МОТ-тың түрлі ұсынымдарындағы, басқа да нормативтік актілердегі мүгедектердің құқықтары туралы нормалардың шашыраңқылығы - халықтың осы тобының құқықтарын толыққанды қорғауға кепілдік бермейтінін анық көрсетті. Мексика Президенті Висенте Фокстың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 56-шы сессиясында ұсынған бастамасы бойынша Мүнедектердің құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау және көтермелеу туралы жан-жақты бірыңғай халықаралық конвенцияның жобасын дайындау басталды.

Арнаулы конвенцияны қабылдау қажеттігі негізгі конвенцияларда мүгедектердің құқықтарымен тікелей байланысты нормалардың жоқтығынан туындады. Мүгедектердің құқықтары мүгедектердің құқықтары жөніндегі осы конвенцияларда тек жанама ғана қозғалды. Тек Баланың құқықтары туралы конвенцияның бір бабында ғана мүгедек балалар туралы сөз болды. Қолданылып жүрген, мүгедектердің құқықтарына қатысы бар халықаралық-құқықтық құралдар заңдық тұрғыдан міндетті болып табылмады.

Мүгедектердің құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық құжаттар бар.

Мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы мүгедектердің проблемаларын шешуде тәсілдерді өзгерткен бірінші құжат болды. Оны қабылдағанға дейін мүгедектерге қатысты әлеуметтік саясат тек медициналық сипаттағы шараларды, оңалтуды және мүгедектіктің жекелеген себептерін болдырмау жөніндегі алдын алуды ғана қамтыды. Бағдарламада жария етілген мүгедектердің қоғамдық өмірдегі теңдігі мен толық қатысуын қамтамасыз ету мақсаты халықаралық қауымдастықтың мүгедектіктің жай-күйін өзгертуді түсінгендігін, мүгедектік проблемасын шешуге тұтас амалдар қолдану қажеттігін мойындағанын айғақтайды.

Бағдарлама «мүгедектік» ұғымының өзін елеулі өзгертті: мүгедектерді халықтың әлсіз тобына жатқызуды тоқтатты. Сарапшылар түсінік бергендей, мүгедектік өмірдің қалыпты қыры болып табылады; сол немесе өзге де себеппен кез келген адам қалыпты өмір ағысының кез келген кезеңінде мүгедек болуы мүмкін.

Мүгедектердің «осалдығы» қағидатына негізделген тәсіл «қарапайым» әлеуметтік және экономикалық құрылымдарда мүгедектердің бейімделуіне жағдай жасау іс-шараларын қамтитын мүгедектердің әлеуметтік жеткіліктілігін дамыту тұжырымдамасына орын берді.

Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктер жасау Бағдарламада қоғамдық өмірдің барлық салаларында қол жетімділікті қамтамасыз ету процесі ретінде қаралады. Құжатта жазылғандай, қол жетімділікті қамтамасыз етудің негізгі құрамы шешім қабылдау процесінде мүгедектердің толық әрі тиімді қатысуына жәрдемдесу шаралары болып табылады.

Мүгедектерге арналған тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандарттық ережелері Дүниежүзілік бағдарламаның идеяларын дамыту шеңберінде қабылданды және түріне қарай мүгедектердің құқықтарына арналған шарттық құжат болды.

Стандарттық ережелер ұсынымдық сипатқа ие, алайда мүгедектердің құқықтарын қорғау саласында халықаралық құжат болмаған жағдайда олар мүгедекетердің құқықтарын танитын және кепілдік беретін бірден-бір әмбебап құжат болып табылады. Стандарттық ережелер мемлекеттің мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету шараларын қабылдауда моральдық және саяси адалдықтарын көрсетеді. Мәнісі бойынша, олар - мемлекеттердің мүгедектік проблемаларын шешу шеңберіндегі саяси-құқықтық, экономикалық және техникалық ынтымақтастығының жалғыз негізі.

Стандарттық ережелердің құқықтық және моральдық негізі, құжаттың өзінде жазылғандай Адамның құқықтары туралы халықаралық билль, Баланың құқықтары туралы конвенция, Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенция, сондай-ақ Мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы болды.

Стандарттық ережелер төрт салада тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жөніндегі практикалық ұсынымдарды келтіреді: тең қатысу үшін алғышарттар, тең мүмкіндіктер жасауға мақсатты салалар, оларды жүзеге асыру шаралары және бақылау тетігі.

Мүгедектердің құқықтарын қорғау саласында МОТ-тың арнаулы құжаттарының ішінде аса маңыздысы Мүгедекттерді кәсіптік оңалту және жұмыспен қамту туралы ДЕ¦ конвенциясы (немесе № 159 Конвенция. Конвенция 1985 жылы 20 маусымда күшіне енді) болып табылады. № 159 конвенция барлық санаттағы мүгедектердің мүддесі үшін кәсіптік оңалту саласында тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуге және жұмыспен қамтуға байланысты еңбек нарығында мүгедектердің мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

1976 жылы барлық мүгедек балаларға арналған Білім туралы Заңды қабылдай отырып, АҚШ Конгресі елде сегіз миллионнан астам мүгедек балалардың бар екенін анықтады. Олардың жартысынан көбі тиісті білім алған жоқ. Осындай миллиондаған бала мектеп жүйесінде қамтылмаған. Барлық мүгедек балаларға арналған білім туралы заңның маңызы жоғары, өйткені мүгедек балалар үшін мектеп есігін ашып берді және оларға берілетін арнаулы білімді реттейтін бірқатар қорғау шараларын енгізді.

1988 жылы АҚШ Конгресі мүгедек адамдарға дене кемістігін «адам боп өмір сүрудің табиғи элементі» деп танитын, американдық қоғамның «жалпы экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени және білім беру» өмірінде «тәуелсіздігі, өзін-өзі көрсету, мазмұнды карьера жасау немесе толық қатысу» құқығына ешқандай да қысым жасамайтын «Тек-Акт» ретінде танымал техникалық құралдар арқылы көмек беру туралы Заң қабылдады. [2]

Осы нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан кейін мүгедектердің өздерінің кемсітуге қарсы орасан қозғалыстары басталды. Осы орайда мүгедектер тарапын қабылдаған және жаңа заңдардың нормаларын орындамаған жағдайларда қатаң санкциялар қолданған соттар үлкен роль атқарды. Американың барлық штаты бойынша арнайы құрылған құрылысшы-мердігерлер бригадасы сырғыма жолдар мен пандустар жасай бастады, күннен- күнге мүгедектер үшін Америка қалаларында қол жеткізуді жақсартты.

  1. Шетел мүгедектерін реабилитациялау тәжірибесі.

Шетел мүгедектерін реабилитациялау тәжірибесінде әлеуметтік сақтандыру: скандинавтік модель, континентальдық модель, америка-британдық модельдері бар.

Әлеуметтік сақтандырудың жүз жылдан астам тарихы бар және ол көптеген дамыған мемлекеттердің қоғамды әлеуметтік қорғау жүйесін құрды.

Скандинавтік модель: Бұл модельдің әлеуметтік саясатында әлеуметтік қажеттіліктердің көптеген шығындарды мемлекет өзіне алып, негізгі канал бюджет болып саналады. Мемлекет өзінің азаматтарының әлеуметтік әлауқаты үшін және әлеуметтік қызмет көрсетуде жауапкершілікті мойнына артады.

Континенталдық модель. Бұл модельде мемлекет, заң бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуде ұйымдастырмай, тек алушыларға әлеуметтік төлемдерді алуға ғана жауап береді. Мұнда бюджеттік аударымдар және сақтандыру кірістер жұмыс істеушімен жұмыс берушілерде бірдей. Бұл модельге Германия, Фрнация, Австрия және Бельгия сүйенеді.

Американ-британдық модель. Бұл модель әлеуметтік сферадв мемлекеттің минималды қатысуымен сипатталған әлеуметтік бағдарламалардың қаржылық негізін мемлекеттік бюджеттің қаржысы емес, ал жекеменшік сақтаулар және жеке сақтандырулар құрайды. Мемлекет өз мойнына тек барлық азаматтардың минималды кірісін сақтайды.

Америка Құрама Штаттарының әлеуметтік қамтамасыздандыруы туралы айтатын болсақ, мүгедектерге әлеуметтік қызметпен медициналық қызмет, әлеуметтік төлемдер мен компенсациялар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, оқу орындарына жеткізу сияқты қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар үйге келіп қызмет көрсету сияқты әлеуметтік қызметте бар.

Ұлыбаританияда мүгедектерге, оған қоса мүгедек балаларға 3 топ ұйымы: белгілі бір төлем үшін үйлердің жеке иелері, қоғамдық сектор, жергілікті өкімет қызмет көмек көрсетеді.

Әлеуметтік қызметтер үйге келіп, күндізгі орталықтарда, интернаттарда немесе күндізгі мектептерде көмек көрсетеді. Жоғарыда көрсетілген мекемелерде интеллектуалдық жағынан кемшілігі бар балалармен жұмыс істеген кезде оларды басқа адмдармен сөйлей білуге, далада, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауға үйретуі үшін оларға арнайы серуендер ұйымдастырылады. Ойлау қабілетінің кемшілігі бар жас өспірімдер үшін кәсіби дайындық орталықтары қызмет етеді.

Шетел мүгедектерін реабилитациялау тәжірибесінде әлеуметтік қызмет етудің американдық үлгісі бар.

АҚШ-та мүгедектер бірінші кезекте зайпет ақымен және қойғылы, апаттықта сақтандырумен қамтамасыз етіледі. Олар үшін медициналық қызмет ету ұйымдастырылады. Еңбекке жарамсыздар үшін қызмет көрсетудің арнайы түрлері қарастырылған. Қызмет көрсетудің негізгілерінің ішінде болып табылатындар: тұрғын-тұрмыстық орналасу, транспорт, жұмыс беру, оқыту, арнайы жәрдемақылар төйлеу.

Транспорттық қызмет көрсетуде әлеуметтік қызмет көрсету орындары мүгедектігі ауыр формасындағы адамды жұмысқа, оқу орнына, мәдени шараларға, су бассейіне т. б. жеткізіледі.

Он жылдан аса болды, АҚШ үкіметінің ресми саясаты - көп мөлшерде және жақсы сапада қосымша қондырғыларды шығару. Мүгедектігі бар адамдардың функционалдық қабілетін жақсартуға арналған қосымша көмек көрсететін техниканың басты қажеттіліктердің бірі болып табылады. Осыған сәйкес АҚШ конгрессі 1988 жылы «тек-Акт» заңы қабылданды. [3]

Білім беру Заңы бойынша мүгедектігі бар оқу жылындағы балаға білім алуы үшін қажетті қосымша көмек көрсететін құралдармен қамтамасыз ету қарастырылған.

Көптеген американдық компаниялар қосымша көмекке арналған техника рыногына ең жаңа компьютерлер мен бағдарламалардан бастап мүгедектігі бар адамдарға арналған киім фасондарына дейін шығарады. Бордюрлер мен, тіпті сатылармен жүре алатын коляскалар ойлап табылды.

Аппаратурамен немесе түрлі инструменттермен басқара алушылық мүмкіндігінен басқа, өзінің жеке басының бет-бейнесіне қарауы, қамқор болуы сенімділігінің көтерілуі және әлеуметтік контактіде болуын жеңілдетеді. Бірқатар компаниялар кез-келген жағдайда киюге болатын (ресми қабылдаулардан бастап, азық-түлік дүкеніне дейін) колляскада киетін киімдердің үлгісін ұсынады.

Ұлыбританияда мүгедектерді және дене кемшіліктері бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету тәжірибесіне үлкен қызығушылық, көңіл бөледі. Мүгедек адамдарға көмек көрсететін ұйымдар 3 топқа бөлінеді: жеке меншіктегі үйлер иеленушілер, күту арқылы қаражат табушылар қоғамдық сектор (мемлекеттік қор қаражатына сүйенетіндер), мүгедектерге әлеуметтік қызмет түрлерінің басым көпшілігін қамтамасыз ететін жергілікті биліктегілер.

Әлеуметтік оқыту орталықтарында іштесуге қабілетіне ие болу мен әлеуметтенуге көңіл аударылады. Әлеуметтік оқыту қызметтері күндізгі уақыттағы қызметтің баламалы түрлерін ұсынады, мысалға тұрақты мекен-жайы бойынша топтық жұмыс т. б.

Кейінгі кездегі тәжірибеде 3 немесе 4 мүгедектерден тұратын шағын жанұялық топтар құрылып, олар қауым болып жақын дүкендерден, қоғамдық көлікпен және көңіл көтеретін жерлермен қатар өмір сүреді. Мұндай пансионаттардың штат құрам функцияларға, орталық көлеміне және онда тұратын адамдардың қателіктеріне байланысты болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүгедектік жеке мәселе ретінде
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі
Қазақстандағы мүгедектердің жағдайы
Мүмкіндігі шектеулі балалардың дидактикалық ойындар негізінде шығармашылық қабілетін қалыптастыру үдерісі
Мүгедектік мәселесін шешу аспектілері мен жолдары
Жас мүгедек адамдардың әлеуметтік жағдайы және оларды қорғау
МҮГЕДЕКТЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай
Халықтың әлсіз топтарымен жүргізілетін жұмыстар туралы толық мағлұмат беру
Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz