Ақшаның теориялары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық Униветситеті

Реферат

Тақырыбы:Ақшаның теориялары

Орындаған: Жолмырзаев. С. С

Тексерген: Гумар. Н. А

Қаржы. гр-133

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Ақшаның металдық және номиналдық теориялары

ІІІ. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні

ІV. Қорытынды.

І. Кіріспе.

Ақша ежелгі заманда пайда болды. олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатнастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егео (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оныңқоғамға қажетті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралыбола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама - қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір - бірін табады және өзара бір - біріне ауысады.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталуы барысында, айырбас құнының жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1балта =5 құмыра, 1 қой =қап бидай және т. б. ) .

Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауырдың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т. б. айырбастауға мүмкін болады.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталған тауар - барлық басқа тауарлардың бір- бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан, келіп құнның толық немесе кең көлемді формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталады. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптен атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталады. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналады.

Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшық (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Таридхта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т. б. Көлемі түмейдей ақшыл - қызғылт бақалшақ Кари көптен таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендерді Ежелгі Үнді елінде, Қытацда, Үндіқытайда, Африканың шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарында алғашқы ақшалардың қызметін атқарады. Американдық үнділердің белдікткрінде бақалшақ ақшала құстардың, жыртқыш аңдардың келбет - кесінін көсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік беоеді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларында. Полинезияда, Каролин және соломон аралдарында айырбас құралы ретінде пайдаланылады.

Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. . XX ғасырдың 70 - жылдарының бсында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзан - қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат - қызыл түсті (ронго) пайдаланылды.

Әлемде әр түрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келк отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай «монеталардың» диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.

Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланған. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.

Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері - зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, т. б.

Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквмвалент үшін аса қажетті сапаға ие.

Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және т. б. формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы «драхма» «бір уыс шеге» деген мағынаны білдіреді . Мыс ақшалар қазангдық, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болады. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды. Бірақ б. э. XIII ғасырда салмағы көрсетілгген құймалар пайбда бола бастады. Осындай себепке байланысты көпдеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады. Алғашқыдағы белгілі массасы бар формасыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады. Монеталардың пайда болуы - ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылды.

Ақшаның шығу тарихы.

Ақшаның қасиеттері. Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсы қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді.

Ақшаның қолданылуына байланысты мынадай қасиеттері бар:

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанда ұлттық валюта - теңге енгізілді. Қазіргі таңда мынадай купюралардағы теңге, тиындар айналыста жүр: 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000, 1 теңге, тиыннан 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 теңге

Теңгенің 1/100 бөлігін құрайтын айырбас купюралары мен тиындар бүгінде айналымнан шығарылған.

Елдер
Валюта аты
Елдер: Қазақстан
Валюта аты: Юань
Елдер: Англия
Валюта аты: Франк
Елдер: Түркия
Валюта аты: теңге
Елдер: Франция
Валюта аты: лат
Елдер: Қытай
Валюта аты: Сом
Елдер: Өзбекстан
Валюта аты: лир
Елдер: Латвия
Валюта аты: евро

ІІ. Ақшаның металдық және номиналдық теориялары

Ақшаның металл теориясы 15-17 ғғ. Ерте кезендерінде, яғни капиталдың алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда-У. Стенфорд, Т. Мэн, Д. Норе, Францияда-А. Монкретьен болды. Олар ақшаны қоғам байлығымен, яғни асыл тастар- алтын және күміспен теңестіріп, олардың бүлінуіне қарсы шықты. Сонымен қатар, олар нағыз байлық- табиғатынын шын мәнісінде ақша болып табылатын текалтын мен күміс деп есептеді.

Аталған теорияны ұстанушылар қоғам байлығының қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады- дейді және белсенді сальдо мемлекетке алтын мен күмістің келуін қамтамасыз етеді- деп пайымдайды. Қазіргі авторлар ерте металлизм теориясының қателігі- біріншіден, байлықтың көзі ретінде қоғамда еңбек етудің нәтижесінде өндірілген материалдық құндылықтардың жиынтығы емес, асыл металлдар болса; екіншіден, металл ақшалардың айналымында олардың орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға ауысудың мақсатқа лайықтылығы мен қажеттілігі теріске шығарылып келуінде деп есептейді.

Ақшаның металл теориясының 3-ші метаморфозасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды. Оның өкілдері (Ж. Рюэфф, М. Дебре, Р. Харрод) халықаралық айналымғаалтын стандартты енгізуге қажеттілік идеясын ұсынды.

Бреттон-Вуд валюта жүйесі қирағанда 20 ғ-дың 70 жылдарының басында алтын стандартты қалпына келтіру қажеттілігін негіздеу қайта байқалды. АҚШ-та 1981 жылы осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрылды, бірақ ол алтын стандартты енгізуге пайдасыз болады деп есептеді. 17-18 ғғ. Ақшаның номиналистік теориясы өкілдері ағылшын ғалымдары Дж. Беркли мен Дж. Стюарт, А. Смит болып табылады. Бұл тоерия ақша айналымында құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасқан. Бұл ғалымдар ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы құнмен (номинал) және ақша болып табылатын баға масштабымен анықталады дап есептеген. Олар ақщаны тек техникалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық табиғатын толық теріске шығарады.

Ақшаның номиналистік теориясының негізгі идеялары:

-ақша тамаша есептеу бірлігі, оның көмегімен ақшаның салыстырмалы құны анықталады;

-бірдей бөліктері бар тамаша масштаб болып табылатын аталған бірлікте ешқандай ішкі құн болмайды.

Номинализм үстемдік жағдайға 19 ғ. Аяғы мен 20 ғ-дың басындақол жеткізді. Бірақ, оның ерте кезеңдік номинализмнен айырмашылығы -оның қорғау объектісі болып құнсыз ақша емес, ол қағаз ақша болды.

Неміс ғалымы Г. Кнаптың ақша теориясында («Ақшаның мемлекттік теориясы») басты мақсат-мұрат анық қалыптасты:

-ақша -мемлекеттік құқық тәртібінің өнімі, мемлекет билігінің туындысы;

-ақша -бақылау төлем құралы, яғни мемлекеттік мұратты төлем күшімен иемденген белгілер;

-ақшаның негізгі қызметі-төлем құралы. Ол ақшаның мәні белгілердің материалында емес, олардың қолдануын реттейтін құқықтық нормаларда, деп жазды.

1929-1933 жж. Экономикалық дағдарыс кезеңінде номинализм алтын стандарттан кетуді ақтау үшін теориялық база ретінде ары қарай дамуға бет алды.

Сонымен, Кейнс номинализмнің тәжірибиелік мақсаты-алтын стандартты жойып, қазаз ақшаның айналымғаеркін енуін және экономиканы инфляциялық процесті басқару арқылы реттеуін тәжірибиелік негіздеуінде болды.

Қазіргі таңда номинализм- ақша болмысының мәселесі жөніндегі үстем теориялардың бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист П. Самуэльсон ақша шартты белгілер болып табылады деп есептейді. « Экономика» шығармасында ол: « Тауарлы ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырды. Қағаз ақша ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын кейіптейді . . . Ақша- жасанды әлеуметтік шарт» деп жазды.

Сонымен, номиналмзм теориясының сипаты: ақша тауардан ғана пайда болмайды, олардың көп қызметтерінен бас тарту, ақшаны құн масштабымен теңдестіру, өте оңды сан бірлігі болып табылыды.

ІІІ. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні

Ақша өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады:

  1. жалпыға тікелей айырбасталу;
  2. айырбас кұнының дербес формасы;
  3. оның сыртқы заттық өлшемі.

Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау, мүмкіншілігінің бар екенін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі кысқарды және тек коғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны тікелей пайдаланудың көлемі едәуір кеңейді.

Акшанын айырбас құнынын дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада колдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды баска банктерге сатуы және тағы баска.

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

Ғалым-экономистердің арасында алтынның акшалай тауар ретіндегі рөлі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша кызметтерін атқару рөлін орындауды тоқтатты дейді.

ІV. Қорытынды.

Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 жылдардағы ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс жәнс мыс монеталары жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.

1917 жылы жазда Уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін шығарды, олар шынының бетіне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық арасында "керенки" деп атады. Несиелік ақшалар мен "керенкилерден" басқа Уақытша үкімет айналыска суррогаттың әр түрін енгізді: мемлекеттік қазынаның қысқа мерзімді міндеттемесі, займ купондары.

Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада қағаз ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар рөлін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай суррогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз акшаларының массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша 10 мың есеге құнсызданды. 1919 жылы алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүсіік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста жэне басқа жерлерде жергілікті ақша белгілерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында (қазіргі Алматы) шығарылды. Жетісулық несиелік билеттер Мемлекеттік банкте апиынмен сақталған жэне Жетісу облысының барлық байлығымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы несиелік билеттердің бет жағында көрсетілген жазу куәландырады. Дүниежүзілік тәжірибеде мұндай жағдайлар болған емес. Жергілікті билік органдарының иелігінде мұндай бағалы дәрілік шикізаттың 275 пуды болды, олар елдің байлығы болып саналды. Бірақ бұлар қаржылық жағдайды нығайта алмады. "Верненск рублі" күн сайын құнсыздана бастады. [1. 64 б]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысы және ақша жүйесі. Тарихы
Ақшаның мәні және қызметтері
Ақша теориялары және инфляция
Ақшаның даму тарихы
Ақшаға деген сұраныс және ұсыныс, оның теориялары мен моделі
«Кейнсиандық бағыт және оның эволюциясы»
АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ АҚША ЗАҢЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Ақшаның мәні және қызметтері туралы
Валюталық бағам түсінігі
Ақша жиыны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz