Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар

Адам қоғамы мындаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықттық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, төртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.

Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теория дұрыс - бұрыс деуге болмайды. Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т. б.

Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы - монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды (Фильмер, Михайловский т. б. ) .

Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б. з. I V - III ғ. ) . Бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г. Спенсер, Вормс, Прейс т. б.

XIX ғасырдағы ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория - адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі - адамның басымы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.

Табиғи құқықтық теория - XVII - ХVII ғғ. қалыптасқан теория. Өкілдері: Г. Гроцкий, Т. Гоббс, Д. Локк, Ж. Ж Руссо, Б. Спиноза, А. И. Радищев т. б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, тендік, еңбек жасау т. б. ) - Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында кайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, еділеттілікті, тендікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.

Психологиялық теория - XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, Л. И. Петражицкий. Коғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі - бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Коғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.

Күштеу теориясы - XIX ғ. қалыптаскдн пікір. Өкілдері: Л. Гум-плович, К. Каутский, Е. . Дюринг т. б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады - деп түсіндіреді.

Материалистік теория - мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен қққықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы.

Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т. б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.

Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен жетістіктері бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың пайда болуын, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін - тарихи материалистік теория. Бұл теория мемлекет және құқық тарихи туынды-қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді. Ол дұрыс.

Кемшілігі - мемлекет пен құқықгы тек экономикалық базис пен шектеуі, жалпы теорияның атқаратын жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын шектеуі) және олардың келешегін болжаудағы жіберген қателіктер

Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері

Өткен тақырыптарда мемлекеттің пайда болуын, оның мазмұнын, типологиясын, нысанын, әкімшілік-аймақтар құрылысын, саяси, әкімшілік басқаруын жан-жақты қарастырып өттік. Бұның бәрі мемлекеттің статистикалық көрінісі. Енді мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жаңаруына, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндетгерін қалай орындауына, қандай қызмет атқаруына назар аударайық. Осыларға толығырақ тоқтап, түсінуіміз керек. Міне осы мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің функциясын құрады.

Функция - заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-мақсатгарды, міндеттерді орындау кызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген занды ұғым қалыптасады.

Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бүрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор өсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас.

Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезенде де мемлекетгің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұның терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетгі орнату.

Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі - функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше үрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функ-цияны ішкі және сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда.

Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін

- мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция - орган

- аппарат - мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде - мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:

- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және қатынастардың түрлері арқылы анықталады;

- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;

- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;

- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-тәсілінен айыра білуге болады;

Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің кұзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі. Мемлекет функциясы орындалуының құқықтық және ұйымдастырушылық тәсілдері болады. Құқықтық тәсілдің өзі үшке бөлінеді: құқық шығармашылық, құқықты қолдану, орындау; құқықты қорғау. Үйымдастырушылық тәсілдің түрлері: экономикалық (дотация, кредит, баға т. б. ) ; саяси симпозиум, семинар, конференция, кеңес, мәжіліс өткізу, халыққа идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат жүргізу.

Мемлекеттік билік толып жатқан субъектілердің сан алуан нақты қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан қызметтерін мемлекеттік биліктің орындалуының қүқықтық нысаны дейді.

Бұл мемлекеттік биліктің нақты орындалуының құқықтық нысаны екі түрге бөлінеді:

1) . Нормативтік актілер аршылды орындалу нысаны;

2) . Жалпылама нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны.

Нақты нысанның өзі үшке бөлінеді:

1) . Құқық шығармашылық;

2) . Қүқықты орындаушылық;

3) . Құқықты қорғаушылық.

Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нақты түрі - әкімшілік шарт арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі жағының субъектісі мемлекеттік орган болады.

Мемлекет билігі жалпылама нормативтік актілерінің орындалу нысаны бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, идеологиялық, ұйымдастырушылық, халықаралық, мемлекетаралық т. б.

Мемлекеттік билікті орындау құқықтық нысандармен шектелмейді. Бүл іске мемлекеттің ұйымдастыру қызметі көп үлес қосады. Мемлекеттің ұйымдастыру қызметі заңға тәуелді іс-әрекет, әр мемлекеттік аппарат, әр мемлекеттік орган қоғамдағы заңға, нормативтік актілерге сәйкес қызмет атқарады. Бұл қызметке нақты нормативтік актілердің қажеті жоқ.

Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:

- жаңа шыққан заңцарды, нормативтік актілерді насихаттау,

түсінік беру;

- мемлекеттік органдарға көмек көрсету, бақылау, тексеру

жүргізу;

- материалдық-техникалық операциялар жүргізу, баяндамалар, іс-қағаздарын дайындау, зандарды, нормативтік актілерді басып шығару т. б. қасаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;

- әртүрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;

- мемлекетгік органның тәжірибелерін жинақтап, қорытынды

жасау;

- мемлекеттің қызметі туралы қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының ой-пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап, қорытынды жасау;

- мемлекеттік органның жұмысына халықты, қоғамдық ұйымдарды, саяси партияларды қатыстыруды ұйымдастыру.

- шет елдермен қарым-қатынасты ұйымдастырып, басқару т. б. қызмет істері.

Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықгырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:

а) . Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды орындау, занды қорғау органдары) .

б) . Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал.

в) . Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік - билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ қызметкерлер.

Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топка бөлінеді: категория «а» Президент, Премьер-Министр, Палаталардың басшылары, Министрлер, т. б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория «б» бірінші топтағы лауазымды тұлғалардың кеңесшілері, көмекшілері, орынбасарлары; категория «в» екінші топтағы лауазымды тұлғалардың орынбасарлары, көмекшілері.

Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі мүдде-мақсаты - адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым-қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.

Сонымен, мемлекеттің функциясы - қоғамды әлеуметтік басқа-рудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері.

Шет мемлекеттердің кебінде функция деген занды түрде ұғым жоқ. Оларда функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде-мақсаттарына қосып түсінік береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып, білуде өзгешілік кездеседі.

Біздің пікіріміз - функциянын өзін жеке оқып, білген дұрыс. Оны мемлекеттің мүдде-мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау дұрысқа жатпайды. Себебі, бүл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсіддері де түгелімен басқа. Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп бөлмейді. Өйткені олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама түрде қарастырады. Біздіңше, белген дұрыс, функцияның басым көшшлігінің шекарасы белгілі.

2. Мемлекет функңиясының түрлері

Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне қарай екі түрге бөледі: таптық кайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп-басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес бәсеңкеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық қатынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі. Мемлекеттің ішкі функциялары:

1. Экономикалық функция - мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі болады:

бірінші - салық саясаты арқыны мемлекет бюджетінің дамуын реттеп, басқару;

екінші - экономиканың тиісті, кажетті саласына жеңілдік беріп, дамыту:

үшінші - ғылым мен техниканы дамытып, экономиканы көтеру (бұл екі жақты процесс) ;

төртінші - мемлекеттік өндірісті дамыту.

2. Әлеуметтік функция - мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақгы қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді: бірінші бағыты - адамдардың қоғамдағы еңбегіне карамай мүгедектерге, зейнеткерлерге, науқас адамдарға, көп балалы жанұяға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; екінші бағыты - адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетгі дамы-туға, халықтың жақсы тұрып, жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыру.

3. Қаржы реттеу функциясы - қоғамдағы барлық азаматтардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен

кірісін реттеп, басқарып отыру. Бюджеттің (кірісі мен шығысын) дұрыс пайдалануын қаржы министрлігі мен парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады. Жергілікті басқару аппараты өз Сюджетінің дұрыс пайдалануын өзі бақылап, тексереді. Шекаралар заттың шығуын, кіруін, одан түсетін кірісті мемлекеттік кеден аташараты тексеріп, бакітіліп отырады.

4. Мәдениет бағытындағы функция - адамдардың денсаулығы, рухани сана-сезімі, білімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, морал, әдебиет, өнер, музыка, ғылым, тәрбие т. б. мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады. Бұл күрделі функцияға жеке адамдар да, бірлестіктер де тиісті деңгейде үлес қосып отырады.

5. Экологаялық функция - бұл дүниежүзілік көлемдегі проблема. Сонымен бірге жеке мемлекеттер де, жеке ұйымдар да, жеке адамдар да өздерінің үлесін қосуға міндетті. Себебі, табиғатты, адамды, қоршаған ортаны қадірлеп, қорғау жалпы әлемдік мүдде-мақсат, кезек күттірмейтін міндет. Табиғатты ластау адам қоғамының болашағын жою. Сондықтан бұл мәселе БҰҰ бақылауында, халықаралық құқық шеңберінде біраз нормативтік актілер қабылданып, мемлекетаралық бағдарлама бекітілді. Жеке мемлекеттер де өздерінің бағдарламасын қабылдады.

6. Құқтық тәртіпті қорғау функциясы - қоғамда мемлекеттің, бірлестіктердің, жеке адамдардың мүдде-мақсаттарын қорғайтын әділетті, инабатты, парасатты, құқықтық тәртіп болу керек. Оны қалыптастыратын, реттеп, басқаратын мемлекет, оның органдары. Сонымен бірге бұл іске бірлестіктер мен жеке адамдар да зор үлес қосулары, белсенді түрде қатынасулары керек. Қоғамдық тәртіпті жақсартудың, нығайтудың екі әдіс-тесілі бар. Біріншісі - зандардың, нормативтік актілердің сапасын, әділеттілігін көтеру. Екіншісі - құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету. Егер норма дұрыс орындалмаса немесе бүзылса, қатаң күрес жүргізу, жауапқа тарту.

7. Коғамдағы тәртіпті қорғау функциясы - бұл мемлекет органдарының қызметінің ең күрделі, жауапты түрі. Осы функция арқылы адамдардың бостандығын, құқықтарын қамтамасыз етіп, жақсы өмір жасауға мүмкіншілік қалыптастыру.

8. Ғылыми - техникалық прогресті дамыту функциясы. Казіргі заманда қоғамның жақсы даму бағыты: ғылым мен техниканы» қарқынды түрде дамуына толық мүмкіншілік жасау, барлық қаржыны мемлекеттік бюджетке тапсыру. Өйткені бұл істі бір орталықтың басқаруы қажет.

Мемлекеттің сыртқы функциялары.

1. Екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын қамтуға, байланыстыруға болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу т. б. іс-әрекеттер жасау. Бұдан мемлекеттер ұтылмайды, керісінше, ұтыстары молаяды.

2. Мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту. Барлық мәселені бейбітшілік жолмен шешу. Бұл байланыс үш түрлі деңгейде жүргізіледі: парламентаралық, үкіметаралық және жергілікгі басқару аппараттарының байланысы. Мысалы, Еуропалық одақты және тәуелсіз мемлекеттердің достастығын келтіруге болады.

3. Мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты калыптастыру. Ғылыми-техникалық мәдени жетістіктерді пайдалану, алмастыру т. б. жолдарын іздестіру. Бұл жұмысқа мемлекеггік емес ұйымдар да кеңінен қатыса жүр. Мысалы, дүниежүзілік демократиялық әйелдер, жастар, студенттер, кәсіпшілер, архитекторлар, суретшілер, сазгерлер одағы; халықаралық ғылым одақтарынның кеңесі; БҰҰ-ның ЮНЕСКО Комитеті т. б.

4. Дүниежүзілік ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру. Бұл мәселені реттеп, шешуге әлемдегі барлық мемлекеттер қатысулары керек, онсыз ешқандай нәтиже болмайды. Қазіргі замандағы глобальдық проблемалар: бейбітшілікті сақтау, экологияны жақсарту, адамдардың сауатсыздығын жою, дүниежүзіндегі халықтардың денсаулығын, әлеуметтік жағдайын жақсарту, цивилизациялық жетістіктерді қорғап, сақтау, дамыту.

5. Мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл мәселені жаңаша, қазіргі заманға сәйкес шешу. Бұрынғыдай қару-жарақты көбейту ешқандай жағымды нетиже бермейді. БҰҰ арқылы, соның шеңберінде реттеп, шешуді қарастыру және ер мемлекеттің өзінің бейбітшілік саясаты дамып, нығаюы керек.

Мемлекеттін, функциясы диалектикалық даму процесі арқылы оның мазмұны да, орындалу тәсілі де өзгеріп, жаңарып жатады. Жер жүзіндегі мемлекеттердің функциясы сан жағынан әр түрлі болады. Бірақ мемлекеттердің бәрінде мына функциялар міндетгі түрде болады: әлеуметтік, идеологаялық, экологиялық. Мемлекеттің 3-1093 қызметін функцияға бөлудің қағидалары әр түрлі болады, олар халықаралық құқыққа, мемлекетаралық шарттарға сәйкес дамып отырады.

Қазақстан Республикасының функциялары ішкі-сыртқы функция деп екі күрделі топқа бөлініп зерттеледі. Тұрақты және уақытша функциялар адамдардың құқығын қорғау, отан қорғау, зандылықты қорғау - деген функциялар болады. Бұлардың мазмұны көбінесе жоғарыда көрсетілген функцияларға ұқсас болып, солар арқылы орындалып жатады.

Мемлекеттік функция мен мемлекеттік органдардың функциясы деген заңды екі ұғым бар. Оларды жақсы ажырата білу керек. Мемлекеттік функция мазмұны және көлемі жағынан күрделі, барлық қоғам бойынша атқарылатын қызмет. Мемлекетгік органдардың функциясы өздерінің көлемінде атқарылатын қызмет.

Мемлекеттің функцияларын іске асыру нысандары мен тәсілдері. Бұл қызметтің екі түрі болады: мемлекеттік функцияны құқықтық нормалардың шеңберінде орындау және құқықсыз жалпылама іс-әрекеттер арқылы функцияның дұрыс орыңдалуына үлес қосу. Құқықтың шеңберінде функцияны орындаудың үш түрі болады: құқық шығармашылық, құқықты іске асыру, құқықты қорғау.

Құқық шығармашылық - жаңа норманы өмірдің талабына қарай уақытында қабылдау. Онсыз мемлекеттің қызметіне нұқсан келуі мүмкін. Мысалы, науқастың эпидемияға айналуымен қалай күресуге болады, егерде нақты заң қабылданбаса.

Құқықты іске асыру - бүл істі орындау мемлекет Үкіметінің міндеті. Үкімет тиісті нормативтік акті қабылдау керек. Онда жауапты субъектілер не істеу керек, оның уақыты, материалдық негіздері толық көрсетілуі қажет. Бұл істі толық бақылауға алу керек.

Құқықты қорғау - бұл қызметті атқаратын органдар: сот, прокуратура, МВД, КГБ, т. б. Олардың қызметінің бағыттары: заңдылықты, тәртіпті, адамдардың және заңды тұлғалардың бостандығы мен құқықтарын қорғау азаматтық, қылмыстық істерді қарап, кінәлі субъектілерді жауапқа тарту.

Нарықты экономика жүйеде шарттық байланыстың маңызы күшеюде. Сондықтан мемлекеттің шарттық қатынасты реттеп, басқару функциясы тиісті дәрежеде аткқарылуы қажет.

Мемлекеттің функциясын құқықсыз реттеу қызметтері:

мемлекеттік органдар функцияларды іске асыруда көптеген іс-әрекеттер жасап жатады. Сол іс-әрекеттерді біріктіріп - кұқықсыз реттеу қызметі деп атайды. Олардың қоғамды басқаруда маңызы өте зор.

Мемлекеттің функцияларын орындау тәсілдері: ерікті, еріксіз, сендіру, нандыру (бұл жеке тұлғаларға) . Экономикалық тәсілдер: болжау, жоспарлау, кредит беру, салықта жеңілдік беру, алушыларды монополистерден қорғау.

ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

1. Қазақстан Республыкасының Конституциясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы
Мемлекет және құқықтың пайда болуы
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары
Мемлекет туралы қалыптасқан теориялар
Мемлекеттің басқару формасы және түрлері
Құқықтың пайда болуы және ерекшеліктері
Құқық негіздері пәні, әдістері және жүйесі
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам
Мемлекет формациясының типологиясы
Қоғамды басқаратын аппарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz