Қиын оқушыларды этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қиын оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі тәртібі қиын оқушылар санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда қиын оқушыларға көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы санатқа жататындар аз емес. Сондықтан қиын оқушыларды ерте жастан - бастауыш мектеп кезеңінен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет.
Қиын оқушыларды тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиесінің жеке түлғаны қалыптастырудағы ролі өте зор. Адамзат тарихында жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық негіздері ерте заманнан-ақ ойшылдар, ғұламалардың назарында болғаны мәлім. Олардың құнды идеялары атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге жетіп отыр.
Қазақтың ғұламаларының ішінде әл-Фарабидің шығармаларында адам баласын ізгілікке, адамгершілікке баулу мәселесі кеңінен орын алғаны мәлім. Әл-Фарабидің білуінше, «Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады» - деп ескертеді. Ғұламаның бұл пікірінен ұғатынымыз – адамны санасы мен мінез- құлық оның адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудің негізі болатындығы.
Ж.Баласағұни «Құтты білік» дастанында адамгершілік тәрбиесін адамның бойында кісілік, парасаттылық, имандылық, тектілік және ізгілік қасиеттерін қалыптастырумен байланыстырады. Оның «Адамшылық жаса адамға адам бол, Адам атын мақтаныш қып адал бол» деген ой-пікірлері Әл-Фарабидің идеяларымен үндесіп жатыр.

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. XXI ғасырдың басында адамның қоршаған
ортамен байланысы күрделене түсті. Мұны бір жағынан, мәдениеттің ғаламдануы
мен кірігуінен, екінші жағынан, рухани жұтаңданудың үдеуінен деп түсінуге
болады. Сондықтан қазіргі білім беруде жеке тұлғаны адамгершілік - рухани
жағынан қалыптастыру негізгі міндеттердің бірі ретінде саналады. Бұл
міндеттің нәтижелі жүзеге асуының бір жолы мектептегі қиын балалар деп
аталатын оқушылармен жұмыс істеудің тиімді формаларын, әдіс - тәсілдерін
одан әрі жандандыру, психикалық дамуын жетілдіру, педагогикалық көмек беру,
оқушылардың тәртіп бұзушылығын болдырмау шараларын қолға алу болып
табылады.
Қазақстан Республикасы Білім беру заңында да осы мәселелер нақты
көрсетілген.
Білім беру туралы заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық
және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар жасау деп
атап көрсетілген.
Нарықтық қатынас кезінде адамзатқа ортақ құндылықтар мен тәрбие
теорияларына, озат тәжірибелерге сүйеніп, Қазақстанның ұлттық және
әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қиын оқушыларды қоғам
алдындағы өзінің дербестігі мен жауапкершілігін сезінетін, ұлттық сана-
сезімі оянған, биік парасатты, ар-ожданы мол азамат етіп қалыптастыру өмір
талабы болып отыр. Қиын оқушылардың адамгершілік сапаларын қалыптастыруда
ғасырлар бойы жинақталып, бүгінгі күнге жеткен халқымыздың бала
тәрбиелеудегі озық тәжірибесі, яғни этнопедагогикалық құралдар ерекше мәнге
ие болады. Бұл құралдар арқылы қиын оқушылардың бойында халқымыздың қастер
тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, мейірімділік,
кішіпейілділік, ата-мекеніне, еліне деген сүйіспеншілік сияқты асыл
қасиеттерді тәрбиелеу қажеттілігі зерттеу тақырыбының көкейкестілігін
дәлелдейді.
Адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі қай заманда болмасын ойшылдардың,
ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарынан тыс қалмағандығы белгілі.
Классикалық педагогиканың өкілдері Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский,
Н.К.Крупскаяу, А.С.Макаренконың (1( еңбектерінің негізгі өзегі
адамгершілігі мол саналы азаматты тәрбиелеу болып табылады. Қазақ
ағартушылары Ш.Уәлиханов (2(, Ы.Алтынсарин (3(, А.Кунанбаев(4(,
М.Жұмабаев(5(, А.Байтұрсынов (6( Ж. Аймауытов (7( тағы басқалар өздерінің
саяси- қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде балалар мен жастардың
адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлер айтып, ғылыми құндылығы жоғары
мұралар қалдырған.
Этнопедагогиканың әдіснамалық-теориялық негіздерің айқындау бойынша
көрнекті ғалымдар Г.Н.Волков (8(, Қ.Б.Жарықбаев (9(, С.Қ.Қалиев
(10(,С.А.Ұзақбаева (11(, Ж.Ж.Наурызбай (12(, К.Ж.Қожахметова
(13(, Қ.Б.Бөлеев (14(, С.Ғаббасов (15( т.б. тың зерттеулер жүргізіп, өз
еңбектерінде этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен
дамуы, этнопедагогика құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі ролі, мектептің оқу-
тәрбие процесінде алатын орны мен оларды пайдалану мүмкіндіктерін
қарастырды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда халықтық педагогика арқылы оқушыларға
адамгершілік тәрбие беру мәселелері Р.К.Төлеубекова (16( Ж.Б.Сәдірмекова
(17(, А.Е.Дайрабаева (18(, А.Қ.Қасымова (19(, А.Мұратбаева (20(,
Р.Ә.Сқақова (21( және т.б. зерттеу еңбектерінде қарастырылып, тың
нәтижелер алынғандығы белгілі.
Қиын оқушылар мәселесі де педагогикалық проблема ретінде
Г.А.Уманов(22(, Ә.Ж.Жұмабаев (23(, В.В.Трифонов (24(, Л.К.Керімов (25(,
Ж.Ж.ЬІсқақов (26( және т.б. ғалымдардың еңбектерінің арқауы бола
отырып, әр қырынан зерттелді:
- қиын оқушылардың пайда болу себептері, оларға тән ерекшеліктер;
- қиын оқушылармен жұмыс жүргізу жүйесі;
- болашақ мұғалімдерді қиын оқушылармен жұмыс жүргізуге даярлау;
- қиын оқушыларды қайта тәрбиелеу;
- дене тәрбиесі және спорт арқылы қиын оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеудің педагогикалық шарттары және т.б.
Дегенмен, жоғарыда айтылған еңбектерді теориялық тұрғыдан талдау
зерттеліп отырған проблеманың ғылыми-әдіснамалық тұрғыда әлі де болса
шешімін таппай отырғандығын дәлелдейді.
Қиын оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогикалық
құралдардың мүмкіндіктері мен олардың мектептің оқу-тәрбие процесінде
толығымен пайдаланылмауы арасындағы және қиын оқушыларды этнопедагогика
құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің қажеттілігі мен бұл мәселенің
педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-
қайшылықтар анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында қиын
оқушыларды этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеуді
жүйелеу зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты қиын оқушыларды
этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу деп алуға негіз
болды.
Зерттеу мақсаты: этнопедагогика құралдары арқылы қиын оқушыларға
адамгершілік тәрбие беруді қамтамасыз ететін педагогикалық жүйелерді
иеориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін іс- тәжірибе арқылы
тексеру.
Зерттеу нысаны: бастауыш мектептегі педагогикалық процесс.
Зерттеу пәні: бастауыш мектепте қиын оқушыларды этнопедагогика
құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны, әдістері мен
формалары.
Зерттеудің міндеттері:
- қиын оқушыларды этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке
тәрбиелеудің теориялық негіздерін анықтау;
- этнопедагогика құралдары арқылы қиын оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеудің мүмкіндіктерін айқындау;
- бастауыш мектепте қиын оқушыларды этнопедагогика құралдары арқылы
адамгершілікке тәрбиелеу мазмұнын, әдістері мен формаларын айқындау және
оларды іске асырудың тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы,
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы, зерттеу мәселесіне қатысты
философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері,
білім беру мен тәрбие мәселесіне арналған ресми қүжаттар, оқу-әдістемелік
кешен (оқулықтар, оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т.б.), бастауыш
сынып мұғалімдерінің іс-тәжірибесі, сонымен бірге автордың педагогикалық
және зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері:
- зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық,
ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау;
- мектептердің құжаттары мен іс-тәжірибелерін жинақтау, оларды талдау;
- сауалнамалар мен әңгімелесулер;
- оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын бақылау;
- педагогикалық эксперимент, іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру, оларды
математикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижелері мен қорытындылары
біріншіден, келешектегі ізденіс жұмыстарына негіз болады, екіншіден
мектептердегі оқу – тәрбие жұмыстарында бастауыш сынып мұғалімдерінің
біліктілігін арттыруда пайдалануға болады.
Зерттеудің негізгі базасы: Шымкент қаласының жалпы білім беретін орта
мектептері.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты,
нысаны, пәні міндеттері, зерттеу базасы, зерттеудің практикалық мәнділігі,
зерттеу көздері мен әдістерінің талқылану және жүзеге асырылуы баяндалады.
Қиын оқушыларды этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке
тәрбиелеудің теориялық негіздері атты бірінші тарауда педагогика теориясы
мен практикасында қиын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесінің
зерттелу жай күйіне талдау жасау арқылы оның әлеуметтік – педагогикалық
негіздері анықталады. Қиын оқушыларды этнопедагогика құралдары арқылы
адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктері ашып көрсетіледі.
Қиын оқушыларды этнопедагогика құралдары арқылы адагершілікке
тәрбиелеу мақсатындағы тәжірибелік – эксперименттік жұмыс мазмұны және
нәтижелері атты екінші тарауда қиын оқушыларды этнопедагогика құралдары
арқылы адамгершілікке тәрбиелеу жүйесі айқындалып, оларды іске асырудың
әдістемесі көрсетіледі және эксперимент нәтижелеріне талдау жасалынады.
Қорытындыда реориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне
негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан ұсыныстар беріледі.
Қосымша тәжірибелік – эксперименттік жұмыста қолданылған
диагностикалық материалдар беріледі.
1. ҚИЫН ОҚУШЫЛАРДЫ ЭТНОПЕДАГОГИКА ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Қиын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу - әлеуметтік -педагогикалық
проблема.
Қиын оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда әлеуметтік-
педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Мұның
өзі тәртібі қиын оқушылар санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты
болып табылады. Бір уақыттарда қиын оқушыларға көбінесе жасөспірімдер
жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы
санатқа жататындар аз емес. Сондықтан қиын оқушыларды ерте жастан -
бастауыш мектеп кезеңінен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен
саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет.
Қиын оқушыларды тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды
орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке
адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік
тәрбиесінің жеке түлғаны қалыптастырудағы ролі өте зор. Адамзат тарихында
жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық
негіздері ерте заманнан-ақ ойшылдар, ғұламалардың назарында болғаны мәлім.
Олардың құнды идеялары атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бүгінгі
күнге жетіп отыр.
Қазақтың ғұламаларының ішінде әл-Фарабидің шығармаларында адам
баласын ізгілікке, адамгершілікке баулу мәселесі кеңінен орын алғаны мәлім.
Әл-Фарабидің білуінше, Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші бұлар адамшылық
қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып
келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен
кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және
қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-
құлқымыз мақтаулы болады - деп ескертеді (27(. Ғұламаның бұл пікірінен
ұғатынымыз – адамны санасы мен мінез- құлық оның адамгершілік
қасиеттерге тәрбиелеудің негізі болатындығы. (26(.
Ж.Баласағұни Құтты білік дастанында адамгершілік тәрбиесін адамның
бойында кісілік, парасаттылық, имандылық, тектілік және ізгілік қасиеттерін
қалыптастырумен байланыстырады. Оның Адамшылық жаса адамға адам бол, Адам
атын мақтаныш қып адал бол деген ой-пікірлері Әл-Фарабидің идеяларымен
үндесіп жатыр (27(.
М.Қашқари да Ұл, менен насихат ал, жәрдем тіле, Елде ұлық, дана
болып, білік үлес немесе Ұлықтық болса (тапсаң), сен ізгілік істе, Кішік
болғын, бектер қатарында жақсылықты жалғастыр дей отырып, жас ұрпаққа
адамгершілік асыл қасиеттен арылмау қажеттігін уағыздайды. (28(.
Осы ой-пікірлер қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, болашаққа оқу-
білім сәулесін таратқан халқымыздың мәшһүр ағартушы-педагогы Ыбырай
Алтынсарин, ұлы ғұлама Абай Құнанбаев, көрнекті қоғам қайраткері, ғалым-
ұстаз Ахмет Байтұрсынов, қазақ жерінде тұңғыш ұлттық педагогика, психология
пәндерінің негізін қалаған Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтардың
шығармаларынан да орын тауып, кешегіні бүгінгімен жалғастырып келе жатқан
игілігі мол қазына болып отыр.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметінде мұғалімдердің бала
тәрбиесінде адамгершілік мәселесін жоғары талап етіп көрсеткендігі
байқалады. Оның өзінің досы Н.И.Ильминскийге 1861 жылы қаңтардың 19
жұлдызында жазған хатында: Осы жылы қаңтардың 8 жұлдызы күні менің көптен
күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 казақ баласы кірді, бәрі
де жақсы, есті балалар... Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай
өте қызу кірістім. Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік
жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын , - деп өзінің сүйікті ісіне
белсене кіріскеннін зор қуанышпен хабарлады.
Сондай-ақ, 1882 жылы шілдеде Н.И.Ильминскийге жазған хатында:
Халық мектептері үшін ең керектісі - оқытушы. Тамаша, жақсы
педагогика құралы да, әбден мұқият жүргізілетін инспектор бақылауы да
оқытушыға тең келе алмайды, - деп жазды. Мұғалім өз шәкірттерін жан-тәнімен
жақсы көрсе, оқу-тәрбие ісіне шексіз берілуі ғана емес, оның беделі тек
шәкірт алдында ғана емес, бүкіл ата-аналар, жұртшылық алдында жоғары
болатынын ескертіп былай дейді: Мектеп бітіруші баланың болашағын болжай
білу қабілеті, адамгершілік қасиеті ұстазға байланысты (3(. Ағартушы-
педагогтың бұл пікірінен байқағанымыз, адамгершілікті - оқу-тәрбие
үрдісінің арқауы ете отырып, бала тәрбиесінде мұғалімнің ролі айрықша
екендігін түсіндіреді. Әрине, бұл мәселенің қазіргі таңда да
көкейтестілігін жоймағандығы анық.
Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзкарасынан да бүкіл әлемдік тәлім-
тәрбиенің деңгейі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу,
мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын
көреміз. Ол өз еңбегінде Мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам
емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең, балалардың адамгершілік қасиетін бұзып
аласың деді (3(.
Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп жетілуіндегі тәрбиенің роліне ерекше
тоқтала келе, адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар-мінез арқылы озады.
Онан басқа жолмен озамын демектің бәрі - ақымактық дей келе, адамды
тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролінің ерекшелігін саралап көрсетіп берді.
Адамның жақсы, жаман болуы, ақылды, ақылсыз болуы генетикалық негізге
байланысты, ақсүйек тұқымынан шыққандар ақылды, алғыр болады дейтін теріс
көзқарасқа қарама-қарсы Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты
екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші сөзінде: Мен егер заң
қаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің
тілін кесер едім - деді (3(.
Ұзақ жылдар бойы ұлтжандылық әдебиеттің өкілі деп айып тағылып,
жазықсыз жапа шеккен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті
қайраткерлерінің бірі Ж.Аймауытов баланы саналы азамат етіп тәрбиелеуге
байланысты құнды пікірлер айтқаны белгілі. Ол Тәрбиенің негізгі мақсаты
-мінезді түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу
деген қағиданы қуаттай келіп, баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі
тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп
еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен
көрсету керек- дейді. (5(.
Тәлім-тәрбие ғылымының теориялық жағына тұңғыш терең үңілушілердің
бірі Мағжан Жұмабаевтың пікірінше, тәрбие саласы тұтас бөлінеді. Олар дене,
жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. Егер де адам баласына
осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол
жөпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын
көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс
шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден
ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп,
жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне осылай болғанда адам
баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын дейтін
ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын... (4.14], Тәрбиеден мақсұт -
баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық
қылып шығару ғой деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен
ұштастырғысы келеді.Оның туған халқының тәлім-торбиелік бай мұрасын игеру
жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. Ұлт тәрбиесі - деп жазады, ол -
баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол
болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті.
Және, әрбір ұлттың баласы өз үлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын
болғандықтан сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті (4 б.16(.
М.Жұмабаев халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп
қабылдаудың қажеттігін ескертеді: талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт
тәрбиесі ішінде толып жатыр - дей келіп, автор тәрбиешінің педагогикалық
шеберлігін ұштау мәселелерінеден қояды(4б.80(.
Бірде бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын,
тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Қиын балаларды тәрбиелеу мәселесі XX ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап,
күні бүгінгі дейін педагогтардың, психологтардың және заңгерлердің
зерттеулеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылып келе жатыр. Атап айтсақ:
- балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықты болдырмаудың
ұйымдастырушылық-педагогикалық және медициналық-алдын-алу шарттарын
жасауға арналған зерттеулер (А.С.Макаренко,
Л.П.Блонский,Л.С.Выготский,В.И.Куфа ев,В.Н.Мясищев, Н.И.Озерецский,
С.М.Елеусізова және т.б.).
- қиын балалардың тәртібіндегі ауытқушылықтың табиғаты мен шығу төркінін
анықтауға және олардың мінез-құлықтарына түзету енгізу мәселесіне арналған
зерттеулер (Т.В.Драгунрва,О.А.Матвеева ,А.Г.Ковалев, М.Раттер,
С.А.Воскобойникова (68(, және т.б.);
- қиын балалардың және жасөспірімдердің өмір сүретін әлеуметтік
ортасының жағдайына психологиялық-педагогикалық талдау жасап, оның мінез-
құлыққа әсерін анықтауға арналған зерттеулер (Шенфельдер, НИ.Дурманов,
Э.Ш. Натанзон және т.б.);
- педагогикалық тәртібі нашар және құқық бұзған балалармен жұмыс
істеудің жүйесі, оларды қайта тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік
негіздерін жасауға арналған зерттеулер (М.А.Алемаскин (74(, В.Г.Баженов,
О.С.Богданова, Н.Н.Верницкая, А.Ж.Жұмабаев(58(, Л.К.Керімов, А.Н.Кочетов,
И.А.Невский, В.Б.Парфенов, В.В.Трифонов, Г.А.Уманов, Э.И.Шыныбекова
және т.б.);
- қиын оқушыларға адамгершілік және құқықтық-азаматтық тәрбие берудің
теориялық негіздерін айқындауға арналған зерттеулер Л.А.Байсерке,
Ю.И.Зотов, Н.Е.Щуркова, Ж.Ж.Искаков, В.А.Ким, А.К.Садықова және
т.б.).
Зерттеушілер В.И.Куфаев, И.А.Невский, Л.К.Керімов қиын оқушыларға тән
ерекшеліктерді бөліп көрсетуге тырысты.
В.И.Куфаев өз еңбегінде ... өсіп, ер жету, әлеуметтік жағдайына
байланысты, бетімен кету дәрежесіне қарай, әртүрлі себептерге байланысты
қиын оқушылардың әрқайсысына тән ерекшеліктері болатынын, сондықтан мұндай
балалар өздеріне ерекше тәсілмен қатынас жасауды және олармен тиісінше
жұмыс жүргізуды талап етеді - дей отырып, қиын оқушыларға мақсатқа
бағытталған адамгершілік тәрбие беру мен мінез-құлық мәдениетін
қалыптастыру үшін мынадай мәселелердің шешімін табу қажеттілігін көрсетті:
- балалардың өз бетімен жүруіне қарсы күрес жүргізу мәселелері;
оқу орындарын балалардың денсаулығына, әлеуметтік және педагогикалық
бақылаусыз бетімен кетуіне және сонымен қатар тәрбиеленуі қиын балалармен
жүргізілетін тәрбие жұмыстарының түрлері мен тәсілдеріне қарай айырып бөлу
қажеттілігі;
- тәртібі қиын балаларға арналған мекемелер мен оқу орындарында жұмыс
істейтін тәрбиешілердің арнайы білімі болуы;
- тәртібі қиын балаларға адамгершілік тәрбие беруді қоғамдық пайдалы
еңбек барысында жүзеге асыруды белсендіру (22(,
И.А.Невский тәрбиеленуі қиын оқушыларды топтарға бөліп, оны үш
жағдаймен түсіндіреді:
а) педагогикалық тәрбиесінің дұрыс болмауы;
ә) әлеуметтік тәрбиесінің дұрыс болмауы;
б) психикалық қалыпты нормадан ауытқуы.
Ал қиын оқушыларға тән ерекшеліктерді мынадай үш топқа бөледі:
1. Білімі. Тәртібі қиын оқушылардың оқу және әлеуметтік-этикалық
білімі өзінің өте кемдігімен, жүйесіздігімен және түсінігінің қателігімен
ерекшеленеді.
2. Дамуы. Қиын оқушылар әдетте өзінің ақыл-ой қабілеттілігі, сана-
сезімінің өсіп-жетілуі жағынан өз құрбыларынан артта қалып, жұмыс істеуге
қабілеттілігі төмендеп, кейбір психикалық функцияларының өсіп-жетілуінде
ауытқушылығы (қабылдауы, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, елестетуі, еркі,
сөйлеуі, сезімі, т.б.) байқалады. Кей жағдайларда олардың ақыл-ойы,
психикалық қасиеттері өз деңгейінде дамыған да болып келеді, керісінше,
теріс бағытта, яғни олардың өздері үшін маңызды жағдайларда аса қырағы,
байқағыш, көреген болып келеді. Ал сабақта ерікті қабылдауы, зейін қойып
тыңдауы нашар, әлсіз болады. Сондықтан мұндай оқушыларға қолайлы жағдай
туғызып, тиімді тәрбие әдістерін қолдану арқылы оқуға, өзінің
айналасындағыларға қатынасын өзгертіп, тәртібін жақсартуға болады.
3. Қатынасы. Қиын оқушылардың өздеріне тән ерекшеліктері сабаққа,
ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегіне қабілетсіз болып келетіндіктері. Ал бұл
жағдай олардың оқудан әр уақытта да үлгермеушіліктері, еңбек ету
дағдыларының жоқтығы, оқу пәндеріне, жалпы білімге, оның нәтижесіне
қызықпаулары, еңбектенуге қабілетсіздігі және осыларға байланысты болатын
жағымсыз жағдайларды олардың әр уақытта да уайымдауынан болады. Мұның
барлығы да олардың басқалардың еңбегінің нәтижесін пайдалануға
дағдылануынан, басқаның еңбегін қадірлемеуінен келіп шығады. Қиын
оқушылар кейде мектептің мүлкін алып кетеді, терезені, мектеп мүлкін
қиратады, өсімдіктерді бұлдіреді. Олардың тек қана оқу пәндеріне,
еңбектенуге, басқалардың еңбегінің пайдалы нәтижесіне қызықпаушылық
қабілеттері ғана төмен емес, тіпті, кейде жалпы адамды рухани бай ететін,
адамның адамгершілік қасиетін жақсартатын әдебиетке, өнерге,
тарихқа, жаратылыстануға, табиғатқа деген қызығушылықтары да төмен болып
келеді. (29(.
Қиын балаларды тәрбиелеу мәселесімен айналысқан қазақстандық белгілі
ғалым Л.Керімов әлеуметтану мен заң ғылымдарында, психологиялық және
педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай отырып, кәмелетке жасы толмаған
құқық тәртібін бұзушылар, педагогикалық тәртібі нашар оқушылар, қиын
балалар сияқты терминдік ұғымдарды анықтайды. Біріншісіне кәмелетке жасы
толмаған құқық тәртібін бұзатындар небір жағымсыз жағдайларға байланысты
дау-жанжал шығаратын, арақ-шарап ішіп, жеке меншік пен қоғамдық мүліктерге
қол сұғатындарды жатқызады. Олардың мінез-құлықтарында, жүріс-тұрыстарында
жалқаулық, қатыгездік, бастаған ісін аяғына дейін атқармау, әртүрлі
ұрлықтар жасау, т.б. қылықтар кездесіп отырады.
Педагогикалық тәртібі нашар балаларға айналасымен қарым-қатынастарда
жағымсыз қылықтар мен әдет-дағдылар көрсеткенімен, мұндай ерекшеліктер
мінез-құлықтарында тиянақты қалыптаспағандар жатады. Қиын балалар
қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін
төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, дәрі-
дәрмек беру арқылы қозу күйін тежейтін балаларды жатқызады [79, б.4].
Сонымен қатар Л.Керімов қиын оқушылардың адамгершілік сапаларының
төмендеуіне отбасы тәрбиесінде кеткен қателіктермен қатар, мұғалім мен
олардың арасындағы қарым-қатынастар жүйесіндегі кемшіліктерді де бөліп
көрсетеді:
1. Мораль белгілері мен заң ережелерін ұстамауға бейімділігі бар
оқушыларды алдын-ала айқындай алмау.
Мұғалімдердің кейбіреулері оқушының дара ерекшеліктеріне,
адамгершілік тәрбиесі нормасынан ауытқу себептеріне көңіл аудармаған.
Мектеп ұжымы тәрбие жұмыстарын жоспарлы қадағаламаған.
2. Қиын оқушылармен тіл табыса алмай, яғни жеке психологиялық
ықпалдар жасай алмаудан барып, этикаға жатпайтын тәсілдерді: ұрысу, әрбір
қылықтарын талдауға алу, орынсыз жазалау, қандай да бір жөнсіз
әрекеттер болсын оны сол балаға жабу, кемсіту т.б қолданған. Дұрыс
қолданылмаған шара жасөспірімнің ыза-кегін туғызып, қарсылық көрсетеді.
3. Кейбір педагогтардың кәсіптік деңгейлерінің төмен болуы және
психологиялық тұрғыдан балалармен жұмыс жүргізуге дайындығының
жеткіліксіздігі, өз пәндерінен білімдерінің таяздығы, тәрбие жұмыстарын
өткізу мен ұйымдастыруда әдістемелік шеберліктерінің төмен болуы себеп
болған. Олар қиын балалардың денсаулық жағдайынан хабардар болмаған.
Себебі, көптеген педагогтар жұқпалы аурулардың түрлерін, олардың барысын
білмейтіндігі анықталды. (24. б.7(.
Біздің қоғам дамуының күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға және
нақты қоғамдық тығырыққа тірелуі, адам ағзасына қауіпті экологиялық орта,
дәрігерлік қызметтің нашарлығы, т.б. балалардың денсаулығына, мінез-
құлқына, оқу үшін әлеуметтік психологиялық бейімделуге қатысты қиын
мәселелерді тудырып отыр.
Кеңестік психология ғылымы жеке адамның адамгершілік өрісін
қалыптастырудың ерекшеліктерін терең зерттеу негізінде әлеуметтік жат мінез-
құлықтың құрамы да, өзіне тән ерекше қасиетінің фактісі де туа біткен
механизмдермен анықталмайтынын нанымды көрсетіп берді. Қиын аталатын
балалар - педагогикалық назардан тыс қалған балалар.
Олардың жеке басының адамгершілік жағынан өзгеруі - педагогикалық
қателіктердің салдары (әңгіме нерв жүйелері қажыған, ақыл-ойлары артта
қалған балалар туралы емес, психикалық және дене жағынан сау балалар туралы
болып отыр). (31(.
Қазақ тілі терминдерінің педагогика және психология бойынша түсіндірме
сөздігінде қиын балалар ұғымының мәні былай ашып көрсетіледі: қиын
балалар - тұлғалық дамуында көрінеу ауытқулары бар екенін көрсететін
балалар санаты. Әдетте, балаларды бұл санатқа қосқанда олардың оқу-тәрбие
процесінің дұрыс өтуіне кедергі болатын даралық-психологиялық
ерекшеліктерінің сыртқы көріністері негізге алынады. Баланың мінез-
құлқындағы кәнәраттардың себептері алуан түрлі болады, оның қиын деп
бағалануы көбіне нақты психофизиологиялық сипаттамасын көрсетпейді, ол
туралы ата-аналар мен педагогтардың пікірін білдіреді. Қазіргі әдебиетте
қиын балалар деп, әдетте, мінез-құлықтары жалпы қабылданған нормалардан
көп ауытқитын және дұрыс тәрбиелеуге кедергі жасайтын балалар аталады.
Сондықтан оларға қатысты тәрбиеленуі қиын балалар деген термин синонимі
қолданылады, осы арқылы олардың педагогикалық қағидалар бойынша
тәрбиеленуге мүлдем бейімсіздігі және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz