Телімдік станция


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Темір жол - Қазақстандағы жүк тасымалының негізгі көлік түрі болып табылады. Қазақстан жерінде тұңғыш темір жол магистралі 1894-1896 жылдары 25 қазанда Покров Слабодасы қаласы. Орал тар табанды темір жолы телімдерінің құрылысы аяқталғанан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі қазақ даласын басып өтті. Арада 4 жыл өткен соң Орал Астрахан тар табанды темір жолы іске қосылды, мұның 77мың км шақырымы қазіргі қазақ даласын басып өтті.

Солтүстік Қазақстаның дамуы үшін, 1891-1896 жылдары салынған транссібір магисралі дәлірек айтқанда, оның қазақстандық 190 шақырымы маңзы зор болды. 1901-1906 жылдары Қазақстан жерінде 1600 шақырымдық аумағын алған, Орта Азиямен Ресейдің ортасын қосатын Орынбор Тәшкент тар табанды темір жолы салынды. 1914-1917 жылдары болашақ түріксі-бір бір бөлігі Жетісу бөлігнде Арыс-Ташкент телімі салынды. 1915 жыл Челенский Қостанай Қазақстан арқылы 166 км магисралы салынды. 1915-1917 жылдары салынған Алтай Семей 122 шақырымды Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқада 1918 жылыға дейін 117 шақырымы Екібастұз Ермек тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды.

Кеңес заманында алғаш темір жол 1925 жылдары салынған Көкшетау телімі болды. Қазақстан түкпіріндегі аймақтардың дамуы үшін, және астықты шаруаға қажеттілігне байлансты 1926-1931жылдары Бурабай демалыс орыны және Ақмола станциясы арқылы Қаражалға дейінгі жалпы ұзындығы 700 шақырымды алатын жол телімі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіп орынынң дамуына себепші болған, 1926 жылыдан бастаған Гурьев Достар тар табанды темір жолы ықпал етті. 1927-1930 жылдары аралығнда салынған жалпы ұзындығы 1440 км Түркстан Сібір (Түріксібір) магисралінің аяқталуына байлансты респбуликаның экеномикалық дамуына және шөлді жерлерді игеруге әсер етті.

Орталық Қазақстан дамуы үшін, 30 жылдары салынған Ақмола-Қарағанды- Балқаш 490 шақырымды, ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгер жол телімдерінің маңызы зор болды. Алтай тау кен өндірісінің дамуы үшін 1930 жылдары салынған Зриянға дейінгі жол шешуші рөл атқарды. 1936-1939 жылдары Қазақстан орталық Ресеймен байланстырған Сартовка шағын жол телімі. Орал және Есіл жол телімдері салынды. 1936-1939 жылдары салынған Ембідегі мұнай кәсіп орынының ашылуымен байланысты жақындатқан Гурев Атырау Қанжалған магисралы өзінің стратегиялық маңыздылығын ұлы отан соғыс жылдары дәлелдеді.

1939-1943 жылдары салынған Ақмола Қаражал желісі Қарағандының көмірін батыс Оралға жеткізіп қамтамасыз еттіп маңызды нысан болып табылды. Сол жылдары Көксу-Текелі, және Атасу-Қаражал, телімдері іске қосылды. Қазақстанда шойын жолдың жалпы ұзындығы 10 мың шақырымға жетті. Ұлы отан соғысы жылдары темір жол бойында, дала шаруашылығына және жылжымалы құрамды жөндеу және өндірістік база құрылды. 1950 жылдарыға қарай салынған Мойынты-Шу (440КМ), жол телімдері салынғанан кейін, жылдын өзкті жаңалығы болды. Осылай транссі-бір магсиралі Түркстан Сібір жобасына бірігіп, еліміздің барылық жерінен өтетін, Петрапавл, Көкшетау, Ақмола, Қарағнды, Шу, Мойынты темір жолдары қосылды.

1958 жылдары 1 шілдеде КСРО ең ірі темір жолының құрылысының ұызндығы 11мың шақырымнан асатын, ал 15 бөлімшенің құрылысы және Қазақстаның, Орал Сібір Волга жағалауында Қырғызстан Азияны қосып барылық кеңкстік маршруттық магисралін бекітті. 1960 жылдары шөлді өлкенің дамуына байланысты темір жолы салынды.

Қазақстан Республикасы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздері маршруттарының қамтамасыз етілуін, инфрақұрылымының жай-күйін, халықаралық тасымалдаулар дамуын талдау нәтижесінде біріншіден, Қазақстандағы, сондай - ақ шекаралас территориялардағы, тіпті магистралді бағыттағы инфрақұрылымының қазіргі талаптарға жауап бермейтінін аңғартты және транзиттік көлік дәліздері мен шекара маңындағы өткелдер көлемінде көліктік-логистикалық орталықтарды ұйымдастыру мен салу негізінде әрі қарай жетілдіруді қажет ететіндігі айқындады.

Оны қажетті бәсекелік күйге келтіру үшін инвестициялардың үлкен көлемі қажет. Тек ұлттық мүдде көзделетін әлемдік көліктік жүйеге ену үшін транзиттік жүк тасымалдарын басқаратын көліктік-логистикалық орталықтарды құруды қамтитын инвестициялық жобаларды кезектеп жүзеге асыратын инвестициялардың ішкі көздеріне ғана негізделу қажет.

2009 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық компанияның табыс мөлшері 500 миллиард теңгені құрады. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 2 пайызға артық деген сөз. «Қазақ теміржолы» Ұлттық компаниясының бір жылдағы таза табысы 15 миллиард теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, компания экономикалық дағдарысты ескере отырып, әкімшілік және өзге де шығындарды қысқартудың нәтижесінде 28 миллиард теңгені үнемдеуге қол жеткізген.

Соңғы кезде компания жолаушылар тасымалы мен оның тиімділігіне айрықша мән беруде. Компания басшысы Асқар Маминның айтуынша, алдағы уақытта жүрдек поездардың санын арттырып, вагон тапшылығын жою қолға алынбақ. «Қазақстан теміржолы» келесі жылдарда 1, 5 мың локомотив, 76 мың жүк және 1, 7 мың жолаушылар вагонын алуды жоспарлап отырған көрінеді. Ол үшін 4 триллион теңге жұмсау жоспарланған.

Телімдік станция

1 Станцияның техникалық-пайдалану сипаттамасы.

Темір жол желісі белгілі бір бағытта телімдік және сұрыптау станцияларымен шектелетін жеке телімдерге бөлінеді.

Телімдік станциялардың негізгі қызметі - транзиттік жүктер мен жолаушы поездарын өңдеу. Бұл жұмыстар локомотивтер ауысымы кезінде немесе локомотивтік бригадалар ауысымында поездарды ағытпай бақылауда, техникалық бақылауда және вагондарды ағытпай жөндеуден өткізгенде жүктің дұрыс тиелуін және дұрыс орналастырылып сақталуын тексеруге арналған коммерциялық бақылау кезінде орындалады.

Телімдік станциялар транзитті поездарды өңдеуден басқа тағы телімдік, құрама, сыртқа (шетелге) шығатын, тарататын және басқа да поездарды қабылдау, қайта құрастыру және жөнелту операцияларын орындайды.

Көршілес телімдік станциямен ара қашықтығы (телім ұзындығы) тартым түріне және поездардың локомотивпен қамтамасыз етілу тәсіліне тәуелді. Негізгі депоның орналасу қашықтығы - 360-450 км, ал айналымды депоның орналасу қашықтығы - 180-250 км.

Осы белгілеріне байланысты телімдік станциялар негізгі деполы және айналымды деполы станциялар болып бөлінеді.

Негізгі депоның құрамы локомотивтер паркінен, өндірістік-техникалық ғимараттан, құрылғылар мен жабдықтардан тұрады. Сонымен қатар оған депо штатына жататын локомотив бригадасы да кіреді. Негізгі деполар поездардың телімде қалыпты және апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық қызмет түрлері мен локомотивтерді жөндеу жұмыстарының барлығын жасайды.

Айналымды (оборотное) депо - локомотив бригадалары ауысыммен немесе ауысымсыз жұмыс істейтін телімдердегі локомотивтердің айналымы болатын депо. Ол негізгі депоның құрамына кірмейді.

Айналым пункттерінде және локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттерінде техникалық бақылау жүргізіледі және локомотивтер жанғыш материалдармен, құммен жабдықталады. Сондай-ақ сапар арасындағы локомотив бригадаларының демалысы қамтамасыз етіледі. Поездарды қабылдау, өңдеу және жөнелту операцияларын орындау үшін телімдік станцияларда қабылдау-жөнелту парктері орналасады.

Парктердің өзара орналасуы телімдік станция сұлбасының негізгі ерекшелігі.

Телімдік станция парктері көлденең, бойлық, жартылай бойлық болып орналасады. Көлденең телімдік станциялар бір жолды телімде орналасады және екі бағыттағы транзитті поездарды қабылдауға, өңдеуге және жөнелтуге арналған бір қабылдау-жөнелту паркі болады.

Бойлық типтегі телімдік станциялар көбінесе екі жолды телімдерде салынады. Осы телімдерде түрлі бағыттардағы поездарды қабылдау-жөнелту парктері біртіндеп орналасады. Осыған байланысты көлденең типті станциядағыдай жүк және жолаушы поездарының маршруттарымен қиылысу болмайды.

Бойлық типтегі станцияның салынуы үшін көлденең типті станциядан гөрі ұзынырақ станциялық алаң қажет. телімдік станция Поезддардың қызмет көрсетуін, локомотивті бригадалардын жұмысын, техникалық тексеруді, қозғалмалы құрамның экипировкасы мен жөндеуін, жинақтық және телімдік поезддар жұмысын ұйымдастыру үшін темір жол бағыттарын олардың аумақтарына бөлімшелік станцияларды орналастыратын аймақтарға бөледі. Темір жол бағыттарында бөлімшелік станциялардың орналасу сипаты жүктеу түріне, поезддардың локомотивтермен және локомотивтік бригадалармен қызмет көрсету әдісіне байланысты. Жаңа бағыттарда бөлімшелік станциялардың электрлі жүктемесі кезіндегі негізгі депомен қашықтығы 700 . . . 1000 км, ал тепловоздықта - 500 . . . 800 км.

Телімдік станцияда телімдік станциямен салыстырғанда жолаушы тасымалдау операциялары үлкен көлемде орындалады. Станцияға тоқтайтын транзитті поездар жолаушылар поездарына арналған басты немесе қабылдау-жөнелту жолдарына қабылданады. Жолаушыларды отырғызу және түсіру, багаж бен поштаны тиеу және түсіру жұмыстары орындалады. Жедел поездар басты жолмен аялдамасыз өткізіледі.

Телімдік станциядағы жүк операцияларына жүк аудандарындағы тиеу мен түсіру жұмыстары, кірме жолдарға қызмет көрсету, жүктерді өлшеу және тағы басқалар жатады.

Телімдік станциялар транзитті жолаушылық және жүктеу поезддарын жіберуде, локомотивтермен немесе локомотивтік бригадалармен алмастыру үшін, сондай-ақ тек локомотивтік бригадаларды алмастыру, техникалық қызмет көрсетумен вагондарды коммерциялық тексеру, техникалық қызмет көрсету локомотивтердің экипериковкасымен жөндеуі, вагондардың босамауы жөндеуі телімдік және жинақтаушы поезддардың құрамын, жолаушыларға қызмет көрсету жүкпен поштаны қабылдау, беру жүктемелі ауданда жүктерді жүктеу мен жүктеуден шығару, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы кірме жолдарға қызмет көрсетуге арналған.

Жоғарыда аталған жұмыстарды орындауда телімдік станциялар жолаушылық қатынас пен жолаушылық қызмет көрсетуді, жүктемелі қозғалыс үшін жолдарды, жүктемелі аудандарда локомотив және вагондар шаруашылығын қамтамасыз ететін, қондырғыларға ие болады.

Жолаушылық қатынасты қамтамасыз ететін қондырғылар жолаушылық ғимараттардан, платформалардан, жерасты жолдардан, пешеходты көпірлерден пошталы және жүктеу бөлмелерден қабылдау-жөнелту жолдардан сондай ақ ақырғы жолаушылық поезддар құрамындағы тұрақтар жолынан тұрады. Транзитті жолаушылар поезддарын қабылдау жөнелту үшін жолдар саны, негізгілермен бірге станция бағытындағы жолдар санынан кем болмауы тиіс.

Жүктемелік қатынас үшін жол қондырғыларының құрамына қабылдау жөнелту, сұрыптау және тартымды жолдар кіреді. Паркте біріктірілген қабылдау жолдары станцияның технологиялық процестерімен қарастырылатын, поезддардың техникалық жөндеу мен коммерциялық тексеру кезінде тұрақ қызметін атқарады.

Телімдік станциялардағы қабылдау жөнелту жолдарының қажетті саны темір жол станциялары мен түйін курсында көрсетілген әдістемеге сай есептелу керек.

Жүктен түсіру пунктеріне келетін вагондар жолының ұзындығы вагондар санына және әр түрлі пунктерге тәулік ішінде берулеріне байланысты.

Телімдік станциялардағы жұмыстарды орындау үшін кең таралған қондырғылар тартымды жолдар болып табылады.

Бұл жұмыстардың өнімділігін арттыру үшін локомотивтің жылжу нүктесі әсерінен, сонымен қатар вагонның ауырлық күш әсерінен вагондарды сұрыптауға мүмкіндік беретін аз қуатты профилденген тарту жолдары қолдананылады.

Жүктеу опацияларын орындау үшін жүктеу аудандары жол дамуына, жүк сақтау орындарына, сонымен қатар жүктеу, жүктен алу жұмыстарын орындайтын механизмдерге ие. Жүктеу, жүктен алу, жүкті сақтау үшін жабық қоймалар, ашық және жабық платформалар, тыстық және контейнерлік алаңдар ұйымдастырылады. Жүктік аудан, әдетте сұрыптау паркының жанында орналасады, ол осы парктан вагондар берілуін жүктеу жеріне, және керісінше, бас жолдардың қиылысуынсыз жүктен шығаруға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Станцияның техникалық-пайдалану сипаттамасы
Станция мен тартым ауданының техникалық – экономикалық сипаттамасы
Учаскелік стансаның технологиялық процесі
Темір жол станциялары мен тораптары
Жаңа телімдік станцияны жобалау
Дәрістер жинағы туралы
Құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару мамандығы бойынша тәжірибе есебі
Станциялардың түрлері. Аралық станция
Жол қозғалысын ұйымдастырудың құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz