Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны туралы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1. ОТБАСЫ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ БАЛА ДАМУЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ . . . 4

1. 1 Отбасы - бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік . . . 7

1. 2 Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі . . . 14

2. ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ: ҰЯДА НЕ КӨРСЕҢ . . . …… . . . … . . . 16

2. 1 Қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері18

3. БАЛА ТӘРБИЕСІ ОЛ - ҮЛКЕН БІР ҒЫЛЫМ . . . 21

3. 1 Бала тәрбиесі ана құрсағынан басталады . . . 22

3. 2 Ата-ананың міндеті . . . 24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

КІРІСПЕ

Отбасы тәрбиесі - көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.

Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.

Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.

Отбасы - тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, "Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе"- деп ұлы ғұлама М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметгік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру. Әміршіл-әкімшіл ықпал, заң алдындағы жауапкершілік, қатаң талап не үркіте зорлаудың заманы өтті - алдыратын лыпасы жоқ пенде неден қорықсын. Тек кеңпейіл мұғалім жан дүниесімен сәулеленген қайырымдылық, мейір, нақты көмек, ұстаздық жана-шырлық қана күйзеліске ұшыраған ата-аналар көңіліне демеу беріп, өз перзенттерінің жарқын болашағы үшін күресте шаршап-шалдығудан азат етері кәміл;

Адамдардың рухани дүниесін қалыптастырып, нығайтуда зайырлы мектеп пен мұсылмандық тәрбие ошағы - мешіттердің ықпалдарын біріктіру әрі осы ықпалдарды жалпыланған қызмет түрінде шашыратпай, нақты отбасының нақты проблемасына бағыттау;

Елбасы Н. Назарбаевтың ұлы мұратымызға бағдарланған барлық заңнамалары мен халыққа жолдауларында ұлттық бағытта білім беру, ұлттығымызды халық тәрбиесі негізінде қалыптастыру жөніндегі мәселелері ерекше аталады. Сол себепті де қазіргі уақытта Қазақстанда тәрбие мен білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл бастамалар, әсіресе, ауыл мектептеріндегі оқу-тәрбие үрдістерін ұйымдастыруда педагог пен ата-ананың өзара ынтымақтастық қарым-қатынастарын қалыптастыруға бағыттайды. Бұл жерде педагог пен ата-ана халықтық педагогика дәстүрлері негізінде бір-бірінің үлгілі тәжірибелеріне суйене отырып, бала тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге жете алады. Олай болса, ұлттық тәлім-тәрбие ата-бабаларымыздың көне дәуірден бугінге дейін жас ұрпақ өкілдеріне ұлттық қасиеттер негізінде сапалы білім және саналы тәрбие беру жөніндегі тәжірибелер жиынтығын мектепте оқытылатын әрбір пәннің мұғалімі өз басшылығына алуы тиіс.

Балаға дұрыс тәрбие беруде эстетикалық тәрбиенің мәні үлкен. Өйткені, оқушының адамгершілік сезімін, жеке басының рухани деңгейін кеңейту, мінез-құлқын түзеп, толықтыру тек эстетикалық тәрбиенің еншісінде болмақ.

I ОТБАСЫ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ БАЛА ДАМУЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ

Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.

Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.

Oтбасы - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.

Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.
Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50%жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге, өмірдегі мкатериалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.

Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар, ”қызықты”әсерді іздеушілер өсіп шығады.

Қазіргі кезде отбасының “уақталу”процесі жүруде. Ол дегеніміз- жас ата-аналардан тұратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымды қатынастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегениен, жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі, бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, олард ышешу қоғамның құзырында.
Отбасы мүшелерінің келуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін құрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі; олар ата-аналардың жұмысбастылығын; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі; бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық жағдайы; ата-аналардың “өзі үшін өмір сүруге”ұмтылған тоғышарлық ұмтылысы және т. б. Бала туудың азаюы- шағын отбасындағы тәрбие әдістерін жасау деген және педагогикалық проблеманы алуға тосады.

Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады. Ажырасудың 90% тұрмыс қолайсыздығы мен дайындықсыздың салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс- жанжал, отбасылық кикілжіңді алдын алады.

Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады. Бұндай отбасыларда аға, әпке сияқты тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.

Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасында айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті - қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар еенгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне «өзінше» қиындық әкеледі.

1. 1 Отбасы - бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың табиғи құүқығы әрі парызы»деп отбасының міндеті анық көрсетілген. «Қазақстан - 2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі туралы айтылған. Сонымен бірге «Отбасы туралы Заң», »Жоғары және орта білім тұжырымдамасында» әрбір отбасында өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан - ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.

Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп өзінің «кім» және «қандай» екенін практикада сынап байқап көреді. Отабасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез - құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата - ананың үгіт - насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі - өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез - құлқы, жақсы - жаманды бағалау критерийлері қалыптасуымен қатар қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.
Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Сондықтан да жас баланың дамуына ата - ананың орны ерекше.

Отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді. Отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері - азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя игерген кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру.
Балалар өз бойынан ата - анасының бар болмысын көрсетсе, керісінше ата - аналар да өмірінің жалғасын балаларынан көреді. Әсіресе, балаларды жас кезінен бастап тазалыққа, жинақы - ұқыптылыққа, еңбекті сүюге және оның қадір - қасиетін түсінуге, үлкендерді соның ішінде жасы үлкен қарттарды құрметтеуге және оларға мейіріммен қарауға, ал өзінен кішілерге қамқор болуға үйрету ежелден келе жатқан тәрбие құндылықтары болып саналады. Ата - аналар өсіріп отырған ұл - қыздарын жағымсыз қылықтардан сақтандырып отырған. Сондықтан да баланың бойынан көрінген кейбір арзымайтын кемшіліктерді дер кезінде түзеп, ескерту жасап тұрудың маңыз үлкен болған. Себебі бүгін арзымайтындай болып көрінген кішкентай қателік, ертең үлкен бір даулы мәселеге жол ашып беруі мүмкін. Ал мұның соңы жақсы нәтижеге алып келмейтіні рас.

Отбасында жасы кіші балаларды ұқыптылық негізінде тәртіпке салу, мәдениетті етіп тәрбиелеу, оларды өздерінен үлкендерді құрметтеуге, оларға «сіз» деп сөйлеуге, сәлемдесу ережелеріне мән беруге, жағымсыз қылықтардан өздерін аулақ ұстауға үйретіп бару да өте қажетті маңызды мәселе.
Кейбір ата - аналар өз перзенттерін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді немесе отбасындағы өнегелі тәрбие мөлшеріне немқұрайдылықпен қарайды. Ал мұндай көріністер баланың бойында кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады. Бұндай қолайсыз жағдайларға тап болуына баланың өз ата - анасы кінәлі емес деп қалай айта аласыз. Бірақ осындай ата - аналар өз кемшілігін сезініп, өздері мойындай да бермейді. Бұл тәрізді жағдайлар аз болса да өмірде кездесіп тұратын шындық.

Қаншама ата - ана болса, баланы тәрбиелеу әдістері де, түрі де соншалықты болатыны анық жағдай. Олаға: жылы сөзбен көндіру, көнбесе қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу, жазалау т. б. Әдістер ата - аналар таңдаған тәрбиелік бағыт - бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласын тіл алғыштыққа тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың таңдаған әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды таңдастырып, қолданады.

Отбасылық тәрбие арасында ата - аналар баршаға бірдей ортақ жалпыланған әдістерді пайдалану үрдіске айналған. Мұндай әдістер түрі: сендіру, жазалау, кей отбасыларда педагогтер кеңесі мен тәрбиелік жағдайлар әдейі жасалып қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасында бала тәрбиелеу әдістері
Отбасы жүйесі
Бала тәрбиесі және отбасы
Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе ретінде
Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны
Отбасында педагогикалық процестерді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Отбасы және мектептің жағдайсыз отбасылармен бірлескен жұмысын ұйымдастыру
Отбасы - тәрбие факторы
Отбасы тәрбиесін жетілдірудегі педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz