Қылмыс субъектісі


Мазмұны:
Кіріспе4
- Қылмыс субъектісінің ұғымы негізгі белгісі . . . ……. 6Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік белгілері. . 9Қылмыс субъектісінің жасқа толу белгісі13
- Арнаулы субъектісінің түсінігі және түрлері……. . . 16
Қорытынды . . ………20
Қолданылған әдебиеттер . . ……. . 22
Кіріспе
Бүгінгі таңда қылмыстылық проблемасы ерекше назарда деуге болады. Біздіңше, нақ осы мәселенің актуальділігі, ең алдымен, қылмыс жасаушыларды ғылыми тұрғыдан танып - білмейіңше қылмыстылықпен ықалды күрес жүргізу мүмкін емес екендігінде болып отыр. Соның ішінде «қылмыс субъектісі» проблемасы қылмыстылықтың мәнін түсінудің кілті болып табылады десек қателеспейтін сияқтымыз. Субъект жөніндегі мұндай аспектілерді Ю. Антонян, Ю. Блувштейн, Б. Волков, Б. Волженкин, А. Герцензон, П. Дагель, А. Долгова, И. Карпец, В. Кудрявцев, А. Лейкина, Г. Миньковский және тағы басқа ғалымдар өз еңбектерінде жан-жақты қарастырған болатын. Ал, қазақстандық ғалымдардың ішінде бұл мәселе төңірегінде Н. Абдіров, К. Бегалиев, У Жекебаев, Е. Қайыржанов, Ғ. Мәуленов, М. Рәрікбаев, М. Сейітжанов және тағы басқа ғалымдар өз еңбектерінде жазды.
Қылмыс субъектісі зерттеу барысында көптеген таласты пікір - тұжырымдар жасалғаны белгілі. Өйткені, біріншіден, бұл ұғымды жекелеп бөліп алып қарастыру дұрыс па деген сұрақ туады. Екіншіден, тағы бір мәселе қылмыс жасаған адам тұлғасы мен заңды сақтаушы адам тұлғасы арасында ерекшеліктер бар ма, деген сұрақ төңірегінде өрбиді.
“Қылмыс субъектісі” ұғымының мазмұның анықтау және ашу жөніндегі мәселе теориялық тұрғыдан қылымс социологиясы үшін маңызды болса, ал практикалық тұрғыдан - жалпы қылмыстылықтың, әсіресе, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алды - алу және ескерту үшін аса маңызды болып табылады. Жалпылай айтатын болсақ, “қылмыс субъектісі” ұғымы қылмыс жасаушы индивидтің жеке сипатын көрсететін категория ретінде таңылады. Алайда, қылмыс субъектісі - өз бойында тұлғаны сипаттайтын жалпы және жеке қасиеттерді үйлестіретін, әрі қайталанбайтын дара индивид. Сондықтан да қылмыс субъектісіне бір ғана өлшеммен қарауға болмайды.
Қорыта айтқанда, қылмыс субъектісі ретінде қылмыс жасағанға дейін қалыптасады. Сонымен бірге қылмыскер тұлғасы - бұл қылмыс жасаған адамның жеке сипатын көрсететін социологиялық категория, ал бұл ұғымның мазмұны тұлғаның тек теріс жағын ғана емес, сондай- ақ жағымды жақтарын да, тіпті тұлғаның криминогенді ерекшеліктерін және де оның қылмыстық әрекетіне қарама- қарсы тұратын және қарсылық көрсететін бүкіл жақсы қасиеттерін де міндетті түрде қамтуы қажет. Олай болса, біз, қылмыс жасаған адамның бойынан жеке және жалпы белгілеріне ие индивидті, қоғамның толық құқылы өкілін, біздің болсымыздың, өкінішке орай, көлеңке жағын ашатын адамды көруіміз қажет.
Өзінің тіршілік әрекетінде қылмыс жасаған адамды, оның тұлғасының қалыптасу процесін, оның әрекетіндегі қоғамға қарсы бағыттылықтың пісіп - жетелуіне жағдай жасайтын ішкі және сыртқы жағдайларды, әлеуметтік және психологиялық факторларды зерттеу - жеке қылмыстық әрекеттің себебін анағұрлым толық ашуға апаратын жолдардың бірі ғана емес, сонымен бірге жалпы қылмыстылықпен күрес жүргізудің бірден - бір тиімді жолы табылады.
Енді біздің бұл жұмыстағы басты мақсатымыз - қылмыс субъектісін терең, жан - жақты талдап, бұл жұмыстың тақырыбын кеңірек ашу.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін алдымызда міндеттер қою керек.
Курс жұмысын жазу барысында алдымызға қойылған міндеттер:
- Қылмыстық субъектісіне сипаттама беру;
- Қылмыс субъектісінің түрлерін терең зерттеу;
Мағынасын кең ашып көрсету.
1. Қылмыс субъектісінің ұғымы негізгі белгісі.
Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстық кодекстің 4, 6, 7, - баптарының талаптарына сай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтығы жоқ адамдарға, сондай - ақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды, қоғамға қауіпті іс - әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам - азамат тартылады. Заттар, жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірген зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Егер адам жануарларды немесе табиғи күштерді пайдалану арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысалы: қабаған итке адамды қасақана әдейілеп қаптырса, онда сол адам жөнінде қасақана дене жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі қарастырылады, ал мұндай жағдайда ит қылмыс субъектісі емес, қылмысты істеудің құралы болып табылады.
Сондай - ақ заңды тұлғалар - мекеме, ұйым кәсіпорын және басқа да заңды ұйымдар қылмыстың субъектісі болып танылмайды. Қайсыбір кәсіпорын, мекеме, ұйымда еңбек қорғау ережелерінің елеулі бұзылуы үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым, кәсіпорын емес, сол еңбек қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса жауаптылыққа тартылады. Жаңа Қылмыстық кодекстің 14 - бабында (1 -бөлігі) «есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа тартылуға тиіс» деп тура айтылған. Осыған орай, яғни қылмыс субъектісі болып тек қана жеке тұлға - адам саналады. Бұл субъектінің бірінші белгісі болып табылады.
Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылыққа өзінің істеген іс - әрекетіне есеп бере алатын және өзін - өзі басқаруға қабілеті бар адамды, яғни есі дұрыс адамды ғана тарта алады. Адам қоғамға қауіпті іс - әрекет істеген кезде өзінің іс - әрекетіне есеп бере алмаса, яғни қылмысты есі дұрыс емес күйде істесе, онда ол адамның іс - әрекетінде кінәнің екі нысаны: қасақаналық пен абайсыздық жоқ деп есептеледі. Қоғамға қауіпті іс - әрекетін ұғынып, оның мағынасына жетіп, ақылмен, естілікпен істеген есі дұрыс адам ғана қылмыс үшін кінәлі деп танылады.
Керісінше, қоғамға қауіпті іс - әрекет істеген кезде есі дұрыс емес күйде, өзінің іс - әрекеті жөнінде өзіне есеп бере алмайтын, өз әрекетін басқара алмайтын адам қылмыс субъектісі болып кез келген адам ғана емес, тек есі дұрыс адам танылады. Бұл қылмыс субъектісінің екінші белгісі болып табылады.
Өзінің іс - әрекетін сезу, және оны басқара алу дені сау адамға туған кезден бастап қалыптасады, пайда болады. Адам белгілі бір жасқа толған кезде қалыптасқан өмірлік тәжірибесі арқылы өзін қоршаған ортадағы құбылысқа дұрыс баға беру, сол ортаға өзінің іс - әрекетінің пайда не зиян келтіретінін ұғыну, нақты жағдайларға байланысты іс - қимыл жасап құқық, мораль нормалары арқылы тыйым салынғандарды істеу - істемеу немесе ондай қимылдан бас тарту мәселелерін шешуге толық қабілетті болады. Психолог, психиатр, педиатыр, педагог және заңгер мамандардың тұжырымына сәйкес мұнда жас мөлшері 16 жасқа толған уақыт деп белгіленген. Осы жасқа толған жас - өспірімдер өздерінің қылмыстық заңға қайшы кез келген іс - әрекеті үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Қылмыстық кодекстің 15 - бабында көрсетілген кейбір қылмыстарды істегені үшін мұндай жауаптылық одан ертерек жаста - 14 жасқа толған уақыттан басталады. Яғни, қылмыстық заңда көрсетілген белгілі бір жасқа толу қылмыс субъектісінің қажетті белгісінің бірі болып табылады. Сонымен қылмыстың субъектісі болып қылмыстық заңда көрсетілген жасқа толған, есі дұрыс жеке адам саналады.
Қылмыстың субъектісі жалпы және арнаулы болып екі түрге бөлінеді. Есі дұрыстық, заңда белпленген жасқа толу және жеке адам болу сияқты белгілер барлық қылмыстарға тән, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субъектінің түсініпн береді.
Жалпы субъектінің осы белплермен қатар жекелеген қылмыстың құрамының ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады. Мысалы: мемлекттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстың барлығы дерлік арнаулы мемлекеттік қызметшілер арқылы істеледі. Бұл жерде мемлекеттік қызметші арнаулы субъект болып табылады, әскери қызметшілер істейді, сондықтан әскери қызметшілер де қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады.
1. 1 Eci дұрыстық және есі дұрыс еместік белгілері.
Жоғарыда аталып кеткендей, қоғамға қауіпті іс - әрекет істегені үшін есі дұрыс адам заң бойынша жауап беруге және жазалануға жасы толған адамдар ғана қылмыстың субъектісі болып табылады. Eci дұрыс емес адамдар қылмыстың субъектісі болып табылмайды, сол себепті олар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Мұндай адамдарға істеген іс - әрекеттері үшін қылмыстық жаза болып табылмайтын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мұмкін (ҚК 89, 95 - баптар) . Адам қоғамға қауіпті іс -әрекетті істеген уақытында өзінің мінез - құлқының қоғамға қауіптілігін сезетін, ұғынатын және өзі істеген іс - әрекетін басқара алатын болса, ол есі дұрыс адам деп саналады. Бұл - есі дұрыстықтың бірінші белгісі, ал екінші белгісіне адамның қоғамға қауіпті іс - әрекетін істеген уақытта өзінің іс -әрекетінің мәнін сезіп, ұғынуы және оны басқаруға қабілетінің болуы қылмыстық құқықтағы кінә туралы түсінікпен тығыз байланысты. Яғни, қоғамға қауіпті іс - әрекетті істеген кезде оны істеушіге әйтеуір кінәнің бір түрі қасаақаналық немесе абайсыздық болуы тиіс. Өйткені, кінә қылмыстық жауаптылықтың басты, негізгі алғышарты болып табылады. Өз әрекетінің мәнін түсінбейтін және өзін - өзі басқаруға қабілеті жоқ адамдарда кінә да болмайды, сол себепті олар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қылмсытық кодекстің 1. 6 - бабында есі дұрыс еместіктің түсінігі берілген. Онда:
- Осы Кодексте көзделген қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс - әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін үғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адм қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес.
- Есі дұрыс емес деп танылған адамға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін, -делінген.
Есі дұрыс еместіктің ұғымын ашып көрсеткенде қылмыстық құқық ғылымы екі белгіні: медициналық (биологиялық) және заі-щылық (психологиялық) белгіні қолданады. Заңдылық белгі бойынша сот қоғамға қауіпті іс - әрекетті істеген адамның өзінің іс - әрекетіне есеп бере алатынын және оны істегенде өзін басқара алатынын анықтайды.
Медициналық (биологиялық) белгі бойынша қоғамға қауіпті әрекетті істеген адамның ауырлық жағдайына байланысты болған қабілетсіздігінің себебі анықталады. Адамның кез келген ауырлық жағдайы оны есі дұрыс емес деп тануға негіз болмайды, сол аурулардың ішіндегі адамға өзінің іс - әрекетін нақты дұрыс бағалауға бөгет жасайтын аурулар ғана оны есі дұрыс емес деп тануға негіз болады. Сондықтан медициналық белгі міндетті түрде заңдылық белгімен қабаттасуы қажет. Тек осы екі белгі бірдей болған жағдайда ғана адам есі дұрыс емес деп танылуы мүмкін. Медициналық белгінің түсінігі сот -психиатрия ғылымы белгіленген жалпы ережелерге негізделген. Қылмыстық құқық есі дұрыс еместіктің түсінігін осы ережелерді басшылыққа ала отырып, өз ерекшеліктеріне сәйкес түсіндіреді.
Медициналық белгілерге қылмыстық заңда төрт түрлі ауру жатқызылған:
- Созылмалы психикалық ауру. Бұл ауруға жазылмайтын немесе жазылуы өте қиын, ауырлық жағдайы өрістей беретін аурулар жатады. Бұған: шизофрения, желікпе, депрессиялық есаландық, ми мерезінің салдарынан үдемелі сал ауруына шалдығу, кәрілікке байланысты дамыған есалаңдық және басқалары.
- Психикасының уақытша бұзылуы. Бұған жататындар: алкогольдіқ есаландық, паталогиялық маскүнемдік, белая горячка т. б. аурулары. Бұл аурулар тез пайда болады, емделген жағдайда артынан жазылып кетуі де мүмкін.
- Кемақылдық. Бұл - адамның ақыл - ой қабілетінің төмендеуінен туындайтын аурулар. Мұндай аурулар тұрақты туа біткен ауыр нерв ауруының (делбе, энцефалит, мидың зақымдануы) әсерінен пайда болады. Кемақылдықтың үш түрі бар. Дебильдік (жеңіл түрі), имбецильдік (орташа түрі), идиотия (ауыр түрі) .
- Психикасының өзге де дертке ұшырауы. Бұл сырқаттағы күйге жататындар психикалық аурулардың қатарына жатпайтын, бірақ адам психикасының бұзылуына әсер ететін әр түрлі аурулар жатады. Бұған әр түрлі жұкпалы аурудың әсерінен адамның сандырақ күйге түсуі, ауыр жарақаттан пайда болған ми ісігі немесе нашақорлық аштығынан болған жарақаттар жатады.
Заңдылық (психологиялық) белгі адамның өзінің істеген әрекетіне есеп бере алмауынан (интеллектуалдық кезеңнен) немесе өзінің әрекетін басқара алмауынан (еріктілік кезеңнен) тұрады. Интеллектуалдық кезеңнің мазмұнына адамның өзінің істеген іс - әрекетінің шын мәніндегі жағдайын түсінбейтінін, оның қоғамға қауіпті мәнін яғни, қоғам, басқалар үшін өз мінез - құлқының зияндылығын сезбейтінін көрсетеді. Ақыл - ойдың бұзылуы еріктің бұзылуына себепкер болып, адамның өзінің іс - әрекетін басқара алмайды. Кейде адам өзінің әрекетінің мәнін түсінгенімен, аурулық жағдайына байланысты өзін басқара алмайтын кезеңдер де болады. Мысалы: наркотикалық аштық жағдайындағы адам, өзіне жедел жәрдем көрсетуші медицина қызметкеріне шабуыл жасап, одан наркотикалық зәрі бар нәрсені тартып алуда өз мінез -құлқының қылмыс екенін сезеді. Бірақ та наркотикалық тәуелдіяікке байланысты еріктілік жағдайының терең бұзылуы салдарынан өзін - өзі ұстауға, басқаруға қабілеті болмайды. Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін сот психиатриялық сарапшының қорытындысы қажет. Есі дұрыс емес деп танылған медициналық белгінің нышандарының кем дегенде біреуін және заңдылық белгінің нышандарының интеллектуалдық еріктілік белгілерінің екеуінде немесе аурулық жағдайдың кейбіреулері үшін тек қана еріктілік белгісін анықтау қажет. Осы екі белгі қабат болғанда ғана есі дұрыс еместіктің мәселесі шешіледі. Белгіленген тәртіппен есі дұрыс емес деп танылған адамдар қылмыс субъектісі болып табылмайды, демек, бұл оның іс - әрекетінде қылмыс құрамының жоқ екендігін білдіреді. Қылмыстық кодекстің 17 - бабының 2 -бөлігінде есі дұрыс күйінде қылмыс істеген, бірақ сот үкім шығарғанға дейін өзінің әрекеті жөнінде өзіне есеп беру немесе өзінің әрекетін басқару мүмкіндігінен айырылып қалған, есі ауысу дертімен ауырып қалған адамды жазаға тартпау туралы айтылған. Есі ауысқан адам сот процесінің мәнін, жазаның мақсаттары мен мазмұнын дұрыс түсінбейді, мұндайда сот -психиатриялық сараптың қорытындысына сәйкес, есі ауысуы уақытша деп танылса, іс өндірістен тоқтатылады да, ондай адамға соттың тағайындауы бойынша медициналық сипаттағы еріксіз емдеу шаралары қолданылуы мүмкін. Ал уақытша есі ауысу дертінен айыққаннан кейін жазалануы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 18 - бабында мас күйінде істеген қылмыс үшін жауаптылық қарастырылған. Осы бапқа сәйкес қылмысты мас күйінде істеген адам (спирттік ішімдікті, есірткі немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдаланудың нәтижесінде) қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Демек, мұндай адам қоғамға қауіпті іс - әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Мастықтың екі түрі бар: физиологиялық және патологиялық мастық.
Физиологиялық мастыққа күнделікті кездесетін мастық жатады. Мұндай жағдайда қылмыс істеген адамды есі дұрыс емес адамның қатарына жатқызуға әсте болмайды.
Патологиялық мастыққа алкоголь ішімдігін, есірткі немесе басқа есеңгірететін заттарды үнемі пайдаланудың салдарынан дертке ұшырап, соның әсерінен өзінен іс - әрекеті туралы есеп беруден қалған, өзін - өзі басқару қабілетін жоғалтқандар жатады. Сот - психиатриялық сарапшының қорытындысына сәйкес, мұндай адамдар есі ауысқан деп танылуы мүмкін. Сондай адамдарға медициналық түрдегі еріксіз емдеу шаралары қолданылады. Ал айыққаннан соң өзінің істеген қылмысы үшін жалпы тәртіппен жазалануы мүмкін. Жаза тағайындалған мас болудың себебі, мастықтың дәрежесі және оның қылмыс істеуге ықпалы есепке алынады. Қайсыбір жағдайларда сот адамның мас күйде қылмыс жасауын жауаптылықты ауырлататын мән - жай деп тануы да, танымауы да мүмкін (ҚК 54 -бабы, 1 -бөлігі, «м» тармағы және 3-бөлігі) .
- Қылмыс субъектісінің жасқа толу белгісі.
Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыстың субъектісі болып заңда көрсетілген жасқа толған, есі дұрыс адам саналады. Адамды қылмыстық жауапқа тартудың ең негізгі шарттарының бірі оның белгілі жасқа толуы болып табылады. Өте жас балалар қылмыстың субъектісі бола алмайды. Өйткені, олар өздерінің тым жастығына сәйкес жеткілікті жағдайда өздерінің қоғамға істеген зиянды іс - әрекетіне жауап бере алмайды және өздерінің қылықтарын басқара алмайды. Сондықтан қылмыстық заң өзі арнайы көрсеткен жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстық жауапқа және жазаға тартуға тыйым салады. Кәмелетке толмағандардың жас мөлшері және оларды қылмыс субъектісі деп тану мәселесі. Қылмыстық кодекстің 15 - бабында арнайы көрсетілген. Осы бап бойынша қылмыстық жауапқа қылмыс істеген уақытқа дейін он алты жасқа толған адамдар тартылады.
... жалғасыҚылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кісі өлтіргені (96 - бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (103 - бап), ауырлататын мән - жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін (104 - бап, 2 - бөлігі), зорлағаны (120 - бап), жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (121 - бап), адамды ұрлағаны (125 - бап), ұрлық жасағаны (175 - бап), кісі тонағаны (178 - бап), қарақшылық істегені (179 - бап), қорқытып алғаны (181 - бап), ауырлататын мән - жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иеленгені (185 - баптың 2-3-4 бөліктері), ауырлататын мән - жайлар кезінде мүлікті қасақана жойылғаны немесе бүлдіргені (187 -баптың 2 -3 бөліктері), терроризм (223 - бап), адамды кепілге алу (242 - бап), қару - жарақты, оқ - дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны (225 -бап), ауырлататын мән -жайдағы бұзақылығы, (257 - баптың 2-3 бөлігі), вандализм (258 - бап), ауырлататын мән - жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүрдесін және олардың жерленген жерін қорлағаны (275 - бап, 2 - бөлік), көлік құралдары немесе қатынас құралдарын қасақана жарамсыз еткені (299 - бап), үшін қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс.
Бұл тізбекте келтірілген қылмыстар тізбегі тұжырымды, оны кең мағынада талқылауға болмайды. Осы көрсетілген қылмыстардың қоғамға қауіптілігін 14 жасқа толған әрбір адам сезеді, өз әрекетіне есеп береді, сол себепті де заң шығарушы көрсетілген қылмыстар үшін жауаптылықты 14 жасқа толған уақыттан бастап белгілеп отыр .
Қылмыстық заң қылмыстық жауапқа 16 жастан, ал кейбір заңда арнаулы көрсетілген қылмыстардың түрі үшін 14 жастан тартылатынын белгіленімен, кейбір әрекеттің мәнінің ерекшелігіне және субъектінің ерекше белгілеріне қарай, қайсыбір қылмыстардың субъектісі болып, жасы кәмелетке толған адамдар ғана тартылады. Мысалы: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту - 131 - бап, әскери қылмыстарда (16 -тарау) қылмыстың субъектісі болып тек жасы 18 - ге толған адамдар ғана танылады. Қылмыс істеген, кәмелетке толғандардың жасы, туған жылы, айы - күні дәлме - дәл анықталуы қажет. Адамның белгілі бір жасқа (14, 16, 18, 25) толуы дәл туған күнімен емес, одан кейінгі тәуліктен бастап есептелінеді. Кәмелетке толмағандардың жасы сот -медициналық сарапшының қорытындысы бойынша анықталғанда, оның туған күні болып сол аталған жылдың соңғы айының соңғы күні 31 желтоқсан) танылады.
Кәмелетке толмағандар жөніндегі істерді қарағанда соттар айыпкердің кім екендігін, оның тәрбие және өмір сүру шарттарын, қылмыстық ниетін, істеген қылмысының себебі мен жағдайын толық есепке ала отырып, оларға тәрбиелік сипаттағы шараларды қолдануды немесе жаза тағайындау мәселесін шешуі қажет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz