Ахмет Байтұрсынов — лингвист ғалым



Мазмұны

Кіріспе.
І. Ахмет Байтұрсынов — лингвист ғалым.
1.А.Байтұрсыновтың өмірі мен ағартушылық қызметі.
2.А.Байтұрсынов тіл мен әдебиетті зерттеуші ғалым.


ІІ.А.Байтұрсыновтың сөйлем синтаксисін дамытудағы үлесі.
1. А.Байтұрсыновтың сөйлем мүшелері жайлы ғылыми тұжырымдары.
2. А.Байтұрсыновтың сөйлем және оның түрлері жайлы көз қарасы.


Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
А.Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-аулында, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.
Ахметтің әкесі қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақов–арғын Үмбетей батырдың немересі.Шошақтың 4 ұлы болған: Байтұрсын, Ақтас, Ерғазы, Данияр. Олар жаратылысынан қажырлы, намысқор, Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда, «ірі мінезді адамдар» болғанға ұқсайды. Сондықтан болар, Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сиыса бермей, оларға тынышсыздау болады.Тіпті ауылдағы түгіл уезд басындағы ел билеушілердің зорлық-зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді.Сол үшін ел адамдары «кәрі ояз» деп атап кеткен палковник Яковлев 1885 жылдың күз күндерінің бірінде (12 октябрде) Жыңғылдының бойында отырған Шошақ аулына келіп,ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды ұстамақ болады сол сәтте ауылда болмай шыққан Ақтасты тауып бермедіңдер деп елге ойран салады,әйел-балаға дейін сабап, бастарына қамшы үйіреді .Ояз бен оның отрядының бұл бассыздығына шыдай алмаған Байтұрсын Яковлевтің озін атынан аударып алып,басын жарады, отрядымен ауылдан қуып шығады.Көп ұзамай бұл ауылға енді Ырғызбен Торғайдан шақырылған жазалаушы отряд келіп,ауылды өртеп, мал-мүлкін талап, бала-шағаны шулатып,еркектерді ұрып-соғып,ағайынды Ақтас, Байтұрсын, Ерғазыларды бірнеше ауыл адамдарымен қоса ұстап алып кетеді.оларды Торғайдың әскери гупвахтасына әкеліп жабады.Тұтқындарды Қазаннан келген Округтік әскери сот соттайды. Ақтас пен Байтұрсынды және бірнеше туыстарын 15 жылға «итжеккенге»— Сібірге каторгіге кеседі. Шошақтың үшінші ұлы Ерғазы төрт айға тұтқында отыру жазасын алады. Бұл —1886 жыл болатын,ол кезде бала Ахмет 13 жасар еді...
Ақтас пен Байтұрсынның балаларын Шошақтың үшінші ұлы,айдаудан аман қалған Ерғазы қамқорлығына алады: Ақтастың ұлы Аспандияр мен Байтұрсынның ұлы Ахметті Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне беріп оқытады. Оған дейін Ахмет ауылдағы мұсылманша сауатты адамдан үйреніп, хат таниды.Өзінің 1929 жылы жазған өмірбаянында; «1882—1884 жылдары бірде үйде,ауыл адамдарынан,бірде жақын маңайдағы ауыл мектебінен оқып, сауатымды аштым» деп жазады.Учелищені 5 жыл оқып, 1886 жылы түсіп, 1891 жылы бітіреді.
Ахмет учелищені бітірген кезде әкесімен ағасы айдауда (олар елге 17 жылдан кейін оралады), қамқоршы ағасы қайтыс болған еді, сондықтан Ахмет кедейшілік, жоқшылық тауқыметін көп көреді. Осы жоқшылықтан құтылу мақсатында оқу іздеп,Орынборға барды.Онда баяғыда Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын мектепке— «Учетельская школа дегенге түседі. Мұнда төрт жыл оқып, 1895 жылы бітіреді.Он шақты жыл оқып, орысша білім алған ол енді өзі қалаған пайдалы жұмысқа тұра алатын мүмкіндікке ие болады. Ал бірақ өзі бала оқытуды,ағартушылық жолына қызмет етуді қалайды.
Ол 1895—1909 жылдары Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде бала оқытады, екі кластық учелищелерде сабақ береді. Ахмет 1909 жылы шілденңң бірі күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан-нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көріп торығады,қинала жүріп ширайды, ақыры күреске белді бекем буады.Бостандықты аңсаған,күреске шақырған өлеңдер жазады.Ақыры Қазақстанда тұру қүқығынан айырылғандықтан 1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып наурыз айында Орынбор қаласына келеді.Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезеңдер басталып кетеді.1913—1918 жылдар арасында «Қазақ» газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске,өнер-білімге үндейді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе.
І. Ахмет Байтұрсынов — лингвист ғалым.
1.А.Байтұрсыновтың өмірі мен ағартушылық қызметі.
2.А.Байтұрсынов тіл мен әдебиетті зерттеуші ғалым.

ІІ.А.Байтұрсыновтың сөйлем синтаксисін дамытудағы үлесі.
1. А.Байтұрсыновтың сөйлем мүшелері жайлы ғылыми тұжырымдары.
2. А.Байтұрсыновтың сөйлем және оның түрлері жайлы көз қарасы.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

А.Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезіне қарасты Тосын
болысының 5-аулында, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.
Ахметтің әкесі қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақов–арғын Үмбетей
батырдың немересі.Шошақтың 4 ұлы болған: Байтұрсын, Ақтас, Ерғазы, Данияр.
Олар жаратылысынан қажырлы, намысқор, Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда,
ірі мінезді адамдар болғанға ұқсайды. Сондықтан болар, Байтұрсын
жергілікті әкімдермен көп сиыса бермей, оларға тынышсыздау болады.Тіпті
ауылдағы түгіл уезд басындағы ел билеушілердің зорлық-зомбылығына
көнбейтіндігін көрсетеді.Сол үшін ел адамдары кәрі ояз деп атап кеткен
палковник Яковлев 1885 жылдың күз күндерінің бірінде (12 октябрде)
Жыңғылдының бойында отырған Шошақ аулына келіп,ағайынды Ақтас пен
Байтұрсынды ұстамақ болады сол сәтте ауылда болмай шыққан Ақтасты тауып
бермедіңдер деп елге ойран салады,әйел-балаға дейін сабап, бастарына қамшы
үйіреді .Ояз бен оның отрядының бұл бассыздығына шыдай алмаған Байтұрсын
Яковлевтің озін атынан аударып алып,басын жарады, отрядымен ауылдан қуып
шығады.Көп ұзамай бұл ауылға енді Ырғызбен Торғайдан шақырылған жазалаушы
отряд келіп,ауылды өртеп, мал-мүлкін талап, бала-шағаны шулатып,еркектерді
ұрып-соғып,ағайынды Ақтас, Байтұрсын, Ерғазыларды бірнеше ауыл адамдарымен
қоса ұстап алып кетеді.оларды Торғайдың әскери гупвахтасына әкеліп
жабады.Тұтқындарды Қазаннан келген Округтік әскери сот соттайды. Ақтас пен
Байтұрсынды және бірнеше туыстарын 15 жылға итжеккенге— Сібірге каторгіге
кеседі. Шошақтың үшінші ұлы Ерғазы төрт айға тұтқында отыру жазасын алады.
Бұл —1886 жыл болатын,ол кезде бала Ахмет 13 жасар еді...
Ақтас пен Байтұрсынның балаларын Шошақтың үшінші ұлы,айдаудан аман
қалған Ерғазы қамқорлығына алады: Ақтастың ұлы Аспандияр мен Байтұрсынның
ұлы Ахметті Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне беріп оқытады.
Оған дейін Ахмет ауылдағы мұсылманша сауатты адамдан үйреніп, хат
таниды.Өзінің 1929 жылы жазған өмірбаянында; 1882—1884 жылдары бірде
үйде,ауыл адамдарынан,бірде жақын маңайдағы ауыл мектебінен оқып, сауатымды
аштым деп жазады.Учелищені 5 жыл оқып, 1886 жылы түсіп, 1891 жылы
бітіреді.
Ахмет учелищені бітірген кезде әкесімен ағасы айдауда (олар елге 17
жылдан кейін оралады), қамқоршы ағасы қайтыс болған еді, сондықтан Ахмет
кедейшілік, жоқшылық тауқыметін көп көреді. Осы жоқшылықтан құтылу
мақсатында оқу іздеп,Орынборға барды.Онда баяғыда Ыбырай Алтынсарин
салдырған мұғалімдер даярлайтын мектепке— Учетельская школа дегенге
түседі. Мұнда төрт жыл оқып, 1895 жылы бітіреді.Он шақты жыл оқып, орысша
білім алған ол енді өзі қалаған пайдалы жұмысқа тұра алатын мүмкіндікке ие
болады. Ал бірақ өзі бала оқытуды,ағартушылық жолына қызмет етуді қалайды.
Ол 1895—1909 жылдары Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық,
болыстық мектептерде бала оқытады, екі кластық учелищелерде сабақ береді.
Ахмет 1909 жылы шілденңң бірі күні Семей абақтысына алынып, сотсыз,
үкімсіз, нақақтан-нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көріп торығады,қинала жүріп
ширайды, ақыры күреске белді бекем буады.Бостандықты аңсаған,күреске
шақырған өлеңдер жазады.Ақыры Қазақстанда тұру қүқығынан айырылғандықтан
1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып наурыз айында Орынбор қаласына
келеді.Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты,
қажырлы кезеңдер басталып кетеді.1913—1918 жылдар арасында Қазақ
газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады,
халық өмірінің сан алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді
прогреске,өнер-білімге үндейді.
Алаш қозғалысы тұсында (1918—1919 жылдың басы)А.Байтұрсынов та жаңа
өткел, соны өріс іздейді. 1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт
интеллигенциасының көптеген өкілдерін өзіне ілестіріп, Кеңес үкіметі жағына
өтеді. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери Ревалюциялық комитетінің
мүшесі, Қазақстан Академиялық Орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары
оқу орындарында профессор болады.
Әділет нормалары бұзылып,сталинизм қылышынан қан тамған кезеңде
А.Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір ұсталып,абақтыға қамалады да, лагерьде
ұзақ азап көріп,одан 1936 жылы қайтып келгенмен,1937 жылы тағы репрессиаға
ұшырап, 1938 жылы атылады.
Ахмет Байтұрсынов демократтық-ағартушылық қызметті өзінің азаматтық
борышы және ұстаған жолының негізі деп санаған. Ол білім-ғылымнан кенже
қалған, малын бағып, марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан, сол
марғаулықтан маса болып ызыңдап оятып, шығуды өмірінің мақсаты етіп қояды.
Бұл мақсатын әсіресе өлеңдерінде ашық білдіреді. Бірде:
Баяғы қалпы,
Баяғы салты
Бұ неткен жұрт ұйқышыл?
Болсын кедей болсын бай
Жатыр жым-жырт жай-
Деп күңіренсе, тағы бір тұста:
Емшегін еміп,
Анаға сеніп
Бала ұйықтайды жастықпен
Қымызға қанып
Қызарып жанып
Бал ұйықтайды мастықпен
Шалап ішкен кедей мас,
Мына жұрттың түрі оңбас.
- деп, бала мен ббайдың ұйқысы жастық пен мастықтан болсын, ал кедей
жұртына не жоқ, шалапқа мас болып ұйықтау деген қайнаған қалың сор дегенді
айтады. Сондықтан:
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын емес алысқа .
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,
Дедім сен де қатарыңнан қалыспа.
- деп, қазақ халқын оқу- білімге шақырған өз ісінің дәлеелін, себебін
ашып көрсетеді. Ал публицистикалық мақалаларында бұл ойын бұдан өткірірек
тілмен батыра айтады. Надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң
олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз,
жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты.
Қазақ балаларының сауатын ашатын Оқу құралы деп атаған әліппе
кітабының эпиграфы етіп, мына сөздерін ұсынады.
Балалар , бұ жол басы даналыққа,
Еліңдер түсіп байқап қаралық та!
Бұ жолмен бара жатқан өзіндей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп тауып алалық та!
Бұл жерде автордың Даналық деп отырғаны- салауаттылық, білім-
ғылымды игеру, ал Бұ жол деп отырғаны - оқу.
А. Байтұрсыновтың қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін
зерттеп, оқулықтар жазуына да, тер төгіп, бай терминология жасауына да
тіпті қоғамдық -әкімшілік істеріне араласуына да алып келген негізінен
өзі діттеген ағартушылық идеясы.
А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен
істеген істері тек оқуға шақырумен тынбайды, ол сонымен қатар тек оқуға
шақырумен тынбайды, ол сонымен қатар қазақ даласындағы мектептердің жан-
күйін, бала оқытудың амал-жолдарын газет-журнал беттерінде нақтылы сөз
етеді. Әсіресе бұл реттегі Октябрь ревалюциясына дейінгі хал-жағдайды
жақсы көрсетеді. Қазақ газетінің 1913 жылғы 21 апрель күнгі нөмерінде
Оқу жайы деген бас мақала жарияланады. Мұны жазған –А. Байтұрсынов. Бұл
арада бір ескере кететін жай қазақ газетінің бас мақаласының көбін А.
Байтұрсынов жазып отырған, оларға, әрине, қол қойылмаған, тек өзгелермен
бірігіп жазған кейбіреулеріне ғана авторлардың инициалдары немесе бүркеншік
аттары қойылған. Бұл мақалада оқу –білімнің қажеттігін халықтық
экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді. Қазақ жерінде
өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан жасалған өнімді екі-үш
есе қымбат түрде сатып алады. Бұл –надандықтан келген кемшілік дейді.
Надандық деп отырғаны, әрине, қазақ халқының білім-ғылымнан қалыс келе
жатқандығы. Бұл қалыс қалуға үлкен себеп-қазақ жерінде мектептер аз дейді.
Оқу-ағарту мәселесін А. Байтұрсынов жан-жақты сөз етеді. Бірде
қазақта балаларды оқытатын жосықтар мен кітаптар жоқ дей келіп, оларды
жазу қажеттігін және арнаулы педагогтік білімі бар мамандар даярлау
керектігін жазса, енді бірде білімнің бас құрал-кітап деп, білім
конкурсын жариялау арқылы да оқу-ағарту ісіне ат салысуға болатындығын
айтады.
А. Байтұрсынов ағартушылық жолындағы қызметін Алашорда үкіметіне
жұмыс істеген кезінде де, Октябрь ревалюциясынан кейін де ешбір
тоқтатпаған. Жоғарыда айтылды. Алашорда кеңесінің оқу-ағарту жайындағы
комиссиясының председателі болып қызмет еткенде, ең алдымен қазақ
даласында оқу-ағарту ісінің экономикалық жағынан әлде де қиыншылық кешіп
отырғанын, ол үшін не істеу керек екендігін жазған пікірлерін Қызыл
Қазақстан, Жаңа мектеп сияқты баспасөз беттерінен оқып білуге болады.
Мысалы: 1923 жылы жарияланған Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу
керек? деген мақаласында: школдар ашуға үкіметтің шамасынана
келмейтіндігі анықталып отыр, үкімет 2116 кісінің ғана расходын
көтермекші, ал балаларды тегіс оқытуға 20,000 нан артық кісі керек.
Сондықтан бір ауылынай не бір болыс ел күш біріктіріп, байға байша,
кедейге кедейше үй басына салық салып, сол жиналған салықты оқытушылардың
һәм басқа қызметкерлердің ақысына, школдың керек-жарағына міндетті болып,
жергілікті оқу бөлімдерімен договор жасап, школ ашу керек. Ол школдардың
жанында интернаттар ашу керек. деп жазды.

А. Байтұрсынов –тіл мен әдебиетті зерттеуші ғалым.

Жоғарыда айтқанымыздай, А. Байтұрсынов мұғалімдер даярлайтын оқу
орнын бітірісімен, 1895 жылдан бастап, 13-14 жыл бойы бала оқытумен
шұғылданады. 1895-1909 жылдар арасында ауылдық, болыстық бастауыш мектептер
мен 5-6 жылдық екі кластық училищелерде мұғалім болып қызмет атқарады. Бала
оқыта жүріп, сол оқыту ісіне қажетті жағдайларды қарастырады. Ең алдымен
қазақ балаларының сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбалары барма,
екіншіден, оқыту жүйесі жолға қойылған үкімет тарапынан ашылған
мектептер барма, үшіншіден, ондай графикасы мен мектебі болған күнде
қазақ тіліндегі әліппе кітабы мен оқулықтары бар ма - міне, осыларға
назар аударады. Әрине, осылардың бірде-біреуінің жоқ екенін біледі және
осыларды дүниеге келтірмейінше, жүзеге асырмайынша қазақ даласындағы оқу-
ағарту ісін дұрыс жүргізу мүмкін емес екендігін жақсы түсінеді. Енді ол
барымен базар болып, күнделікті бала оқытумен қатар, жоғарыда айтылған
жоқтарды түгендеуге кіріседі.
Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап қазақ
графикасымен айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары
сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол
күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақтың
ұлттық жазуына иекемдеп, қайта түзуді қолға алады. Ол үшін алдымен
қазақ тілінің фонетикалық жүйесін зерттеуге кіріседі. 1929 жылы 12
мамырда өз қолымен жазған өмірбаянында: 1901- жылдардан бастап, бала
оқытқан кездерден бос уақыттарымда өз бетіммен білімімді толықтырдым,
әдебиетпен шұғылдандым дейді. Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен,
қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге
кірістім, одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып,
жеңілдету жолына жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөгде
тілдік қажетсіз сөздерден арылуға, синтаксистік құрылысын өзге
тілдердің әсерінен тазартуға әрекеттендім, екіншіден, қазақ прозасын
(яғни, іс – қағаздар тілін, публицистика мен ғылыми тілін) жасанды
кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін
ғылыми терминдерді жасауға кірістім және айналыстым. Стильдік өңдеу
үлгілерін көрсетумен шұғылдандым -дейді.
Араб таңбаларын қазақ тілінің фонетикалық табиғатына лайықтап,
қазақтың ұлттық графикасы ретінде реформалау ісін 1910 жылдардан
бастаған А.Байтұрсынов оны әрі қарай да қырнай түседі, полиграфиялық
жағынан қолайлы - қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді –
тиімсіз жақтарын салмақтайды. Сөйтіп, араб әріптері негізінде
лайықталған қазақ графикасы 1924 жылы Орынборда маусымның 12 -сінде
басталған Қазақ, Қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде ресми түрде
талқыланады. Бұл съездің күн тәртібіне алты мәселе қойылады. Олар: 1)
жазу, яғни орфография ережелері, 2) әліпби, яғни алфавит, графика
мәселесі, 3) қазақша пән сөздер, яғни терминология 4) Ауыз әдебиетін
жию шаралары, 5) Оқу, ғылым кітаптарын көбейту шаралары,
6) бастауыш мектептердің программасы.
А.Байтұрсынов реформалаған араб жазуы өз кезінде қазақ халқының
мәдени дүниесінде үлкен роль атқарған, қалың көпшілікті жаппай
сауаттандыру ісіне, жазба дүинелердің дамуына, баспа жұмысының
жандануына игілікті қызмет еткен, прогрессивтік құбылыс болды. А.
Байтұрсыновтың бұл тәжірибесін өзге түркі халықтары, мысалы,
өзбектер мен татарлар үлгі етіп тұтып, олар да өз жазуларының
реформалар жасай бастады.
А.Байтұрсынов — қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш
жұмсаған адам. Күш жұмсауға тура келген себебі мынада. Қазақ балаларына
арналып 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептің тілі
қазақша болғанмен, қазақша жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы
жоқ болатын, сондықтан әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб
жазуларын пайдаланатын. Жоғарыда айтылды, А. Байтұрсынов пен өзге де бір
топ қазақ интеллигенциясы уәкілдері болып, 1905 жылы 26 июньде Россия
Империялық Министр Советінің Председателі атына (Кіндік үкіметке) петиция
жазады. Мұнда бір пункт етіп қойған талаптары: Қазақ даласында оқу -
ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар
қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін деген болатын.
Осы талаптың жүзеге асуы үшін А. Байтұрсынов қазақша сауат ашатын
тұңғыш әліппе құралын жазады. Ол (қазақша әліпбе) Оқу құралы деген
атпен тұңғыш рет 1912 жылы Орынборда Каримов, Хусаиновтар баспасында
шығады. Бұған дейінгі қазақ балаларына ұсынылып келген Букварь немесе
Самоучитель дегендер жазуға үйрететұғын кінеге ретінде қазақ
балаларының сауатын орыс тілінде, орыс графикасымен ашуға арналған
болатын. Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған Букварь для киргизов деген
құралға А. Е. Алекторов: Буквы русские, фразы, тексты на чисто киргизском
языке (үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарының орта тұсына дейінгі қырғыз
деп аталған тұстарда әңгіме қазақ туралы екенін әрдайым ескертіп отыру
қажет болмас) деп анықтама береді. Демек, А. Байтұрсыновтың Оқу құралы —
тұңғыш әліппеміз.
1912 жылы шыққан бұл Әліппеден біздің көңілімізді аударатын бір
мағлұмат аламыз, ол — А. Байтұрсыновтың Баяншы атты методикалық
кітапшасы сол кезеңде-ақ бар екендігі. Оған мына текст дәлел: Бұ
алифбадағы қай харф қандай дыбыстың белгісі, олар қай орында қалайша
жазылмақшы һәм балалар алифбаға түспей тұрып дыбыспен қалай жаттықпақшы
— бұлар жайын Баяншы деген кітапшадан қараңыз.
Әліппе оқулығы а, р, з таңбаларын танытудан басталады. Бұл үш
дыбыстан тұратын ар, ара, араз, аз, аза, азар, зар деген сөздердің
таңбалануы керсетіледі. Кітап бетінің теменгі жағындағы сілтемеде: Бұл
үш харфты балаларға үйрету үшін әуелі һәр бірін бөлек-бөлек бір-бір жапырақ
қағазға үлкен етіп жазу [керек]. Сонан соң а-дан бастап һәр бірін
балаларға бөлек-бөлек көрсету [керек]. Балалар һәр бірін жаңылмайтын
болып білген соң, алифбаға қаратып оқыту [керек]. Бормен жазатын үлкен
тақтай болса, һәр бірін бөлек-бөлек тақтайға жазып көрсетсе де болады
деп хат таныту жолын көрсетіп сабақ әдісін қоса береді. Мұндай үйрету
жолы өзге әріптерде де берілген. Кейбір сілтемелерде арабша жазудың
бірқатар ерекшеліктері де көрсетіліп отырған. Мысалы у әрпін берген бетте:
г сөз басында келсе, алдына таяқ қойылады, бұл таяқ оқылмайды; сүйеу болу
үшін қойылады демек керек деп ескертеді.
Оқу құралы тек сауат ашып қоймайды, сонымен қатар балалар үшін
танымдық материалдарды, мысалы, қазақша және парсыша күн аттарын, арабша
және орысша жүлдыз аттарын, қазақша ай аттарын, жыл аттарын ұсынады. 96
беттік бұл оқулық ұсақ әңгімелер деген атпен автордың өзі құрастырған 24
шағын әңгімелер тексімен және Балалық күй атты өлеңмен аяқталады.
Тұңғыш басылымы 1912 жылы жарық көрген бұл Әліппе кейін де бірнеше
рет басылған, оның 1925 жылғы Орынбор басылымы 7-деп көрсетілген.
А. Байтұрсынов 1926 жылы Әліппенің жаңа түрін жазып ұсынады, бұл осы
күнгідей суреттермен берілген оқулық болатын, кітапты Жаңа әліпби дегеи
атпен 1926 жылы Қызылорда — Ташкент баспалары бірігіп шығарған. 1927 жылдың
өзінде оның 2, ал 1928 жылы 3-басылымы Қызылордада шығады. Бұл Әліпби
Қазақ тілінде басылған кітаптардың көрсеткішінде (Қызыл-орда, 1926)
былайша бағаланады: Жаңа құрал. Қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар.
Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған...
Ахметтің 7 рет басылған бұқрынғы Әліпби (Оқу құралы) қазақ жұртына
орасан көп пайда келтірген еді... Бірақ соңғы көздерде жаңа тәртіптер шыға
бастағаннан кейін ол Әліпби әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да
ескірген. Мынау жаңа Әліпби бұрынғысынан қай ретте болса да аса
артық. Бұл Әліпби мазмұны қазақ жағдайына қарай, Мемлекет Білім
Кенесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар
үшін қызық, жеңіл, заманға лайық. Әліпби көңілдегідей болып шыққан
(Білім кеңесі).
А. Байтұрсынов тек мектеп оқушыларына ғана емес, ересектердің
сауаттарын ашуға арналған Әліпби де жазған, ол 1924 жылы Орынборда,
1926 жылы Семейде басылды.
1912 жылы мектеп балаларын қазақша сауаттандыратын Оқу құралын
жазғаннан кейін, көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін
оқулық жазуға кіріседі. Біздің заманымыз жазу заманы... Сөздіқ жүйесін,
қисынын келтіріп жаза білуге, сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша
бір-біріне қиындасып, жалғасатын жүйесін білу керек болғандықтан,
қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінін,
дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін де үйрету керек (Тіл — құрал, тіл танытқыш
кітап. Сөз басы) дегенді өзіне міндет етіп алады да, сол міндетті атқару
үшін Тіл — құрал деген атпен үш белімнен (үш кітаптан) тұратын оқулық
жазуға кіріседі. Оқулықтың қосалқы аты Тіл танытқыш (әдебиеттану саласына
арналған екінші үлкен еңбегіне Әдебиет танытқыш деген ат бергеніне
қарасақ, ғалымның тіпті еңбектеріне ат қоюға келгенде де жүйелілікті,
бірізділікті сақтауға ұмтылғанын көреміз). Бұл оқулықтың фонетикаға
арналған I бөлімі алғаш рет 1915 жылы жарық көреді. Ол әрі қарай бірнеше
рет басылған, 1927 жылғы Қызылордадағы басылымы 7-деп көрсетілген. Қазақ
тілінің морфологиясына арналған II бөлімі бұдан да бір жыл бұрын 1914 жылы
баспадан шыққан, оның 1927 жылғы басылымы 6-деп көрсетілген. Синтаксиске
арналған III бөлімі де бірнеше басылым керген. Оның 6-басылымы 1928 жылы
Қызылорда—Ташкенттегі Қазгосиздаттан шыққан.
Тіл — құрал - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның
жалғыз тіл емес, өзге де пәндерден оқып үйренетін қазақша жазылған
кітап, құрал дегендерді білмей - көрмей келе жатқан қазақ жұртшылығы үшін
мүлде тың дүние екендігін автордың өзі де ескертеді. Кітабының Сөз
басында, Тіл — құрал деген аты қандай жат керінсе, ішкі мазмұны да
әуелгі көзде сондай жат көрінер, өйткені бұл — қазақта бұрын болмаған жан,
азат. Халықта бұрын болмаған нәрсе жат көрініп, бірте-бірте бойы үйренген
соң қалатын дейді
Тіл - құрал — қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Бастауыш мектепке, яғни
алғашқы 45 жыл оқитын шәкірттерге арналғанмен, қазақ тілінің фонетикалық
және грамматикалық (морфологиялық - синтаксистік) құрыплмын талдап,
жүйелеп, танытып берген, қазақ тіліндегІ түңғыш ғылыми жұмыстың басы. Бұл
оқулықтар.— қазақ тіл білімі атты ғылым саласының ана тіліміздегі
бастамасы және дұрыс, жақсы бастамасы. Өйткені қазақ тілінің дыбыстық
құрамының классификациясы да, сөз таптарын ажыратып, сөз тұлғаларының
түрлерін көрсетуде де сөздердің өзгеру (септелу, тәуелдену, жіктелу)
тәртібін танытуда да, сөйлем түрлерін ажыратуда да – қысқасы қазақ тілі
фонетикасы мен грамматикасын талдап-таныту күні бүгінге дейін А.
Байтұрсыновтың аталған оқулықтарының негізінде беріліп келеді. Тілдің әр
категорияның классификациясынан бастап, бүкіл терминдеріне дейін (бірен -
саран жеке сәттерде болмаса) қазіргі мектеп грамматикасы А. Байтұрсынов
салған негізде ұсынылып отыр.
Қазақ тілін талдап - тануда А. Байтұрсыновтың еңбегін және бір
тұрғыдан ерекше бағалау керек: ол — термин жасаудағы іс-әрекеті. Ғалым
қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша
термин ұсынды. Осы күнгі қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік,
есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, сөйлем, жай сөйлем,
құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз деген т. т. сан алуан
лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі. Бұлардың
барлығы дерлік не бұрынғы сөздің мағынасын жаңғырту (өзгерту), не жаңа
тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны атаулар, жасанды сөздер.
Жасандылығына, сонылығына қарамастан, әрқайсысы сол өзі атап тұрған тілдік
категорияны дәл атайтын термин (атауыш сөз, 20-жылдардағы терминімен
айтсақ, пән сөздері) болып шыққан. Бұлардың ете сәтті жасалғандығын күні
бүгінге дейін қолданылып келе жатқан еміршеңдігі дәлелдейді.
А. Байтұрсынов терминология мәселесіне қатты назар аударған. Ол тек
тіл білімі саласы емес, әдебиеттану саласының да көптеген терминдерін
жасағаны мәлім. Бұлар да өте сәтті шыққан, қонымды атаулар болған.
Сондықтан әдебиеттанудағы А. Байтұррынов ған терминдердің басым кепшілігі
күні бүгінге дейін қолданылып отыр. Ғылымның тек бұл екі саласы емес,
жалпы мәдениетке, халық тарихына қатысты әлеуметтік терминдердін,
көпшілігі ғалым қаламынан туып, қазір авторының кім екендігі ұмытылып,
жалпы халықтық көне сөздер болып кеткенін айту керек. Бұл салаларда оның
термин жасаудағы негізгі принципі — ең алдымен қазақ тілінің өз
мүмкіншіліктерін пайдалану болды. Қөзінде А. Байтұрсыновты жау етіп
танытуға күш салғандардың оған тағатын идеологиялық айыптарының бірі А.
Байтұрсынов терминдер жасауда пуристік бағыт ұстады, яғни қазақ тіліне
орыс сөздері мен интернационалдық терминдерді жолатпауға тырысты деген
пікір болатын. Бұл да әрбір іс-әрекеттің байыбына бармай, яғни себебін
іздемей берілген солақай баға. Егер әрбір құбылысты, әрбір іс-әрекетті өз
кезеңіне қарай, сол кезеңдегі жағдайға карай тану керектігін мойындасақ, А.
Байтұрсыновтың термин жасаудағы. қазақшылығының негізі бар екендігін,
яғни бұл ретте ұстаған принциптері мен бағытының дұрыс екендігін көреміз.
Ол принцип — жас ғылым салаларының терминдерін жасауда қазақ тілінің өз
қорына иек арту. Сол кезең үшін бұл принциптің ұтымды, қолайлылығы жаппай
сауатын енді ашып, бұрын естіп білмеген ғылым салаларының ұғымдарын енді
игеруге кіріскен қазақ оқушысы мен оқырманына сол ұғымдарды мейлінше
түсінікті етіп жеткізу мақсатының көзделгендігінде. Жасанды болса да
қазақ сөздері оқушынын, тез жаттығып, есінде жақсы сақтауына әрі сол сөздің
ма-ғынасына қарап, терминдік семантикасын өзі аңғарып, игеріп кетуіне
мүмкіндік береді. Саналы ғалым осыны білген. Термин жасауда ана тіліміздің
сөздік қазынасыи мейлінше пайдалану - сол кезең түгіл, бүгінгі күнде де,
яғни дүние жүзі білім - ғылымына жанасып, орыс тілін жақсы меңгеріп, сол
арқылы интернационалдық лексика қорына бара алатын қазіргі көзде де
енімді, басты принциптердің бірі екендігі белгілі.

Ахмет Байтұрсыновтың сөйлем мүшелері жайлы ғылыми тұжырымдары

Сөйлем мүшелері Тұрлаулы, Тұрлаусыз болып екіге бөлінеді. Тұрлаулы
мүше болады сөйлем болған жерде қалмай айтылатын сөздер немесе қалса да
қалғандығы сезіліп тұратын сөздер. Мәселен, асыл тастан, ақыл жастан я
болмаса баланы жастан, қатынды бастан дегенде: бірінші мысалда шығады
деген сөз, екінші мысалда үйрет я үйрету деген сөз қалып тұрғандығы
сезіліп тұр. Не болмаса, жығылған күреске тоймас я аузы күйген үріп ішер
деген сөйлемдердің біріншісінде де, екіншісінде де адам деген сөз қалып
тұрғаны анық сөзілді. Толықтырып айтсақ, бұлай дер едік: асыл тастан
шығады, ақыл жастан шығады, баланы жастан үйрет, қатынды бастан үйрет;
жығылған адам күреске тоймас; аузы күйген адам үріп ішер. Осындай
сөйлем ішінде бірде болып, бірде болмай-тын сөздер немесе керек болған
жерде айтылып, керек болмаған орында айтылмай қалып отырған сөздер, жана да
қалған жерде, калғандығы ашық сөзілмейтін сөздер тұрлаусыз мүше деп
аталады. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері екеу: 1) бас мүше, 2) баяншы мүше.
Бас мүше дейміз — сөйлем ішіндегі сөздер байланатын қазық сөзін,
сөйлем иесін. Ол қазық сөз болатын қандай сөз? Сөйлегенде бір нәрсе туралы
сырын - сипатын, жайын, амалын, болымысын сөйлейміз. Сөйлем ішінде сол
нәрсенің атын көрсететін сөз бас мүше болады. Ол нәрсенің сырын-сипатын,
жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз баяншы мүше болады.
Бұлар бас мүше мен баяншы мүшенің ішкі белгілері. Бұлардан басқа тысқы
белгілері бар.
Бас мүшенің тысқы белгілері кім?, не? деген сұрауларға жауап беру.
Баяншы мүшенің тысқы белгілері, негізі не етпек?, не қылмақ?,
қайтпек?, не болмақ?, нешік?, немене?, қалай?, кімдікі?,
қайсы?, ненікі? деген сұрауларға жауап беру.
Жеңілдік үшін бас мүше — бастауыш деп, баяншы — баяндауыш деп аталады.
Бірнеше сөйлемдерді мысалға алып, бастауыш пен баяндауыш қалай
табылатынын көрейік.

БАСТАУЫШ
Бастауыш болатын сөз таптары.
Әуелі бастауыш болатын – атау тұлғасындағы зат есім. Мысалы: Бала
ойнайды. Ат шабады. От жанады.
Бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш қай сөз екенін әуелі ішкі
белгісімен тауып қарайық. Олай табу үшін мысалға алынған сөйлемнің
әрқайсысына не туралы сөйленіп тұрғанын ашу керек.
1-ші сөйлем: Бала ойнайды. Мұнда кім турасынан сөйленіп тұр? –
бала турасынан.
2-ші сөйлем: Ат шабады. Мұнда не турасынан сөйленіп тұр? – Ат
турасынан.
3-ші сөйлем: От жанады. Мұнда не турасынан сөйленіп тұр? – От
турасынан.
Бала, от ат - атау тұлғасындағы зат есімдер.
Не көңіл тарлығы?—сенікі, Менікі деген. Не төсек тарлығы?—ары жат,
бері жат! деген тыскы белгісі бойынша да бұл сөйлемдер бастауыш. Сөйтіп,
енді қорытып айтқанымызда, бастауыш болады сөз таптары тоғызы да:
1) зат есім, 2) сын есім, 3) сан есім, 4) есімдік, 5) етістік. 6)
үстеу, 7) демеу, 8) жалғаулық, 9) одағай жана бүтін сөйлемдер.
Қосарлы бастауыш. Бастауыш бір сөзбен айтылмай, бірнеше сөзбен
айтылса, қосарлы немесе күрделі деп атаймыз.
Мысалдар: 1) Тамағы жоқтық таптырар. Мұнда тамақ жоқтық жайынан
айтылып түр. Не таптырар?-—тамағьі жоқтық (бастауыш екі сөзбен айтылып
тұр).
2) Асық ойнаған азар. Мұнда асық ойнаған туралы айтылып тұр. Кім
азар?— асық ойнаған.
3) Жөнге тартқан жөндер. Мұнда жөнге тартқан туралы айтылып тұр. Кім
жендер?— жөнге тартқан.
4) Сыпыра жалман жалмар. Мұнда сыпыра жалмаң жайынан айтылып тұр. Кім
жалмар?—сыпыра жалмаң.
5) Тоны жаман тоңар: Мұнда тоны жаман туралы айтылып тұр. Кім тоңар?—Тоны
жаман.
6) Жеті атасын білмеген жетім. Мұнда жеті атасын білмегеннің жайынан
айтылып тұр. Кім жетім?—жеті атасын білмеген жерде зат есім оолмай
қалмайды. Бірақ бірде айтылады, бірде айтылмай ойда тұрады. Зат есімнен
басқа бастауыш болған сөздер зат есімнін, орңында немесе арқасында бастауыш
бола алады. Жоғарыда мысалға алынған сөйлемдерде сөйлеу бөлімдерінің бәрі
бастауыш болуға жарайтын болып шықты. Түбін қазып қарастыра келгенде,
солардың бәрі де -(зат есімнен басқасы) бастауыш болып тұрғандары не зат
есімнің орнында тұрғандықтан, не зат есімнің көмегі болғандықтан. Сол
бастауыштардың түбін қазыңқырап қарастырып көрейік, қалай бастауыш болып
тұр екен.
Зат есімнен басқа бастауыш болып тұрған уелі — сын есім. Мысалға
алынған: Көп қорқытады, терең батырады. Көп қорқытады деген де қорқытатын
шөп емес, әрине адам. Терең батырады дегенде де батыратын терең- су екені
анық. Олай болса Мұндағы көп пен терен—көп адам, терең су деген
сөздердің орнында тұр. Жеңілдік үшін адам мен су деген сөздер
айтылмаған, бірақ ойда тұр.
Екінші — сан есім. Мысалға алынған: Берерменге бес те көп,
аларманға алты да аз. Біреу тойып секіреді. Бес те, алты да
дегенде, Мұнда нәрсе көңілде түр. Қүр ғана сан болса, азсынуға да,
көпсінуге де орын болмас еді: бесеу, алтау нәрсесіз құр сан болса,
берермен бесеу түгіл, мыңын көпсінбес еді, аларман алтау түгіл, бірін де
азсынбас еді. Берермен көпсінетіні, аларман азсынатыны берілетін,
алынатын құр сан емес, нәрсе болғандығы. Мұндағы бесеу мен алтау сан
ғана емес, нәрсені де көрсетіп түр.
Сондай-ак, біреу тойып секіреді дегенде, әрине, сан секірмейді. Олай
болса, біреу деген сөз Мұнда зат есім орнында түр. Үшінші - есімдік.
Мысалға алынған: Мен келдім, сен келдің, ол терең, бұл тайыз.
Есімдік өзі есім орнына жүретін сөз болған соң, бастауыш болған
есімдіктер зат есім орнында тұрғаны анық. Мен, сен, ол бұл — бәрі де зат
есім орнына жүретін есімдіктер.
Төртінші - етістік. Мысалға алынған; Алыспақ жоқ, атыспақ бар. Оқу
оңайланды. Жығылған күреске тоймас. Алыспақ, атыспақ деген сөздер бұл жерде
алысу, атысу, оку — іс есімдерін көрсететін етістіктен шыққан зат есімдері.
Жығылған күреске тоймас дегенде, күреске тоймайтын жығылған мал я ағаш
емес, адам екендігі анық. Солай болған соң жығылған деген сөздің бастауыш
болып тұрғаны - жығылған адам дегеннің орнында тұрғандықтан. Жеңілдік
үшін адам айтылмаған, бірақ көңілде тұр.
Бесінші - үстеу. Мысала алынған: Әрі алыстатады, бері жақындатады,
шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді. Жеңілдік үшін қысқартпай айтқанда,
бұл сөздер бұлай айтылар еді: Әрі деу алыстатады, бері деу жақындатады.
Шапшаң деу асықтырады, соңыра деу кешіктіреді. Деу деген сөз бәрінде де
айтылмаған. Деу— етістіктен шыққан зат есім. Әрі, орнында
болғандықтан.
Бастауыш болған демеу, жалғаулық, одағай — бәрі де осы ретпен болып
тұр.
Сөйтіп, түбін қазып қарастырып келгенде, бастауыш болатын — зат есім.
Басқа сөз таптары зат есімнің орнында немесе аркасында ғана бастауыш
бола алады.

БАЯНДАУЫШ
Баяндауыш болатын сөз таптары.
Әуелі баяндауыш болады етістік. Мысалы: Қой үрікті. Ит үрді. Адам
айқайлады. Бұл сөйлемдердің ішінде баяндауыш болатын қай сөз екенін әуелі
ішкі белгісімен тауып қарайық. Баяндауыш болмақ керек қандай
сөздер?—Жоғарыда айтуымыз бойынша, баяндауыш болатын сөз бастауыш атаған
нәрсенің не сыр-сипатын, не амалын, не жайын, не болмысын көрсету керек.
Олай болса, алынған. сөйлемдердің ішіндегі бастауышты тауып, сонан сон, ол
бастауыш атаған нәрсенін, не сыр-сипатын, не амалын, не жайын, не болмысын
көрсететін сөзді табу керек.
1-інші сөйлем: Қой үрікті. Не үрікті? - қой. Бастауыш қой деген сөз
болып шықты. Үрікті деген сөз қойдың не істегенін амалын көрсетіп тұр.
2-інші сөйлем: Ит үрді. Ит үрді?—ит. Бастауыш ит деген сөз болып
шықты. Үрді деген сөз иттің не істегенін — амалын көрсетіп тұр.
3-інші сөйлем: Адам айқайлады. Кім айқайлады?— адам. Бастауыш адам
деген сөз болып шықты. Айқайлады деген сөз адамның не істегенін —амалын
көрсетіп түр. Сүйтіп, бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш атаған нәрселердің
амалын көрсетуші үрікті, үрді, айқайлады деген сөздер болып шықты немесе,
екінші сөзбен айтқанда, баяндауыштың ішкі белгісі осы сөздерге келеді.
Сондықтан бұл сөздер баяндауыш болуға тиіс.
Енді тыскы белгісімен тауып көрейік. Баяндауыштың тысқы белгісі —не
етпек?, не қылмақ?, кәйтпек?, не болмақ?, нешік?, немене?,
қалай?, кімдікі?, я ненікі?, қайсы? негізді сұрауларға жауап беру.
Сондықтан бұл негізді сұраулар баяндауыш сұраулары деп аталады.
Алынған сөйлемдер ішінде қай сөз баяндауыш сұрауларына жауап берер
екен қарайық.
1-інші сөйлем: Қой үрікті.
Қой не етті?—үрікті.
2-інші сөйлем: Ит үрді.
Ит қартті?— үрді.
3-інші сөйлем: Адам айқайлады. Адам не кылды?—айқайлады. Мұнда не етті?,
қайтті? деген баяндауыш сұрауларына жауап беріп тұрған тағы сол үрікті,
үрді, айқайлады деген сөздерге келіп тұр. Ішкі, тысқы белгісі бірдей келген
соң, баяндауыш болып тұрған осы сөздер — үрікті, үрді,, айқайлады деген
сөздер — етістіктер. Етістіктің есімше мен кө.семше түрлері де баяндауыш
болады. Етістік есімше түрінде қосар күйінде ғана баяндауыш болады. Екеуіне
де мысал келтірейік. Есімше дара күйінде баяндауыш болатынына мысалдар.
1)Мен сөйлеушімін, сен тыңдаушысын. Мұнда сөйлеушімін, тыңдаушысын
деген сөздер"мен, сен жайын баяндап тұр (бұл — баяндауыштың
ішкі белгісі).
Мен неменемін?—сөйлеушімін. Сен неменесің?—тыңдаушысын (бұл —
баяндауыштың тысқы белгісі).
2) Заман өзгерген, білім күшейген. Мұнда өзгерген, күшейген
деген сөздер заман мен білім жайын айтып бірінің өзгергендігін,
екіншісінің күшейгендігін баяндап түр (бұл — ішкі белгісімен
қарағандағысы), Заман не еткен?—өзгерген. Білім не еткен? - күшейген. (Бұл
—тысқы белгілері).
3) Біреу беретін, біреу алатын. Мұнда біреу жайынан беретіндігі мен
алатындығы сөйленіп тұр. (Бұл — ішкі белгілері). Біреу не ететін?—
беретін, Біреу не ететін?— алатын. (Бұл — тысқы белгілері).
Есімше мен көсемше қосар күйінде баяндауыш болатынына мысалдар:
1) Бала жылай берген.
Кім жылай берген?—бала (бастауыш). Бала не қылған?— жылай берген
(баяндауыш).
2) Оспан оқып жүрген.
Кім оқып жүрген?—Оспан (бастауыш). Оспан не қылған?— оқып жүрген
(баяндауыш).

Қосарлы баяндауыштар

Жоғарыда баяндауыш екі немесе үш, әйтеуір бір сөз емес, бірнеше
.цөзбен айтылған болса, қосарлы баяндауыш болады деп айтылды.
Жай баяндауыш жай етістікпен айтылады, қосарлы баяндауыш көмекші
етістіктер қосылып айтылғанда болады. Бірақ, етістік жүрмеген жерде
баяндауыш болмайды. Етістіктен басқа сөз таптары баяндаүыш болса, олар
етістік көмегімен ғана бола алады. Оларға көмек болатын көбінесе -көмекші
етістіктер. Көмегі үртіс көріне болмай, көрінбей болатын да орындары бар.
Бірақ түбін қазып, қарастырып келгенде, баяндауыш болған жерде етістік бар
екені даусыз болып шығады. Етістік көмегі көріне болатын орындары мен
керінбей болатын орындарына мысал келтіріп қөрейік.
1. )Күн жаз болды; 2) Ет аз болды.
Мұнда бірінші мысалда күн — бастауыш, жаз болды — баяндауыш. Екінші
мысалда ет — бастауыш, аз болды — баяндауыш. Жйз болды, аз болды деген
баяндауыштың екеуі де екі-екі сөз-бен айтылған. Екі сөзбен айтылған соң,
бұлар қосарлы баяндауыш болады. Қосарлы баяндауыш көмекші етістік қосылған
жерде болады. Бұл екі баяндауыш та, жаз болды, а"з болды дегенде,
болды кемекші етістік екендігі көзге керініп тұр.
1) Ағаш көркі жапырақ, 2) Адам көркі шүберек. Мұнда бірінші мысалда
бастауыш — көркі, екінші мысалда да бастауыш — көркі. Баяндауыш бірінші
мысалда - жапырақ, екінші мысалда — шүберек.
Жапырақ, шүберек деген; сөздер етістік көмегінсізақ баяндауыш болып
тұрған сияқты көрініп тұр. Шынында олай емес, мұнда да етістіктің жасырын
кемегі бар. Ол көмегі егер жоғарыдағы мысалға алынған сөйлемдерді
қысқартпай толық түрінде айтсақ керінеді. Мәселен: Ағаш керкі жапырақ
болады, Адам керкі шүберек болады десек, қысқартып айтқанда, керінбей,
тұрған кемекші етістік - болады толықтырып айтқанда шыға келеді.
Етістік көмегімен баяндауыш болатын сөз таптары: 1) заі есім, 2) сын
есім, 3) сан есім, 4) есімдік, 5) етістік (есімше, кесемше түрінде).

Мысалы: 1) Жаман жүрісінен құл болады. 2) Жақсы жүрісінен пұл болады.
3) Жұп негізі екі 4) Оспан осы. 5) Ол біздің қорғаушымыз. 6) От жанып тұр.
Бұл мысалдарда: 1) Баяндауыш — құл болады. Құл — затесім, болады — көмекші
етіс-тік. 2) Баяндауыш пүл болады. Пұл—сын есім, болады — көмекші етістік.
3) Баяндауыш — екі. Екі — сан есім, болады деген көмекші етістіктін,
көрінбей түрғ.ан көмегі бар (Жүп, негізі екі болады). 4) Баяндауыш
осы. Осы — есімдік. Етістіктін, көрінбей тұрған болады.деген көмегі бар
(Оспан осы болады). 5) Баяндауыш — қорғаушымыз. Қорғаушымыз - есімше. Мұнда
да етістіктің көрінбей тұрған көмегі бар. (Ол біздің қорғау)

Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлем

Бастауышы мен баяндауышы бар, екі мүшелі ғана сөйлем жалаң сөйлем деп
аталады. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, олардан басқа
сөйлемнің Тұрлаусыз мүшелері де бар деп жоғарыда айтылды. Бастауыш,
баяндауыштан басқа мүшелері бар сөйлем жайылма сөйлем деп аталады.
Сөйлеудің асыл мағанасы.— біреуге білдірейін деген ойын айту.
Айтушының мақсаты — тыңдаушыға ойын түгел түсіндіру. Ойын түсіндіру
үшін соған керек сөздерді алу қажет. Бір сөзді ойын анықтау үшін алса,
екінші сөзді ойын толықтау үшін алады, үшінші сөзді ойын пысықтау үшін
алады. Сондықтан сөйлемнің турлаусыз мүшелері: 1) анықтауыш мүше, 2)
тдлықтауыш мүше, 3) пысықтауыш сөздер болып, үшке бөлінеді.

Анықтауыш

Анықтауыш деп сөйлем ішінде анықтық үшін айтылатын сөзді
айтамыз. Мәселен, алайық Қысқа жіп күрмеуге келмес деген сөйлемді. Не
күрмеуге келмес?— жіп. Жіп не етпес?— күрмеуге келмес, Мұнда жіп —
бастауыш, күрмеуге келмес — баяндауыш. Қысқа деген сөз не болмақ? Бұл
қысқа дегегг сөзді айтпай, құр жіп күрмеуге келмес деп ғана қойсақ, кан-
дай жіп күрмеуге келмейтіні белгісіз, жіптің бәрі күрмеуге
келмейтін сияқты болып шығады. Күрмеуге келмейтін аты жіп болғанның бәрі
емес, қысқа жіп. Қысқа деген сөз қосылса, күрмеуге келмейтін қандай
жіп екені ашылып, анықталады. Сондықтан қысқа деген сөз Мұнда анықтық
үшін алынған сөз болады. Ондай сөз сөйлемнің анықтауыш мүшесі деп немесе
жеңілдік үшін тікелей анықтауыш деп аталады. Әлгі айтыл-ған—анықтауыштың
ішкі белісі. Мунан басқа тысқы белгілері бар. Олары қандай?, не?,
неше?, нешінші?, кімнің?, не етуші?, не еткен? деген сұрауларға
жауап беру. Бұл сұраулар анықтауыш сұраулары деп аталады.
Сөйлем ішінде анықтауыш қай сөз екенін осы сураулармен жана ішкі
белгісімен табамыз.

Толықтауыш

Толықтауыш деп нәрсе амалын, жайын, болмысын толықтыру үшін
айтылатын сөзді айтамыз. Сөйлем ішінде нәрсенің малын, жайын, болмысын
айтатын сөз көбіне баяндауыш. Солай болған соң, толықтауыш
көбінесе баяндауышты толықтау үшін айтылатын сөйлем мүшесі болып
шығады.
Мысал үшін алайық: мерген құс атты деген сөйлемді. Кім атты? -
мерген. Мерген не қылды? – атты. Не атты? – құс. Мұндағы мерген деген
сөз бастауыш, атты деген сөз баяндауыш.
Құс деген сөз не болмақшы? Мұның не болатынын білу үшін құс деген
сөз неге айтылып тұрғацын ашу керек, тегінде неменеге керек болғаннан
айтылып тұрғанын білу керек. Оны білу үшін құс деген сөзді тастап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі
Қазақ қайраткері Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінің қазіргі методикадағы қолданысы мен алғашқы әліпбидің жүйесі
Ұлттың ұлы ұстазы
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі
Ахметтанудың негізін салушылар
Ахмет байтұрсыновтың шығармашылық ғұмырбаяны
А.Байтұрсынов мұраларының ғылыми педагоги- калық негіздері
Ахмет Байтұрсынұлы сан қырлы талант иесі
Пәндер