Инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеу
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3.4
І.Тарау. Инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеу. . . .5.12
І.1. Инвестицияның жалпы түсінігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12.15
І.2. Қазақстан Республикасында инвестициялық қатынастарды
мемлекеттік басқарудың құқықтары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15.19
ІІ.Тарау. Инвестиция саласындағы мемлекеттік басқару органдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .20.22
ІІ.1. Инвестицияны тартудың қайнар көздері . . . . . . . . . . . . . . .23.25
ІІ.2. Инвестициялық қызметтің құқықтық аспектілері. . . . . . . .25.29
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
Қолданылған әдебиеттер мен нормативтік актілер тізімі . . . . .31.32

Қазақстан Республикасы өзінің 1995 жылы 30-шы тамыздағы референдумда қабылданған Конституцияға сәйкес демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялауы нарықтық қатынастардың дамуына, әлемдік шаруашылық қызметтерге кіруге және халықаралық экономикалық қарым-қатынастың дамуына жол ашып береді. Жария, ашық үлгідегі экономиканы қалыптастырудың құқықтық негізі конституцияның мына ережесінен көруге болады. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін, жеке меншікті қорғау мен мойындауды бекітті.
Халықаралық экономикалық қарым-қатынастарды дамыту шетелдерден қосымша қаражаттарды әкелу, оларды пайдалану және Қазақстан Республикасы территориясында шетел инвестицияларын қалыпты заң қызметін қамтамасыз етуден тұрады.
Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, кеңейту, шетел инвестицияларын кең көлемде тарту Қазақстанда экономикалық құлдыраудан шығуға көмектеседі.
Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылғаннан бастап елдегі инвестициялық жалпы бағалаулар бойынша оң жағына қарай өзгереді. Шетелдік және отандық инвесторларға көмек пен жәрдем көрсетудегі негізгі рөл Қазақстан Республикасы инвесторлардың алдында көрсетуге өкілеттік берілген бірден-бір мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі сыртқы істер министрлігінің инвестициялық комитетіне тиесілі. Бітіру жұмысында жалпы инвестициялық қатынастарды мемлекеттік басқарудың негіздері, шетел инвестициялары туралы Қазақстан Республикасының заң базасы, инвестицияда екі жақты және көп жақты реттеу, яғни инвестицияларды ұлттық және халықаралық құқықтық реттеу мәселесі қарастырылған. Бітіру жұмысының мақсаты - инвестицияда мемлекеттік басқару мәселелерін зерттеп, мемлекеттік реттеу жолдары туралы мағлұматтар беру.
Қазіргі кезде экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып отыр. Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін 1985 жылмен салыстырғанда біз 225 пайыз ұлғайтуға қол жеткіздік, ал былайғы дүниеде ол не бәрі 1,3 есе шамасында ғана өсті.

1.1. Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30- тамызда қабылданған Конституциясы. 1998 жылы 7- қазандағы өзгерістер мен толықтырулар.
1.2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Жалпы бөлім 1994 жылы 27- желтоқсан, Ерекше бөлім 1999 жылы 1- шілде.
1.3. Қазақстан Республикасының 2003 жылы 8 қаңтардағы “Инвестициялар” туралы Заңы.
1.4. Қазақстан Республикасының 2003 жылы 2 шілдедегі “Бағалы қағаздар нарығы” туралы Заңы.
1.5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 17 ақпандағы (Қазақстан -2030) даму стратегиясы туралы Жарлығы.
1.6. Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1996 жылы 27 қаңтардағы “Жер қойнауы және оны пайдалану” туралы Жарлығы.
Арнайы әдебиеттер:
2.1. Бродский М.Н., Бродский Г.М. “Право и экономика: инвестиционное консультирование” Санкт-Петербург. 1999год.
2.2. С.П. Мороз “Инвестициялық құқықтың теориялық проблемалары” Павлодар, 2002 жыл.
2.3. Гитман Л., Джонк М., Хеннигер Э. “Основы инвестирования” Москва 1997 год.
2.4. Мұхитдинов Н.Б.
2.5. С.Ж. Айдарбаев “Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу” Алматы 2000 жыл.
2.6. Кулагин М.И. “Правовое регулирование иностранных капиталовложений в развивающихся странах” Москва 1991 год.
2.7. “Право и иностранные инвестиции в Республике Казахстан” М.К. Сулейменов редакциясымен. Алматы 1997 жыл.
2.8. Юмашев Ю.М. “Правовое регулирование прямых иностранных инвестиций в ЕЭС” Москва 1986 год.
2.9. Оспанов М.Т., Мухамбетов Т.И. “Иностранный капитал и инвестиции: вопросы теории, практики привлечения и использования” Алматы 1997 год.
2.10. Золотогоров В.Г. “Инвестиционное проектирование” Минск 1998 год.
2.11. Игомин Н.В. “ Инвестиции” Москва 1999 год.
2.12. Мауленов К.С. “Правовое регулирование иностранных инвестиций в Республике Казахстан” Алматы 1998 год.
2.13. Шарп У., Александр Г., Бейли Дж. “Инвестиции” Москва 1997 год.
2.14. Бухвальц Е.М. “Инвестиционная политика в регионе” Москва 1994 год.
2.15. Богатырев А.Г. “Инвестиционное Право” Москва 1992 год.
2.16. Шумилов В.М. “Международное экономическое право” Москва 1999 год., 330 бет.

Реферат.
Бітіру жұмысымның тақырыбы: Инвестиция саласындағы мемлекеттік
басқару.
Бітіру жұмысым кіріспеден, 2 тараудан және қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарауда инвестицияның жалпы түсінігі және инвестициялық
қатынастардың мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздері қарастырылған.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасының инвестиция саласындағы
мемлекеттік басқару органдары, инвестиция тартудың қайнар көздері,
инвестициялық қызметтің құқықтық аспектілері және шетелдік инвестицияларды
реттеудегі маңызы, сондай-ақ оларды жетілдіру мәселелері зерттелінді.
Қорытындыда жұмыстың маңыздылығы, тақырып аясына кіретін тұжырымдар
мен ұсыныстар жазылды.
Пайдаланған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер қолданылған.
Жұмыста “инвестиция” және “басқару” деген сөздер жиі кездеседі.
Мазмұны
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 3-4
І–Тарау. Инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеу. . . .5-12
І.1. Инвестицияның жалпы түсінігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . 12-15
І.2. Қазақстан Республикасында инвестициялық қатынастарды
мемлекеттік басқарудың құқықтырі . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . 15-19
ІІ-Тарау. Инвестиция саласындағы мемлекеттік басқару органдары .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . .20-22
ІІ.1. Инвестицияны тартудың қайнар көздері . . . . . . . . . . . . . .
.23-25
ІІ.2. Инвестициялық қызметтің құқықтық аспектілері. . . . . . . .25-29
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 30
Қолданылған әдебиеттер мен нормативтік актілер тізімі . . . . .31-32
КІРІСПЕ.
Қазақстан Республикасы өзінің 1995 жылы 30-шы тамыздағы референдумда
қабылданған Конституцияға сәйкес демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде жариялауы нарықтық қатынастардың дамуына,
әлемдік шаруашылық қызметтерге кіруге және халықаралық экономикалық қарым-
қатынастың дамуына жол ашып береді. Жария, ашық үлгідегі экономиканы
қалыптастырудың құқықтық негізі конституцияның мына ережесінен көруге
болады. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін, жеке
меншікті қорғау мен мойындауды бекітті.
Халықаралық экономикалық қарым-қатынастарды дамыту шетелдерден
қосымша қаражаттарды әкелу, оларды пайдалану және Қазақстан Республикасы
территориясында шетел инвестицияларын қалыпты заң қызметін қамтамасыз
етуден тұрады.
Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, кеңейту, шетел
инвестицияларын кең көлемде тарту Қазақстанда экономикалық құлдыраудан
шығуға көмектеседі.
Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі мемлекеттік
комитеті құрылғаннан бастап елдегі инвестициялық жалпы бағалаулар бойынша
оң жағына қарай өзгереді. Шетелдік және отандық инвесторларға көмек пен
жәрдем көрсетудегі негізгі рөл Қазақстан Республикасы инвесторлардың
алдында көрсетуге өкілеттік берілген бірден-бір мемлекеттік орган Қазақстан
Республикасының инвестициялар жөніндегі сыртқы істер министрлігінің
инвестициялық комитетіне тиесілі. Бітіру жұмысында жалпы инвестициялық
қатынастарды мемлекеттік басқарудың негіздері, шетел инвестициялары туралы
Қазақстан Республикасының заң базасы, инвестицияда екі жақты және көп жақты
реттеу, яғни инвестицияларды ұлттық және халықаралық құқықтық реттеу
мәселесі қарастырылған. Бітіру жұмысының мақсаты - инвестицияда мемлекеттік
басқару мәселелерін зерттеп, мемлекеттік реттеу жолдары туралы мағлұматтар
беру.
Қазіргі кезде экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін
пайдалану болып отыр. Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін 1985 жылмен
салыстырғанда біз 225 пайыз ұлғайтуға қол жеткіздік, ал былайғы дүниеде ол
не бәрі 1,3 есе шамасында ғана өсті.
Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвистициясы
тартылды. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Қазіргі Қазақстанның тұрақты, тиімді
әрі сенімді әріптес екені барша инвесторларға әлде қашан аян, ақиқат.
Қазақстанның қаржы жүйесі де топ жарғандар қатарында танылды, ал
мұны жетекші халықаралық сарапшылардың өздері мойындап отыр.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді
болсау үшін Ұлттық қор құрды.
Қазырғы кезде Ұлттық қорда 5,3 миллиард доллар жинақ толып отыр.
Ұлттық қорды қоса есептегенде еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас
алғанда, 14 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Осыдан 10 жыл бұрын бұл
жайында армандаудың өзі қиын еді.[1]
І Тарау. Қазақстан Республикасындағы
Инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеу.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап бұрынғы жоспарлық
экономикадан жаңа нарықтық экономикаға қарай жол бастады. Ал нарықтың
бірден-бір қажеттілігі - қаражат. Құлдыраған экономиканы көтеру табиғи
ресурстарды рационалды пайдалану жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру үшін
республикамызға көптеген қаржы салымдарының қажеттілігі туындады. Мұндай
қажеттілік тек қана біздің республикамызда ғана емес бұрынғы совет одағы
республикаларында да туындады. Сол себептен шетелден көптеген қаржы
салымдары тарту проблемасы пайда болды. Әйтсе де мемлекеттің инвестициялық
саясаты анықталмайынша ешқандай инвестор өз қаражатын басқа мемлекеттегі
өндіріске салмайтыны мәлім. Осыған орай біздің Қазақстан Республикасы заң
және басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау саясатының бір көрінісі
болып отыр. Кез келген мемлекет инвестициялардың келуін ғана қадағалап
отырып қана қоймай, оның экономикалық секторларына көп мөлшерде түсуіне
жағдай жасай отырып, экономикалық басқа саласына түсін шектеп отырады.
Сонымен қатар, мемлекет инвестордың құқықтары мен міндеттерін
белгілеп, оның қорғалу кепілдіктерін және ол кепілдіктердің жүзеге асу
жолдарын бекітеді. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін мемлекет ішінде арнайы
инвестициялық қатынастарды реттейтін заңдар қабылданады.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы инвестициялық саясаттың негізгі мақсаты
шетелдік инвестициялардың ұлғаюына инвестициялық климаттың жақсаруына
жағдай жасау, яғни қолайлы инвестициялық климат. Қолайлы инвестициялық
климат дегеніміз – экономикалық және саяси тұрақтылық. Саяси тәуекелдің
мүмкіндігінше аздығы Қазақстанның кәсіпкерлерінің сеніміне ие болды. Бірақ,
шетелдік инвестициялардың қорғалуын қамтамасыз ететін құқықтық негіз
болмайынша, жоғарыда айтылған құрамдық бөліктердің маңызы да болмайды.
Осыған байланысты біздің републикамызда инвестициялық қызметті реттейтін
заңдар қабылдау және ол қызметті реттейтін халықаралық нормаларға қосылу
қажет болды.
Инвестициялар түсінігін шетелдік инвестор түсінігін беру арқылы заң
шығарушы, мұнда белгілі бір экономикалық жеңілдіктер ие болу құқығы бар
кірістерді басқа ондай құқыққа ие болмайтын кірістерден оқшаулап отыр.
Мұндай оқшаулау қабылдаушы мемлекеттің мүддесін қорғайды. Өйткені, шетелден
келетін кез келген қаражатқа мұқтаж емес тек белгілі бір талаптарға сай
келетіндеріне мұқтаж.
Инвестициялар - табыс алу мақсатында кәсәпкерлік қызмет
обьектілеріне салынатын мүліктік және сакаткерлік қазыналардың барлық түрі.
Оның ішінде жылжитын және жылжымайтын мүлік пен мүліктік құқықтар,
импортталған және әңдемей сатуға арналған тауарлардан басқалары. Акциялар
мен коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзге де нысандары, облигациялар мен
басқа да борыштық міндеттемелер. Ақша салаларын тауарларды қызмет көрсету
және инвестициялармен байланысты шарттар бойынша кез-келген өзге орындауды
талап ету.
Қазақстан Республикасы аумағында алынған және кері инвестицияланған
пайда:
1.Шетелдік инвестициялар;
2.Шетелдік инвестор жасаған инвестициялар;
3.Шетелдік инвестор.
Шетелдік өзгерістер, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелде тұрақты
тұрғылықты жері бар Қазақстан Республикасының азаматтары. Бұл орайда олар
шаруашылық қызметті жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты
тұрғылықты жерде орналасқан елде тіркелуі тиіс. Шет мемлекеттер,
халықаралық ұйымдар шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттердің заңдарына
сәйкес құрылған заңды тұлғалар (компания, фирма, қауымдастық, ұйым): бұл
берілген түсініктер шетелдік инвестициялардың түрлерін және шетелдік
инвесторға жататын тұлғалардың тізімін толық береді және де заңда шетелдік
инвестиция обьектілері ретінде заң құжаттарымен тыйым салынбаған обьектілер
айтылған, сонымен қатар бұл заңда Қазақстан Республикасы бекіткен
халықаралық шарттың бұл заңнан күші басым екендігі айтылған.
Шетелдік инвестицияларға берілетін кепілдіктер инвестициялық қызметті
жүзеге асыруды ұйымдастыру, құқықтық формалары туралы Қазақстан
Республикасының 2003 жылы 8 қаңтардағы “Инвестициялар” туралы заңда
айтылған[2]. Әртүрлі жеңілдіктер мен преференциялар беру арқылы
экономикалық басым секторларына инвестицияларды тартумен айналысатын орган
болып табылады. Заңда тікелей көрсетілген инвестициялар экономикалық басым
секторлары тағы басқа түсініктер ашылып берілген, яғни бұл заң тек
экономикалық басым секторларына жасалатын инвестицияларды, соның ішінде
шетелдік инвестицияларды қоса реттейді. Тікелей инвестициярды мемлекеттік
қолдау экономикалық басым секторларында жүз еге асырылуы, олардың тізбесін
Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Жеңілдіктер – префенциялар
мен грандтар, кепілдіктер мен қолдау тек бекітілген иевесторларға беріледі.
Бекітілген инвестор дегеніміз – инвестициялық Агенттікпен шартқа отырған
немесе жасасқан инвестор.
Шетелдік инвестицияларды халықаралық құқықтық реттеудің маңызды
бөлігі екі жақты инвестицияларды қолдау мен қорғау туралы келісімдер.
Мұндай келісімдердің пайда болу себебі Азия мен шетелдік инвесторлардың
арасындағы қатынастарды реттеу қажеттілігінен туындап отыр. Сонымен қатар,
инвесторлар шығатын дамыған мемлекеттер олардың қызметін сақтандыру жүйесін
құруға тырысты. 1990 жылдарда екі жақты мемлекет аралық шартардың мақсаты -
қабылдаушы мемлекеттің екі мемлекеттің екі жақты мемлекет аралық шарттарда
инвестициялар "инвестор", “кірістер” деген түсінік ашылады. Негізінен екі
жақты мемлекетаралық шарттар инвестиция келесідей топтарға бөлінеді:
жылжитын және жылжымайтын мүлік түріндегі мүлік. Басқа да ипотекалық
және кепіл құқығы сияқты мүліктік құқықтар;
Компанияларға үлестік немесе басқадай формадағы қатысу құқықтары;
Инвестициялармен байланысты экономикалық құндылығы бар қызметтер
немесе экономикалық құндылықтар құруға бағытталған ақша - қаражаттары
бойынша талап ету құқықтары;
Тауар белгілеріне; өнеркәсіп үлгілеріне өнертабысқа, технологияға,
ноу-хоуға деген құқықтары қоса алғанда интеллектуалдық меншікке деген
құқық.
Екі жақты келісімдер тек түсініктер мәнін ашып қана қоймай келісімге
келетін тараптардың инвесторларға беретін кепілдіктерін ең алдымен қолайлы
жағдай режимі дегеніміз - мемлекеттің белгілі бір экономикалық қатынастар
саласында қолайлы жағдай қолданудың заңдылық шарттары берілген. Бұл
принципке қарағанда ұлттық режим принципі шетелдік азаматтар, өндірістер
және тауарлар қабылдаушы мемлекеттің азаматтары мен өндірісі мен бірдей
жағдайда қойылатындығы көрсетіледі.
Шетелдік инвестицияларды көпжақты халықаралық реттеу, соның ішінде
көпжақты реттеу 1960 жылдары қалыптаса бастауы 2-ші дүниежүзілік соғыста
күйреген экономиканы қалпына келтіру бұзылған халықаралық байланыстарды
қайта жандандыру мақсатында 1944 жылы халықаралық валюта қоры және
халықаралық даму және реконструкция банкі сияқты аса маңызды халықаралық
институттар құрылды.
Инвестициялық қатынастарды реттеуде, дәлірек айтқанда инвестициялық
қатынастарда туатын дауларды реттеу мәселесінде 18 наурыз 1965 жылы 46
мемлекет қабылдаған “Мемлекет пен шетелдік тұлғалар арасында инвестициялық
дауларды шешу” туралы Вашингтон Конвенциясын айтуға болады. Бұл Конвенция
бойынша арнайы халықаралық инвестициялық арбритандар сияқты ұрлықтың екі
белгісі бойынша ажыратылады:
Оның тек құрылымы ғана емес Арбитраж процедурасы да халықаралық шара
негізде анықталған;
Мұнда бекітілген нормалар қатысушы мемлекеттің ішкі қарағанда басым
болады. Шетелдік инвестициаларда қорғау механизмі белгіленгендіктен
инвестициялық дауларды шешу тәртібін реттейтін нормалар аса маңызды. Ол
нормаларды келесідей топтауға болады:
а) ИКСИД-ң инвестициялық дауларды қарау компетенциясын анықтайтын
нормалар;
б) келісімге келу процедурасын жүргізуге қатысты ережелер;
в) дауларды Арбитраждау тәртібі мен шешу туралы нормалар;
г) орталық шешімдердің орындау тәртібін белгілейтін нормалар. Орталық
келісімге келтіру процедурасын немесе Арбитраждау процесін жүзеге
асырмайды, тек сол үшін қажетті жағдай жасалынады. Дауларды тікелей шешу әр
нақты іс бойынша құрылатын арбитраждық трибуналымен жүргізіледі.
Конвенцияның 54 бабына сәйкес келісімге қатысуын әр мемлекет Арбитраж
шешімін өз территориясында мойындайды және өз соты шығарған шешімі сияқты
орындауын міндеттеуі тиіс. Шетелдік инвестициялардың коммерциялық емес
тәуекелдерден кепілдігі сақтандыру болып тадылады. 1985 жылы Сеул
конвенциясын шетелдік инвестцияларды сақтандыру көпжақты Агенттігін құрды.
Бұл Агенттік халықаралық заңды тұлғалардың құқықтарына ие. Агенттік әртүрлі
шарттар жасай алады. Қозғалмайтын мүлікті сатып алуға және оған билік етуге
құқылы, сотта талапкер және жауапкер бола алады. Агенттіктің міндеті –
Конвенция қатысушылары болып табылатын мемлекеттердегі шетелдік
инвестициялауды қолдау болып табылады. Ол міндеттік конвенцияға қатысушы
болып табылатын мемлекеттің инвестицияларын коммерциялық тәуекелдерден
сақтандыру, қайта сақтандыру арқылы жүзеге асырады. Агенттік келесідей
негізгі мәселелер бойынша сақтандыру кепілдігін береді, валютаны еркін
кедергісіз аудару туғанда қабылдаушы мемлекет тарапынан инвестицияларды
экспропроациялау немесе басқа меншік құқығын шектеу әрекеттері болғанда
қабылдаушы тарап материалдық зиян келтіріп, шарттың міндеттемесін бұзғанда,
нәтижесінде зиян шеккенде коммерциялық емес тәуекел түрлері қабылдаушы
тараппен инвестор келісімге келгенде Агенттікпен кеңейтілуі мүмкін.
Агенттік тек белгіленген инвестициялар мен белгіленген инвесторларды
сақтандырады және бұл түсініктер Конвенция бойынша айқын белгіленген.
17 желтоқсан 1994 жылы қол қойылған “энергетика хартиясында” атты
халықаралық шартта инвестициялық қатынастарды, оның ішінде шетелдік
инвесторлар мен қабылдаушы мемлекеттер арасындағы қатынасты реттейтін
халықаралық құжаттар қатарына жатқызылады. Бұл халықаралық шартта келесідей
мәселелер көрсетілген:
- инвестицияларға байланысты терминдер түсінігі;
- инвестицияның өзіне байланысты мәселелері;
- дауды реттеу мәселесі негізінен бұл мәселелердің барлығы да
екіжақты келісімдерде көрсетіліп, реттелген. Әйткенмен де мұнда сөз
энергетика секторына жасалатын инвестициялар туралы болғандықтан бұл
шарттың өзіндік ерекшіліктері бар. Бұл шартта келісуші жақтардың
инвестицияларынан басқа үшінші жақтың инвестицияларға қолайлы жағдай
беруден бас тарту құқығы бекітілген. Мұндағы үшінші жақ инвесторы дегеніміз
- қатысушы жақтардан басқа мемлекеттің инвесторы. Бұл шарт бойынша
Қазақстан энергия шығарушы мемлекет болғандықтан қабылдаушы мемлекет ролін
атқарады. Яғни, бұл құжатты бекіту арқылы өзінің белгілі бір егеменді
құқықтарына шек қояды. Мысалы: энергетика секторындағы заңдарын осы шартқа
сәйкестендіруге міндеттенеді. Бұл шарттың Қазақстан Републикасындағы
пайдасы жоқтары бар. Мұндайда экспортқа шығару мәселесінің шешілуі, Ресей
мен басқа мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеу тағы да басқа саяси
экономикалық жағдайлар.
Нарықтық экономикадағы инвестициялық қатынастар, меншік иелерінің
қатынастары. Ол мемлекеттік және жеке меншік болуы мүмкін. Бұл қатынастар
ішкі құқық нормалармен және халықаралық құқықтық нормалармен реттеледі.
Қатысушы субьектісі инвестор болады. Екінші тарап қабылдаушы жоқ болады.
Сонымен қатар бұл қатынаста суборация принціпіне сәйкес инвестор орнына
онымен белгілі шартқа отырған басқа мемлекет немесе халықаралық құрылым
келуі мүмкін.
Қатынас тараптардың өзара құқықтары мен міндеттері болады және олар
халықаралық құжаттарда мемлекеттің заңдарында міндетті түрде көрсетіледі.
Бұл қатынастар инвестициялық қызмет барысында пайда болады. Заң алдында
барлық инвесторлар бірдей және тең құқықтарға ие. Оларды мынадай жағдайда
топқа бөліп көрсетуге болады:
а) инвестицияларды жүзеге асыруға қажет заңды немесе жеке тұлғаларды
әртүрлі әдіспен келісім негізінде өзіне тартып инвестициялардың бағыттары
мен көлемдерін өзі анықтауға құқылы;
б) инвестициаларды мақсатқа сай пайдалануына бақылау жүргізу құқығы;
в) мемлекеттік органдарға, заңды тұлғаларға, азаматтарға инвестиция
жемістерімен инвесторлардың өзіне деген құқықтарды заңда белгіленген
тәртіп бойынша шарт негізінде беру құқығы;
г) инвестиция обьектілерін және оның жемістерін иеленіп, пайдаланып,
билік етуге сауда операцияларын жүргізу мен реинвестициялау құқығы;
Инвестициялық қызмет түрлері субьектілері арасындағы өндірістік
шаруашылықтағы басқа қатынастарды реттейтін негізгі құжат - келісім шарт
болып табылады. Келісім шартты сипаттама жүргізу арқылы Агенттік
инвесторлармен келісе отырып жасайды. Ол Қазақстан Республикасының 2003
жылы 8 қаңтардағы “Инвестициялар” туралы заңында бекітілген. Белгілі ғалым
М.К. Сулейменовтың айтуынша, инвестициялық келісім шарт жайында мынадай
тұжырымдар келтірілген:
1.Шетел қатысатын кәсіпорын құру кезінде жасалатын контрактілер.
2.Инвестициялық заңдар.
Инвестициялар жөніндегі Агенттігі Қазақстан Республикасының тікелей
инвестицияларды мемлекеттік қолдауда мемлекеттік басқару мен бақылау
функцияларын орындауға уәкілеттік берілген Үкімет құрамына кірмейтін
орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттік өз қызметін Қазақстан
Республикасының конституциясы мен заңдар, Президент пен Үкімет актілеріне
және өзге де құқығы нормативтік құқықтық актілер және “Қазақстан
Республикасы инвестициялар жөніндегі агенттігі” туралы ережесі сәйкес
жүзеге асырады:
а) Қазақстан Республикасы даму стратегиясымен инвестициялық саясатын
әзірлеуге және оны іске асыруға қатысу немесе араласу;
б) Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі
шараларды әзірлеу және оны іске асыру;
в) тікелей инвестицияларға ынталандыру шараларды әзірлеу, іске асуын
қамтамасыз ету;
г) инвестициялық мүмкіншіліктер туралы белсенді жарнамалық ақпараттық
науқан жүргізу;
д) шетелдік және отандық инвесторлармен өзара іс-қимылдың тиімді
жүйесін құру Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген кепілдіктердің
сақталуын қамтамасыз етуде, сондай-ақ инвесторлардың заңды құқықтары мен
мүдделерің қорғауды жүзеге асыруға жәрдемдесу.
І.1.Инвестицияның жалпы түсінігі.
“Ивестицияның” деген ұғым ағылшын тілінен аударылғанда “капитал
салу” деген түсінікті береді. Бұл екі ұғым негізінен синонимдес сөздер
болып табылады. Кең ұғымда экономикалық әдебиеттерде қаражат салу
түсінігінің анықтамасы берілген - әрекет етіп кәсіпорындарды қайта салу,
техникалық кеңейту және жаңа кәсіпорындарды салу үшін (өндірістен қаражат
салу) жұмсалатын қаржылар деген. Яғни, қаражат салу дегеніміз - негізгі
қорлардың туындауына, кеңеюіне және дамуына мақсатталған шығындар.
“Инвестициялар” ұғымының кеңірек түсінігі “Қазақстан
Республикасындағы шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу” монографиясында
берілген[3]. ( Бірақ, “инвестициялар” мен “капитал салу” ұғымдарының нақты
түсінігін ресейлік ғалым В.М. Шумилов анықтаған). Бұл түсінік осы ұғымдарды
нақты айыруға мүмкіндік береді. В.М. Шумиловтың айтуы бойынша “капитал
салу” ұғымы өндірістің негізгі құралдарына ғана салым жасау, ал
“инвестициялар” –кез келген экономикалық объектілер мен процестерге, яғни
өндіріс құралдарына, запастарға, резервтерге, ақпараттың ресурстарға, құнды
қағаздарға және т.б. салым жасау ретінде түсіндіріледі[4].
Қазақстанның заңдары бойынша шетелдік инвестициялар түсінігі келесі
актілерде берілген - Қазақстан Республикасының 2003 жылы 8 қаңтардағы
“Инвестициялар” туралы Заңында, Қазақстан Республикасының 1996 жылы 24
желтоқсандағы “Валюталық реттеу” туралы Заңында. Қазақстан Республикасының
“Инвестициялар” туралы Заңының 1-ші бабында инвестицияларды табыс табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын мүліктік және
интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері анықталған. Ал “Валюталық
реттеу” туралы Заңның 1-1 бабы бойынша (8 тармақ) инвестициялар деп-
ақшаларды, құнды қағаздарды, заттарды, мүліктік құқықтарды, оның ішінде
интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелерін екі мақсатта беру
табылады:
1.инвестициялау объектісінің жарғылық капиталына қатысуды қамтамасыз
ету;
2.құнды қағаздарды алу.
Инвестиция ұғымына Дж Кейнс келесідей анықтама береді. “Нақты
кезеңдегі өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болған капиталды мүлік
бағасының ағымды түрде өсуі” немесе, нақты кезеңдегі кірістің тұтынылған
бөлігі. Ал Массе пікірі бойынша, “инвестицияланған игіліктің көмегімен
бүгінгі күнгі қажеттілікті қанағаттандыруды күтілетін болашақтағы нәтижені
алмастыру актісі инвестициялау болып табылады”, деген. Осы жалпы анықтаманы
капитал салу актісіне сәйкестендіруге болады.
Х.Г. Лоббес анықтамасы бойынша: “инвестиция деп-өндірістік күшті құру
үшін тірі еңбек күшінің маңыздылығын өсіреді”
“Инвестиция” ұғымының анықтамасы халықаралық шарттар мәтінінде
көрініс табады. Мысал ретінде, 1959 жылы 25 қарашадағы ФРГ мен Пакистанның
арасындағы “Инвестицияларды қорғау және марапаттық” туралы шартты айтуға
болады. Осы шарт бойынша, Инвестиция әр түрлі нысандағы капиталдар бір
мемлекеттің территориясынан келесі мемлекетке инвестициялануы.
Инвестицияның әр түрлі нысандағы және түрдегі меншік ретінде
танығаннан кейін, мемлекет меншік иелерінің мүдделері мен құқықтарын
қорғайтын құқықтық нормаларды (жағдайлар мен кепілдіктер) белгілеуі қажет.
Экономикалық әдебиеттердегі инвестиция түсінігі олардың барлығының ортақ
белгісі бастапқы құннан көбірек құн капитал құнының өсімі.
Кейбір ғалымдардың пікірінше инвестицияның нәтижесінде пайда түсетін
немесе арнайы тиімділікке қол жеткізілетін кәсіпкерлік және басқа да
қызметтер обьектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық
құндылықтардың барлық түрі болып табылады. Мұндай құндылықтарға жататындар:
ақша қорлары, банктік салымдар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар,
құралдар және қозғалмайтын басқа да мүліктер.
Инвестицияның басты мақсаты: болашақтағы мұқтаждықтағы қанағаттандыру
үшін капиталды ұдайы өндіріске пайда табу мақсатында салу мұндағы қаржылық
инвестициялық қаржылық институтта салымдар салу, яғни мемлекеттер немесе
жеке коммерциялар шығаратын акцияларға және басқа да бағалы қағаздарға салу
нақтылы инвестициялар негізгі капиталға және материалдық өндірістік
қорлардың өсуіне салынатын салымдар.
І.2. Қазақстан Республикасында инвестициялық қатынастарды мемлекеттік
басқарудың құқықтық негіздері.
Мемлекет инвестициялық қатынастарды реттей отырып, инвестициялық
қызметтің субъектілеріне ықпал етудің әртүрлі нысандары мен әдістерін
қолданады және мемлекеттік меншік объектілерінің иесі және мемлекеттік
меншікке жатпайтын объектілер бойынша инвестициялық қатынастарды реттеуші
болып әрекет жасайды. Бұл мемлекеттік меншік объектілерін басқару жөніндегі
қатынастар мемлекеттік органдар мен мемлекеттік меншіктегі объектілер
арасындағы қатынастар болып табылады. Құқық теориясында реттілік заттар
үшін емес, солармен байланысты субъектілердің әрекеті үшін белгіленеді.
Меншік иесі ретінде әңгіме мемлекеттік басқару туралы, екіншіде-реттеуші
ретінде инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы болып отыр.
Мемлекеттік басқару қандай да болсын игілік бойынша тиісті
мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, сондай-ақ,
азаматтар арасында қалыптасқан қатынастар ретінде көрінеді. Басқару
жүйесінң белгілі элементтері – объекті мен субъектінің өзара әрекеттерімен
жүзеге асырылады. Басқарушы жүйе - кім және не басқарады, басқарылатын жүйе
- кім және не басқарылады. Олардың арасында басқарудың мәніне көп жағдайда
ықпал ететін тығыз өзара байланыс және өзара қатаң тәуелсіздік бар.
Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастар
саласында басқарылатын қосалқы жүйе жер қойнауын пайдаланушылар; басқарушы
қосалқы жүйе - тиісті мемлекеттік басқару органдары, министрліктер,
ведомстволар, т.б. Алайда қаралып отырған салада нақты өмірде басқарудың
объектілері мен субъектілері арасында айқын шек қою әрқашанда мүмкін бола
бермейді. Сонымен бірге, әдеттегідей, бір тұлға бір мезгілде бір қоғамдық
қатынаста басқарудың объектісі болып, субъектісі болып та шыға береді.
Басқару қатынастарының қатысушылары арасында байланыстың сипаты, сайып
келгенде, олардың қызметінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz