Қазақстанда ғылыми-техникалық кадрларды дайындау саясаты


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанда ғылыми-техникалық кадрларды дайындау саясаты

Қазақстандағы басты проблемалардың бірі техникалық мамандардың аз болуы. Қазіргі кезде заңгерлер және қаржыгерлер саны көбею үстінде, ал керісінше қарапайым электриктер, слесарьлар, сантехниктер мамандары жоқтың қасы. Бұған дәлел кәсіптік және техникалық білім департаментінің директоры Қадірбек Бөрібековтің айтқан сөзі: «Қазіргі кезде Қазақстанда техникалық мамандық бойынша оқыған кадрлардың біліктілігі жаман емес, бірақ елімізде бұл саланың мамандары аз дайындалады. Мәселен, аталған оқу орнын бітіргендердің 70 пайызы бірден өз мамандықтарына сәйкес қызметке тұрады. Жалпы біздегі өндіріс саласының дамуына қарай алдағы уақытта елімізге 100 мыңнан астам жұмысшы, орта және жоғары буынды инженер мамандар қажет».

Қазақстан Республикасының инновациялық дамуы үшін жоғары білікті, білімді мамандар ауадай қажет. Инновациялық даму үшін техникалық кадр, орта кәсіптік маман дайындау стратегиялық маңызды болып отыр. Елімізде техникалық және кәсіби білімді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Дегенмен бүгінгі күні экономика маманға ділгір, орта кәсіптік білімді жұмыс күшіне зәру, техникалық кадрға мұқтаж. Кадрлар дайындау жүйесін реформалау қажет. Осы арқылы елдің экономикалық қуатын арттыруға болады.

Мемлекеттің бағдарламасы жүзеге асуы үшін техникалық және кәсіптік білім беруге қатысты жекелеген проблемаларды талқыға сала отырып, шешу қажет. Білім берілуде, бірақ білім беру қызметі экономика сұранысы мен жұмыс берушінің талабына сәйкес келуі керек. Елімізде жыл сайын 45 мың адам техникалық-кәсіптік мамандықты меңгеріп шығады. Басым бөлігі мемлекеттік тапсырыс есебінен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Осы білім экономика сұранысын қанағаттандырады деу қиын. Білім берудің мазмұны заманауи жұмыс беруші талабына сәйкес келе бермейді.

Бүгінде жылына 4 мыңдай арнайы техникалық, экономикалық, ауыл шаруашылығы мамандары дайындалады. Осы маман-педагогтар өндіріске енгізілген ең алдыңғы қатарлы заманауи технологияны меңгеруі қажет. Ал біздің оқытушылар өндірістің бетін көрмейді десе болғандай. Бірақ бұл мәселе 2009 жылдан бері шешіліп келуде, бұл ұсыныс ірі компания «Казэнерджи» қауымдастығында бірінші болып қолға алынған.

Біліктілікті көтеру үшін сәйкес органдар қажетті жағдай туғызуы керек. Осы ретте біз тағы да жұмыс берушінің ықыласына тәуелдіміз. Жұмыс беруші есебінен осы жылдар аралығында оқу орындарына 320 жаңа құрал-жабдық қойылған екен. Бұл - бірлескен кадр дайындау аясындағы қайтарымсыз жәрдем түрі.

Мамандардың жетіспеушілігін атап айтсақ, Алматы облысында тұрба төсейтін мамандар керек. Бірақ оны дайындайтын оқу орны ол жерде жоқ. Ал оны дайындаумен Атырау облысы айналысады. Бізде жоқ деп отырмай, сол облыстың оқу орнымен келісіп, ол мамандардың келу жолын мойындарына алып, квота арқылы шақыруға, осылайша бір облыс дайындаған маманды келесі облыстың мұқтаждығына пайдалануға болады. Батыс өңіріне керекті мамандық мұнай және газ саласы мамандары. Тек қана мұнай өндіру емес, оны тасымалдауға қажетті маманның қаны жерге тамбай тұр. Өндіру мен тасымалдайтын кәсіпорын қасында бір қаланың орнын алатын үлкен өндіріс орталықтары салынып жатыр. Оған қосымша мамандық иелері керек. Мысалға, «Теңізшевройл» жобасының екінші кезеңі басталды. Каспий теңізін құрлықта игерудің осы кезеңінде 15 мыңдай жұмысшы керек болады. Қазір әр мамандық бойынша, әр біліктілік дәрежесі бойынша есеп жүргізуде. Олар осы бастан Қазақстанда қандай оқу орындары бар, мына мамандықты дайындай ма, жоқ па, соны зерттеуде.

Жұмыс беруші қалағандай жоғары білікті маман дайындау үшін осы оқушылар машықтанудан өтуі тиіс. Яғни, кәсіптік-техникалық білім саласында біліктілік деңгейін көтеру үшін әрбір оқушы оқу жоспарына байланысты оқуға берілген уақыттың 40 пайызын дағдылануға арнауы керек. Ол кәсіптік шеберханаларда, жұмыс орындарында жүзеге асырылады. Ол үшін қажетті құрал-жабдық, қажетті жұмыс киімі болуы керек. Оңтүстік Қазақстанда оқу орны бар, бірақ оған қажетті заманауи құрал-жабдық жоқ, соны қайта жаңартуымыз керек. Мысалы, Мақтааралда лицей бар, мақта өңдейтін зауыт ашылған. Бірақ оған қажетті маманды лицей дайындай алмай отыр. Өйткені оқу орнында қажетті құрал-сайман жоқ. Ал оны қамтамасыз ету жергілікті басқару органдарының мойнында. Келесі бір проблема - өндіріске жаңа келген жас маманның еңбек тәжірибесін ұйымдастыру. Айталық, түлек зауытқа, кәсіпорынға бейімделу үшін сол жерде жұмысшыны оқытатын орын болуы керек. Ал кәсіби маман дайындауға бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі аз.

Бұл проблемалардан шығу жол, кадрларды дайындау саясатын дамыту Елбасының 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған. Мәселен, Елбасының айтуынша: «Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз. Қазақстанда барлығы 149 жоғары оқу орны бар. 200 ғылыми кеңестер кандидаттар мен докторларды қалыптан құйғандай етіп жасап шығарып жатыр. 60 кандидаттың 1-і және 37 доктордың 1-і ғана ғылымға барады. Осы жылдан бастап ол кеңестердің жұмыстары тоқтатылады. Бұдан былай магистрлар мен PhD докторлар дайындалатын болады. Біз университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Бүгінде жаңа «Назарбаев университеті» арқауында нарық сұранысына бағдарланған жоғары оқу орнының инновациялық моделі қалыптастырылуда. Ол барлық қазақстандық ЖОО-дар үшін үлгі болуы керек.

Үкіметке мыналарды тапсырамын:

- ЖОО-дардың инновациялық қызметке көшу тетігін қалыптастыру;

- білім берудің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту үшін білім беруге қолдау көрсетудің жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізу;

- техникалық және жоғары білім берудің деңгейлері үшін бүгінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотекалық құрылыста жүзеге асырып отырғанға ұқсас жинақтау жүйесін әзірлеу.

- Қазақстандықтарда мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып балаларын оқытуға қаржы жинаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болуға тиіс.

- бизнес-қауымдастықтар мен жұмыс берушілер өкілдерін қатыстыра отырып Кәсіптік-техникалық кадрлар дайындау жөнінде ұлттық кеңес құру».

Айтылып кеткен мәселелерге сәйкес, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жас Отан» Жастар қанатының I Съезіндегі баяндамасында техникалық және кәсіптік білім сапасын күшейтуге және жұмысшы мамандар мен кадрларды дайындау жүйесін реформалауға үлкен көңіл бөлген болатын. Осы тапсырмаларды орындау барысында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты 2010 жылдың 14 мамырынан бастап, «Қазақстанды бірге құрамыз!» атты байқауын жариялап, кезең-кезеңімен кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарының үздіктерін анықтап, ынталандырып, мүмкіндігінше жастарды тартып, кәсіптік мамандықтарды кеңінен насихаттауға атсалысуда.

Соның бірі, 2010 жылдың 13 қазанында Қазақстанда кәсіптік-техникалық білімнің 70 жылдығын атап өтуіне байланысты өткен «Қазақстанды бірге құрамыз!» атты байқауының қорытындысы. Шараның мақсаты - Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасына аясында кәсіптік білім беруге қолдау көрсетіп, жұмысшы мамандардың мәртебесін көтеру және еліміздің өндірісіндегі жұмысшы кадрлардың жетіспеушілігі проблемасының шешілуіне атсалысып, үздік маман қалыптастыруға ықпал ету.

Байқаудың қорытындысы бойынша он үш кәсіптік-білім беру мекемесі түрлі номинацияларға ие болды. Атап айтсақ, Туризм саласында үздік мамандарды даярлау номинациясы бойынша - Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі, Фермерлік іс саласындағы мамандарды даярлау номинациясы бойынша - С. Жандосов атындағы № 11кәсіптік лицей, Қаскелең қаласы, Энергетика и металлургия саласындағы мамандарды даярлау номинациясы бойынша - «Жаяу Мұса атындағы колледж», Ақсу қаласы, Тамақ өнеркәсібі үшін мамандарды даярлау номинациясы бойынша - № 2 кәсіптік лицей, Қарағанды қаласы, Тәжірибедегі кәсіптік білім бағыты бойынша номинациясы бойынша - Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі, Мұнайгаз өнеркәсібі үшін мамандарды даярлау номинациясы бойынша - Ақтөбе политехникалық колледжі, Агротехникалық мамандарды даярлау номинациясы бойынша - Атырау аграрлы-техникалық колледжі, Тау-кен өнеркәсібі үшін мамандарды даярлау номинациясы бойынша - Қарағанды политехникалық колледжі, Теміржол көлігі, жолдары және қатынастары мамандарын даярлау номинациясы бойынша - Петропавл теміржол көлігі колледжі, Автокөлік коммуникациялар үшін мамандарды даярлау номинациясы бойынша - Шымкент көлік, коммуникацялар және жаңа технологиялар колледжі, IT-мамандарды даярлау номинациясы бойынша - Астана қаласының политехникалық колледжі, Өсімдіктерді қорғау саласы номинациясы бойынша - М. Бейсебаева атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжі, Азаматтық құрылыс саласындағы мамандарды даярлау номинациясы бойынша - № 1 кәсіптік лицей, Астана қаласындағы кәсіптік техникалық білім беру мекемелері жеңіп алды. Жүргізілген іс-шара бойынша проблеманы шешуде үлкен қадам жасалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы инновациялық қызмет
Қазақстан Республикасындағы білім саласын мемлекет тарапынан реттеу
Қазақстанның ұлттық кадрлерді дайындаудың қазіргі жайы және болашағы
Мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік қызметтің қазіргі жағдайы мен ондағы кездесетін мәселелерді талдау
Инновациялық экономиканың теориялық негіздері жайлы
«ВКТ Строитель» ЖШС-ндегі жүргізіліп отырған кадрлық саясатының ерекшеліктерін зерттеу және оны жетілдіру бойынша іс-шаралар жүйесінің әзірлемесін ұсыну
Адам ресурстарын стратегиялық басқару жүйесін құру
Кластер теориясының және мемлекеттің кластерлік саясаты дамуының әлемдік тәжірибесі
Интеллектуалды миграция жағдайына PEST талдау
Кәсіпорынның еңбек ресурстарын басқару кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz