Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі.
Есі дұрыстық . қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты ... ... ... .6
1.2. Жасқа толу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

ІІ. Қылмыстың арнаулы субъектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

ІІІ.Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін жауаптылық ... ... ... ... ... ... .13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Кіріспе

Қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңда көзделген белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады.
Қылмыс субъектісінің белгілері жайлы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 14-бабының бірінші бөлігінде былай делінген: “Есі дұрыс, осы кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс”.
Қылмыс субъектісі – ол қылмыс жасаған есі дұрыс және 16 жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау, кісі тонау, қорқытып алу т.б.) қылмыстық жауапқа адам 14 жастан тартылады. Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауру, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің іс әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгурететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде жасаған қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.
ҚК-тің 14-бабының екінші бөлігінде қылмыстық заңның аса маңызды қағидаларының бірі – азаматтардың заң алдында тең екендігі заң жүзінде бекімін тапқан: “Қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез-келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей”. Бұл қағида сонымен қатар, конституциялық та болып табылады, себебі, ол Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабына негізделген.
Тек жеке адам ғана қылмыс субъектісі бола алады. ҚК-тің 14-бабының бірінші бөлігінде айтылған жеке адамдар – Қазақстан Республикасының азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетел азаматтары. Бұл ҚК-тің 6 және 7-баптарының мазмұнынан туындайды.
Қылмыс субъектісі ретінде тек жеке тұлғаларды тану – заңды тұлғалар, яғни мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар, партиялар, қоғамдық бірлестіктер қылмыс субъектісі бола алмайды дегенді білдіреді. Осыларды айта келе, Қылмыс субъектісі дегеніміз қылмыс жасаған және бойында қылмыстық заңда көзделген белгілері бар жеке тұлға.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз.
2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 1997 ж.
3.ҚР-ның қылмыстық кодексіне түсінік.
4.Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы. “Жеті жарғы”. 2001 ж.
5.Әбілезов Е.Т. Қазақстан Респуликасының Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы. “Жеті жарғы”. 2001.
6.Бапанов Т.Ә. Әбілезов Е.Т. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. (Альбом үлгі). Алматы. “Жеті жарғы”. 2002 ж.
7.Құлжақбаева Р.Б. Қылмыстың құрамы. Қарағанды. “Болашақ -баспа”. 2000ж.
8.Молдыбаев С.С. Рахметов С.П. Субъект преступления по уголовному праву Республики Казахстан. Алматы. “Жеті жарғы”. 2001.
9.Наумов В.Н. Қылмыстық құқық. Астана. 2001 ж.
10.Орымбаев Специальный субъект преступления. Алма-ата. 1972.
11. Сарыбаев «Қылмыстық құқық»

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Қылмыс субъектісінің түсінігі және
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 4

1. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі.
Есі дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты ... ... ... .6
2. Жасқа толу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

ІІ. Қылмыстың арнаулы
субъектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
1

ІІІ.Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін жауаптылық
... ... ... ... ... ... .13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..18

Кіріспе

Қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңда көзделген белгілі бір жасқа толған
және есі дұрыс жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола
алады.
Қылмыс субъектісінің белгілері жайлы Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің 14-бабының бірінші бөлігінде былай делінген: “Есі
дұрыс, осы кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық
жауапқа тартылуға тиіс”.
Қылмыс субъектісі – ол қылмыс жасаған есі дұрыс және 16 жасқа толған
адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау, кісі
тонау, қорқытып алу т.б.) қылмыстық жауапқа адам 14 жастан тартылады.
Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі
дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауру, психикасының
уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің іс әрекетінің іс
жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие
бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті,
есірткі заттарды немесе басқа да есеңгурететін заттарды пайдалану
салдарынан мас күйінде жасаған қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан
босатылмайды.
ҚК-тің 14-бабының екінші бөлігінде қылмыстық заңның аса маңызды
қағидаларының бірі – азаматтардың заң алдында тең екендігі заң жүзінде
бекімін тапқан: “Қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік лауазымдық
және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге
көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты
жеріне немесе өзге де кез-келген мән-жайларға қарамастан заң алдында
бірдей”. Бұл қағида сонымен қатар, конституциялық та болып табылады,
себебі, ол Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабына
негізделген.
Тек жеке адам ғана қылмыс субъектісі бола алады. ҚК-тің 14-бабының
бірінші бөлігінде айтылған жеке адамдар – Қазақстан Республикасының
азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетел азаматтары. Бұл ҚК-тің 6 және
7-баптарының мазмұнынан туындайды.
Қылмыс субъектісі ретінде тек жеке тұлғаларды тану – заңды тұлғалар,
яғни мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар, партиялар, қоғамдық бірлестіктер
қылмыс субъектісі бола алмайды дегенді білдіреді. Осыларды айта келе,
Қылмыс субъектісі дегеніміз қылмыс жасаған және бойында қылмыстық заңда
көзделген белгілері бар жеке тұлға.

І. Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері

Қылмыс субъектісі – қылмыс құрамының бір элементі, онсыз қылмыстық
жауаптылық болмайды және болуы мүмкін емес.
Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға
сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады.
Қылмыстық кодекстің 4,6,7 – баптарының талаптарына сай Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің күші Қазақстан Республикасының
азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтығы жоқ
адамдарға, сондай-ақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды,
қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам –
азамат тартылады. Ал заттар, жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірілген
зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс
субъектісі болып танылмайды. Егер адам жануарларды немее табиғи күштерді
пайдалану арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда
қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысал, қабаған итке
адамды қасақана әдейілеп қаптырса, онда сол адам жөнінде қасақана дене
жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі қарастырылады, ал
мұндай жағдайда ит қылмыс субъектісі емес, қылмысты істеудің құралы болып
табылады[1].
Сондай-ақ заңды тұлғалар – мекеме, ұйым, кәсіпорын және басқа да заңды
ұйымдар қылмыстың суъектісі болып танылмайды.
Қайсы бір кәсіпорын, мекеме, ұйымда еңбек қорғау ережелерінің елеулі
бұзылуы үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым, кәсіпорын емес, сол еңбек
қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан
адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса жауаптылыққа тартылады.
Қылмыс субъектісінің қажетті белгілерінің бірі – қылмыс жасаған адамның
есінің дұрыстығы.
Есі дұрыстық – қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекетті
жасаған кезде адамның өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатын
және қоғамға қауіптілігін ұғынып, оған ие болу қабілеті.
Есі дұрыстық – адамды қылмыстық жауапқа тартудың және оны жазалаудың
қажетті шарты болып табылады.
Қылмыстық заңның нормалары, әр кезде де, төңірегіндегі жағдайды дұрыс
пайымдап, өз әрекетінің маңызын түсіне алатын, оған ие болу қабілеті бар,
психикасы қалыптан ауытқымаған адамдарға бағытталады. Мұндай қабілеті жоқ
адамдар психикасы бұзылғандықтан өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс
жүзіндегі сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғына алмайды, әрекетіне ие
бола алмайды, сондықтан да олар есі дұрыс емес деп танылады және қылмыстық
жауапқа тартылмайды (16 б).
Қылмыс субъектісінің есі дұрыстығымен қатар және бір міндетті белгісі
– қылмыс жасаған кезде адамның заңды белгіленген жасқа толуы.
Өз іс-әрекетін дұрыс бағалау, жасаған әрекетінің әлеуметтік
маңыздылығын ұғыну, әрекетіне ие болу қабілеті белгілі бір жаста пайда
болады. Ол кезде адам есейеді, адамгершілігі дамиды, рухани өседі,
кәмелетке жетпегендер де (14 жасқа толмағандар да) мұндай қасиеттер
болмайды. Сондықтан олар қылмыс субъектісі деп танылмайды.
Адамның есінің дұрыстығы және қылмыстық заңда белгіленген жасқа толуы
қылмыс субъектісінің жалпы заңдылық белгілері болып табылады, олар
қылмыстардың барлық құрамдары үшін міндетті, бұлардың ең болмағанда
біреуінің болмауы, әрекетте қылмыс құрамының жоқ екендігін көрсетеді.
Қылмыскердің қосымша белгілерін, соның ішінде жеке басының, еңбек және
тұрмыс жағдайын ескеру айыптының бұрын қылмыс жасаған –жасамағандығын,
ерекше бұзық немесе баукеспе екенін білуге, кейде қылмыстық
жауапкершіліктен босатуға, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруға, жазадан
шартты түрде мерзімнен бұрын босатуға себеп болатындығын да естен шығармау
керек. Заңдылық нормаларда басқа да белгілер көрсетіледі. Олар - қылмысты
қайталап жасау, әлденеше рет жасау, үнемі жасау, ерекше қауіпті рецедивист,
арнаулы субъект тағы басқалар.
“Қылмыс субъектісі” және “қылмыскердің жеке басы” ұғымдары бірдей емес.
Қылмыскердің жеке басы – қылмыс субъектісіне қарағанда кең түсінік береді.
Қылмыскердің жеке басы дегеніміз – қылмыскерді жалпы адам ретінде
сипаттайтын барлық әлеуметтік қасиеттердің, байланыстардың және
қатынастардың жиынтығы, оның әлеуметтік (саяси, еңбек, тұрмыстық,
отбасылық т.б) байланыстары; өнегелік саяси қасиеттері (дүниетанымы,
сенімі, құштарлығы); психикалық қасиеттері мен ерекшеліктері (интеллекті,
еріктік қасиеттері, сезімдік ерекшеліктері, қызбалығы); демографиялық және
дене жаратылыс ерекшеліктері (жынысы, жасы, денсаулық ахуалы); өмірбаяны,
өмір тәжірибесі, білімі, қоғам алдында сіңірген еңбегі және кінәсі[2].
Қылмыскердің жеке басына қатысты барлық қасиеттердің ішінен қылмыс
субъектісі ұғымы өзіне қылмыскердің жеке басын сипаттайтын белгілердің ең
аз ғана жиынтығын қамтиды (есі дұрыстық, қылмыстық жауапқа тартылу жасына
толу); бұл белгілердің қылмыстық құрамы болмайды.
Қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері жаза тағайындағанда, оны жеке
даралағанда (ҚК-тің 52,53,54 -баптары), шартты түрде соттау туралы (ҚК-тің
63-бабы), қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы (ҚК-тің
65,66,67,68,69 баптары), жазадан мерзімнен бұрын шартты түрде босату немесе
жазаны өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру туралы (КҚ-тің 70,71-
баптары) мәселелерді шешуде және басқа жағдайларда маңызды болып табылады.
3. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі. Есі дұрыстық –
қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты.

Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірген не зиян келтіру
қаупін төндірген, қылмыстық заңда тиым салынған әрекетті жасаған адам
қылмыстық жауапқа тартылып, жазалануы үшін оның есі дұрыс болуы керек[3].
Жоғарыда аталып кеткендей, есі дұрыстық дегеніміз – адамның қоғамға
қауіпті әрекет жасаған кездегі өз әрекетінің іс жүзіндегі сипатын, қоғамға
қауіптілігін ұғына алатын, оған ие бола алатын қабілеті. Есі дұрыс емес
адамдар қылмыстың субъектісі болып табылмайды. Сол себепті олар қылмыстық
жауапқа тартылмайды. Мұндай адамдарға істеген іс-әрекеттері үшін қылмыстық
жаза болып табылмайтын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы
мүмкін (ҚК 89-95 баптар). Есі дұрыстықтың белгісіне тоқталып өтсек, ол
адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетін істеген уақытта өзінің іс-әрекетінің
мәнін сезіп, ұғынуы және оны басқаруға қабілетінің болуы қылмыстық
құқықтағы кінә туралы түсінікпен тығыз байланысты. Яғни, қоғамға қауіпті іс-
әрекетті істеген кезде оны істеушіге әйтеуір кінәнің бір түрі қасақаналық
немесе абайсыздық болуы тиіс. Өйткені, кінә қылмыстық жауаптылықтың басты,
негізгі алғышарты болып табылады, өз әрекетінің мәнін түсінбейтін және өзін-
өзі басқаруға қабілеті жоқ адамдарда кінә да болмайды, сол себепті олар
қылмыстық жауапқа тартылмайды. Кылмыстық Кодекстің іс-бабында есі дұрыс
еместіктің түсінігі берілген. Онда:
1.Осы Кодексте көзделген қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі
дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының
уақытша бұзылуы, кемақылдылығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы
салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен
қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам
қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс емес.
2.Есі дұрыс емес деп танылған адамға сот осы Кодексте көзделген
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін, - делінген[4].
Есі дұрыс еместіктің ұғымын ашып көрсеткенде қылмыстық құқық ғылымы
екі белгіні: медициналық (биологиялық) және заңдылық (психологиялық)
белгіні қолданады. Заңдылық белгі бойынша сот қоғамға қауіпті іс әрекетті
істеген адамның өзінің іс-әрекетіне есеп бере алатынын және оны істегенде
өзін басқара алатынын анықтайды.
Медициналық (биологиялық) белгі бойынша қоғамға қауіпті әрекетті
істеген адамның аурулық жағдайына байланысты болған қабілетсіздігінің
себебі анықталады. Адамның кез-келген аурулық жағдайы оны есі дұрыс емес
деп тануға негіз болмайды, сол аурулардың ішіндегі адамға өзінің іс-
әрекетін нақты дұрыс бағалауға бөгет жасайтын аурулар ғана оны есі дұрыс
емес деп тануға негіз болады.

Сондықтан медициналық белгі міндетті түрде заңдылық белгімен
қабаттасуы қажет. Тек осы екі белгі бірдей болған жағдайда ғана адам есі
дұрыс емес деп танылуы мүмкін. Медицнналық белгінің түсінігі сот-психиатрих
ғылымы белгілеген жалпы ережелеріне негізделген. Қылмыстық құқық есі дұрыс
еместіктің түсінігін осы ережелерді басшылыққа ала отырып, өз
ерекшеліктеріне сәйкес түсіндіреді. Медициналық белгілерге қылмыстық заңда
төрт түрлі ауру жатқызылған:
1.Созылмалы психикалық ауру. Бұл ауруға жазылмайтын немесе жазылуы өте
қиын, аурулық жағдайы өрістей беретін аурулар жатады. Бұған: шизофрения,
желікпе, депрессиялық есалаңдық, ми мерезінің салдарынан үдемелі сал
аурына шалдығу, кәрілікке байланысты дамыған есалаңдық және басқалары.
2.Психикасының уақытша бұзылуы. Бұған жататындар: алкогольдік
есалаңдық, патологиялық маскүнемдік, белая горячка т.б. аурулары. Бұл
аурулар тез пайда болады, емделген жағдайда артынан жазылып кетуі де
мүмкін.
3.Кемақылдық. Бұл адамның ақыл-ой қабілетінің төмендеуінен туындайтын
аурулар. Мұндай аурулар тұрақты туа біткен ауыр нерв ауруының (делбе,
энцефалит, мидың зақымдануы) әсерінен пайда болады. Кемақылдылықтың үш түрі
бар: дебильдік (жеңіл түрі), имбецильдік (орташа түрі).
4.Психикасының өзге де дертке ұшырауы.
Бұл сырқаттағы күйге жататындар психикалық аурулардың қатарына
жатпайтын, бірақ адам психикасының бұзылуына әсер ететін әр түрлі аурулар
жатады. Бұған әр түрлі жұқпалы аурудың әсерінен адамның сандырақ күйге
түсуі, ауыр жарақаттан пайда болған ми ісігі немесе нашақорлық аштығынан
болған жарақаттар жатады.
Психикалық аурудың, тіптен созылмалы психикалық аурудың болуының өзі
қылмыстық заңда көзделген әрекетті жасаған адамның есі дұрыс еместігі
туралы мәселені шешпейді. Психикалық аурудың қарқыны әр түрлі болады, кейде
ол адамды өз іс-әрекетінің мазмұнын ұғына алмайтын және оған ие бола
алмайтын жағдайға дейін жеткізеді. Сондықтанда медициналық критерий есі
дұрыс еместіктің заңдық (психикалық) критерийімен толықтырылады.
Медициналық критерий (аталған белгілердің біреуі болған жағдайда) заңдық
критерийлермен үйлескенде ғана есі дұрыс еместік болады. Критерийлердің
біреуінің (медициналық немесе заңдық) болмауы адамды есі дұрыс емес деп
тануды болдырмайды[5].
Заңдық (психологиялық) белгі адамның өзінің істеген әрекетіне есеп
бере алмауынан (интеллектуалдық кезеңнен) немесе өзінің әрекетін басқара
алмауынан (еріктілік кезеңнен) тұрады.
Интеллектуалдық кезеңнің мазмұнына адамның өзінің істеген іс-
әрекетінің шын мәніндегі жағдайын түсінбейтінін, оның қоғамға қауіпті мәнін
яғн, қоғам, басқалар үшін өз мінез-құлқының зияндылығын сезбейтінін
көрсетеді. Ақыл-ойдың бұзылуы еріктің бұзчылуына себепкер болып, адамның
өзінің іс-әрекетін басқара алмайды. Кейде адам өзінің әрекетінің мәнін
түсінгенмен, аурулық жағдайына байланысты өзін басқара алмайтын кезеңдер де
болады. Мысалы, наркотикалық аштық жағдайындағы адам, өзіне жедел жәрдем
көрсетуші медицина қызметкеріне шабуыл жасап, одан наркотикалық зәрі бар
нәрсені тартып алуды өз мінез-құлқының қылмыс екенін сезеді. Бірақ та
наркотикалық тәуелділікке байланысты еріктілік жағдайының терең бұзылуы
салдарынан өзін-өзі ұстауға, басқаруға қабілеті болмайды. Адамды есі дұрыс
емес деп тану үшін сот-психиатриялық сарапшының қорытындысы қажет. Есі
дұрыс емес деп танығанда медициналық белгінің нышандарының кем дегенде
біреуін және заңдылық белгінің нышандарының интеллектуалдық еріктілік
белгілерінің екуінде немесе ауырлық жағдайдың кейбіреулері үшін тек қана
еріктілік белгісін анықтау қажет. Осы екі белгі қабат болғанда ғана есі
дұрыс еместіктің мәселесі шешіледі. Белгіленген тәртіппенесі дұрыс емес деп
танылған адамдар субъектісі болып табылмайды, бұл оның іс-әрекетінде қылмыс
құрамының жоқ екендігін білдіреді. Қылмыстық кодекстің 17-бабының 2-
бөлімінде есі дұрыс күйінде қылмыс істеген, бірақ сот үкімшығарғанға дейін
өзінің әрекеті жөнінде өзіне есеп беру немесе өзінің әрекетін басқару
мүмкіндігінен айырылып қалған, есі ауысу дертінен ауырып қалған адамды
жазаға тарпау туралы айтылған. Есі ауысқан адам сот процесінің мәнін,
жазаның мақсаттары мен мазмұнын дұрыс түсінбейді. Мұндайда сот-
психиатриялық сараптың қорытындысына сәйкес, есі асысуы уақытша деп
танылса, іс өндірістен тоқтатылады да, ондай адамға соттың тағайынгдауы
бойынша медицналық сипаттағы еріксіз емдеу шаралары қолданылуы мүмкін. Ал
уақытша есі ауысу дертінен айыққаннан кейін жазалануы мүмкін. Қылмыстық
кодекстің 18-бабында мас күйінде істелген қылмыс үшін жауаптылық
қарастырылған. Осы бапқа сәйкес қылмысты мас күйінде істеген адам (спирттік
ішімдікті, есірткі немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдаланудың
нәтижесінде) қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Демек, мұндай адам
қоғамға қауіпті іс-әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылады[6].

1.2.Жасқа толу
Адамды қылмыстық жауапқа тартудың ең негізгі шарттарының бірі оның
белгілі жасқа толуы болып танылады. Өте жас балалар қылмыстың субъектісі
бола алмайды. Өйткені, олар өздерінің тым жастығына сәйкес жеткілікті
жағдайда өздерінің қоғамға істеген зиянды іс-әрекетіне жауап бере алмайды
және өздерінің қылықтарын басқара алмайды. Сондықтан қылмыстық заң өзі
арнайы көрсеткен жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстық жауапқа және
жазаға тартуға тиым салады. Кез-келген жеке тұлға есі дұрыс болса да, егер
заңда көрсетілген жасқа толмаса қылмыс субъектісі бола алмайды.
ҚК-тің 14-бабының бірінші бөлігінде “есі дұрыс, осы Кодексте
белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс”
делінген[7].
ҚК-тың 15-бабының бірінші бөлігінде жасқа толған қылмыс жасаған кезде
он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылуға жатады.
Заңда анық көрсетілген кейбір қылмыстар үшін ғана қылмыстық жауаптылық
он төрт жастан бастап көзделген.
ҚК-тің 15-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған кезде он төрт
жасқа толған адам мына қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылады: адам
өлтіру (ҚК-тың 96-бабы), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚК-тың
1013-бабы) ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы
зиян келтіру (ҚК-тің 104-бабының екінші бөлігі), зорлау (ҚК-тің 171-бабы),
адамды ұрлау (ҚК-тің 125 бабы), ұрлық (ҚК-тің 175-бабы), тонау (ҚК-тің 178-
бабы 181-бабы) ауырлататын мән-жайларда автомобильді немесе өзге де көлік
құралдарын ұрлау мақсатының (ҚК-тің 185-бабының екінші, үшінші, төртінші
бөліктер) ауырлататын мән-жайларда бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе
бүлдіру, терроризм, адамды кепілге алу (ҚК-тің 234-бабы), терроризм актісі
туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚК-тің 242-бабы), қаруды, оқ дәріні,
жарылғыш заттар мен қару құралдарын ұрлау не қорқытып алу (257-б), тағылық
(258-б), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не
қорқытып алу (260-б), ауырлататын мән-жайларда өлгендердің мәйіттерін және
олар жерленген жерлерді қорлау (275-б, 2-б), көлік құралдарын немесе
қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс құрамы және қылмыс субъектісі
Аса ауыр қылмыстар
ҚЫЛМЫС СУБЪЕКТІСІНІҢ ЕРЕКШЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІ
Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу
Қылмыс құрамының түрлері
Қылмыстың ерекше субьектсі
Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері
Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субьектісі
Қылмыстың арнайы субъектісі
Пәндер