Азаматтық іс жүргізудің қағидалары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.5
І тарау. Азаматтық іс жүргізу қағидаларының
маңызы мен мәні
1.1 Азаматтық іс жүргізу қағидаларының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.9
1.2 Азаматтық іс жүргізі қағидаларын топтастыру
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10.14
ІІ тарау Азаматтық іс жүргізу қағидаларының кейбір түрлері, олардың ерекшеліктері
2.1 Ұйымдастырушылық . функционалдық
қағидалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.21
2.2 Функционалды қағидалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22.23
2.3 Азаматтық іс жүргізудегі диспозитивтік
қағидасы және бітімгершілік келесім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31.32
Нормативтік құқықтық актілер мен
пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33.35

Жалпы алғанда мемлекетіміздің құқықтық мемлекет құру жолында демократиялық бағыт ұстанып нарықтық экономикаға көшуі замана көшінен қалмаудың айқын белгісі болып табылады. Сол жолда адам құқықтары мен бостандығын қорғау мемлекеттің басты мақсаты мен міндеті болып табылады. Азаматтардың қоғамда емін еркін өмір сүруі үшін мемлекет қолдан келген мүмкіндіктер мен шараларды қолданады. Сондай қорғаудың бірі әрі ең негізгісі болып тұлғалардың өздерінің заңды мүдделері мен құқықтарын, бостандықтарын қорғап сотқа жүгінетіні бесенеден белгілі. Бұл ежелден қалыптасқан, әр елдің өз табиғи болмысы мен әдет-ғұрып салт дәстүр, мәдениет пен діл және діни, рухани тағыда басқа қасиеттеріне негізделе отырып жүзеге асып келеді.
Ежелгі заманда адамдардың құқығының мәселесін қолында билігі бар тұлғалардың шешуімен қалыптасқан бұл қызмет мемлекеттің ерекше қызметінің түріне жатады. Уақыт өте жаңарып отыру табиғаттың бұлжымас заңы қоғамның заңдылықтарына да тән дүние екендігіне ешкімнің дауы жоқ.
Азаматтық іс жүргізу құқығы саласында қағидалардың маңызы кез келген құқық саласы сияқты өте маңызды орынды иеленеді. Қағида құқықтық норма жүйесін бір қалыпқа келтіріп, қатырып тастаушы, бағыт бағдар беретін құрылым деуге де болады. Кейбір жағдайларда принцптер норма түрінде де кездесіп жатады. Бітіру жұмыста қағидалардың ұйымдастырушылық, топтық, жіктік түрлеріне көп көңіл бөлінген.
Қағида көптеген зерттеушілердің ғылыми жұмысының нысанына айналды. Мысалға алсақ шетелдік, соның ішінде ресейлік ғалымдар
Стецкий Ю.И., Дементьева А., Ершова В., Халдеева Л., Карнозовой Л.М., Кислова А., Мельник В.В. Лебедева В.М. Савицкий В.М. Баглай М.В. Филиппова П.М. Гуценко К.Ф. Ковалева М.А. Четвернин В.А. Петрухина И.Л. тағыда басқа авторлар жазды. Отандық ғалымдарды атап өтсек олар Зиманов С. Сапарғалиев Г., Халиков К.Х. Жайылганова А.Н. Тілечиева Г. Нама Г. сондай-ақ тәжірибедегі мамандар Тусупбеков Р. Наврузбаев Е., Утешова К., Хамзин А., Дуюмбаев Е., Байбатыров С. тағыда басқа көптеген ғалымдар жазды.
1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және жеке адам тіршілігіндегі орын алатын негізгі қағидаларды бекітті. Оның 1-бабында айтылғандай: «Қазақстан Республикасы өзім демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Міне осы қазынаны қорғауда мемлекеттік биліктің бір тармағы — соттардың ролі өте зор. Әрбір адам өз құқығының бұзылғандығын білсе немесе осындай ойда болса, онда ол, өз құқығын қорғау үшін сотқа арыздануға құқылы. Ал сот бұл арыздарды қабылдап, іс бойынша мәселенің мазмұнын аша отырып, әділетті түрде шешуге міндетті.

1. Семенов В.Н. Суд и правосудие в СССР.М.ІЮрид. лит. 1976. с 368.
2. Ожегов С.И.Словарь русского языкаМ.:Русск. Язык 1991. с 1235.
3. Энциклопедический словарь правовых знаний. М.: Госюриздат 1965 с810
4. Юридический энциклопедический словарь М.: Юридическая литература Алматы 2001.
5. в.Баймолдина З.Х. Исковой порядок защиты прав в суде. Алматы 2001
6. Э. Баймолдина З.Х. Разбирательство гражданских дел в суде первой 1984 с702
7. ХаликовК.Х. Проблемы судебной власти в Республике Казахстан. Автореферат дисс. На соискание ученой степени доктора юридических наук. Алматы.
8. Осокина Г.А. Понятие тождества исков. Вопросы теорий и практики гражданского правового регулирования. Томск, 1985.98
9. Филиппов П.М.Судебная защита и правосудие в СССР. Саратов: Из-во Саратовского ун-та 1987. с 234
10. Ю.Семенов В.И. Правоохранительные органы в СССР. М.: Юридическая литература, 1990 с 400
11. Судоустроиство СССР и организация работы судов, органов юстиций и прокуратуры. М.: Юридическая литература, 1983 с 458
12. Гуценко К.Ф. Ковалев М.А. Правохранительные органы М.: Зерцало Тейс 1996. с 328.
13. Правохранительные органы Россиской Федервций Под. Ред. Божьева В.П. Четвернин В.А. М, 1997. с 702.
14. Суды и их роль в укреплений государственной независимости (материалы международной научно- практической конференций, посвященной 10-летию независимости Республики Казахстан, Астана 15-16 марта 2001 г.) Астана : Редакционно-издательский центр Верховного Суда РК, 2001. с 369.
15. Мами К. Становление и развитие судебной власти в Республике Казахстан. Астана: Елорда, 2001. с 352.
16. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Под. Ред. Страшуна Б.А. Том 2 М.:бек, 1995. с 448.
17. Баглай М.В. Конституционное право Российской Федераций. М.:Норма-Инфра, 1998 с 752.
18. Конституционное право. Отв. Ред. КозловА.Е. М: Бек 1996 с 464.
19. Чечот Д.М. Субъективное право и формы его защиты. Ленинград, Тихомирова Л.В., Тихомиров М.Ю. Юридическая энциклопедия. М.: Юрист, 1997.
20. Кириченко М.Г. конституционные основы судебной системы в СССР. М.: Юрид. лит-ра, 1979
21. Савицкий В.М. Организация судебной власти в Россиской Федераций. М.: Бек, 1996.
22. Концепция судебной реформы в Россиской Федераций. М.: Республика
23. Анисимова Л.И. Защита прав личности в социалистическом гражданском процессе. М., 1986.
24. З.Арапов Н.Т. «Встречный иск в советском гражданском праве». Автореферат. Томск, 1965 г.
25. Абрамов С.М. Гражданский процесс. М., 1950.
26. Александрова СА Правовое положение ответчика в уголовном процессе. М.,1977 г.
27.Аникин Чтобы суд означал справедливость! \\ Казахстанская правда \\ 2001.7 июнья
28. Юридическая энциклопедия. М.:Юрист,1997
29. Н.Т. К вопросу о применений норм гражданско-процессуального законодательства при разрешений гражданского иска по Уголовным делам. Проблемы социальной законности, 1987., №20, стр. 133-138.
30. Баймолдина З.Х. Гражданско-процессуальное право РК. Учебник, 2 том, станции. Алматы 2001.
31. Башкатов Н. Гражданский иск в уголовном процессе. Советское государство и право. М., 1986., стр.
32. Безлипкин Т.Т. Законодательные проблемы судебной защиты прав граждан. //Правоведение, 1987., № 1, стр. 19-76.
33. Василенко К.М. Процессуальное положение ответчика в гражданском судопроизводстве. Харьков, 1979.
34. Василева Г.Д. Защита ответчика против иска в гражданском судопроизводстве. Красноярск, 1982.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Заң факультеті
Еңбек құқығы және азаматтық іс жүргізу кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Азаматтық іс жүргізудің қағидалары
Орындаған: 3 курс студенті
Асқарбек Айбек
Ғылыми жетекші: оқытушы
Урисбаева А.А.
Жұмыс қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі
з.ғ.к., доцент
Алдашев С.М.
____ __________2006 ж.
Алматы 2006
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-5
І тарау. Азаматтық іс жүргізу қағидаларының
маңызы мен мәні
1.1 Азаматтық іс жүргізу қағидаларының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-9
1.2 Азаматтық іс жүргізі қағидаларын топтастыру
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10-14
ІІ тарау Азаматтық іс жүргізу қағидаларының
кейбір түрлері, олардың ерекшеліктері
2.1 Ұйымдастырушылық – функционалдық
қағидалар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-21
2.2 Функционалды
қағидалар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22-
23
2.3 Азаматтық іс жүргізудегі диспозитивтік
қағидасы және бітімгершілік
келесім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24-30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .31-32
Нормативтік құқықтық актілер мен
пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
-35
Кіріспе
Жалпы алғанда мемлекетіміздің құқықтық мемлекет құру жолында
демократиялық бағыт ұстанып нарықтық экономикаға көшуі замана көшінен
қалмаудың айқын белгісі болып табылады. Сол жолда адам құқықтары мен
бостандығын қорғау мемлекеттің басты мақсаты мен міндеті болып табылады.
Азаматтардың қоғамда емін еркін өмір сүруі үшін мемлекет қолдан келген
мүмкіндіктер мен шараларды қолданады. Сондай қорғаудың бірі әрі ең
негізгісі болып тұлғалардың өздерінің заңды мүдделері мен құқықтарын,
бостандықтарын қорғап сотқа жүгінетіні бесенеден белгілі. Бұл ежелден
қалыптасқан, әр елдің өз табиғи болмысы мен әдет-ғұрып салт дәстүр,
мәдениет пен діл және діни, рухани тағыда басқа қасиеттеріне негізделе
отырып жүзеге асып келеді.
Ежелгі заманда адамдардың құқығының мәселесін қолында билігі бар
тұлғалардың шешуімен қалыптасқан бұл қызмет мемлекеттің ерекше қызметінің
түріне жатады. Уақыт өте жаңарып отыру табиғаттың бұлжымас заңы қоғамның
заңдылықтарына да тән дүние екендігіне ешкімнің дауы жоқ.
Азаматтық іс жүргізу құқығы саласында қағидалардың маңызы кез келген
құқық саласы сияқты өте маңызды орынды иеленеді. Қағида құқықтық норма
жүйесін бір қалыпқа келтіріп, қатырып тастаушы, бағыт бағдар беретін
құрылым деуге де болады. Кейбір жағдайларда принцптер норма түрінде де
кездесіп жатады. Бітіру жұмыста қағидалардың ұйымдастырушылық, топтық,
жіктік түрлеріне көп көңіл бөлінген.
Қағида көптеген зерттеушілердің ғылыми жұмысының нысанына айналды.
Мысалға алсақ шетелдік, соның ішінде ресейлік ғалымдар
Стецкий Ю.И., Дементьева А., Ершова В., Халдеева Л., Карнозовой Л.М.,
Кислова А., Мельник В.В. Лебедева В.М. Савицкий В.М. Баглай М.В. Филиппова
П.М. Гуценко К.Ф. Ковалева М.А. Четвернин В.А. Петрухина И.Л. тағыда басқа
авторлар жазды. Отандық ғалымдарды атап өтсек олар Зиманов С. Сапарғалиев
Г., Халиков К.Х. Жайылганова А.Н. Тілечиева Г. Нама Г.
сондай-ақ тәжірибедегі мамандар Тусупбеков Р. Наврузбаев Е., Утешова К.,
Хамзин А., Дуюмбаев Е., Байбатыров С. тағыда басқа көптеген ғалымдар жазды.
1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум жолымен қабылданған
Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және жеке адам
тіршілігіндегі орын алатын негізгі қағидаларды бекітті. Оның 1-бабында
айтылғандай: Қазақстан Республикасы өзім демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы —
адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Міне осы қазынаны
қорғауда мемлекеттік биліктің бір тармағы — соттардың ролі өте зор. Әрбір
адам өз құқығының бұзылғандығын білсе немесе осындай ойда болса, онда ол,
өз құқығын қорғау үшін сотқа арыздануға құқылы. Ал сот бұл арыздарды
қабылдап, іс бойынша мәселенің мазмұнын аша отырып, әділетті түрде шешуге
міндетті.
Өкінішке орай, қоғамдағы орын алып отырған экономикалық, әлеуметтік,
құқықтық проблемалардың күннен - күнге өсуіне орай, азаматтар, ұйымдар
арасындағы қақтығыстардың, дау-дамайлардың көбейіп, үдеп кетуіне орай,
соттарда тұлғалардың бір-біріне деген қарсы талаптары көбейді. Осы орайда,
соттар дауды шешудің сапасына емес, санына көп көңіл бөле бастады.
Бұл өз кезегінде, адамдардың санасында сот төрелігін жүзеге асырушы
органға деген сенімсіздік ойын ұялатты.
Міне осы көңілге қонымсыз жағдай, дауласушы тараптарды дауды шешудің
басқа өте тиімді жолын іздеуге итермеледі. Бұл жол белгілі бір келісімге
келіп, бітім арқылы дауды шешу. Бірақта, көп тұлғалар дауды шешудің бұл
тәсіліне көп көңіл бөле бермейді. Олар тек бір мойынсұндыруды көздейді.
Әрине, бұл қыруар қаржы мен уақытты қажет етеді. Осы себептен соттар
қырғи-қабақ болған тұлғалардың дауын бейбіт жолмен шешуге тырысып бағуы
керек. Яғни, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінде
көрсетілген тараптар арасындағы бітімгершілік келісім жасау нормаларына
назар аударып, оларды дұрыс қолдану қажет.
Ал осы бітімге келуді пайдалануға байланысты мәселелердің біраз
мөлшері толық анықталып, қарастырылмағаны қатты қынжылтады. Бұл біріншіден,
бітімгершілік келісімнің құқықтық табиғаты мен мазмұнын анықтауға қатысты.
Осы сұраққа арналған терең зерттеулер бұрынғы Кеңес азаматтық процессуалдық
құқығында да, қазіргі азаматтық іс жүргізу заңнамасында да мейлінше аз
зерттелген.
Сонымен қоса, заңи әдебиеттерде бұл мәселеге арналған түсініктер бір-
біріне қарам-қайшы, түсініксіз, ал ол өз кезегінде бітімгершілік келісім
инстиутының дұрыс түсінілмеуіне және оны тәжірибеде қолдануда қайшылықтар
туындауына септігін тигізеді.
Осыған орай, зерттеудің көздеген мақсаты — бітімгершілік келісімнің
құқықтық табиғатын ашу, оны жасаудың тәртібін және соттың бекітуін,
қоғамдағы қызметі мен орнын көрсету болды. Белгіленген мақсатты игеру үшін
зерттеу барысында мына міндеттер мен мәселелердің басын ашу көзделеді:
1. жаңа АІЖК тұрғысынан бітімгершілік келісімнің негізгі мәнін ашу;
2. бітімгершілік келісімге қатысты басты-басты принциптерді
анықтау;
3. осы институт пен талапты тану, талап қоюдан бас тарту
институттарын ажырату;
І тарау. Азаматтық іс жүргізу қағидаларының маңызы мен мәні
1.1 Азаматтық іс жүргізу қағидаларының түсінігі
Бұрынғы кеңес республикалары дүние жүзілік экономикалық жүйеге
интеграциялануына орай азаматтық айналымның кез келген субъектісінің
экономикалық және құқықтық мүдделерін қорғау нысанын дамытуды, жаңалатуды
талап етті. Құқықтық қорғау механизмінде азаматтық процессуалдық заңнама
маңызды инструментінің бірі және реформалауды қажет ететін материалдық
құқық саласының санкцияланған нормаларын мәжбүрлі түрде жүзеге асыруға
қолданылады.
ҚР-ның азаматтық процессуалдық заңнама және сот ісін жүргізу бөлігінде
құқықтық реформалау бағыты осындай болып көрінеді:
А) азаматтық сот ісін жүргізу азаматтық дауда мемлекеттің тең қүқықты
тараптарға көрсететін қызметке айналуы қажет;
Б) Қазақстан Республикасы дүние жүзілік тәжірибеге енуі үшін азаматтық
процессуалдық заңнама мен сот ісін жүргізудің унификациялануы;
В) ұлттық заңнама шеңберінде құқық қорғау соттық нысаны
унификациялануы;
Г) сот билігі тармағының ақиқатты тәуелсіздік пен дербестікке жетуі;
Д) азаматтық айналымның іс жүзіндегі тең құқылы субъектілерімен ақылға
қонымды уақытта әділетті жария қарау жағдайында азаматтық процессте
диспозитивтілік және жарыспалылық қағидаларының толық көрініс табуы,
азаматтардың арасындағы кез келген дауды қараудың бәріне ортақ бір
процессуалдық регламентінің болуы;
Е) соттардың және өзге қаулылардың іс жүзінде орындалуы.
Кез келген құқық саласының қағидалары заңнама бастамасы және жалпы
түсінігі түйіні, бұларда осы сала мен реттелетін қоғамдық қатынастардың
заңдылықтары мен құқық саласының ерекшеліктері көрініс табады. 1
Қағидалар құқық шығармашылығының мақсатының, керектігінің критэриі
және құқық қолданудың ориентирі болып табылады.
Зерттеуші-заңгерлер құқықтың қағидаларына байланысты ортақ
айға келді. Құқық қағидалары -экономикалық қатынастармен келісілген және
заңда көрініс тапқан, жалпылама, маңызды идеологиялық тәртіптегі басшылыққа
алынатын бастапқы идеялар. Құқық өзі идеологиялық құбылыс болып табылады,
ал оның мазмұны экономикалық қатынастардың деңгейімен айқындалады. Құқық
қағидаларының проблемаларының ауқымдылығы дау тудырмайды, себебі,
біріншіден, құқық экономикамен, саясатпен, идеялогиямен, қоғамдағы
моральдық құндылықтармен тығыз байланысты; екішіден, құқық қағидалары бүкіл
құқықтың және оның саласы мен институтын негізін айқындайды.
Құқық қағидалары - құқықтың нормативтік-басшылықты негіздері
(бастаулары). Л.С. Явич тұжырымдауы бойынша құқық қағидалары бүкіл заң
нормалар жүйесіне біріңғайлылықты енгізеді және қоғамдық қатынастарды
құқықтық реттеуге бірлік береді, заңы құрылымдардың барлық компоненттерін
бекітеді.
С.С. Алексеевтың айтуы бойынша азаматтық іс жүргізу құқығының
қағидаларын фундаментальді ережелер, азаматтық істер бойынша
сот әділдігінің негізі басшылыққа алынатын идеялар. Азаматтық іс жүргізу
құқығы қағидалары азаматтық іс жүргізушілік нормалар мен институттарында
көрініс табады және азаматтық сот ісін жүргізу нормаларының мазмұнын
айқындайтын бастапқы ережелер болып табылады. Қағидалар әртүрлі нысанда
көрініс таба отырып мынандай болуы мүмкін: Құқықтық норма-принцип түрінде
қалыптасуы мүмкін: сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы, судьялардың
тәуелсіздігі, барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі, тараптардың
айтысуы мен тең құқылығы, сотта қараудың жариялылығы;
саланың жалпы ережелері мен құқық институттарында көрініс тапқан,
процессуалдық нормалардың бірқатарының мазмұнынан шығарылған
(диспозитивтілік, судьялардың ауыстырылмайтындығы).
Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидалары мәселелері көптеген ғалым-
процессуалисттердің ғылыми зерттеуінің пәні болды.
П.П. Гуреевтің көзқарасы бойынша қағида соттың қызметі мен
ұйымдастырылуының негізгі құқықтық бастамаларын көрсетеді, сот әділдігін
жүзеге асыруға байланысты идеялар мен көзқарастарды білдіреді, азаматтық
процестің түйінін, маңызын сипаттайды, азаматтар мен заңды тұлғалардың
құқығын қорғау мен мемлекеттің мүддесін қорғауда, азаматтық істі қарау мен
шешу кезінде сотпен объективтік ақиқатты анықтау мен бекітуді қамтамасыз
етеді.
М.А.Гурвичтың көзқарасы бойынша қағида процессуалдық институттардың
бүкіл жүйесінде анықтаушы маңызға ие, осы саланың маңызды деген белгілерін
көрсететін, басшылыққа алынатын негізгі ережелер деп түсінік берген.
П.Ф. Елесейкинаның көзқарасы бойынша қағида қоғамның өмірінің
материалдық жағдайлары қағидаларда іс жүзіне асқан, құқық саласының бұл
түрінің құқықтық реттеуі мен осы пәннің ерекшеліктерін анықтайтын және
көрсететін және шарттасқан азаматтық істер бойынша сот әділдігіне қатысты
басшылыққа алынатын идеялар мен көрсетулер деп қарастырылған. Ғалымдардың
көзқарастарын түйіндей келе мынандай қорытынды шығаруға болады:
Біріншіден, қоғамның экономикалық базисімен шарттасқан және қоғамдық
өмірдің заңдылықтары мен ережелерін көрсетеді;
Екіншіден, билік етуші халықтың шарттық идеялар және теориялары бар.
ҚР-нда құқықтық реформадағы мемлекеттік бағдарлама ҚР Президентінің 12
февраль 1994ж. Қаулысымен бекітілген. Онда біздің мемлекетте сот әділдігіне
қатысты құқықтық көзқарастар мен идеялар іс жүзіне асқан. Бұл бағдарламаны
қабылдағаннан кейін ҚР-нда мемлекеттік биліктің тәуелсіз және дербес
біртұтас сот жүйесін бекітуде осы бағдарламаларды жүзеге асыру үшін
бірқатар шаралардың жиынтығы іс жүзіне асты және ол мемлекетте азаматтар
мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауға
және ҚР-сы Конституциясымен нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар
ҚР-сы ратификациялаған халықаралық шарттарын орындауды қамтамасыз етуге
бағытталған;
Үшіншіден, басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық негіздер болып
табылады, бүкіл азаматтық іс жүргізу құқығы мен заңнамалар жүйесінің негізі
мен бастамасы болып табылады;
Төртіншіден, құқық жүйесінің демократизациялану деңгейін көрсетеді.
Сот әділдігінің қол жетімділігі, сот арқылы қорғану құқығына кепілдік
берілгені, соттар мен судьялардың тәуелсіздігі, сот пен заң алдында барлық
адамдардың теңдігі, процессуалдық теңдік, жарыспалылық қағидалары азаматтық
процесстің демократиялық сипатының негіздері;
Бесіншіден, азаматтық процесстің түйінін (негізін), азаматтық іс
жүргізу саласының көбіне көп маңызды белгілерін сипаттайды.
Алтыншыдан, азаматтық іс жүргізу құқығының пәні мен осы саланың
реттелу әдістерінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді;
Жетіншіден, азаматтық іс жүргізу құқығының даму перспективаларын
анықтайды, сонымен қатар осы сала жүйесі мен процессуалдың нормалардың
өзара келісіп қолданылуда сәйкестіктің болуының негізі болып табылады;
Азаматтық іс жүргізу заңнамасының қағидалары материалдық құқық
салаларына қарағанда екінші кезекте екенін көрсетеді. Қанша дегенмен
цивилистикалық блок заңнамасы салаларының қағидаларымен байланысты. Бірінші
кезекте ескере кететін жәйіт Ю.Г. Басин азаматтық құқықтың жаңа
қағидаларына мынаны жатқызады:
А) азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің теңдігі;
Б) жеке меншікке қол сұғылмаушылық;
В) азаматтық құқықтық шарт еркіндігі;
Г) азаматтық құқықтық қатынастардың негізгі субъектісі ретінде
кәсіпкерлер мен тұтынушыларды қорғау;
Д) жеке өмір мен жеке істерге мемлекеттің және үшінші тұлғалардың
араласпауы;
Е) азаматтық құқықтардың қорғалуы; 2
Азаматтық іс жүргізу заңнамалары халықаралық келісімдерде бекітілген
жалпыға ортақ стандарттарға жауап беруі керек. Ол халықаралық келісімдерге
адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларация (1948), адам құқықтары
мен негізгі бостандықтарын қорғау жөнінде европалық конвенция (1950),
азаматтық және саяси құқықтар жөнінде халықаралық пактіге факультативтік
хаттама (1966), Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөнінде жиналыстың
қорытынды актісі (1975), сот органдарының тәуелсіздігіне қатысты негізгі
принциптер жөнінде (1985), сот органдары тәуелсіздігінің негізгі
қағидаларын жүзеге асырудың тиімді тәртібі жөнінде (1990).
Дүние жүзілік тәжірбиені ескере отырып азаматтық іс жүргізу заңнамасын
жаңартып отыруымыз қажет. Бірақ осы жерде біздер жаңа ережелердің ұлттық
ерекшелік пен біздің еліміздің заңи қалыптасқан дәстүріне қолдануға
болатынын немесе болмайтынын объективті түрде бағалауымыз керек. Азаматтық
істі қарап шешуде сот қызметін жүзеге асыру үшін қағиданы құқықтың тәніне
бекітуіміз керек. Осыған қағидаларды дұрыс, талапқа сай орындаудың кепілін
бекіту де жатады.
Заманның бір қалыпты тұрмай, ұдайы дамып отыруына орай, құқықтық
заңнамалар да дамып жетіледі, бірақ өзін іс жүзінде көрсете білген үлгілі
қағидаларды жаңа азаматтық іс жүргізу заңнамасы қабылданған жағдайда да,
ескі заңнамадан алынып жаңасына жазылуы керек.
Азаматтық іс жүргізу заңнамасы қағидаларының жиынтығы қандай? Оларға
кіретіндері:
А) соттың қоргауы үшін сотқа жүгіну;
Б) сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы;
В) судъялардың тәуелсіздігі және тек қана заңға бағынуы;
Г) азаматтық істі жеке және алқалы түрде қараудыңда болуы;
Д) барлық азаматтардың сот және заң алдындағы теңдігі бастамасымен сот
әділдігін жүзеге асыру;
Е) сөтта істі қараудың жариялылығы;
Ж) сот ісін жүргізуде ұлттық тіл;
3) заңдылық;
И) тараптардың құқықтары мен міндеттерін, соттың істің шын мән-жайын
анықтауы;
К) диспозитивтілік;
Л) жарыспалылық;
М) тараптардың процессуалдық тең құқылығы;
Н) сотта істі қараудың ауызшалығы;
О) тікелейлік;
П) сотта істі қараудың үзіліссіздігі;
Құқық қағидаларын айта келе олардың бір-бірімен байланысты және
тәуелді екенін айта кетуіміз керек. Бір қағиданьң бұзылуы, мысалы
дәлелдемелерді тікелей зерттеу, келесі бір қағиданың бұзылуына алып келеді.
Заңдылық қағидасының немесе бүкіл қағидалар тізбесінің бұзылуына алып
келеді. Қағидалар жүйесінде бір қағидалардың келесі бір қағидаларының
жүзеге асуының кепілі болып табылады. Мысалы сотта іс жүргізуде ұлттық тіл
қағидасының процесстің басқа барлық қағидалардың кепілі болып табылады,
олардың ішінде заңдылық, ауызшалық қағидасы айтуға болады. Осы барлық
қағидаларды айта келе азаматтық іс жүргізу құқығы саласына тән спецификалық
салаларды айта кетуіміз керек. Оларға бірінші кезекте диспозитивтілік
қағидасы, жарыспалылық қағидасы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін,
соттың іс бойынша шын мән-жайларды анықтауы қағидасы жатады.
Біздер жеке Рим процессуалдық құқық ережелерін және азаматтық сот ісін
жүргізу жарлығын (1864ж) еске түсіруіміз керек, себебі салалық қағидалар
азаматтық іс жүргізу құқығы пәнінің және реттеу әдісінің консентрацияланған
көрінісі болып табылады.
1.2 Азаматтық процесстің қағидаларын топтастыру негіздері
Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидалары бір-бірімен келісілген,
ажырамастай бір-бірімен байланысты ортақ бірыңғай құрылымды құрайды, яғни
жүйені білдіреді. Құқықтық құбылыстардың бірыңғай ортақ жиынтығы ретінде
бұл жүйе азаматтық сот ісін жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының
маңызды белгілерін сипаттайды. Заң шығарушы азаматтық процесс қағидаларының
ақылға қонымды комбинацияланып жүзеге асуына ұмтылуы керек. Азаматтық іс
жүргізу құқығында бір қағиданың болуы осы салада басқа бір қағиданың бекіту
қажеттігін тудырады. Мысалы жарыспалылық қағидасы тараптардың процессуалдық
тең құқылығы қағидасының объективті бекіту қажеттігін тудырады. Ал
судьялардың тәуелсіздігі қағидасы судьялардың ауыстырылмайтындығы жүзеге
асуын қамтамасыз етеді.
Сонымен азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының жүйесі - реттелген
(тәртіптелген), логикалық байланысты осы саланың барлық қағидаларының
жиынтығы.
Бірқатар Ресейлік заңгер-ғалымдардың көзқарастарын пайымдап көрелік.
Мысалы: И.А, Ямпальская қағидаларды:
1) Ұйымдастырушылық саяси;
2) Басқару апаратын ұйымдастырушылық техникалық жағынан құру; 3)
Басқару апараты қызметінің ұйымдастыру техникалық қағидалары деп үш топқа
бөлген.
Ал, Г.В. Атаманчук те қағидаларды үш топқа бөлген:
1) Қоғамдық саяси;
2) Ұйымдастырушылық-құрылымдық;
3) Ұйымдастырушылық-функцияналдық;
Ал белгілі ғалым Г.С. Яковлев қағидаларды екі топқа бөледі:
1) қоғамның саяси жүиесін мемлекеттік басқарудың қосалқы жүйесі болып
табылатын саяси қағидалар;
2) бүкіл мақсатты қызметті ұйымдастыру қағидалары;
Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларына қатысты ғылыми әдебиеттерде
әртүрлі көзқарастар бар.
Г Л.С. Явич мәңгібақи болатын және өзгермейтін құқық қағидалары жоқ
- деп айтқан. Қоғамның экономикалық және өзге салалардағы қатынастар, тіпті
қоғамның өзі өзгергесін, нақты мемлекеттің тарихи даму жағдайында құқықтық
идеялар мен көзқарастар өзгереді.
А.Ф. Клейнман, Н.А. Чечина және тағы басқаларының көзқарасы бойынша
қағидалар жүйесі нормативтік қайнар көз бен оның бекітілуінің сипатына,
қағидалардың нормативтік нысандағы көрінісіне қарай топтасады. Бұл критэрие
сүйенсек азаматтық іс жүргізу құқығы екі топқа бөлінеді:
1) конституциялық. ҚР-сы Конституциясында бекітілген қағидалар.
Оларға заң мен сот алдында жұрттың бэрінің теңдік қағидасы, сот төрелігін
тек қана соттың жүзеле асыруы кағидасы, судьялардың тәуелсіздігі және тек
қана Конституция мен заңға бағынуы, судьялардың ауыстырылмайтындығы және
тағайындалатындығы (сайланатындығы);
2) салалық. Соттық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамаларында
бекітілген салалық қағидалар. Оларға жариялылық қағидасын, ауызшалық
қағидасын, сотта істі қарауда тікелейлік қағидасы, азаматтық істі қарауда
жеке даралылық алқалылық қағидасын жатқызуға болады. В.М. Семенов азаматтық
іс жүргізуді басқа негіздерге сүйеніп классификациялауға болады деп
ұйғарды. Ол құқықтың бір немесе бірнеше саласында әрекет ететін
қағидаларды бөлу керек деп есептеді. Яғни тек азаматтық сот ісін жүргізуге
тиесілі қағидаларға және сала аралық қағидаларға бөлу. Бұндағы қағидалардың
басым көпшілігі сала аралық қағидалар, олар бір уақытта азаматтық іс
жүргізу құқығында, қылмыстық іс жүргізу құқығында және сот ісін жүргізу
құқығында қолданылады. Қағидалардың рөлін негізге ала отырып, процесс
субъектілерінің құқықтық жағдайы және құқықтық қызметін сипаттай отырып,
қағидаларды келесіге бөлу керек:
- соттардың қызметін реттейтін. Ол қағидаларға сот төрелігін тек қана
соттың жүзеге асыруы, судьялардың тәуелсіздігі және тек қана заңға
бағынуы, азаматтық істі қарауда жеке даралылық пен алқалылық.
- тұлғалардың қызметін реттейтін. Ол қағидаларға диспозитивтілік,
сот процессінде тараптардың теңдігі.
М.А. Гурвич азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларьн құқықтық реттеу
объектісіне қарай классификация жасаған. Бұл классификацияны
А.Т. Боннер, В.В. Молчанов, М.К. Треушников, М.С. Шакарян қолдаған.
Бұл негізге орай қағидаларды екі топқа белуге болады:
1) ұйымдастырушылық-функцияналды қағидалар.
2) функцияналды қағидалар.
Қағидалардың бұл екі тобы өзара байланыста болады. Кейде бір қағида
ұйымдастырушылық функцияналды да, функцияналды да бола алады.
В.М. Савицкидің көзқарасы бойынша тек қана ұйымдастырушылық немесе тек
қана функцияналдық қағидалар болмайды, ал оларды осылай екі белгілі бір
деңгейде шартты болып табылады деп айтқан.3
Ұйымдастырушылық-функцияналдық қағидаларға мыналар:
- сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы; судьялардың
тәуелсіздігі және тек қана Конституция мен заңа бағынуы; судьялардың
ауыстырылмайтындығы, тағайындалатындығы және сайланатындығы; азаматтық
істі қараудағы жеке даралылық және алқалылық; бәрінің сот және заң
алдындағы теңдігі; тұлғаның ар-ожданы мен жеке басын құрметтеу; сотта істі
қараудың жариялылығы, сот ісін жүргізудегі ұлттық тіл қағидасы.
Функцияналдық қағидаларға мыналар жатады:
- заңдылық;
- диспозитивтілік;
- жарыспалылық;
- тараптардың процессуалдық тең құқылығы;
сотта істі қараудағы ауызшалылық және тікелейлік.
Қазақстан халқы сан ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке бүгінде қол
жеткіздік Біздің жас мемлекетмізді бүкіл әлей танып мойындап отыр. Тәуелсіз
мемлекеттің тұтастығын қорғап, ішкі және сыртқы саясатының пәрменділігін
арттруда, оның мызғымас заңы және сол заңды қорғайтын әділ сотың болуы
басты шарт.
Сот әділдігін жүзеге асыруда сот елімізде шығарылып жатқан заңдарға
сүйене отырып өз қызыметін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы егемендігін алғанан бері көптеген құқықтық
мәселелер өз зертеулерін тауып отыр солардың бірі азаматтық іс жүргізудің
принциптері.
Жалпы құқық принциптерін зерттеуші заңгерлер принциптерді заңдарда
басқарушы идеялар деп қарастырды.
Азаматтық іс жүргізу, құқығы принциптері туралы сұрақтар көптеген
ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің пәні болып келеді. Принциптердің түсінігі
мен маңызын айқындай отырып, авторлар олардыңрда көп қырлы,екенін атады.
Принциптер мәселелерін зерттей отырып Семенов В. М. принциптер
мәселесі өте кеңдігімен ерекшеленеді, өйткені ол біріншіден, құқықтың
экономикамен, Саясатпен және идеологиямен өте тығыз байланыстылығын
көрсетсе,екіншіден, принциптер құқықтың барлық салалары мен инсти туттарын
қамтитын құқықтық құбылыстардың кең жүйесінен тұрады дейді.
Азаматтық іс жүргізу құқығы принциптерін қарастыруда көптеген
кеңестік ғалымдар ат салысқан болатын, олардың ішінде С.Н. Абрамов
принциптерді іс жүргізу құрлысын жалпы айқындайтын және азаматтық іс
жүргізу әрекеттерінің және қатнастарының жалпы бастамасы деп көрсеткен
болатын. К.С. Юдельсоның пікірінше құқық принциптері дегеніміз қоғамы
дамуының обьективтік заңдылықтарымен бекітілген мемлекеттің қоғамдық
қатынастардың белгілі бір әдістері мен формаларының құқықтық реттелуінің
қажеттілігін айқындайтын теориялық ережелердің айтады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы принциптерінің түсінігі туралы сұрақтарды
арнайы П.П.Гуреев зерттеген болатын, оның пікірінше принциптер дегеніміз
азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтырын, мемлекеттің мүддесін
қорғауға бағытталған азаматтық істерді қарау және шешу барысында сотпен
обьективтік шындықты бекітуді қамтамасыз етуге және азаматтық іс жүргізудің
маңызын сипаттайтын сот әділдігін жүзеге асыру саласындағы соттың
ұйымдастырылуын және қызметін айқындайтын көзқарастар мен идеялардың
негізгі құқықтық бастамасы.
Азаматтық іс жүргізудің принцитерінің мәселелерін зерттеуге М.А.
Гурвич зор үлес қосты, оның пікірінше, азаматтық іс жүргізу құқығы
принциптері осы құқық саласының маңызды белгілерін және іс жүргізу
институттарының барлық жүйесін айқындайтын басқарушы ережелер болып
табылады дейді. Автор бұл анықтамасымен азаматтық іс жүргізу құқығының
принциптерін сипаттайтын маңызды сәттерін дұрыс көрсетеді.
Жоғарыдағы аталған көзқарастарды, пікірлерді басшылыққа ала отырып
азаматтық іс жүргізу құқығы принциптерінің түсінігін және мазмұнын, маңызын
қысқаша қарастырып өтейік. Олар:
1. Қоғамның экономикалық базисімен бекітілген және қоғамдық өмірдің
маңызды заңдылықтарын білдіреді.
2. Құқық принциптері идеялық негіздер болып табылады өйткені, олар
билік етуші халықтың идеялары мен көзқарастарын бідіреді.12 ақпан 1994 жылы
Президент қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқықтық
реформасының мемлекеттік бағдарламасы біздің мемлекетіміздегі құқықтық
идеялар мен көзқарастардың жарқын көрінісі болып табылады.Осы бағдарламаны
қабылдағаннан кейін, оны жүзеге асыру мақсатында сот жүйесін мемлекеттік
биліктің бір тармағы ретінде өз алдына тәуелсіз биліктің бір тармағы
ретінде қалыптастыруға кешенді шаралар бекітілді, яғни азаматтардың және
ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, Ата
заңды, басқа да нормативтік құқықтық актілерді және ҚР халықаралық
шарттарын орындауды қамтамасыз ету.
3. Азаматтық іс жүргізу құқығы принциптері құқықтың нормативтік
1 басқарушы негізі ретінде азаматтық іс жүргізу құқығы жүйесінің бастамасы
болып табылады.
4. Азаматтық іс жүргізудің маңызын, азаматтық іс жүргізу құқығы
саласының маңызды белгілерін сипатгайды.
5. Азаматтық іс жүргізу құқыға саласының пәнін және реттеу әдісінің
ерекшелігін білдіреді.
6. Азаматтық іс жүргізу құқығы нормалары мен институттарын жетілдіре
отырып оның даму бағытын анықтайды.
Азаматтық іс жүргізу құқығы принциптерінің негізгі белгілерін атай
отырып, принциптерге мынадай анықтама беруге болады. Азаматтық іс жүргізу
құқығы принциптері дегеніміз қоғамның экономикалық базисімен бекітілген
азаматтық іс жүргізу құқығы мазмұнынан білінетін нормативті басқарушы
идеялық негіздер.
Азаматтық іс жүргізу құқығы принциптері бір-бірімен тығыз байланытста
болады және бірге әрекет етеді, сондықтан да бір тұтас жүйе құрайды
Азаматтық іс жүргізу құқығы принциптері жүйесі туралы және оларды
топтастыру туралы көптегей пікірлер қалыптасқан. С.Н.Абрамов, А.
Ф.Клейнман, Н.А.Чечина сияқты ғалымдар азаматтық іс жүргізу құқығы
принциптері жүйесін олардың нормативтік бекітілу формасына қарай бөлді.
Олар азаматтық іс жүргізу құығының барлық, принциптерін екі топқа бөледі
конституциялық сот құрлысы және сот өндірісі туралы салалыкқ заңдарда
бекітілген принциптер.
М.Г. Авдюков ұсынысы бойынша принциптерді әрекет ету аясына
байланысты және заңдарда бекітілген кепілдіктерге сай болу керек дейді.
Осының негізінде ол принциптерді жалпы сот құрлысна және сот өндірісіне
және тек қана сот өндірісіне байланысты бөледі.
М.А Гурвич принциптерді топтастыру және оларды жиелеу негізіне реттеу
обьектісін алад. Ол жалпы маңызы бойнша екі топтағы принциптерді
(азаматтық іс жүргізудің демокротизмін анықтайтын) сонымен қатар іс
жүргізудің кейбір жақтарын ретейтін принциптерге (қозғалыс бамтамасы іс
жүргізу материалдарын қалыптастыру; соттың іс жүргізуге қатынастарының
нысаны және іс жүргізу материалдарын сотпен қабылдау әдісіне байланысты).
В.М. Семенов принциптерді үш негізде бөлуді ұсынды: а) бір немесе
бірнеше құқық саласы аясында әрекет етуін байланысты ә) принципттер
бекітілген нормативтік қайнар көздер сипатына байланысты б) сот пен іс
жүргізуге қатысушылардың құқықтық және құқықтық жағдайын ретгеуге
байланысты принциптердің рөлі бойынша.
Сонымен әр түрлі пікір көзқарасарды топтастыра отырып азаматтық іс
жүргізу принципитерінің жүйесі сан қилы негіздерге байланысты бөлінетінін
көреміз. Барлық пікірлер орынды және жан-жақты негізделген.
ІІ тарау. Азаматтық іс жүргізу қағидаларының түрлері және олардың
ерекшеліктері
2.1 Ұйымдастырушылық-функцияналдық қағидалар
1995 жылғы 19 қараша мен 13 желтоқсан аралығында Біріккен Ұлттар
Ұйымының Бас Ассамблеясының сот органдарының тәуелсіздігі жөнінде арнайы
мәселе қаралып, мұндай қағидалар мақұлданған болатын.
- Сот органдарының тәуелсіздігіне мемлекет кепілдік береді және ол
Конституциямен баянды етіледі. Барлық мемлекеттік органдар мен мекемелер
сот органының тәуелсіздігін құрметтеуге және сақтауға міндетті.
- Сот органы өзіне берілген істерді кімнің тарапынан болса да заңсыз
ықпал етудің, теріс ниеттің, қысым көрсетудің немесе тікелей не жанама
араласудың салдарынан туатын қандай да бір кедергілер мен себептерге
қарамастан заңға сәйкес тәсілдермен шешеді.
- Сот төрелігі процесіне заңсыз немесе рұқсатсыз араласуға жол
берілмеуі тиіс және сот шығарған шешімдерді басқа органдарда қайта қарауға
жатпайды.
Бұл қағида заңға сәйкес сот жолымен қайта қарауға немесе сот
ұйғарымдары шығарған шешімді жеңілдетуге кедергі жасамайды. Сотта істі
әділетті жүргізу мен тараптардың құқықтарын міндетті түрде сақтауды
қамтамасыз ету құқығы беріледі.
- Судьялар өздерінің ассоцияларын және басқа да ұйымдарын құру және
оларға өздерінің мүдделерін қорғау, кәсіби даярлығын жетілдіру және
тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін кіру еркіндігіне ие.
- Судья лауазымына таңдап алынған адамдардың адамгершілік қасиеті мен
қабілеті, сондай-ақ құқық саласында даярлығы мен біліктілігі міндетті түрде
жоғары болуы тиіс. Судьяларды іріктеудің кез-келген әдісі судьялардың
жалған уэждерімен тағайындалуын болдырмауға кепілдік беріледі. Судья
қызметіне іріктеу кезінде адамға қатысты кемсітушілік болмауы керек, алайда
осы қызметке кандидат тиісті елдің азаматы болуы керек дейтін талап
ешқандайда кемсітушілік ретінде қаралмауы тиіс.
- Судьялардың өкілеттілік мерзіміне олардың тәуелсіздігіне,
қауіпсіздігіне, тиісті жалақысына, қызмет жағдайына, зейнетақысына,
зейнетке шығу жасына лайықты түрде заңмен кепілдік берілуі міндетті.
- Судьялардың соттық және кәсіби міндеттерін орындауы кезінде олардың
үстінен түскен арыздар мен шағымдар тиісті тәртіп бойынша жедел және
әділетті қаралуы тиіс.
- Судьялар өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға
қабілетсіздігіне немесе атқаратын лауазымына лайықсыз теріс
мінез-құлықтарына байланысты қызметінен уақытша немесе мүлдем босатылуы
мүмкін.
- Тәртіптік жаза немесе жұмыстан шығару туралы шешім толық дәлелденуі,
сондай-ақ тәуелсіз тексеруден өтуі міндетті.
Біздегі Республика конституциясымен көзделген сот
тәуелсіздігінін, қағидасы 1966 жылғы 16 желтоқсандағы азаматтық және
саяси құқықтар туралы халықаралық пакт ережелеріне толық жауап береді.
Пактінің 4 бабында Қайсыбір азаматтық процесте оның құқығы мен міндеті
анықталатын кезде заң негізінде құрылған тәуелсіз және ықтиярсыз сотпен
істі әділ және жария қаратуға құқығы бар екендігі көзделген.
Конституцияда судья құқықтарына ешкімнің қол сұға алмайтынына кепілдік
береді.
ҚР-сы Президентінің келісімінсіз судьяны қылмыстық жауапкершілікке
тартуға болмайды.
Қазақстан Республикасының барлық судьяларының мәртебесі бірдей болады
және бір-бірімен тек өкілеттіктерімен ерекшеленеді. Қазақстан
Республикасының Конституциясында және Конституциялық заңда белгіленген
тәртіппен судьяға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі
өкілеттіктер беріледі, судья өз өкілеттіктерін тұрақты негізде орындайды
және сот билігін жүргізуші болып табылады. Судьяның құқықтық жағдайы
Конституцияда және заңдарда айқын белгіленген. Судьяға заңда көзделмеген
соттан тыс функциялар мен міндеттер жүктеуге болмайды.
Ешкімнің сот төрелігін жүзеге асу ісіне араласуына және судья мен алқа
заседателіне қандайда болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер
заңмен қудаланады. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот істерінің мәні
жөнінде қандайда бір түсінік беруге міндетті емес. Кеңесу бөлмесінің
құпиясы барлық жағдайда қамтамасыз етілуі тиіс. Азаматтық іс жүргізу
заңдарында судья істі тәуелсіз жеке өзі қарайды және ҚР-сы Конституциясы
мен азаматтық іс жүргізу заңдарының нормаларына сүйеніп, істі ашық сот
мэжілісінде қарайды. Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне сырттан
ықпал болмайтын жағдайларда шешеді. Нақты азаматтық істер бойынша, судьялар
есеп бермейді.
Судьялардың тәуелсіздігінің кепілдігі Қазақстан Республикасының
Конституциясы және заңымен белгіленген.
Ал, енді азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдік қағидасына келетін
болсақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 14 бабының 2 бөлімінде,
еліміздегі сот әділдігі, азаматтардың шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық
және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне,
діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген
өзге жағдайлар бойынша ешкімді кемсітуге болмайды делінген.
Теңдікті екі жағдайда қарастыруға болады:
біріншіден адамдардың әлеуметтік теңдігі.
екіншіден адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі.
Әлеуметтік теңдік әртүрлі жағдайларда болуы мүмкін. Мәселен, бай-
кедей, қабілетті-қабілетсіз, дарынды, дарынсыз және т. б.
Ал, заң алдындағы теңдік барлық адамдарға бірдей белгіленген.
Сондықтан қандай жағдай болмасын талапкердің де, жауапкердің де құқықтарын
сақтап, сол құқықтарды бірдей көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік беруге
міндетті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев Жоғары Сот Кеңесі отырысында сөйлеген кезінде: Әрбір адам өзінің
құқықтық проблемаларын шешу үшін Президентке, Үкіметке, әкімге арыздануы
керек емес, адамдар әділдік іздеп тек қана сот органдарына арыздануы тиіс-
деп көрсеткен еді. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың
ешқайсысына артықшылық берілмейді. Адамдардың бірде біреуінде шыққан тегі,
әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі,
дінге көзқарасына, сеніміне, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе
өзге де кез-келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуі тиіс.
ҚР-сы Конститициясының 14 бабында заң мен сот алдында жұрттың бәрі
ҚР-тең делінген. Азаматтық сот ісін жүргізу де тең іс жүргізу
құқықтарын пайдаланатын және тең іс жүргізу міндеттерін атқаратын тараптар
айтысуы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. 1
ҚР-ның барлық соттарында және барлық сот сатыларында істерді қарау
жария, яғни ашық өткізіледі. Алайда, ҚР АІЖК-де көзделген кейбір
жағдайларда, процесте мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді
хабарлаған кезде, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық,
коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар
өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету
қажет екендігін не істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән-
жайларды негізге алған іске қатысушы адамның өтінішін сот қанағаттандырған
кезде, сондай-ақ сот отырысы залында жаппай тәртіпсіздік болған кезде
істерді қарау жабық сот отырысында жүргізілуі мүмкін.
Ашық сот отырысында істі қарау кезінде, егер ол іске қатысушы адам
немесе куә болмаса, 16 жасқа толмаған азамат, егер сотта іс қараудың
қалыпты жүруін бұзбаса, сот отырыстарында қатыса алады, Істі қараған кезде
қатысқысы келген азаматтарға судьялар мен сот отырысы залында қатысып
отырған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төрағалық
етуші, жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруді қоса алғанда, тексеру
жүргізу, жеке өздерін және олар алып келген заттарды қарап тексеру туралы
өкім бере алады, Сот отырысында тәртіп бұзуға кінәлі адамдарға сот
әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен
тікелей сотта іс қарау барысында әкімшілік жаза белгілеуге құқылы. Тәртіпті
қайталап бұзған кезде іске қатысушы адам сот ұйғарымы бойынша сотта істі
қараудың барлық уақытына немесе оның бір бөлігіне сот отырысы залынан
шығарылып жіберілуі мүмкін. Сотта істі қараудағы жариялылық қағидасы сот -
әділдігін сапалы түрде жүзеге асыруға әсерін тигізеді. Жариялылық
қағидасынан бас тарту жеке адам құқықтарының бұзылуына итермелейді. Сот
ашық жүргізілген жағдайда ғана сенім мен беделге ие бола алады және соттың
шығарған шешімі халықты көңілінен шығады.
Адамға сотта істі қараудың нәтижелерін ғана емес, соттың шешім
шығаруға барар жолда қалай әрекет еткенін де білу маңызды. Құпия
жүргізілген сот ісі сот шешімінің дұрыстығына күмән туғызады.
Біздің заңнамамызда жариялылық қағидасының мазмұны айқын және толық
тұжырымдалған. Заңда мемлекеттік, коммерциялық, бала асырап алу жеке,
отбасылық өмірінің сыры туралы мәліметтердің жария етілуін болдырмау
мақсатында, азаматтық істер жабық сот отырысында қаралады. Соттың жабық
отырысында шығарылған шешім құпия мәліметтерді құрайтын бөлігінен басқа
бөліктері жарияланады.
Сонымен соттағы істің жариялылығы сот жүйесінің демократиялық көрінісі
және халықтың сот билігін бақылап отырудың нысаны деп әбден айтуға болады.
Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысы болған адамдардың
келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда бұл
адамдардың жеке телеграф байланысы жабық сот отырысында қаралып зеттеледі.
Аталған ережелер фото және кино кркаттарын, дыбыс және бейне жазбаларды,
техникалық құралдардың көмегімен алынған жеке сипаттағы мәліметтерді,
хабарларды құрайды.
Соттың жабық отырысында істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар,
олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайда куәлар, сарапшылар, мамандар,
аудармашылар да қатысады. Сот істі жабық отырысында қарау туралы дәлелді
ұйғарым шығарады. Іс жүргізудің барлық ережелері сақтала отырып
жүргізіледі. Ашық сот отырысында істі қарау барысында киноға және суретке
түсіру, бейнетаспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске
қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып, берген рұқсаты бойынша ғана
мүмкін болады. Бұл іс әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауы
тиіс және оның уақытын сот өзі заңга сэйкес белгілейді.
Азаматтық іс жүргізу қағидаларының бірі сот ісін жүргізу қағидасына
келетін болсақ, Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу тілі қазақ
тілінде және қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен
орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей колданылады.
Тэуелсіздікті баянды етудің бір жолы - ол мемлекеттік тілдің, яғни
қазақ тілінің мәртебесін арттыру, елімізде оның барлық аясында орнықтыру.
Қазақстан Республикасында Тіл туралы заң жарық көрді. Осы заңға
сәйкес мемлекеттік тілді барлық салада қолдану аясын кеңейту туралы үкімет
қаулысы шықты. Қазақ тілі Қазақстанның барлық аумағында бірдей қолданылуы
тиіс. Қазақ тілінің Қазақстаннан басқа отаны жоқ және өзге елдерде қазақ
тілі ұлтаралық тіл болуға ұмтылып отырған жоқ.
ҚР-сы Конституциясының 7 бабында көрсетілгендей Қазақстан
Республикасында мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және
жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми тіл ретінде қазақ
тілімен тең колданылады. Мемлекет қазақ тілін дамытуға жағдай туғызуға
толықтай мүмкіндік және қамқорлық жасайды. Республикада қабылданған Тіл
туралы заңның орындалуына барлық мемлекеттік атқарушы органдар іс шаралар
жүзеге асыру арқылы қомақты үлес қосулары қажет. Сот ісін жүргізу тілі
сотқа талап арыз берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Белгілі
бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу
тілінде жүзеге асырылады. Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе
өздері білетін басқа тілде мэлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру,
өтініш білдіру, шағым жасау, іс материялдарымен танысу, сотта сөйлеу осы
кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы
түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі. Азаматтық сот ісін жургізуге
қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған істің заң бойынша қажетті іс беруді
қамтамасыз етеді. Сот процесіне қатысушы адамдарға сотта сөйлеген сөздің
басқа тілде айтылған бөлігін сот ісін жүргізу тіліне тегін аударып беру
қамтамасыз етіледі. Сот қүжаттары іске қатысушы адамдарга олардын ана
тіліне немесе олар білетін басқа тілге аударылып беріледі. Сот ісін жүргізу
қагидасын қорытындылай келе мемлекеттік мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі
елдің халықаралық қызметінде лайықты көрініс табуы керек деп тұжырымдағымыз
келеді.
ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы принциптері Конституцияда, исот жүйесі
және судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заңда бекітілген,
азаматтық сот өндірісінің принциптерінің жекелеп реттелулі АІЖК-нде жүзеге
асырылады.
Конституциялық принциптерге: заңдылық принципі; сот төрелігін тек қана
соттың жүзеге асыруы принципі; тұлғаның құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін сотта қорғау; барлығының сот пен заң алдындағы теңдіг принципі;
судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек қана Конституциямен мен заңға
бағынуы принципі, сотта іс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz